Ғ.ЕСІМНІҢ ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫНДА АЛАР ОРНЫ МЕН КӨЗҚАРАСТАРЫ


Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

«ЗАҢ» ФАКУЛЬТЕТІ

«ФИЛОСОФИЯ» КАФЕДРАСЫ

Б. Б. Бурлибаев

Ғ. ЕСІМНІҢ ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫНДА АЛАР ОРНЫ МЕН КӨЗҚАРАСТАРЫ

5В020100-философия мамандығы

ТҮРКІСТАН - 2014

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

«ЗАҢ» ФАКУЛЬТЕТІ

«ФИЛОСОФИЯ» КАФЕДРАСЫ

Қорғауға жіберілді:

Философия кафедрасының

меңгерушісі, ф. ғ. к., доцент

Ө. А. Малдыбеков

«___»2014 ж.

дипломдық жұмыс

Ғ. ЕСІМНІҢ ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫНДА АЛАР ОРНЫ МЕН КӨЗҚАРАСТАРЫ

5В020100-философия мамандығы

Студент Б. Б. Бурлибаев

Ғылыми жетекшісі,

ф. ғ. к., доцент Ө. А. Малдыбеков

ТҮРКІСТАН - 2014

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 4

1 ҒАРИФУЛЛА ЕСІМ ӨМІР ЖОЛЫ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ

  1. Ғ. Есімнің өмірі мен дүниетанымдық көзқарасының қалыптасып, дамуы . . . 9
  2. Ғ. Есім шығармашылығы жөнінде сұхбат, еркін ойлау мәселесі . . . 13

2 ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҚАЗЫНАСЫНА АЙНАЛҒАН АБАЙ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ЗЕРДЕЛЕГЕН Ғ. ЕСІМ ДҮНИЕТАНЫМЫ

2. 1 Ғ. Есім шығармашылығындағы «Хакім Абай»: заман талабы мен қоғамдағы адам бейнесі . . . 19

2. 2 Абай Құнанбайұлы және қазақ мәдениеті мен руханиятының ерекшеліктерін танытқан Ғ. Есім танымындағы философиялық құндылықтар . . . 38

2. 3 . Ғ. Есім танымындағы рух тәрбиесі және оның қазақ ұлттық

мәдениетінен алатын орны . . . 52

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 62

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 63

Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы. Диплом жұмысында Ғарифулла Есім дүниетанымы, оның шығармашылық жетістіктері мен идеяларындағы адам мәселесінің қоғам өміріндегі діни-философиялық және ғылыми-практикалық маңызы қарастырылды. Қазақ философиясының бай дүниетанымдық мәдениеті мен дағды-дәстүрдер арасындағы сабақтастық рухани құндылықтарды қайта жаңғыртуда екенін танытты. Сондықтан, бүгіндері қазақ ұлтының дағды-дәстүріндегі адам жанының тазалығы, нәпсі, сопылық ұстанымдар және кемел адам мәселесі зерттеудің негізгі обьектісіне айналып отыр.

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Ғарифулла Есім танымында дүниенің ең манызды бөлігі адам, оның жаратылыс табиғаты мен даму жолындағы құндылықтар әлемі. Ғарифулла Есім көзқарасында қоғамды жетілдіретін адам, жер жаннатын іздеген, мәңгілік ел мен тарихи бастамаларымызға негізделген идеялар рухани қуаты бар құндылық ретінде танылады. Абай Құнанбайұлы «Адамды хайуаннан айыратын екі қасиетке назар аудартады. Оның бірі: дүниені тану ақикатты білу, ғылымды үйрену, екіншісі көпке пайдасы тиетін еңбек істеу. Болмыстың түп негізі хақ деп білу ақиқатты тану» [1] .

