Психикалық даму мүмкіндігі шектеулі бар балаларға оқу үрдісін қабылдау қиындығы


Психикалық даму мүмкіндігі шектеулі бар балаларға оқу үрдісін қабылдау және танымдық қабілеттерінің қалыптасу қиындығы тән құбылыс. Танымдық белсенділікті психологиялық -педагогикалық құбылыс ретінде анықтау, бұл даму мүмкіндігі шектеулі балалардың тұлғалық сапасының ерекшелігіне талдау жасауға, тәрбиелеу мен оқыту үрдісін қалыптастыру жағдайлары мен құралдарын қарастыруға мүмкіндік береді. Себебі меңгерілген білімнің сапасы мен беріктігіне тек балаларды оқыту, дамыту және тәрбиелеудің нәтижесі емес, сонымен қатар балалардың өзіндік танымдық іс -әрекетіне қатынасының қатысуымен тәуелді болып келеді. Танымдық белсенділік баланың психологиялық- денелік дамуының алғы шарты мен нәтижесі болып табылады. Осыған байланысты балалардың жоғары психикалық үрдісін қабылдау, зейін, ойлау ерекшеліктері анықтайды. Барлық психикалық танымдық үрдістердің ішінен ойлау жетекші үрдіс болып табылады. Демек оқыту үрдісінде ынталандыру- бұл ең алдымен бала ойлауын дамыту болып табылады. Танымдық қабілетті дамыту ойлау қызметін жетілдірумен тығыз байланысты. Баланың ойлау қабілетін дамыту мәселесі мектеп тәжірибесінде үлкен орын алады. Оқушы қабілетіне қарай ең басты мәселені айыра білсе, демек ол мәнді тапсырмаларды орындай алады. Ойлану - дамушы құбылыс және ол адам басында үнемі жұмыс күйінде кездеседі. Ойланудың негізгі қызметі жұмбақ мәселелерді шешу. Мәселелердің шешілуі адам басында реттеліп отырады. Ойлаудың дамуы дегеніміз - оның мазмұны мен формасының өзгеруі, ол оқушының танымдық қызметі барысында пайда болады. Әдетте психологияда ойлаудың үш түрі қарастырылады:
1) Практикалық - қимылдық;
2) Көрнекі бейнелік;
3) Сөйлеу - логикалық.
Заттық әрекеттік ойлаудың көрініс сипаты: қалыптасқан жағдайды өзгертудегі ой ісі белгілі затқа тікелей бағытталған нақты әрекетпен бірге жүреді.
Көрнекі бейнелі ойлау заттар мен құбылыстардың тікелей өздері емес, олардың есте қалған елес, тұрпаттарын пайымдаумен орындалады. Мұндай ойлауда заттың тұтастай сипаты толық әрі жан жақты көрініс береді.
Сөзді логикалы ойлау қызметі тілдік құралдарға сүйеніп, ойлау процесі өзінің тарихи және онтогенездік дамуының соңғы кезеңдерінде пайда болған. Сөзді логикалық ойлау тікелей бейнеге ие болмаған түсініктерді, логикалық құрылымдарды пайдаланады.
Ойлау баланың таным әрекетінің ең жоғары түрі. Ойлау сөйлеу әрекеті арқылы іске асады. Ойлау нақты сұрақтарға жауап беруді іздеуден басталады. Сондықтан оқушының ойлау қабілетін ойдағыдай дамыту үшін тиімді технология мен тәсілдер, ойын түрлерін қолдану арқылы арнайы жұмыстар жүргіземіз. Оқушының ойлау қабілетін арттыру мақсатында жұмыстар ойластырып, ұйымдастырмас бұрын оқушыларда ойлаудың үш түрінің қандай деңгейде екеніне диагностика жасаймыз. Ол үшін біз Р. С. Немовтың әдістемесін қолданып «Бұл жерде не артық», «Топтарға бөл», «Равен матрицасы» әдістемелерін көркем логикалық ойлау деңгейін анықтауға, ал «Лабиринт арқылы өт», «Фигураларды кес», «Сызықтармен қорша», «Рубик кубигы» әдістемелерін қимылдық деңгейін анықтауға пайдаланамыз.
Сөздік логикалық ойлау деңгейін анықтауда мына әдістемені пайдаланамыз. «Ұғымды анықтау, себебін табу, айырмашылығы мен ұқсастығын табу». Оны мына сұрақтар арқылы анықтауға болады:
Таңертең адамдар таңғы тамағын ішеді. Ал түсте және кеште қандай тамақтарын ішеді?
Күндіз дала жап жарық, ал түнде ше?
*Үш қыз бір сыныпта оқиды. Айгүл, Гүлназ, Айнаш. Айгүл Гүлназдан үлкен, Гүлназ Айнаштан үлкен. Кім сонда үлкені? т. б.
Жоғарыда көрсетілген әдістемелер арқылы ойлау деңгейлерін анықтап алғаннан кейін түрлі ойындарды сабақ барысында мазмұнына сәйкес ұйымдастыруға болады. Выготский: «Әр баланың өзінің деңгейі болатындай әр балаға берілетін тапсырманың көлемі оның деңгейіне лайықталып беріледі. Әр баланың өзінің даму зонасында жетілдіру керек» деген екен. Сондықтан әр баланың жан дүниесіне үңілуден бастап, өзіндік ерекшеліктерін зерттеп, біліп алған соң, олардың қабылдау деңгейіне қарай іріктеп, талдап, қолданамыз. Оқыту-тәрбиелеу жұмысын бағдарлама талаптарына сәйкес ойын түрінде ұйымдастыра отырып, баланың ойлау қабілеттін арттыруға жағдай жасау қажет. Бала ойын барысында айнала құбылыс сырын танып сезінеді, себеп-салдарлық байланысты және тәуелділікті анықтауға тырысады. Айналадағы өмір құбылыстарын, ерекшеліктерін байқай отырып, білуге қызығушылығы туындайды, осы сезім оны талпыныстарға жетелейді. Ойын негізінде ойлай отырып, тапсырмалары өзінше зерттеп, орындау, өзінше шешім жасау өз ойындағысын айту жағдайларына мүмкіндік туғызылса ғана бала еркін ойлы, өзіне сенімді, ерік-жігерлі, дүние танымы кеңейген, сөйлеу тілі жақсы қалыптасқан, болашаққа қызығушылығы оянған дара тұлға ретінде жан-жақты дами алады. Ойлау қабілетін дамытуға арналған ойын түрлерінің оқу, жазу, тіл дамыту, сабақтарында қосатын үлесі зор. Мысалы: «Бұл не?» ойынын алайық. Бұл ойынның мақсаты балаларға сөздердің дыбыстық құрамын анықтай білуге және кеспе әріптерден сөз құрай білу дағдыларын дамытуға үйретеді. Ойын ережесі: суреттердің атын атап, алғашқы дыбысын оның қандай дыбыс екенін табу керек. Мысалы: алма, өрік. Енді осы сөздерді кеспе әріптерден тауып құрау керек.
«Бұл кім? Бұл не?» ойыны.
Плакатқа кім? сұрағының астына адам, не? сұрағының астына ойыншық бейнеленіп, қалташалар жасалады. Оқушы, қыз, мәшинә, доп, ата, әже, үстел, орындық т. б. суреттерін өз орындарындағы қалташаларға салады. Сөйлем құрап дыбыстық талдау жасалады, буынға бөлінеді.
«Сөз ойла, тез ойла» бұл ойынды кез келген әріпті өткенде пайдалануға болады. Мысалы: « А» дыбысын өткенде « А» дыбысынан басталатын сөз ойлау, оған белгілі уақыт белгілеп, кімнің көп сөз ойлағанын айту.
«Ойлан, тап» ойыны.
Сөздің бірінші буынын атап
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz