Готика стилі



Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:
I. Кіріспе:
Орта ғасыр мәдениеті.
II. Негізгі бөлім
Роман кезеңі
Роман өнері жасаған негізгі құрылыстар:
Роман кезеңіндегі қала бекіністері
Готика стилі.
сәндік-қолданбалы өнер.
Готика кезеңіндегі киімдер.
Тоқырау кезеңі
III . Қортынды.
IY. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе. Орта ғасыр мәдениеті
Европалық орта ғасыр мәдениеті шарықтауы мен құлдырауы бар он екі ғасырлық қиын жолды қамтиды. Ол - негізгі типологиялық белгілерден тұратын жалпы әлемдік мәдени процесс бөлігі. Нағыз мәдениет ретінде ол оны жасаған халықтардың көптеген жалпы және ерекше белгілерінен тұратын терең жеке бейнеге ие. Орта ғасырдың рухани мәдениеті үшін Абсолютке жетуге тырысу, универсализмге ұмтылу, символизм және аллегориялық, танымның діни құрылымын тудыру, беделге ие болуға, форма тұрақтылығына ұмтылу, индивидтің оны қоршаған әлеуметтік ортамен тұтастығы ретінде белгілер болды. Алайда орта ғасырлық мәдениет өзгермей тұрып қалған мәдениет болған жоқ, ол біртіндеп қозғалмалы сипатқа ие болды. Мәдени өмірдің жаңа формалары, философиялық ағымдар, көркем стильдер, әдебиет жанрлары туды.

Роман кезеңі.
Ортағасырлық Еуропа мәдениетінде, өзіндік ерекшелігі бар көркемдік стиль қалыптаса бастады. Ол -- романң стилі болатын. Роман стилің деген термин (роман тілдерің деген терминге ұқсас енгізілген, Рим мәдениетінен мирасқорлық деген мағына береді). Азғантай уақыт шеңберінде өшпес даңққа ие болған бұл өнер стилі XІ -- XІІІ ғ., әсіресе сәулет өнері мен мүсін өнері саласында үстемдік етті және ірі соборлар құрылысында, оларды әшекейлеуде кеңінен қолданылды. Роман стиліндегі діни құрылыстар Рим сәулет өнерінің белгілерін мұра етті. Бұл қүрылыстар өзінің көрнектілігімен, үлкендігімен, әсерлігімен және рациональдылығымен ерекшеленді. Лев Любимовтың пікірінше, Роман стилінде ою-өрнек пен бейнелеу негіздері өзара сәйкес келді, табылған синтездің мәні -- образдың мәнерлілік пен әшекейлі геометриялықтың, қарапайым мен өте шарттылықтың, ою-өрнектің нәзіктігі мен шомбал, тіпті, кейде дөрекі монументтіліктің үйлесуінде еді. Роман стилі бірінші жалпы европа стилі болып саналады,
Роман өнері жасаған негізгі құрылыстар - қорған-бекініс, монастырь-бекініс, қала-бекініс. Қорған - рыцарьдың бекінісі, шіркеу - Құдайдың бекінісі және т.б. Қорқыныш тудыратын, бақылау мұнаралары бар тауда орналасқан тас ғимарат роман өнеріне тән құрылыс. Роман соборының сырты өте жарасымды. Артық, деструктивті ештеңесі жоқ. Бірақ храмның ішінде әдеттен тыс, толқытатын бейнелер көп. Роман соборларының капительдерінде, бағаналардың аяқ жағында, терезелерде, қабырғалар мен есіктердің рельефтерінде кентаврлар, арыстандар, жартылай кесірткелер, жартылай құстар, әр түрлі химерлер бейнеленген. Бұл жәндіктер оюлап ойып жасалып, жиектерге отырғызылған.
Готика стилі.
Қалалардың гүлденуі мен қоғамдық қарым-қатынастардың жетілуі нәтижесінде өнер саласында жаңа бағыт -- готикалық стиль пайда бодды. XІІ -- XVІ ғ. Еуропа еддерінде үстемдік ет-кен бүл жаңа стиль діни сарьшдағы сәулет, мүсін өнерімен, сәндік-қолданбалы өнермен тығыз байланыста қалыптасты. Сәулет өнері саласьнда 1140 ж. шамасында Францияда пайда болған готикалық (гот тайпаларының атымен аталған) кейіннен Батыс Еуропа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орта ғасырлар мәдениеті
Шығыс және Батыс Рим империяларына бөліну
Ландшафт дизайнының тарихы
Ортағасырлардағы Батыс Еуропа өркениеті
Романдық стильдегі құнды нысандар мен ескеркіштер
Орта ғасырлардағы Батыс Еуропа өнері
Ортағасырлық Еуропаның көркем өнер мәдениеті
Киім кию мәдениеті жайында
Ортағасырлық Еуропаның көркем өнер мәдениеті туралы
Готика өнері
Пәндер