Ғарифулла Есім тағдыр, талғам, ой құдіреті-даналықта, дана болу, рухани жетілгенді бойына түю, бас болып ерлік жасау, еліне құрмет, қоғамда ғибратты өмір сүруді жоғары бағалады. Елбасы мен Асан қайғы өмірі тұтас еліктейтін ғұмыр. Таңшолпан бүгінгі мен кешегінің бейнесі-тарихи бейне. Қазақ даласының кемеңгер ғалымдары назарынан да тыс қалмаған өмір мен өлім, жер ұйық пен таза қоғам идеялары өз жаңалығымен қоғам тыныс-тіршілігіне еніп, сол қалпы қазіргі таңға дейін құнды болып отырған жайы бар. Мұсылмандық дүниетаным қазақ ақын - жыраулары, ойшылдары шығармаларында да өзіндік орнын тапқан. Қазақ жырауларының жырларында ислам сеніміне қатысты әр түрлі шығыстық жанрлар көрініс тауып келген, бұл Абай Құнанбайұлы шығармаларыа талдау жасап, келешек қоғамға таныту Ғарифулла Есім зерттеулерінен анық көрініс тапқан.

Қорқыттан бастап қазақ халқының аңызынан орын алған танымдық көзқарас исламдық сеніммен біте қайнасқанына да ақындар шығармашылығының үлесі мол. Әр ақынның дүниетанымы мен көзқарасынан мұны байқау қиын емес. Ғарифулла Есім саналы әрекеттер мен ойлы тың мәселелерді ақын-жыраулар шығармашылығынан молынан алған. Ғарифулла Есім ақындар танымын қарастыра отырып қазақ халқына даналар дүниетанымының түрлі құнды ұғымдарын танытқан.

Мемлекетіміз өркениетті елдер қатарына қосылып, әлем құрылымының белсенді мүшесі болуы үшін бірінші кезекте білім мен ғылымға көңіл бөлуі қажет екендігін айта кетуіміз керек. Ал ғылымның дамуы білім сапасына тығыз байланысты. Себебі мемлекетіміздің қазіргі таңдағы бет-бейнесі ғылым мен біліммен өлшенетіні хақ. Елбасы Н. Ә. Назарбаев әр жылы Қазақстан халқына жолдауында «ХХІ ғасырда білім мен ғылымын дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелетіні анық. Демек, болашақта жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет» [2] - делінген.

Осыған орай, әлемнің бәсекеге қабілетті елу елінің қатарынан нық орын алу әрекеттері жасалынып жатыр. Ежелгі дәуірдегі ғалымдардың, ойшылдардың ой-пікірінің дамып келе жатқан қоғамға соның ішіндегі жастар буынына өте қажет екендігін жете ескерген Елбасы Н. Ә. Назарбаев «Мәдени мұра» бағдарламасын жасады. Тарихы тереңге кеткен қазақ халқының дәстүрлі мәдениетінің жемісіне айналған философиялық туындылардың қайта өңделіп қоғамға ендірілуі прогрессті түрде дамуға бірден-бір жол ашқалы тұр. Міне осы жұмыстың қажеттігі де осы мәселелер аясынан туындап отыр.

Ғарифулла Есім өмірі бізді қашан да қызықтырып келді. Оның дүниетанымы сан қырлы. Қазақ халқының көп ғасырлар рухани ізденістері мен қазынасының жемісі, жиынтығы әрі жаңа сатыға көтерушісі болған Абай шығармашылығын зерттеген Ғарифулла Есім әлем халықтарының тарихына, ақыл-ой жүйесіне, мәдениетіне, әдебиетіне көз тігіп, танып-біліп, еркін бойлап, өзіндік шығармашылық қатынас, пікір-тұжырым қалыптастырды. Абай Құнанбайұлы қазақ сахарасынан шығып орыс мәдениетіне, сол арқылы Еуропа елдерінің мол қазынасына жалғыз өзі жол тартып, қазақ әдебиеті мен мәдениетін, танымы мен түсінігін бұрынғыдан да арттырып, биіктете түсуінің куәсі бола білгенімізді қарастырумен қатар, қазіргі таңдағы Еуро одақ құруымыздың түп негіздері сонда жатқандай әсер қалдырған ойшыл ойларын таныту кезек күттірмейтін мәселе.

