ДЕФЕКТОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ДЕФЕКТОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Дефектология (латынша defectus-кемістік және грекше logos-ғылым) педагогика ғылымына жатады және кемтар балалардың психо-физиологиялық дамуының ерекшеліктерін, оларды оқыту мен тәрбиелеудің заңдылықтарын зерттейді.
Жеке ғылым саласы ретінде XVIII ғ. қолға алына бастады. Алғаш рет Еуропа, Киев, Ресей, елдерінде зерттелді. Филипп Пинель, Доминик Эскироль, Эмиль Крепелин, Екатерина Грачева, А.Выготский секілді психолог - дефектологтар негізін қалап, дамуына ықпал етті.
Ал елімізде ХІХғ. аяғында қолға алына бастады. Отандық даңқы шыққан психолог - дефектологтар: Ж.Намазбаева, А.Шарапиева, А.Сатова, М.Адилова. Т.Тебенова, т.б өз үлесін қосты.
Дефектология мынадай жеке салалар қатарын біріктіреді:
Сурдопедагогика - есту қабілеті төмен немесе керең балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселелерін зерттейді;
Тифлопедагогика - көру қабілеті нашар немесе соқыр балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселелерін зерттейді;
Олигофренопедагогика - ақыл-ойы кем балаларды оқыту және тәрбиелеу;
Логопедия - тілі кемтар баларды түзету саласы.
Дефектология сонымен бірге өзіне кемтар балалардың психологиялық ерекшеліктерін зерттейтін арнайы психологияны қамтиды.
Арнайы психология - психикалық және дене бітімі жағнан кемістігі бар ересек адамдар мен балалардың психикалық даму зандылықтарын және психикалық қызметтерінің өзіндік ерекшеліктерін зерттейтін психология ғылымының дербес саласы.
Адамның кемістігі тек биологиялық тұрғыдан іздестіріліп, оның дене құрылысы мен айналасындағы табиғи нәрселермен қалайша қатынас жасайтындығы зерттеледі. Ал педагогтар ұзақ жылдар бойы тәрбие ісін жандандыру арқылы дене мен ақыл-ой кемістігінің орнын толтыруға болады деген пікірді қолдап келді. Психологиялық жағынан кемістік - әлеуметгік мінез-құлықты өзгертуге ықпал етеді. Тірі организмнің мінез-құлқындағы ерекшеліктер өмірмен байланысты болудың нәтижесі тіршілік ортасына бейімделу жүйесі. Бұл жүйенің өзгеруі әлеуметтік байланыстың қайта құрылуына және оның өзгеруіне әкеліп соғады. Кемтар баланың психологиялық ерекшеліктерінің негізі биологиялық фактор емес, әлеуметтік фактор екендігін көрсетеді.
Кемтар балаларды тәрбиелеу мен оқыту - күрделі әлеуметтік және педагогикалық мәселе. Мұндағы мақсат - осы балаларды мүмкіншіліктері мен қабілеттеріне қарай қоғамдық пайдалы еңбекке дайындау. Іс-әрекет - тұлғаның негізгі әлеуметтік міндеті, сондықтан оны зерттеу және кемтар балаларда іс-әрекетті дамыту олардың әлеуметтік қалыптасуына әсерін тигізеді.
Қазіргі таңдағы кемтар балаларға білім беру мәселесі инклюзивті оқыту жүйесі арқылы жүзеге асыру қолға алынуда. Бұл жүйе АҚШ-та, Европаның дамыған елдерінде, Жапонияда жүзеге асырылуда.
Инклюзивті оқыту - ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Тәжірбие көрсеткеніндей қатаң білім беру жүйесінен балалардың бір бөлігі шығып қалады, өйткені қалыптасқан жүйе мұндай балалардың даралық қажеттілігін қанағаттандыра алмайды. Инклюзивті бағыт мұндай балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады.
Инклюзивті оқыту - барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту - оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді.
Инклюзивті оқыту - адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді.
Инклюзивті оқытудың негізгі принциптері:
1. Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады.
2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.
3. Әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы.
4. Барлық адам бір-біріне қажет.
5. Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады.
6. Барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді.
7. Әрбір оқушы үшін жетістікке жету - өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру.
8. Жан- жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.
Инклюзивті оқыту - барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеретін, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы. Инклюзивті оқыту балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайлары да өзгереді. Инклюзивті оқытуды ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіншілік алады, өйткені олар бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, танып білуге, қабылдауға үйренеді.
Инклюзивтік білім беру - барлық балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдау, қоршаған ортаның балаларды жас ерекшеліктеріне және білімдік қажеттіліктеріне бейімделуіне жағдай қалыптастыру, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.
Бүгінде денсаулықты нығайту және мүгедектікке әкеп соғатын патологияларды азайту мәселесінде, ең алдымен балалардың бойындағы ауытқушылықтарды, олардың сәби кезінде уақтылы анықтау бойынша жұмыс күшейтілді. Мысалы, кемтар балалардың үштен бірінің мүгедектігі - туа біткен кемістіктердің әсері болуымен байланысты.
Жыл санап мүмкіндігі шектеулі балаларға деген қоғамның көзқарасы өзгеріп келеді. Бұрынғыдай оларды бақытсыз адам ретінде қарамай, қоғамның белсенді мүшесі және өз тағдырына батыл сеніммен қарайтын адам ретінде қабылдауда. Осы орайда әлеуметтік қызметкерлердің міндеті қоғамдағы мүмкіндігі шектеулі балалардың жанайқайын, яғни ауруының себеп - салдарын анықтап, оның бала ағзасының дамуына қандай бөгеттер жасап отырғандығын анықтау және мүмкіндігі шекеулі балалардың отбасындағы қарым - қатынасын дамытып, дені сау балалар мен аралас - құралас өсуіне жағдай туғызу, қоғам мен жеке адамдардың түсінігіне жарым жан балаларға әркез жәрдем беруге әзірлігін камтамасыз етуге үйрету қажет. Бұл процестің мақсаты мен міндеті жалпы педагогикалық принцптерімен анықталған. Яғни, оларды қоғамдық пайдалы өмірге бейімдеу, азаматтық қасиеттерін қалыптастыру, бұлардың бәрі дефектіге сәйкес деңгейде, соған тән әдістемелермен жеткізілуі тиіс.

Әдебиеттер тізімі
1. Основы обучения и воспитания аномальных детей (Под. Редак.А.И.Дьячкова-М.,1965
2. Кенжебаева Т.Б. Арнайы психология. Павлодар, - 2011.

Дефектология[1] (лат. defectus - жетімсіздік және гр. λόγος - ілім) - педагогиканың көру, есту, сөйлеу мүшелерінде, ақыл-ойының дамуында табиғи кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін зерттейтін арнаулы саласы.
Дефектология ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дефектология жеке ғылым саласы ретінде
Қазақстанда арнайы оқыту жүйесінің құрылуы
Дамуында ауытқуы бар балалардың түрлері
Педагогикалық ғылымдар жүйесінде пайда болған жоғары оқу орындарының педагогикасы
Ян Амос Коменский - Еуропа педагогикасының негізін салушы
Сөйлеу тілінің бұзылуының сипатталуы
Педагогика ғылымының салалары мен міндеттері
Арнайы педагогиканың сыныптамалары
Педагогика ғылымының құрылымы
Педагогиканың шығуы және дамуы
Пәндер