Қазақ ұлтшылдығы мен қазақ ұлты ұғымына сипаттама



Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Ғалым Боқаш: Қазақ ұлтшылдығы мен қазақ ұлты деген ұғымға сипаттама берудің өзі қиын
Жәрдемші

Зеңгір көкті шарлап, шөлдеп, қаталап келіп құдықтың ернеуіне қонған торғай: Шексіз аспанды шарлаймын деп қанатым талып, әбден шөлдедім. Мына судан ішіп, шөлімді қандыратын болдым ғой, - деп күбір етсе керек. Бұл сөзді құдықтың түбінде жатып естіген бақа: Әй, торғай! Сен де суайт екенсің. Көзімізді ашқалы көріп келеміз, құдықтың аузындай-ақ аспан емес пе! Неге сонша шексіз кеңістік дейсің? Жоқ, бізді көзі соқыр, керең, мылқау дейсің бе?, - деп кейіпті... Көп жасағаннан емес, көп білгеннен сұра деген қазақ мақалы да жөн білетіннен жол сұра дегенді ескертсе керек. Шығыстың да, Батыстың да ілімін игерген Ғалым Боқашқа газетіміздің Қарға тамырлы қазақ қосымшасына арнайы сұхбат беруге қолқа салған едік...

Ғалым Боқаш,
шығыстанушы-журналист

- Қазіргі Еуропа қазақтарының ру - хани болмысы туралы не айтар еді - ңіз? Неге осы сол жақтағы бауыр - ластардан жазушы, ақын, болмаса өнердің өзге саласындағы азаматтарымыз көзге шалына бермейді? Еуропа қазақтарының қандай құндылық - тарын бағалайсыз?
- Еуропа қазақтары деп Совет Одағы құ - ламай тұрып, Түркия арқылы сол жаққа жеткен, я болмаса, екінші дүниежүзілік соғыста тұтқынға тү - сіп, кері қайтпай қалған аз-кем адамды айтып тұрған шығарсыз. Әйтпесе, қазір Еу - ро - падағы қазақтар деген құрамы ала-құла әлеуметтік топқа айналды ғой - қашқан олигарх, сасқан әкім, түңілген ғалым, жұмыс із - де - ген жас, қарасы қалың студент деген сияқ - ты.
Ал 1950 жылдардың аяғында Германия ар - қылы Батыс Еуропа мен Скан - ди - навияға та - раған, 1970 жылдардың басында Ұлыбри - та - нияға жеткен түркиялық (арғы тегі алтайлық) қазақ - тардың ішінде һәм діни, һәм зайырлы жоғары білім алғандары баршылық. Бірақ қазақ арасынан алыс кеткендіктен советтік Қа - зақ - станда қалыптасқан әдеби жазба тіл - ден хабарсыз. Олай болуы да заң - дылық. Тілден хабарсыз адам қалай жазушы, я ақын болады? Бірақ еуропалық қазақтардың ересектері түрік тіліне, түрік әдебиетіне жетік. Facebook бетінде түрік поэ - зиясына қатысты ой білдіріп, ұнаған жыр жол - дарын жариялап тұратында-рын да бай - қадым. Ал жастары көбіне сол тұрып жатқан елдің тілінде сөйлейді.
- Шетел қазақтары туралы сөз бола қал - са, қашқан, пысқан деген әңгіме алдымен айтылып, кешегі Шығыс Түркістанның азат - тығы үшін, тарихи атақонысы үшін шаһит кешкен боздақтардың қан мен жасы тара - зыға тартыла бермейді. Осы жағдаятқа тоқ - тала кетсеңіз. Тәуелсіздік алғанымызға бі - раз жылдың жүзі болса да, нақтылы ұлт - тық идеяның қалыптаспай жатқаны қа - лай?
- Германия халқының СССР-ден көшіп келген немістерді қандай да бір кемсітуге ұшы - ратып жатқанын көп байқамайсыз. Әйтпесе, Ресей мен Қазақстаннан қайта көшіп барған немістер (біразының әйелі, я күйеуі орыс) біздің советтік үгіт-насихат машинасы құрбан - дары - ның түсінігіне салсақ, жай ғана оралман емес, көп - шілігі екінші дүниежүзілік соғыста тарихи Отанына қарсы соғысқан басқыншы оралман ғой. Егер СССР мен Қытай соғысып, оған арғы беттен қатысқан қытайлық, я моңғолиялық ардагер қазақтар мен олардың ұрпақтары кейін Қазақстанға ерекше жеңілдікпен оралып жатса, не болар еді деңіз? Ренішті риторика көте - ріліп, қаншама большевик менталитетті шолақ белсенді аттанға басар еді. Ондай жағдайда жай күні Оспан батырды қарақшыға теңеп жүрген адамдар, оны мүлдем фашист қылар еді. Әбдіғаппар мен Құныскерей сияқты тарихи тұлғалар біржола банды, басмашы ретінде ұлт - тық энцик - лопедияға енер еді. Ал мынадай ты - ныш күнде еліне қайтқан ирредента өкіл - дерін қашқан, пысқан деп сипаттайтындар тек қа - раң - ғы жұрт арасында емес, жоғарғы саяси эше - лонда да бар. Дәл осы құбылыс Неге нақты ұлт - тық идея қалыптаспай жатыр? деген сұра - ғыңыздың бір жауабы сияқты.
- Латын алфавитіне көшу - қазақ баласына қаншалықты тиімді?
- Бұл саланың маманы емеспін. Қаншалықты тиімді екенін айта алмаймын. Қаріп деген құ - рал. Жазуың қисық болса, қай алфавитке көш - сең де, қисық жаза бересің. Бірақ ХХI ғасырда, ақ - параттық төңкеріс заманында латын әліп - биіне көшуді барынша қолдаймын. Тек кириллица бойынша қалыптасқан қарама-қайшылыққа толы орфографиялық жүйені қателіктерінен арылтып барып, академиялық транслитерация мәселелерін шешіп барып латынға ауыспаса, ескі компьютердің барлық вирусын жаңа компьютерге көшіргендей болып шығады-ау. Ал нақ - ты техникалық детальдарына келер болсақ, Әлімхан Жүнісбек сияқты шын кәсіби маман - дар - - дың сөзіне құлақ түріп барып көшу қажет. Со - сын компьютер клавиатурасы қаламға ай - нал - ған заманда қосымша таңбалы латын әріп - терінен барынша қашу қажет сияқты. Неғұрлым ағылшынның 26 қарпіне сыйғызып жіберген жөн.
- Халық, ұлт, нация дегенге әркім әр - түр - лі баға беріп, әр түрлі айтып жүр. Сіз осы ұғым - - дарды қалай түсіндірер едіңіз? Жаһан - дану жағдайында халықтың, ұлттың, нация - ның баяғыдай қалыптасу заңды - лық - та - ры - ның бұзылуы - жеткен жеріміз осы деген өкі - ніш қана сыйлай ма, әлде адам баласы қа - заққа да бір қайыры бар ма?
- Еуропадағы ұлт ұғымы бір тілде әлеу - мет - тік қарым-қатынас жасайтын, мәдени құн - ды - лық - тар жүйесі мен этникалық тегі ортақ, тұтас ай - мақты мекендейтін адамдардың сана-сезі - мін - дегі топтық даралық ретінде қалыптасты. Ке - йін келе, пост-индустриалдық заманда, ақ - па - раттық төңкеріс кезеңінде мұндай ұлтшылдық-ты эт - никалық текке байланбаған, либералдық құн - дылықтарға сүйенген азаматтық ұлтшыл - дық ығыстырып шығарды.
Дамушы елдердегі ұлтшылдықты терең зерт - теген аз ғалымның бірі - үндістандық әлеу - меттанушы Дауа Норбу. Оның айтуынша, ұлт - шылдықтың үш қыры бар. Біріншісі - халықты өткенімен байланыстыратын және үзілмей ке - ле жатқан өзектің бар екенін еске салатын дәс - түр. Екіншісі - бүгінгі әлеуметтік мәселе - лер - ді шешуге жәрдем қылатын ортақ мәдени-эко - номикалық мүдде. Үшіншісі - ұлтты болашақпен жалғап тұратын саяси идеалдар.
Меніңше, көптеген этникалық жағынан әр - текті пост-отарлық дамушы елдер бұл үшеуін бірік - тіріп ұстап тұру үшін унилингвализмді қол - дана бастайды. Яғни өзін елдің байырғы тұр - ғынымыз деп санайтын және басым көпшілікті құрайтын этникалық топтың тілін баршаға ортақ қарым-қатынас құралы ретінде бекітеді.
Қазақстанның жағдайына келсек, халық эт - никалық жағынан болсын, әлеуметтік-мә - дени, экономикалық жіктелу жағынан болсын әртек-ті. Бір қазақтың өзі урбандалған орыстілді, ауылдық қазақтілді, консерватор, либерал, ұлтшыл, социалист, капиталист, дәстүршіл, жаңа - шыл, діндар, атеист, зайырлы, жерлік, орал - ман, т.б. болып бөлініп кете береді. Оған бас - қа ірі этникалық азшылықтарды қосыңыз. Байқап тұрсаңыз, басым көпшілік жоқ. Бірақ әрқайсысы өзін басым көпшілік, әйтпесе маңызды құрамды бөлік етіп сипаттауға құмар. Сол себепті пост-советтік кезеңдегі қазақ ұлт - шылдығы мен қазақ ұлты деген ұғымға сипаттама берудің өзі қиын. Қазақстандық деп аталса да, қазақ деп аталса да, түптің түбінде бұл атау азаматтық ұлттың сипаттамасы бо - ла - ды-ау. Бұл жерде мынадай компромисс жасалуы мүмкін - қазақ, я қазақ - стан - дық аза - мат - тық ұлт ретінде құрылсын, бірақ уни - - - лингвализм норма ретінде қабылдансын, яғни бір ғана тіл - қазақ тілі біржола үстемдікке ие болсын. Мұндай келісімге жету үшін Қазақстан қоғамына ең әуелі либералдық-демократиялық құндылықтар сіңуі керек, сосын қазақ тілін қолдану аясы кеңуі керек. Азаматтық ұлттан шошитын ештеңе жоқ. Ол дәстүрлі қазақ қоғамында бұрыннан бар ел ғой. Яғни саяз ұлтшылдық терең елдікке жол береді деген сөз. ХV ғасырға дейін түр - кі-моғол еліне кім сіңбеді, ХV ғасырдан бері қазақ еліне кім сіңбеді?
- Солженицын мен Жириновскийлердің тарихымызға күйе жағып, қорлағанына ұлт ретінде неге мінез көрсете алмаймыз? Зардабы қалай болады?
- Тағы бір қайыра айтарым - Қазақстанда ли - бералдық-демократиялық құндылықтар мен заңның үстем күші орнықпайынша ұлтты қор - ғау, ұлттық мүддені қорғау сияқты абстрак - ті - лік міндеттерді популистер мен азаматтық қо - ғам өкіл - дері өз мойындарына алып даурығыса бе - реді. Шын мәнінде, ұлттық, нәсілдік, діни, аза - маттық, я жеке ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ахметтанудың негізін салушылар
Алтынбек және бүгiнгi қазақ қоғамы
Әдеби байланыс: Х.Оралтай және Қ.Шабданұлы шығармалары
Батыс өркениеті
Ана тілінің көптілділік ортада ұлттық кодты сақтаудағы рөлі
Ұлттық мемлекет тарихының бастауы
Тілдік сәйкестіліктің орнығуындағы ана тілінің маңызы
ҰЛТШЫЛДЫҚ пен ҰЛТСЫЗДЫҚ
Л. Брежнев бастаған номенклатуралық топтың билікке келуі
Сәбит Мұқанов және әдебиет
Пәндер