Шығыстың ұлы ойшылы Әл-Фарабидің мына қанатты сөзі еске түседі «Өткен тарихыңды, мәдениетіңді, біліміңді, дәстүріңді білмей, болашаққа қадам басу мүмкін емес» [3] . Қазіргі таңда «Мәдени мұра» бағдарламасы еліміздің рухани құндылықтарын қайта жаңғырту аясында түрлі-түрлі ігі істер атқаруда. Атап айтқанда көне дәуірден қалған жәдігер дүниелерді ғылыми айналымға енгізу арқылы болашақ ұрпақ еншісіне қалдыру. Білім мен ғылым адамзат үшін қаншалықты пайдалы екені жайында пайғамбарымыз Мұхаммед хадисінде « Білім үйрену- әйел мен еркек әрбір мұсылманға парыз», « Білім адамзатқа тал бесіктен-жер бесікке дейін керек», « Бір сағат ілім үйрету-бір күн бойғы құлшылық етуден жақсы, бір күн бойғы дәріс алу- үш ай непіл ораза тұтудан жақсы» - [4], делінген.

Ғылыми зерттеу жұмысында ұлттық құндылықтардың қалыптасу барысына қазақ дүниетанымының әсерінің арасалмағын, оның даму жолының қоғам өміріндегі діни-философиялық және ғылыми-практикалық маңызы қарастырылды. Сондықтан қоғам ішіндегі рухани проблемалар төңірегінде сөз қозғалып отырған заманда бұл зерттеудің өзіндік қосар үлесі мол деп есептеймін. Ғарифулла Есім өз заманының ұлы тұлғасы ғана емес келелі келешекке қол сермеп бізді өз ойларындағы прогрессивті пікірлерімен қолдау көрсетіп, толық адам ретінде бой түзеп, қоғамдағы ұлт ретінде жоғары тұруға ол үшін де білім, ғылым үйреніп, мал табуда еңбектен арланбай дағдарысты күндерден еш қорықпастан, рухани танымымызды жетілген күйінде қалыпты ұстау арқылы өмір сүруге шақырады. Жұмыстың өзектілігі тақырыптың қоғамға қажеттілігінде, оның ойларының жалғасын тауып, қоғам талаптарына сай келуінде.

Жұмыстың зерттелу деңгейі. Ғарифулла Есім, оның дүниетанымы философия тарихында бүгінге дейін арнайы қарастырылмаған. Қайбір қоғамды алып қарасақта, білім мен ғылым адамзат санасынан тыс болмаған. Мәселен, ғылымның алғашқы нышандары ежелгі шығыс елдері мен Грекия жерлерінде байқалған. Демек, сол қоғамда өмір сүрген ойшылдар аспан әлеміндегі жұлдыздарға өзіндік ат қойып, жерге жақын жұлдыздардың қашықтығын байқаған және де жер шарының дөңгелек секілді екенін де айтса, екіншілері ай мен күннің тұтылуын сол заманда байқаған. Бұл алғашқы дүниеге деген көзқарас болатын. Осы заманғы ғылыми тұжырымды лолгикалық тұрғыда дәлелдеуге тырысқан Фалес, Пифагор, Платон, Аристотель, Демокрит, Зенон, Парменид тағы басқаларының ғылыми философиялық ойлары болашақ ғылымның дамуына өзіндік септігін тигізді. Ғылым туралы адамзатттың көзқарасы ежелгі Шығыс, Грекиядан бастап бүгінгі күнге дейін өзінің өзектілігін, маңызын жоғалтқан жоқ. Ғарифулла Есім ғылыми тұжырымдары даналық ойлармен ұштасып жатыр.

Ғарифолла Есім Мәңгілік Ел идеясын жүзеге асыруда, жастарды жаңа қазақ­стандық патриотизм рухында тәрбиелеуде назар аударатын басты жеті мәселе ол өз еліміздің тарихи құндылықтарын танып, білу, ата-баба тәжірибесін өмір талабына айналдыруда-деп тапқан. Кешегі аспантекті көктүркі бабаларымыздың ерлік салтын жалғастырып, сандаған ғасырлар бойына тарих тезінде азаттық жолында күрескен алаштай арыс елдің арман-мұратын жүзеге асырып, Тәуелсіздіктің берік тұғырын орнатып, дала өркениетін қазіргі жаһандану үрдісіне лайық өрістете білген қазақ елінің мемлекеттілік тәжірибесін тану арқылы тұрақтылық пен дамудың жолын сараларымыз анық. Кешегі тоталитарлық жүйедегі қазақ ұлтының өз алдына отау құрып, шаңырақ көтеріп, егемендік байрағын желбіретіп, дербес мемлекет атануы елімізде жүргізіліп отырған салиқалы да сындарлы саясаттың жемісі.

Ғарифолла Есім шығармашылығы жөнінде Әбдезұлы Қансейіт Таным көкжиегі еңбегінде ауқымды мәліметтер береді[5], Еспенбетов А. Сегіз қырлы бір сырлы еңбегінде [6], Мұсаева Н. Қазақ философиясының көкжиектері еңбегінде [7], Нұрышева Г. Ұлттық ойлау көкжиегі еңбегінде [8], Нысанбаев Ә. Талғам мен таным еңбегінде [9], Сыдықов Т. Талант тағылымы еңбегінде [10] арнайы материялдар келтірілген.

Соңғы жылдары еліміздің ойшылдары философияның рухани саласында кең ауқымды зерттеулер жүргізуде. Соның бірі Ғарифолла Есім, оның дүниетанымындағы рухани жаңашылдық идеялар және саяси қоғамдық пікірлері үйлесімділігі туралы зерттелу дәрежесіне талдау жасаймыз. Ойшыл жүргізген рухани тұрғыда анықталмаған адам мен құдай, сопылық танымның дәстүрлі қазақ қоғамындағы орнына мән беріп, белгілі бір жүйе түзуді көздейді. Мұның өзі қарастырылып отырған мәселенің өзектілігін, маңыздылығын одан әрі ауқымдай түседі. Міне сондықтан ұлттық танымды жетілген тұлғалар шығармашылығы қашан да қоғамда өзектілігін жоғалтпаған.

Диссертациялық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің негізгі мақсаты ретінде Ғарифолла Есім дүниетанымындағы рухани жаңашылдық идеялары және оның қазақ қоғамдық ой пікірімен байланысы қарастырылып, оның даналық, тұлға ретінде жетілу ерекшелігі және сыни пікірлері сарапқа салынады. Осыған байланысты зерттеуге келесі міндеттер белгіленген:

  • Ғарифолла Есім философиясындағы рухани бастамалардың орнын зерттеп, қоғамдағы мағынасын анықтау.
  • Ғарифолла Есім дүниетанымындағы адам болмысының ерекшелігін, махаббат идеясы мен ғашықтық, кемел адам мәселесі және осы идеялардың қоғамның дамуының белгілі бір кезеңдеріндегі өркендеуін көрсету.
  • Еуропа мәдениеті және Абай көзқарасы, жалпы құндылықтардың құлдырауы, руханилықтың діни философияга өтуінің обьективтік бастамасын көрсету.
  • Ғарифолла Есім философиясындағы негізгі проблемаларды, оның адамзат үшін тарихи маңыздылығын, қажеттілігін философиялық тұрғыда талдау.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Ұсынылып отырған зерттеуде төмендегідей ғылыми жаңалықтар анықталған:

  • Ғарифолла Есім философиясындағы рухани болмыс обьективті тұрғыдан алынып, адамзат қоғамына байланысы ақиқат ретінде көрсетілді. Оның мағынасын анықтау үшін, методологиялық негіз ретінде философиялық зерттеу тәсілдері қолданылды.
  • Ғарифолла Есім философиясындағы сыни көзқарастар мен сопылық таным және қазақ философиясындағы жаңа көзқарастар зерттеу нысанына айналды.
  • Абай дүниетанымындағы рухани құндылықтарды зерттеп, нақты ғылымдардың жан-жақты дамуына тигізген әсерін қазақ қоғамындағы көрінісін айқындап беру.
  • Мәдениетте, әлеуметтік салада болып жатқан оң өзгерістердің адам болмысына оның рухани байлығына әсері танытылды.

