Геометриялық фигураларды сабақтарда қолдану



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Геометриялық фигураларды сабақтарды қолдану
Жарияланды 30-05-2013, 08:25 Категориясы: Ұстаздарға
Геометрикалық фигураларды пайдаланып оқытудағы іс - тәжірибем
Қазіргі заманғы білім берудегі мақсатқа жетудің негізі - мектептегі оқу - тәрбие үрдісін, оқыту формаларын және әдістерін жаңарту. Дамудың жаңа сатысына бағыт алған мектептің ең негізгі өзегі - оқушылардың жан - жақты дамуын жетілдіру. Осы бағытта білім алып отырған әр бір жас жеткіншектің тұлғалық бағдарлы білім алуына зерттеушілік, байқампаздық, зеректік қабілетін дамыту ісі әр бір педагогтан кәсіби шеберлікті қажет етеді.

Бастауыш сыныпта оқитын бала әлі қоршаған ортамен танысу процесін бастан кешіруде болады. Сондықтан да ол өз болмысында байқампаз, зерек болып келеді. Сол қабілеттерін жетілдіріп, дамыту үшін түрлі әдіс - тәсілдер қолданып келемін.
Солардың бірі - геометриялық фигураларды таныту. Оларды қоршаған ортадан анықтай білу, сол білімдерін сабақта, күнделікті өмірде пайдалануға үйрету. Бұл бағыттағы білім білікті тек қана математика емес, барлық пән сабақтарында қалыптастыруға болады.

Геометрия ғылымы туралы қысқаша
Геометрия - көне де, қызықты ғылым. Ол адамдардың күнделікті өмір қажеттілігінен туындаған. Мысалы, ара - қашықтық, аудан, көлем, т. с. с. әр түрлі шамаларды өлшеу геометрия ғылымына негізделеді. Сонымен қатар ол фигуралардың қасиеттерін зерттейтін ғылым. Ол гректің гео- жер, метрео- өлшеймін деген сөздерінен шыққан. Фигура деген сөзді нүктелер жиыны деп ұғамыз. Геометриялық пішіндердің қасиеттері туралы алғашқы мағлұматтарды адамдар күнделікті өмірде айнала қоршаған әлемді бақылай отырып түсіне бастаған. Ежелгі геометриялық құралдарға жататын циркуль мен сызғыштың алғашқы пайда болғаны - сызғыш.

Математика сабағында пайдалану
Математика сабақтарында бастауыш сынып оқушыларында нүктенің, түзудің және қисық сызықтардың, түзу кесіндінің көпбұрыштардың, шеңбердің, дөңгелектердің айқын бейнелерін қалыптастыру керек. Мұғалімнің міндеті оқушыларды осы фигураларды бөліп көрсетуге, олардың атын атап дұрыс көрсетуге, оларды қағаз бетінде және тақтада кескіндеуге, екінші сыныптан бастап әріппен белгілеуге үйрету. Балалар берілген ұзындықтағы кесіндіні өлшеуге және сызуға үйренулері тиіс. Нүктемен оқушылар бірінші сыныпта алғашқы қадамынан бастап - ақ танысады. Бірінші сынып оқушыларының түзу сызық туралы түсінігі олардың әр түрлі практикалық жаттығуларды орындау процесінде қалыптасады. Мұнда түзу сызықты қисық сызықпен салыстырады. Мысалы жіпті (бау, шпагат) кереді одан кейін оны ол салбырап тұратындай босатады. Түзу жолмен жалғыз аяқ қисық жол кескінделген суреттерді қарастырады. Парақ қағазды бүктеп, оны қайта жазып иілген жері бойынша оны қияды т. с. с. Әр жағдайда қандай сызық (түзу сызық па әлде қисық сызық па) пайда болғанын түсіндіріп отырамын.

Математика сабағында Нүкте. Сәуле. Бұрыш тақырыбын өткенде фигуралардың нүктелер жиынтығынан құралатынын түсіндіре келіп, әр фигураны атап айтқызамын. Кеспе қағаздарды пайдалана отырып, дөңгелек, шаршы, үшбұрыш т. б. Фигуралардан қандай бұйымдар жасауға болатынына ой тастаймын. Оқушылар ойлана келіп, шаршы мен үшбұрыштан үйді құрастырып, тіктөртбұрышты фигуралардың екі түрін алып машина құрастырады, дөңгелектерден аяқтарын қояды.
Бірнеше нүктелерді тақтаға белгілеймін. Оқушыларға сол нүктелерді қосатын түзулер сызғызамын. Біріккен түзулерден шыққан фигуралардың атын айтқызамын. Әр түрлі кеспе қағаздардан фигуралар жасап, ондағы пішіндердің неге ұқсайтынын айтқызамын. Қоршаған ортадан сол фигураға ұқсайтын бұйымдарды тапқызамын.

Сауат ашу пәніне қолдану
Бірінші сыныпта Сауат ашу пәнін оқыту барысында Дыбыс және әріп тақырыбында дауысты дыбысты қызыл дөңгелекпен белгілеп ажырата бастаймыз.
А әрпі мен дыбысы тақырыбын өткенде алма сөзі төрт дыбыстан тұрады, төрт шаршымен белгіленген. Олардың дыбысталуы, қандай фигура екенін, дауысты екі қызыл дөңгелек пен дауыссыз екі көк дөңгелектен тұратынын белгілетемін..

Алманың түсі, дәмі, пішіні қандай деген сұрақтар қойып, домалақ пішінді тағы не көріп тұрсыңдар? дей отырып басқа да бұйымдардың пішінін ажырата білуге машықтандырамын. Мысалы: алмұрт сопақша, апельсин, анар да домалақ екен, ал банан сопақша екен т. с. с.
Я әрпі мен дыбысы тақырыбын өткен кезде Ұя өлеңін мәнерлей оқи отырып, құстың ұясының неден жасалғанын, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДАҒЫ МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРДЫ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕМЕСІ
Геометриялық материалды оқыту әдістемесі
Нүктемен танысу әдістемесі
Бастауыш кластарда математикасында дайындық кезеңін оқыту әдістемесі
Мектеп жасына дейінгі балаларда өлшеу әдістері туралы идеяларды қалыптастыру
«Қарапайым математикалық ұғымдары қалыптастыру әдістемесі»
Кіші жастағы оқушылардың геометриялық шамаларды зерттеу әдістемесінің жалпы сипаттамасы
Фигураның қабырғалары мен бұрыштарының әдеттенбеген қатыстары
АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Мектеп жасына дейінгі балалардың заттардың формасын қабылдау ерекшеліктері
Пәндер