Даму психологиясы пәні мен міндеттері


даму психологиясының пәні мен міндеттері
Пәннің міндеттері: Төмендегідей білімдермен қамтамасыз ету:
- даму психологиясының пәні мен міндеттері туралы;
- осы пән туралы шет ел жєне кеңес психологиясының даму тарихы жайында;
- даму психологиясы аумағында құрылған әдістемелік және теориялық зерттеу негізі, әдіснамалылығы туралы;
- даму психологиясында қолданылатын әдістерді жинақтау және эксперименттік
зерттеу кезінде қалыптасқан және түзету әсерінен алынған ақпараттық мәліметтерді талдау туралы;
Даму психологиясы- студенттерді дайындау, олардың білім деңгейін көтеру жүйесіндегі негізгі пәндердің бірі. Даму психологиясы пәні негізінде студенттерді адамның жеке басының дамуы мен қалыптасу заңдылықтары жайындағы біліммен қаруландыру.
Зерттеу обьектісі - бала жасының даму ерекшеліктері, оның жеке басының қалыптасу заңдылықтары.
Зерттеу пәні- жеке адамның психикалық дамуындағы жас даму психологиясы.
Даму психологиясының мақсаты онтогенездің әр түрлі сатыларындағы психикалық даму мәселелері бойынша негізгі теориялар мен тұжырымдамалар туралы студенттерде жүйелі түсініктерді қалыптастыру.
Даму психологиясының міндеттері:
1. Жас ұғымының психологиялық ерекшеліктерін, жас даму заңдылықтары мен механизмдерін зерттеу;
2. Даму психологиясының жалпы және жеке әдістерімен танысу.
2. Балалардың психикалық даму проблемасы, бұл дамудың қайнар көздері мен заңдылықтары даму психологиясы үшін әрқашанда басты проблема.
Даму психологиясының зерттеу әдістері
Әдіс ғ ылыми білім жүйесін қалыптастыру және негіздеудің жолы болып табылады. Сонымен бірге болмысты тәрбиелік және теориялық тұрғыдан игерудің тәсілімен қимыл әрекеттерін жүйеледі. Даму психологиясында психологияның зерттеу әдістері қолданады.
Бақылау- зерттеудің ғылыми әдісі баланың психикалық даму ереекшелігіне байланысты мәселелерді суреттеп оның ішкі мәнін түсіндіруге және әрбір фактіні жүйелеуде жүзеге асады. Бпақылау әдісінің негізгі тиімділігі психикалық құбылыстарды табиғи жағдайларда зерттеу мүмкіндігі мол болуы.
Сырттай бақылау - сыналушының әлеуметтік психологиялық құбылысын сырттай зерттелуші адамдармен, топпен қарым-қатынасқа түспей-ақ зерттеп мәліметтер жинақтау.
Өзіндік бақылау - адамдардың өзін-өзі бақылап өзінің ішкі жан дүниесін қалыптасуымен тану жолы.
Эксперимент - баланың психикалық дамуына байланысты психологиялық деректердің ашылуына жағдай жасау мақсатында зерттеушінің сыналушы адамдардың не топтың іс-әрекетіне белсенді араласуы.
- табиғи эксперимент- ойын, оқу, еңбек қарым-қатынасының жағдайларында жүргізіледі. Ал адам өзінің эксперименттік сынауда екенін сезбейді.
- зертханалық эксперимент- арнайы жағдайларда жүргізіледі. Арнайы жабдықтар пайдаланады. Сыналушының әрекеттері нұсқаулармен белгіленеді. Сынаушы экспериментке түсетінін сезеді. Бірақ оның толық мәнін аңғармауы да мүмкін.
Тестілеу - әрбір жастың белгілі бір психологиялық сапаларын сынақтан өткізіп анықтау.
- психологиялық тест - жас ерекшелігіне байланысты сыналушының жеке бсының кейбір ерекшеліктерін анықтау үшін орындалатын қысқа мерзімді, шағын стандартты сынақ тапсырмаларын береді. Қазіргі таңда адамдардың ақыл ойын даму деңгейін, бағыт-бағдарын, қабілетін, психологиялық ерекетке келу мүмкіндігіне кәсіби әрекет қабілеттерін тұлғалық сапаларын анықтаушы тест жеке қолданылады.
- Құжаттарды талдау әдісі- адамдардың қызымет іс-әрекет өнім талдауға арналған жалпы психологиялық әдістердің бір түрі құжатты талдау әдісі сапалық және сандық болып ажыратылады.
- Құрастырып жобалау әдісі - жас ерекшелігіне байланысты құбылыстарды таңба күйіне келтіру және адамдардың іс-әрекетінің әр түрлі іс-әрекетін жасанды құрастырған ортада ұйымдастыру.
- Сауалнама әдісі - жас ерекшелігіне байланысты кейбір теориялық факторлардың сыналушы іс-әрекетіндегі қолдану айқындылығын анықтау.
-Биологиялық әдіс - жеке адамдардың қалыптасуындағы өзекті жағдайлар өмір жолы дағдарысты кезеңдер, әлеуметтенудегі ерекшеліктер анықталады.
-Салыстырмалы генетикалық әдіс - әрбір жастағы психологиялық даму кезеңдерін салыстыру арқылы зерттеу.
-Социометрия - әлеуметтік психология зерттеу әдісі. Бірлікті іс-әрекетнемесе оқиғаға арласу мүмкіндігін анықтау мақсатында шағын топтың әр мүшесін жеке сауалға тарту әрекеттері.
Жас ерекшелік психологияда зерттеу әдістері әрбір жастағы зерттеу проблемасына сай әдістер жүктеледі. Жас ерекшелік психологиясы пәнінің әдістерін жүктеу барысында көптеген ғұламалар жүктеу жүргізді. Солардың бірі 1910 ж. А. Бине баланың интеллектісін зерттеп әр жастағы балаға арналған сұрақтың бұл түрін тест деп атайды. Бұдан кейін интеллект анықтау коэффицентті деген ұғым енгізіп IQ әріптерімен белгіленеді.
Осыдан барып ақыл-ой коэффицентінің формуласы шығады.
Тест
Тест (сынақ) - психологияда адамның жеке басындағы психологиялық ерекшеліктері мен қабілетін, ақыл-ой деңгейін беліілі нормалар тұрғысынан іздестіретін әдіс. Сынақ әдісі арқылы адамның меңгерген білім деңгейі мен ықылас ынтасы да зерттеліп, оның нәтижелері салыстырмалы түрде қорытындыланады. Қазіргі күнде тест әдісі кеңінен қолданылады. "Тест" - ағылшын сөзі, мағынасы "сынақ" дегенді білдіреді. Тест - адам психологиясы мен қылықтарының сапалық және сандық қасиеттерін, алдын ала берілген стандартты нормалармен салыстыра отырып бағалайтын психологиялық зерттеулердегі әдіс. [2]
Психология - адамның жеке бірлік ретіндегі психикасын, өзінің сан−алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады. Қыруар тараулары теориялық және практикалық бағыттарды қарастырады, қолданбалы бағыттары да сан алуан: терапевттік, қоғамдық, кәсіпкерлік, кей жағдайда саясаттық және теологиялық. Психологияның негізгі мақсаты - психиканы cубьективттік структураның, сыртқы ортаны байымдаумен, елестетумен жұптасқан айырықша іс-әрекеттің негізі ретінде зерттеу.
[
Этимологиялық деңгейде психология рух пен руханиятты (көне грекше: ψυχή - рух) зерттеу (көне грекше: -λογία - сөз, ғылым, тану) деп танылады. Өзінің грекше мағынасында бұл зерттеу вегетативттік (жан дүниесі мен рухани болмысы), сезімдік (ниет-пиғыл, байым, әрекет), интеллективттік (ақыл-ой) функцияларымен шектеледі. Алайда психология - ақыл-ой қызметтерін зерттеумен бірге, рухани себеп-салдар әдістемесі, рухани жекешілдігінің, тұлға ішіндегі ақиқатты зерттеу. Ақыл-ой - тек комбинация мен арақатынас мекені емес, ол абстракция мен материалдық қатынас арқылы адам затын ойлау әрекетіне икемді нәрсе ретінде анықтайды. Осы тұста адам мен жануар арасындағы айырмашылық көрінеді.
Психологияның зерттеу объекті - осы күннің өткен ғасырлардан бері келе жатқан дау мен талқылаудың тақырыбы. Бұл күрделі дауға шешім табатындай пікірлер қалыптасқан әдет-ғұрып бойынша бірнешеу, атап айтсақ, психологияның зерттеу объекті - мінез-құлық пен оның қалыптасуы; ойлау үдірістері; эмоциялар мен пейіл; тұлға; адамдар арасындағы қарым-қатынастар, т. б.
Психологияның әртүрлі тараулары қолданған әдіс (клинакалық немесе тәжірибелік), немесе адамның әрекеті (жұмыс, еске салу, есте сақтау, еске түсіру, сезу, тәлім тану, т. б), немесе зерттеу бағыты (бала дамуы мен руханияты, Келбет руханияты, жануар жан дүниесі) арқылы ажыратылады.
Психологияның кей тараулары басқа ғылымдармен бірге немесе өзара көрші зерттеу өрістері ретінде немесе бір зерттеу өрісінің салалары ретінде үйлеседі. Бұл тараулар, мысалы психологияның бір тарауы - рухани бұзылыстарды зерттеу үшін патологияны белгілеу өте күрделі, тұлға патологиясын ақыл−ой паталогиясынан ажырату - одан әрі күрделі.
Ақыр соңында психология мен пәлсапа арасында көп уақыт бойы қарым-қатынас өте жақын болды, ажыратылмас десе де болар, себебі бұрын психология пәлсапаның бір бөлімі болған, ал пәлсапафизиканың ескі мағынасында (ағлақ, сана, іс әрекет, т. б. қалыптасқан пәлсапа тақырыптары психологияда кездеседі) бір бөлімі екендігін де ұмытпау қажет. Осылай психологияның кей салалары пәлсапалық тақырыптарды зерттеуге бағытталған (персонализм, гуманизм, биологизм, т. б. ) .
Психологияны зерттеу өрісінде басқа да антропология, социология сияқты қоғамдық ғылымдармен де соқтығыстыруға болады.
Ең аяғында психологияны теориялық немесе практикалық жағынан анықтау - бүгінгі күннің шешілген мәселесі емес.
[Психологияның тарихы
Ежелгі дамуы
Бұл "жан туралы ілім" деген ұғымды білдіреді. Психологиялық ғылыми білімдердің тарихы екі кезеңге бөлінеді. Оның біріншісі - шамамен 2500 жылға созылған, көшбасы Аристотельден басталатын жан дүниесі жайлы тұрлі ой-пікірлердің ілкі тарихы. Осы кезең ішінде психология басқа ғылымдармен, әсіресе, философиямен қосақтаса дамып келеді. "Психология" терминінің бірінші қолдануы 1590 жылы Неміс схоластик пәлсапасышы Рудольф Гөкельге беріледі. Алайда одан алты ғасыр бұрын Хорват гуманисті - Марко Маурулиц бұл терминді өзінің кейіннен жоғалған еңбегінің есімі ретінде қолданған. Бұл әрине терминнің ең бірінші қолданылуы болмауы мүмкін, бірақ бұл бүгінгі күндегі терминнің ең алғашқы құжатталған қолданылуы болып есептеледі.
Бұл термин қауымның кең қолданулуына Неміс идеалист пәлсапасышысы Кристиан Вольфтің (1732-1734) Psychologia empirica және Psychologia rationalis (1732-1734) атты еңбегі жарық көргеннен бұрын енбеген. Эмпирикалық және рационалды психологиялардың арасындағы бұл ажыратылуы Дидьероның Энциклопедиясынан алынып, Францияда Мэң дө Биғаңның көмегімен кең тараған.
Өзінің "жан" мен "тану" деп көне грек тілінен аударылған түбірлеріне қарамастан, психология ғылымы өзінің діни мәнінде адам жанының зерттеуі болып тек одан көп уақыт өткеннен кейін, христиандық заманда танылды. Психология медицинаның тарауы ретінде танылуы Томас Уиллистің ми функцияларының мәніндегі "Жан Доктринасы" мен анатомиялық трактаты "Хайуан Жандар Жайлы Екі Пікірлесу" ("De Anima Brutorum") атты еңбектерінде көрінеді.
19шы ғасырға дейін психология пәлсапаның бір тармағы ретінде қарастырылды.
Ерте жаңа заман
1879 жылы "психологияның атасы" болып танылған Вильхельм Вундт (1832-1920) Германияның Лейпциг Университетінде психологиялық зерттеу зертханасын ашты.
Вильям Джеймс, америка пәлсапасышысы өзінің "Психология Принциптері" (1890) атты жемісті кітабын жариялап, келесі жылдарда психологтардың назарын жинақтаған көптеген мәселелерінің іргетасын қалады.
Бұл өріске өздерінің үлестерін қосқан, тәжірибелік түрде еске салу, есте сақтау, еске түсіру функцияларын Берлин Университетінде зерттеген Херманн Эбингауспен бірге қазір классикалық шарттастық болып танылған тәлім тану процесін зерттеген орыс физиологы Иван Павловты атап айту керек.
Осы тұста, 1890 жылдары Аустрия дәрігері, невролог, тәжірибелік психологияда бейресми білімі бар Зигмунд Фрейд психотерапияның жаңа әдісі - психоанализді дамытты. Фрейдтың ақыл-ой жөніндегі түсініктері интрепретативттік және интроспективттік әдістемелерге кең шамада негізделген, ақыл-ой дерттілігін шешу мен психопатология үстінде жинақталған. Фрейдтың теориялары кең тараған, оның себебтерінің үлкен бірі - теориялардың сексуалдылық және жаншу психологиялық дамудың негізгі аспектілері ретінде қарастыру сияқты мәселесін қозғау. Бұл сол кездің аттеріс мәселері болып саналған, ал Фрейд болса олардың оқымысты қоғам ішінде кеңінен қарастырылуына жол ашқан. Фрейд теориялары жалпы психология теорияларына ықпалы зор.
Психология салаларының таптастыруы мен оның әдістемелері
№ САЛАЛАРЫ СИПАТТАМА 1. Еңбек психологиясы Адамның еңбек іс-әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін, еңбек дағдыларының даму заңдылықтарын, еңбекті ғылыми негізге сүйене отырып ұйымдастырады . 2. Педагогикалық психология Оқу, тәрбие істерінің оқушы санасына қалайша әсер ететіндігін зерттейді. Оқу материалының мазмұны мен көлемін анықтау, балалардың жас мөлшеріне лайықты оқулықтар мен бағдарламалар құрастыру кейбір оқушылардың екінші жылға қалу, мектептен шығып кету себептері, тәрбиеленуі қиын балалармен жұмыс істеудің жоспары, жыныс тәрбиесі, бағдарламалап оқыту (алдын-ала жасалынған үлгіге қарап оқыту әдісін ұтымды етіп ұйымдастыру), педагогикалық психология зерттейтін ғылыми мәселелердің бір тобы. Тармақтары: 1. Оқыту; 2. тәрбие; 3. Ұстаз. 3. Медициналық психология Дәрігер мен науқастың арасындағы қатынасты, олардың мінез-құлқының түрлі құрылыстарын зерттейді. Емдеу мен психотерапияның психологиялық әдістерін жасаумен айналысады. Ол өз тарапынан нейропсихология, психофармакология, психотерапия, психопрофилактика, психогигиена дейтін салаларға бөлінеді. 4. Инженерлік психология Адам мен техниканың қарым-қатынасынан туындайтын психологиялық мәселелерді зерттейді. «Адам-машина» жүйесінде әрекетті тиімді етіп ұйымдастыру, басқару жүйелерінің құрылымын үйлестіру, мұндағы творчестволық міндеттерді тиімділікпен шешу, информацияны сақтау, өңдеу, оны жобалау, оперативті модельдер қалыптастыру үлкен орын алады. Негізгі проблемаларына операторларды кәсіптік тұрғыдан таңдап алу, оларды үйрету және жаттықтыру, тиісті информациялық модельдер мен басқару орындарын жобалау, операторлардың хал-күйін анықтау, техникалық эстетика мен эргономиканың, ЭВМ-нің алгоритмдеріне қойылатын талаптарды тұжырымдау, түрлі агрегатты басқарудағы адамның дара психологиялық өзгешеліктерін, оның ерік-сезім сферасын, интеллект деңгейін зерттеу жатады. Мұндағы инженерлік психологиялық міндеттерді шешу консультациялық және сан салалы тәрбие жұмысымен айналысатын ұйымдар үшін қолданбалық мәні зор. 5. Жас ерекшелік психологиясы Қалыпты адам психологиясының даму заңдылықтарын нәрестелік кезеңнен қарттық кезеңге дейінгі психологиялық ерекшеліктер мен заңдылықтарды зерттейтін психология саласы. Тармақтары: 1. Балалар; 2. Жеткіншектер; 3. Жастар; 4. Ересектер (акмиология) ; 5. Қарт адамдар психологиясы (геранто психология) . 6. Арнаулы психология Адам дамуының бірқалыпты даму жолынан ауытқуы. Ми ауруына ұшыраған психикалық күйзелістері мен осы саладағы себептерді қарастырады. Тармақтары: 1. Олигофрено психология - ми зақымы ауруымен туылған адамдардың психологиясының зерттелуі; 2. Сурдо психология - саңырау немесе керең адамдардың психологиясын зерттейді; 3. Тифло психология - нашар көретін немесе соқыр адамдардың психологиясын зерттейді. 7. Салыстырмалы психология Салыстырмалы психологияға зоопсихология, этология дейтін салалар кіреді. Мәселен, балалар психологиясы қоғамдық жағдай мен биологиялық факторлардың баланың дүниеге келгеннен кейінге дейін психикалық дамуына тигізетін әсерлерді зерттейді. Салыстырмалы психология жануарлар психикасымен ұқсастықтары мен айырмашылықтарын қарастырады. 8. Әлеуметтік психология Тұлғаның әлеуметтік - психологиялық көріністерін, индивидтің басқа адаммен өзара қарым-қатынасын, адамдардың психологиялық үйлесімдігін, үлкен топтардағы әлеуметтік психологиялық көріністерді зерттейді. 9. Әскери психология Адамның соғыс жағдайы кезіндегі мінезі, соғыс те: хникасын меңгеру мен басқару әдістерін зерттейді
Психологиядағы жас кезеңдеріне топтастыру
Бала жасын кезеңдерге бөлудің жобасы, біріншіден, жабайы өмірден алынған, екіншіден, психология ғылымы тұрғысынан дәлелденген болатын. Жасты кезеңдерге бөлуді жабайы өмір тұрғысынан дәлелдеген Г. Гете мен Л. Н. Толстой болды. Л. Н. Толстой бөбек пен жеткіншек балалардың балалық және ересек туралы әдейі кітап жазып, сол кітабын балалардың есеюіне арнаған болатын.
Қазақ еліндегі адамдар өзге халықтар сияқты балаларды қай жасында қандай өзгерістерге ұшырайтынын бақылап, оның есеюіне орай жасты неше түрлі кезңдерге бөлген.
Туғаннан 1 жасқа дейінгі кезең-нәресте жас кезеңі (бесік жасына0-7 және еңбектеу жасына 7-12 ай ) ;
1-ден 3 жасқа дейінгі кезді- бөбектер жасы;
3-тен 7 жасқа дейін сәби жасы;
7-ден 11 жасқа дейін періште жасы;
11-ден 15 жасқа дейін бозбала жасы;
15-тен 20 жасқа дейін үлкендер жасы
Жасты ғылыми тұрғыдан тиісті кезеңдерге бөлу, сол кезеңге тән баланың есеюіне әсер ететін себептері: үлкендердің балаға қоятын талабы мен баланың өзбеттілік ұмтылуының арасындағы қайшылық дағдарыс кез кездеседі. Психологиялық тұрғыдан осы процестерді зерттеп жас кезеңдерін төмендегідей топтастыруға болады.
- Жаңа туған бала - 1 күннен -10 күнге дейін;
- Емшек жасындағы бала - 10 күннен - 1 жасқа дейін;
- Ерте балалық шақ- 1 жастан-3 жасқа дейін;
- Бірінші балалық шақ- 4 жастан - 7 жасқа дейін;
- Екінші балалық шақ 8 жастан-12 жас (ер балалар), 8-11 жас (қыз балалар) ;
- Жеткіншек шақ- 13 жастан 16 жасқа дейін (ер балалар), 12 жастан 15 жас (қыз
балалар) ;
- Жас өспірімдік шақ - 17 жастан 21 жасқа дейін (ер балалар), 16-20 жақа дейін (қыз
балалар) ;
- Кәмілеттік жастың бірінші кезеңі - 22-35 жасқа дейін (ерлер), 21-35 жасқа дейін (қыз
балалар) ;
- Кәмілеттік жастың екінші кезеңі- 36-60 жасқа дейін (ерлер) ; 36-50 жасқа дейін
(әйелдер) ;
- Кексе жас- 60-74 жасқа дейін (ерлер) ; 56-74 жасқа дейін (әйелдер) ;
- Қарттық жас - 75-тен 90 жасқа дейін;
- Ұзақ жасау - 90 жас одан жоғарылар.
Сәбилік психикалық жас.
Онтогенезде тең уақыт ішінде адам психикасы дамуы жағынан әр түрлі «қашықтықтан» өтеді. Бала психикасында алғашқы үш жылда болатын сапалық қайта өзгерістер айтарлықтай қомақты болады. Сондықтан адамның туған сәтінен есейгенге дейінгі психикалық дамуының орта жолы қайсы деп ойланған көптеген психологтар оған үш жасар кезді жатқызады.
Үш жасар бала өзін-өзі күтуге қабілетті, айналасындағы адамдармен өзара қарым-қатынас жасай алады. Мұның өзінде ол қарым-қатынастың сөздік формаларын ғана емес, мінез-құлықтың қарапайым формаларын да игереді. Үш жасар бала едәуір белсенді, айналадағыларына түсінікті тәуелсіз болады.
Ерте сәбилік балалық шақ балалық белсенді сөйлеуінің қалыптасу кезеңі. 1, 5 жасқа дейін бала 30-40 тан 100-ге дейін сөз үйренеді және оларды өте сирек қолданады. Ол әлі тым мүдіріп сөйлейді. Тілді меңгерудегі елеулі өзгеріс шамамен 1, 5 жаста жүзеге асады. Сәби бастамашыл болады. Ол заттардың аттарын атап отыруды үздіксіз талап ете бастайды. Сөйлеудің даму қарқыны арта түседі. 2 жастың аяғында бала 300-ге дейін, ал 3 жастың соңында 1500-ге дейін сөздер қолданады.
Грамматикалық құрылысты игерудің өз даму кезеңдері болады. бірінші кезең 1-2 жасқа дейін түбірлі сөздерден құралатын сөйлемдер кезеңі. Бұл кезеңде бір буынды және екі буынды сөйлемдер ажырытылады. Тілдің грамматикалық құрылысын дамытудың екінші кезеңі 3 жасқа дейін созылады. Баланың сөйлеуі біршама байланысты сипатқа ие болып, заттық дүниедегі көптеген қарым-қатынастарды оның түсінгендігін білдіруге мүмкіндік береді.
Ерте сәбилік шақтың соңына қарай іс-әрекеттің жаңа түрлері қалыптаса бастайды. Олар осы жас шегінде кең жайылған формаға жетеді және біртіндеп психикалық дамуды анықтай бастайды. Бұларға ойын мен жемісті іс-әрекет түрлері жатады. Іс-әрекеттің бұл түрлеріің болашақта мәнді болатынын ескеріп, олардың ерте сәбилік шақта қалыптасуына жағдайлар жасау қажет.
Заттық іс-әрекеттен алынып, жинақталған әсерлер баланың тілін дамытудың негізі болады. Сөздің артында ақиқат дүниенің бейнелері тұрған жағдайда ғана, сол сөзді игеру жемісті болады. Сөйлеуді игеру нәрестелік шақтан-ақ басталған қарым-қатынас қажеттілігінің әрі қарай дамуына байланысты жүзеге асады. Сөздік қарым-қатынас баладан қатынасу қабілетін талап еткен жағдайда, яғни үлкендер оны түсінікті сөйлеп, өз ойынайқын сөздермен құра білуге көндірген жағдайда пайда болады. Егер үлкендер баланың әрбір тілегін қағып алып отырса, онда оның тілінің дамуына ешқандай түрткі болмай қалады. Егер сәбилік шақта тілді дамыту үшін өте сезімтал кезең болып табылады: нақ осы кезде сөйлеуді игеру аса тиімді өтеді. Егер бала қайсібір себептермен осы жылдарда тілді дамыту қажетті жағдайлардан айырылып қалса, онда кейін жіберілген қателіктердің орнын толтыру өте қиын болады. Сондықтан екі-үш жаста баланың тілін дамытумен қарқынды шұғылдану қажет.
Мектепке дейінгі психикалық жас.
Мектепке дейінгі балалық шақта организмнің қарқынды жетілуі жалғаса түседі. Жалпы өсумен қтар ткандар мен мүшелердің анатомиялық қалыптасуы және функциялық дамуы жүріп жатады. Ми салмағы 1110 грамнан 1350 грамға дейін өседі. Үлкен ми сыңарлары қабықтарының реттелгіш ролі мен оның ми қабығы астындағы орталықтарды бақылауы арта түседі. Шартты рефлекстердің пайда болу жылдамдығы артып, әсіресе екінші сигнал жүйесі қарқынды дамиды.
Мектепке дейінгі жас бала дамуының жаңа әлеуметтік ситуациясының пайда болуымен сипатталады. Мектеп жасына дейінгі баланың айналадағы адамдар арасында алатын орнының ерте сәбилік шақтағы балаға қарағанда елеулі айырмашылығы болады. Баланың қарапайым міндеттер өріс пайда болады. Баланың үлкендермен міндеттер өрісі пайда болады. Мектепке дейінгі жас бала дамуының жаңа әлеуметтік ситуациясының пайда болуымен сипатталады. Мектеп жасына дейінгі баланың айналадағы адамдар арасында алатын орнының ерте сәбилік шақтағы балаға қарағанда елеулі айырмашылығы болады. Баланың қарапайым міндеттер өріс пайда болады. Баланың үлкендермен міндеттер өрісі пайда болады. Ойын іс-әрекеті ырықты зейін мен ырықты естің дамуына көмектеседі. Ойын жағдайларында балалар лабораториялық тәжірибелер жағдайларындағыдан зейінін жақсы жинақтайды және көбірек есте сақтайды. Зейінді жинақтау, есте сақтау және еске түсіру, яғни саналы мақсат балаға ойын үстінде ертерек және оңай ажыратылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz