Гельминтоздарға жалпы сипаттама



Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1 Гельминтоздарға жалпы сипаттама
2.2 Контагиозды гельминтоздар
2.3 Гельминтоз ауруының алдын алу шаралары
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Гельминтоздар
Гельминтоздар (грекше helmіns, helmіnthos - іш құрт) - паразит құрттардың адаммен, жануармен және өсімдіктердің организміне еніп, көбеюі салдарынан пайда болатын ауру түрлері. Гельминтоздар адамда сорғыш, таспа, жұмыр, т.б. құрттардың паразиттік тіршілігі салдарынан пайда болады. Гельминтоздардың аталуы ауру туғызатын құрттардың түріне қарай. Олардың тек адамда (аскаридоз, энтеробиоз, т.б.) немесе адам мен малда қатар кездесетін гельминтозооноздар (фасциолез, трихинеллез, эхинококкоз) түрлері белгілі.Гельминтоздарға қарсы арнайы дәрілер - антгельминттер қолданылады.Гельминтоздар ауыл шаруашылығы малдарында көп кездеседі, қазір оның 2000-нан астам түрі белгілі. Мыс., қойларда мониезиоз, эхинококкоз, протостронгилез, т.б. ірі қара малда - фасциолез, эхиноккоз, т.б.; жылқыда - стронгилятоз, құстарда - аскаридиоз, полиморфоз, т.б.; балықтарда - ботриоцефалез, диплостомоз, т.б. кездеседі. Гельминтоздар ауруларын сақтану шаралары: тазалық сақтау. Іш тазартатын дәрілер ішу. Үй жануарларын малдәрігерлік тексеруден өткізіп, ауырған малды бөліп алып, дәрі-дәрмекпен емдеу, мал қалдықтарын биотермиялық жолмен өңдеу, ортаны қоздырғыштарынан тазарту.
Контагиозды гельминтоздар деген не?
Гименолепидоз ауруының қоздырғышы карлик цепені, ал энтеробиоз ауруының қоздырғышы острица құрты болып табылады. Контагиозды гельминтоздар жеке бас тазалығын сақтамаған жағдайда, жақсылап жуып тазартылмаған көкөністер, науқас ұстаған сүлгі, есік тұтқасы, ойыншықтар арқылы жұғады.
Науқасты көбіне тамақ ішкеннен соң кіндігінің оң жақ бөлігінің төменгі жағы ауыруы, асқа тәбетінің төмендеуі мазалайды. Басы айналып, құсқысы келеді, ештеңе жақтырмай, ұйқысы бұзылады, ал нәжісі біресе сұйық, біресе қатты болады және көтеншегінің айналасында қышу мазалайды.
Контагиозды гельминтоздарды алдын алу шараларын барлық адамдар, яғни, ересектер мен балалар білуі қажет.
Ол үшін:
-- көкөністерді жақсылап жуып-тазалап қолдану қажет;
-- жеке бас тазалығын сақтау;
-- дәретханадан шыққаннан, далада ойнап келгеннен соң қолды сабындап жуу;
-- қолданған ойыншықтарды сабынды содалы сумен жуу;
-- балалар ойнайтын алаңның құмын қайта-қайта аударыстырып, әр 10 күнде ыстық сумен залалсыздандырып тұру керек.
Егер контагиозды гельминтоздармен ауыра қалған жағдайда, дер кезінде дәрігерге көрініп, арнайы ем қабылдау қажет.
Қазақстан Республикасы Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жөніндегі кодекс бойынша айналадағы орта мен халықтың денсаулығын сақтау жөніндегі өзге де заң құжаттары санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық саласындағы қатынастарды реттеудің құқықтық негізі болып табылады. Ұйымдық экономикалық, құқықтық және тәрбиелік сипаттағы шаралар кешенін жүргізілуімен қамтамасыз етілетін азаматтардың денсаулығын, тіршілік ортасының қолайлылығы мен санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қорғауды жүзеге асыру қажет. Жұқпалы аурулармен ауырғандар, жұқпалы аурулармен ауырады деп күдік туғызатындар және бактерия таратушылар оқшауландырылуға және ауруханада емделуге жатады , жұқпалы аурулармен қарым-қатынаста болған адам медициналық қадағалауға алынады, қажет болған жағдайда оқшауландырылады және емделеді. Халықтың денсаулығын қорғау жұқпалы және паразиттік ауруларды болдырмау кәсіптәк аурулар мен уланулардың, бақытсыз оқиғалардың алдын алу, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кәсіпорындардың, мекемелердің , ұйымдардың қызметкерлері мен азаматтары алдын ала және мерзімдік бақылаулардан ,арнайы медициналық тексерулерден өтеді Паразиттік аурулар паразиттердің сан алуан түрлерінен туындайтын аурулар. Паразитті тасымалдаушы - аурудың клиникалық белгілерісіз паразиттік аурулар қоздырғыштарын тасымалдаушылар.
Гельминтоздар -- әр түрлі гельминттер түрлерінен туындайтын инвазиялық аурулар. Паразиттік аурулармен ауырғандарды және олардың қоздырғыштарын тасымалдаушыларды анықтауды, медициналық көмекке жүгінгенде, алдын ала және мерзімдік медициналық қараулар кезінде меншік нысанына қарамастан медициналық ұйымдар жүзеге асырады. Барлық паразиттік аурулар мен паразитті тасымалдау жағдайы олардың анықталған жері бойынша денсаулық сақтау ұйымдарында тіркелуге, мемлекеттік есепке алуға жатады және Қазақстан Республикасы санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің мемлекеттік органдары мен ұйымдары олардың есебін жүргізеді. Энтеребиоз ауруы мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларда жиі кездеседі. Сондықтан мектепке дейінге және бастауыш мектеп жасындағы балалар ұжымдарында балаларды контагиозды гельминтоздар мен ішек протооздарына алдын ала тексеру жылына бір рет жоспар бойынша жүргізілуі тиіс. Медициналық ұйымдар тиісті аумақтағы мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық органдарының басқармаларына анықталған науқастар мен паразиттік аурулар қоздырғыштарын тасымалдаушылардың нәтижелері жөнінде ақпарат береді. Энтеребиоз ауруы тіркелгені жөнінде ақпарат түскеннен соң біздің бөлімше тарапынан тиісті санитарлық-эпидемиологиялық шаралар жүргізіледі. Тиісті аймақтың дәрігерлік қызметкерлеріне ауруды бақылауға алуға, диспансеризация жүргізуге, емдеуге санитарлық-ұйғарымдар беріледі. Энтеребиозға бір рет тексерілгенде 15 пайызға және одан астам инвазияланғандар анықталған балалар ұйымдарында барлық балалар сауықтырылады. Емдеу кезінде балар мектепке дейінге және жалпы білім беру ұйымдарына барудан, қоғамдық тамақтану, сауықтыру объектілерінде, мектепке дейінгі және жалпы білім беру ұйымдарына, жүзу бассейіндерінде жұмыс істейтін адамдарды жұмыстан босатады. Диспансерлік бақылаудың мерзімдері - энтеребиоз кезінде дегельментизациядан 10-14 күннен кейін , 1-3 күн аралығында перианальды қырынды алумен 2 рет зерттеледі. Бүгінгі күні энтнребиоз ауруын болдырмау барысында дәрігерлердің кәсіби білім деңгейін көтеріп отыру балалар мен ересектерге гигиеналық тәрбие беру мен оқытуды шарт деп ойлаймын.
Мектеп оқушылары және мектепке дейінгі балалар арасында энтеробиоздың үлесі 41,8 пайыз,аскаридоздың үлесі 7,1 пайыз.
Балаларда гельминтоз ауруы әртүрлі ерекше клиникалық белгілермен: әлсіздік, шаршау, ашушаңдық, ұйқы бұзылу, өсу мен салмақ қосудың бәсеңдеуі, иммундық статустың төмендеуімен сипатталады. Гельминтоз ауруларының ең басты құраушысы болып аллергия, дерматит, бронхит пен блефаритке әкеліп соғатын . алмасу өнімінің сенсибилизациясы болып табылады
Гельминтоз ауруын жұқтырудың басты себебі -- гигиена ережелерін сақтамау (жуылмаған қол, жуылмаған көкөніс пен жеміс-жидектерді тамаққа пайдалану, қайнамаған су ішіп, табиғи су аймақтарында шомылғанда су жұту). Тікелей адамнан адамға берілетін острица мен ергежейлі цепенінің жұмыртқалары. Қалған гельминтоз жұмыртқалары адам организміне түскенше, міндетті түрде қоршаған ортаға -су немесе топыраққа түсуі қажет. 1,5-3 жастағылардың жұқтыру ауқымы өте жоғары , кейде 80 пайызға дейін жетеді.
Гельминтоз ауруының алдын алу тамақ ішер алдында қолды, тамаққа пайдаланатын көкөністерді, жеміс-жидектерді тиянақты жуу, тамақты термиялық өңдеу болып табылады. Сонымен қатар топырақ пен суды нәжіспен ластамау, қайнаған су ішу, тамақтарды шыбыннан қорғаудың да ролі зор. Гельминтозға күдіктенген жағдайда міндетті түрде дәрігерге көріну
Гельминтоздар адам ағзасының әртүрлі мүшелерімен, терісінде тіршілік етіп, қатты клиникалық симптомдары мен аурудың біліну белгілері білінбей ағзаның жұмысын қалыптан шығарады. Содан әртүрлі клиникалық белгілер пайда болады: ішек жұмысының бұзылуына, жүйке жүйесінің шалдығуына, адам ағзасының жалпы қарсыластығы төмендеуіне, және де жұқпалы соматикалық аурулардың қабылдағыштығы жоғарлайды.
Гельминтоздарды клиникалық белгілеріне қарай ғана зерттемейді.
Адамдар аскаридозбен зақымдануы зақымданған топырақ, көкөністер мен жеміс- жидектер арқылы, және де адам нәжісі қосылған топырақта өсірілген өнімдер арқылы жұқтыруы мүмкін. Адам бұл ауруды жеке бас гигиенасын дұрыс сақтамағаннан (кір қол) арқылы жұқтыруы мүмкін. Аскарида жұмыртқаларының сыртында жұмыр қабықшамен қапталған, ол сыртқы орта жағдайларына өте төзімді. Топыраққа түскен аскарида жұмыртқалары жаздан келесі көктемге дейін жетіліп, жеміс-жидектермен көкөністерді зақымдауы мүмкін, содан адам жұқтырады. Топырақта жұмыртқалар 2 жылдан 5 жыл аралығына дейін сақталуы мүмкін.Аскарида жұмыртқаларының көзін жойып, қарсы 100 С температурамен тікелей күн көзі ғана әсер етеді.
Құлпынай, жасыл жуа, редиска, жасыл көкөніс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Гельминтоздардың диагностикасы және дегельминтизация
Паразиттік жұқпалар кезіндегі жүргізілетін шаралардың стандарттары мен алгоритмдері
Зертханалық жануарлардың инфекциялық аурулары
Аноплоцефалидиоз - жабайы күлденген таспалы гельминттерінің жұқа ішектерінде паразиттеуден туындаған аурулар
Инвазиялық аурулар
Гельминттерге қарсы қолданылатын препараттар
Инвазиялық аурулардың зияны
Етқоректілер эхинококкозын балау
Гельминттер, қарапайымдылар мен шақырылатын паразитарлық аурулар
Ішек құрттар немесе гельминттер
Пәндер