Ғылыми-зерттеу жүмыстарының негіздері курсына арналған оқу құралы



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 78 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Ш.ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ
ИНЖИНИРНГ УНИВЕРСИТЕТІ

МYenНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ ИНСТИТУТЫ

МYenНАЙ-ГАЗ ІСІ КАФЕДРАСЫ
КОЙШИНА АКМАРАЛ ИТЕМГЕНОВНА

Ғылыми-зерттеу жүмыстарының негіздері

(5В070800- Мұнай-газ ісі мамандығына арналған оқу құралы)
Актау, 2011

УДК 378 (075.8) ББК 74.58873
К 55
РЕЦЕНЗЕНТТЕР: т.ғ.д., профессор Айткулов А.У., т.ғ.д., профессор Кулиев Ю.М. т.ғ.к.,доцент Мурзабеков Т.К
Койшина Акмарал Итемгеновна ҒЗЖ негіздері: Оқу құралы. - Ақтау: Ш. Есенов атындағы КМТжИУ, 2011. - 75 бет.

ISBN 978-601-7276-42-3
Оқу құралында студенттер үшін қажетті - сұрақтар, бұл дисциплина бойынша оқылатын дәріс сабақтары, тәжірибелік сабақтарды игеру, студенттің өзіндік жұмыстар үшін материалдар және анықтамалық материалдары қаралған.
050708- Мұнай-газ ісі мамандығы студенттері үшін, оқытушылар үшін бұл құрал қолданылады.
УДК 378 (075.8) ББК 74.58873

Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжинирг университетінің Оқу-әдістемелік кеңесінің шешімімен басылымға ұсынылды
ISBN 978-601-7276-42-3
(C) Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжинирг университеті, 2011 ж.

МАЗМYenНЫ
I. КІРІСПЕ 5
2. ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру
2.1. Ғылым және кадрларды дайындау 19
АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ МАМАНДАРДЫҢ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ КАДРЛАРДЫҢ КВАЛИФИКАЦИЯСЫН АРТТЫРУ, ДАЙЫНДАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАНУ 19
ҒЫЛЫМИ ҚОҒАМДЫҚ YenЙЫМДАР 21
4.1. Ғылыми-техникалық қоғамдар 22
ТВОРЧЕСТВА ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ТАНУДЫҢ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 23
ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ САТЫЛАРЫ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУДІҢ БАҒЫТТАРЫ 28
6.1. Тақырыптың экономикалық тиімділігін бағалау 30
6.2.Ғылыми зерттеу жұмысының этаптары 31
7. ҒЫЛЫМИ АҚПАРАТТАРДЫ ІЗДЕУ, ЖИНАУ ЖӘНЕ ӨҢДЕУ 33
Ғылыми құжаттар және басылымдар 33
Бағдарлама-іздеу жүйесі 36
Ғылыми-техникалық патеттік ақпарат 37
Ғылыми әдебиеттермен жұмысты ұйымдастыру 38
8. ТЕОРИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ 39
Зерттеуде математикалық әдістерді қолдану 41
Аналитикалық әдістер 42
9. ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ТҮРДЕ ТВОРЧЕСТВО
МОДЕЛЬДЕУ 43
9.1. Моделдер түрлері 44
10. ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ 45
Эксперимент есептері, түрлері және классификациясы 45
Эксперименттік зерттеуді метрологиялық қамтамасыз ету 48
Эксперименатордың жұмыс орны және оны ұйымдастыру 48
Есептеуші эксперимент 49
II. ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫН ӨҢДЕУ 49
Өлшеудегі кездейсоқ қатені бағалау әдістері және кездейсоқ қате теориясының негізі 50
Өлшеу қорытындыларын графикалық әдіспен өңдеу 50
Эмпирикалық формуланы таңдау әдістері 51
Регрессиондық анализ 51
12. АҚПАРАТТАРДЫ ӨТКІЗУ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ЖYenМЫСТАР
ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫН ҚYenРУ 52
Ғылыми жұмыстар қорытындыларын дайындау 52
Ақпараттарды ауызша ұсыну 53
13. ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУДІҢ ТИІМДІЛІГІ ЖӘНЕ ІСКЕ ҚОСЫЛУЫ 54
Енгізудің мемлекеттік жүйесі 54
Ғылыми жұмыстың критериилері және тиімділігі 55

ОҚЫТУШЫНЫҢ БАСҚАРУЫМЕН СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖYenМЫСЫ (ОСӨЖ) 56
РУБЕЖДІК БАҚЫЛАУДЫ ӨТКІЗУГЕ ДАЙЫНДЫҚ СҰРАҚТАР ...57
ӨЗІНДІК БАҚЫЛАУ СYenРАҚТАРЫ 58
ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ МЫСАЛДЫҚ ТІЗБЕСІ 72
ГЛОССАРИИ 72
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 73

АЛҒЫ СӨЗ
ҒЗЖ негіздері курсы 5В070800- Мұнай-газ ісі мамандығы үшін міндетті болып саналады және оқу жоспарына салалық пән ретінде енгізіледі.
Курстың мақсаты- студенттерді мұнай-газ саласында ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу тәртібімен және реттілігімен таныстыру.
Пәнді зерделеудің мәселелері- негізгі кезеңдерді меңгеру: зерттеулердің көкейтесті тақырыптарын бағалау және таңдау; зерттеудің мақсатын қою және әдістерін негіздеу; аналитикалық және эксперименттік зерттеулер жүргізу; алынған нәтижелерді өңдеу, талдау және ақиқаттылығын бағалау; инженерлік -зерттеу жұмысына қызығушылықты дамыту және оның қоғамдық маңызын анықтау.
Оқу құралы студенттердің дәріс пен тәжірибелік сабақтарда, сондай-ақ өзіндік жұмыс процесінде зерделеуге және меңгеруге жататын тақырыптардан және ұсынылатын әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. КІРІСПЕ
Дәріс мақсаты: Флюида қозғалысын басқару және өндірудің жаңа әдісіндегі мұнай және газ кенорындарын игеру облысындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының даму этаптары және классификациясы.
Маңызды сөздер: Ғылым классификациясы. Техникалық ғылымдар. Ғылым - адамның табиғат пен қоғам туралы обьективті білімін қалыптастыруға мүмкіндік беретін танымның ең жоғаргы пішімі, оның практикалық қызметінің бір саласы. Адамзат қоғамының дамуы барысында ғылым сол қоғамның маңызды элеуметтік институтына және тікелей өндірістік күшіне айналды. Ғылымның басты мақсаты -- ғылым заңдарының негізінде ашылып отырган болмыс құбылысы мен процесін болжау, түсіндіру және жүйелеп мазмұндап беру.
Ғылым-бұл қоғам, табиғат және ойлау қабілеті туралы жаңа білімді алу үшін бағытталған зерттеу әрекетінің сферанын айтады. Ерекше адамзат тобының арнайы және физикалық сабақ түрінің әрекеті, сонымен қатар дұрыс еңбек ізінен және еңбектің қоғамдық бөлімдерінен ғылым туады. Ірі көлік өндірісінің шығуы, ғылымда өндірістің өзіне беделді факторларының жағдайын құрайды.
Ғылым дамуының негізгі бағыттары. Ғылым адамзат қоғамының ерте дәуірінен, адам баласының танымдық және өндірістік қажеттілігінің арасы ажырамай тұрған кезеңнен бастау алады. Ежелгі Шыгыста (Мысыр, Үндістан, Қытай) болашақ ғылымға негіз болган білімнің алгашқы нышандары қалыптасты. Ғылымның алғышарты ретінде мифологияны атауга болады. Онда алғаш қоршаган орта туралы бүтін, тұтас, жан-жақты танымдық жүйе қалыптастыруға ұмтылыс болды. Бірақ, танымның бұл формасы өзінің діни-антропоморфты сипатына байланысты нағыз ғылым алшақ жатқан еді. Ғылымды қалыптастыру -- мифологиялық жүйені сынау мен бұзуды талап етті. Ғылымның қалыптасуы үшін басқа да әлеуметтік жағдайлар: қогамдық қатынас пен өндіріс дамуының жоғарғы деңгейі (ой еңбегі мен дене еңбегінің бөлнісі арқылы жеке тұлғалардың ғылыммен жүйелі түрде айналысуға мүмкіндік тудыру), сондай-ақ, әр түрлі халықтар мен мәдениеттерді еркін қабылдау мүмкіншілігіне жеткізетін бай және жан -- жақты мәдени дәстүрдің болуы қажет еді. Мұндай жағдай б.з.б бғ-да Ежелгі Грецияда қалыптасты (Фалес, Демокрит, т.б), табиги бастау арқылы болмысты түсіндіретін мифологияга қарама-қарсы теориялық жүйе пайда болды. Мифологиядан бөліне отырып, теориялық натурфилософиялық білім синкретті түрде өзіне ғылым мен философияны танымдық бағытта біріктірді. Бірақ, бұл нақты теориялық білім болды, оның объективтілігі, логикалық көңілге қонымдылығы бірінші планға шықты. Ежелгі Грецияда дамыған ғылым (Аристотель және т.б.) қоғам мен табигат заңдылыцтарын ашып, мәдениет тарихында ұлы рөл атқарады; олар тұтастай алганда дүниетанымды білдіретін бұрынғы абстрактілі ұғымдар жүйесіне танымдық қызмет тәжірибесін енгізді, дүниетанымның объективті, табиги зацдылъқтарын тұрақты іздестіруді дәстүрге айналдырады, гылымның ерекше тәсілі дәлелдеу негізін қалыптастырады. Осы дәуірде натурфилософиядан білімнің кейбір салалары даралана бастады. Ежелгі грек

гылымның эллинистік кезеңінде геометрия (Евкид), механика (Архимед), астрономия (Птолемей) жеке ғылым салалары түріне бөлініп шықты. Орта ғасырдарда гылымның дамуына Шығыс, араб елдері Орта Азия ғалымдары (әл-Фараби, Әбу Әли ибн Сина, Ибн Рушд т.б.) елеулі үлес қосты. Олар Ежелгі Грецияда қалыптасқан ғылым таным жетістіктерін сақтап кана қойган жоқ, оны көптеген салаларда толықтырып, дамытты. Шығысты әл-Фараби Аристотелъден кейінгі екінші ұстаз деп таныды. Орта ғасырларда араб елдері мен ислам діні тараған басқа да аймақтарда философия, медицина, эстетика, математика, астрономия, т.б. Ғылым салалары қауырт дамып, бұл құбылыс кейін Ислам Ренессансы деп аталды. Мысалы, Омейя әулеті халифатында ғылым үйі болды, онда ғалымдар ежелгігрек ғылымның барлық жетістіктерін араб тіліне аударды. Ғылымның ерекше формасы фэлсафа қалыптасты. Еуропада бұл дәстүрді кейін схоластар дамытты.
Ғылым рухани өмірдің дербес факторы болып, дүниетанымның негізгі тірегіне айналды. (Леонардо да Винчи, Н. Коперник). Сондай-ақ, ғылым табиғат құбылыстарын жан-жақты зерттеп, адамзат танымның көкжиегін кецейте түсті.
Ғылымның қарқынды дамуы, дүниенің жаңа бейнесін қалыптастырудағы рөлінің артуы, жаңа дәуірде ғылымды жоғары мәдени құндылық ретінде таңдау мен бағыттардың ғылымға қарап бой түзуіне ықпал етті. Қоғамдық өмір құбылыстарын тану саласындағы өзгерістер діннің табиғи бастауын іздеу, құқық, мораль т.б. адам табиғаты туралы түсініктер бағытындағы ізденістерден көрініс тапты (Б. Спиноза, Т Гоббс, Дж. Локк, т.б.). Ақыл-ой сәулесін таратар ғылым әлеуметтік шынайы өмірде кездесетін кемшіліктерге қарсы тұрар антитеза ретінде қабылданды.
Ғылымның басқа салалары бойынша алынған нэтижелер негізінде оларды жан-жақты және терең қорыту міндеті алга қойылды. Энергияның сақталуы мен айналуы заңының ашылуы (Р. Майер, Дж.Джоуль, Г.Гельмгольц). Клетка теориясын тұжырымдау (Т. Шван, М.Шлейден) барлық тірі организмдердің біртекті құрылымын көрсетті. Биологиядағы эволюциялық ілім (Ч. Дарвин) жаратылыстануға даму идеясын енгізді. Элементтердің периодтық жүйесі (ДИ. Менделеев) заттың барлық белгілі түрлерінің ішкі бірлігінің барлығын көрсетті.
Ғылым дамуының қазіргі кезеңдегі философия -- дүниетанымдық базасы диалектикалық-логикалық тұжырымдама болып табылады. Ғылымның осу нүктесі оңың ішкі даму логикасы мен қазіргі заманадағы адамзат қоғамының көпқырлы элеуметтік қажеттілігінің ұштасуына байланысты. 20 ғ-дың басында жаратылыстану гылымында алдыңгы қатарга биология шықты, онда ДНҚ-ның молекулалық құрылымы белгіленіп, генетика кодтары айқындалды. 20 ғ-да гылымның даму қарқыны оның түрлі салаларының ұштасып, қазіргі кезеңнің кешенді, ірі мәселелерін жаңа бағдарда шешуге бағытталган мәселелерде (материалдар мен энергияның жаңа көздерін қалыптастыру, адам мен табиғат қатынастарын тиімділендіру, үлкен жүйелерді басқару, ғарыштың зерттеулер, т.б.) ерекше байқалды. 3-мыңжылдықтағы ғылым дамуының басым бағыты бүкіл әлемді, оның ішінде, адамнаң ішкі әлемін жан-жақты, тұтас қарастыру болмақ.

Ғылымның өз заңдарын ашуға бағытталған қызметі -- түсіндіру мен болжау болып табылады. Ғылым деректен басталып, деректен аяқталады, бірақ бұл екі дерек бір нәрсе емес, бастапқы дерек -- теориялық мазмұнмен қиындатылған, ал қорытындылаушы дерек тәжірибеден туған теориялық тұжырымдардың жемісі (заңдардың ашылуы) болып табылады.
Деректен -- заңға, ал одан ғылыми теорияға тура жол жоқ. Ғылым заңын ашуда теориялық білімнің формасы ретінде гипотеза шешуші маңызға ие болады. Гипотезаны ұсыну үшін: ең аз мөлшердегі белгілі бір дерек (кемінде бір классикалық дерек); зат (құбылыс) туралы ұғымды қалыптастырудың белгілі бір сатылары; дерек пен қолданылып жүрген
теория арасындағы қарама-қарсылықты сипаттайтын, проблемалық ситуация болуы қажет. Қазіргі заманға ғылым заңдарының қалыптасуын тануда суьектінің рөлі артып отыр (мысалы: салыстырмалық теоремасы, квант механикасы). Ғылым заңдарын ашуда оның бастапқы негіздеріне талдау жасаудың маңызы зор. Осы бастапқы негізден шыгып, бірқатар аралық тізбектен өтіп, объективті қарама қарсылықтарды шешу арқылы жалғасын тапқан күрделі тізбек өзгеріске ұшырай келе, дамыған теорияға айналады (мысалы: салыстырмалық теориясының бастауы, салыстырмалық принципі болды). Заңды ашу жолындағы ізденіс зерттелу үстіндегі нысанның маңызды емес, екінші қатардағы қасиеті мен байланысынан алшақтауды, оған назар аудармаудан талап етеді, басқаша айтқанда оны таза күйінде қарастыру қажет. Ғылымдағы абстрактілеуді суъективті тәсіл деп ұғуға болмайды. Оның ғылымдағы рөлі зерттелудегі ақиқатқа қол жеткізуге жәрдемдесуімен анықталады. Ал әлеуметтік институт ретінде ғылым еңбек бөлінісінің нәтижесінде дамитын жаңа сападағы оөндірістік күш болып табылады. Ғылым еңбек процесін жетілдіре отырып, оның жаңа механизмін құрады. Ғылымның өндірістегі рөлі жаңа машиналар, технологиялар түрінде көрінеді. Адам күшін табиғат күшімен алмастыру бірінші өнеркәсіптік революцияға алып келді. Керісінше, машиналық өндіріс ғылымның жаңа қарқынмен дамуына жол ашты. Осылайша 19 ғ-да техника әлемінде соны ғылыми жаңалықтар (машиналар мен механизмдер теориясы, материалдар, кедергісі, т.б.) ашылды. Екінші өндірістік революция кибернетиканың тууымен, жаңа өндірістік автоматтардың пайда болуымен байланысты болды. Қазіргі замангы ғылымды өндірістік күш ретінде энергия, тіпті оны үнемдеу де көп қызықтырмайды, керісінше, ақпарат өңдеу, соның негізінде өндіріс пішімділігіне қол жеткізу алдыңгы орынға шықты. Адам тікелей өндіріс процесінің шеңберінен шығарылып қана қоймайды, ол мүлде жаңа сападағы техникалық әлем қалыптастыра отырып, ацпараттық моделъдермен жұмыс істей бастады. Басқару мен жоспарлауды автоматтандыру қазіргі ғылыми-техникалық рееолюцияның басты ерекшелігі болып табылады. Жаратылыстану және техникалық ғылымдар осыған сай қогамдық ғылымдар мен жақындасуда. Сондықтан да, ғылымның қазіргі заманғы өндірістік күш ретіндегі мәні ғылыми-техника және қоғамдық-тарихи дамудың ішкі бірлігін сақтай отырып, оның қоғамдық өндірістік күш деңгейіне дейін көтерілген мақсатты қызметін қайтарып беруде болып табылады.

Ғылымның құрылымы. Тұтас ғылым жүйесін құрайтын гылым пәндерді шартты түрде жаралыстану, әлеуметтік және техникалық ғылым деп үлкен үш топқа бөлуге болады. Бұлардың арасында қатаң шекара жоқ, бірқатар ғылым пәндер аралық жағдайда қалыптасқан. Мысалы: техникалық ғылым мен әлеуметтік гылымның түйіскен жерінде техникалық эстетика, жаратылыстану ғылымы мен техникалық ғылымның түйіскен жерінде -- астроботаника, ал жаратылыстану ғылымы мен әлеуметтік ғылымның түйіскен жерінде -- экономика ғылымдар қалыптасқан. Әрбір аталған жүйелік түр іштей жіктелген жекелеген ғылым түрлерін құрайды. Ғылымның ерекше рөл атқаратын салалары -- математика, информатика және басқару теориясы болып табылады. Ғылымның белгілі бір саласында дәстүрлі зерттеулер жүргізілуімен қатар, пәнаралық, кешенді зерттеулер жүргізу қазіргі ғылымның ерекше даму бағыты болып табылады. Мысалы: табиғатты қорғау мәселелерін зерттеуде осы бағыттың маңызы айқын болып отыр.
Күрделі жүйе туралы ғылым мен жүйенің тепе-тең емес күйі туралы ғылымның түйісуінен ашық жүйе саласында зерттеулер жүргізілуде. Ірі өндірістік және элеуметтік мәселелерді шешу барысында түрлі ғылым салаларының түйісе қызмет жасауы қазіргі заманғы ғылымда заңды құбылыс ретінде қабылданады. Өзінің алған бағыты, тікелей өмірге қатынасына байланысты ғылымды іргелі және қолданбалы деп бөлу дәстүрі қалыптасқан.
Іргелі ғылым саласының міндетті қоғамды, дүниені, табиғатты түсіндіретін заңдарды тану.
Қолданбалы гылымның тікелей мақсатты іргелі ғылымның ашқан жаңалықтарын танымдық,
әлеуметтік-практикалық мәселелерді шешуге қолдану болып табылады.
Ғылымды ұйымдастыру мен басқару. Ғылымды әлеуметтік институт ретінде танып, ұйымдастыру ісі 17 ғ-дың аяғы мен 18 ғ-дың басында Еуропада алгашқы ғылым қоғамдар мен академиялар пайда болып, ғылыми журналдар жарық көре бастауымен тікелей байланысты. Бұған дейін ғылымды дербес әлеуметтік құрылым ретінде сақтау және дамыту ісі, кітаптардың көмегімен, дәріс беру арқылы, ғылымдардың қарым-қатынасты, өзара сұхбаты, хат алысуы арқылы жүрді. 19 ғ-дың аяғына дейін ғылыммен айналасатын адамдар саны тым аз болатын. 19-20 ғ-ларда ғылымды ұйымдастырудың жаңа тәсілдері қалыптасты. Қуатты техникалық базасы бар, ірі ғылыми институттар мен лабораториялар пайда болды. Олар ғылым қызметті қазіргі өнеркәсіптік еңбекке жақындатты. Қазіргі заманғы ғылым қоғамдағы барлық әлеуметтік институттар мен жан-жақты байланысып жатыр, бұл байланыс тек өнеркәсіп арқылы ғана емес, саясат, әкімшілік және әскери салаларда да көрініс тапты. Ғылым әлеуметтік институт ретінде мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық күш-қуатының маңызды факторына айналып, оның әлеуметтік-мэдени даму деңгейінің көрсеткіші болып отыр.
Қазақстанда ғылымды ұйымдастыру алгашқыда әр түрлі ғылыми-зерттеу мекемелерінде (Партия тарихы институты, Санитарлық-бактериологиялық институты, тыңайтқыштар мен агротопырақтану институты т.б.)және бірқатар жоғары оқу орындарында (Қазақ малдәрігерлік институты, Қазақ мемлекеттік

униеерситеті т.б.) шашыраңқы күйде жүргізілді. 1945 жылы Қазақстан Ғылым Академиясы құрылғаннан кейін, ғылыми-зерттеу институтарының бірыңғай тұтас жүйесі қалыптасты. ҒА құрылғаннан бергі жарты ғасырдан астам онда үлкен зерттеу жұмыстары жүргізілді; өндіріске құнды жаңалықтар енгізілді; ұйымдастыру құрылымы қалыптасты. Қазақстан Республика Президенті Н.Назарбаевтың 1993 жылы 21 қаңтардағы Жарлығымен республика ҒА болып қайта құрылды. Ұлттың ҒА-ның аймақтық төрт бөлімшесі құрылған: оңтүстік бөлімше -- Шымкентте, шығыс бөлімше -- Өскеменде, батыс бөлімше -- Атырауда және орташа бөлімше Қарағандыда. Қазақстанда ғылымның соңғы он жылда даму ерекшелігі қалыптасқан экономикалық құрылыммен байланысты болды. Ғылымды мемлекет тарапынан басқару жүйесін жетілдіру, еліміздің әлеуметтік-экономикалық өзгерісткрі тұсында оның рөлін арттыру, ғалымдарға мемлекеттік қолдау көрсету шаралары жүзеге асырылды.
Ғылым -- республикалық ғылыми әдебиеттер баспасы. Қазақстан ҒА Төралқасының шешімімен 1946 жылы Алматыда ұйымдастырылған. 1992 жылға дейін Наука баспасы аталған. Алгашқыда редакциялық-баспа кеңесін Қ.Сәтбаев басқарды. Тұңғыш редакторы -- Б.Я. Нинбург. 1948 жылы 17 қарашада Қазақстан ҒА-ның дербес баспасы ретінде қайта құрылды. 1962 жылы Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөнінде әдебиеттер шығаратын баспаға айналды. 2001 жылы ҚР Білім және ғылым министрінің Ғылым баспасы болып қайта құрылды.
Ғылыми стиль -- стилъдің ғылым саласында қолданылатын түрі. Ғылым стилъге нақтылық, логикалық, мазмұн дәлелдігі қажет. Ғылыми стилъде сөйлемдегі сөздердің қалыпты орны, тіл нормасы қатаң сақталады. Ғылым стилъдегі еңбектерге монография, оқулық, мақала, диссертация, реферат, баяндама, тезистер, патенттер, т.б. жатады.
Ғылыми таным -- танымның ең жоғарғы пішімі. Ғылыми таным рационалдық сипатының басымдылығымен ерекшеленетін өте күрделі құбылыс. Ол, негізінен, ұғымдар жүйесі, теориялар, заңдар сияқты басқа да ойлау процестерінің түрлері арқылы айқындалады. Әрине, мұнда сезімдік танымның рөлі де жоққа шығарылмайды, алайда ол ғылыми танымның теориялық ауқымында жанама, екінші рөл атқарады. Ғылыми таным құбылыстар мен процестердің ішкі әмбебаптық байланыстары мен заңдылықтарын эмпириялық білім мен ақыл-ойга табан тіреп, рационалды түрге сараптау арқылы бейнелейді. Мұнда сараптау ұғымдар жүйесі, ой қорытындысы, заңдар, категориялар мен принциптер сияқты жоғары дәрежедегі асбстракциялар жүйесі арқылы іске асады. Ғылыми танымның ең маңызды міндеті -- мейлінше ақиқатқа жету, оның мазмұнын жан-жақты ашу. Осы міндетті іске асыру үшін ғылыми танымның көптеген тәсілдері кеңінен пайдаланылады, оларға: абстракциялау, синтез, дедукция, абстрактылықтан нақтылыққа қарай өрлеу, тарихилық және логикалық әдістер жатады. Ғылыми танымның аңызды ерекшелігі ~ оның өзіне бағытталғандығы немесе ішкі ғылым рефлексия ретінде қалыптасуы; ягни ол тек таным процесінің өзін, оның пішімдері мен әдіс-тәсілдерін, ұғымда жүйесін зерттейді.

Ғылым логикасы -- ғылыми танымның логикалық заңдылықтарын
зерттейтін философия ғылымының саласы. Ғылым логикасы жалпы ғылымга,
ғылыми танымға тән заңдылықтарды зерттейді. Философиялық зерттеудің
арнайы нысаны ретіндегі ғылым логикасы жөнінде 20 ғ-дың 1 -ширегінде
позитившіл философиялық ағым өкілдері (Фреге, Рассел мен Витгенштейн)
мәселе көтере бастады. 20 ғ-дың 30 жылдары Вена үйірмесіне қатысушылар,
сондай-ақ К. Поппер, В.Дубислав Рейхенбах т.б. ғалымдар философияны
формалды логика ретінде түсіндіріп, оның міндеті - ғылымның тіліне талдау
жасау деген анықтама ұсынды. Әсіресе, Рейхенбахтың айтуынша,
философтың қолынан келетіні ғылым нәтижелерін талдау, оларға мағына беру және дұрыстығын анықтау ғана. Таным теориясы ғылымды талдау болады. Бұл тұжырым, әрине, философияның өзіндік проблематикасын жоққа шығарады. Бірақ бұдан ғылым логикалық талдаудың нысаны бола алмайды деген қорытынды шықпайды. Формалды логика дайын, қалыптасқан білімді қарастырады; білімнің жалпы ғылымга тән формалдық құрылымын, элементтерінің байланысын зерттейді.
Ғылым философиясы - философияның ғылымды адам іс-әрекетінің ерекше аясы әрі ұдайы дамудағы таным жүйесі ретінде қарастырылатын бір саласы. Ғылым танымды гносеология және методология тұрғыдан зерттеу тарихы әріден басталғанымен, ғылым философиясы 20ғ-да ғана дербес пэн ретінде қалыптаса бастады. Ең алғаш бұл термин Кант, Э.Литтре, Спенсер, т.б. ғалымдар еңбектерінде қолданылды. Олар ғылым тілім философиялық тұрғыдан зерттеу әрекеттері тек формалды логиканың шеңберінде жүзеге асуға тиіс, ал ғылыми-теориялық ұғымдарды эмперикалық таным, тәжіребе сынағы арқылы негіздеуге болады деп тұжырымдады. Бұл тұжырым бойынша, ғылым -- адамның ең жоғарғы ісі, ал ғылым философияның бір ғана міндеті -- тұтастай ғылымды, оның пәндік салаларын логикалық-методологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету. Бертін келе бұл тұжырымдаманың сыңаржақтылығына көзі жеткен ғылымдар ғылым философиясының зерттеу нысандарына елеулі өзгерістер енгізілді. Енді ол ғылымның құрылымымен қатар тарихын зерттеуге ден қойып, бұрыннан белгілі проблемалармен қатар жаңа пәндік мәселелерді, олардың қалыптасу үрдісін қарастыра бастады. Ғылымның теориялық сатысының белгілі бір шамада тәжірибеге тәуелсіз екендігін мойындап, жаңа ғылым білімнің табиғатында тәжірибе-сынақ арқылы дәлелдеу мүмкін емес дүниетанымдық көзқарастардың, методологиялық принциптердің болатынына көз жеткізді. Бірақ ғылымның даму заңдылығын, оның қызметтік міндеттерін дұрыс түсіндіре алатын методологиялық ұстын диалектикалық көзқарас қана. Сананың техникаландырылу деңгейінің артып, компъютерлік дүмпудің өркениет өрісіне тікелей әсер етуі, сол арқылы ғылым функциясының кеңейіп, қоғамның өзге салаларының, алуан текті мәдениет тұрпаттарымен байланысының күшеюі ғылым философиясының алдында күрделі мәселелер қойып отыр. Сондықтан ғылым философиясы ғылыми танымның логикалық-гнесеологиялық проблемаларымен қатар ғылымның әлеуметтік-философиялық және этикалық -- этностық мәселелерін зерттеуге тиіс.

Материальдық өндіріс прогрессісінің бастаушы күші болатын, техника дамуымен қатар ғылыми-техникалық революция жағдайында, ғылымның түп-тамырының құрылысы шығады. Қоғамдық өмірде барлық факторлар ғылымды дамытады және қоғамдық өндіріске тұрақты әсерін көрсетуде. Басқа өндіріс әрекетіне өарағанда, материальдық өндірісте, яғни экономика, саясатта, білім және басқару жүйесінде ғылымның дамуын тез темппен дамуын қажет етеді. Қазіргі кезде ғылымның дамуы эксперименттік және зертханалық құрал -жабдықтардан, ғылыми мекемелерден, ғылыми еңбектер бірлестігі (коорперация) және бөлімшелерімен байланысты. Қазіргі қоғамның барлық элементіне және барлық оның түрлерінің әрекетіне ғылым және техниканың әсері өте зор. Қазіргі таңда ғылым қоғамның көп мөлшерде өндірістік күшіне айналуда. Физикалық және жан-жақты (умственный) еңбектің барлық формаларына: медицина, көлік, байланыс және т.б. жатады. Қазіргі адамға қажетті тұрмыс (быт)- бұл ғылыми-техникалық прогрестіңпайда болатын әсер.
Ғылыми классификация-бұл қатар немесе логикалық түрде негізделген байланыс көрсеткішін және өзара байланысқа негізделген негізгі приниптерді ашу жатады.
Маркстік ғылыми классификация- табиғи, техникалық, қоғамдық ғылымдар және философиянының байланыстарын ашады. Бұл классификацияға негізіне материальдық өмір объектісінің әртүрлі ғылымдардың арнайы ерекшеліктер жатады. Ғылым классификациясы, бұл- қозғалыс формасын жеке түрде талдайтын, олардың ішкі заттарымен қатарлас орналасқан және сонда оның мәні қортылатын классификация тақырыбы болып табылатын қозғалыс формасының өзін айтады.
Ғылыми классификацияның проблемалары- бұл барлық ғылыми білімнің құрылымдық проблемасы. Қазіргі жағдайды дұрыс көрсетуде, соның ішінде олардың перспективті даму тенденциясында, ғылымда тарихи көзқараста қарау керек. Сонда ғана жалпы ғылым құрылымның бұрынғы қарапайымдылығы және құрылысының жоғалуы, өткен барлық ғылыми білімнің құрылысына қарсы жаңа кезеңнің пайда болуы табылады. Бұл кезеңдер күшейеді және әсер пайда болады. Мұнда жалпы ғылымның құрылысында бұрыңғы көзқарастар бірте-бірте күшін жояды. Ғылыми классификацияның дамуының қазіргі тенденциясының негіздері ғылымның дифференциядан интреграцияға өзгерісін талдайды.
Әдебиет: 1.Энгельс Ф. Диалектика природы. М., 1982. 198бет.
2. Кедров Б. М. О современной классификации, Философия и современное
естествознание. М., 1982.
Біз ғылымның даму көрінісінің қиындығына қарамай, ғылыми білім жүйесі сияқты негізгі тенденцияны өзіндік түрінде көрсетуіміз керек. Әдетте, бұлардың барлық тенденциялары жүзеге асуы да, бір-бірімен байланысуы да мүмкін. Қазіргі негізгі ғылым классификациясының даму тенденциясы ғылым дифференциясынан интреграцияға ауысуы мүмкін. Мұнда ғылым координациясынан олардың субординациясына ауысу тенденциясы және ғылымның біраспектілігінен жүйеленуіне ауысуы қаралады. Әрі қарай ғылым классификациясының дамуы жүйеленуден субстрансқа ауысуы қаралады.

XVI...XVII ғасырдан бастап, ғылым әлі де, объект бойынша ғана емес-(яғни, субрасттарт немесе қозғалыс әкелуші бойынша емес), қозғалыс түрі бойынша (яғни, функция немесе қозғалыс спецификациясы бойынша) немесе қаралып отырған пәннің жеке бөлімдеріне бөлінуде. Энгельс өзінің еңбегінде, ғылымды қозғалыс түріне қарай бөлген, бірақ ол субстраттық негізде кіргізген, яғни салмақ механикалық қозғалысты тудырады, молекула- физикалық, атомдар-химиялық, ағуыздар- биологиялық. Бірақ, кейін жалпы жағдайда функционолдылық пен субстрансттылық арсындағы байланыс аса маңызды мәнге ие емес екендігі анықталды. Мысалы, атомдар бірдей уақытта атомдық физикада да, химияда да объект болып қызмет ете алады, сонымен қатар молекула да, молекулярлық физика мен химияда объект бола алады. Тірі организмдер биология, химия, физика және кибернетикада зат ретінде қолданылады.
Мұндай көріністі қоғамның дамуында да қөре аламыз. Тарихи қозғалыс деңгейінің сапасында жеке пән (объект) -барлық қоғамдық ғылымның біліктілігін оқыту, соның ішінде сәйкесінше экономикалық базиспен байланысы бар, саясаттық және рухани-идеологиялық реткекелтірілген, толықтай түрде алынған, социальды-экономикалық формация.
Техникалық гылым деп- қоғамдық өндірістің жүйесінде техникалық объектілер функциясының әдістерін, сонымен қатар конструктивті-техникалық әрекеттер тәсілдерін, техникалық объектілер процессін және табиғи заттардың мақсатты бағытталған арнайы білім жүйелерін айтады. Жалпы ғылыми-техникалық білімді біріктіру, ғылымның жүйеленуіне және оның классификациясына әкеледі.
Энгельстің жарқын бейнелеуінен алынған, ғылыми-техникалық білімнің алғашқы біріктірілуі, ғылымның жүйесіне және классификациясына әкелді.
Әрі қарай, бұл классификация әр ғылымның өздерінің қасиеттерін сақтай отырып, бірігуін және дамуын қажет етеді.
Қозғалыстың өзара байланыс қатарына қарай отырып, қазіргі классификация ішкі қасиеттерімен жауап береді. Ғылымның ұйымдастыру классификациясына ғылыми-зерттеу институттар жүйесі, жоғарғы оқу орындар құрылымы, кітапханалар және т.б. жатады.
К.Маркс айтқандай, жоғарыда айтылғандар, яғни барлық ғылымдар уақыт өте келе бір ғылымға бірігеді. Маркстың бұл айтқандығының шындығын, қазіргі білім эволюциясының барлық жүрісіне, оның құрылысынан және ғылым классификациясынан көруге болады. Соңында, ғылым классификациясы көрінісінен біртүрліден көптүрліліге ауысуы мүмкін екенін көреміз. Қазіргі кезде барлық ғылымның графикалық көрінісінің болашақ құрылысы туралы сұрақты талқылауда, сондықтан әлі де оның ішкі және сыртқы бөлімдерінің детальдары белгісіз күйде, ал ең бастысы- белгілі бір жағдайда ғана, яғни олардың ішкі бөлімдері өзінің тұрақтылығын жоғалтқан жағдайда. Ғылым классификациясының болашағы олардың көрінісінің көптүрлілігін қажет етеді.
Ғылыми саясат принциптері, социалистік мемлекет кезінде В.И. Ленин өз кезегінде ғылымның техникамен және өндіріспен үздіксіз байланыста екенін айтып кеткен, яғни ол әлемтану және техникада кез келген бөлімді қорытылды

деп санауға болмайды, ол әрі қарай дамып, жаңа жаңалық және қорытынды әкеледі. Бұл қазіргі кезде де күшін сақтап келеді: кеңестік ғылым бір уақытта бір-бірін толықтыратын фундаменттік және негізгі ғылымның даму принциптері арқылы құрылды.
Ұлы Қараша социалисттік революциядан кейінгі жеңістен В.И.Ленин еңбек өнімділігі- бұл соңғы есепте жаңа қоғамдық құрылыс жеңісі үшін ең маңызды рольді атқарады деген тезисті алға тартады. Мұнда адам еңбегінің тиімділігін арттыруда ғылым басты рольді атқарады.
Бағдарлама- бұл жұмыс комплексі, яғни ауылшаруашылық үшін маңызды мақсат (мысалы, жаңа технологияны құру және меңгеру). Олардың мекемелері үшін құрал-жабдықтар қаржыландыру, ресурспен қамтамасыз ету, басқару, игеру қатысушыларының құрамы және өзараәсерлесуі және т.б. туралы сұрақтарды қарайды. Әр бағдарламада өз жетешілері, басты мекеме және басты министерство белгіленеді. Бағдарламаны бақылау реализациясы ҚР ғылым және техника бойынша Мемлекеттік комитет, ҚР Мемқұылысы, ҚР Мемжоспары және басты министрлігі мен ведомствосы арқылы жүзеге асады.
Әсер етуші факторлар санының максимальды мүмкіндігін есепке ала отырып, соңғы ауылшаруашылық тиімділігіне жету - бағдарламаның басты әдісінің ең ерекшелігі болып келеді. Жүйенің алдына қойылатын мақсат, ереже бойынша екі рет анықталынады. Бірінші жағдайда олар алдымен анықталынып, беріледі. Содан кейін жүйенің мүмкінділігі анықталған мақсаттан бағаланып шығады және оның жетістіктерге жету мүмкіндіктері белгіленеді. Көп жағдайда, берілген мақсат алдында , сәйкесінше жүйе және оны басқару органдары құрылады. Мысалы, құрылыс бағдарламасы және Волждік көлік зауыттарын басқару. Басқа жағдайда мақсат жүйе жағдайының болашағы сияқты, берілген жүйе жағдайынан және анықталған уақыттағы қорытындыны күту сияқты болады. Ол үшін мақсатты анықтау үшін, жүйе жағдайына және оның реальдық мүмкіндіктеріне болжамдық талдау жүргізіледі. Мұнда құрылысында ешқандай өзгерістері жоқ жүйені басқару жүзеге асады.

Бақылау сүрақтары:
І.Ғылым классификациясын қалай түсінеді? 2.ҒЗЖ дамуының негізгі периодтары.
3. МГКПжИ ҒЗЖ бағыты бойынша қандай пәндерді меңгеру керек? Әдебиет: Основы научных исследований, Под редакцией проф. В.И. Крутова, доц. В.В. Попова, Москва: Высшая школа, 1989ж. 6-13беттер.
2.ТМД ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ЖYenМЫСТАРЫН YenЙЫМДАСТЫРУ
Дәрістің мақсаты: ғылым құрылысын ұйымдастыруды қарау.
Маңызды сөздер: ғылыми-техникалық кадр, ғылым академиясы және т.б.
ҚР ғылыми зерттеудің дамуының маңызды бағыттарын Қазақстан Мемлекеттік партиялары анықтайды. Бағдарламаның жаңа редакциясына Идеялы-тәрбиелік жұмыс, білім, ғылым және мәдениет арнайы бөлімі және

ғылым облысы мен партия саясаты құрылған барлық білім өндірісінің динамикалық прогресі үшін қолайлы жағдайды құру, ғылымның перспективті бағытының біріншідәрежелі дамуы үшін материалды және қаржылық ресурс және кадр концентрациясы, экономикалық және социальды мақсаттың анықталған қозғалысы, сонымен қатар қоғамның рухани дамуын тездету де кіреді. ҚР экономикалық және социалды дамудың негізгі бағыттары 1986-1990ж. және 2000ж. дейінгі периодтағы Ғылым дамуы және ғылыми-техникалық прогрестің тездетуі атты арнайы бөлімі кіреді. Ауыл шаруашылығында ғылыми зерттеу қорытындыларын реализациялау бұл құжаттың басқа бөлімдерінде көңіл аударылады.
ҚР Министрлер кеңесінде ғылым және техниканың маңызды даму мәселелері қабылданады. Ғылыми зерттеудің дамуы және мемлекеттік ұйымдарды басқару ҚР Жоғарғы кеңесі мен оның президимумымен жүзеге асады. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының қорытындысын бағалау және бақылауды арнайы комиссия, ҚР Жоғарғы Кеңесінің депутаттар құрамы жүзеге асырады.
ҚР Министрлер Кеңесі мемлекеттік басқарудың жоғарғы органы болып табылады. Сонымен қатар ол елдің ғылыми зерттеулерін жалпы басқарады, ғылым және техника облысындағы бірыңғайлы саясатты қамтамасыз етеді, болжамдарды игеруді ұйымдастырады, маңызды ғылыми және ғылыми-техникалық мәселелерді шешуде негізгі бағыттар мен жұмыстардың бағдарламаларын анықтайды, ғылыми зерттеудің тиімділігін арттыруға бағытталған нақты шешімдерді қабылдайды, ауыл шаруашылығында маңызды ғылыми қорытындыларды қолдануды ұйымдастырады.
ҚР Министрлер Кеңесінде мемлекеттік бесжылдық ғылыми зерттеулердің жоспары бекітілінеді, комплекстік ғылыми-техникалық бағдарламалар қаралады және олар қайтадан өңделіп, қаралуға жіберіледі. ҚР Жоғарғы Кеңесінде елдің экономикалық және социалдық дамуының перспективті және ағымдағы жоспарларын қаралады. ҚР Жоғарғы Кеңесі - ҚР ғылым Академиясын жұмысқа бағыттайды.
Ғылыми-техникалық прогресті қамтамасыз етудің өндірісаралық қойылған функцияларында, арнайы өндірісаралық мемлекеттік комитетінің басқаруы арқылы елде ғылыми зерттеудің дамуын басқаруды ҚР Жоғарғы Кеңесі жүзеге асырады. Мекеме арасындағы нормативті актілерді басып шығару, жүрісті бақылау және олардың қорытындыларының орындалу құқықтары шығарылған. Мұндай комитеттерге: ҚР Мемлекеттік жоспарлық комитет (ҚР Мемжоспары), ҚР ғылым және техника бойынша мемлекеттік комитет (ҚРҒТ), ҚР құрылыс ісі бойынша мемлекеттік комитет (ҚР Мемқұрылыс), Материалды-техникалық жабдықтау бойынша мемлекеттік комитет (ҚРМемжабдықтау), ҚР халықтық бақылау комитеті (ҚРХБК), ҚР мемлекеттік стандарттар комитеті (Мемстандарт), ҚР ішкі экономикалық байланыстары бойынша мемлекеттік комитет (ҚРЭБ), ҚР табиғатты қорғау бойынша мемлекеттік комитет (ҚРТҚК) және ҚР материалды резервтер бойынша мемлекеттік комитет (Мемкомрез).

ҚРҒТ ғылыми зерттеудің тиімділігін арттыру өлшемдері бойынша, негізгі ғылым және техника бағыттарын анықтайды, ауыл шаруашылығында алынған қорытындыларды енгізуде ғылыми-техникалық ақпараттардың, енгізу жүрісін бақылауды ұйымдастырады; өндірісаралық мәселелерді игеруді үйлестіреді, шетелдермен ғылыми-техникалық ынтымақтастықты қамтамасыз етеді. ҚРҒТ маңызды мақсаты - ауыл шаруашылық өндіріс бойынша ғылым және техниканың даму деңгейін бағалау, ғылым және техниканың маңызды бағыттары бойынша ғылыми зерттеудің орындалуын бақылау, ҚР және шетелдерде қазіргі құруда алдыңғы тәжірибелерді қарау болып табылады. ҚРҒТ ғылыми-техникалық ақпараттар органдарын методикалық басқаруды және ҚР ауыл шаруашылығының жетістіктерінің көрмесін жүзеге асырады.
Ғылыми және ғылыми-техникалық сұрақтарды шешуде ҚРҒТ ғылыми қоғам пікірлерге сүйенеді. Бұл мақсатта ҚРҒТ-де ғылыми-консультативті органдар орындайтын, маңызды комплексті және өндірісаралық мәселелер бойынша ғылыми кеңестер құрылады.
Маңызды ғылыми-техникалық мәселелерді шешу үшін ҚР Мемқұрылыспен ҚР ғылым Академиясы ҚРҒТ бірігіп және ҚР Мемжоспарының бағдарламасын дайындайды әрі ұсынады.
ҚРҒТ Комитеті ҚР Жоғарғы Кеңесі тағайындаған, ҚР Министрлер Кеңесінің бір уақытта төрағасының орынбасары болатын төрағасымен басқарылады. ҚР Жоғарғы Кеңесі арқылы төраға орынбасарларын және комитет мүшелерін (соның ішінде комитет штатындағы қызметкер болып табылмайтындар) тағайындалады.
Елдің ауыл шаруашылығының тиімділігін арттыру және дамуын жоспарлау- қиын әрі көп қырлы төтенше күрделі мақсат. Шынымен, жоспарда ел аймақтарымен және бірақ ауыл шарушылық өндірісі ғана емес, сонымен қатар ресурспен қамтамасыз ету қаралады
ҚРҒТ мен бірге ҚР Мемжоспары, ҚР Мемқұрылыс тығыз байланыста, олар құрылыстық ғылымды басқару және құрылыс облысындағы бірыңғайлы техникалық саясатты жүзеге асырады.
Бірыңғайлы техникалық саясат облысында өнім сапасын арттыру, ғылыми-техникалық прогресті тездетуді қамтамасыз ету мақсатында Мемстандарт стандартизация және методологияны жүзеге асырады. Мемстандарт - барлық ауыл шаруашылығын бақылауда және өндірістік және ғылыми ұйымдардың, ведомстволардың стандарттарын игеру министрлер күші арқылы ұйымдастырады.
Ғылыми зерттеулерді орындау, қазіргі орындаушыны дер кезінде қамтамасыз ету үшін сәйкесінше материалдар, құралдар, жабдықтар және т.б., бекітілген жоспарлар мен бағдарламаларды талап етеді. Ғылыми зерттеулер есептері үшін бұл төтенше жағдайларды орындауды ҚР Мемжабдықтау ұйымдастырады және олардың территориялық басқарылуы комитетке ұсынылған мәлімдеме бойынша жүзеге асырылады. Мәлімдемелер анықталған мерзімде жоспарлы тапсырмаларды игеруде құрылады.
1. Кез келген ауыл шаруашылық облысында ел қорғаныстары немесе социальды-мәдени құрылысында, техникалық шешімдердің маңызды

айырмашылықтарына иелік ететін, творчестволық акт және оның сапалы деңгейінің үлесіне байланысты дұрыс әсерлерге ие жаңа ойлап табылғандар мойындалынады. Ойлап табылғандар бес творчестволық деңгейге бөлінеді: 1 -ші және 2-сіне ұсақ жетілдірулер және техникалық шешімдер жатады; 3-ші деңгей- орташа; 4-ші және 5-ші деңгейлер- бұл өте ірі ойлап табылғандар, соның ішінде ғылым және техниканың дамуында жаңа сатыларын принципті ашатын ұландардың ойлап тапқандары жатады. Тәжірибеден көрсеткендей, ұсақ және орташа ойдап табылғандар олардың барлық санының 96% -ін құрайды.
2. Жаңалық тек қана бұрыңғы белгісіз объективті бар заңдылықтарды құруда және тану деңгейінде материальдық түптік өлшеу құбылыс қасиеттерінде мойындалынады (тап осы анықтама жаңалықтарды ашуға таралады: қоғамдық ғылым облысында, пайдалы қазбалар кенорындарында географиялық, археологиялық, палеонтологиялық жаңалықтарды).
ҚР шетелдермен және алдымен жақын жатқан елдермен бірге тығыз байланысты кеңінен жүзеге асыруда. Осы мақсатта ҚРЭБ басқаруымен Біріккен ғылыми зерттеу жоспарлары игеріледі, серіктестерді анықтайды, келісімдерді болады, біріккен алынған қорытындыларды қолдану жағдайы игеріледі. ҚРЭБ қабылданған жоспарлы міндеттемелерді реализациял үшін бақылауды жүзеге асырады.
Соңғы онжылдықта әсіресе қоршаған ортаны қорғаудың маңызды тапсырмалары және табиғат ресурстарын қолдану мен өндіріс жағдайында адамзатпен дұрыс әсері қаралып келеді. Бұл сұрақтарды ҚР табиғатты қорғау бойынша Мемлекттік комитеті шешеді. ҚР табиғатты қорғау Мемлекеттік комитеті ұзақмерзімді және қысқамерзімді ауа -райының климаттық, экологиялық және геофизикалық жағдайының есебі методикасын құрайды
Әртүрлі өндірістік ұйымдар және ғылыми мекемелердің ғылыми қызметкерлерінің бұл мақсатында, ғылыми-зерттеу игерулерінде жоспарлы тапсырмаларды сапалы және қазіргізаманғы реализацияны бақылауды РҚ ХБК жүзеге асырады. Әр ғылыми мекемелерде халықтық бақылау тобының қызметкерлерінен тұратын қоғамдық бастамалар жүзеге асады және олар бақылау шараларын жүзеге асыратын ҚР ХБК көмекшілірі болып табылады.
Бірікккен және біріккен-республикалық министрлерін қамтамасыз ететін ауыл шаруашылық өндірісін басқарушылар болып табылады. Олар өндірісте бірлескен техникалық саясатты өткізеді және ұйымдарда, мекемелердегі ғылыми зерттеулердің маңызды қорытындаларын жүзеге асыруды ұйымдастырады.
Ғылыми-техникалық мәселелерді игеруді, берілген өндіріс үшін, алынған қорытындыны жүзеге асыруды, игеруде ғылыми-техникалық мәселелерді қатыстыруды, елдің жобалы-конструкторлық және ғылыми ұйымдарды басқаруды жүзеге асыруды, тәжірибелі үлгіні және макетті дайындау үшін өндірістік-экспериментелды базалармен, штаттармен, керекті заттармен қамтамасыз етуді, ғылыми және өндірістік ұйымдар мен ҚР ғылым Академиясының ғылыми мекемелерімен және жоғарғы оқу орындарымен байланысты министерство қамтамасыз етеді.

Қоғамдық бастапқыда жұмыс жасайтын жоғарғы оқу орындарды, ғылым академиясын және өндіріс мамандарын, ғалымдарды ғылыми-техникалық кеңеске кеңінен министрлік жинайды.
ҚР ғылым Академиясы жоғарғы ғылыми мекемесі болып табылады және ол елдің жоғарғы оқу орындары мен барлық ғылыми мекемелердегі зерттеулерді координациялауды және қоғамдық және табиғи ғылымдар облысындағы фундаменттік ғылыми игерулерді жүзеге асырады.
ҚР ғылым Академиясы ҚР Министрлер Кеңесіне толықтай бағынады.
Әр республикада өзінің республикалық академиясы болады. Нақты Академия мүшелері (академиктер), екі жылда бір рет корреспондет-мүшелері және шетелдік мүшелердің жалпы жиналысында таңдалады.
Жалпы академия мүшелерінің жиналысы олардың жоғарғы органдары болып табылады. Төрт жылда бір рет Жалпы жиналыс академия жұмысын басқаруды жүзеге асыратын президиумді, президентті таңдайды. Бұл мақсатта Президуимда барлық ғылыми-ұйымдастыру жұмыстарын қамтамасыз ететін сәйкесінше ұйымдар құрылады
ҚР ғылым Академиясы сәйкесінше өндіріс мекемелерінің ғылыми-техникалық прогресс жағдайына тоқтаусыз әсер ететін, зерттеуде фундаменттік ғылымды маңызды бағытта орындайтын, ғылыми-зерттеу институттар қатарына бағынады
ҚР ғылым Академиясы қоғамдық және табиғи ғылымдар облысындағы ғылыми-техникалық жұмыстар бағдарламаларды мен координациялық жоспарларды бекітеді, сонымен қатар ғылыми зерттеу қорытындыларын бағалайды және жоғарғы оқу орындарында маңызды мәселелер бойынша, ғылыми кеңестерді ұйымдастырады.
Ғылыми зерттеу координациясы мақсатында, ҚР ғылым академиясының ғылыми мекемелері орындайтын, ҚР ғылым Академиясының ғылыми мекемесі байланыс бойынша Кеңесі және жоғарғы оқу орындарының жоғарғы мектептермен байланысын нығайту үшін ҚР ҒА президиумінде координация Кеңесі құрылған.
ҚР академия бөлімдерінде және көрші республикаларда ғылым өндірісі және жалпы жиналыс алдында есеп беретін ғылыми басқару және өткізілген зерттеуді қорытындылаудағы президиум жүзеге асады.
ҚР медициналық ғылым Академиясы медицина ғылымы облысындағы ғылыми зерттеулерді координациялайды, медицина облысындағы жаңалықтардың тәжірибелік бағалылығын анықтайды және қарайды, соның ішінде медициналық жоғарғы оқу орындарындығы ғылыми зерттеу бағытының актуальдылығын қамтамасыз етеді.
ҚР МҒА құрамына ғылыми-зерттеу институттар, клиникалар жатады. ҚР МҒА жоғарғы органы медициналық ғылымның даму сұрақтарын шешетін, корреспондент-мүшелер және мүшелер таңдалатын Жалпы жиналыс болып табылады.
ҚР педогогикалық ғылымдар Академиясы (ҚР ПҒА) педагогика, педогогикалық технологиялар және жасөспірімдер физиология облысында елде

ғылыми зерттеулерді ұйымдастырады және координациялайды. ҚР ПҒА құрамында олардың филиалдары және институттар жұмыс жасайды.
Корреспондент-мүшелер және мүшелер таңдалатын Жалпы жиналыс, Жоғарғы орган болып саналады.
ҚР Мемлекеттік комитетінің ғылыми зерттеу облысында елдің ғылыми және ғылыми-техникалық мәселелерінің мәдениеті мен ауылшаруашылығы үшін актуальды шешімдер үшін ЖОО-ның ғылыми потенциалын толықтай қолдануда халықтық білімді мүмкіндігінше кіргізеді. Осы мақсатта ғылыми зерттеуді кеңінен қолдану үшін ЖОО-ның профессорлы-оқытушылар құрамының, жоғары мектептің негізгі ғылыми ядросын құрайтындарының көңілін аударады. Ғылыми зерттеудің орындалуы әр оқытушының өзіндік жоспарында қаралады және олар мембюджет арқылы қамтамасыз етіледі.
ЖОО-да, ғылыми зерттеудің жоғары тиімділігін қамтамасыз етуде ғылым бағыттарының дамуы үшін, ғылыми орындар- мәселелі ғылыми-зерттеу зертханалар ұйымдастырылған, кейбір жағдайда өзіндік ғылыми орындар-ғылыми-зерттеу институттар құрылады. Мәселелі зертхнанлар және ҒЗИ үшін арнайы ғылыми және ғылыми-техникалық қызметкерлер бөлінеді.
Кафедраларда, мәселелі зертханаларда және ҒЗИ-да негізінен фундаменттік және іздеу тақырыптары игеріледі. Негізгі зерттеу профессорлар және оқытушылар арқылы орындалады, және ол талапқа сай қосымша жұмыс уақытында (алты сағат жұмыс уақытының үстіне), қосымша ақымен мекемелер және ұйымдармен өндірістік министрлігі және ведоство бойынша шаруашылық келісім негізінде орындалады. Кафедра Шаруашылық келісімінің орындалуы үшін студенттер және аспиранттар, оқу-көмекші персоналдар жағдайына қарай, белгілі бір деңгейде қосымша қызметкерлер штатын құруға құқы бар.
ЖОО-да шаруашылық келісімді ғылыми зерттеу ұйымдары үшін Ғылыми-зерттеу секторы деп аталатын (ҒЗС), қаржылық есебінің дұрыстығын, зерттеудің сапасын және уақытында орындалуын бақылауды жүзеге асыратын басқару жүйесі құрылады. Осы мақсатта ҒЗС-да есеп бөлімі (бухалтерия) ұйымдастырылады.
Сол жағдайда ғана, өндіріс министрімен кафедара байланысы тұрақты бола алады, ал өткізілетін негізгі зерттеулер- ҚР Мемлекеттік комитетімен біріккен шешім арқылы қорытынды шығара алады, халықтық білім бойынша және өндіріс министрлігімен өндірістік ғылыми-зерттеу зертханалар штат және заттары бойынша ұйымдастырылады.
ЖОО-да өткізілетін зерттеулердің тиімділігі ғалымдар және әртүрлі профилдегі мамандар құрамына байланысты, онда комплексті ғылыми игерулер орындалу үшін ерекше жағдайды құрайды және ғылыми ұжымның тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Кафедраның ғылыми зерттеу концентрациясында, ЖОО-ның ғылыми
орнын аспирантура арқылы ғылыми сменаны бірдей уақытта
жоғарыквалификациялы ғалымдардың басқаруымен, ЖОО-да әсіресе талантты түлектерді қалдыру және таңдау мүмкіндіктерін, ауылшаруашылығында сәйкесінше өндірісте ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алгебра, геометрия және логиканың таңдаулы мәселелері пәнінен емтихан сұрақтары
Химия курсын дәстүрлі оқыту технологиясы
Модульдік оқыту тәсілін математикадан өз бетінше білім алу және оқып-үйрену сапасын жақсартуда пайдалану ерекшеліктері
Қашықтықтан оқыту жүйесін дамыту жолдары
БІЛІМГЕРЛЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Экологиялық тәрбие беруде физиканың рөлі
«Экономика-математикалық моделдеу» пәніне оқыту
Қоршаған ортаны ластанудар қорғау жолдары
Мектеп информатикасында ақпараттық модельдеу тәсілдерін өткізу әдістері
МЕКТЕП ГЕОМЕТРИЯСЫН ОҚЫТУДА БІЛІМ БЕРУДІҢ КОМПЬЮТЕРЛІК РЕСУРСТАРЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
Пәндер