Зерттеудің әдістемелік және теориялық негіздері. Ғарифолла Есім дүниетанымындағы адами процесс пен даму тарихында туындаған мәселелерін тануда жалпы ғылыми әдістер мен практикалық пайымдаулар негіз болды. Соның ішінде: тарихи, әлеуметтік, құқықтық логикалық, жүйелі, құрылымдық талдау, салыстырмалы әдістерді басшылыққы ала отырып зерттеу қолданылды. Қазіргі таңда діни-философиялық өзгерістер қоғам сұраныстарына негізделініп жасалынған рухани дүниені танытуға бағытталған мол ахпарат беттеріндегі материялдар мен зерттеу барысында қолданылған заңдылықты пікірлер ғалымдарымыздың өзара талқылауынан өткен шешімді ойлар мен көзқарастарына негізделді. Дипломда діни бағыттағы әдебиеттермен қатар философиялық, тарихи еңбектер, баспасөз материалдары, жекеленген ғалымдардың еңбектері де кеңінен қолданылды.

Диссертациялық жұмысының құрылымы мен көлемі. Жұмыстың құрылымы тақырып пен қойылған міндеттерді шешудегі ішкі логикалық байланысымен сипатталады. Зерттеу жұмысы кіріспе, екі тарау, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен құралды. Жұмыстың көлемі 65 бет.

1 ҒАРИФУЛЛА ЕСІМ ӨМІР ЖОЛЫ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ

1. 1 Ғ. Есімнің өмірі мен дүниетанымдық көзқарасының қалыптасып, дамуы

Ғасырлар бойы тәуелсіздік пен бостандықты армандаған қазақ халқы өзінің қайғы - қасіретке толы тарихында тағдырдың тәлкегіне түсіп көптеген оқиғаларды басынан кешірді. Қазақ елі тарихы Ресей тарихының ықпалында, отаршыл идеалогияның темір құрсауында бұрмаланып жазылды.

Еліміз егемендік алып, тәуелсіз мемлекет құрғанымызда ел қамын ойлап, сол жолда өздерінің саналы ғұмырын сарп еткен азаматтардың ұлт қамын ойлаған қозғалысының тарихын қайта парақтап, шынайы түрде бетін ашып жаңа заман талабына сай зерделеудің маңызы зор.

Аталған тақырыптағы мәселенің көкейтестілігін Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев «Тарих толқынында» деген кітабында былай деп өте дұрыс айтып көрсеткен: «Ұлттық құндылықтарымыз, саяси дербестігіміз отандық тарихымызда жеріне жете зерделенбей келеді. Бұл ұлттық, патриоттық өмір талабы, ойшылдардың алдына қойған мақсаты қазақ қоғамын бірте-бірте өзгертіп, осы заманғы шындыққа бейімдеп келеді» [11] -деген.

Ғарифолла Есім тұжырым жасап, ой түйді ұлт тарихын жаңаша тұрғыда зерттеуді, сол күрестің басында болған Елбасыға қазақ елін отарлық езгіден құтқару бағытындағы жұмыстарға атсалысуға, оның мемлекеттігін қалпына келтіруді және қазақ қоғамын өркениетті елдер қатарына қосуды басты мақсаттарына айналдырған қазақ зиялыларының қоғамдық-саяси қызметтеріне шынайы баға беруді көздеді. Қазақ елі туралы жаңсақ пікірлерді тарих беттеріне алып тастап, обьективті баға беру, ғылыми тұрғыда зерттеулер жүргізу отандық тарих ғылымындағы өзекті мәселе екендігі анық екенін таныта білді.

Елiмiздiң тарихында орын алған көрнектi тұлғалардың дүниетанымын философиялық талдаудан өткiзу халқымыздың рухани байлығына, интеллектуалдық құрылымына өзіндік үлесiн қосады. Әрбiр тарихи кезеңдердегi дүниетанымдық әмбебаптықтарға көзкарастардың эволюциясын жiктеуден өткiзуге мүмкiндiктер бередi, әр түрлi бағыттағы ойшылдардың iлiмдерiн өзара салыстырудан өткiзуге жағдай жасайды. Өткенді зерделеу ұрпақтардың өзара байланысын нығайтып, белгiлi бiр рухани сабақтастықтың болғанынын дәлелдеуге негiздер бередi, әлеуметтiк дүниедегi жақсы мен жаманды, ақ пен қараны айыруға көмектеседi.

Осындай арпалыс жүгін артқан Ғарифолла Есім өмірінен қысқаша мәлімет берер болсақ: 1947 жылы 15 сәуірде Павлодар облысы Лебяжі ауданындағы Жалтыр көлінің шығыс жағалауындағы шағын ауылда туған. 1970 жылы Семей педагогикалық институтының филология факультетін үздік бітіріп, сонда саясаттану және философия кафедрасында оқытушы болып орналасқан. 1973 жылы В. И. Ленин атындағы Мәскеу Мемлекеттік Университетінде зерттеуші - стажер болып білімін жетілдірген.

1974-1977 ж. С. М. Киров атындағы ҚазМУ-дің философия және экономика факультетінде аспирантурада оқып, 1987 ж. осы факультеттің ғылыми кеңесінде «09. 00. 01 - диалектикалық және тарихи материализм» мамандығы бойынша кандидаттық дисертация қорғаған.

1978-1983 жж. Семей педагогика институтында көркемсурет факультетінде декан, 1983-89 жж. осы институттың философия кафедрасының меңгетушісі қызметін атқарады.

1989-1991 жж. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының философия және құқық институтында аға ғылыми қызметкер,
1991-2001 жж. Абай атындағы Алматы Мемлекеттік Университетіндегі философия және ғылымдар методологиясы кафедрасының доценті, профессор.
1992-1998 жж. Көркемсурет факультетінің деканы.

1998-2001 жж Философия және ғылымдар методологиясы кафедрасының меңгерушісі, 2001 жылдан Әль- Фараби атын. ҚазМУ-дің философия және саясаттану факультетінің деканы қызметтерін атқарған.

Қазір ҚР Парламент Сенатының депутаты.

1994 ж. «Абай дүниетанымындағы Алла мен Адам болмысы» деген тақырыпқа «09. 00. 06- дінтану, теология» мамандығы бойынша докторлық диссертация қорғаған.

1995 ж. ҚР Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі болып сайланған. »Хакім Абай» (1994), «Санадағы таңбалар» (1994), «Абайдың дүниетанымы мен философиясы»(1996) , «Прошлое в настоящем» (2003), «Адам-зат» (2003) сияқты кітаптардың авторы.

Ғ. Есім - Қазақстан Журналистер Одағының С. Сәдуақасов атындағы сыйлықтың (1994), Республикалық Абай қорының арнайы сыйлығының (1995), Яссауи атындағы «KATEV» Халықаралық Қоры сыйлығының (2000) иегері. «Қазақстан республикасы ғылымын дамытудағы еңбектері үшін» кеуде белгісімен марапатталған. «Құрмет» орденінің иегері.

Өткенді жан-жақты философиялық талдаудан өткiзу қоғамымыздың болашағын қалыптастыруға өзінің тиiмдi ықпалын тигiзе алады. Мiне, осыған байланысты біздің ата - бабаларымыздан қалған көне жәдігерлерді, бай мұраларды жаңарту болып отыр. Осы игiлiктi iске теориялық зерттеу ретiнде Ғ. Есім дүниетанымын сараптау өз үлесiн қосады деген үмiттемiз. « . . . Өткенді зерделеп, жақсы мен жаманды, ақ пен қараны айырып, оны бүгiнгi күннің кәдесiне жарату - қоғам алдында тұрған ең өзектi мәселелердің бiрі. Өйткенi, айта беретiн тәуелсiздiгiмiз, егемендiгiмiз осы тарихты тануға тiкелей байланысты: өткенді бiлмей, болашақты анықтау мүмкiн емес», - дейдi елбасымыз өзiнiң қазақ халқының тарихына арналған еңбегiнде [12] .

Қазақстан жерінде, сонымен қатар көрші жатқан Орталық Азия елдеріндегі философия тарихындағы тарихи тұлғалар көптеген рухани мұралар қалдырып кеткені белгілі. Міне, енді еліміз тәуелсіздікке қол жеткізген кезеңнен бері солардың бірқатарына философиялық сараптамалар жасалуы үстінде және бұл зерттеулер жалғаса түсеріне сенімдіміз. Ал жоғарыдағы ғылыми талдау Абай сияқты ортағасырлық ойшылдың дүниетанымына қазіргі кезеңнің жетекшілік атқаратын Ғарифолла Есім іспетті тұлғалардың философиялық сараптау өлшемдеріне сай жіктемелер жасау болып табылады.

Ғарифолла Есімнің философиялық ойының бастапқы бағдары этикалық
негіздерге арқа сүйейді. Сонымен қатар онда мұсылмандық дүниетанымның
негізгі ұғымдары мен принциптері мойындалады. Ол өзінің философиялық
дүниетанымына исламды діни-рухани бастау еткенін де мойындай отырып,
халықтық дүниетанымның байлығын игере алған.

Сопылық дүниетанымның кейбір элементтері көрініс бергенмен Ғарифолла Есім дүниеге көзқарасын, өмір салтын бұл ерекше рухани практикаға жатқызуға болмайды. Бірақ ойшылдың ислам құндылықтарын ортағасырлық этникалық кеңістікке кеңірек таралуына еңбек еткенін байқаймыз. Ол өзінің діни ағартушылық бағдардағы ілімін білімділік идеясына арқа сүйеп қалыптастыруға тырысады. Өзінің жіктеген рухани құндылықтар әлемінде біліммен қоса әділеттілік, сабырлылық, адалдылық, қанағатшылдық сияқты адами дамудың іргелі негіздері тірек болатынын байқаймыз.

Ойшылдың дүниетанымы біршама экзистенциальді сипатта көрініс береді, ол да Абай философиясын талдаудан сіңген қасиет. Оның негізгі көтерген мәселелері өмір мен өлім, тіршіліктің өтпелі қасиеті, материалдық құндылыктардың соңынан қуудан туындайтын пендешілікті сынаудан құралады. Абай адам өміріндегі өтпелі шағы о дүниедегі мәңгі рухтық өмірге жалғасатынына сенімді. Бірақ осы дүниенің әрбір күнін босқа өткізбей Ақиқатқа қарай ұмтылуды әрбір пендеге парыз екенін ескертеді. Міне, сондықтан бұл өмірді, тіршіліктің қиын да қызық соқпақтарын түп негізінде адамға берілген Акиқат сыйы екендігіне мегзейді.

Адамның даналыққа қарай ұмтылуы оның жетілу жолына түскенін білдірсе, онда осы қадамдардың басы, түп негізі ақылды, зердені жетілдіруден басталады. Абай өз шығармасының өн бойында тұжырымдаумен болады. Әрине, ақылдың маңызды рөлін айта отырып, оның құрғақ күйіндегі түрін емес, оның адамның жан дүниесімен, яғни жүрегімен байланысып жатқан тұстарын маңыздандыра түседі. Бұл кейбір кезде философиялық жүйеде басымдық танытып отыратын жалаң рационализмнен әлемді, адамды рухани тұтастанған мағынада түсінуге қарай жасаған ойшылдың қадамдары болып табылады деген пайымдаулар жасауға болады дейді Ғарифолла Есім .

Қазақтың сөзді қадірлеп келгенінің бастаулары Абай сияқты ғұламалардың тілге деген қатынастарынан байқаймыз. Оның сөз саптауының өзі ортағасырлардағы түркілік, араб-парсылық көркем сөйлеу өнерінің тамаша көрінісі сияқты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Суфизм философиясындағы болмыс сипаты
Философия тарихындағы адам өміріндегі достықтың орны
Фараби философиясында таным мен болмыс немесе таным арқылы бар болу тең ұғым
Әл-Фараби дүниетанымындағы болмыс пен тәңір
Мұхаммед Хайдар Дулати шығармашылығындағы адам мәселесін философиялық тұрғыдан талдау
Адам өмірінің мәні
СТОИЦИЗМНІҢ НЕГІЗГІ ИДЕЯЛАРЫ
Қазақ философиясы әлем халықтар философиясының табиғи бір арнасы
Зиялыларымыздың рухани тұлғасы ұлт болмысымен сабақтас
Философия пәнінен лекциялық тезистер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz