Егде жастағы науқастардағы 2-типті қант диабетімен қосарланған гастродуоденалдық созылмалы аурулардың клиникалық-иммунологиялық ерекшеліктері


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Гастродуоденалды аймақтың созылмалы қабынбалы аурулары ағымының клиникалық-иммунологиялық ерекшеліктерін анықтау мақсатында, егде және қарт жастағы 155 науқас зерттеуге алынды, оның ішіндегі 85 пациентте (орташа жас 72, 2 ±7, 6 жас) созылмалы гастрит, асқазан мен 12 елі ішектің ойық жарасы және 70 науқаста (орташа жас 70, 2±6, 6 жас) 2 типті қант диабетімен қосарланған гастродуоденалды аймақтың аналогиялық патологиясымен. Бақылау тобын зерттелген 97 адам құрады. Барлығына жалпы клиникалық, аспаптық және қанның лимфоциттік субпопуляциялық құрамын, қандағы нейтрофильдердің функционалдық жағдайын және асқазан шырышты қабаты биоптаттарының жергілікті иммунитеті көрсеткіштерін бағалауға мүмкіндік беретін иммунологиялық әдістер қолданылды.

Созылмалы гастриттің клиникалық көрінісінің салыстырмалы сараптамасы, егде жастағы науқастарда ауырсыну синдромының және диспепсия белгілерінің бәсеңдеуі және жас келе мезгілді өршулердің азая түсетіні анықталды. Науқаста 2 типті қант диабеті қосарланғанда, бұл сипаттық ерекшеліктер одан да айқындала түседі. Егде жастағы науқастарда 12 елі ішектің ойық жарасының клиникалық көріністерінің сараптамасы, 2 типті қант диабетімен сырқат егде жастағы науқастарда эпигастралды аймақтағы ауырсыну синдромының азайғанын және жас және егде жастағы 12 елі ішектің ойық жарасымен сырқат науқастармен салыстырғанда түнгі және кеш пайда болатын ауырсыну синдромының азайғанын көрсетті. 2 типті қант диабетімен қосарланған егде жастағы 12 елі ішектің ойық жарасымен сырқат науқастарда, жас мөлшері кіші 12 елі ішектің ойық жарасымен сырқат науқастармен салыстырғанда іштің өтуі сирек анықталған (р<0, 01) .

2 типті қант диабетімен қосарланған асқазанның ойық жарасы көбінесе көмірсу алмасуының бұзылыстары бар егде жастағы адамдарда кездесті, жас мөлшері кіші 36, 4 % және егде жастағы 37, 2% асқазанның ойық жара ауруымен сырқат науқастармен салыстырғанда, бұл науқастарда 23, 8 % мезгілдік өршулерінің азаюы, пальпация кезінде ауырсыну синдромының бәсең көрініс табуы, іштің кебуі 61, 9% жиі кездесті (р<0, 05) . егде жастағы науқастарда гастродуоденалды аймақтың шырышты қабатының НР төмен дәрежелі себілуі кезінде айқын дистрофиялық өзгерістері және эпителийдің бездік дисплазиясы анықталған.

Дені сау егде және қарт жастағы адамдарда шеткі қанда Т-хелперлердің, Т-цитотоксикалық лимфоциттер есебінен спецификалық емес (табиғи киллерлер мен фагоцитоздаушы жасушалар) иммунитет көрсеткіштерінің қалыпты мөлшерінде Т-лимфоциттер мөлшерінің төмендеуі анықталған.
Гастродуоденалды аймақтың патологиясымен егде жастағы науқастардағы лимфоциттердің субпопуляциялық құрам көрсеткіштерінің салыстырмалы сараптамасы, егде жастағы бақылау тобымен салыстырғанда жас мөлшеріне, жынысына, аурудың кезеңіне байланысты айтарлықтай өзгерістерді анықтамады.

Егде жастағы бақылау тобымен салыстырғанда, гастродуоденалды аймақтың патологиясымен науқастарда НСТ-тестті бағалау кезінде оның жоғарылауы байқалды (р<0, 01) .

Қант диабеті және оның ауырлық дәрежесі және CD56+CD16- (0, 62) және CD56+CD16+ (0, 74) құрамының арасында тікелей айқын корреляция тіркелген. Бұл табиғи киллерлердің субпопуляцияларының жоғарылауы аурудың ұзақтығына тікелей байланысты болды - корреляция коэффициенті 0, 66 және 0, 65. Орташа корреляциялық байланыс CD4+СD25- лимфоциттер құрамымен жас мөлшері 0, 5 арасында құрылған. Асқорту жүйесінің жоғарғы бөлімінің патологиясы бар-жоғына қарамастан CD8+CD16+ және CD16+ жасушаларының құрамымен- 0, 42 және 0, 45 әлсіз корреляциясы байқалды. 2-типті қант диабетімен қосарланған созылмалы гастрит және ойық жара ауруымен сырқат егде жастағы науқастарда HLA-DR артуы, Т-лимфоциттердің, Т-хелперлердің, Т-цитотоксикалықтардың мөлшерінің қалыпты деңгейінде Т-реттеушілердің (CD4+CD25+) төмендеуі байқалды. 2-типті қант диабетінің ауыр және ұзақ ағымында CD56CD16- шынайы киллерлердің субпопуляциясының біршама артуы анықталды. 2-типті қант диабетінің орташа ауырлық дәрежесімен CD56+CD16- жасушалары мөлшері егде жастағы бақылау топтарымен және СГ және ОЖА-мен сырқат науқастармен салыстырғанда, 2-типті қант диабетінің ұзақ және ауыр ағымды түрінде CD56 көп CD16- табиғи киллерлер субпопуляциялар мөлшерінің айқын артуы байқалды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психобелсенді заттардың әсерінен иммундық жүйенің бұзылыстары: иммунологиялық диагностика, науқастардың иммундық статусы және егде жастағы наркологиялық аурулардың клиникалық ерекшеліктері
Егде жастағы науқастарға мейіргерлік күтімнің клиникалық және ұйымдастырушылық ерекшеліктері
Қант диабетімен ауыратын науқастарға күтім көрсетудегі мейіргердің рөлі
Геронтологиялық науқастардағы қант диабеті: мейірбикелік күтімнің теориясы және ұйымдастыруы
Екінші типті қант диабетінің профилактикасы және мүгедектікті болдырмау
Табышева Құралай (1962 ж.) - 2-типті қант диабеті мен гипертония: клиникалық жағдай және емдеу тарихы
Қант диабеті: жедел және созылмалы асқынулардың патофизиологиясы мен клиникалық емдеу алгоритмдері
Қант диабеті мен бронхиалды астманың психологиялық ерекшеліктері және созылмалы науқастар мектебін ұйымдастыру
Егде жастағы адамдардың тамақтануы: ерекшеліктері, дәрумендік қажеттіліктері және диеталық қағидалар
Психикалық аурулардың сипаттамасы мен клиникалық ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz