Герменевтика әдісі



Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
2.1 Герменевтика
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Кез келген адамның өзін қоршаған дүние жөнінде қалыптасқан белгілі бір көзқарасы болады, бірақ ол көзқарас көбінесе теориялық жағынан ой жіберілмеген, негізделмеген, түрлі қарама-қайшы түсініктердің үзінділерінен құралады. Ал, философия болса табиғат, қоғам, адам және оның дүниедегі орны жөніндегі идеялардың, көзқарастар мен түсініктердің жәй ғана жиынтығы емес, олардың жүйелі системасы. Дүниеге философиялық көзқарас жәй өз принциптерін жариялап, оларды адамдардың санасына сіңіріп қана қоймай, ол принциптерді дәлелдеп, логикалық тұрғыдан қорытып шығарады.
Демек, философия дүниеге ғылыми көзқарастың, ойлаудың, диалектикалық жүйесін жасап, болашаққа сеніммен қарауды қалып-тастырады. Бұл іліммен қарулану, әсіресе, қазіргі өмірді револю-циялық қайта құру процесіне бірден-бір сәйкес және қажет ілім. Философияның методикалық принциптерін негізге алу өмір талабы. Сонымен қатар, қазіргі демократия, жариялыққа сәйкес, ол бұрынғы өмірден алшақтықтан, догматизмнен тазарып, шыңдала түсуде.
Ертең халық шаруашылығының тұтқасын ұстап, ел тағдырын шешуге, қоғам дамуының жауапкершілігін мойнына алуға ұмтылған әрбір жас үшін философия пәнін оқып үйрену қажет. Онсыз мынау күрделі, сан-салалы, қатпар-қатпар дүниенің, бүкіл әлемнің ішкі сырын, табиғатын, дамуының мән-мағынасын ұғыну мүмкін емес. Философияны оқып үйрену іске творчестволықпен қараудың ойлана-толғана білудің түрлі құбылыстарды талдап, маңыздысын ажырата білудің, ой-өрісі кеңейтудің, жан-жақтылық пен жоғары мәдениеттің кепілі.
Философия дегеніміз табиғаттың, қоғамның және адам ой-жүйесінің дамуының жалпы заңдарын зерттейтін ілім. Бұл анықтамадан көріп отырғанымыздай философия пәнінің басты ерекшелігі әлемді, бүкіл дүниені тұтас қарастыратындығында, оның ішкі байланысын өзара қарым-қатынасын, қарама-қайшылығын біртұтас алып көрсететіндігінде жатыр.
Герменевтика
Герменевтика - гр. һегmeneutikos - түсіндірмелік, талқылаушылық - классикалық түсінікте - мәтіндерге түсінік беру өнері. Саясиконсалтингта да мәтіндерді түсіндіріп, талдауда, адамның немесе әлеуметтік топтың мінезқұлқын талдау технологиясындақолданылады.
Герменевтика ежелгі антикалық дөуірде көне ақындардың (ең алдымен -- Гомердің) шығармаларындағы рәміздерді, таңбаларды, құпиялап айтуларды түсіндіру тәсілі ретінде қалыптасқан. Орта ғасырларда Библиядағы көркем бейнелер мен меңзеп айтуларды түсіндіруге байланысты герменевтиканы діни өкілдер жан-жақты қолданған. Қайта Өрлеу дәуірінде Герменевтика антиктік мәдени мұралардың тілін тірі, сол замандағы мәдени тілге аудару мақсатында пайдаланылған. Ф.Шлейермахер еңбектерінде Герменевтика Қасиетті Жазу мәтіндеріндегі астарлы тілді Жаңаша түсіндіру үшін кеңінен пайдаланылды. Ол үшін догматтар мен рәміздер діндарлық сезімдер болып табылады, дамушы діни тәжірибе сенімінің субстанциясына айналды. Шлейермахер қазіргі философиялық ұғымдарды қолдану тәжірибесі арқылы ескі діни мәтіндерге жаңа мазмұн беруге болады дейді. Қазіргі мәдениеттануда Герменевтика "тұлғалық түсінуші тәжірибемен" (Г.Гадамер) байланыстырылады. Гадамер бойынша, тарихи құрылымдар мен мәдени деректерді түсіндіру тіл мүмкіндіктеріне негіз болған.
Герменевтикалық әңгіме - түсіндіру, ынтықтыру өнері. Герменевтика - негізгі мәселесі философияға бағытталған, түсінік мәселесі. Бұл әңгімеде оқушылар өздіктерінен оқу құралдарын, кітаптарды, картинкаларды, моделдерді қолдана алады. Герменевтикалық әңгіме әдісіне түсіндіріп оқу жатады.
Синтездеуші немесе бекітуші әңгіме оқушылардың білімін жүйелеп және қорытындылауда қолданылады.
Коррекциялык бақылау-әңгіме диагностикалық мақсатта және оқушының білімін жетілдіріп, нақтылап, дамытуда пайдаланады.
Әңгіме барысында, барлық оқушылардың белсенділікпен қатысып, сұрақты зер салып тыңдауы, сұраққа дұрыс жауап іздеуі, өзінін достарының жауаптарын талдауы, өзінің көзқарасын айта білуі қадағаланады. Дұрыс жауаптарды мадақтау, қатені түзеу, толық емес жауаптарды толықтыру, оқытушылардың жіберген қатесін өздері табуына, бір-біріне сұрақ қоюына жол сілтенеді. Әңгіменің танымдық нәтижесі окушылардың білімінің мықты меңгерілуімен, өміршеңдігімен айқындалады. Әңгіменің дамытушылық тиімділігі ақыл-ойды үйлестіріп, тез және анық ойлай білуді қалыптастыруда, талдай және қорытындылай білуде, сұрақтарды дәл қойып, қысқаша ойлай алуында жатыр. Әңгіменің тәрбиелік мақсаты оқушының өз бетімен әрекет жасай білу қасиетін оятады, өз-өзіне сенімділік қасиетін жинақтауға көмектеседі, қарым-қатынас жасай білу мүмкіндігін қалыптастырады.
Герменевтика - түсіну туралы, рух туралы ғылымдарды ғылыми менгеру туралы ілім. Терминнің өзі көне Грецияда пайда болды, алынған хабарды белгілі бір ережелер мен интуицияға сүйене отырып түсіндіру өнері дегенді білдіреді. ХХ-ғасырда феноменология және экзистенциализм бағыттарының шеңберінде дамыған герменевтиканың негізін қалаушы Ф.Шлейермахердің (1768-1834) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Философиядағы герменевтика мәселелері
Герменевтикалық әдіс
Ғылым дамуының тарихи кезеңдері: салыстырмалы талдау
Ғылыми зертеу методологиясы
Тіл білімінің жаңа бағыттары
Ислам діннің адамзат қоғамындамғы орны
Классикалық ғылымның дағдарысы. XIX-XX ғасырлардағы бейклассикалық ғылымның қалыптасуы және даму кезеңдері. Позитивизмнің бірінші толқыны. О.Конт, Г.Спенсер, Дж.С.Милль, Э.Мах
XIX - XX ғасырдағы Батыстық философиялық бағыттардың көтерген негізгі проблемалары
Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философияның пәні мен әдісі
ХІХ - ХХ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ КЛАССИКАЛЫҚ ЕМЕС ЕУРОПА ФИЛОСОФИЯСЫ. Оқу-әдістемелік құралы барлық мамандықтын студенттеріне арналған
Пәндер