Демографиялық мәселелер мен қоршаған ортаның жағдайы



Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Демографиялық жағдай.

Демография (грек демос-халық) - халықтың құрылымын, құрамын, динамикасы мен көбеюін (туу, өлім, өмірінің ұзақтығы) қоғамдық-тарихи тұрғыдан зерттейтін ғылым.
Соңғы жылдары демографияның жаңа бағыттары - экологиялық демография немесе демографиялық процестердің адамның мекен ету ортасына байланысын зерттейтін бағыты қалыптасып келеді.
Қазіргі адамзаттың саны 6 млрд. адамға жақын. Табиғаттағы жануарлардың түрлерінің саны ортаның сыймдылығымен шектеледі.
Әрекеттердің болжамдары бойынша жерде 1 млн жыл бұрын өмір сүрген адам популяцияларының жалпы саны (Homo erectus) 100 мың болған, Ноmo sаріens пайда болуына қарай шамамен 50-мың, 30-20 мың жыл бұрын шамамен 5 млн.
XX ғасырдағы адамзаттың санының жылдам артуын демографиялық жарылыc деп атайды. Ғасырдың екінші жартысында әр он жыл сайын жылдық өсім шамамен 10 млн-ға артып отырды. 50 жылдары 53,2 млн болса, 60 жылдарда - 66,7 млн, 70 жыддарда - 70,3 млн, 80-жыддарда 86,4 млн адам:
Адам санының 1 млрд-тан 2 млрд-қа өсуі үшін 7 жыл қажет болса (1820-1827 ж), ол 3 млрд-қа дейін 32 жыл (І959), 4 млрд-қа 15 жыл (1974), 5 млрд-қа - 13 жыл (1987), 6 млрд-қа -12 жыл (1999), халық санының соңғы рет екі еселенуіне 38 жыл қажет болды. (11-сурет).
Адамзат тарихы мен эволюциясының ерекше факторынан басқа халық санының шектен тыс артуын эпидемиялар мен аштықтан болатын өлім санының кемуімен түсіндіруге ботады. XX ғасырда аталған факторларға гигиеналық және медициналық жағдайлардың жақсаруына байланысты дамушы елдердегі бала өлімінің кемуіде қосылады.
1990-95 жылдары дүние жүзіндегі жалпы туу коэффициенті 24,6% дейін кеміді. Жалпы өлім коэффициенті 9,8% болса, табиғи өсім коэффициенті - 14,8% құрады. Қазір көбеюдің шамамен осындай көрсеткіштері сақталуда. Әр минут сайын жерде. 270 бала өмірге келсе, әр жастағы 110 адам өледі де дүние жүзі халқы 160 адамға өсіп отырады.
Әр түрлі елдер мен континенттері халық санының өсуіне қосқан үлесі әр түрлі. Абсолюттік саны бойынша ең үлкен өсімді ірі азиялық елдер - Қытай, Үндістан, Индонезия берсе, ал ең жоғары өсу жылдамдығы Африка мен Латын Америкасында байқалған.
Кейбір Африка мемлекеттерінде салыстырмалы өсім жылына 4 %-ға дейін жетіп отырды. Көптеген жоғары дамыған елдермен аймақтарда (Батыс, Еуропа, Солтүстік Америка) демографиялық жарылыс жағдайы ертерек- XIX ғасырда байқалған. Бұл елдерге қазір халық санының тұрақтануына әкелетін демографиялық өтпелі даму кезеңі тән.
Өтпелі кезеңдегі халық санының сапалық өзгеру сипатына қарай 4 сатыны бөліп көрсетуге болады.
Бірінші сатысы кезінде өлім мен туылу күрт төмендейді, бірақ өлім коэффициентінің төмендеуі туу коэффициентінің төмендеуінен алда болады. Соңдықтан, халықтың өсімі артады. Мұндай жағдай көптеген дамушы елдерде қалылтасып отыр, ал дамыған елдер бұл кезеңнен XX ғасырдың ортасында өтіп кетті.
Екінші сатысында өлім минимумға жетеді да одан төмендемейді, бірақ туылу төмендей береді. Сондықтан, халық өсімі баяулайды.
Үшінші сатысында халықтың қартаюына байланысты өлім коэффициеті артады, сонымен қатар туылудың төмендеуі баяулайды.
Үшінші сатысының соңына қарай туу коэффициеиті халықтың жай көбеюінің деңгейіне жақындайды, ал өлім коэффициенті бұл деңгейден төмен болып қалады, себебі халықтың жастық құрамы әлі де тұрақты емес.
Экономикалық жағынан дамыған елдер өтпелі кезеіңнің осы сатысына жақын.
Төртінші сатысында өлім коэффиенті арта отырьш, туу коэффициенті жақындайды да, демографиялық тұрақтану аяқталады.
Демографиялық мәселелер мен қоршаған ортаның жағдайы.
Қазіргі кездегі демографиялық және экологиялық жағдайда қоршаған ортаға тек (өнеркәсібі дамыған) елдер ғана емес, сонымен қатар кедей (аграрлық) елдер де теріс әсер етеді.
Өнеркәсібі жоғары дамыған, бай елдердің қоршаған ортаға әсері олардың табиғатты тікелей бұзуымен емес, техногенді ластануға байланысты. Дүние жүзінің халқының 20-2.5 % құрайтын бұл елдердің халқы қоршаған ортаға ластанулардың 80 % -ын шығарады. Бұл жағдайда қоршаған ортаны бұзатын фактор халықтың саны емес, өндіріс пен онымен бірге жүретін байлық болып табылады.
Байлықты доллармен есептегенде дүние жүзінде 157 миллиардер, 2 миллионға жуық миллионерлер бар.
Шектен тыс көп тұтынуға қарама-қарсы кедейлік-экологиялық, әлеуметтік мәселелерді шешуге мүмкіндік бермейді.
Кедей елдерде қоршаған ортаға әсер экожүйелерге жасалатын қысым нәтижесінде табиғатты тікелей жоюмен байланысты. Бұл ормандардың жойылуы және басқа экожүйелердің бұзылуы, ресурстардың сарқылуы көрінеді. Мұндай жолмен табиғаттың бұзылуының негізгі себебі кедейлік болып табылады. Себебі, күнделікті бір күнін қалай өткізуді ойлауға ғана мәжбүр адам өзін қоршаған орта мен табиғатты қорғау туралы ойлауға қаблетсіз.
Табиғат ресурстары және олардың жіктелуі.
Табиғат ресурстарына адам пайдаланатын және материалдық игіліктерді жасау үшін қолданылатын табиғат объектілері жатады.
Табиғат ресурстарымен қатар табиғат жағдайлары ұғымын да қарастырамыз. Олардың табиғат ресурстарынан ерекшелігі - олар адамның өмірі мен қызметіне әсер етеді, бірақ берілген кезеңде материалдық өндіріске қатыспайды.
Табиғат ресурстары мен табиғат жағдайларының арасындағы шекара нақты емес. Мысалы: ауа егер бұрын тек табиғат жағдайы болса, қазір - ресурс болып табылады.
Ресурстардың жіктелуі. Табиғат ресустарын бірнеше белгілері бойынша жіктейді. Олар атмосфералық, су, өсімдіктер, жануарлар, топырақ, қазба байлықтар, энергетикалық және т.б. болып бөлінеді. Ең жиі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Демографиялық мәселелер
Демография және экологиялық мәселелер
Демография және экологиялық мәселелер. Демографиялық мәселелер мен қоршаған ортаның жағдайы
Демография ғылымы туралы түсінік
Экономикалық және әлеуметтік география
Экологиялық демография мәселелері
Жергілікті деңгейдегі тұрақты даму саясаты мен стратегиясы
Әлеуметтік экология ғылымының зерттеу обьектілері
Мальтустың саяси экономиясы және қазіргі мальтузианистер
Тұрақты даму тұжырымдамасындағы экологияның рөлі
Пәндер