ДАМЫТУ ОЙЫНДАРЫ АРҚЫЛЫ ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫ ТЕЖЕЛГЕН БАЛАЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
ДАМЫТУ ОЙЫНДАРЫ АРҚЫЛЫ ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫ ТЕЖЕЛГЕН БАЛАЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Қазіргі кезеңде қоғамда болып жатқан көп өзгерістер мен әлеуметтік теңсіздіктер, отбасылық, қоғамдық, экологиялық, экономикалық дағдарыстар жүйке жүйесі бұзылған, психикалық дамуында тежелуі бар балалардың көбеюіне әкеліп отыр.
Психикалық дамуында тежелуі бар балаларға тез шаршау, сөздік қорының аз болуы, ойын және іс-әрекеттің қалыптасу бәсеңдігі, қабылдауы баяу және ойлау қызметінің төмендігі, логикалық ойлауының қалыптасу қиындығы тән.
Психикалық дамуында тежелуі бар балалар - әдетте ұзақ уақытта әр түрлі себептегі науқастар салдарынан, түрлі созылмалы аурулардан, туа біткен және жүре пайда болған соматикалық жүйедегі ақаулардан, балалар неврозынан жапа шеккендер. Көп жағдайда мұндай балалар әлсіз, әлжуаз, қорқақ және тұлғалық қарым-қатынаста шектеулі болып келеді. Көңіл-күйінің төмендеуі баланың орталық жүйке жүйесінің дамуына әсер етеді әрі шектейді. Алайда, науқасынан сауыққан балалар өз қатарын қуып жете алады.
Мектеп табалдырығын аттаған бала қиын да қызықты өмірге енеді. Ол бірте-бірте өз қатарластарымен және мұғалімдермен қарым-қатынас әліппесін меңгере бастайды. Педагог-психолог ғалымдардың зерттеуі бойынша мектепке келген бала жүйелі оқуға дайын болады. Мектепке келгеннен кейін балада бірнеше психикалық өзгерістер пайда болады. Олар:
- Өз мінез-құлқын, тәртібін бақылай алады;
- Өз ойын жинақтап қорытады;
- Сөйлеуді практикалық түрде жете меңгереді;
- Басқалармен қарым-қатынас құра біледі;
- Қоғамдық іс-әрекеттерге белсенділік білдіреді.
Қазіргі таңда жалпы орта білім беретін мектептерде үлгерімі төмен оқушылардың 50 пайызын психикалық дамуы тежелген (ПДТ) балалардың құрайтындығы бүгінгі күні ғылыми түрде дәлелденіп отыр. Дефектологтар В.И.Лубовский, К.С.Лебединская зерттеулерінде балалардың жас мөлшері бірдей болғанымен, психикалық дамуы әртүрлі болуы мүмкін екендігі, яғни, балалардың интеллектуалды қабілетінің жасына сәйкес келмейтіндігі ерекше атап көрсетілген. Психикасы дамуы тежелген (ПДТ) дегеніміз ғылымда психика дамуының уақытша артта қалуы деп түсіндіріледі.
Қазіргі уақытта ПДТ балаларды этимологиялық қағида негізінде жіктеу қолданылуда (К.С.Лебединская).
Психикалық дамудың тежелуі 4 топқа бөлініп қаралады:
1. Конституциялық;
2. Соматикалық;
3. Психогендік;
4. Церебралдық-органикалық себептерден пайда болған.
Соңғы жылдары елімізде арнайы білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған оқу-тәрбие мекемелерінің ерекше түрі - арнайы мектептер жәні көпшілік жалпы білім беретін мектептер ішінен ПДТ балаларды теңестіруге арналған арнайы сыныптар бөліне бастады.
Жалпы орта білім беретін мектепте түзете - дамыта оқыту сыныптарына әртүрлі биологиялық, әлеуметтік себептер салдарынан оқуда, мектепке бейімделуде қиындық келтіретін балалар тобы қабылданады. Бұл сыныптарда оқитын психикасының дамуы тежелген балалар әр уақытта нәтижеге жету үшін бақылаудан тыс қалмауы қажет. Психолог, сынып жетекшісі, ата-ана тығыз байланыста болған жағдайда баламен жүргізілетін жұмыс нәтижелі болады, яғни баланың өз-өзіне деген сенімділігін арттыру арқылы түзету- дамыту жұмыстарын жүргізу тиімді.
Психикалық дамуы тежелген балалармен жүргізілетін психологиялық түзету-дамыту жұмыстарының түрлері көп. Психологиялық түзету жұмыстарын жүргізудің принциптері төмендегідей:
1. Баланың жеке тұлғалық ерекшеліктерін анықтау;
2. Шаршап кетпеуін қадағалау;
3. Оқу әрекетін ойын түрінде ұйымдастыру, кеңістікті бағдарлауын дамыту;
4. Ойын дағдыларын оқу әрекетіне аудару;
5. Арнайы әдістемелермен оқытуды ұйымдастыру;
6. Жылдық диагностикалық даму деңгейін салыстыру.
Мамандардың оқыту түзету процесінде әдістемелік нұсқауларды дұрыс және жоғары деңгейде ұйымдастыруына байланысты психикалық дамуы тежелген балаларды өз жасындағы балалардың даму деңгейіне жеткізуге болады.
Адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасы өте күрделі процесс. Қоршаған адамдармен қарым-қатынас жасауда қиындық көретін балалардың, ұжымға бейімделуі мен білімді меңгеруінде кедергілер болады. Сол себептен бұл оқушыларды сыныптастарымен теңестіру немесе қатарға қосу негізінде ойын терапиясының маңызы өте ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психикалық дамуында тежелуі бар балалар
Психикалық дамуы тежелген балаларға коррекционды-педагогикалық жұмысты ұйымдастыру
Оқушылардың сабаққа қызығушылығын ойын арқылу арттыру
Психикалық дамуы тежелген балалар мінездемесі
Қарым - қатынастың сапалы бұзылыстары
Танымдық психикалық процестерді дамытуға арналған ойындар
Психикалық дамуында тежелуі бар балалармен педагогпсихологтың түзету іс әрекеті
Артпедагогика
Мектепке дейінгі балаларды ойын арқылы танымдық әрекетін дамыту
Психикалық дамуы тежелген төменгі сынып оқушыларының оқу үрдісін ұйымдастыру
Пәндер