Гобелен шығармаларының композициясын бағалау өлшемдері


Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Гобелен шығармаларының композициясын бағалау өлшемдері

Критерии для оценки состава гобелен работ

Аннотация

Гобелен қолдан тоқылған кілем. Гобелен бізге ата-бабаларымыздан қалған өнер түрі. Оны ежелде қажеттіліктеріне қолданған болса қазіргі заманда сәнге айналуда.

Гобелен сурет салып тоқылған кілем. Париждик бояушылардың атымен аталған. Гобеленді арнайы шеберлер тоқиды, ол әр кімнің де қолынан келе бермейді. Гобеленді алдында ата-бабаларымыз қажеттіліктеріне қолданған. Ал қазіргі уақытта ол сәнге айналды. Қолмен тоқылған гобеленіміз әдемі шығуы үшін адамның ықыласына, қызығушылығынада байланысты болады. Әрине ең басты жіптің сапасына қолданып жатқан материалдарымыздың сапасына да қарай шығады. Жіптің де өзінің неше түрлері бар. Қазіргі заманда желі жіптің де неше түрі бар. Желі жіп, арқау жіп, терме жіптердің сапасына қарай гобеленнің де сапасы жақсы шыға береді. Қазіргі күнде зерттелмеген актер өмірі, талданбаған шығармалары жоқ. Бәрі соны талдап, солармен іздене береді, ал гобеленшілердің шығармалары әлі күнге арнайы зерттелмеген. Неге соларды зертемеске?

Тыныбеков Құрасбек (1947-1980)

1947 жылы ОҚО Төлеби ауданыда дүниеге келген. Украинаның Львов қаласындағы қолданбалы қолөнер институтын бітірді. Сүретші қолданбалы қолөнер шебері гобилен тоқыма өнерін қазақ стилинде өңдеп дүние жүзіне танымал етті. КСРО сүретшілер одағының мүшесі. Шоқан Уалиханов атындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Халықаралық бүкілодақтық және Республикалық көрмелерге қатысты. Алматы көркем сүрет училищесінде театр көркем сүрет институтында ұстаздық қызмет етті. Жұмыстары Қазақстан Өнер мұражайында, Көрме дирекцияларында, ТМД елдері мен алыс шетел мұражайларында, Қазақстан қонақ үйінде және тағы басқа қорларда сақтаулы. Негізгі шығармалары: “Шоқан”, “Аслан”, “Семья” “Көктем”, “Тау мен дала аңызы”, “Әлем”, “Өнер дарағы”, “Байқоңыр”, “Дала балладасы” “Теңіз симфониясы” және т. б.

Дала балладасы

F:\WhatsApp\Media\WhatsApp Images\IMG-20151207-WA0089.jpg

Дала балладасы компазициясы күрделі, қазақ даласының кең байдақ екенін, таулы, қыратты даласын ою-өрнектер арқылы келтірген. Күн бейнесі, аспанда қалықтаған қыран бейнесі, ою-өрнектермен компазицияда орын алған, жайқалған мәуелі ағаш, күнбезді кесене, геометрик сызықтар мен келтірілген. Жылы түстер қолданылған, картинада кей жерлерде кішкентай жийектеме оюлар бейнеленген.

Тау мен дала аңызы

Тау мен дала аңызы композиясында алып тұлғалы ер адаммен ақ жаулықты әйел бейнесі бейнеленген. Картина композициясында ер адамды тау көтерген алып тұлға ретінде, әйел адамды алақанында баласын көкке көтеріп тұрған жаулығын оюлар арқылы келтірген. Тағы композицияда бірнеше аттар артқы фонда, сонымен қатар үлкен оюлар келтірілген. Аспанда қалықтаған бірнеше көгершіндер шуақ шашқан күнді бейнелеген. Жылы түспен суық түсті үлкен шеберлікпен пайдаланған.

Әлем шаттығы

Әлем шаттығы картинасында әлемдегі шаттанып жүрген адамдардың бейнесі бейнеленген. Ол жерде қос етек көйлек киген қазақ қызының бұралып билегені және ат үстінде отырып домбыра тартқан ер адам бейнеленген. Қобыз тартқан ер кісіні көруге болады. Бұл жердегі адамдардың бейнесі нақты берілмесе де, адам кейпіне ұқсатып бейнелеген. Көбінесе бұл картинадағы өсімдік оюлар көптеп қолданылған. Өйткені толқынды игелеңдер көптеп кездеседі.

Өтепов Батырбек (1946-1992)

1946 жылы ОҚО Түлкібас ауданында дүниеге келген. 1966 жылы Алматы көркем сүрет училищесінде, 1971 жылы Украинаның Львов қаласындағы қолданбалы қолөнер институтын бітірді. Сүретші қолданбалы қолөнер шебері, КСРО сүретшілер одағының мүшесі. Қолданбалы қолөнердегі гобилен техникасын тұрмыста жаңаша қолдану барысында көп ізденді. Көпке танымал “Түркі дастаны” триптих гобилені ҚР Призидендінің резиденциялық кепілінде сақтаулы. “Той, “Дастархан” және т. б шығармалары Қазақстан гобилен өнерінің алтын қорында. Көзі тірісінде көптеген қаламақысын “Балалар қорына” аударған. Көрме дирекциясында, КСРО Көркем сүрет қорында және әлемнің бірнеше елдерінің мұражайлары мен голерияларында сақтаулы. Негізгі шығармалары “Түркі дастаны”, “Той, “Айтыс”, “Аударыспақ” және т. б.

C:\Users\User\Desktop\WhatsApp Images\IMG-20151207-WA0091.jpg Той

Бұл жерде қазақ халқының әр түрлі болатын мерекелік той-думандары бейнеленген. Сүретте тойда төрелік ететін үш биді бейнелеген. Содан кейін қазақ ер азаматтарының ауыл ішіндегі айтыстары бейнеленген. Сонымен қатар қазақ қыздарының ұзатылу тойлары бейнеленген. Бұл гобиленде қазақ халқының қонақ-жай екенін көруге болады. Ең бастысы адамдардың бет-бейнелері нақты көрсетпей адамдардың сулбасын көрсеткен. Жан -жағына майда оюлармен безендірген. Ол оюлар жерге төселіп тұрған текемет оюлар. Жалпы қорыта айтқан бұл гобиленде сүретші қазақ халқының мерекелік тойлардағы салт-дәстүрі мен мәдениетін кеңінен көрсеткен.

Ахметова Сәуле

1963 жылы ОҚО дүниеге келген. 1984 жылы А. Қастеев атындағы көркем сүрет училищесін бітірген. Сүретші қолданбалы қолөнер шебері. 1986 жылдан шығармашылық жұмыспен айналысады. Гобелен тоқу өнерінің шебері. ҚР сүретшілер одағының мүшесі, бүкілодақтық Республикалық және облыстық көрмелерге қатысқан. Жұмыстары ҚР Президентінің Резиденциялық кешенінде көрме дерекциясының және ТМД елдері қорларының меншігінде. Негізгі шығармалары “Жер ана”, “Ғасырлар жаңғырығы”, “Мәңгілік”, “Айлы түн”, “Алғашқы президент”, “Байқоңыр”, “Болашақ үні” және т. б

Болашақ үні

C:\Users\User\Desktop\WhatsApp Images\IMG-20151207-WA0092.jpg

“Болашақ үні” картинасында тастағы таңбалардағы суреттерді бейнелеген. Ол суреттерді бейнелеу арқылы баяғы тас дәуірі мен қазіргі болашаққа деген қадамды көрсету идеясы болған. Ол жерде сылдырап ағып жатқан суды, қисайып жатқан құмыра сол дәуірдегі құмыралардың бейнесі іспеттес қылып келтірген. Картинаның тастағы таңбалардың өлшемдері кіші өлшеммен берілген. Композициялық шешім кіші өлшеммен алынған.

Зәуірбекова Батима

Зәуірбекова Батима Есмұратқызы 29. 09. 1946 жылы туған. Жамбыл обылысы, Мойынқұм ауданы, Фурманов ауылында дүниеге келген сүретші. Алматы көркем сүрет училищесін (1969), Алматы мемлекеттік университетін (2001) бітірген. Алғаш “Жіп иіруші”, “Керуен ”, “Көктем” гобелендері арқылы танымал болды. “Күй”, “Жастық” шығармалары ұлттық гобелен өнеріндегі жаңа принциптерді қолданушының озық үлгісі болып тарихта қалды. Зәуірбекова басқа шеберлермен бірлесіп “Қазақстан” қонақ үйіне қойылған “Қазақстан шұғыласы” атты монументтік гобеленді жасауға қатысты. Сан түрлі құбылыстарды әсерлеуге құрылған гобелендерді тоқу мен қатар сурет өнерін жете меңгерген Зәуірбекова “Айгерім ” атты еңбегінде түр-түстерді мейілінше құбылтып көрсетеді. Зәуірбекова көптеген отандық, халықаралық көрмелерге қатысып аталған еңбектерінен тыс “Көктем”, “Жер ана”, “Кешкі Алматы”, “Жас Абай”, “Күй” сияқты аса ірі шығармалары жоғары бағаланды. Зәуірбекова қазақ халқының тұрмыс тіршілігін өзі таңдаған сара өнер гобелен арқылы кеңінен танытып келе жатқан сүреткер, шеберлікпен шынайы талант иесі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көркемдік өлшемінің бір бағыты - композициялық өлшем бірліктері
ГОБЕЛЕН ТОҚУДА ЕСКЕРТКІШТЕР МҰРАСЫ КОМПОЗИЦИЯСЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ (Абылай хан)
СӘНДІК ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕР ТҮРЛЕРІ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
ХХ ғасырдағы өнердің жаңа бағыттары
Гобелен өнерінің даму ерекшеліктері
Гобелен тоқуда «Теңіз ғажайыптары» композициясын тиімді пайдалану
Бейнелеу өнеріндегі көркемдік дәстүр жалғастығы мен жаңа бағыттар
Қазақ сәндік қолданбалы өнерінің тарихы мен түрлері
Қазақ халқының киіз басу өнері
Жалпы қолданбалы өнердің ұлтымыздың мәдени дамуында алатын орыны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz