Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық негіздері


Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық негіздері
1. Матералистік диалектика зерттеудің дәстүрлі жалпығылымдық
әдіснамалық негізі
2. Гносеология ғылыми зерттеудің жалпығылымдық әдіснамалық
негізі
3. Логикалық заңдар және ойлаудың логикалық формалары ғылыми
зерттеудің әдіснамалық негізі
1. Матералистік диалектика зерттеудің дәстүрлі жалпығылымдық әдіснамалық негізі.
Диалектика ғылымның әдіснамалық негізі болатындығын түсіну үшін диалектиканың не екендігін еске түсіру керек.
Философиялық сөздіктердің бірінде диалектика табиғат, қоғам мен сана дамуының жалпы заңдары, ақиқат құбылыстың ішкі қарама-қарсылықтарынан туындайтын өзіндік қозғалысты танудың теориясы мен әдісі деп анықтама берілген.
Алғашында диалектика термині әңгіме жүргізу, дәлелдер келтіру, бэсекелесу өнері, қарама-қарсы пікірлердің қақтығысы деген түсінікте қолданылған.
Сонымен бірге, диалектика ақиқат болмыстың жалпы қасиеттерін зерттейтін ғылым екендігі де белгілі. Ақиқат болмыстың жалпы қасиетіне барлық тіршіліктің жалпы байланысы жатады. Осы тұрғыдан келгенде кез келген құбылысты, мейлі ол ғылыми зерттеуде болсын, білім саласында болсын ортақ байланыста және ортақ шарттылықта алып қараған жөн. Табиғат, қоғам, сана мен танымдағы барлық процестерге тэн болған жалпы қасиеттерге себеп-салдарлық (ішкі, сыртқы, нақты және дерексіз) байланыстар жатады.
Осы байланыстарға тиісті диалектикалық заңдардың негізгілері мыналар:
ішкі тербелістердің (импульстердің), дамудың себебін ашатын және диалектиканың ядросы болып табылатын қарама-қарсылықтардың күресі мен бірлік заңы;
ішкі қасиеттерге әсер етуші түбегейлі өзгерістердің дамуын белгілейтін мөлшерлік және сапалық өзгерістердің өзара ауысу заңы;
терістеуді терістеу заңы, бұл заң дамудың үздіксіздігі мен ілгерілемелі, өрістеуші мәнін ашады. Терістеу дегеніміз - белгілі бір зат пен құбылыстың қайшылықтарын ашу, оларды шешудің жолдарын анықтау, жаңа сапаның пайда болуына мүмкіндік туғызу. Осыған лайық, даму жай қалыптан күрделіге, төменнен жоғары қарай өрлейді.
Диалектика заңы - бұл тек материалдық дүниенің даму заңдары ғана емес, сонымен бірге адамзат танымының, ғылыми зерттеудің де заңдары.
Негізгі заңдар диалектика категорияларында көрінетін заңдылықтар және болмыс пен құбылыстың, қажеттілік пен кездейсоқтықтың, мүмкіндік пен ақиқаттың, себеп пен салдардың, т. б. байланыстарын ашатын заңдармен нақтыланып, толығып отырады. Адам құбылысты барлық байланыстарымен, қатынастарымен, ортақ ауысуларымен, қарама-қарсылықтарымен танып-білуі үшін, оның санасында пайда болатын түсініктер соншалықты қарама-қарсы, өзгермелі, қозғалысшыл болуы тиіс. Сондықтан диалектика бір кезеңде таным теориясы және диалектикалық қисын (логика) да болады. Ол - тек таным негізі ғана емес, сонымен қатар сәтті тәжірибелік қызмет те.
Жоғарыда біз диалектиканың кез келген құбылысты ортақ байланыс пен ортақ шарттылықта алып қарайтынын айтқан едік. Ал енді мысал ретінде көз алдымызға педагогикалық процесте, оқу мен тәрбие процесінде, білімдендіруде қаншалықты өзара байланыстардың, өзара тэуелділіктің, заңдылықтардың бар екендігін елестетейікші.
Осы жағдайға қатысты атақты жаңашыл-ұстаз В. Ф. Шаталовтың «педагогика өте күрделі ғылым, оның күрделілігі жүз мыңдаған бөлшектерінің бас қатыратын өзара байланыстарында жатыр» деген сөздерін келтіруге болады.
Ал бұдан алдын А. С. Макаренко да осы жайлы айта келіп, «педагогика - нағыз диалектикалық, қозғалысшыл, өте күрделі және жан-жақты ғылым» деп баға берген еді.
Диалектика заңдарына қайта оралайық. Материалдық диалектика, жоғарыда айтқанымыздай, өзінің даму көздерін қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресінен іздейді. Бұл заң қарама-қарсылықтарды шешуде айқын көрінеді, яғни дамудың (табиғаттың, қоғамның, сананың, адам танымының, т. б. ) қозғаушы күші осы қарама-қарсылықтарда және оларды шешуде жатыр.
Мысалы, мектептегі оқу мен тәрбиеде қандай нақты қарама-қарсылықтар орын алады? Солардың кейбіріне тоқтала кетейік:
оқушының мүмкіндігі мен оған қойылатын талаптар арасындағы қайшылықтар;
оқушының оқуға болған ынта-жігері, талап-тілегі және осы талаптарды қанағаттандыруға сәйкес келмейтін мұғалімнің біліктілік деңгейі арасындағы қайшылықтар;
оқушының тілегі мен мүмкіндігі арасындағы қарама-қарсылықтар;
оқуға қойылатын талаптар мен оқуға болған селқостық.
Осы барлық қарама-қарсылықтарды шешу, жою істерін толық қолға алғанда ғана ол дамудың қозғаушы күшіне айналады.
Мектептің оқу-тәрбие істерінде әрдайым бұдан басқа да қарама-қарсылықтар туындап отырады. Мысалы, жаңа танымдық мәселелер, жаңа талаптар мен оларды шешуге арналған құралдар арасындағы қарама-қарсылықтар. Мұндай қарама-қарсылықтарды шешу көптеген факторларға тэуелді:
мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне;
білімнің мазмұны мен білім мазмұны теориясының орындалу дәрежесіне;
оқу әдістері теориясының дайындық деңгейі мен педагогтың оларды тиімді қолдана білуіне;
педагогикалық қабілет теориясының дайындық деңгейі мен мұғалімнің оларды игеру дәрежесіне;
мұғалімнің жеке қасиеттеріне.
Диалектиканың келесі негізгі заңдарының бірі - мөлшерлік өзгерістен сапалық өзгеріске ауысу заңы және керісінше. Бұл заң дамудың сыртқы өзгерістерін емес, ал ішкі қасиеттерінің өзгерісін белгілейді.
Оқу мен тәрбие істерінде бұл жалпыфилософиялық заң қалай көрінеді?
Мысалы, оқылып жатқан материал есте сақталуы үшін оқушы оны бірнеше рет қайталап, бекітуі тиіс. Егер тәжірибеде қолдану қажеттілігі туа қалса, онда ол белгілі бір сапаға жеткенше бірнеше жаттығулар мен мәселелерді орындауы керек. Осылайша жыл сайын белгіленген бағдарламаға сәйкес білім, шеберлік және дағды мөлшерін сәтті игеру нәтижесінде оқушылардың білім деңгейінің сапасы өзгереді.
Осы негізгі екі заңмен тығыз байланыста болатын үшінші заң -терістеуді терістеу заңы. Осыған орай даму жай қалыптан күрделіге ауысады.
Әр нәрсе өзінен бұрынғы басқа бір нәрсенің негізінде пайда болады. Яғни, жаңа ескінің негізінде дүниеге келеді. Жаңа мен ескі қарама-қарсы. Олардың күресі барысында жаңа ескіні жеңеді, басқаша айтқанда, жаңа ескіні теріске шығарады. Ескінің негізінде және онымен күрес барысында жеңе отырып, жаңаның пайда болуын терістеу деп атайды. Сөйтіп, обьектінің өздігінен дамуы барысында ескі сапаның жаңа сапамен ауысуы заңды процесс болады, диалектикалық терістеу дегеніміз міне, осы. Диалектикалық терістеу - дамудың шарты, әрбір сәті, сондай-ақ ескі мен жаңаның арасындағы дэнекері.
Эволюция процесінде жануарлар мен өсімдіктердің барлық түрі бұрын болған түрлерден белгілі бір қасиеттерді сақтап қалып отырған. Ал қоғамдық дамуда бір өндірістік қатынастың орнын екіншісі ауыстырып отырады, бірақ өндіруші күштер сол қалпында сақталып, жаңа өндірістік қатынастың дамуына жағдай жасайды. Әр бір жаңа басқыш, жаңа белгі қандай да бір уақытта ескіреді, тозады және өз кезегінде терістеуге ұшырайды, яғни төмен деңгейдің орнын едэуір жетілген жаңа жоғары даму сатысы ауыстырады.
Педагогикалық ғылым мен тәжірибеде, білім беру процесінде терістеуді терістеуге оқушылардың өзекті даму деңгейінің жақын арадағы даму аймағымен ауыстырылуын мысалға келтіруге болады. Бұл дәстүрлі оқумен бір қатарда мемлекеттік білім беру мәртебесін алған, бастауыш білімге бэсекелес болып отырған Л. В. Занковтың дамыта оқытуының дидактикалық жүйесінің базалық түсініктері болып табылады.
Алғашында жақын жылдардағы даму идеясын белгілі кеңес ғалымы Л. С. Выготский ХХ ғасырдың 30-жылдарында ұсынған еді. Осы идея түбегейлі теориялық және тәжірибелік зерттеулерде (белгілі кеңес ғалым-педагогтары Л. В. Занковтың, В. В. Давыдовтың және Д. Б. Эльконның) дамытылды.
Бұл идея бойынша, оқушы әрқашан жеңуге болатын ақыл-ой қиындықтарын, жаңаша әрекет тәсілдерін игеру қажеттігін сезінуі тиіс. Ол үшін мұғалім оның қажеттігі мен мүмкіндігі арасындағы қарама-қарсылықты туғыза білуі керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz