Даму психологиясының теориялық және практикалық міндеттері


Жоспар
1. Даму психологиясының пәні.
2. Даму психологиясының теориялық және практикалық міндеттері.
3. Даму психологиясының басқа ғылымдармен байланысы.
Жас және даму психологиясы. Қазіргі заманғы психология ғылымы пәндер жүйесін құрайды, соның ішінде негізгісі жас жеткіншек психологиясы немесе адам дамуының психологиясы. Ол адам психикасының дамуы, психикалық процесінің онтогенезді және тұлғаның уақыт бойынша сапа психологиясына жатады. Жас жеткіншек психологиясы ұғымы психология даму деген ұғымды білдіреді, ол дегеніміз хронологиялық жас немесе жас периоды .
Психологиялық даму жас ерекшелік этапы адам онтогенезіне байланысты емес, ол әртүрлі макро және микросхемалық дамуды қарастырады. Сондықтан жас жеткіншек психологиясы психологиялық дамудың бір сатысы, кейде синоним ретінде қолданылады.
Барлық ғылымдар секілді психологияда даму психологиясы сипаттау, түсіндіру, коррекция болжау функцияларын құрайды.
Дамуды сипаттау - феноменологиялық процестердің дамуын толығымен болжайды. Көбінесе, даму психологиясы сипаттау сатысында жүреді.
Дамуды түсіндіру - ол дегеніміз уайым - қайғы жеке бастың оның себептерін және факторларын көрсету.
Түсіндіруде себептерінің схема жүйесі жатыр, кейде ол біртекті (кейде ғана кездеседі), нақты (статистикалық) немесе мүлдем болмауы да мүмкін. Ол біртекті немесе көптекті болады. Егерде түсіндіру «неге олай болды?» деген сұраққа жауап берсе, онда болжау «бұл неге әкеледі ?» сұраққа жауап береді. Осылай, дамудың түсіндіруінде ойлау себебіне тоқталады, ал болжаудың дамуында себептерін зерттеуге тоқталамыз.
Дамудың болжам үшін гипотикалық сипаттауға болады.
Дамудың суреттемесі оның сипатын құруда және зерттеуде, түсіндіру - байланыс орнату, олардың болар себептерін түсіндіріп, себептерін өзгертудің даму коррекциясын басқару болып табылады.
Даму біртекті процесс, оның сапасы және өзгерудің саны, коррекцияның теоретикалық мүмкіндіктері шексіз.
Шектеу - суреттеу мүмкіндіктеріне тәуелді, түсіндіру және болжау - болып жатқан процестерді және обьектілерді ақпарат беріп сипаттайды. Суреттеудің қорытындысы, түсіндіру, болжау және коррекция дамудың моделі жіне теориясы болып табылады.
Модель обьектіге қатысты нақты сипаттам функциясын дәлелденетін болжам мен оның іс - әрекетінде (басқарудың) эффективті әрлеуінің логикалық түсіндірмесі.
Теория және модель түсініктерін дифференциялау үшін 2 критерий қолданылады: жүйелік және эмприкалық.
Осы базада классификация пайда болады:
1. жүйелік те, эмприкалық та жоқ - жай даму теориясы
2. жүйелік жоқ, бірақ эмприкалық бар - даму моделі
3. жүйелік бар, бірақ эмприкалық жоқ - қазіргі даму теориялары
Дамудың барлық теориялары «субьект - орта » жүйесінің жіберілетін пункті ретінде қолданылады. Ол жүйенің ішіндегі қарым - қатынасты анықтамай бір де бір теория құрылуы мүмкін емес.
Әрбір автормен түсетін субьект пен орта арасындағы қарым - қатынас сипаты теория мазмұнын және теориялық ұстанымды (ғылыми бағытта) анықтайды.
Субьект пен орта қарама - қайшылық қатынасынан шығатыны 2 ғылыми бағытта:
1. эндогендік (мұнда негізгі қозғаушы күш субьект болып табылады)
2. экзогендік (қозғаушы күш орта) болып саналады
Мультипликативтілік қатынасы дамуды субьект пен ортаның толық мөлшерлік қарым-қатынастың нәтижесі ретінде қарастырады. Дәл осы қатынас көптеген теориялар негізінде жатыр.
И. И. Павлов және оның әріптестерінің жоғарғы жүйке теориясы, П. К. Анохиннің функциалы жүйесі теориясы, В. М. Бехтеревтың психикалық функциялар динамикалық локолизациясы теориясы, Н. А. Бернштейн теориясы, Л. С. Выготскийдің мәдени - тарихи концепциясы т. б.
Даму психологиясы алдымен фундаментальды теориялық пән болып табылады. Бірақ, онда алынатын білім мен әдіс-тәсілдер қолданбалы салаларда пайдаланылады . Л. Монтада даму психологиясын практикада қолдану саласында жататын 6 негізгі тапсырмаларды бөліп қарастыруды ұсынады:
1. Өмір жолында бағытталу.
2. Даму мен өзгеру жағдайының анықтауышы.
3. Жеке тұлғаның тұрақтылығы мен өзгермелігінің болжамы.
4. Даму және коррекция мақсатын түсіндіру
5. Коррекциялық шараларды жоспарлау.
6. Даму коррекциясын бағалау.
Даму психологиясы пән ретінде адамның уақыт аралығындағы өзгеріс заңдылықтарын және осы заңдылықтардың психикалық өмірдегі фактілері мен көріністерін зерттейді. Зерттеушілірдің барлығы дерлік дамуды уақыт ішіндегі өзгеріс деп анықтауды ұсынады: өзгеріс туралы ұғым және оның уақыт ішіндегі ағымы ешбір күмәнсіз. Ал не және қалай өзгереді деген сұрақтарға жауап алу кезіне қарама-қайшылықтар басталады.
Ю. Н. Карандашев ұсынған үлгіні қарастыра отырып, мұнда қандай нұсқалар мүмкін екендігін қарастырайық.
Бірінші: даму өсу ретінде.
Екінші: даму пісіп-жетілу ретінде.
Үшінші: даму жетілдіру ретінде.
Төртінші:даму әмбебап өзгеріс ретінде.
Бесінші: даму сапалық, құрылымдық өзгеріс ретінде.
Алтыншы: даму сандық-сапалық өзгеріс ретінде.
Жетінші:даму, жаңа өзгерістерді еліктіретін өзгеріс ретінде.
Даму барысындағы өзгерістер келесі түрде болуы мүмкін: 1. сандық/сапалық; 2. шексіз/дискретті, секіріс тәрізді; 3. әмбебап/дербес; 4. қайтымды/қайтымсыз; 5. мақсаттылық/мақсатсыздық, бағытсыздық; 6. оңашаланған/интеграцияланған; 7. прогрессивті, эволюциялық/ регрессивті, инволюциялық. Сонымен қатар, даму әртүрлі уақыттық өлшемдерде, фило-, антропо-, онто-, және микродәрежелерде өзгеріс туғыза қарастырылуы мүмкін.
Даму процестерінің жалпы интегралды мінездемесін анықтауда оның жеке белгілерінің категориялары ғана емес, даму толық қарастырылады. Бұл категорияларға өсу, пісіп-жетілу, дифференцаяция, оқыту, есінде сақтау(импринтинг), әлеуметтану (мәдени социогенез) .
Өсу. Даму барысындағы өзгерістер сапалық немесе сандық болуы мүмкін. Тұлға ұзындығының өсуі немесе сөз қорының көбеюі сандық өзгерістерге жатады. Жыныстық даму барысындағы физиологиялық өзгерістер немесе жаңылтпаштардағы сөздердің көпмағыналылығын түсіну сапалық өзгерістерге жатады. Сондықтан, «сан-сапа» атты жұптық категорияда өсу ұғымы дамудың сандық аспектісіне жатады.
Өсу даму барысының белгілі бір аспектісін ғана, яғни даму процестерінің бірөлшемді сандық аспектісін белгілейді. Дамуды өсу аспектісінде ғана қарастырумен шектелу оның сандық өзгерістерін ғана анықтау болып есептеледі, ал білім, ес, жады, сезім және т. б. олардың көлемін ұлғайтумен теңеледі.
Пісіп-жетілу. Дамуды пісіп-жетілу көзқарасынан қарастыру психологияда көп уақыт жетекші орын алған еді. Биологиялық пісіп-жетілуге спонтанды эндогенді жоспарлау арқылы, яғни тұқым қуалаушылық детерминация және өсудің ішкі импульстермен басқарылуы арқылы жүретін процестер қарастырылады.
Мұндай процестерге психологиялық дамуға өте маңызды физикалық өзгерістер - мидың, жүйке жүйесінің, бұлшық ет жүйесінің, эндокринді бездер жүйесінің пісіп-жетілуі жатады. Адамның психофизиологиялық бірлігі, яғни соматикалық және психикалық процестердің байланысы дамудың биологиялық модельдері психикалық дамудың анатомо-морфологиялық пісіп-жетілуін ішкі басқарымды пісіп-жетілу процесі ретінде қарастырады.
Дамудың сыртқы жағдайларын шектеумен қатар, пісіп-жетілу процестерін көрсететін бірнеше белгілер бар: 1. пайда болу және ағымдық үйлесімділігі; 2. белгілі бір жас аралығында пайда болу; 3. жетілу; 4. қайтымсыздық.
Дифференциация. Дифференциация өзінің тар мағынасында бөлшектенбеген бүтіннен әртүрлі бөлшектердің прогрессивті бөлінуі.
Оқыту - бұл көптеген процестердің мінез-құлықтың өзгерісіне әкелетінін түсіндіретін жалпыланған категория. Мінез-құлық өзгерісіне білім алу, есте сақтау, мотив және т. б. жатады. Оқыту кезінде өзгеріс көзі ретінде сыртқы орта (дамудың экзогенді басқарылуы) болғандықтан, оқыту пісіп-жетілуге қарама-қайшы ұғым болып табылады (дамудың эндогенді басқарылуы) .
Оқыту дегеніміз жалпы мағынасында мақсат қою арқылы белгілі бір салада жетістіктерге жетуді білдіреді (мысалы: етістіктерді жаттау, оқуды үйрену, велосипед тебуді үйрену т. б. ) . Бұл ұғымның психологиялық мәні тереңірекке кетуде: тәжірибе негізінде бақылау жасау және жаттығулар арқылы мінез-құлық өзгерістерін зерттеу жатады. Мұндағы өзгерістер нәтижесінде қандай-да бір жетістіктердің болуы, болмауы немесе спонтанды түрде пайда болуы ерекше мәнге ие болмайды. Оқыту өзгерістердің жаңа формаларын зерттеумен қатар, қазіргі кезде бар формалардың өзгерісін де зерттейді.
Жаңа мінез-құлық келесідей процестер нәтижесінде болған жағдайда:
1. жаттығу мен тәжірибеге тәуелсіз функциялардың пісіп-жетілуі; 2. пайда болған психологиялық жағдай (шаршау, сенсорлы адаптация, дәрі-дәрмек әсері т. б. ) ; 3. әсерлесудің туа пайда болған тенденциялары (шартсыз рефлекстер, инстинктивті мінез-құлық) оларды оқытуға жатқызбайды.
Оқыту психологиясының келесі түрлері ерекше қызығушылық тудырады: классикалық негіздеме (И. П. Павлов), оперантты негіздеме (Э. Торндайк), модель бойынша оқыту (А. Бандура), жанама түр арқылы оқыту (К. Халл) .
1. Ойда сақтау( импринтинг) . Ойда сақтау деп белгілі бір үлгігінің қысқа мерзім аралығында әсер етуінің нәтижесінде санамен басқарымсыз, тікелей қандай-да бір нормалар мен әдістерді сипаттайтын процесстерді атайды.
әлеуметтену (мәдени социогенез) . Әрбір адам қалыпты жағдайда қоғамның құрамына белгілі бір қалыптасқан мінез-құлықпен келеді. Бала туған соң өсе келе өзін қоршаған ортамен қатынасқа түседі, алғашында - ата-анасымен, жеке адамдар және топтармен - мектепте, жұмыс орнында т. б. Нәтижесінде ол қоршаған ортаға сай құндылықтармен нормаларды меңгереді. Осындай әлеуметтік-мәдени факторлардың, яғни қоршаған ортамен мәдениетке енуді әлеуметтену деп атайды.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Психолгические оснвы профессиональной подготовки педагогов дошкольного образования. Докт. дисс. на соискание. ученой степени псих. Наук, М., Шерьязданова Х. Т. 1999. -307 с.
2. Жас ерекшелік және педагогикалық психология. М. М. Мұқанов Алматы 1974ж.
3. Возрастная и педагогическая психология // Под. ред. Артур . Владимирович. Петровского. М., 1986
4. Мухина В. С. Возрастная психология. М. 1998.
5. Кулагина И. Ю. Колюцкий В. Н. Возрастная психология М., 2002.
6. 6. Выготский Л. С. Развитие высших психических функций М., 1960
7. Хрестоматия по возрастной педагогической психологии // Под. ред. И. П. Ильясова В. Я. Ляудис. М. 1980
8. Хрестоматия по возрастной психологии // Под. ред. Д. И. Фледштейна. М. 1994
9. Хрестоматия по детской психологии // Под. ред. Г. В. Бурменской. М., 1996
10. Оден Е. Е. Возражденные роды. М., 1997.
11. Практикум по возрастной и педагогической психологии // Под. ред. А. И. Щербакова М. 1989
12. Возрастная и педагогическая психология: Тексты. М., МГУ. 1992
13. Смирнова Е. О. Психология ребенка. М., 1997
14. Детская психология // Под. ред. Л. Л. Коломинского, Е. Н. Панько, Минск, 1988
ГЛОССАРИЙ
Акселерация - (латынша сөз) соңғы кезде байқалып жүрген ағзаның даму процесінің тездеуі, жыныстық жетілудің ертерек басталуы.
Автономдық сөз - (баланың) -«өзі үшін» сөз. Сөздің мәні әртектес заттарды тұрақсыз және өзгермелі байланысы арқылы біріктіре отырып ахуалдан ахуалға қарай өзгереді, айқын еместігімен және көп мағыналығымен сипатталады. Автономдық сөз ересектер сөзін игеруге ауысу кезеңі болып саналады. Ол бірге өскен жастары бірдей балаларда ерекше дамыған болады.
Әрекет - белгілі мақсатты орындауға бағытталған оңашаланған қимыл. Ол қимыл-қозғалыс арқылы орындалатын сыртқы және ақыл-оймен орындалатын ішкі әрекет.
Бихевиоризм - психология ғылымында ХХ ғасырдың басында АҚШ-та қалыптаса бастаған теориялық және тәжірибелік бағыт. Адамды мінез-құлқына қатысты бақастыруды негіз етеді.
Вербалдылық - (латынша - сөз) ауызша сөз.
Гипертироз - қалқанша без қызметінің күшеюі.
Гештальтпсихология - Германияда ХХ ғасырда дүниеге келген идеалисчтік бағыт. Сананың алғашқы бөлшектері тұтас түрдегі «гештальттар» (психологиялық құрылымдар) деп санайды.
Генезис - (грекше - туу, пайда болу, даму) қайсыбір құбылыс, заттың пайда болу сәтін де сол сияқты заңды даму процесін де бейнелейтін ұғым.
Деперсонализация - (латынша - бөлектеу, қашықтату+ жеке адам) жеке адамның құлдырауы, өзіндік «мен» - ге байланысты түйсіктерінен айрылуы.
Дағды - санасыз қайталау нәтижесінде қалыптасатын іс-әрекет түрі. Соның нәтижесінде ол автоматтандырылған әрекетке айналып, оңай, шапшаң орындалады. Дағдының физиологиялық негізі - динамикалық стериотип болады.
1. Психикалық дамуда жас кезеңдер қалай аталады?
вариант1 туғаннан 1 жасқа дейін нәрестелік
вариант2 1-3 дейін сәбилік
вариант3 3-6 дейін мектепке дейінгі кезең
вариант4 барлық жауап дұрыс
вариант5 барлық жауап қате
2. Даму психологиясының мәселелері мен шұғылданған ғалымдады анықта:
вариант1 Б. Н. Ананьев, Л. И. Божович, Д. Б. Эльконин
вариант2 Н. К. Крупская
вариант3 Л. Н. Толстой
вариант4 Ш. Әлжанов, Ә. Садықов
вариант5 А. С. Макаренко
3. Балада шартты рефлекс:
вариант1 жүре қалыптасады
вариант2 туа қалыптасады
вариант3 дағды
вариант4 туа және жүре
вариант5 инсинкт
4. «ЭГОцентрикалық сөйлеу» - деп кім атады?
вариант1 Ж. Пиаже
вариант2 Ж. Ж. Руссо
вариант3 Л. Н. Толстой
вариант4 С. Л. Рубеинштейн
вариант5 Д. Б. Эльконин
5. Шартты және шартсыз рефлекс ұғымдарын ғылыми тұрғыда қарастырғандар:
вариант1 В. М. Бехтерев
вариант2 И. П. Павлов пен И. М. Сеченев
вариант3 К. Линей
вариант4 Л. С. Рубейнштейн, А. Н. Леонтьев
вариант5 Ж. Пиаже
6. . Баланың дамуында «өтпелі кезең», «қиын кезең» деп аталады, бұл кезең:
вариант1 бастауыш мектеп кезеңі
вариант2 нәрестелік кезең
вариант3 мектепке дейінгі кезең
вариант4 сәбилік кезең
вариант5 жеткіншектік кезең
7. . Қай кезеңде негізгі іс-әрекет - ойын:
вариант1 мектепке дейінгі кезең
вариант2 бастауыш мектеп кезеңі
вариант3 нәрестелік кезең
вариант4 сәбилік кезең
вариант5 жеткіншектік кезең
8. Адам мінез құлқындағы қозғаушы күші мен шешуші факторы «жыныстық еліктеу» деп атаған ғалым:
вариант1 Л. С. Выготский
вариант2 Ж. Пиаже
вариант3 П. Я. Гальперин
вариант4 В. Штерн
вариант5 З. Фрейд
9. Шәкірттердің психикалық даму деңгейі, олардың «жақын арадағы даму аймағы» дегенді енгізген кім?
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz