Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс түрлері


ЖОСПАР:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
- Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс түрлері
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
І. Кіріспе
ХХІ ғасыр - бәсеке ғасыры, бұл бәсеке енжарлықты, керітартпалықты көтермейді. Сондықтан да еліміздің білім берудегі ұлттық жүйесі өте қарқынды өзгерістер сатысында тұр. Бүгінгі таңдағы негізгі мақсат - ұлттық құндылықты әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті, өзіндік жеке көзқарасы қалыптасқан тұлға тәрбиелеу. Ол үшін оқушылардың белсенділігін арттыру, ізденімпаздыққа үйрету және білімді өз бетінше алуы мен қолдана білетін дарын иесін тәрбиелеу керек.
Баланың белгілі бір іс -әрекетке белсенділігі жас кезінен байқалады. «Дарындылық» термині «дарын» сөзінен шыққан, адамның ерекше қолайлы ішкі алғы шарты дегенді білдіреді. Дарындылық білім беру, тәрбиелеу жұмысының әсерінен ғана емес, балалардың өз қүштерін жүзеге асыру кезінде ғана дамиды.
Дарынды балаларды қалай тануға болады? Белгілі зерттеуші Н. С. Лейтес қабілетті балалардың 3 категориясын анықтап берді.
Бірінші категория - ой - өріс қабілеті ерте жастан байқалған оқушылар.
Екінші категория - жеке бір іс-әрекет түрі мен белгілі бір мектептегі ғылым түріне қабілеттілігімен көзге түскен оқушылар.
Үшінші категория - дарындылық күш - қажырымен ерекшеленетін оқушылар.
Дарынды оқушыны анықтау мектеп жұмысында бастауыш сыныптан бастау алады. Бұл жұмыстың жүйелі жүргізілуі психологтар мен мұғалімдердің және ата-аналардың біріккен жұмысы негізінде іске асады. Олардың ата-аналарымен әңгімелесуі, бақылауы, әрқайсысының сөйлеуінің, есте сақтауының, логикалық ойлауының психологиялық ерекшелігін анықтауда маңызды жұмыстар атқарылады. Баланың болашағына зор септігін тигізетін, келешегіне жолдауберіп, түрткі болатын бірден-бір жол ол ата-ана мен ұстаз. Ата-ана баласын дүниені тануға, білім алуға тәрбиелесе, ал, мұғалім сол баланың бойындағы рухани байлықты, ерекшеліктерін байқап, анықтап бағыт-бағдар береді. Дарынды оқушылардың өзіндік ерекшеліктері жетерлік. Кейбіреуі дарындылықтан қашады, еңбектеніп, оны жетілдіруге күш салмайды, ешнәрсеге қызығушылық танытпайды. Өздерін дарынсыз деп есептейтіндерде жетерлік. Алған бетінен қайтпай еңбектеніп, шығармашылыққа ерінбей ізденіп, нәтиже шығаруға талпынып тұратын дарынды балалармен жұмыс жасау бір ғанибет. Міне, дарынды баламен жұмыс жасауда ата-ана мен ұстаздың бірігі жасаған жұмысының мәні зор. Олар балаларды рухани рухани азықтандырып, өз-өзіне деген сенімін оятып, оны нақты бір шығармашылық салаға дер кезінде бағыттау бағыттау керек. Айтылған зерттеулер негізінде баланың өзіндік ерекшілігі анықталып, мұғалімдер олардың бойындағы қабілетті шыңдау жұмыстарымен айналысады.
«Қабілетті дарын иесі арнайы білімге мұқтаж болуы табиғи нәрсе. Оларға дұрыс тәрбие берудің алғышарттары - дарын иелерін таңдай білу қоғамның аз ғана бөлігін құрайтын дарын иелерін таңдаумен бірге, оларды ерекше жетілдіру мен жөн көрсету, олардың құқығы және мұқтаждығын қорғаудың басты мақсаты болып табылады.
Дарынды балаларды даралау-бұл дарынды баланың бойындағы даралығы. Оны қабілетіне және ерекшеліктерін ескере отырып, нағыз дарындыны үшке бөлуге болады.
- Шығармашылық дарындылық.
- Интеллектуалды, табиғи дарындылық.
- Лидерлік дарындылық - деп, Отырар ауданының «Шеңгелді» орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, Бастауыш сынып бірлестігінің жетекшісі Ұлсерік Арыстан Жұматқызы өз тәжірбиесімен бөліскен. Осы тұрғыда Дарындылық - бір немесе бірнеше іс-әрекеттерде ерекше жетістіктерге жетуге мүмкіндік беретін тұлға мүмкіндіктерінің өзіндік бірігуі арқылы анықталатын, интеллектуалды және шығармашылық әлеуеттің ең жоғары деңгейінен көрінуіне әсер ететін интеллектуалды-тұлғалық білім көрсеткіші.
ІІ. Негізгі бөлім
Дарынды оқушылармен жұмыс жасау мәселесі қазіргі қоғам үшін өзекті болып отыр. Бүгінде мектепке жоғары талаптар қойылып жатыр. Сонда ата-аналар мен қоғам үшін «жақсы мектеп» дегеннің не маңызы бар?
- Бұл - барлық пән бойынша жақсы білім беретін, ал бітірген соң балалардың ЖОО-ға оңай түсуіне көмектесетін мектеп.
- Бұл мектепте жоғары санатты және білімді мұғалімдер сабақ беруі керек.
- Мектептің өзіндік дәстүрі болуы тиіс.
- Мектеп жаңашыл білім беруі қажет.
- Жақсы мектепте баланы жеке тұлға ретінде құрметтеп, олармен тек сабақ үстінде ғана емес, сонымен қатар қосымша айналысуы керек.
Алдымен қандай балалармен жұмыс істеу керектігін айқындаймыз. Ерекше қабілеті бар балалармен:
Қабілет дегеніміз белгілі айқын әрекетте нәтижелі айналысуға көмектесетін тұлғаның өзіндік ерекшелігі.
Дарын дегеніміз белгілі бір жағдайдағы ең үздік мүмкіндік, қабілеттіліктің жоғары сатысы. Әдетте дарын белгілі ортада байқалады.
Данышпандық - дарын дамуының жоғарғы дәрежесі, ол сапалы да жаңа әрі өте сирек кездесетін дүниенің жасалуымен, шығармашылықтың ертедегі зерттелмеген жолдарының ашылуымен байланысты.
Дарындылықты өмір ағымымен дамып отыратын психика сапасының жүйелілігі ретінде түсінеді, ол белгілі бір адамды басқа адамдармен салыстырғанда, бір немесе бірнеше әрекетте өте жоғары нәтиже көрсетуімен байқалатын жетістік мүмкіндігін аңғартады.
Дарынды бала - белгілі бір әрекетте жарқын, айқын, кейде өте жоғары жетістіктерімен (немесе осындай жетістікке ішкі қабілеті жететін) ерекшеленетін бала.
Дарынды балаларды айқындау бақылаудың негізінде, психологиялық ерекшелігін, сөйлеу, есте сақтау, логикалық ойлау қабілетін зертеу барысында бастауыш мектепте-ақ басталуы тиіс.
Дарынды балалардың белгілері:
- көпшілікпен салыстырғанда өте жоғары білімді ерекше, оқуға құштар, шығармашылық мүмкіндігі мен көзге түсуі байқалады;
- өте басым боп келетін белсенді де саналы талап көрінеді;
- білімді терең игергеннен, ой еңбегінен қуаныш сезінеді.
Өмірдің өзі мектептен талапкердің ылғи өзгеріске түсіп отыратын жағдайларда жол таба білуге, ашық, жайдары, тез тіл табысатын және құзіреттіліке дайын болуын талап етеді.
Бағыттары:
-оқушылармен жұмыс;
-ата-аналармен жұмыс;
-педагогикалық ұжыммен жұмыс.
Кезеңдері:
- Дайындық кезеңі
- Сараптамалық
- Ұйымдастырылған-әрекеттік;
- Оқушы қабілетін қалыптастыру, тереңдету және дамыту кезеңі.
Мұғалім ретінде оқу мен тәрбие саласындағы аса маңызды міндет - талабы таудай дарынды жеке тұлғаны іздеп тауып, оны жетілдіріп шығару. Ал мақсаты - тәрбие мен білім халықтық бола отырып, ұлттық дәстүрді ұстаушы, дені сау, адамгершілігі мол, қабілеті дамыған, жан-жақты, саяси сауатты, өресі биік азаматтарды тәрбиелеу.
Дарынды балаларды оқытуда зерттеу әдісін қолдану қажеттілігі олардың табиғи қызығушылығының жоғарлығымен, қоршаған ортасына деген құштарлығының басымдылығымен түсіндіріледі.
Дарынды балалармен жұмыс жүргізудің мақсаты
1. Баланың шығармашылық қабілетін және өз бетінше шығармашылық ізденісін дамыту.
2. Пәнге терең қызығушылығын арттыру.
3. Оқушының әсерлілік сезімін қалыптастыру.
4. Оқушының белсенділігін арттыру мақсатында даму деңгейін, танымдық белсенділігін арттыра оқыту.
5. Жалпы білім - білік дағдыларын дамыта оқыту.
6. Білімнің бағасын арттыру.
Дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыстың міндеті
1. Оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын арттыру.
2. Шығармашылық қабілеттерін дамыту, жан-жақты дамуына жеке адамдық ерекше көңіл бөлу.
3. Оқушыны қоршаған ортаны аялауға, ғылыми зерттеу дағдыларын қалыптастыруға тәрбиелеу.
Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс жоспары
1. Дарынды баланы іздеп табу және іріктеу.
2. Тереңдетілген бағдарлама бойынша оқыту.
3. Дарынды балалармен жүйелі түрде қосымша сабақтар өткізу.
4. Проблемалық оқыту әдістерін пайдалана отырып оқыту. Ізденіс жұмыстарын (реферат, баяндама, сөзжұмбақ, ребус, шығарма, өлең шығару т. б), өз бетінше ізденіп оқуды ұйымдастыру, дамыту.
5. Мектепішілік және аудандық, пәндік олимпиадаларға, конкурс- сайыстарға қатыстыру.
6. Жаңа педагогикалық технологияларды пайдалана отырып оқыту.
Оқу - тәрбие жұмысында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың түрлері
1. Оқушыларды мұражайға апару
2. Өнер қайраткерлерімен, ақын - жазушылармен кездесу өткізу.
3. Түрлі тақырыптарда әңгіме, пікірталас, кездесу өткізіп, алған әсерлері бойынша шығарма жазу, ауызша және жазбаша түрде өз ойын еркін жеткізе білу.
4. Ақпараттық құралдар жаңалықтармен таныс болу.
5. Ғылым мен техниканың озық үлгілерін пайдалану.
6. Күрделі тапсырмаларды орындау.
Осындай жұмыстардың үнемі жүргізілуі оқушыларды шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы қабілет көзін ашуға, тілін байытуға, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді. Біреуі сурет салуға әуестенсе, екіншісі спортты, үшіншісі ән - күйді т. б. өнер салаларын таңдайды. Мұндай жағдайда тәртібі нашар балалардың да жақсы қасиеттерін танып, оларды сынып ұжымымен байланыстыру да ұстаздың біліктілігінде.
Баланың шығармашылық дарындылығының нәтижесінде мына ситапттамаларды атап айтуға болады:
- зерттеу кезінде білімге ерекше құштарлық танытатын жоғары қажеттілік;
- ақыл - ойдың жоғарғы қажеттілігі;
- тек кешегі мен бүгінгі ғана емес, болашақ абстрактылы идеялар мен теорияларға қызығушылық;
- белгілі бір іс - әрекетке, кәсіпке аса қызығушылық таныту, бір іспен шұғылдану;
- өз бетімен белгілі бір мақсатқа жетуге табандылық көрсете білу;
- тапсырмаларды өз бетімен ойлай және шеше білуге ұмтылу.
Дарындылыққа барар жолдың басты міндеті:
- оқушының жеке ерекшелігімен қабілетін зерттеп- зерделеу;
- шығармашылық ғылыми ізденіске өзіндік зердесінің дамуын назарда ұстау;
- оқушының өз бетінше әрекет етуіне мүмкіндік беру.
Қорытынды
Дарынды оқушылармен жұмыс-кезек күттірмейтін өзекті мәселелердің бірі. Дарынды, қабілетті балаларды іздеу, оларды оқыту мен тәрбиелеу қоғам үшін бүгінгі күні өте қажет, себебі дарынды адам, қабілетті адам басқаларға қарағанда көп пайда әкеледі. Әрбір талантты адам еңбекке бейім, ол шығармашылық тапқырлықпен жігерлі еңбек етеді. Алдымызда отырған әр оқушы-жеке тұлға. Сол әр оқушының өзіндік жеке ерекшелігін, қабілетін айыра біліп, оны әрі қарай дамыту ұзақ та үздіксіз жұмысты қажет етеді. Әр ұстаз өз жұмысының нәтижесін де көргісі келетіні сөзсіз. Бірақ сол нәтижеге жеткізу үшін мұғалімге де, оқушыға да шыдамдылық пен төзімділік керек. Қазіргі таңда мектептегі мұғалімнен күтілер іс - шығармашылық. Алаш арысы Мағжан Жұмабаев «Негізінде әр адамның сұлулық сезімдері әр түрлі нәрселерден оянымпаз болады. Біреудің музыкадан, біреудің суреттен, біреудің поэзиядан. Әйтсе де, Cөз өнерінің рөлі бәрінен биік екеніне ешкім дау айта қоймас» деген. Ал, қазіргідей көркем әдебиетті аз оқитын, уақытының көбін түрлі ойындармен өткізетін оқушылардың арасынан шығармашылық қабілеті бар дарынды оқушыны қалай танып білуге болады? Ол үшін не істеу керек?Қандай жұмыстар жүргізу қажет және жұмыс түрлерін қашан бастау керек?Мұндай сұрақтар әр мұғалімді де толғандырары айқын. Дарынды оқушыны дөп басып табу үшін, мұғалімнің шығармашылық шеберлігі, көрегендігі қажет. Мұғалімнің сабақтағы шеберлігі-маңызды фактордың бірі. Мұғалімнің образ жасауы, өз пәнін жетік білуі, өз пәнін сүюі көрініс тапса, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады. Оқушы алдында мұғалім қарапайым жаннан алып тұлғаға айналады. Сол тұлғаға ұқсау жолында іздену басталады. Баланың жан дүниесі қалыптасып қоймай, оның рухани марқаюы көрініс табады. Әдебиетке деген құлшынысқа сыныптан тыс өткізген жұмыстар да өз әсерін тигізеді. Демек, қабілетін шыңдап барып, жақсы нәтижеге жетуге болады. Мысалы:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz