Д. ИСАБЕКОВ ПРОЗАСЫНДАҒЫ ЭТНОПСИХОЛОГИЯЛЫҚ БЕЙНЕЛЕРДІҢ СОМДАЛУЫ


Көшенова Тоты Иманқызы
филол. ғыл. кандидаты, доцент
Сұлтанбекова Жәудір Келдібекқызы
магистрант
Д. ИСАБЕКОВ ПРОЗАСЫНДАҒЫ ЭТНОПСИХОЛОГИЯЛЫҚ БЕЙНЕЛЕРДІҢ СОМДАЛУЫ
Бұл мақалада жазушы Дулат Исабеков сомдаған этнопсихологиялық бейнелер нақтылы мысалдар арқылы талданады.
Өткен ғасырдың 60 - жылдарынан қазақ прозасының дамуына өз үлесін қосқан қаламгерлер қатарында ерекше орны бар жазушының бірі - Дулат Исабеков. Қаламгердің қай шығармасын алып қарамайық, оның замана мәселелерін көркемдеудегі суреткерлік болмысы, шығармаларындағы кейіпкердің ішкі жан иірімдерін бейнелеудің өзіндік жолдары мен туындыгердің өзіне ғана тән қолтаңбасы барлығына шүбә келтірмесіміз хақ.
Әрине, ХХ ғасыр аяғындағы әдебиет, оның ішінде 60 - 80-жылдар прозасының хал-ахуалы туралы пікір айту, әрине, іштей қайшылықтарға толы. Жазушының туындыларын психологиялық тұрғыдан бағалау, шығармаларындағы кейіпкердің ішкі жан иірімдерін бейнелеу тәсілдерін, оның ішінде қазақ халқының ұлттық менталитетіне тән өзгешелікті ашып көрсеткен, қазақы қалыптағы бейнелердің сомдалу ерекшелігіне тоқталып, бірер ауыз сөз қозғасақ дейміз.
Қаламгердің шығармаларын оқып отырғанда зерделей ұққанымыз - оның туындылары өмірдің өзінен алынып, айналадағы күнде көріп жүрген құбылыстар өзіндік құнарлы да қарапайым тілімен әлеуметтік деңгейге дейін көтерілген шыншыл дүниелері екендігі. Суреткердің арнасынан асқақтамай, қысқа да жинақы жазылған әңгіме, повестерінде адам өмірі, табиғи тазалық, адамгершілік, қазақы мінез, қоғамдық өзгерістер шынайы суреттелген.
«Жазушы шығармашылығындағы кейіпкер психологиясының ашылуы олардың сөйлеген сөздері арқылы, іс-әрекеттері, ішкі монолог, психологиялық диалогтар, ым-ишарат, жест, бет құбылысы, дене қозғалысы, психологиялық пейзаж, параллелизм, деталь, портрет, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі талдау, өзіндік таным, түс көру, сандырақтау, күлкі, жылау, сыр ашу және т. б. арқылы жүзеге асып жатады»- дейді зерттеуші А. Таңжарықова өз зерттеуінде[1, 6-б. ] .
«Гауһар тас» повесіндегі басты кейіпкердің бірі - Салтанат. Салтанат бақытын алыстан емес, жанындағы адамнан іздейді. Жары Ыбыштың кеудесіне ізгілік нұрын сепкісі келеді. Мұны Салтанаттың ақылдылығы деген болар едік. Барлық ұлтқа тән бұл қасиет қазақ қызында оның бойындағы бірбеткейлігінен, қайтпас қайсарлық жолындағы іс-әрекетінен, ар-ұятты ойлағандығынан көрінеді. Төркініне кетпей, қосағының жанын жаулап алар күреске бел байлаған, ата-енені сыйлаған Салтанат былай дейді: «Әйтсе де мен енді басқа жақтан бақыт іздемеймін. Іздеп барып дәл үстінен түскен бақыттың маған керегі де жоқ. Мен ол бақытты қиын жерден іздеймін, жоқ жерден іздеймін. Өмір сонысымен қызық, сонысымен мағыналы» [86, 198-б. ] . Салтанат Ыбыштың тоңмойындығына әсер ету үшін тырысып бағады. Ыбышты ашуландырып алу арқылы оның мінезін түзеудің жолын ойлайды. Қаратұмсықты, ойпаңдағы құдықты көргенде Салтанаттың қуанғанынан айқайлап жіберуі, өлең айтшы деп өтінуі тек қуаныштың әсері емес, Ыбышты да көңілді ету. Бірақ Ыбыш мұны түсінбей, қайта өзіне зекіріп тастайды. Мұндайда Салтанат ерінің ашуын сыңғырлаған күлкісімен жеңеді. Мінездің кеңдігі мен әйелге тән еркелік Салтанат бейнесін биіктетіп тұр.
Қазақстанның қаймағы бұзылмаған оңтүстігінің «Жазылмаған ауыл академиясының Заңнамасында» келінге ақ босағаны аттаған жылы «тым қатты сөйлеуге, күлуге болмайды» деген тармақтары бар. Осы дәстүрді «оңтүстіктің бағланы» білдіртпей өз туындысында шым-шымдап шеберлікпен енгізе отырып, Салтанаттың характерін ашуға орынды қолдана білген. «Гауһартас» повесінде Салтанаттың малды жайып келейін деп кетіп, құлқайырлардың арасында сызылта төгілтіп «Гауһартас» әнін шырқауы. Жас келін жаңа түскен үйінде еркін көсіле ән айтуға қысылып, малды сылтауратып қырға шығып, елсізде ән айтуының өзінде үйдегі ата-енеге деген үлкен құрметтің белгісі жатыр деп ұққан жөн. Ән айтса, оған ешкім де қой деп айтпайды, алайда Салтанаттың бойындағы ұлттық қазақы тәрбиесі бұған жібермейді. Әсіресе, оның ән айтқанын қайнысының естіп, ән біткенде қасына барғандағы Салтанаттың портретін жазушы былай береді. «Салтанаттың жүзі бал-бұл жанып, таңғы құлқайыр гүліндей құлпырып кетіпті. Ұшқын шашқан мөлдір жанары махаббатқа, сезімге, қуанышқа, әнге толып тұр. Қысылғаннан екі беті албырап, бірде маған, бірде төмен қарайды.
-Сен . . . бәрін тыңдап тұрдың, ә? - деді ол бейне бір кінәлі адамдай.
-Иә . . .
-Сенің түк ұятың жоқ. Қалай ғана . . . Өй, ешкімге айтпашы мұны, Қайыркен, жарай ма?
-Айтамын. Қазір тура апама айтамын. Салтанат әнші екен деймін. Өткен жолы сен де көрген түсімді апамның алдына жайып салып, өлеңімді оқып бергенсің. Енді есеп айырысамыз, білдің бе?
Ол одан бетер қызарып кетті. Имек қасы дір-дір етіп, жанарына бір ұяңдық ойнап шыға келді . . .
-Жалынамын, Қайыркен, айтпашы. Мен жай, . . . Әйтпесе түк те ән айта алмаймын ғой. Кейін, кейін, бір жылдай өткен соң өзім-ақ айтамын, жарай ма?[2, 187-188] .
Айтқан әні үшін үйіндегілерден қысылу үлкен тәрбиеліліктің белгісі екендігі анық. Жазушы Салтанаттың тұла бойын ұлттық тәрбиенің тұнығына тұндырған. Жазушы келіннің өзге елге келіп, одан өз орнын тапқанынша, сіңіскенінше уақыт керектігін кейіпкер тілімен айтқызып отыр.
Д. Исабековтің «Гауһар тас» повесіндегі Салтанаттың бойындағы керемет назды да биязды қылығын хас жазушыға тән шеберлікпен бере біледі. Бұл тұрғыда кейіпкердің болмысын ішкі-сыртқы бірлікте суреттей отырып, аса дарынды суреткер екендігін танытады. Жаңа келін болып түскен Салтанаттың ерекше жаратылысын, нәзік табиғатын, ұлттық психологияға тән портретін мінездеуде ашық сипатталады. Ұлттық психологиялық портретті Салтанаттың ұлттық жақсы қасиеттерді бойына мол жинақтаған жан иесі екенін жан-жағына қараған ибалы көз жанарын суреттеу арқылы ұқтырады.
Қазақтың келін тәрбиесінде ене ролі ерекше. Салтанаттың енесі де повесте ерекше қырынан көрінеді. Ол шығарманың өн бойында үлкендік қасиетімен, мейірімділігімен анық бейнеленеді. Бұл - барлық анаға тән қасиет. Ұлын қалай айналса, келінін де солай айналады. Өзінің қызындай көріп, «келін» демей, атын атауының өзі көргенділігін танытады. Ол сонысымен келініне қазақ әйеліне тән қасиеттерді дарытуда. Өзі күйеуі мен үлкен ұлының салқын мінезін көріп келе жатса да, келініне жұмсақтық, жылылық шуағын сыйлайды. Ана және әйел жүрегін ұққандықтан, келінінің нәзіктігі мен кіршіксіз сезіміне үнемі қорған, пана болып жүреді. Күйеуі мен үлкен ұлына деген өкпесін тікелей жеткізбегенмен, келіні мен кіші баласын қорғап қалмақ болып, солар арқылы айтып қалып жатады. Бірақ оны күйеуі естімейді. Қайыркеннің анасында ерін сыйлайтын парасат, көрегенділік бар. Отағасынан қысылады, қорқады, сондықтан көбінесе іштен тынады. Суреткер ана, ене мектебінің тәлімін көрсету үшін жанама мінездеу сияқты көркем тәсілді қолданып, характерді кейіпкер репликасы, қимылы арқылы танытуды мақсат етеді. «Пеш алдында ұршығының ұшымен ортаға салынған шоқты шұқып үнсіз апам отыр. Әкемнің маған ұрысқанын түгел естісе керек, мен жаққа жай бір қарады да, ақырын ғана күрсініп, жібін иіруге кірісті . . .
- Апа, не болды? -дедім азапты үнсіздікке төзе алмай. -Неге үндемейсіз?
Ол кісі иіріп отырған ұршығын қоя салып, терең бір дем алды да:
- Шырағым-ау, ана содырдың атын мініп нелерің бар еді осы? - деді отты
тағы бір көсеп қойып. - Тып-тыныш отырған үйді азан-қазан қылды ғой. Ана келін байғұсты шырқыратып . . . » [2, 193-б. ] . Мұндағы ананың ақырын күрсінуінен жүрегі елжірегенмен дәрменсіздігі, үй-ішінің шырқы бұзылмауын ойлаған шарасыздығы сезіледі. Суреткер қолданған ишарат - белгі- көңіл күйзелісін, іштен тынуды, іштей егілуді білдіріп тұр.
Көркем бейнені тудыру үшін жазушы кейіпкерді ұлттық қасиетіне лайықтап, төл психикалық қалыбында құюды мақсат етеді. Мұндайда тұрақты ұлттық характерлердің уақытқа тәуелді бола бермейтінін де анықтаған. «Гауһар тас» повесіндегі Салтанат бүгінгі заманда өмір сүргенімен, ұлттың салт-дәстүрін берік ұстанады. Ол өз жарын сүймесе де, ерін құрметтеуі, оны сыйлауы, оның барлық ожар мінездеріне шыдайды. Күмәні басым болса да отбасылық бақытқа талпынады. Мұнда жазушы ұлы сезімді жырлаудың жаңа пішінін көздеген. Сюжет желісінде тікелей жеткізілер ғашықтық сарындары жоқ болса да, автор оны кейіпкерлердің ұлттық тәліммен астасқан әрекетіне, ойлау, сөйлеу машығына жүктеген. Мұндай астарлы, ишарат-тұспалды сипаттаудың өзі бейнелеудің ұлттық жүйесі болып табылады. Жазушы танымында кейіпкерді қай замандікі деп емес, нені пернелеп отыр деп пайымдау керек. Халық бойында сақталған наным-түсініктен туған кейіпкер қашанда өз жолымен жүріп отырады. Тұрақты ұлттық характерлерге ешбір мезгіл мінезі әсер ете алмайды. Қалыптасқан халықтық дәстүр кейіпкерлерді контраст бейнеде суреттеуге әкелген. Д. Исабеков контрастықты халық қасиетін ашудың жолы әрі ұлттық характердің заман ағымына қарамай тұрақты болатынының кепілі ретінде пайдаланған.
Аталмыш туындыда сыйластық, қимастық, әдептілік ұлт әдемілігі өте жоғары қойылған. Сөйтіп ұлттың психикалық пішінін әдемілік пен көргенділік құрайтынын дәлелдеген.
Ал «Шалдар» әңгімесіндегі Қарекең қарттың баласы - Ерғабылдың ойда жоқта апыр-топыр үйленуі қарттың көптен діттеп жүрген ойының күл-талқанын шығарады. Ол ойы - көрші ауылда Ерғабылға айттырғалы жүрген, өзі әкесін жақсы танитын сын-сымбаты мен мінез-құлқы келіскен қыз бар еді. Бұрынғы ата-баба ізімен сол қызды баласына «құдай қос көрсе, жекжат боламыз түбі» деп алып бермекші болып жүрген Қарекең мұраты орындалмады. Дегенмен де бұрынғының салтымен Қаракең көрші колхоздағы құдасының үйіне жол тартты. Қазақы салт-дәстүр жолымен құдасы Молдабайдың алдынан өтуі, екі құданың бір-бірімен сыйластығы - бәрі-бәрі сәтті баяндалған. Жазушы қазақы мінез-құлықты, ұлттық психологияны, отбасы ғұрпын шынайы жеткізген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz