Ғылым туралы түсінік


Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1 Ғылым туралы түсінік
2 Ғылымдағы таным процесінің философиялық, психологиялық негіздері
3 Ғылымның логикасы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Ғылым туралы түсінік
Ғылым (араб. : علم (ілім) - білім, тану; лат. scientia - білім) - жалпы мағынасы: жүйелік біліммен тәжірибе. Арнайы мағынасы - ғылыми жолмен жинақталған білім жүйесі, сонымен қатар зерттеумен келген ретті білім жинағы.
Негізінен ғылымдарды екі санатқа бөледі:
Жаратылыс құбылыстарын (биологиялық өмірді қоса) зерттейтін жаратылыстану ғылымдарыжәне
Адамзат өмірі мен қоғамдарын зерттейтін гуманитарлық ғылымдар.
Бұл санаттар эмпирикалық ғылымдар болып табылады, яғни ондағы білім табиғатта көруге және зерттеушілердің әлдебір шарттарда тәжірибе арқылы тексеруге болатын құбылыстарға негізделген.
Кейде фундаменталды ғылым деп аталып үшінші санатқа жатқызылатын математика мен гуманитарлық ғылымдармен ұқсастығымен қатар айырмашылықтары да бар. Ұқсастығы - объективті, ұқыпты және жүйелі әлдебір білімді зерттегенінде болса, айырмашылығы білімді тексеру тәсілінде: ол эипирикалық емес, көбінше априори тәсілдеріне жол береді. Статистика мен логистика ғылымдары жататын фундаменталды ғылымдар эмпирикалық ғылымдар үшін өте маңызды. Фундаменталды ғылымдарының ірі жетістіктері физика және биология ғылымдарына да жиі ірі жетістіктер әкеледі. Фундаменталды ғылымдар нәрселердің қалай жұмыс істейтінін (жаратылыстану ғылымдары) ашу мен сипаттауда, сонымен қатар адамдар қалай ойлап, қалай әрекет ететінін (гуманитарлық ғылымдар) сипаттауға маңызды гипотезалар, теориялар және заңдылықтар құруда үлкен рөль атқарады.
Осы мақалада айтылғандай, ғылым, өзара тығыз байланыста болатын, ғылыми зерттеулер нәтижелерін адамзат мұқтаждығына пайдалану болып табылатын қолданбалы ғылымнан ажырату үшін кейде тәжірибелік ғылым болып аталады.
Ғылым - адамның табиғат пен қоғам туралы объективті білімін қалыптастыруға мүмкіндік беретін танымының ең жоғарғы пішімі, оның практикалық қызметінің бір саласы. Адамзат қоғамының дамуы барысында ғылым сол қоғамның маңызды әлеуметтік институтына және тікелей өндірістік күшіне айналды. Ғылымның басты мақсаты - ғылым заңдарының негізінде ашылып отырған болмыс құбылысы мен процесін болжау, түсіндіру және жүйелеп мазмұндап беру.
Ғылым адамзат қоғамының ерте дәуірінен, адам баласының танымдық және өндірістік қажеттілігінің арасы ажырамай тұрған кезеңнен бастау алады. Ежелгі Шығыста (Бабыл, Мысыр, Үндістан, Қытай) болашақ ғылымға негіз болған білімнің алғашқы нышандары қалыптасты. Оның алғышарты ретінде мифологияны атауға болады. Онда алғаш қоршаған орта туралы бүтін, тұтас, жан-жақты танымдық жүйе қалыптастыруға ұмтылыс болды. Бірақ танымның бұл формасы өзінің діни-антропоморфты сипатына байланысты нағыз ғылымнан алшақ жатқан еді. Ғылымды қалыптастыру - мифологиялық жүйені сынау мен бұзуды талап етті. Ғылымның қалыптасуы үшін басқа да әлеуметтік жағдайлар: қоғамдық қатынас пен өндіріс дамуының жоғары деңгейі (ой еңбегі мен дене еңбегінің бөлінісі арқылы жеке тұлғалардың ғылыммен жүйелі түрде айналысуға мүмкіндік тудыру), сондай-ақ әр түрлі халықтар мен мәдениеттерді еркін қабылдау мүмкіншілігіне жеткізетін бай және жан-жақты мәдени дәстүрдің болуы қажет еді. Мұндай жағдай біздің заманымыздан бұрынғы 6 ғасырда Ежелгі Грекияда (Фалес, Демокрит, т. б. ) қалыптасып, табиғи бастау арқылы болмысты түсіндіретін мифологияға қарама-қарсы теориялық жүйе пайда болды. Мифологиядан бөліне отырып, теориялық натурфилософиялық білім синкретті түрде өзіне ғылым мен философияны танымдық бағытта біріктірді. Ежелгі Грекияда дамыған ғылым. (Аристотель, т. б. ) қоғам мен табиғат заңдылықтарын ашып, мәдениет тарихында ұлы рөл атқарды; олар ғылымның ерекше тәсілі дәлелдеу негізін қалыптастырды. Осы дәуірде білімнің кейбір салалары даралана бастады. Ежелгі грек ғылымның эллинистік кезеңінде геометрия (Эвклид), механика (Архимед), астрономия (Птолемей) жеке ғылым салалары түріне бөлініп шықты.
Тұтас ғылым жүйесін құрайтын ғылыми пәндерді шартты түрде жаратылыстану, әлеуметтік және техникалық ғылым деп үлкен үш топқа бөлуге болады. Ғылым объектісі - өзіндік қасиеттері бар, белгілі бір ғылым саласы зерттейтін объективті және субъективті шындықтың бөлігі.
Ғылымдағы таным процесінің философиялық, психологиялық негіздері
Жоғарыда сипатталған ғылыми зерттеулердің құрылымы, кең мағынада ғылыми танымның тәсілі немесе ғылыми әдістің өзі болып табылады. Әдіс - бұл белгілі бір қорытындыға жетуге көмектесетін әрекеттердің жиынтығы. Эмпирикалық ғылымның негізін салушылардың бірі - Ф. Бэкон танымның әдісін циркульмен салыстырған. Әрбір адамның ойлау қабілетінің деңгейі әртүрлі, сол себепті барлық адамдардың жетістікке жетуге деген мүмкіндіктерін теңестіру үшін белгілі бір құрал керек. Ғылыми әдіс осындай құрал болып табылады. Сондай - ақ, әдіс адамдардың мүмкіндіктерін теңестіріп қана қоймай, олардың іс - әрекетін біркелкі жасап, ғылыми зерттеулердің ұқсас нәтижесін алуға ықпал етеді.
Қазіргі заманғы ғылым белгілі методологияға, яғни қолданылатын әдістердің жиынтығына негізделген. Осыған қоса әрбір ғылым саласы тек қана арнаулы объектіге ғана емес, сол объектіге сәйкес арнаулы әдіске де ие болады.
Зерттелетін заттардың әртүрлілігінен пайда болатын, жаратылыстану ғылымы мен гуманитарлық танымның методологиялары арасында бірқатар айырмашылықтар бар. Жаратылыстану ғылымы методологиясында заттың жеке ерекшіліктері ескерілмейді, себебі ол баяғыда қалыптасып зерттеушінің назарынан тыс қалған. Мысалы, тарих ғылымында заттың пайда болуын, оның жеке ерекшіліктерінің толығымен қарастырады. Әлеуметтік танымның методологиясы жаратылыстану методологиясынан пәннің өзіндегі айырмашылықтары бойынша ажыратылады: 1) әлеуметтік таным өзін - өзі жоюшы нәтижеге алып келеді (“биржаның заңдарын білу осы заңдардың өзін жоюға әкеліп соғады”-деп жазды кибернетиканың негізін салушы Н. Винер) ; 2) егер жаратылыстану ғылымдары танымында жекелеген фактілер бірдей болса, әлеуметтік танымда ондай емес. Сондықтан, әлеуметтік таным методологиясы фактілерді жалпылап қана қоймай, сонымен бірге ол аса үлкен маңызға ие индивидуалды фактілермен жұмыс істейді. Осы фактілерден объективті үрдіс пайда болып, солармен де түсіндіріледі. Гуманитарлық таным методологиясының өзіне тән ерекшелігі осында.
Қазіргі заманғы ғылымда жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдардың методологияларының бір-біріне жақындасу тенденциясы байқалуда, бірақ олардың негізгі және қағидалық айырмашылықтары әлі де сақталуда.
Философия мен ғылым арасындағы қатынастардың ұзақ тарихы бар. Антикалык дәуірде және орта ғасырларда олардың арасындағы айырма аңғарылмады. Ол кезде ғылым қазіргі кездегімен салыстырғанда әлсіз болды. Ғылымда философияның кағидалары жүретіні казір белгілі жайт. Ол ұстанымдардың дұрыстығына тәжірибелермен көз жеткізіледі. Мысалы, ғылымда философияның дүниенің шексіздігі, материяның тереңдігі, оның бірлігі мен көптүрлілігі туралы ұстанымы түйінделеді. Осы сияқты, математикамен бірлесе отырып та философияның кағидалары тексеріледі. Физикалық тәжірибелер арқылы тек физика ғана емес, сонымен коса оның құрамындағы математика да, философия да тексеріледі. Философияның әдіснамалық функциясы оның ғылымдарға бағыт беруші әсерінен көрінеді. Сонысымен олардың мейлінше тиімді бейнеде дамуына септіғін тигізеді, өзінід дамуындағы киындықтардан өтуіне көмектеседі. Философияның әдіснамалық функциясы белгілі бір мақсатка, мысалы, ғылыми білімді тиімді күрылымдаудың, эстетикалык шығармашылыктың, әлеуметтік практиканың алдына коиылған максаттарға жету үш колданылатын әдістерді іріктеп ала білумен айқындалады. Философияның өзіне тән түйық емес, іргелі зерттеу әдісі, әрекет ұстанымдары туралы сез болады. Ғылыммен айналысу дүниеге белгілі бір кұндылыктық катынастарды өкеледі. Ғылымда ақиқат және оған алып баратын әмпириялык және теориялық өдістер бөрінен де жоғары бағаланады, бұлар ғылым үшін ең қымбат құндылық. Ғалымдар кауымдастығында пікір қайшылықсыздығы, білімнің дөйектішгі теорияльщ жіне төжірибемен негізделуі, сонымен қоса догмаға, беделге сыншыл көзқарас, адалдық, парасаттылық, ерлік және өз түжырымын корғай білу қымбат. Ғалымдардың кейбіреулері "біз ғалымбыз, өдеп біздің ісіміз емес" дегенге саятьш, "ақиқатка кол жеткізумен ісіміз бітеді" деп есептейтін көзкарасты үстанады. Бұған карсы шығатындар "ғалымдар коғамның жагдайына карай өздерінің белсенділігін көрсетуі керек" дегенге сілтейді. Өзінің ғылымдағы мамандығына сілтеме жасай отырып, өлдебір жауыздың колына жаппай қирататын, адамдардың санасын баскару аркылы олардың ісіне бақылаусыз араласуға мұмкіндік әперетін қаруды салқынкандылықпен үстата салуға бола ма? Ғылымды ізгілендіру және ғылым этикасы. Аса ірі ғалымдар Н. Бор, В. Гейзенберг: "Ғылымды тек ақикат ендіретін кәсіпорьш" - деп карау кате, "Оны қоғамдық байланыстарға кеңінен қосу керек" деп санаған екен. Соңғы кезде бұл ұстанымды жақтаушылар кебеюде. Оның мәні мынада: ғалымдар өздері ашкан жаңалығына қатысты жауапкершілікті толык болмаса да мүмкін дөрежеде өз мойнына алуы керек. Жауапкершілік этикалық категория болғандықтан, олар этиканы сактауы тиіс. Адамдар кауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін бірдеңе жасау үшін ғалым өзгелермен катынас туралы жүз мөрте ойлануы керек. Ал шешім қабылдағаннан кейін жауапкершіліктен тайсактауға болмайды. Нағыз ғалым этикалық, тең эстетикальщ және имандылык құндылықтардан шет қалмайды. Ол толығымен олардың жетістіктерін қабылдайды. Ғалым үшін акиқат дегеніміз - игіліктің және ізгіліктің белгісі. Таным тек адамның санасымен жүзеге асырылады. Сана, білім және таным арасында ажырамас бірлік бар. Таным үдерісі көптүрлі және өзара байланысқан формаларда жүзеге асырылады. Олар - жұтаң, практикалык, аңыздык, діни, көркем-бейнелі, ғылыми және философиялык таным. Танымның екі деңгейі бар: сезімдік және рационалды, . Таным қызметі органдар арқылы ақпарат алудан, ойлау арқылы ақпаратты қорытудан, қоғамдық практикада колданудан түрады. Сезімдік танымның формалары: түйсік, кабылдау, түсінік. Рационалды таным формалары: үғым, пікір және ой қорыту. Егер алынған білім дәйекті болса, ол - ақиқат. Ақикаттың маңызды және шешуші өлшемі - практика. Ақикатты білімге ғылым аркылы кол жеткізуге болады. Ғылым коғаммен, мөдениетпен және философиямен тығыз байланыста болады.
Психология психикалық құбылыстардың (жан қуаттарының) пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады.
Психология ерте замандардан келе жатқан білім салаларының бірі. Оның дүниеге тұңғыш келген жері ежелгі Греция. Психология термині гректің екі сөзінен тұрады: «Псиюхе» (жан), екіншісі «Логос» (сөз, ілім) . Сөйтіп, бұл сөз «Жан туралы ілім» деген ұғымды білдіреді.
Жалпы психология - психика дамуының жалпы заңдылықтарын, оны зерттеу әдістерін, теориялық принциптерін және оның ғылыми ұғымдарының қалыптасу жүйесін зерттейді. Басқаша айтқанда, бұл ғылым теориялық және эксперименттік деп аталады. Жалпы психолоия адамның танымы мен практикалық іс-әрекеттерін, тоүйсіну мен қабылдауын, ес пен қиялын, ойлау мен сөйлеуін, ерік-жәгері мен сезім-күйлерін, адамның өзін-өзі меңгеруінің жалпы заңдылықтарын қарастырады.
Жалпы психология ғылымын зерттеу нәтижелері бұл пәннің барлық салалары мен тармақтарын дамытып отырудың іргетасы болып есептеледі. Сондықтан, бұл пәнді меңгеруде мынадай үш мәселені бөліп қарастырамыз: а) психикалық процестер, ә) психикалық кейіп, б) психикалық қасиеттер немесе адамның ара психологиялық ерекшеліктері.
Психика, сана - материяның ең жоғарғы түрде дамыған жемісі және әрекеті. Адамның объективтік дүниені бейнелеп танып білуі сезімнен тікелей абстрактілі ойға қарай дамиды. Ал, ойлаудың нәтижелері өмір тәжірибесі мен қоғамдық іс-әрекет арқылы тексеріледі. Осының нәтижесінде анықталған ақиқат болмыс пен оқиғаның бейнелері біздің ақыл-ойымыз бен санамызға әсер етіп, білім қорымыз бен танымымызды жетілдіреді. Психика мен психологиялық қасиеттердің бәрі - адамның осы дүниетанымының санада із қалдырып, белгілі фактіге айналуы. Психиканың және оның өте жоғары түрде дамыған сатысы - сананы, адамның дара еркшеліктерін зерттеу мәселелері - психология ғылымының басты міндеттерінің бірі.
Ғылымның логикасы
Ғылым логикасы - ғылыми танымның логикалық заңдылықтарын зерттейтін философия ғылымының саласы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz