Жоғары білікті спортшыларды жаттықтыру барысының инновациялық технологиялары



Пән: Спорт
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Дәріс тезистері
Пән Жоғары білікті спортшыларды жаттықтыру барысының инновациялық технологиялары
4 курс, қб , 7семестр (күзгі)
2 кредит
Модульдің пәндерін жүргізетін оқытушылар туралы МӘЛІМЕТ:
Оқытушының аты-жөні, ғылыми дәрежесі, атағы, қызметі: Алимханов Елемес п.ғ.д., профессор
Телефондары (жұмыс, үй, ұялы байланыс): 3764429, 8 7072141200
e-mail: el-2050 mail.ru

1 дәріс Жаттықтыру процесіне инновациялық технологияны енгізудің ғылыми және тәжірибелік мәні. Курстың мақсаты мен міндеттері
Дәріс жоспары:
1.Курстың мақсаты, міндеттері
2.Инновациялық технология түсінігі
3.Педагогикалық әдістемелердің түрлері
Соңғы жылдары елімізде экономиканың өсіп өркендеуіне орай, білім беру саласында да елеулі өзгерістер жүргізілуде. Оқытудың, тәрбиелеудің мазмұнын қоғам дамуының қарышты қадамына сәйкестендіріп, оны шырқау биіктерге көтеруге бағытталған тың әдіс-тәсілдер жасалуда. Нәтижесінде тұтас педагогикалық үрдістер өзгертіліп, білім берудің тиімді деп танылған жаңа технологиялары дүниеге келуде. Кез-келген оқыту технологиясы мұғалімнен терең теориялық, психологиялық, әдістемелік білімді, үлкен педагогикалық шеберлікті, шәкірттердің жан дүниесіне терең үңіліп, оны ұғына білуді талап етеді.
Қазіргі кезде мектептің оқу-тәрбие үрдісінде 50-ден астам педагогикалық технологияларды қолданып жүргені мәлім. Бұл технологиялардың бәрін бір сабақта қамту мүмкін емес. Сондықтан мектептегі әрбір пәнді оқыту технологиясын таңдап, іріктеу және оны іс-әрекеттік тұрғыда жетілдіру мұғалімнің, әсіресе, бастауыш сынып мұғалімінің педагогикалық шеберлігіне тікелей байланысты.
ХХІ ғасыр - жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Тәуелсіз Қазақстан да сол ғасырға нық қадам басты. Ел өңірінің барлық саласы компьютерлендіріле бастады. Ендігі кезекте еліміздің ертеңі болар бүгінгі жас ұрпақ компьютердің қыр-сырын терең меңгеруі тиіс.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамыту білім берудің бір бөлігі. Соңғы жылдары заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану айтарлықтай нәтиже беруде. Білім беру жүйесі электрондық байланыс, ақпарат алмасу, интернет, электрондық пошта, телеконференция, On-line сабақтар арқылы іске асырылуда. Мұғалім компьютер желісі арқылы әрбір оқушымен тығыз байланыста болғандықтан, оқытуға тиянақты түрде көңіл бөлініп, әрбір баланың жеке деңгейін анықтап, оларға жеке шаралар қолдануға мүмкіндік береді.
Жалпы орта білім беру жүйесін ақпараттандыру дегеніміз компьютерлерді қолдану арқылы осы жүйеде ақпараттық жабдықтамаларды барынша тиімді пайдалану. Мұндағы басты жаңалық компьютер тек оқушы қолындағы құрал ғана емес оған қоса төмендегідей маңызды педагогикалық мәселелерді шеше алады\:
оқушының қабілетіне қарай үйрету ісін ұйымдастыру;
сабақтағы жұмыс тәсілдерінің тиімді түрін таңдау;
сабақ жүргізудің ыңғайлы жүйесін жасау.
Қазір бүкіл әлемде индустриялық қоғамнан интерактивті қатынас жасауға, оны жүзеге асыратын техникалық мүмкіндіктерді дамытып отыра алатын ақпараттық қоғамға көштік. Бүгінгі күні инновациялық әдістер мен ақпараттық технологиялар қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып, қызығушылығын тудыру, белсенділігін арттыру ең негізгі мақсат болып айқындалады.
Оқушылардың танымдық көзқарасын байыту, ақыл-ой қабілетін жетілдіру, өзіндік ойлау және өмірлік ұстанымын қалыптастыру мұғалімнің шеберлігіне, шығармашылық қабілетіне байланысты. Теориялық білімді игерту мен жаңғырту және жаңа жағдайға іс жүзінде лайықтап қолдануға үйреткенде ғана оқушылардың алған білімі мен біліктілігі шынайы да нақтылы қалыптасады. Осындай жолмен қалыптасқан білім мен біліктіліктің танымдық маңызы да зор болады.
Ақпараттық және педагогикалық технологиялар негізінде мұғалімнің рөлін түбегейлі өзгертуге мүмкіндік туды. Мұғалім тек қана білімді алып жүруші ғана емес сонымен қатар оқушының өзіндік шығармашылық жұмысының жетекшісі және бағыт берушісі болып анықталды. Осыған орай сабақ беру үрдісінде қазіргі күннің, яғни инновациялық әдістерді оқытудың интерактивті оқыту моделі болып табылады. Инновациялық әдістердің ең негізгісінің бірі - интерактивті оқыту әдісі. Негізгі қағидасы-педагогикалық қарым-қатынас пен қарым-қатынас диалогы арқылы жеке тұлғаны қалыптастырып дамыту. Интерактивті әдістерге мыналар жатады:
1. проблемалық шығарма әдістері
2. презентациялар
3. пікірталастар
4. топпен жұмыс
5. миға шабуыл әдісі
6. сын тұрғысынан ойлау әдісі
7. викториналар
8. мини зерттеулер
9. іскерлік ойындар
10. рөлдік ойындар
11. инсерт әдісі т.б
Жоғарыда көрсетілген әдістер оқушының қызығушылығы мен белсенділігін арттырып, алынған мәліметтерді шығармашылық тұрғыдан қайта өңдеу болып табылады.

2 дәріс Жаттығу процесін басқарудағы жаңа инновациялық спортық технологиялар.
Дәріс жоспары:
1.Спортшы жаттығуларында инновациялық үрдістерді пайдалану
2.Жеке тұлғаның ерекшелігін ескеру
3.Спортшы жаттығуын басқаруда инновациялық үрдістерді пайдалану
Білім беру, спорт саласының барлық жағына жаңаша көзқарас, жаңаша қарым-қатынас (жаңа базистік оқу жоспарына көшу, білім мазмұнын жетілдіру, оқу әдістемелік кешендерге көшу, т.б.), жаңаша ойлау қалыптасуда.Қазір дәстүрлі білім беруде студенттерге тек пәндік білім, білік, дағдылардың белгілі жиынтығын меңгеруге ғана бағытталып, олардың жеке басының дамуына, тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөліп отыр.
Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу тәрбиесі үдерісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, басқаша қарым-қатынас, өзгеше менталитет пайда болуда.

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбеттің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Бұл технологияның өзін мұғалім түрліше (орташа дәрежеде, ұқыпты, дәл нұсқау бойынша немесе шығармашылықпен) іске асыру мүмкін. Бұл жерде технологияны жүзеге асырушының тұлғалық компоненті, белгілі бір ерекшеліктері елеулі түрде әсер етеді, сонымен бірге студенттің әрекеті - оның қабылдауы, ынтасы, құштарлығы негізгі рөл атқарады.
Бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологиялар пайдалану тәжірибелерге еніп, нәтижелер беруде. Әсіресе, технологиялық бірліктердің арнайы жүйесі, олар педагогикалық нәтижеге бағытталған және оқытудың жаңа технологияларын мемлекеттік стандарт-
қа және білімдік өзгерістерге қарай топтастыруға болады.
Педагогикалық технология негізінде оқу циклін қайта жаңарту идеясы алынған.
Оның мазмұнына:
1)оқытудың жалпы мақсатын қою;
2)жалпы құрылған мақсатты нақтыландыруға көшу;
3)студенттердің білім деңгейін алдын ала (диагностикалық) бағалау;
4)оқу әрекеттерінің жиынтығы (бұл кезде жедел кері байланыс негізінде түзету жүргізілуі тиіс);
5)нәтижені бағалау енеді.
Жаңа оқыту технологиясы, тұлғаның танымдық қабілеттерін және
танымдық үрдістерді: яғни, жадының (ес) алуан түрлерін - есту, көру, қимыл және т.б. ойлауды, ынтаны,қабылдау қабілетін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар ар-қылы дамытуға, сондай-ақ тұлғаның қауіпсіздігін, өзін-өзі өзектілендіру, өзін-өзі бекіту, қарым-қатынас, ойын, танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға, белсенді сөздік қорын (ауызша және жазбаша тілінде) дамытуға бағытталуы Интерактивті оқытудың басты мақсаты - білім алушыларды өз бетінше ой қорытып, жауап таба білуге үйрету. Еліміз дамудың демократикалық жолын таңдап алған қазіргі заманда жастарды өз бетінше шешім таба білуге үйрету заңды құбылыс. Бұл күнделікті аудиториядағы жұмыстарға да қатысты: бала сабақ кезінде мейлінше белсенділік танытуы тиіс. Осындай, білім алушылардың белсенділігін арттыруға мүмкіндік жасайтын әдістемелік амалды интерактивті деп атайды.
2 дәріс Компьютерлік және телекоммуникациялық техника даму негіздері арқылы жаттықтырушының ақпараттық мәдениетін құру.
Дәріс жоспары:
1.Ақпараттық мәдениет түсінігі
2.Ақпараттық технология
Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу тәрбиесі үдерісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, басқаша қарым-қатынас, өзгеше менталитет пайда болуда.

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбеттің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Бұл технологияның өзін мұғалім түрліше (орташа дәрежеде, ұқыпты, дәл нұсқау бойынша немесе шығармашылықпен) іске асыру мүмкін. Бұл жерде технологияны жүзеге асырушының тұлғалық компоненті, белгілі бір ерекшеліктері елеулі түрде әсер етеді, сонымен бірге студенттің әрекеті - оның қабылдауы, ынтасы, құштарлығы негізгі рөл атқарады.
Бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологиялар пайдалану тәжірибелерге еніп, нәтижелер беруде. Әсіресе, технологиялық бірліктердің арнайы жүйесі, олар педагогикалық нәтижеге бағытталған және оқытудың жаңа технологияларын мемлекеттік стандарт-
қа және білімдік өзгерістерге қарай топтастыруға болады.
Педагогикалық технология негізінде оқу циклін қайта жаңарту идеясы алынған.
Оның мазмұнына:
1)оқытудың жалпы мақсатын қою;
2)жалпы құрылған мақсатты нақтыландыруға көшу;
3)студенттердің білім деңгейін алдын ала (диагностикалық) бағалау;
4)оқу әрекеттерінің жиынтығы (бұл кезде жедел кері байланыс негізінде түзету жүргізілуі тиіс);
5)нәтижені бағалау енеді.
Жаңа оқыту технологиясы, тұлғаның танымдық қабілеттерін және
танымдық үрдістерді: яғни, жадының (ес) алуан түрлерін - есту, көру, қимыл және т.б. ойлауды, ынтаны,қабылдау қабілетін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар ар-қылы дамытуға, сондай-ақ тұлғаның қауіпсіздігін, өзін-өзі өзектілендіру, өзін-өзі бекіту, қарым-қатынас, ойын, танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға, белсенді сөздік қорын (ауызша және жазбаша тілінде) дамытуға бағытталуы Интерактивті оқытудың басты мақсаты - білім алушыларды өз бетінше ой қорытып, жауап таба білуге үйрету. Еліміз дамудың демократикалық жолын таңдап алған қазіргі заманда жастарды өз бетінше шешім таба білуге үйрету заңды құбылыс. Бұл күнделікті аудиториядағы жұмыстарға да қатысты: бала сабақ кезінде мейлінше белсенділік танытуы тиіс. Осындай, білім алушылардың белсенділігін арттыруға мүмкіндік жасайтын әдістемелік амалды интерактивті деп атайды.
Интерактивті әдіс кезінде:
-сабақ үстінде білім алушылар мен мұғалімдер арасында тығыз қарым-қатынас орнайды;
-ондай қарым-қатынас білім алушылар әлдебір мәселені тал-қылап, соның шешімін табуға тырысқан кезде қалыптасады;
-онда білім алушылардың жауабынан гөрі мәселенің шешімін табуға талпынғаны маңызды болады.
Себебі интерактивті оқытудың басты мақсатының өзі сол - білім алушыларды өз бетінше ой қорытып, жауап табуға уйрету. Интерактивті әдістеме өзара қарым-қатынастың мол ауқымын қамтиды. Мұнда балалардың бұған дейін алған өмірлік тәжірибелері білім берудің негізгі көзі болып табылады. Бұл әдісте білім алушы мыналармен қарым-қатынасқа түседі:
1)мұғаліммен (сұраққа жауап берген кезде);
2)өзге балалармен (қосақталып жұмыс істеген кезде);
3)шағын топтармен ( топпен жұмыс істеген кезде);
4)белгілі бір топпен,аудиториямен (сауалнама алғанда)
5)кейбір техника түрлерімен (компьютермен интернетке шыққанда т.б.).
3 дәріс Электрондық технологиялар арқылы оқу қызметін басқару.
Дәріс жоспары:
1. Оқыту, білім беруді басқару
2."Интерактивтік" тәрбиелеу мен оқу құрылымындағы ұғымы.
3. Қатынасқа бағдарланған оқу.
Білім берудегі интерактивті технология (интерактив сөзі-inter (бірлесу) act (әрекет)) сабақ барысында оқушылардың сабаққа қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы. Интерактивті тақта мүмкіндігін пайдалана отырып өткізген сабақтар мұғалімнің оқу процесінде уақытын үнемдей отырып оқушыларға көптеген ақпараттарды беруге көмектеседі. Интерактивті тақтаның керемет мүмкіндіктері оқушыларды таңғалдырады, шабыттандырады. Оқушылар ойнап отырмыз деп ойлайды, шындығында олар қызығып,таңғалып, шабыттанып отырып білім алады.
Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет деп, Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында интерактивті технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.
Қазіргі инновациялық технология туралы айтатын болсақ, технология грек сөзінен, яғни өнерпаздық, шеберлік, іскерлік деген ұғымды білдіреді.
Оқытушыдағы басты мақсат - алдындағы оқушыларға таза білімінің өзін бере білу емес, бүгінгі алған білімін өмірлік қажеттіліктеріне сай пайдаға асыра білуге үйрету. Тұлғаның өзіндік дамуы өз білімі үшін өз жауапкершілігін көтеру оның көптің бірі немесе көптің ең жақсысы болуымен емес, өз тұлғасының мәнділігін, құндылығымен маңызды болып саналады.
Қазіргі педагогика, психология ғылымдарының басты ерекшелігі - баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын негіздеу. Білім философиясының негізі оқушы денсаулығын сақтай отырып, тұлғалыққа бағытталған танымдық көзқарас қызметін ұйымдастыру арқылы оқытуды жүзеге асыру. Тұлғаға бағытталған көзқарасты ұйымдастыруда оқытушы қызметінің негізгі мақсаты: бала бойындағы табиғи қабілеттерін дамытудың сапасын арттыра отырып, жеке тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыру. Ол жаңа инновациялық үрдісті кеңінен пайдалана отырып, жеке тұлға бойындағы мүмкіндікті ашу, шығармашылық қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияларды пайдалану, ғылыми зерттеулерді басшылыққа алу.
Жаңа технологияларды жетілдіру әр түрлі жағдайларда пайдалана беруді талап етеді. Бүгінгі таңда педагогикалық оқыту технологияларын дұрыс пайдалана білу - үлкен қажеттілік. Соңғы жылдары оқу - тәрбие үрдісін ұйымдастыру және басқару қызметін ашатын педагогикалық технология, оқыту технологиясы және оқу үрдісін технологияландыру терминдері даму үстінде.
4 дәріс Спортшы білім алатын ортасы және тәрбие процесінің белсенді субъектісі ретінде.
Дәріс жоспары:
1.Спортшы жеке субьект тұлға ретінде
2.Спортшы тәрбие обьектісі ретінде
3.Спорттық дайындаудың жедел ақпараттық бақылауын іске асыру
Тұлғаға бағытталған көзқарасты ұйымдастыруда оқытушы қызметінің негізгі мақсаты: спортшы бойындағы табиғи қабілеттерін дамытудың сапасын арттыра отырып, жеке тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыру. Ол жаңа инновациялық үрдісті кеңінен пайдалана отырып, жеке тұлға бойындағы мүмкіндікті ашу, шығармашылық қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияларды пайдалану, ғылыми зерттеулерді басшылыққа алу.
Жаңа технологияларды жетілдіру әр түрлі жағдайларда пайдалана беруді талап етеді. Бүгінгі таңда педагогикалық оқыту технологияларын дұрыс пайдалана білу - үлкен қажеттілік. Соңғы жылдары оқу - жаттықтыру үрдісін ұйымдастыру және басқару қызметін ашатын педагогикалық технология, оқыту технологиясы және оқу үрдісін технологияландыру терминдері даму
Болашақ мамандарды жан-жақты жетілген, жарасымды, өз мамандығының шебері ретінде дайындау жоғары оқу орының міндеті болып табылады. Ал ондай сапалы мамандарды дайындау, оқытушылардың басты міндеті болып келеді. Қазіргі оқу процесіндегі кредиттік технологияда студенттердің өз бетінше білім алуына көп көңіл бөлінген. Осыған орай мамандарды дайындауға оқытушылар бағыт-бағдар беріп отыруда. Сол арқылы студенттер өз алған білімдері арқылы болашақ жастарды тәрбелейді.

5 дәріс Интерактивтик оқуды ұйымдастру әдістемелерінің негізі. Студенттің дербес тәжірибесі.
Дәріс жоспары:
1.Оқу барысын ұйымдастыру түрлері
2.Оқу процессін ұйымдастыру әдістемелері
3.Студенттің дербес тәжрибесі
Ел президентінің Қазақстан халқына Жолдауында өткен ғасырдың отызыншы жылдарында сауатсыздықпен күрес жүр-гізілгендей, компьютерлік сауаттану жөнін-дегі ауқымды іске азаматтарды тарту қа-жеттігі айтылған және мемлекеттік қызметке жаңа қызметкерлерді қабылдау кезінде компьютерді, интернетті және электрондық поштаны қолдана білу дағдысы міндетті талап болуға тиіс екендігі атап көрсетілген. Осыған байланысты XXI ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр: компьютерлік техниканы, интернет, компьютерлік желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, элек-трондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру.
Білім беруде ақпараттандыру процесі оқытушының дайындық деңгейі мен мамандық сапасына үлкен талап қояды. Ол оқытушының өзін-өзі дамуына, өзіндік білім алуына және шығармашылық пен жұмыс жасауға мүмкіндік туғызады. Оқушының шектеусіз қабілетін дамыта алатындай білім берудің әлемдік кеңістігін құруға қабілетті бола білуі шарт.
Жаңа ақпараттық технологияны қолданып оқытуды ұйымдастыруда кедергі келтіретін басқа да негізгі факторларды атамай кетуге болмайды.
Білім беру үрдісін ақпараттандыру - жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дүниежүзілік озық тәжірибелерге сүйеніп жаңа типті оқыту, әр оқушының қабілетін жан-жақты дамыту үшін қолайлы жағдай туғызу, оқу тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді.
6 дәріс Жоғары біліктілік спортшыларға өзін-өзі тану, өздігінен ұйымдасу, өзін-өзі бағалау, өздігінен даму.
Дәріс жоспары:
1. Спортшы жеке тұлға ретінде
2. Өзін-өзі тану, бағалау
3. Психологиялық дайындық түрлері
Спорттық жаттығу барысында спортшының жеке басының ерекшелігін ескере отырып арнайы ұйымдастырылған педагогикалық және психологиялық жұмыстар түрлерін айтады.
Бұл жұмыстар мақсаты спорттық жаттығу, жарыстарға қатысу кезінде спортшыға психологиялық тұрақтылықты қалыптастыру арқылы күш-жігерін толық пайдалануға мүмкіндігін ашу болып табылады.
Психологиялық дайындық түрлерін екіге жалпы және арнайы деп бөледі.
Жалпы психологиялық дайындық спортшының таңдаған спортының ерекшелігін ескеру арқылы іске асырылады. Жеңіл атлетикада спортшыға маманданған спорты ерекшелігінде кездесетін психологиялық кедергілерді жеңу арқылы жетістіктерге жету көзделеді.
Спортшыға өзін-өзі эмоциялық және психологиялық тұрғыдан қолына ала білу, спорттық жаттығулар мен спорттық жаттығулар кезінде стрестік жағдайларды жеңе білу, жүйкенің және дененің шаршауын тез қалпына келтіре білуге бағытталады.
Жалпы психологиялық дайындық жаттығу кезеңдерінде іске асырылады. Ол жұмыстар техникалық, тәсілдік, дене қаблеттерін артыру жұмыстарымен қатар жүргізіледі. Сонымен қатар психологиялық дайындық жаттығу сабақтарынан тыс уақытта арнайы адамдардың көмегінмен немесе өзінің ынтасмен орындалуы ықтимал.
Арнайы психологиялық дайындық.
Арнайы психологиялық дайындық көп жағдайда спортшыны арнайы бір жарыс түріне дайындау кезінде өткізеді. Психологиялық жағынан дайындығы жақсы спортшы жарыс кезінде өзінің барлық күш, жігерін дұрыс пайдалана біледі, жеңіске жету жолында қарсыластарын жеңуге барлық мүмкіндікті толық пайдалана біледі.
Психологиялық дайындықтың дұрыстығы спортшының жаттығу кездерінде емес, жарыстарда жеңуі арқылы көрніс береді. Психологиялық дайындық алдымен спортшының жігерін, шыдамдылық, қайратын арттырады. Психологиялық дайындығы жақсы спортшы өзінің іс-әрекетін толық меңгере алады, ой күйзелісін болдырмайды. Жігерлі спортшы спорттық жарыстарда және күнделікті өмірде болатын қиындықтарды ойдағыдай шеше алады.
Спортшы жігерін тәрбиелеу жолдары:
1. Топтарда жаттықтыру. Топтарда жаттықтыру алғаш келген дайындықтары төмен адамдарға пайдалы. Топта жаттығушылар бір-бірінің мүмкіндіктерін cалыстыру, көру арқылы өзінің әлсіз жақтарын байқайды күштілерден қалыспауға тырысады, әлсіз жақтарын жетілдіруге жұмыс жасайды. Осы кезде жаттықтырушы шәкірттердің орынсыз жаттығу жұмыстарын атқарып зорығып кетпеулерін қадалағаны дұрыс.
2. Жарыстық әдістемені қолдану жолдары:
- спортшының дайындығын ескере отырып олардың жарысқа неғұрлым көп қатысуына жол ашу;
- жаттығу сабақтарында жарыстық жағдайларды қайталату межеден шығу, уақытқа жүгірту т.б. Жарстық жағдайларды жиі қайталату спортшының психологиялық дайындығын күшейтеді.
- жаттығу барысында жарыстық жағдайда болатын тапсырмалардан да күрделі тапсырмаларды орындату.
3. Жаттығу және жарыс кезінде психологиялық реттеу (жарыс барысын толық ойша жүріп өту, жарысқа қатысу тәсілін жоспарлау т.б.) жолдарына үйрету.
Спортшының жігерін арттыру үшін оған белсенділік, төзімділік, қайраттылық, жылдам шешім қабылдау сияқты қажетті қаблеттерді арттыруды іске асыру қажет. Психологиялық дайындық кезінде спортшының өз тарапынан белсенділік көрсетіп ынтасымен іске араласуы, дұрыс шешім табудың жолдарын іздестіруі пайдалы болып келеді.
Спортшының өз тарапынан жаттығу күнделіктерін жасауы, жаттықтырушымен біріге отырып жаттығулар түрлері мен жүктеме мөлшерін анықтауы, жүгіру тәсілдерін құрауы оның өздігінен ынталы жұмыс істеуіне жол ашады. Жаттығушылардың алдына біртіндеп күрделене беретін тапсырма беру, осы тапсырмаларды олардың шығармашылық түрғыда тиімді жақтарын таба отырып іске асыруын қамтамасыз етуге үйрету маңызды болып табылады.
Жоғарыда көрсетілген спортшының өзін өзі басқара білуі, оның жарыс кезінде сабырлы, жинақты, өз күшіне сенімді болуы бағалы сапалары болып келеді, осы сапалар спортпен көп жылдар бойы шұғылдану әсерінен жетіліп отырады.
Жаттықтырушы ұстаздың өз шәкірттерінің бойында сенімділік, жігерлілік, сабырлықты қандай да болмасын туындаған жағдайда сақтап қалуларына үйрету педагогикалық шеберліктің жоғары болуын қалайды, осы сапалардың дұрыс жетілуі спортшының үлкен жетістіктерге жетуіне көмектеседі. Спортшының шеберлігі артқан сайын оның өзіне деген сенімі арта түседі, ол жақын және алыс уақыттарда атқаруы тиіс жұмыстарды болжап оған қажетті дайындықтарды іске асыру жолдарын қарастыруға үйренеді.
Психологиялық дайындықты спортшының өз жеке басының, мінезінің, өскен ортасы, отбасы ерекшеліктерін ескеріп жүргізу қажет.

7 дәріс Спорттық дайындықтың жедел ақпараттық бақылауын арттыру - қазіргі диагностикалық компьютер технологиясын қолдану.
Дәріс жоспары:
1. Жедел ақпараттық бақылау қажеттілігі, түрлері
2. Технологиялар түрлері
3. Ақпараттарды жүйелеу

8 дәріс Спортшының функционал күй-жағдайы, спорттық дайындығының көрсеткіштер динамикасы.
Дәріс жоспары:
1.Функционалды дайындық ұғымы
2.Дене қаблеттері түрлері
3.Дене қаблеттері көрсеткіштері
Спортшының функционалды қабілетін арттыруға дайындау барысы, түрлері, кезеңдері, жолдары.
Күш деп, - адамның өз бұлшық еттері қимылы есебінен сыртқы қарсылықты игеру және оған қарсы тұра алу қабілетін түсінеміз. Күштің берілу түрлеріне байланысты статикалық және динамикалық деп бөлінеді. Спорттық күресте жарылыстық, қопарылыстық деп аталатын күш түрлерінің атаулары кездеседі.Оларға күш пен жылдамдықтың біріккен көрсеткіші негіз болады. Осы көрсеткіштің жоғары және сапалы деңгейде болуы балуанның спорттық шеберлігінің жақсы болуына ықпал етеді.
Күш пен жылдамдық тығыз байланысты. Ол адам іс-әрекеті жағдайында қажетті қимыл қозғалысты аз уақыт шегінде орындау қабілеті ретінде түсіндіріледі. Жылдамдықты үш көрсеткіш сипаттайды оларға: қарапайым қозғалысқа қосылудың жасырын уақыты, іс-әрекеттерді орындау уақыты және қозғалыстың тазалығы жатады.
Жоғарыда көрсетілген дене-күш қабілеттері бір-бірінен шартты түрде ғана бөлінгендігін айта кеткен жөн. Олар бір-бірімен тығыз байланысты. Әсіресе ол ептілік икемділігін көрсету кезінде байқалады. Ептілікті адамның координациялық күрделі іс-әрекеттерді нақты әрі тез орындау қабілеті деп түсінеміз. Ептілік қабілеттің адамның басқа қасиеттерімен салыстырғанда өзіндік жетекші рөлі бар. Ептілік бұлшық еттердің, шеміршектердің, буындардың ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне де тікелей байланысты.
Шыдамдылық деп адамның қандай да бір әрекеттерді оның тиімділігін төмендетпей ұзақ уақыт бойы орындауын айтады. Ол адам ағзасының көптеген мүшелері мен жүйелерінің сәйкестене отырып қызмет етуіне тәуелді.
Дене-күш қабілеттерінің даму деңгейін өлшеу әдістемелері үнемі жетілдіріліп отырылады, себебі осы көрсеткіштерді арттыру үлкен педагогикалық шеберлікті қажет етеді. Осы мақсатта оқу-жаттығу жұмысы кезінде дене-күш қабілеттерінің сапасын тез және шынайы тексеру мақсатында өлшеуші тесті сынақтары жиынтығына ие болу қажет.
Тәжрибе көрсеткендей өткізілген сабақтарда берілетін жүктемелер мөлшері олардың сатылап жасалуы, толқынды берілуі, демалыс түрлерінің әртүрлі болуы байқалады, бірқалыпты өсе беруі болмайды. Мысалы жүктемені сатылап арттыруды алсақ онда екі және оданда көп сабақтарда берілетін жүктеме өзгермей беріледі себебі оған адам бейімделуі керек, содан кейінгі сабақтарда жүктеме мөлшері тағы бір сатыға арттырылады т.с.с.
Жүктеменің толқынды түрде берілуі жаттығудың қысқа аралықтары мен
жаттығу кезеңдерінде жиі қолданылады.
Олар негізінен үш түрге бөлінеді:
кіші толқынды берілу, ол көбіне апталық қысқа циклдерде орындалады;
орташа толқынды ол 3-6 апталық циклдерде;
үлкен толқынды, ол жаттығу жұмысының бірнеше айлық ұзақтығында орын алып, жаттығу кезеңдеріне сәйкес келеді.
Жүктеменің үлкен толқынды түрде берілуі оның ішіндегі кіші толқындар түрлерінен құралады. Жаттығу жүктемесін толқынды түрде іске асыра білу, оларды бір бірімен қабыстыра білу, жаттықтырушының іскерлік шеберлігіне байланысты болып келеді. Жаттықтырушыға жүктемені толқынды түрде беру кезінде оның жиілігі мен мөлшерін дәл реттей білу болып маңызды болып келеді.
Жеңіл атлетика спорты түрлерінің өз ерекшеліктерін ескере отырып жаттығу жүктемесінің мөлшері мен жиілігін есептеу әртүрлі болып келеді. Мысалы, кейбір спорт түрелерінде микроциклдің бастапқы кезеңінде жүктеме берілуінің жиілігіне баса назар аударылса, жүктеменің мөлшерін арттыруды екінші жартысына қалтырады, кейде жүктеме мөлшері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Спортшылардың психологиялық дайындықтары
Жас балаларды жүзуге оқытудың әдістемелерінің сипаттамасы
Спорттық жаттығу әдістері
Орындалған жаттығуларды талдау әдіс
Допты боссаусақтармен соғу
Көпжылдық спорттық дайындық жүйесінің мазмұны
Жас боксшыны ұрысқа дайындау
Шартты қарсыласпен жаттығу
Дене шынықтыру жабдықтары
Дене тәрбиесінің жалпы әдістері
Пәндер