Дамыған және дамушы елдердегі білімнің экономикалық эффектісі



Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Дамыған және дамушы елдердегі білімнің экономикалық эффектісі

Жоспары
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Дамыған және дамушы елдердегі білім беру саясаты
2. Білімге әлеуметтік сұраныстың кеңеюі
3. Мектепті демократияландыру проблемасы
Пайдаланылған әдебиеттер

1. Дамыған елдердегі білім беру саласы.
Дамыған елдерде білім беру саласындағы жетістіктер (прогресс) ғылыми техникалық революцияның жаңа кезеңінің сұраныстары мен жоғарғы технологиялық қоғамның қалыптасуы мен байланысты болады.
Өндірістік революция ХІХ ғасырда сауатсыздық пен бастауыштық білім берудің кең дамуын талап етсе, қазіргі заманғы ғылыми техникалық революция бұқаралық орта білім жүйесі мен жастарды әр түрлі орта білімнен кейінгі біліммен қамтуды кеңейту мақсатын алға қойған.
oo Ғылыми зерттеулер мен экспериментті өңдеумен айналысатын жоғары дәрежелі мамандар саны АҚШ - та 1970 жылдан - 1990 жылға дейін 80%- ға өскен, Францияда -100 %, Жапонияда -120%.
oo АҚШ - та әрбір жетінші жұмысшы колледж (2 жылдықты қосқанда) дипломына ие болған, 80 жылдардың ортасында әрбір төртінші, ал 90 жылдар басында әрбір үшінші дипломға ие болған.
Бұндай тенденция КСРО- ға тән болған. Тұрғындардың білім деңгейін көтеру экономика дамуының магистральді бағыттарына объективті түрде жауапты. Мұндай жағдай Батыстың бірқатар елдерінің мемлекеттік білім саясатына әсер ететіні сөзсіз. Францияда, Англияда,Италияда мемлекеттердің өзі ең ірі кәсіпкер болып саналады, ірі өндірістік орындары мен экономиканың барлық салаларын қамтиды. Мұндай жағдайда мемлекет басшылары ортақ және кәсіптік білім берудің дамуын талап ететін жұмыс күшін дайындайтын мықты жүйенің құрылуын, оның қызмет етуіне жағдай жасайды.
Алайда кейбір елдерде білім беру саласы дамуының деңгейі мемлекеттің экономикалық жағдайын анықтамайды, өйткені білім саласының дамуы, өндірістік еңбектің және өндірістік нәтижеліліктің өсуіне әкелмейді.
Білімге жұмсалған ортақ шығындар мен экономикалық өтем арасында маңызы өте зор хронологиялық үзіліс болады (есептегенде 10 - 15 жыл), оқу орындарының түлектері алған білімдері практикада қолдануға мүмкіндік алса ғана шығындар экономикалық рентабельді бола алады. Осы уақытқа дейін батыс елдеріндегі білім дамуының мемлекеттік бағдарламалары, келешекте жұмысшы күші арқылы ұлттық өнімнің нақты сұраныстарын анықтауға бет алатын болжам негізінде қалыптасқан. Соның өзінде жоспарлаудың бірден - бір мақсаттарының бірі - халықтың мөлшерден тыс сауаттылығын болдырмау.
Енді бұл мәселе басқаша қойылуда: Санаттық (квалификациялық) запас жасау идеясы қолға алынуда, яғни бүгінгі ахуалда артық болып көрінгенімен, болашақта жоғары технологиялық өндірістің дамуына ықпал ететін мамандандырылған кадрларды дайындау.
2. Дамушы елдердегі білім беру саласы.
Азияның, Африка және Латын Америкасындағы дамушы елдердегі білім жағдайының көрсеткіштері дамыған елдердегі көрсеткіштерден мүлдем ерекше, алайда жалпы тенденциялар мынадай:
- қоғамды қазіргі заманға сай экономиканы қалыптастыру үшін, әлеуметтік және мәдени салаларын дамыту үшін жоғары мамандандырылған кадрлар қажет. Бірақ нақ осы салаларға қатысты дамыған елдерден дамушы елдер әлдеқашан төмен (зерттеу мен экспериментті өндірістердегі жұмысшылар мен инженерлер саны дамыған елдерде 25 - 30 есе көп).
- бір жағынан, бірқатар дамушы елдерде орта және жоғары білім беру жүйелері ғылым мен техника саласындағы мамандарды талап ететін еңбек ету қызметін кеңейтуде сандық өсу қарқыны мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бәсекелік артықшылық
АҚПАРАТТЫҚ ӨРКЕНИЕТТІЛІКТІҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ
Қазіргі ғаламдық проблемалардың экономикалық жақтары
Қоршаған ортаның проблемалары
Салыстырмалы педагогика пәнінен дәрістер
Дамыған және дамушы елдердегі білім берудің экономикалық нәтижелігі
Әлемдік шаруашылықтың басқа салаларының географиясы
Шетел инвестициясын ұлттық экономикаға тартудың теориялық негізі
Халықаралық экономикалық қатынастардың жиынтығы
Дара организамдер экологиясы – аутэкология
Пәндер