Отандық өндірушілерді демпингтік тауар импорты туғызған терiс пиғылды бәсекеден қорғау


Кіріспе
Біздің Қазақстан Республикасы деп аталатын тарихы терең, өзі жас мемлекетіміз даму жолында көптеген заңдарды, кодекстер мен басқа нормативтік-құқықтық актілерді өз азаматтарының игілігі үшін қабылдауда. Адамның құқығы мен бостандығы бойынша мемлекет өзінің басты міндетін құқықтық институттар арқылы жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы 1995 жылдың 30 тамызында қабылданған Ата Заңында өзін зайырлы, демократиялық, әлеуметтік мемлекет ретінде жариялады. Сол демократиямызды, зайырлылығымызды сақтау және дамыту мақсатында, қоғамдағы және мемлекеттің дамуындағы тұлғаның рөлін арттыру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар аз емес [1] .
Ең күрделі салалалардың бірі - азаматтық құқық саласы. Әрбір адам өзінің күнделікті тіршілігінде азаматтық құқық субъектісі болады. Азаматтық құқықтық қатынастар субъектілерінің заңды мүдделері мен құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында қарастырылған іс-әрекеттерді жасау кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін саланың бірі болып табылады. Осы азаматтық құқықтың ең қызық та, күрделі саласының бірі - ол экономикалық қарым-қатынастарды реттеу. Экономикалық қарым-қатынастар мемлекеттік құқық саласының ең күрделі, ауқымы кең, күнделікті өмірде жиі кездесетін қарым-қатынастар саласы.
Осы саланың деңгейіне мемлекетіміздің азаматтарының тұрмыс-тіршілігі, әл-ауқаты тікелей байланысты. Экономика саласын реттеуде, оны дамыту мен жаңғыртуда, құқықтық реттеуде мемлекеттің атқаратын рөлі орасан зор. Осы салада басқа мемлекеттермен бәсекелестікке төтеп беру үшін көптеген құқықтық нормалар да қабылдануда.
Осы мақсатта тауар айналымы дегеніміз не, демпинг дегеніміз не, ол қандай заңмен реттеледі, оның ішінде демпингке қарсы шаралар ретінде қандай нормалар бар деген сұраққа жауап іздеп көрейік.
Осы дипломдық жұмыстың мақсаттарын айқындап, заңмен реттелуін және отандық өндірушілерді демпингтік тауар импорты туғызған терiс пиғылды бәсекеден қорғау және демпингке қарсы шараларды енгiзу жолымен отандық өндiрушiлер үшiн келеңсiз зардаптарды жою болып табылады. Осы Заң уәкiлеттi орган мен мүдделi тұлғалар арасында, сондай-ақ мүдделi тұлғалардың өздерi арасында отандық өндiрушiлерге оның аумағына тауарды қалыпты құнынан төмен бағамен сату үшiн әкелу арқылы материалдық залал келтiруге немесе материалдық залал келтiру қаупiне және демпингке қарсы шараларды енгiзуге байланысты туындайтын қатынастарды реттейдi.
Қазақстан Республикасының тауар импорты жағдайындағы демпингке қарсы шаралар туралы заңдары осы Заңнан және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық келiсiмде немесе шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық келiсiмнiң немесе шарттың ережелерi қолданылады.
«Биылғы Жолдауында Президент Н. Назарбаев: “Біз қатаң бәсекеге әзір тұрып, оны өз мүддемізге пайдалана білуіміз керек. Қазақстан көптарапты халықаралық экономикалық жобаларға белсене қатыса алады, қатысуға тиіс те”, -деп атап көрсетті.
Диплом жұмысының негізін Қазақстан Республикасының заңдары, ережелері, шетелдік және отандық заңгерлер және заң ғылыми еңбектері, оқулықтар мерзімді басылымдардың құрайды.
1 Демпингтің түсінігі мен демпингке қарсы қабылданған заңнамалардың құқықтық жағдайы
1. 1 Демпингтің жалпы түсінігі мен мазмұны
Демпинг сөзі неміс тілінен аударғанда артығын тастау дегенді білдіреді. Демпинг /неміс тілінде dumping/ - сөзбе -сөз мағынасы: лақтырып тастау. Демпинг - тауарларды нарықтағы бағадан төмен бағада өндіру.
Демпинг:
-Тауарлардың сыртқа едәуір төмен бағамен /кейде оны тастанды баға деп те атайды/ шығарылуы;
-Тауарлардың ішкі нарықтағы бағаға қарағанда сыртқы нарықта неқұрлым төмен бағамен сатылуы.
Демпингтік баға - конкурсқа қатысушының тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге ұсынған бағасы, ол мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу мақсатында ұқсас тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге қолданылып жүрген бағалармен салыстырғанда көрінеу төмен баға болып табылады. /Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы Заңы/
Демпинг мазмұнына қарай екі нысанға бөлінеді: тауар демпингі және валюта демпингі. Тауар демпингі бойынша тауарларды басқа елдің нарықтарында төмендетілген бағамен сату, яғни ол дағдылы коммерциялық операцияларда қолданылады; валюта демпингі бойынша валютамен неғұрлым қамтамасыз етілген елден валютасының тұрақтылығы жоғары елге тауарлар төмен бағамен шығарылады. Валюталық демпинг бағасы төмен тауарларды валютасы құнсызданған елдерден валютасы салыстырмалы түрде тұрақты елдерге экспорттау, валюталық демпинг тауарлардың ішкі жоғары бағаларымен және төмен экспорттық бағаларымен, тауарлардың сыртқы дүниежүзілік орта көрсеткіштерден төмен бағалар бойынша көптеп сатылуымен ерекшеленеді. Сырт жерлерге шығарылатын тауарлардың бағасын кемітудің көзі - неғұрлым тұрақты шетел валютасын құнсызданған ұлттық валютаға айырбастағаннан түскен айырмашылықтан пайда болатын экспорттық сыйлық деп аталатын табыс. Тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісімнің 1967 жылғы конференциясында халықаралық Демпингкке қарсы кодекс қабылданды. Онда демпингті, оның ішінде валюталық демпингті де, қолданған жағдайда жүзеге асырылатын арнайы санциялар көзделген [2] .
Демпинг бағаны төмендету арқылы жаңа тауар нарығына шығу, немесе шетел валютасын тарту арқылы жүзеге асады. Жалпы демпинг бәсекелестіктің кеңінен тараған түрі болып табылады, себебі импорттаушы мемлекетте сол тауарлардың өндірісіне айтарлықтай зиян келтіреді. Яғни, мысалы Қазақстан Республикасында тауардың өндіріс құны - 2500 тенгені құраса, Қытай Халық Республикасынан келетін тура сол тауар 1500 тенгені құрауы мүмкін. Мұндай жағдайда мемлекет өз тауар өндірушілерін қорғау мақсатында антидемпингтык шараларды қолданады. Отандық кәсіпкерлердің шағымы бойынша, отандық кәсіпкерлерді қорғау мақсатында антидемпингтык шара ретінде антидемпинтік салымдар салу кеңінен қолданылады. Бұл салымдар кедендік салымдарға қосымша жасалады, сол себептен айыппұл тектес болады десек артық айтпаған болар едік.
Антидемпингтік салымдар арнайы үкіметтік тексеру нәтижесінен соң ғана орнатылады. Арнайы үкіметтік тексерудің мақсаты - демпинг фактісін анықтау және соның салдарынан келтірілген зиянды айқындау, және салымдарды орнату. Антидемпингтік зерттеулер - кеңінен тараған іс-шара. АҚШ пен Евроодақ мемлекеттерінде антидемпингтік шаралар ондаған және жүздеген жағдайларда жүзеге асады. Ресей тауарларын антидемпингтік тексеруден өткізу мақсатында АҚШ-та, Қытайда, Евроодақта ондаған зерттеулер өткізіледі.
Демпингке қарсы шаралардың бірі ретінде осы шараларды үкіметтік деңгейде бастайтыны туралы мақалалар жариялау табылады. Бұл өз кезегінде аталған тауарды өндірушіге өз әсерін тигізеді, себебі ол демпингкке қарсы салымдар енгізілетін болса оның тауарының импортына кері әсерін тигізеді. Сондықтан, үкіметік деңгейде екі жақты келісім арқылы шешуді көздейтін келіссөздер жүргізіледі. Мұндай келіссөздердің нәтижесі ретінде тауардың құны өседі немесе тауардың жеткізілу шегіне /санына/ шектеу қойылады. Немесе үкіметаралық деңгейдегі келіссөздер нәтижесінде тауардың экспорты «ерікті» түрде шектеледі.
Кей жағдайларда демпинг орын алмаса да, мемлекет аралық қатынастардағы шиеленістерді ұлғайту үшін антидемпингтік зерттеулер мен шаралар қолданылады. Мысалы, 2008 жылғы әлемдік дағдарыс кезінде АҚШ үкіметі ресей сталін импорттауға осындай шаралар қолданған. Ресей жауап ретінде АҚШ-тың 16 тауар өндірушілерінен тауық етін сатып алуға Роспотребнадзор арқылы тыйым салған. Бұл жағдайда АҚШ-тың әрекеті Бүкіләлемдік сауда ұйымының қағидаларына қарсы келген.
Яғни, жосықсыз бәсекемен күресудің жолы ретінде демпингкке қарсы шаралар шын мәнісінде протекционизм құралына айналады. Бұл практика халықаралық құқықтық деңгейде демпингті анықтау критерийлері мен оған тосқауыл қою шегін анықтау арқылы күресуде [3] .
Демпингке заң тұрғысынан түсініктеме берейік. ГАТТ-тың /Баға және сауда бойынша бас келісім, General Agreement on Tariffs and Trade/ 1947 жылғы қабылданған VI бабы демпингкке келесі түсініктеме береді: «демпинг - бір елдің тауарлары екінші елге тауардың қалыпты бағасынан төмен бағада келу сауда операциясы». Осы келісімге сәйкес, демпингкке қарсы салымдар салуды қолдану мүмкіндігі қаралды, дегенмен, оны қолдану шарттары айқын болмағандықтан, практикада асыра пайдалануға жол берілді. Сондықтан, 1969 жылы Кеннеди раунд, 1974 жылы Токио раунд, 1994 жылы Уругвайский раунд атты келісімдер қабылданды, олар «Антидемпингтік кодекс» деген атқа ие болды. 1994 жылы қабылданған соңғы баспасында демпигкке қарсы негізсіз шаралардың болдырмауына қатысты ережелер енгізген. Демпингкке қарсы шаралар мүдделі кәсіпкерлердің арыздарының негізінде, демпингтың салдарынан шығынға кетіп отырғаны дәлелденген жағдайда ғана енгізілуі мүмкін.
Осы тұрғыдан, халықаралық құқықтың демпингкке қарсы актілері болып танылатын келісімдерді - раундттарды қарастрырайық.
Біріншісі, 1947 жылғы келісім. Екінші дүниежүзілік соғыстан соң экономиканы жаңғырту мақсатында қабылданған. Негізгі мақсаты - халықаралық саудадағы кедергілерді төмендету. Тарифтік кедергілерді төмендету, сандық жағынан шектеу қою, сауданы субсидия бөлу арқылы қаржыландыру секілді шаралардан тұрған. ГАТТ - ұйым емес, келісім. Бастапқыда, ГАТТ-ы Бүкіләлемдік банк немесе Әлемдік сауда ұйымы секілді толыққанды халықаралық ұйымға ауыстыру көзделген, дегенмен, келісімге қол жеткізілмеген соң келісім күйінде сақталған. 1990 жылдың басында ғана ГАТТ-ң функциялары Бүкіләлемдік сауда ұйымына өткізілген. ГАТТ-ң тарихын үш кезеңге бөлуге болады. 1947 жылдан бастап 1959 жылға дейінгі кезеңде қай тауар түрлерін реттеу керек және қай тарифтарды тұрақтандыру керек екенін реттеп отырған. 1959 -1979 жылдар аралығындағы кезең үшке бөлінген, және де бағаны төмендетуден көзделген, 1986-1994 жылдар аралығы Уругвай раунды деп аталған, ГАТТ-ң шеңберін интеллектуалдық меншік, қызмет түрлері, капитал, ауыл шаруашылығы, Дүниежүзілік сауда ұйымының құрылуы - секілді шеңберлерді қамтиды [4] .
1964-1967 жылдар аралығын қамтитын «Кеннеди Раунды» деп аталатын бағаны төмендетуге бағытталған кезең 1964 жылдың мамырында басталып 1967 жылдың маусым айында аяқталған. Бұл келісімдер АҚШ-тың президенті Дж. Кеннедидің атымен аталған, себебі ол 1962 жылы сауданы кеңейту туралы Заңның қабылдануына ықпал еткен. Осы заңның қабылдану нәтижесінде АҚШ бүкіләлемдік бағаны төмендету шарасына қатыса алды. Келіссөздердің арқасында бүкіләлемдік саудадағы бағаны төмендету туралы келісімдерге қол жеткізілді. Жалпы бүкіләлемдік бағаны төмендету көлемі шамамен 40 млрд доллар көлемінде, ал АҚШ-тың импорт бойынша 8, 5 млрд. доллар көлемінде, басқа мемлекеттердің АҚШ-қа қатысты импорты да сол көлемде сомманы құрады. Бағаны 50 пайызға төмендету көптеген дайын тауарларға қатысты қолданылды, ал басқа тауарлардың бағасы төмендетілгенмен пайыздық мөлшері басқа болды. Төрт ірі қатысушы мемлекеттер: АҚШ, Европалық экономикалық одаққа мүше елдер, Ұлыбритания, Япония дайын тауарларға бағаны 35 пайызға төмендеткен. АҚШ тарапынан бағаны төмендету бес бөлікке бөлініп әр жылы жүзеге асуы, ең алғашқы төмендету 01 қаңтар 1968 жылы орын алуы керек болған. АҚШ президенті жанындағы экономикалық кеңесшілер Кеңесі 1968 жылғы есеп беруінде Кеннеди раунды барысында бағаны төмендетудің артықшылықтарын төмендегідей етіп көрсеткен:
1) Бағаны төмендету сауданы кеңейтуге мүмкіндік туғызбаған;
2) АҚШ үшін жаңа экспорттық мүмкіндіктер пайда болған;
3) Сырттан келетін тауарлардың бағасының төмендеуіне байланысты америкалық тауар өндірушілер өндіріс шығындарын төмендетуге мүмкіндік алған;
4) Жергілікті және импорт тауарларға бағаның төмендеуіне байланысты америкалық тұтынушылардың әл-ауқаты жоғарылаған.
1973-1979 жылдар аралығында өткен Токио раунды тек баға мәселесін ғана емес, сонымен қатар ауыл шаруашылық мәселелерді де, саудадағы бағадан тыс кедергілер мәселесін де көтерген. Жоғары кеден салымдары салынатын тауарлардың саны азайтылған. Азаматтық авиация саласында кедендік салықтар алынып тасталған. Сонымен қатар, өндірісі дамыған мемлекеттер өз кедендік салықтарын 25-30 пайызға төмендетуге келіскен. Бұл шаралар 1980 - 1988 жылдар аралығында жүзеге асқан. Европалық сыртқы баға орташа есеппен 9, 8 пайыздан 7, 5 пайызға төмендеген, жапондық тариф 7, 9 пайыздан 5, 5 пайызға төмендеген, американдық тариф 7, 9 пайыздан 5, 6 пайызға төмендеген. Дағдарысқа ұшыраған экономика салалары үшін бағаны төмендету кейінге қалдырылған. Текстиль өндірісі саласына ерекше мән берілген. Бұл сала халықаралық қатынастардағы қиындық туғызатын салалардың бірі болып табылады: себебі дамушы елдер үшін бұл сала әлемдік нарықтағы жалғыз бәсекелестік туындататын сала болады. Бұл саланы жою дамыған мемлекеттер үшін көптеген әлеуметтік мәселелер туындататыны анық. Токио раунды ауыл шаруашылық өнімдерін сатуды либерализациялауға айтарлықтай бет бұрыс жасауға мүмкіндік туғызбады. Сол уақытта бастап АҚШ пен Европалық қауымдастық арасында осы күнге дейін қиын болып танылатын диалог туындаған. Сауданы жүргізудің бағаға қатысты емес кедергілерін терең зерттеулер жүргізіліп, жосықты бәсеке жүргізудің бес кодексі қабылданған. Ол кодекстер кеденде тауардың құнын бағалау, импортқа шығарылатын тауарларды лицензиялау туралы ақпарат, техникалық нормаларды, мемлекеттік сатып алуды унификациялау, субсидиялау, және жауап ретінде атқарылатын шараларға қатысты болды. Экспорт кредиттері бойынша келісімдерге өндірісі дамыған мемлекеттер тек 1970 жылдары ғана қол жеткізді. Экспорттық кредиттер кеңінен қолданыла бастады. Пайызы бойынша жеңілдіктер қарастырылғандықтан, экспорттың тікелей көмекшісі ретінде көр тауар өндірушілер аталған кредиттерге жүгіне бастады. Экспорттық кредиттер 10 жыл мерзімге берілген, және кредит алушы баға көлемін 85 пайыздан асырмауды талап еткен. Эспорттаушы барлық мемлекеттер үшін кредиттің пайыздық мөлшерінің ең төменгі ставкасы белгіленген. Жалпы Токио раунды халықаралық сауда жасаудың жалпы либерализациялануына алып келген. Осы тұрғыда либерализация терминінің түсініктемесін бере кетейік [5] .
Бағаны либерализациялау дегеніміз бағаны қалыптастырудағы мемлекеттің рөлінің төмендеуін, немесе бағаны нарық талабына сай өз ағымына жіберу дегенді білдіреді.
1986-1993 жылдар аралығы Уругвай раунды деп аталатын кезең. Уругвай раундының келіссөздері сегіз жылға созылған. Бұл келіссөздер 1986 жылдың 15 қыркүйегінде Уругвайдың Пунта-дель-Эсте қаласында басталған, өз атауын содан алған. Уругвай раундының нәтижесі ретінде Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы келісімге қол жеткізілді, және де осыған қосымша ретінде тауарлар, қызметтер, интеллектуалдық меншік құқығына қатысты сауда аспектілерін қамтитын басқа да қосымшалар қабылданды. Бұл келісімдердің барлығы бір тұтас құжат ретінде қарастырылды. Яғни, Дүниежүзілік сауда ұйымына кіретін қайсыбір мемлекет аталған келісімдер мен қосымшаларының талаптарын толығымен орындауын міндетті. Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы келісімге сәйкес, кеденде төленетін төлем импорттаушы мемлекетке экпорттаушы мемлекеттен кіргізілген жағдайда тауардың бағасына осы мемлекеттегі белгіленген, тұрақтанған құнын ескере отырып, жасалады. ГАТТ-ң 7 бабының 2 тармағында былай делінген: «кеден үшін кіргізілген тауарды бағалау кіргізілген тауардың шынайы құнын ескеруі тиіс, отандық осындай тауардың құнын бағалауға, немесе ерікті, немесе жалған бағалауға сүйенбеуі тиіс». Осы баптың 5 тармағында кедендік құнын белгілеу барысында ашықтық, тұрақтылық қағидалары бекітілген. Бұл тұрғыдан қарағанда, Қазақстан Республикасының кеден орындарындағы коррупцияның кеңінен тарауы, біздің мемлекетіміздің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруімізге тосқауыл болатын кедергілердің бірі екені анық.
Жалпы, Дүниежүзілік сауда ұйымын құру идеясы Екінші дүниежүзілік соғысы аяқталғанға дейін пайда болған, себебі халықаралық сауданы реттеу үшін осындай ұйымның қажеттілігі туындаған. Қазіргі глобализация кезеңінде Дүниежүзілік сауда ұйымының алар орны артпаса, кемімейді. АҚШ пен Ұлыбритания мемлекеттерінің атсалысуы арқасында 1944 жылы Бреттон Вудтағы конференцияда Халықаралық валюта қоры мен Халықаралық даму және қайта құру банкі құрылған [6] .
Жаңа экономикалық тәртіппен сақтау үшін үшінші ұйым ретінде Халықаралық сауда ұйымын құру көзделген. Осы мақсатта 1946 жылы Гавана қаласында сауда мен жұмыспен қамту мәселелері бойынша халықаралық конференция ұйымдастырылған. Осы конференция бағаны төмендету бойынша халықаралық келісімнің материалдық-құқықтық базасын дайындауы, қызығушылық білдірген мемлекеттерге осы ұйымның жарғысын ұсынуы, сыртқы сауданы оңтайландыру, бір мемлекеттен екінші мемлекетке тауар кіргізгенде кедендік салымдарды төмендету мәселелері бойынша үйлестіруші рөл ойнауы тиіс еді. 1947 жылдың қазан айында Баға мен сауда туралы Бас келісім қабылданды, ол жаңа халықаралық сауда ұйымының бөлігі ретінде қарастырылды. Уақытша келісім ретінде 01 қаңтар 1948 жылдан бастап күшіне енді.
КСРО Гавана конференциясына қатысуға шақырылмады, себебі Халықаралық валюта қоры мен Халықаралық даму және қайта құру банкіне қатысушы болудан бас тартты. Кеңес үкіметі аталған ұйымдарда АҚШ-тың ықпалының күшті болуына байланысты, АҚШ пен КСРО арасындағы: идеологиялық блоктар арасындағы текетірес аталған ұйымдардағы КСРО-ның мүддесін тиісті денгейде ескереді деп есептемеді.
Дегенмен, АҚШ Конгрессі Халықаралық Сауда ұйымының Жарғысын ратификациялаудан бас тартты, сол себептен ГАТТ елу жылдай уақыт бойы келісім ретінде өз қызметін атқарды.
Келесі жылдары ГАТТ жалпы алғанда, өзінің тиімді жүйе екенін дәлелдеді, осы келісімге қол қойылған кездегі 40 пайыздық көлемнен орташа кедендік салықтар 1990 жылдарға қарай 4 пайыздық көлемге төмендеді. Кедендік салымдарды төмендету және бағадан тыс кедергілерді азайту мақсатында ГАТТ үнемі қатысушы мемлекеттері арасында келіссөздер жүргізіп отырды.
1986 -1994 жылдар аралығы Уругвай раунды деп аталып, осы кезеңдер ішінде ең тиімдісі болды. Ұзаққа созылған келіссөздер нәтижесінде 1994 жылы Марракеште Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы келісім жасалып, ол өз қызметіне 1995 жылдың 01 қаңтарынан бастап кірісті. Бұл ұйымға мүше мемлекеттер ұйым шеңберінде тауарларды сатумен қатар, қызмет түрлерін сату мәселелері де реттелетіні туралы келісімге келді. Қызмет көрсету саласын бойынша сатулар GATS келісімімен реттелетін болды. Сонымен қатар, Марракеш келісімі бойынша TRIPS келісімі қабылданды, бұл келісім Дүниежүзілік сауда ұйымының құқықтық іргетасының ажырамас бөлігі ретінде интеллектуалдық еңбектің нәтижелеріне құқықтар бойынша сауда сұрақтарын да реттеді.
Сыртқы сауданы реттейтін халықаралық ұйым құру мақсаты елу жылдан соң жүзеге асты, 1995 жылдың 01 қаңтарынан бастап Дүниежүзілік сауда ұйымы өз жұмысына кірісті.
1. 2 Кедендік тарифтің мазмұны. Кеден баждарының жіктелуі
Мемлекеттік сауда саясаты - бұл ішкі нарыққа шетелдік тауарлардың келуін реттеу саласындағы, сондай-ақ бұл мемлекеттің тауарлары шетелдік нарыққа жетімді болуын қамтамасыз ететін саясат. Сауда саясаты негізінде тауарлар саудасы мен қызметтер саудасын қарастырады.
Ұлттық және әлемдік нарықтардың арасындағы өзара қарым-қатынас жағдайын сауда саясаты анықтайды. Белгілі мемлекеттің сауда саясаты өз бейнесін сауда режимінде табады [7] . Сауда режимі - бұл ұлттық және әлемдік нарықтық қарым-қатынасын қалыптасытру үшін қолданылатын шаралар жиынтығы.
Мемлекеттік сауда режимінің сипаты кедендік тарифтің орташа деңгейін, сондай-ақ санды шектеулердің интенсивтігілі мен орташы деңгейін есептейтін агригалдық көрсеткіш ретінде анықталады.
Импорттық кедендік салымының орташа деңгейі 10% төмен, ал сандық шектеу импорттың 25% басып, тіркеу сипатына ие болатын мемлекеттің сауда режимі салыстырмалы түрде ашық болып танылуы мүмкін.
Мемлекеттік халықаралық саудаға араласу масштабына байланысты протекционистік сауда саясаты және еркін сауда саясаты деп айырамыз (жабық экономикадан ашық еркін сауда саясатына көшу жағдайын сыртқы сауданы либерализациялау деп аталады) .
Еркін сауда - еркін нарық күштері сұраныс пен ұсыныстың, негізінде дамитын сыртқы саудаға мемлекеттің минималды араласу саясаты.
Протекционизм - тарифтік және тарифтік емес құралдарды қолдану арқылы ішкі нарықты шетелдік бәсскеден сақтау үшін қолданылатын мемлекеттік саясат. Бұндай шектеулерді сауда кедергісі деп атайды.
Сыртқы сауданы реттеудегі ең кең қолданылатын құрал болып кеден тарифтері табылады.
Кедендік тариф - бұл кедендік шекара арқылы жылжитын тауарларға қолданылатын кедендік баж ставкаларнының жүйелендірілген жиынтығы. Кедендік тариф түсінігі көп жағдайда, кедендік баж түсінігімен сәйкес келеді.
Кедендік баж мыналарға жіктеледі:
Импорттық, экспорттық, транзиттік, маусымдық, антидемпингтік, компенсациялық, автономдық, конвенциондық, преференциялық, спецификалық, адвалорлық, құрама.
Кеден тарифтерінің жіктелуі.
Салық салу объектісі бойынша:
- Импорттық - бұл елдің ішкі импортқа еркін айналысқа түсетін импорттық тауарға салынатын баж салықтары. Ұлттық өндірушілерді шетел бәсекелестігінен қорғау үшін барлық мемлекетттермен пайдаланатын кең таралған форма.
- Экспорттық - экспорттық туарларға салынатын баждар. Олар өте сирек қолданылады, өйткені олар әлемдік нарықтағы тауар құнын қымбаттатады. Сондай-ақ ол, мемлекет тауарларының сыртқа әкетілуін шектеуге ұмтылған кезде де қолданылады.
-Транзиттік - аталмыш ел территориясы арқылы транзитпен тасымалданатын тауарларға салынады. Оларда өте сирек қолданады, себебі, олар тауар ағымдарына кедергі жасап, сауда соғысы құрамы ретінде қолданылады.
Сипаты бойынша:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz