Дамыта оқытудың педагогикалық - психологиялық негіздері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   

Дамыта оқытудың педагогикалық -психологиялық негіздері

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3-5

І ТАРАУ. ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ ДАМЫТА ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1. Оқыту-педагогиканың негізгі категорияларының бірі . . . 6-8

1. 2. Дамыта оқытудың педагогикалық -психологиялық негіздері . . . 8-12

ІІ ТАРАУ. ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ ДАМЫТА ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ МАЗМҰНЫ

2. 1. Оқытудың инновациялық технологияларына сипаттама . . . 13-17

2. 2. Қазіргі мектепте дамыта оқытуды ұйымдастырудың

тиімді жолдары . . . 17-35

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 36

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 37-38

ҚОСЫМША . . . 39

Кіріспе

Курстық жұмыстың көкейтестілігі.

Бастауыш білім үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы басқышы екенін ескере отырып, оқушыға белгілі бір көлемдегі білім-білік, дағдыларды меңгертумен бірге табиғат қоғам, адам, айналаны қоршаған дүние туралы танымын қалыптастыру, оның жеке басының қасиеттерін жан-жақты дамыту, жоғары адамгершілік принциптерге тәрбиелеу-бүгінгі күннің басты талабы.

Қазақстан Республикасының «Білім Заңында» (8 бап) білім беру жүйесінің міндеттері бөлімінде: « Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға дәне кәсіби шыңдауға бағыттылған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» делінген. Және де Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді деңгейлері мен мазмұны нақты көрсетілген: « бастауыш мектептің негізгі міндеті- баланың жеке басын бастапқы қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау және дамыту» делінген.

Осы міндеттің бірден бір шешудің бірден - бір жолы бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін дамыту болып табылады. ХХ ғасырдың басындағы белгілі ғалым А. Байтұрсынов: « Бала білімді тәрбие арқылы өз бетімен алуы керек. Ал мұндағы мұғалімнің қызметі- балаға орындалатын жұмыс түрлерін шағындап беру және қойылған мақсатқа жету үшін бағыт-бағдар беріп отыру», -деген болатын. Жаңа буын оқулықтарына негіз болған дамыта және кіріктіре оқыту идеясы бүгінде бастауыш сынып оқушыларының өз бетіндік танымдық әрекеттерінің оның дамуындағы маңызын дер кезінде көргенін байқауға болады. Жаңа буын оқулығының басты ұстанымы дамыта оқыту десек, онымен оқыушыларды оқыту барысында профессор Ж. Қараевтың «Деңгейлік саралау технологиясын» атауға болады. Оқытудың даму концепциясын Ж. Пиаже, З. Фрейд, Д. Дьюидің, Дамыта оқыту концепциясын А. С. Выготский, А. Н. Леонтьев, Д. Эльконин, П. Гальперин, Л. Занков, В. Давыдов және т. б. зерттеген.

Дидактиканың ғылыми негiзiн салған чех педагогы Ян Амос Каменский /1592-1670/. Оның «Великая дидактикаң кiтабында (1632) оқытудың мақсаты, әдiстерi мен принциптерi және сынып сабақ жүйесi баяндалған.

ХХIғ. Швейцар педагогы Иоганн Генрих Песталоцци (1746-1827) дамытып оқыту принциптерiнiң жүйесiн дәлелдедi, бастауыш бiлiм беру әдiстерiнiң негiзiн жасады.

ХIХғ. Немiс педагогы Фридрих Вильгельм Адольф Дистервек (1790-1966) дамыта оқыту дидактикасын баяндады. Оқыту процесiнде әр түрлi ережелердi қолдана бiлудi атап көрсеттi:көрнекiлiк, елiктiргiштiк, жiгерлiк, оқушылардың дербес ерекшклiктерiн ескерту, жақыннан қашыққа, оңайдан күрделiлiкке көшу т. б.

К. Д. Ушинский Ресейде орыс дидактикасының дамуына игi әсерiн тигiздi, ал кеңес өкiметi жылдарында Н. К. Крупская, П. П. Бланский, С. П. Шацкий т. б. үлкен үлес қосты.

Белгiлi педагог ғалымдардың Б. П. Есипов, М. А. Данилов, Л. В. Заиков, М. Н. Скаткин тағы да басқа оқыту мәселелерi жүесiндегi еңбектердi жариалайды. Олар оқыту принциптерiнiң жүесiн, оқытуды үйымдастыруын әдiстерiмен формаларын дәлелдедi. Педагогика ғылымының дедактика саласында белгiлi қазақ педагог- ғылымдары, ағарту iсiнiң қайраткерлерi Ыбырай Алтынсарин, Мағжан Жүмабаев, Ахмет Байтүрсынов, Мыржақып Дулатов, Жүсiпек Аймаутов, Шарипа °лжанова т. б. өз уақытарында шығармашылықпен еңбектенiп, бiрсыпыра үлестерi қосты.

Мағжан Жұмабаев ұлы ақын, ағартушы, қысқа өмiрiнiң көбiн үстаздықпен өткiзген, жастарды қалай оқытып, өмiрге дайындаудың жолын қадала зерттеген педагог. Мағжан Жүмабаевтың шығармшылық iздену жүмысына ежелгi грек философтары Сорат, Аристотельдiң, сол кездiң атақты педагог психологтары С. Л. Рубинштейннiң /1889-1960/, А. А. Смирновтың /1894-1975/, т. б. ғалымдардың еңбектерi сегi әсер еттi. И. Я. Лерненр даму деген үғымды педагогикалық заңдылықтарға негiздей отырып,, адамның әртүрлi қиындықтарға мәселелердi шеше бiлуге дайындығы деп түсiндiредi. Мүндай анықтама интеллектуалдық iс-әрекеттiжоғары орынға шығарады. Мәселе қаншылықты күрделi болса, оны шешуге жүмсалатн оқыл-ой қызметi десоншалықты кең, аумақты демек даму деңгейi де жоғары болады. Осы мәселе төңiрегiнде еңбертер жазған әртүрлi авторлар оқушының дамуының белгiлерiн атап көрсетедi. Мысал: П. П. Блонский бүған индевиддiң абстрактiден нақтыға және керiсiнше нақтыдан абстарктiгiе қарай қозғалыс жасай алу қабiлетiн жатқызса, Д. Н. Богаявленский және Н. А. Менчинская - оқ алуды яғни қысқа мерзiмде жоғары үлгерiмге жетудi, Н. Д. Левитов оқу материалын жылдам меңгеру өз бетiнше жаңа мысалдар қүрастыру негiзгiнi және көмекшiнi анықтай бiлу, оқиғаға, қүбылысқа, дүры баға бере бiлу дамдысын жатқызған.

Л. В. Зайков ақыл-ой қызметiнiң төөменедегiде көресткiштерi дамуды iске асырады деп есептейдi. Олоар байқампаздық, өз ойын еркiн жеткiзе бiлу, практикалық iс әрекеттер атқара бiлу.

В. В. Давыдов ақыл ойдың дамудың көрсеткiшi ретiнде жинақтай, қорытындылай алу дағдысын есептейдi.

Кейінгі кездері Республика көлемінде оқу бағдарламасында көптеген өзгерістер енгізілуде. Атап айтар болсақ, көпдеңгейлі, интеграцияланған және дамыта отырып оқыту, т. с. с. Осының ішіндегі "дамыта оқыту" жайлы түсінігі жоқ мұғалім оны жүзеге асыра алмайды. Мектеп мұғалімдері арасында "Дамыта оқыту" тек бастауышқа ғана қолдануға тиімді деген пікір қалыптасқан. Сонда дәстүрлі оқыту жүйесіндегі мұғалімдер дамыта оқытудан шыққан баланы түсіне алмай, өз қалыптарына түсіре бастайды одан бала психологиясы жапа шегеді. Мұның барлығы мұғалімнің теориялық білімінің әлі де аздығынан, қазақ тілінде жазылған көмекші құралдардың болмауынан және бұл тақырыптың әлі де өз деңгейінде зерттеле қоймағандығынан деп ойлаймыз.

Бұл жағдайда Республикамыздағы білім берудің жаңа философиясын, теориялық негізін, практикасын насихаттауды қолға алу қажеттігін көрсетеді. Сондықтан дамыта оқытуға байланысты әртүрлі болжамдар мен қате түсініктерді сейілту қажет. Өз бетімен дами алатын, өздігінен шешім қабылдай алатын, қортынды жасай алатын тұлғаны қалыптастыруды қажет. Сондықтан біз зерттеу тақырыбымызды «Дамыта оқытудың педагогикалық-психологиялық негіздері» деп атадық.

Зерттеулердің мақсаты - Л. С. Выготскийдің 1930 жылдардың басында жасаған оқыту мен дамытудың арақатынасы жайлы болжамының дұрыстығын тексеру, нақтылау. Өткізілген зерттеу жұмыстары бастауышта математикалық білім беру ісіне үлкен өзгерістер енгізді. Мысалы, 1969 жылы арифметика курсы математикаға ауыстырылды. Бірақ бұл курста да негізгі назар баланың жазбаша және ауызша есептеу дағдыларын қалыптастыру, жай типтік есептер шығаруында болып қалды. Оқыту әдістері, сабақ ұйымдастыру түрлері, білім, білік, дағды қалыптастыруға бағытталғандықтан, дамыта оқыту идеясы жүзеге аспады.

Зерттеу обьектісі : Оқушыларға дамыта оқытудың таным өрісі.

Зерттеу пәні : Оқушыларды оқыту барысында дамыта оқыту әрекетін іске асыру жолдары.

Мақсаты : Дамыта оқытудың педагогикалық-психологиялық негіздеріне теориялық талдау жасау.

Міндеттері :

1. оқыту-педагогиканың негізгі категорияларының бірін анықтау;

2. дамыта оқытудың педагогикалық -психологиялық негіздерін талдау;

3. оқытудың инновациялық технологияларына сипаттама беру;

4. қазіргі мектепте дамыта оқытуды ұйымдастырудың

тиімді жолдарын анықтау;

Зерттеу әдістері : Мектеп тұжырымдамасын зерделеу, бақылау, әңгімелесу, озық педагогикалық тәжирбиені зерттеу.

І ТАРАУ. ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ ДАМЫТА ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1. Оқыту-педагогиканың негізгі категорияларының бірі

Оқыту - шәкірт пен ұстаздың өзара бірлесіп, ынтымақтасып жасайтын ортақ іс-әрекеті. Оқыту - мұғалімнің тәлім-тәрбие берудегі басты әрекеті болса, оқу-шәкірттің дүниені танып-білуге бағытталған өзіндік әрекеті.

Сөйтіп, оқу мен оқыту, бір медалдің екі жағындай бір-бірімен тығыз байланысқан күрделі әрекет. Оқу да, оқыту да қалай болса солай жүргізілмейді, олар белгілі мақсат көздеп, жоспармен жүйелі түрде ұйымдастырылып, жүзеге асады, олардың өзіне тән әдістері (тіпті әр пәнді оқып-үйренудің жеке-дара әдіс-тәсілдері болады) мен сабақ жүргізу формалары, сондай-ақ әр түрлі нәтижелері болады. Оқу арқылы шәкірт біртіндеп білім, дағды, икемділіктерді, тиісті ғылыми ұғымдарды меңгереді, мұның нәтижесінде оның жан қуаттары (ес, ойлау, қиял), эмоция, ерік-жігер т. б. процестері дами түседі.

Оқыту процесінің әртүрлі қырларын педагогиканың дидактика, сондай-ақ жекелеген пән методикалары қарастырады. Дидактиканың осы мәселеде зерттеуге орай ерекше сүйенетін тірек ғылымы - психология. Соңғысының басты саласының бірі - оқыту психологиясы, ол оқу процесінің екінші жағын, яғни шәкірттердің оқу мазмұндарын ұғынып, әр түрлі тапсырмаларды қалайша орындай алу мүмкіндіктерін зерттейді. Шәкірттің оқуға талпынысы мен ынтасының қалыптасу жолдарын, оның түрлі білім, дағды, әдеттерді қалайша меңгеріп отыратындығын, әр түрлі мазмұндағы материалды ұғыну ерекшелігін т. б. осы іспеттес мәселелерді қарастыру - оқыту психологиясының зерттеу объсктісі.

Оқыту-қазіргі заманның талаптарын ескере отырып, оқушылар тұлғасын, білім, іскерлік және дағдыларды меңгерте отырып, мақсатты қалыптастыру мен дамыту процесі. Оқыту - қоғамдық құбылыс түріндегі мақсатты бағдарланған жүйелі ұйымдастырылған қоғамдық қатынастар тәжірибесі, қоғамдық сананың даму нәтижесі, еңбек өндірісінің мәдениеті, қоршаған ортаны қорғау мен оны белсенді қайта өзгерту, білімдерді аға ұрпақтың өскелең ұрпаққа үйретіп, оны олардың меңгеруі. Оқыту ұрпақ сабақтастығын, қоғамның толық құндылықгы қызмет атқаруын және тұлғаның соған сәйкес дамуына мүмкіндік жасайды. Оның қоғамдағы объективті міндеттерінің мәні осында. Оқыту процесіндегі негізгі мазмұнды игеру тетігі - өзара әрекеттестіктің арнайы формасындағы мақсатты ұйымдастырылған балалар мен ересектердің бірлескен іс-әрекеті, олардың мазмұнды танымдық әңгімелері.

Түрлі деңгейлерде іске асырыла отырып, оқыту процесі циклдік сипатқа ие болды. Оқыту процесінің циклдері дамуының ең негізгі көрсеткіштері, басты екі мақсатқа негізделіп топталған, педагогикалық еңбектердің ең жақын дидактикалық мақсаттары:

-білім беру - бұл мақсат оқушылардың танымдық іс-әрекеті тәсілін меңгеріп, олар арқылы ғылым негіздерін игерулерін, белгілі бір білімдердің, дағдылар мен іскерлікті үйренулерін, өздерінің рухани, денелік және еңбек қабілеттерін жетілдірулерін, еңбек және кәсіби дағдыларды игеруін көздейді:

-тәрбиелеу - әрбір оқушының ғылыми көзқарасын, адамгершілігін, белсенді шығармашылығын және әлеуметті кемелденген жоғары адамгершіліктегі үйлесімді дамыған тұлғасын дамытуды мақсат етеді.

Оқыту педагогика ғылымының категориясы ретінде және оқыту процесі немесе дидактикалық процесс бірдей мағынадағы ұғымдар емес. Процесс оқыту жағдайларының толық педегоғикалық құбылыс ретінде педагогикалық іс-әректтің үзіндісі, актісі ретінде ауысып отыруы. Іс-әрекет ретінде оқыту ұғымымен іс-әрекеттердің шеңберін, міндетін білдіретін "қызмет" ұғымы тығыз байланысты. Оқытудың қызметі оқыту процесінің мәнін сипаттайды.

Оқытудың әлеуметтік, педагогикалық психологиялық мәні оның қызметтерінен біршама анық айқындалады. Солардың ішіндегі, бірінші кезектегі біршама оқушыларда білімділерді, дағдыларды және шығармашылық іс-әрекет тәжірибесінің іскерлігін қалыптастыруы (білім беру қызметі) . Оқытудың екінші қызметі - оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру (тәрбиелеу қызметі) . Ол балалар мен ересектерде объективті түрде қоршаған орта жөнінде ой толғауға мүмкіндік жасайтын білімдерінің толығуына қарай біртіндеп қалыптасады. Алдыңғы екі қызметімен тікелей байланыстағы тұлғасын және оның өз бетінше ойлауын дамыту қызметі атқарылады (дамыту қызметі) .

Оқыту дегеніміз ересек үлкен ұрпақтардан емес өсіп келе жатқан ұрпақтарға білім, білік және дағдыларды, әлеуметтік тәжірибені алып беруін айтамыз. Бұл тұтас процестің құрамына мақсат, мазмұн, әдістер мен құралдар кіреді.

Оқытудың мақсаттары бірқатар жағдайларға байланысты тиісті бір құрамдас бөліктен кіргізетін ойнақы өзгерткіш категория болады. Мақсаттын ерекшелігіне сай дәстүрлі оқыту дегеніміз тұлғаны белгіленген қасиеттермен, тәрбиелеу болып табылады. Мақсаттың мазмұнына байланысты дәстүрлі оқыту тұлғаны дамытуға (жан-жақты дамыту тек қана мәлімдеме ғана) емес көбіне білім, білік және дағдыларды меңгеруге бағытталған. Қазіргі кездегі жалпы мектепте мақсат біршама өзгерген айталық идеологияландыру шығарылып тасталған, жан-жақты үндестерілген даму ұраны алып тасталған, адамгершілік тәрбиесінің, құрамы да өзгерістерге ұшыраған, бірақ мақсатты жоспарланған қасиеттер сапалар (оқыту стандарттары) жиынтығы ретінде қарастыру парадигмасы бұрынғы сияқты қалып отыр.

Оқыту - білім берудің негізгі жолы. Оқыту оқытушы мен оқушылардың біріккен іс - әрекеттері, сондықтан да ол екі жақты процесс: біріншіден, оқытушы оқушыларға білім беріп, іскерлікке, дағдыға үйретеді, екіншіден оқушы таным міндетін жеке түсініп, жаңа білімді, іскерлікті, дағдыны игереді және оларды өмірде қолданады. Оқыту процесі өзінің белгілі құрылысы және компоненттерімен сипатталды. Олар:

  1. Білім, іскерлік, дағды. Білім - обьективті дүниені бейнелейтін адам баласының жинақталған тәжірибесі. Оқу процесінде табиғаттағы, қоғамдағы құбылыстарды, ұғымдарды және заңдылықтарды оқушылардың білуі, яғни жинақталған бай тәжірибені игеруі мұғалімнің басшылығымен іске асырылады. Іскерлік деп алған білімін пайдалана отырып, оқушының саналылықпен орындайтын практикалық ісін айтады. Мысалы іскерлікке есеп шығару, кітаппен жұмыс істеу т. б. жатады. Оқушының бірнеше рет практикалық істі орындау арқылы машықтануын дағды деп атайды. Мысалы, оқушылардың мәнерлеп жылдам оқу дағдысы немесе лабораторияда топырақ құрамындағы қоректі элементтердің тез анықтау дағдысы бірнеше рет қайталанылып орындалатын практикалық жұмыстардың нәтижелері.

2. Мұғалімнің өмірге, ғылымға көзқарасы, қатысы және оқу-шылармен қарым - қатынасы.

3. Оқушылар ұжымы.

4. Оқыту әдісі.

5. Оқытудың дидактикалық және техникалық құралдары.

Сонымен оқыту - оқушылардың білімін, іскерлігін, дағдысын және таным қабілетін (зейін, ес, қиял, ойлау т. б. ) дамыту, қалыптастыру процесі.

Коменский оқудың мақсаты ғылыми білімді меңгеру және өмірге пайда келтіру деп білді. Мектеп материалдық жағынан да біліммен қаруландыру жағынан да оқытудың жаңа мазмұнын беруге тиіс деді.

Коменский мектеп білімнің мазмұны мен көлемін де жаңа бағытта шешті. Мектеп оқуында тек ескі тілдерге үйрету, сыңар жақты формалистік грамматика мен риторикаға негізделген классицизм кең тараған дәуірде ол әр салалы жан - жақты білім беруге шақырды.

Алған білімінің тиянақталығы жөніндегі мәселе - Коменскийдің педагогикалық теориясындағы ең негізгі проблемалардың бірі.

Оқыту ісіндегі тиянақтылық оқытушылар білімінің жүйелілігін, дәйектілігін, өзара байланыстылығын, сонымен бірге беріктігін талап етеді деді Коменский.

Ол өзі ұсынған дидактикалық принциптерін ілгері дамыту және оларды нақтылау мақсатында бірнеше методикалық нұскаулар ұсынды. “Ұлы дидактиканың” ХХІ тарауы “Өнер - білім әдісіне арналған. Мұнда оқу, жазу, ойды жүйелі баяндау, тағы басқа практикалық дағдыларды меңгеруге қатысты бірқатар ережелер сөз болады. Сондай-ақ адам “практикалалық дағдыларға іс жүзінде үйренуге тиіс”, “қандай да болмасын қызмет, әрекет үшін белгілі бір форма, норма белгіленуі қажет”, “жаттығу жұмысын оқушылар өнер - білімді толық меңгергенше жүргізу керек”, - деген өте орынды пікір айтылды.

Дидактиканың жүйелі және бірізділік принципіне байланысты Коменский оқытудың “жақыннан алысқа”, “белгіліден белгісізге”, “нақтылыдан абстрактылыға”, “жеңілден ауырға қарай көшіп отыратын негізгі ережесін құрды”.

Коменский білім беру ісінің ұйымдастыру түрлерін түбірімен бір тәртіпке келтіруді ұсынды. Ол алғашқы рет оқу тоқсандарына әріктелген оқу жылы жөніндегі ұғымды анықтады, оқу күнін, оқушыларға арналған демалысты, оқушыларды мектепке белгілі кезде қабылдау тәртібін, оқу күнінің мерзімін енгізді. Міне, осылайша педагогика тарихында тұңғыш рет оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі болып сабақ жүйесі ұсынылды. Коменский сабақты ұйымдастыру жөнінен құнды нұсқаулар берді (жаңа материалды өту, оқушылардан сұрау, қайталау және жаттығулар жүргізу, оқушылар білімін тексеру, сабақты жоспарлау, сабақтағы тәртіп т. б. ) . Ал И. Г. Песталоццидің пікірі бойынша оқыту бақылауға, тәжірибеге негізделіп ұйымдастырылып, қортынды жасауға, жалпылауға қарай жүргізілу керек деді. Адамды жан - жақты дамыту идеясын ұсына отырып, Песталоцци білім беруді моральдық тәрбие берумен байланысты жүргізуді, яғни оқыту арқылы тәрбиелеуді талап етті. Бақылау арқылы балада көру, есту және т. б. түйсінулер пайда болады. Солардың негізінде ойлау және сөйлеу дамиды. Оқыту балаларға, біріншіден, білім беретін болса, екіншіден, олардың ойлау қабілетін дамытады. Оқытудың осындай екі жақты мәнін атап көрсету ол дәуірде өте құнды пікір еді. Бұл пікір өз мәнін әлі жойған жоқ. Бірақ Песталоцци өз тәжірибесінде оқытудың бұл маңызын екі айырып, баланың ойлауын формальды түрде дамытуды бірінші міндет етіп қойды.

Оқытуды жеңілдету мақсатымен Песталоцци дүние заттары туралы білімнің ең жай элементтерін білу арқылы адам айналадағы дүниені таниды деп көрсетті. Ондай элементтерге ол заттың санын, формасын және атын жатқызды.

Оқыту прцесінде өлшеу арқылы бала заттың формасын, санау арқылы санын, тілін дамыту арқылы заттың атын таниды деп санады. Сөйтіп, элементарлық білім беру өлшеу, санау және сөзді меңгеруден тұрады деп есептеді.

Песталоцци оқудың негізін оны көрнекі болуы деп санады. Көрнекілікті кең түрде қолданған жағдайда ғана айналадағы дүние туралы дұрыс білім қалыптасады, ойлау және тіл дамиды деп көрсетті.

Білім белгілі жүйемен, ретпен берілу керек деп есептеді. Балаға оның әлі келетін білімді ғана берген дұрыс. Баланың ойлауын дамытумен қатар, онда белгілі дағдыларды қалыптастыру қажет екенін атап көрсетті. Алған білімін пайдалана білмеу тәрбиенің үлкен кемшілігі болып табылады. Мектеп баланың қабілетін дамыту және білім берумен қатар, оларды іс-әрекетке, дағдыға үйретеді, ол үшін балаларды жаттықтыру қажет деді. Оқытудың зор міндеттерін көрсете отырып, Пестолоцци мұғалімдерге үлкен талаптар қойды. Мұғалім білімді адам ғана емес, сонымен тиісті дайындығы бар адам болуы қажет. Сондықтан мұғалімнің міндеті әрі ауыр, әрі жауапты, мұғалім балаға оның ата - анасындай қарауы керек, баланы оқыту және тәрбиелеуге қажетті істердің бәрі оның міндеті болып табылады. Мұғалім балалардың психикалық ерекшелігін жете білуі керек. Соның негізінде өзінің оқыту және тәрбиелеу жұмысын ұйымдастыруы қажет деп есептеді.

Өзінің жалпы дидактикалық пікірлеріне сүйене отырып, Песталоцци бастауыш білім берудің методикасының негізін салды. Ана тілін оқытудың міндеті баланың сөйлеуін дамыту және сөздік қорын байыту деп анықтады. Песталоцци әріптерді қосып оқытудың орнына бірден дыбыстарды қосып оқытуды ұсынды. Балалардың сөздік қорын байыту жөнінде бірнеше бағалы кеңестер берді. Ана тілін оқытуды көрнекілік негізде жүргізіп, жаратылыс, география және тарих пәндерінен жүйелі элементарлық білімдер беруді ұсынды. Бірақ Песталоццидің өз сабақтары кейде ұзақ жаттығуларға айналды. Бірыңғай ондай ұзақ жаттығулар балаларды жалықтыратынына ол мән бермеді.

Жазу үйретуде Песталоцци алдын ала әріптердің элементтерін жазуға ұзақ жаттықтыруды ұсынды. Мұндай жаттығулар қазіргі мектептерде кең пайдалануда. Әсіресе алғашқы жылдарда орфографиялық дұрыс жазуға ол үлкен мән берді. Жазуға үйретуді ол сурет салумен байланыстырып, баланың тілін дамытуға үнемі көңіл бөлуді талап етті.

Ережені жаттауға негізделген әдістің орнына Песталоцци арифметиканы оқытуда әр санды өзінің бөлімдеріне, ондарды бірлерге бөлуді, көрнекі түрде сандардың арасындағы айырманы түсіндіруді, алдымен бірлерді, одан кейін ондарды оқуға көшуді ұсынды. Бөлшек сандарды оқытуда квадратты бүтін сан деп алып, оны екіге, төртке бөлу арқылы түсіндіруді талап етті. Песталоцци санымен буржуазиялық - демократикалық педагогиканың үлкен ірі өкілі болып табылады. Ол кедейдің балаларына тәрбие беру мәселелеріне өз өмірін арнады. Оның қоғамдық көзқарасы тар шеңберде болды, халықтың тұрмысының нашарлығының шын себебін түсінбеді, бала тәрбиесі арқылы оларға көмек көрсетуді көздеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектеп оқушыларын математиканы оқытуда жобалық технологияны қолданудың әдістемелік негіздері
Оқыту үрдісінде педагогикалық технологияларды ұтымды пайдалану
Педагогикалық процестің жеке бағдар негіздері педагогикалық технологиясы
Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістеме
Дамыта оқыту арқылы оқушылардың белсенділіктерін арттыру
Білім беру мазмұны және оқу жоспары, бағдарламалар, оқулықтар
Бағдарламалы оқыту технологиясы
Қазақ тілінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Бастауыш сынып ана тілін оқытуда қазіргі технологияларды қолдануға болашақ мұғалімдердің даярлығын қалыптастыру
Оқытудың заңдылықтарымен принциптері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz