Осман империясы бірінші дүниежүзілік соғыста


Бірінші дүниежүзілік соғыста Осман империясы Енвар пашаның бастауымен Германия тарапында соғысқа кіреді. Алайда соғыс министрі Енвар паша бұл соғыста Германия жеңеді деп ойлайды, әрі сол жеңісі арқылы мемлекет территориясын ұлғайтуды, бүкіл түркі халықтарыны біріктіруді көздейді. Соғыс барысында және соғыстан кейін көптеген келісімшарттар жасалынады, бұлардың ішінде Осман империясына қарсы жасалынған келісім шарттар да болды. Мек Махон келісімшарты бойынша ағылшындардың қолдауы арқылы Араб мемлекетін құрып, Осман мемлекетіне қарсы айдап салу және Осман империясының күш қуатын әлсіретуді көздеп жасалынған құпия келісімшарттың бірі болды. Бірінші дүниежүзілік соғысты қорытындылай келе, бұл соғыс біртұтас Осман империясының ұсақтануына, Англия Франция, Греция сияқты елдердің бақылау орнатуына әкеп соқтырды. Англия, Франция елдерінің Осман империясының жерлерін бақылау орнатуға тырысып, өз әскерлерін енгізуі, соғыстан кейінгі дүниежүзіні реттеу мақсатында 1918 жылы 8 қаңтарда жасалынгған Вильсон принциптеріне сәйкес келмеуі, Осман империясының жойылғандығын Түркия Республикасының құрылғандығын бекіткен Лозанна келісімшартының өзінде де, Мұстафа Кемал Ататүріктің белгіленген шекаралардың, айрықша бүгінгі таңдағы Ирак жеріндегі Мосул аймағы Түркияға қарауға тиіс деп көрсетілгенімен, сол кезде ағылышындардың бақылауында болуы, Грекиядағы түріктер мен Түркиядағы грек тұрғындарды айырбастау конвенциясының толық жүзеге аспауы, бұған бүгінгі таңдағы Грекия аумағында түрік халқының едәуір шоғырланғаны дәлел бола алады. Бірінші дүниежүзілік соғыс 1914-1918 жылдары аралығында болып, бұл соғыста Осман империясы Германия тарапында соғысқа кіреді. Ал Англия Осман империясының бейтарап саясат ұстауын қаласа, Германия болса тікелей Осман империясының өз жағында соғысуын қалайды. Осман империясының бірінші дүниежүзілік соғысқа кіруі, Англия мен Франция кемелері неміс кемелеріне(Бреслав, Гобен) қарсы күрескен кезде, неміс кемелері Чанаккале бұғазынан өтіп, Стамбұл аймағына келуімен басталады. Осы кезде Англия Осман империясынан неміс кемелерін тапсыруды талап етеді, Осман империясы бермеу мақсатында кемелерді сатып алғандығын айтады. Кемелер капитаны Шансон соғыс министрі Енвер пашаның жасырын бұйрығымен екі ел арасында одақ құру түралы құпия келісім жасалынып, Осман әскери күшімен бірігіп, орыстардың әскерімен соғысады. Осман мемлекеті орыстармен шығыс Анадолы жерінде соғыс жүргізеді. Соғыс барысында 1916 жылдың өзінде Осман империясына қарсы құпия келісім шарттар жасалынып, бұл келісім шарттардың бірі Ландро келісімі бойынша Италияға Эгей теңізін басқару құқығы беріледі. Соғыс аяқталғаннан кейін Англия адмиралы Галтроп және Осман мемлекетінен Бахрийе Назири Рауф беймен кездесулерінің нәтижесінде 30 қараша 1918 жылы Мондос келісімшарты жасалынады. Келісімшарттың негізгі талаптары[1] :
... жалғасы1-бап. Антантаның әскери флоттарына бұғаздарды ашу және одақтастарға Босфор мен Дарданелл форттарын басып алу құқықтарын беру;
5-бап. Түрік жауынгерлерін әскерден тез арада қайтару;
7-бап. Одақтастардың қауіпсіздігіне қатер төндіретін жағдайға дейін жеткен Түркиядағы кез келген стратегиялық бекетті басып алуға келісу ;
8-бап. Одақтастарға барлық кемежайлар мен айлақтарды пайдалану құқығын беру;
24-бап. Вилаят-сите деп аталатын алты аймақтың (Ерзурум, Ван, Харпут, Диярбакир, Сивас және Битлис) біреуінде тәртіпсіздіктер орын алса, онда оны одақтастардың басып алуына келісу ;
Англияның бұл әрекеті 1918жылғы 8 қаңтарда жасалынған Вильсон принциптерінің бірінші және он екінші бабына сәйкес болған жоқ, бұл баптарда[5] :
1-бап. Жеңген елдер жеңілген елдерден ешқандай жер және соғыс ақшасын талап етуге құқысы жоқ;
12-бап. Осман империясының біртұтастығы сақталына отырып, тек қана басқа ұттар көп шоғырланған аймақтар ғана автаномия алуға құқылы;
1920 жылғы 10 тамызда Севрде Антанта державалары мен Сұлтан үкіметінің арасында бейбіт шартқа қол қойылады. Севр шарты бойынша:Анадолы жері Англия, Франция, Италия, Греция елдерінің бөлінісіне түседі; Ұлыбританияға Палестина, Трансиордания, Иракты басқару мандаты берiледi; Франция Сирия мен Ливанды басқару мандатына ие болады; Францияның Мароккоға «протектораты» танылады; Соның салдарынан Империяның басым бөлігі Антанта елдерінің бақылауы мен ықпалына түсіп, түрік елінің біртұтастығы мен тәуелсіздігіне қатты қауіп төнеді.
Түрік төңкерісі 1919-1923 жылдар аралығында Мұстафа Кемал Ататүріктің басшылығымен жүзеге асады. Төңкеріс негізінен сұлтанатқа және оны қолдаған шенеуніктерге қарсы бағытталады, яғни, тікелей сұлтанатты жою мақсатында жасалынады. Төкерістің туындалуына басты себеп, І дүние жүзілік соғыстан кейін Осман империясының жерлерін басып алуға ұмтылған Англия, Франция және Греция басқыншыларының жаулап алуға ұмтылысы, және бұл әрекетке сұлтан үкіметінің қарсы тұрмауы, түрік зиялыларының төңкеріс жасауға итермелейді. Төңкеріс арқылы Сұлтанат пен халифатты жоюды, тәуелсіз Түркия мемлекетін құруды мақсат етеді. Тікелей Мандрос және Севр келісім шарттарын Сұлтан үкіметінің еш қарсылықсыз қабылдауы түрік халқы мен әскерінің, түрік зиялыларының қарсылығын тудырады. Олардың арасынан Мұстафа Кемал ерекше көзге түсті. Ол Осман империясының бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысуын, немістермен одақтасуына қарсы болды. Мұстафа Кемал Ататүрік соғыс басталудан алдын соғыс министрі Енвер пашаға хат жазып: «Соғыс басталған жағдайда бейтарап саясат ұстанғанын айтып, кейіннен Германияға қарсы соғыс ашамыз»-деп жазады. [2] Жер жерде жат жерлік басқыншыларға қарсы майдандар құрыла бастады. Олар:Батыс майданы-гректерге қарсы; Оңтүстік майдан-француздарға қарсы; Шығыс майданы-арменедерге қарсы; Сондай-ақ, Тракия, Трабсон майдандары. Мұстафа Кемал 1919ж 19 мамырында Шығыс Анатолияға әскери қадағалаушы ретінде іссапар алып, Самсун қаласына келіп, басқыншыларға қарсы қоғамдармен бірлесе бастайды. Осы кезде Стамбұл үкіметі Антанта елдерінің қысымымен Мұстафа Кемалды қайтып келуге шақырада, алайда Мұстафа Кемал бұл кезде төңкеріс ұйымдастыруға дайындалып жатқан еді. Стамбұл үкіметі Мұстафа Кемалды тұтқындау үшін Касим Карабакирді жібереді, алайды Касим Карабакирдің өзі Мұстафа Кемал тарапына өтіп кетеді. Мұстафа Кемал осы кезде барлық әскери шенінен айырылады. Мұстафа Кемалдың Самсунда халыққа былай дейді: «Менің қолымда еш қандай күш-қуат жоқ, тек қана түрік ұлтының негізінде дүниеге келген, ар-намысыммен толтырылған рухани күш ғана бар, және мен түрік ұлттарының тәуелсіздік үшін күресуіне сенемін»-деп бүкіл түркі халықтарын ұлттық тәуелсіздік үшін күресуге шақырады. 1919ж 22 маусымда Алмасия жиналысы болып: «Отанымызға, ұлтымыздың тәуелсіздігіне қауіп төніп тұр», «Орталық үкімет өз міндетін орындай алатын жағдайда емес» сондықтан, «Анатолияда ұлттық жиналыс шақырылуы тиіс», және «Мемлекеттің біртұтастығымен халықтың тәуелсіздігі сол халықтың өз еркімен шешілінеді»- деген үндеулер мен пікірлер айтылады. Алмасия жиналысы Түрік тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадам болады. 1919 ж. шілде айында Мұстафа Кемалдың шақыруымен Эрзурумда шығыс уәлаяттарының құқықтарын қорғау қоғамының конгресі, ал қыркүйек айында Сиваста бүкілтүркілік құқықтарды қорғау Қоғамдарының конгресі өтеді. Сивастағы конгресте бүкілтүркілік Анатолия мен Румелияның құқықтарын қорғау Қоғамы және оның орталық органы - Өкілетті комитет құрылады. Мұстафа Кемалдың төрағалығымен құрылған бұл комитет жаңа Түркияның бірінші уақытша үкіметі болып табылды. 1920 жылдың 16 наурызда Стамбул ресми түрде басып алынды, басқару құқығы одақтастардың жоғарғы комиссарларына беріледі, парламент таратылады, ұлы уәзірдің орнына ағылшын қолшоқпары тағайындалады. Осы кезде Өкілетті комитет 1920 ж. 23 сәуірде Анкарада жаңа (мәжіліс) құрамын бекітеді. Бұл парламент Түркияның Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) деген атауға ие болады. Оның төрағасы Мұстафа Кемал болып, Мәжілісте Түркияның тәуелсіздігі мен бүтіндігі ресми жарияланды. Түркияның Ұлы Ұлттық Мәжілісі Түркияның тәуелсіздігін жариялағанмен де, гректер жаулап алушылық соғыстарын тоқтатпайды. 1921 ж 6-10 қаңтарда І Инону яғни гректер мен түріктер арасында соғыс болады бұл соғыста түріктер жеңіске жетеді. Ал 1921 жылдың 23 наурыз мен 1 сәуірде ІІ Инону соғысы болып, бұл соғыстада түрік әскерлері жеңіске жетеді. Ескишехир, Кутлания соғысында гректер жеңіске жетіп, 1921 ж. жазына қарай грек әскерлері Кіші Азияның батыс бөлігін түгел дерлік жаулап алады. [4] Кеңестік Ресей тарапынан әскери көмектің көрсетілуі мен әскерлер арасында қатал тәртіптің орнатылуы арқасында, Мұстафа Кемал Сакария соғыстарының нәтижесінде Грекияны толықтай күйретеді. Сонымен, соғыстың нәтижесінде Грекия толық талқандалады. 1 қараша 1922 жылы Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің шешімі бойынша «Сұлтанат» және «Халифат» бір-бірінен ажыратылып, сұлтанат жойылып, тақта отырған падишах IV Meхмет Вaхдеттин тақтан түсіріліп, ағылшын соғыс кемесімен сүргін етіледі. [3] 1923 ж. 24 шілдеде Түркия мен оның дүниежүзілік соғыстағы қарсыластарының арасында Лозанна
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz