Деңгейлік курстарда қолданатын психологиялық тренингтер жинағы


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ

БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ

Деңгейлік курстарда қолданатын психологиялық тренингтер жинағы

Көкшетау

2014

ББК 74. 204. 2 каз

Д 33

Д 33 Деңгейлік курстарда қолданатын психологиялық тренингтер жинағы. үшінші (базалық) деңгей мұғалімдерін оқытуда қолдануға арналған әдістемелік құрал. Құрастырушы: Исабекова А. К., Деңгейлік бағдарламалар орталығының тренері /«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ», 2014ж- 49 бет

Жинақта үш деңгейлік курстарда мұғалімдермен жүргізуге ұсынылатын психологиялық жаттығулар топтамасы берілген.

Пікір жазғандар:

Наби Л., пед. ғ. к., доцент, Ш. Уәлиханов атындағы КМУ-нің ЖОО кейінгі білім беру факультетінің деканы.

Кайникенова Г. К., магистр, Ш. Уәлиханов атындағы КМУ-нің педагогика-психология және әлеуметтік жұмыс кафедрасының аға оқытушысы.

« Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ » Деңгейлік Бағдарламалар орталығының 2014 жылғы 10 -маусым айындағы отырысының

№ 6 хаттамасының шешімі бойынша баспаға ұсынылды.

Мазмұны
: 1
Мазмұны: Кіріспе
: 3
: 2
Мазмұны: Психологиялық тренинг және оны қолдану туралы түсінік
: 4
: 3
Мазмұны:

Психологиялық тренингтер топтамасы және олардың

мазмұны

: 8
: 4
Мазмұны: Қорытынды
: 52
: 5
Мазмұны: Пайдаланған әдебиеттер
:

Кіріспе

Білім берудің дәстүрлі нысандарымен салыстырғанда, жаңа әдістер ретінде психологиялық жаттығуларды қолдану оқыту үдерісінде мұғаліммен тренердің өзара әрекеттестігі ауысады: тренердің белсенділігі тыңдаушының белсенділігіне орын береді, ал тренердің тапсырмалары олардың бастамасы үшін жағдай жасаушы болады.

Үшінші (базалық) деңгейлік курстарын өткізу барысында топ ішінде ынтамақтастық амосферасын құру және белгілі бір ортадағы мәселелер мен қиындықтарды түзету, өзін-өзі шығармашылық тұрғыда дамытуға, тұлғаның әлеуметтік ортада өзіндік реттелуіне мүмкіндік болатын қажетті жағдайды туғызу үшін психологиялық тренингтер жиі өткізіледі.

Тренерлік тәжірибемде тренингтік жаттығулар кейбір жағдайларда тұлғалық өзгеруге түрткі қызметін атқаратынын түсіндім. Өзіндік сана тұлғаның даму процесін жанама түрде және мазмұндау арқылы қарым-қатынас үйлесімділігін орнатып және қарым-қатынастағы қиындықтардың себебін ұғыну динамикасына ықпал жасайды.

Жалпы осы жинақтағы психологиялық жаттығулар интернет және әр түрлі білім көздерінен жинақталды. Осы жаттығуларды қолдану бағдарламадағы модульдер бойынша тапсырмаларды орындау барысында да көмегі болады деп сенемін.

Тренинг және оны қолдану туралы түсінік

Тренинг - білімді дамыту немесе адамды оқытуда жоспарланған жағдайға жүйелі күш салу арқылы орындау. Жұмыс жағдайында тренинг адамның бір немесе бірнеше әрекет түрлерін нәтижелі орындауынан білім мен дағдыны меңгеру мүмкіншілігіне бағытталады.

Тренинг барысында мынандай жағдайларға да дайын болуы тиіс, олар: ыза, қатты дауыс, дөрекілік, өзімшілдік, қатыспаушылық, қажетсіз күлкі, ынтасыздық, шыдамсыздық немесе «сөзге керісу», қажетсіз сөзге араласу; тыныштық, селсоқтық; қылжақтық және т. б.

Жетекші, жаттықтырушы, ұйымдастырушы немесе жүргізуші мына төмендегі мақсаттарды негіз етіп алуы жүктелінді:

  • жеке тұлғаны дамыту;
  • қатысушылардың әлеуметтік - психологиялық компетентілігін, білімін көтеру;
  • қатысушылардың белсенді әлеуметтік позициясын көтеру, қалыптастыру;
  • өзінің және қоршаған адамдардың өмірінде маңызды өзгерістер жасау мүмкіндіктерін дамыту;
  • өзін-өзі және басқаларды толық тану;
  • жеке тұлға құндылықтарын ашу, білімдерін көтеру, бәсекелестікті

жоюға әсер ету. Зерттеу жұмысының нәтижелілігі тренингке қатысқаннан кейін тұлғалардың қарым-қатынас барысында өздерін ұстауы, жүріс-тұрысының өзгергендігін, сөйлеу мәнері мен мәдениетінің жоғарылағандығын аңғартады.

Психологиялық тренингті ұйымдастыру ерекшеліктері туралы тоқталып өтейік.

Кез-келген практик тренер өз қызмет жолында психологиялық тренингтерді өткізуге міндетті. Бұл тренингтер әр түрлі тақырыптарды қамтиды. Психологиялық тренинг қалай ұйымдастырылады және жүргізілу барысы туралы сөз алдында, «тренинг» ұғымын толық ашып алу қажет. Тренингтің үйрену, білім беру және дамыту ұғымдарына сәйкестігін анықтау.

Үйрену - зерттеу немесе нұсқаушының білім, дағды және тәжірибе жинау үрдісі.

Білім беру немесе оқыту тар көлемді әрекеттегі мәселені талдап, кең мағынада шешуде білім және құндылықтарды жүйелі меңгеру үрдісі.

Дамыту - жеке адамда саналы және бейсаналы үйрену мүмкіндіктерін кеңейту және икемдіктерінің өсуі.

Психологиялық тренингтің ең маңызды мәселесі - өзінің жеке даралық қасиеттері арқылы тұлғаның өзін-өзі ашуына көмек береді.

Ал, ол үшін ең бастапқы жағдайда адам өзін жеке тұлға ретінде қабылдап және түсіне білуге үйренуі қажет. Тренингтердің жағымды нәтижелі болуына жаттықтырушыға бірнеше талаптар қойылады:

  • қоршаған жағдай туралы мағлұмат;
  • қатысушылар саны қаншалықты үлкен;
  • бөлме көлемі қандай;
  • бөлме жаңғырығы, акустикасы қатысушыларға түгелдей естіледі ме;
  • жаттығудың негізгі құрылымы қандай;
  • қандай оқу құралдары қолданылмайды;
  • жаттықтырушы бөлменің қай бұрышында тұрады;
  • плакат, тезис, резюмелер қолданылады ма;
  • орындықтар қалай орналасқан;
  • бөлмеде сағат болу қажет пе;

Тренердің қолайлы нәтиже алу мен ықпал ету қабілетін орнату үшін жүргізілетін тренингтің жалпы мақсаты төмендегі міндеттерді шешеді:

  • білімдерді толық меңгеру;
  • жаңаны үйрену мен тапсырманы орындау барысында және топтық қарым-қатынас өрісінде ептілік пен дағдыны қалыптастыру;
  • табысты бірлескен іс-әрекет орнатуды дамыту;
  • өзін-өзі және басқа адамдарды танудың толық және тепе-теңдік мүмкіндіктерін дамыту.

Әрбір бөлімнің құрылымында біз материалды зерттейтін ортақ игеру логикасын және тұлғалардың өзіндік бақылауы мен бағалауын қалыптастыруда төменгі аспектілері жүзеге асырылды:

  • Мен қандаймын?
  • Мен не істей аламын және осыны қалай қолдану керек?
  • Менде жоқ қасиеттерді мен қалай дамытуым және икемдеуім керек?

Қатысушылармен жүргізілетін дамыту-түзету жұмыстарының құрылымында келесі бөлімдер ерекшеленеді:

Кіріспе бөлімі. Оның басты мақсаты - қатысушыларды тапсырмалармен жұмыс түрімен, топтың бірігуімен, ондағы жағымды атмосферамен, жеке анализдың алғашқы түрін қалыптастыру және өзін-өзі оқу барысында субъект ретінде тануын қалыптастыру.

«Танымдық үрдісі» бөлімі. Оның мақсаты - есте сақтау, зейін, ойлау, қабылдау процестерінің ерекшеліктерін дамыту. Сонымен психологиялық тапсырмалар арқылы осы танымдық белсенділіктің дамуына, шығармашылық қабілеттің қалыптасуына ықпал ету түрлерін анықтауға көмектеседі.

«Назар аудару» бөлімі. Бұл бөлімде қатысушылардың назарын ортақ мәселені бірге шешуге, бірін - бірі қабылдау мен тыңдау ерекшеліктерін қалыптастыруға бағыттайтын түрді игеру.

Тұлғаның жаңа ортаға енуі, құрбыларымен дұрыс қарым-қатынас жасай алуы дұрыс ұйымдастырылған топтық жұмыстарға байланысты.

Тренинг мақсаты- педагогты нақты тапсырманы орындауға қажетті білім, шеберлік және бағытпен қамтамасыз ету.

Тренингте өзгеріс, нәтиже бірден көрінеді. Осы міндеттерді шешу кезінде ұйымдастырылатын тренинг теңдігі түрлері де ерекшеленеді. Рольдік тренинг, бейнетренинг, қарым-қатынас тренингі, іскерлік қарым-қатынас тренингі, мәдениетаралық өзара әрекет және т. б. Тренингтер белгілі бір ортадағы мәселелер мен қиындықтарды түзету, өзін-өзі шығармашылық тұрғыда дамытуға, тұлғаның әлеуметтік ортада өзіндік реттелуіне мүмкіндік болатын қажетті жағдайды туғызуға көмектеседі. Трениг принципіне жататындар:

1. Белсенділік принципі.

2. Зерттеу және шығармашылық қатынасындағы принцип.

3. Мінез-құлық обьективтілік принципі.

4. Қарым-қатынаста субьект, субьектілік принципі.

5. Шындық принципі.

6. Қазір, осы жерде принципі.

Тренинг барысында жеке бастың дамуы туралы мәселелер нәтижелі шешіледі және коммуникативті дағдылар жемісті қалыптастырылады. Сабақ, оқу процесінде ұйымдастырылған психологиялық тренингтер кезінде білімгерлердің қарым-қатынастары жақсарады, өздерін белсенді қатысушы және басқаларға әсер етуші жағдайда сезінеді, топтың толық сеніміне кіреді. Әрбір бастаған іс-әрекеттінің толық аяқталуын қадағалайды. Ең бастысы - басқаларға өзінің ойы мен сезімін, уайымы мен күдіктенуін сездіруден қорықпайды.

Тренинг арқылы жақын адамдардың адамдық қасиеттерін ашып, бағалауға көмек беріледі, сөйлеу мәдениетін, тұлғаның қоғамда өзін ұстау іскерлігін және әдептілік ережелерін сақтауды енгізеді. Дұрыс ұйымдастырылып, жүргізген тренинг жеке тұлға қалыптасуының жетекші құралы екендігіне толық сенімдеміз. Психологиялық тренинг - арнайы ұйымдастырылған қарым-қатынас формасы. Кез келген тұлғаның жаңа ортаға бейімделуі, құрбылар арасында үйлесімді қарым-қатынас орнатуы, өзін дұрыс таныстыра білуі және т. б. жағдайлары кейде айналасындағылар тарапынан ұйымдастырылған әрекеттерге да байланысты әсер етеді.

Тренинг барысында педагогтардың біріккен іс-әрекеті, әркім өзінің жеке-дара үлесін қосатын, оқу материалдарын меңгеруді білдіреді, білімдерін, идеяларын, іс-әрекет тәсілдерін алмасу жүргізіледі.

Жаңа әдістерді пайдалану кезінде педагогтар түсіну үдерісіне толыққанды қатысушылар болады, оның тәжірибесі оқу танымының негізгі қайнар көзі қызметін атқарады.

Сондықтан ең алғашқы кездесуде « Танысу » тренингін жүргізуге болады. Бұл тренингтерде қолданылатын ең бастапқы жаттығу болғандықтан, қатысушыларды жұмысқа жауаптылықпен қарым-қатынас жасауға жұмылдыру қажет. Кейде жай ғана танысу мен кездесу адамды түсінуге үлкен маңыз береді. Адам туралы ақпаратты тек сыртқы келбетінен ғана емес, сөзі арқылы да есте сақтауға болады.

Психологиялық тренингтер топтамасы және олардың мазмұны

«Шеңбер бойынша сөз тізбегі» ойыны тренингке қатысушылардың сөздік мағыналы ойлауын, топтық қатынасын, сөйлеу мәнерін дамытуға ықпал етеді.

Ойынның ережесі: Қандай да бір қарапайым сөйлем таңдап, қатысушылар сол сөйлемді түрлі дауыс ырғағымен жалғастырулары қажет. Мысалы “Біз - құзыретті, кәсіби білімді маманбыз”. Енді оң жақтағы ойыншыдан бастап осы сөйлемді кезекпен айтамыз. Ойынның әр қатысушысы сөйлемді жаңа интонациямен айтуы тиіс (сұраулы, қуанышты, таңқалушы, немқұрайлы және т. б) . Егер қатысушы жаңа дауысқа сала алмай айтылғанда қайталаса, ойынан шығарылады. Осылайша, ойын бірнеше рет ойналады. Басқа адамның интоннациясын қайталауға болмайды.

« Комплимент» жаттығуы

Жаттығудың тапсырмасы - қатысушылардың бірін-бірі түсінісуі арқылы эмпатия деңгейін көтеру, тіл табыса алу қасиетін, бірі-бірін толық тануын дамыту. Тренингке қатысушылар шеңбер бойымен орналасады. Кез - келген қатысушы жағымды комплимент айтады. Ал қалғандары ол кімге арналғанын табады. Комплимент алған қатысушы ойынды әрі қарай жалғастырады. Барлығы түгелдей жағымды эмоция алмайынша ойын аяқталмайды.

Осы жаттығу тренингке қатысушылардың қаншалықты қызығушылықпен тапсырмаларды орындағандарын дәлелдеді.

Тренинг аяқталғаннан кейін қортынды ширингте «Тренинг саған не берді?» деген сұраққа қатысушылар өздерінің ойларын ортаға салды.

Осыдан тренинг нәтижесінде бірлескен іс-әрекет қарым-қатынас қабілетін арттырып қана қоймай, сонымен қатар тұлғаның дамуы мен өзгеруіне тікелей ықпал етеді.

«Жағымсыз қасиеттер жәрмеңкесі» жаттығуы

Ойын ережесі: Шеңберде қатысушылар өздеріне жағымсыз деген қасиеттерін атайды. Олардың тізімі тақтаға жазылады. Осылайша жағымсыз қасиеттер тізімі құрылды (жалқаулық, асығыстық, артық сөйлеу және т. б. ) . Топтың міндеті осы жағымсыз қасиеттерді қайта қарап, оның тиімді және жағымды жақтарын табу мен оны жағымсыз қабылдау себептерін анықтау болып табылады. Ал жағымды сипаттама жасап, сол қасиетті қорғап алған қатысушы оны өзіне алады.

Жоғарыдағы жаттығудан кейін эмоциялық қысымды шығару үшін «Жағымсыз эмоциялық күйді шығару» арт-терапиялық тапсырма орындалды.

Тапсырма ережесі: Қатысушыларға А4 және А1/4 қағаз беріледі. Олар А1/4 қағазға жағымсыз көңіл күйін түсіреді. Сол қағазды үлкеннің үстіне жапсырып өзінің қалауы бойынша суретті жалғастырады. Кішкентай қағазды жапсырар алдында мына сөздерді айту маңызды «Өмірді ашық, жарық, көңілді жағдайлар өте көп». Сурет қатысушының қалауы бойынша, өзі қалай өзгергерткісі келгенше салынады, боялады.

Тапсырманы қорытындылау үшін талқылау сұрақтары берілді:

- Суретте ненің бейнесі салынған?

- Осы суретті салғанда қандай сезімде болдыңыз?

- Бұл сурет сізге нені көруге әсер етті? т. б.

«Әрекет» жаттығуы

Ойын ережесі : Қатысушыларға келесі тапсырмалар берілді. Олар жылдам жауап қайтарулары тиіс :

  • Қандай жағдайда үстелде тамақ жеуге, ал үстелде отыруға болады……
  • Астроном айға телескоппен қарап тұр, ал егер оған айдан біреу қарап тұрса ше?
  • Еден мен төбені аударыңыз……
  • Картинаны аяғынан басына төңкеріңіз……
  • Кеме мен балықтың ауада ұшып жүргенін елестетіңіз……

«Қане танысайық!» жаттығуы

Нұсқау: Әр қатысушы 30 секунд ішінде өзін-өзі таныстырады. Бұл жерде өзінің есімін, өмірінің қызықты жайларына тоқталуға болады.

- Біз бір - бірімізбен таныстық. Енді өзімізді өзіміз білеміз бе?

«Өзіндік таным»

Нұсқау: Әр қатысушыға карточкалар таратылып беріледі. Ондағы «Мен» дегенді ары қарай жалғастырады.

  1. Мен . . .
  2. Мен . . .
  3. Мен . . .
  4. Мен . . .
  5. Мен . . .
  6. Мен . . .
  7. Мен. . .

Мен туралы басқалар не деп ойлайды? . . .

«Орныңды жылдам ауыстыр» жаттығуы

Нұсқау: Ойыншылардың ішінен бір жүргізуші таңдалынады. Ол барлық ойыншыларда кездесетін бір затты байқап, команда береді. «Кімнің киімінде қалтасы бар, солар орын ауыстырсын». Сол кезде осы команданың қатысы бар ойыншылар жылдам орындарын ауыстыруы керек, ал олар ауысып жатқанда жүргізуші бос орындыққа отырып қалу керек. Қай қатысушы орынсыз қалса, сол келесі жүргізуші болып ойынды жалғастырады.

Әрбір ұстаз кез-келген жағдайлардан, педагогикалық әрекеттен өзінің шеберлігімен жол тауып шыға білу керек емес пе?

Олай болса, біздің қазіргі ойын жаттығуымыз сіздердің шеберліктеріңізді, өздеріңізді терең тануға, сондай-ақ өзгелердің психологиялық ерекшеліктерін тануға көмектеседі.

«Менің есімім» атты жаттығу

Жаттығу танысу үшін жасалынады- әркім кезекпен өз атын атап, есімінің бас әріпінен басталатын сөз айтады. Мысалы: Сандуғаш сникерс, Әсел әлем т. б.

«Карусель» жаттығуы

Ішкі және сыртқы шеңбер құрып бір шеңбер айнала отырып бірі-бірін қысқаша таныстырады.

«Менің сүйікті ісім» жаттығуы

Әркім өздерінің істейтін сүйікті істерін айта отырып, бір-бірімен топтасады.

«Айна» жаттығуы

Ортаға екі адам шығады. Жұптағылар бір- біріне қарсы тұрып, екеуінің бірі уақытша айна болады, яғни өз жұптасының барлық қимылын қайталайды. Содан кейін жұптағылар рөлдерін өзара ауыстырады. Олардың бірі орындаушы, ал екіншісі оның айнадағы бейнесі. Топтың басқа қатысушылары көрермендер, олар жұптың ойынын бақылайды және айна рөлін ойнаушының шеберлігіне баға береді. Осылайша жұптар кезекпен ауысады, топ алдына барлық қатысушылар шығып жаттығады.

«Өзіңізге тілегенді - басқаларға тілеңіз!» жаттығуы

Әр оқушыға 10 -15 секунд уақыт аралығында ішінен өзіне бір немесе бірнеше ізгі тілек тілеу тапсырылады. Содан кейін қатысушылар жұпқа бөлініп, бір- бірінің қолынан алып, жаңағы өзіне тілегенді жұптасына айту керек.

«Сүйікті адамыңызға тілегенді - өзгелерге тіле!» жаттығуы

Бұл ойсергек алдыңғыға ұқсас. Мұнда тыңдаушылар тек алдымен сүйікті адамды көз алдына елестетіп, оған бір немесе бірнеше ізгі тілек тілейді. Содан кейін тыңдаушылар тілектерін жұп немесе топ ішінде өзгелерге айту керек.

«Атомдар мен молекулалар» жаттығуы

Жүргізуші «атомдар» деген кезде ойыншылар жеке дара жүреді де

«молекулалар, бесеуден» немесе «молекулалар, үшеуден» деген кезде, бес

немесе үш адамнан тез арада топтасады. Кім топқа қосыла алмай қалса,

айып төлейді: өз өнерін көрсетеді немесе көпшіліктің тілегін орындайды.

« Қызықты сұрақ» жаттығуы

Сыныпқа тақырыпты ашатын, бірақ жауабы қиындау сұрақ қойылады.

Тапқан оқушыны мадақтап, ешкім таппаса, жауабын мұғалімнің өзі айта

отырып, сабақтың тақырыбын айтады. Сұрақтар: Неліктен? Ол кім, бұл не?

сипатында болып келеді.

«Еден-төбе-мұрын» жаттығуы

Жүргізуші сұқ саусағымен біресе төбені, біресе еденді, біресе мұрнын көрсетеді және «төбе», «еден», «мұрын» деп айтып тұрады. Жүргізуші кейде айтқан сөзі мен қимылын керісінше жасап, қатысушыларды жаңылыстыруға тырысады. Кім қателессе, орнына отырады. Соңында қалған үш адам жеңімпаз деп танылады.

«Мен таптым» жаттығуы

Қатысушылар дөңгелене отырып, кезекпен бірден жетіге дейін санайды.

Жеті санын айтатын адам «Жеті» деудің орнына, орнынан тұрып, «Мен таптым» деп айтуы керек. Кім жаңылысса, сол ойыннан шығады.

«Белгісіз басшы»жаттығуы. Бір қатысушы сыртқа шығарылып, сол кезде басқалары іштерінен біреуін басшы етіп сайлайды. Басшының міндеті сырттан келген адамға білдірмей, бір қимыл көрсетуі керек, қалғандары сол қимылды бірдей қайталауы керек. Сырттан келген адам кімнің басқарып тұрғанын табу керек. Егер тапса, немесе бірнеше қимыл ауысқанға дейін таба алмаса, басқа адаммен ауысады.

«Дирижер» жаттығуы

Жүргізуші бір қимыл көрсетіп, сұқ саусағымен кімді көрсетсе, сол адам сол қимылды қайталауы керек. Кім тез қайталай алмаса, сол ойыннан шығады. Жүргізуші бір қимылды бірнеше адамға жасата отырып, белгілі бір дыбыстар шығаруы керек.

«Жыланша» жаттығуы

Қатысушылар айнала отырады. Сосын бірі бастап, келесі адамның кезекпен қолын алып, тілегін айтады. Оның соңынан келесісі ереді. Ойын осылайша қашан барлығы бір-біріне тілек айтып болғанша жалғасып кете береді.

«Жер сілкіну» жаттығуы

Оң жақта отыратын көршіге қарап, ол адамның туылған айы қандай, мінез - құлқына қарай байланыстыру. Сонан кейін жыл жүйесі бойынша орындарын ауыстыру ұсынылады. Қайтадан оң жақта отыратын көршіге қарап, ол адамның айы неге сондай екенін түсіндіреді

Үш адамнан ұстасып үй соғады, ортасында бір адам тұрады, 1-қимылдайды адамдар десе ішіндегі адамдар жүгіріп, келесі үйдің ішіне кіріп кетеді. 2- қимылдайды - қимылдайды үйлер қимылдайды десек үйлер жүгіріп барып тұрған адамды қоршайды, 3- жер сілкінді десек үйлер қолын түсіріп, басқа үйлермен үй соғады. Кезек - кезек ауысып тұрады.

«Сіздің көңіл-күйіңіз қандай?» жаттығуы

Қажетті заттар: түрлі -түсті қағаздан жасалған фигуралар, маркер.

1а) Интерпритация

Қызыл қуанышты көңіл-күй

Алқызыл-ұнамды көңіл-күй

Сары-жағымды көңіл-күй

Көк- суық көңіл-күй

Қоңыр-қиналған қиналған көңіл-күй

Күлгін-алаңдаушы көңіл-күй

Қара-күш қуаттың төмендеуі

Ақ -анықталмаған көңіл-күй.

2а) Әр қатысушы өзіне ұнаған түрлі түсті фигураның біреуін таңдайды.

Қағаздың артына сол түске байланысты жазылған интерпритацияны оқиды. Мысалы: Алмас қызыл түсті таңдаса, онда Алмастың көңіл-күйі өте қуанышты күйде екенін білуге болады.

«Әнмен бой сергіту» жаттығуы

Жүргізуші танымал 3-4 ән аты жазылған қағаз таратады. (Әр әнге сондай қағаз саны тең келеді) Қатысушылар өзіне тиген ән әуенін жүріп ыңылдап салады. Ойынның міндеті өзі сияқты ән әуенін салып тұрған адамды іздеп тауып, қосылуы түптеп келгенде осындай үш, не төрт топ құралады. Мысалы: Азамат бригаданың әуенін салып тұрса Хадиша өз әуенін естіп Азаматпен бір топты құрайды.

«Мимикалық ситуация» жаттығуы

Қатысушылар үш топқа бөлінгеннен кейін олардың топ басшылары ортаға шығып карточканы таңдайды. Онда «Махаббат», «Бұзықтық», «Қызығушылық», тақырыптар берілген. Әр топ өз тақырыптарына байланысты мимика, панто-мимикалық ситуация құрайды. Қалған екі команда олардың басты тақырыбын табады.

«Ақ тілек» жаттығуы

Шардың ішіне түрлі тақырыпқа байланысты тілектер жазылады.

Қатысушылар өзіне ұнаған шарды таңдап алып, оны жарады. Шар ішіндегі тілекті оқиды.

«Менің көңіл-күйім» жаттығуы

Мақсаты: Адамның бет әлпеті арқылы оның ойын, сезімін айыра білуге үйрету. Сезімнің сыртқы көріністерін көрсете білу. Топта эмоциялық жайлылық қалыптастыру.

Сәлемдесу. «Өз күлкіңді шеңбермен көршіңе сыйла» жаттығуы. Шеңберде тұрып, «Мен саған өз күлкімді сыйлаймын, ал сен көршіңе сыйла» деп жалғастыру.

  • Әңгімелесу. «Көңіл-күй деген не?» Адамдарда қандай көңіл-күй болады? Көңіл - күйге не әсер етеді? Басқа адамның көңіл-күйін қалай анықтауға болады? Көңіл-күй құжатын ойлап табу.
  • «Көңіл-күйіңді ауа-райына теңеп, суретін сал. » Өз эмоциясын сурет арқылы көрсете білуге үйрету.
  • Оқушылар өз көңіл-күйін ауа - райына теңеп суретін салады.
  • Ойын. Көңіл- күйім қандай тап?
  • Бір оқушы ортаға шығып, көңіл-күйді эмоция арқылы көрсетеді, қалған балалар табу қажет.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ӘДЕБИЕТ САБАҒЫНА ТӘН ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ
Оқушы жағдайын түсіну
Мектеп оқушыларын тәрбиелеуде сынып жетекшісі мен ата-аналардың бірлескен жұмысының педагогикалық негіздері
РУХ ҚАЗАҚ БОЛМЫСЫ
Мұғалімдерді кәсіби қызметке даярлауды теориялық тұрғыдан негіздеу
Білім беру жүйесіндегі инновациялык технологияның теориялык негіздері жайлы мәлімет
Білім беру жүйесіндегі инновациялык технологияның теориялык негіздері туралы
Қағанаттар атауы техникасымен топқа бөлу
Эксперименталды оқыту жүйесіндегі оқушының өздік жұмысы
Қазақ тілі сабағында жаттығу жұмыстарын ұйымдастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz