Ғылыми-педагогикалық зерттеудің нағыз зерттеу және қорытындылау кезеңі


Ғылыми-педагогикалық зерттеудің нағыз зерттеу және
қорытындылау кезеңі
1. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің нағыз зерттеу кезеңіне
сипаттама
Зерттеудің іздестіру-түрлендіру кезеңі
Зерттеудің қорытындылау кезеңі
1. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің нағыз зерттеу кезеңіне сипаттама
Зерттеу жұмысының өзіндік зерттеу кезеңі таңдалып алынған әдісті қолданумен байланысты. Әдісті жасау міндетті, себебі ол басқа әдіс-тәсілдердің мүмкіндіктерін қалай іске асыруға болатынын көрсетеді. Зерттеуде әдістердің жиынтығын таңдап алу аздық етеді, оларды құрылымдап, бір жүйеге келтіру қажет.
Осылай, зерттеу әдісін оларды қолдану ретін және алынған нәтижені түсіндіретін зерттеудің ережелерімен тәсілдерінің жиынтығы деп қарастыру керек.
Педагогикалық зерттеудің әдістемесі нақты және бірегей. Жалпы әдістеме жоқ, нақты зерттеу әдістемесі бар. Зерттеуші неғұрлым өзгеше, бөлек болса, соғұрлым, өзгеше әдістеме жасайды, зерттеу нәтижесін соғұрлым нақышты түсіндіреді.
Әр зерттеуші мәселені түсінуіне және зерттеушік қабілетіне орай әдістемеге өзіндік қолтаңбасын қалдырады.
Нақты міндетті шешуде даралығына қарамастан, педогогикалық зерттеу әдістемесінің белгілі құрылымы болады. Оның негізгі элементтері келесілер болып табылады:
әдістемені құруға негіз болатын теориялық-әдіснамалық бөлім, тұжырымдама;
зерттелетін құбылыстар, үрдістер, белгілер, өдшемдер;
олардың арасындағы субординациялық байланыстар және тэуелділіктер;
қолданылатын әдістердің жиынтығы, олардың үйлесімі;
әдіс-тәсілдерді қолдану реті;
зерттеу нәтижесін өңдеу және талдаудың техникасы және жүйелілігі.
Әдістің құрылымдық бөлігінің мазмұнын білікті анықтау, зерттеудің өнері болып табылады.
Дұрыс ойластырылған әдіс зерттеуді ұйымдастырады, оның негізгі кезеңін анықтайды, қажетті ақпаратты алуды қамтамасыз етеді.
Зерттеу барысында зерттеу бағдарламасы жасалады: қандай педагогикалық құбылыс зерттеледі, қандай көрсеткіштер бойынша, қандай белгілер таңдалып, пайдаланылады, зерттеудің қандай әдісі қолданылады. Зерттеудің бағдарламасында қандай да бір әдістің қолданылу мақсаты көрсетіледі. Төмендегі кестеде төменгі сынып оқушыларының «еңбексүйгіштігін» мақсатты дамыту тақырыбындағы зерттеу жұмысының бағдарламасының бөлігі келтірілген.
Төменгі сынып оқушыларының «еңбексүйгіштігін» мақсатты дамыту тақырыбындағы зерттеу жұмысының бағдарламасы
«Еңбексүйкіштіктің»
адамгершілік
ережелері туралы
ілім-білімнің
ерекшелігі.
Бұл категорияға
эмоционалдық
көзқарасы
Іс-әрекеттегі
қиыншылықтарды
жеңудегі ерік
белсенділігінің
көрінуі
Бақылау
Диагностикалық
әдістер
Топтық сауалнама жүргізу әдісі, Жеке іс-әрекеттерінің себептерін зерттеу (Заңдылық және адамгершілік ережелерін
қарастыратын себептер, абырой-бедел себебі, басшылық себептері, жағымсыз жағдайдан және жазадан құтылу себептері, қажеттілік себептері)
Әдістеме уақытпен өрістеген зерттеу үлгісі. Әрине, бұл үлгі болмысты дәл және нақты бейнелесе, зерттеу нәтижелі болады. Әдістің белгілі жиынтығы зерттеудің әр кезеңі үшін ойластырылады. Бұл ретте, жасалған әдіс-тәсілді қолданылудың ұтымдылығы, зерттеу міндеттерімен сәйкестігі есепке алынады.
Әдістемені жасауға көптеген жайттар әсер етеді, ең алдымен, зерттеу пәні, мақсаты және міндеті. Ненің зерттеліп, анықталатынын нақты әрі айқын білу маңызды. Әдістеменің әр элементін мұқият анықтап алу қажет, бұл зерттеудің жоғары тиімділігін қамтамасыз етеді.
Зерттеу әдістемесінің дайындығы ғылыми ізденіс логикасына орай жүргізіледі. Бұл әдістеме өте күрделі де сан қилы қызметтермен байланысты нысан болған білімдену процесін аса жоғары шынайылылықпен зерттеуге мүмкіндік беретін теориялық және эмпирикалық әдістер (метод) тобынан құралады. Әдістердің түтастай бір бөлігін қолданудан назарға алынған проблема жан-жақты айқындалады, оның барша қырлары мен шектері түгелдей зерттеуден өтеді. Педагогикалық зерттеу әдістерінің әдіснамадан өзгешелігі - бұл педагогикалық құбылыстарды зерттеу, олар жөніндегі ғылыми ақпараттарды жинақтап, заңдылықты байланыстар, қатынастарды анықтау, оның нәтижесінде ғылыми теория қалыптастыру мақсатымен жүргізілетін іс-әрекет жолдары мен тәсілдерінің өзі. Әдістер көп түрлі де сан қилы, бірақ жүйелестіре келгенде, бұлардың бәрі үш топқа ажыралады: 1) педагогикалық тәжірибені зерттеу әдістері; 2) теориялық зерттеу әдістері, 3) математикалық әдістер.
2. Зерттеудің іздестіру-түрлендіру кезеңі
Зерттеу әдістемесін іске асырудың маңызды кезеңі іздестіру-түрлендіру болып табылады. Ол педагогикалық үрдіске бастапқы мектептік жоспарлы жаңашылдықты ендірумен байланысты. Оның мазмұны ерекше, мақсатқа, пәнге, зерттелетін үрдістің сипатына, енгізілуі мүмкін жаңашылдықтың ерекшелігіне, тәжірибенің оны қабылдауға дайындық деңгейіне байланысты. Зерттеудің бұл кезеңінде жаңашылдықтың мазмұнды жағы анықталады, жаңашылдықтың уақыттық шегі мен техникасы анықталады. Бұл, мысалы, жаңа білім беру бағдарламаларын жасау және сынау, оқытудың дәстүрлі емес технологиясы және әдістемесі, оқушыларды тәрбилеуде және дамытудағы сәттіліктерді бағалау және ынталандыру тәсілдері болуы мүмкін.
Аталмыш зерттеу кезенін іске асыруда бұрынғы кезеңдерде не жасалынды, қандай жағдай жасалды, қандай зерттеу мәселелері шешілді, қандай міндеттер шешімін тапқан жоқ, тәжірибелік-ізденушілік жұмысқа қатысушылардың іскерлігі мен зерттеу амалдарының деңгейі қандай екенін жете түсіну талап етіледі.
Зерттеу жобасында қойылған көзқарастар мен амалдарды қол жеткізілген нақты нәтижемен, қиыншылықтармен, жаңалықпен, қателіктермен салыстыру пайдалы. Кейбір жағдайда, бастапқы белгіленген бағдарламадан ауытқуға, кері шегінуге тура келуі, жаңа қиындықтар мен қайшылықтар туындауы, міндеттерді шешудің жаңа тәсілдері ашылуы мүмкін. Бұндай жағдайда өткен кезеңдерде шешілмеген міндеттерді ағымдағы кезеңге ауыстыруға тура келеді. Бұл жұмыстың нәтижесі түзетулер енгізілген, мәселені шешудің жолдары көрсетілген, жалпы ниетті жүзеге асыру туралы, зерттеудің қисынын және тәртібін нақтылайтын байытылған ұсыныстар болуы мүмкін. Бұл кезеңдегі есепке алынбаған жағдайлардан бөлек, ендіру құжаттарын, зерттеу тәртібінің бірізділігін, олардың үйлесімін бөлшектеп, пысықтау қажет. Айталық, бірінші жаңа бағдарламаны ендіріп, одан кейін сәйкес технологияны енгізуге болмайды. Оларды кешенді енгізу керек. Зерттеудің іздену-түрлендіруші кезеңінің нәтижесін болжау үшін, ғылыми болжамды ұсынуда пайдаланылатын тәртіпке ұқсас рэсім туралы сөз қозғау қажет. Мүмкін дәл осы кезеңде ойдың құрылымдық элементі қалыптасып, алдағы жұмысқа импульс беретін «шоқ» жылт етеді. Бұл ерекше амал (мысалы, ұлдармен қыз балаларды әр түрлі бағдарлама бойынша физиологиялық және зияткерлік дамуын ескере отырып, бөлек оқыту) элі қол жетілмеген, бірақ мүмкін болатын нәтиже және т. б. туралы түсінік болуы мүмкін.
Тәжірибелік түрлендіру дайындық жұмысы жүргізілген жаңашылдықты «іске қосуды» жорамалдайды: жаңа пәндер, жаңартылған бағдарлама, оқулықтар, технологиялар, оқу және тәрбилеу құралдары.
Кейінгі жұмысты түзету, алынған нәтижелерді талдаудан және зерттеу тәртібі мен аппаратының тиімділігінің бағасынан туындайды. Тәжірибелік жұмысқа (кемшіліктердің орнын толтыру, бағдарламаны түзету, дара амалдарды нақтылау) зерттеу әдісі мен қисынына өзгерістер енгізіледі.
Педагогикалық эксперимент, зерттеу ізденушілік-түрлендіруші кезеңінің шеңберінде әдістемемен қарастырылған жұмыстың едэуір күрделі және ұзақ бөлігі. Экспериментті жүргізу үшін зерттеушінің қызметінің барлық кезеңдері жазылған арнайы бағдарлама жасалады.
Жеке міндеттерді және мақсатты, сынақты, жүргізу техникасын, оны өткізудің түрленген және түрленбеген жағдайларын, тэуелді және тэуелсіз өзгермелі базаны таңдау, сыналушы және қадағаланушы топтардың таңдау ерекшелігін негіздеу;
Бақылаудың қажетті санын, зерттеу құралдарын пайдалану ретін, сынақтың математикалық моделін, нәтижелерді тіркеу және жинақтау тәсілі және формасын жоспарлау және т. б.
Эксперименттің мәліметтерін талдау және өңдеу; ғылыми болжамды тексеруге қажетті есептік өзгерістерді есептеу, зерттеу нәтижесін түсіндіру;
Экспериментті жүргізуде басты назар жағдайлар мен фактілерге аударылады. Фактілер - зерттеудің құрылыс материалы. Олар нақты болуы және жаңашылдығымен, мазмұндылығымен ерекшеленуі тиіс. Ғылыми факт жалпы фактіге қарағанда, құбылыстың сыртқы көрінісімен шектелмейді, белгілі бір дәрежеде оның ішкі байланысын, қозғаушы күшін, қозғалыстың механизмін ашады. Бұндай қайшылықтар құбылыстың өзіндегі тұрақтылықты, ұқсастықты анықтаумен толықтырады. Мысалы, оқу ркымындағы оқушылар арасындағы шиленіс ерекше, бір-біріне ұқсамайды. Бірақ мұқият қарастырсақ бұл шиеленістердің жолы, әдеттегідей себептері табылады: бір-бірінің психологиялық ерекшеліктерін білмеу және түсінбеу, ықпал етудің әсіресе, сендірудің психологиялық-педагогикалық құралдарын тиімді қолдана алмауы және т. б.
Деректерді талдаудың ғылыми амалы оларды жан жақты, барлық жағдайда, дара ішкі диалектикалық байланыстарының көптілігімен қарастыруды талап етеді.
Деректерді жию және жинақтау - психологиялық-педогогикалық зерттеудің жауапты кезеңдерінің бірі, себебі тек қана ғылыми деректер белгілі теориялық қорытынды жасауға мүмкіндік береді. И. П. Павлов, жас зерттеушілерге былай дейді: «Зерттей, сынай, бақылай отырып, деректердің сыртында қалмауға тырысыңыз. Олардың пайда болуына, ішкі құпиясына үңілуге талпыныңыз. Оның басшылық етуші заңдылығын іздеңіз».
Зертеу әдістемесін іске асыру алдын ала теориялық және тәжірибелік түйін жасауға мүмкіндік береді. Бұл түйіндер келесідей болуы қажет:
Біріншіден, жүргізілген зерттеудің негізгі қорытындысы жан жақты дәлелденген, талдап қорытылған болуы;
Екіншіден, мақсатқа сай және заңды болуы;
Үшіншіден, жинақталған деректерді талдау мен жинақтап қорытудың қисынды салдарының туындауы;
Төртіншіден, бұқаралық педагогикалық тәжірибеге ендіру үшін шынайы және ресми мақұлдануы.
Түйінді тұжырымдау үшін жиі кездесетін 2 қателіктен аулақ болу қажет: көлемді эмпирикалық деректерден тым шектелген түйін тұжырымдау; мардымсыз деректерді орынсыз эсірелеп, маңызды түйін жасап, ілгері баспай, бір орныда тұрып қалу.
Алынған дұрыс нәтижелерді, сондай-ақ, қателіктер мен қателіктердің себебін бағалау және түсіндіру, алдын ала теориялық және тәжірибелік түйін тұжырымдауға мүмкіндік береді. Бұл түйіндерді белгілі теориялық ережелер мен тәжірибелік амалдың жалпы жүйесінде ұғыну қажет.
Алдын ала жасалған түйіндер нақтыланып, тәжірибелік жұмыспен тексеріледі. Зерттеу әдістемесінің бұл элементін бағаламауға болмайды. Өкінішке орай, зерттеушінің бастапқы нәтижелерді соңғы, аяқталған, әсіресе, бір мәнді шешімдер түрінде тұжырымдауы жиі кездесетін жағдай. Асығыс шешімдер пайдадан гөрі, көбі зиян алып келеді, ғылымның беделін шектейді. Сондықтан зерттеудің негізгі нәтижесін тәжірибелік тексеру міндетті. Нәтижелерді осылай тексеруден кейін теориялық түйіндер негізінде тәжірибелік ұсынымдар жасауға, оларды сәтті іске асырудың жағдайын анықтауға мүмкіндік туады. Бұл ұсынымдар зерттеу мәліметтерінен туындап, психологиялық-педагогикалық тәжірибе үшін нақты және айқын болуы маңызды.
3. Зерттеудің қорытындылау кезеңі
Зерттеудің қорытынды кезеңі нәтижелерді жүйелеу, оларды түсіндіру және мазмұндаумен байланысты. Нәтижелерді жүйелеу -элементтердің зерттеу міндеттерімен сәйкес келетін, реттелген өзара байланысты құрылым түрінде ұсынудан тұрады. Жүйелі ұсынылған нәтижелер түзу түсіндірілуі қажет.
Интерпретация (лат. interpretatio) ғылымда түсіндіру, мағынасын ашу дегенді білдіреді.
Мәні бойынша түсіндіру, ақиқатқа, шындыққа жақындау, яғни зерттелетін үрдістің немесе нысанның мәнін ашуы керек. Зерттеудің қабылданған тұжырымдамалары негізінде алынған нәтижелерді түсіндіру рэсімі түсіндірменің негізі болады. Мысалы, бастауыш мектептен орта мектепке ауысу барысында оқушылардың оқу үлгерімінің төмендеуі, қарым-қатынас жүйесінің өзгеруімен, мұғалімнің қамқорлығынан босатумен, пәндік оқытуға қызықтыру қиындықтарымен түсіндіріледі. Дегенмен, түсіндіру рэсімі қабылданған тұжырымдардың түсіндірмелерін өзгелермен салыстыруды талап етеді. Бастауыш мектепті бітірушілер жағдайында, мысалы, оқушылардың жұмысқа қабілеттілігіне, жастық психофизиологиялық өзгерістердің ықпалы туралы нұсқаны; едэір күрделі және көлемді мағлұматтарды жүйелі қабылдауға дайындықтың жеткіліксіздігі туралы нұсқаны тексеруді талап етеді.
Алғашқы түсіндірмелер жұмыстың ғылыми болжамы негізінде нәтижені түсіндірумен байланысты, дегенмен, одан әр түрлі салдарды шығару, жағдайды ойша іске асыру ықпал етуші факторлардың өзгерісінен, ал кейде ғылыми болжамның өзгерісінен туындаған нұсқауларды нақтылаумен байланысты.
Түсіндірменің міндетіне: оқытудың, тәрбилеудің теориясы мен тәжірибесі үшін алынған нәтижелердің маңызын; оларды пайдаланудағы жаңашылдығымен жорамалданған тиімділігін, сонымен қатар, мағынасын, яғни зерттеуші үшін маңызына немесе зерттеу нәтижесіне көңіл бөлген адамдар тобын анықтау.
Зерттеу жұмысының пісіп-жетілуі үшін қажетті кезең ресми мақұлдау және педагогикалық тәжірибеге ендіру болып табылады. Зерттеудің дәйекті, ресми мақұлдануының бірден бір шарты нәтижелердің орнықтылығы, дәлдігі, қауіпті қателіктен, ауытқудан құтылу, зерттеушінің жеке құмарлығын жеңу, жіберілген ағаттықтарды уақытында түзету болып табылады.
«Апробация» сөзі латын тілінен шындыққа сөзбе-сөз - мақұлдау, растау, қасиеттерді бекіту» дегенді білдіреді. Қазіргі ұғынуда бұл ақиқатты ашу, негіздемелердің, әдістемелердің және жұмыс нәтижелерінің білікті бағасы және құрылымдық сыны.
Бағалаушылар, қазылар, сыншылар, оппоненттер рөлінде ғылымның жекелеген салаларындағы білікті ғалымдар мен іскер адамдар, сондай-ақ, ғылыми және педогогикалық ұжымдар болады.
Ресми мақұлдау көпшілік алдындағы баяндамалар, пікір-таластар, сонымен қатар ұсынылған жұмысты рецензиялау түрінде жүргізілуі мүмкін.
Жасалынған жұмыстарды ресми мақұлдау, көп жағдайда, көпшілік алдында қорғаумен байланысты (жобаны, есеп беруді, курстық немесе дипломдық жұмысты) .
Ғылыми ізденудің жүру барысы және қорытындысы туралы ақпараттардың негізгі формасы зерттеушінің ғылыми хабарламалары болып табылады. Бұқарамен тікелей байланыс орнату түйіндерді қол жетімді және көңілге қонымды түрде жеткізуге, олардың тәжірибелік маңызы нұсқаулық және таныстырылым сабақтар және т. б. жолмен көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл мезгілде тыңдаушылардың реакциясы талданып, ережелер, жасалынған қорытынды тексеріліп, нақтыланады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz