Дидактика. Жоғары оқу орындарының және педагогикалық колледждің студенттеріне арналған оқу құралы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 113 бет
Таңдаулыға:   

Д. Ж. КІШІБАЕВА

Д. Ж. КІШІБАЕВА

Түркістан - 2010

Баспаға Абай атындағы Қазақ ҰПУ-нің жанындағы «Білімә тобындағы мамандықтар бойынша оқу - әдістемелік секциясы және ҚР БҒМ Республикалық оқу - әдістемелік Кеңесі ұсынған; Хаттама №12 27. 05. 2012ж УДК 371 ББК74. 202 Б 97 Пікір жазғандар: М. Әуезов атындағы ОҚМУ педагогика ғылымдарының кандидаты Г. К. Турабаева Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент С. Қожагелдиева Кішібаева Д. Ж., Дидактика. Жоғары оқу орындарының және педагогикалық колледждің студенттеріне арналған оқу құралы. Түркістан 2010. . ISBN 978-601-243-198-3 Жоғары оқу орындарының мемлекеттік стандарты талаптарына сәйкес педагогика пәні негізінде қолданылып жүрген төрт бөлімнің бірі «дидактика» бөлімі бойынша тақырыптар қарастырылған және студенттердің өз білімін қайталауға мүмкіндік беретін бақылау сұрақтары, тірек сызба схемалары қамтылған. Педагогика курсын оқып үйренуде болашақ білім беру жүйелері мамандарын дайындау ісінде маңызды көмекші оқу құралы болып табылады. ISBN 978-601-243-198-3 УДК 371 ББК74. 202 Кішібаева Д. Ж 2010

Кіріспе

Педагогика ғылымының бүгінгі таңда алатын орны ерекше. Заман талаптарына сай мамандар дайындау қай салада болмасын кәсіби іс-әрекетті жасауда педагогикалық білімдермен қаруландыруды қажет етеді.

Білім алуда педагогикалық білімдерді меңгеру қай стедентке болмасын, педагогикалық білім беру жүйесінде жүріп жатқан қоғамдық құбылыстар ретіндегі оқыту, тәрбиелеу үрдістеріне сауатты, белсенді қатыса отырып, өздерінің білімдерін дамытуға мүмкіндік береді.

Біздің елімізде үздіксіз білім беру жүйесі жасалған. Онда әрбір адамның өзінің дамуын ұйымдастыру жолдары қарастырылған. Оқыту тәрбие адамның дамуына бағытталғандықтан, педагогика адам тәрбиесіне қатысты ғылым және гуманитарлық ғылымдар жүйесінде белгілі орын алады. Оқу құралында «Дидактика» бөлімінің тақырыптары қамтылған.

Дидактика білім беру мен оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогикалық ғылымның саласы болып табылады.

Дидактика бөлімінде білім беру мен оқытудың мазмұнын, оқыту принциптерін, оқытуды ұйымдастыру әдістерін және формаларын қарастырады. Дидактиканың негізінде жеке пәндерді оқыту ерекшеліктері де зерттелген. Педагог - ғалымдардың еңбектері дидактикалық проблемаларды шешудің сонымен бірге кейбір нақты сұрақтардың жауабын анықтаудың негізі болып табылады.

Мәселен нені оқыту керек, қалай оқыту керек, не үшін оқыту керек деген дидактика сұрақтарына қазіргі заман талаптарына сәйкес жауап беруі тиіс. Дидактика оқу құралында негізгі категориялары: білім беру, оқыту, сабақ беру, оқыту принциптері, оқыту үрдісі және оның компоненттері, міндеттері, мазмұны, формалары, әдістері құралдары, оқытудың нәтижесі қаралады.

Білім беру оқыту нәтижесі, ал оқыту білім берудің негізгі жолы. Педагогика ғылымының білім беру мен оқытудың мәселелерін қарастыратын ғылым саласын дидактика деп атайды.

Бұл дидактика атты оқу құралында тақырыптарға сәйкес теориялық мәтериалдар осы материалды меңгеруге көмектесетін сұрақтар және тест тапсырмалары беріліп отыр. Сұрақтар және тест тапсырмалары студенттердің тақырып бойынша алған білімдерін меңгеру деңгейлерін тексеруге мүмкіндіктерін береді.

Дидактика оқу құралы жоғары оқу орнының оқытушылары мен педагогикалық колледж мұғалімдеріне және студенттерге арналған. Теориялық білімдерін тереңдетуде өз тәжірибелерінде пайдалануға болады.

І-бөлім. Дидактика - оқыту теориясы

  1. Дидактика жөнінде жалпы түсінік

Білім адам, қоғам және мемлекет мүддесіне орай жүргізілетін мақсат - бағдарлы үдеріс ретінде танылып, қазіргі заман жеке адам қалыптасуына қызмет етеді. Оның құрылым бірліктерін оқыту мен тәрбиені құрайтыны белгілі. Ал осы оқыту мен тәрбиені біртұтас, ерекше, өсіп келе жатқан қоғам өміріне дайындаушы жүйе ретінде қарастыру - педагогика ғылымының міндеті.

Осы жүйені нақты қарастырып, олардың ортақтық байланысын жете тану үшін оқыту теориясы мен тәрбие теориясы өз алдына зерттелуі тиіс.

Оқыту - оқу үдерісін жоғары, яғни теориялық деңгейде зерттейтін педагогикалық сала - дидактика деп аталады. Бұдан дидактика - оқытудың мазмұны, әдістерін және ұйымдастыру формаларына ғылыми негіздеме беретін педагогикалық теория деген анықтама келіп шығады. Дидактика ең басты “Нені оқыту керек, қалай оқыту керек?” деген сұрақтарға жауап беруі тиіс. Бірақ бұл сұрақтарға шешім іздейміз деп жүріп, және бір топ көптеген сұрақтарға кезігеміз: “Оқыту қалай өтеді, оның заңдылықтары қандай?”, “Кімді оқытамыз?”, “Қайда оқытамыз?”.

Сонымен, дидактика оқытуды теориялық деңгейде зерттейтін педагогикалық ғылым саласы.

“Дидактика” термині грек сөзі “dіdaktіos” - үйретуші және “dіdasko” - үйренуші - бірігуінен шыққан. Алғаш рет бұл терминді педагогикаға енгізген неміс ғалымы В. Ратке (1571-1635) . Ал дидактиканы оқытудың теориялық негіздерін зерттейтін ғылым деп таныған, алғашқы рет дидактиканы ғылыми тұрғыда таныған Я. А. Коменский. Ол 1632 жылы бітіріп, 1657 жылы жариялаған “Ұлы дидактика” кітабында дидактиканы “барша нәрсеге баршаны үйрету өнері” деп түсінген. Бұл аса құнды еңбек тарихқа еніп, өз маңызын осы күнге дейін жойған емес.

Дидактиканы жете білу - әрбір педагог үшін міндетті, себебі біздің заманымызда бірде-бір ірі әлеуметтік-қоғамдық мәселенің теориялық пайымдаусыз шешу мүмкін емес. Бұл күнде оқытудың формалары, әдістері мен құрал-жабдықтарының тиімділігін қарапайым көз өлшемімен тану қиынға соғады. Сонымен бірге дидактика мектеп тәжірибесіне жаңа әдістерді, жаңа оқулықтарды енгізуде алдын ала топшылаумен соңғы нәтижесін болжастыруға көмек береді. Ал мұғалімдер болса, өз жұмыстарының ғылыми негіздемесін дидактика барша уақытта, барша жағдайда тиімді нәтиже береді деген емес. Таным үдерісі шексіз. Қай ғылым болмасын қарама-қарсылықтарды, кедергілерді жеңіп өтумен дамиды. Осыдан дидактика мұғалімге өз әрекетіне орай ой-толғаныс үшін материал береді, болмысты жоспарлағанымен салыстыруға ойыстырып, өз жұмысын жақсылауға көмек көрсетеді.

Ян Амос Коменский

Еуропа педагогикасының негізін салушы

Ян Амос Коменский 28 - наурызда, 1592 жылы Морави қаласында дүниеге келді. Германияда білім алып, 24 жасында ол туыстар общинасының дін қызметшісі міндетін атқарды. 1618 жылы Коменский 240 километрге орналасқан Праганың шығысындағы Фульнекеге келді. Сол жылдары Еуропада протестанизмге қарсы күш - католиктік конитрреформация құрылды. 10 жылдық соғыстан кейін Римдік католиктік дін Моравияда заңды түрде жеңіп билік алды. Жоғары сославия өкілдері Коменскийге соған мүше болып кіру немесе отанын тастап кету ұйғарылған. Коменский соның әсерінен жер аударылып, семьясымен бірге Лешонға келді. Бұл Польшаның белгілі Обшиналық орталығы болатын. Осыдан бастап ол қуғын көріп 42 жыл бойы айдауда жүрді.

Отанына қайтып орала алмады. 1656 жылы Лешонода оның қолжазбаларын өртеді. Бұл жылдары ол бала - шағасынан айрылды. Өмірінің соңғы кезін ол Амстердамда өткізді. Толандия да ол өзінің көптеген еңбектерін шығаруға мүмкіндік алды. 1657 жылы латын тілінде "Ұлы дидактика" басылды. Я. А. Коменский өмірінің соңғы төрт жылы ішінде "адам ісін түзетудің бүкіл жалпылық Кеңесі"- атты еңбегін жариялады.

ХVII ғасырда педагогика статус алып, өзінше ғылым болып бөлініп шыққанннан кейін Чехияның ұлы педагогы Я. А. Коменскийдің (1592-1670) беделі де еңбектерімен әрі қарай бекіп, дами түсті. Осы кезден бастап Коменскийдің теориялық ой-пікірлері педагогиканы дамытып, ол күні бүгінге дейін маңызын жоғалтқан жоқ.

Содан бастап ол дүниежүзілік аренаға шығып, педагогикаға әлем жұртшылығының назарын аударды, қолдау тапты. Коменский дәуірі Еуропада буржуазиялық формацияның үстемдік етіп тұрған кезі болатын, ол соған соқтығысып өзінің философ-гуманист, қоғам-қайраткері, аса көрнекті педагог екенін таныта білді.

ХVII ғасырдағы мектептегі білім беру жүйесінің кемшілігін жақсы түсінген Коменский Еуропадағы оқу-ағарту ісін мүлде қайта құрумен айналыса бастады. Ол оқудың жаңа әдістері мен әдістілігінің қажеттілігін айтып, білім беру жүйесінің, оқудың прогрессивтік жүйесін-оның барлық адамға бірдей және тиімді де түсінікті болуын өзіне мақсат етіп қойды.

Оның дәлелдеуінше -балаларды оқыту қажет біртіндеп қарапайым, элементарлық ұғымдардың күрделіге көшіп отыру педагогикалық талаптардың негізі деп көрсетті. Коменский бастауыш оқуды ана тілінде (тек латын тілінде) жүргізуді ұсынды.

Ол тек ақылды адамдар тәрбиелеу емес, жеке тұлғаны түгелдей дамыту оқудың ең басты міндеті- деп есептеді. Тәрбиенің рөлін жоғары бағалаған педагог «адам болу үшін ол білім алуы тиіс», «Білімділер нағыз адам» - деді. Оның жүйесінің негізі - ақыл-ой, діни тәрбиені жүзеге асыру. Оның айтуынша, ақыл-ой тәрбиесі ақылды еңбектің жемісі. Коменский білім алу тек жастардың ғана міндеті емес, барлық адам оқуы, үйренуі қажет - деді.

Коменский мектепке арнап бірнеше оқулықтар жазды, оның мақсаты балаларға өмірдің тұтас картинасын беру. Оның ғылыми еңбектері, оны бүкіл Еуропаға және жер жүзіне танытты.

Ол іс жүзінде оқуды ғылымға айналдырды. Педагогикалық әдістері революциялық маңыз алды. Оқуды түбейгелі өзгертті. Коменский педагогика тарихында аса көрнекті орын алды. Оның ғылыми, теориялық маңызын жоғалтқан жоқ. Оның принциптері, әдістері мен әдістемеліктері, оқыту формалары, мысалы, сынып сабақ жүйесі- педагогиканың теориялық негізі болып сақталып қалды.

Иоганн Генрих Песталоцци

(1746-1827)

Швейцария - Пестолоццидің отаны - ХVІІІ ғасыр ортасында әлі де артта қалған феодалдық ел болды. Бірте-бірте швейцария деревнясына ене бастаған капитализм шаруаларды жіктей және жағдайды нашарлата бастады. Генрих Пестолоцци Цюрих қаласында дәрігердің жанұясында 1746 жылы дүниеге келеді. Оның әкесі ерте қайтыс болды. Баланы анасы және жанұяға шын берілген қызметші әйел тәрбиелейді. Жанұяның материалдық жағдайы өте ауыр болды.

Балалық шағынан бастап, швейцария шаруаларының ауыр тұрмысын байқап, Пестолоцци дворяндар - помещиктер және мануфактура иелері оларды қалай қатты қинағанын көріп өсті.

Пестолоцци алғашында білімді неміс бастауыш мектебінде, одан кейін латын орта мектебінде алды. Бұл мектептің оқу бағдарламасының нашарлығы және дайындығы жеткіліксіз оқытушылары жас Пестолоццидің есінде берік қалды. Пестолоцци жоғары оқу орнына түсіп, онда коллегиум, филология және философия бөлімдерінде оқыды.

Пестолоцци оқытқан жоғары мектептің кейбір профессорлары жастарды жан-жақты әртүрлі философиялық және саяси әдебиетпен таныстырды. 17 жастың өзінде Пестолоцци Жан-Жак Руссоның «Эмиль немесе Тәрбие туралы» еңбегін оқып шықты. Руссоның «Қоғамдық шарт» еңбегінің жарық көруі Пестолоцциге үлкен әсер етті.

Жан-Жак Руссо

Ж. Ж. Руссо баланың табиғатпен байланыста жетілетінін жақтады. Оның пікірінше тәрбие, «Баланың табиғи ерекшелігіне араласпай, оның өсуіне ерік беруі қажет» деді. Оның айнала қызығушылығын, еліктеушілігін, дарындылығын табиғи тұрғыда зерттеуді ұйғарды. Руссо тәрбиедегі қаталдықты, сүйіспеншілікпен ұштастыруды ұйғарды.

Тәрбиедегі жоғары идеалдықты жақтады. Тәрбиешінің қолы, қолөнершінің қолындай, ол оның басының жұмыс істеуі - сол дәуірдегі философтардан бір кем болмауын уағыздады. Оның теориясы - оқу тәрбие туралы өзінен бұрынғы ілімге негізделіп жасалды. Ең бастысы ол баланың айнала ортаға, өмірге ерекше білім құмарлығының болуын, оның өсуін, дамуын ұдайы мұғалім бақылап отыруы тәсілдерін ұсынды.

Тәрбие нәтижесі - білімді меңгеру үдерісінен туындайтынын атап көрсетті. Қол өнермен айналысу, пайдалы заттарды жасау, қоғамдық пайдалы еңбекпен айналысу - бұл таза, адал еңбек жалғасы болып есептеледі. Оның еңбек туралы ойлары прогресивтік бағыт ұстады.

http://www.peoples.ru/state/teacher/ushinskiy/ushinskiy_1_s.jpg

Константин Дмитриевич Ушинский

(1824-1870) - орыс педагог-демократы, Ресейдегі педагогика ғылымының негізін қалаушысы.

К. Д. Ушинскийдің бүкіл өмірі мен қызметі өз еліне және өз халқына жан тәнімен шын беріле қызмет етудің үлгісі болды. Орыс мұғалімдерінің ұстазы К. Д. Ушинский өзінің педагогикалық жүйесін өз кезіндегі ең озық ғылым дәрежесіне көтерді.

Ушинский өз шығармаларында педагогика әрі ғылым, әрі тәрбие өнері екендігін, тәрбие мақсатымен тәрбиелеудің халықтығы туралы идеяны және жеке адамды тәрбиелеу теориясын, дидактиканы, мұғалімдерге қойылатын талаптар сияқты педагогиканың күрделі де түбірлі мәселелерін ғылыми негізде шешті, өзінің прогрессшіл педагогикалық жүйесін құрды. К. Д. Ушинский жазған «Балалар әлемі» мен «Ана тілі» оқулықтары 60жыл бойына Ресейдегі ең құнды, кеңінен тараған оқулықтар болды. Ұлы педаогтың дидактикалық пікірлері біздің заманымызда да өзінің құнды мәнін сақтауда.

http://www.hrono.info/img/1917/krupskaya1895.jpg

Н. К Крупская

(1869, Петербург - 1939, Москва) -педагог

Н. Крупскаяның педагогикалық теориясы (1870-1939) Орыс педагогы, оқу-ағарту жүйесінің негізін салушылардың бірі. Халық ағарту туралы алғашқы декретті жасаған - педагог.

Педагогиканың басты проблемасы - тәрбиенің негіздерін және политехникалық оқуды, білім мазмұнын, жас ерекшелік педагогикасын,, ұжымда тәрбиелеу мәселелерін т. б. тұңғыш шешкен Н. К. Крупская болды.

Педагогика тарихында тұңғыш рет біріңғай мектеп жүйесін ұсына отырып, педагогика тек тәрбие мәселелерін шешпей, оның мазмұнын талдап ғана қоймай, оның түбегейлі проблемалары халықтың оқу-ағарту ісін ғылыми негізде жүргізудің жолдарын көрсетіп берді жас ұрпақты жоғары адамгершілік рухта тәрбиелеу мәселелерін шешу жолдарын ұсынды.

А. С. Макаренко

А. С. Макаренконың тәрбие мен оқу жайлы еңбектері, оның 1983-1986 жылдары жазылып баспадан шыққан сегіз томдық педагогикалық шығармаларында жинақталған. Олар: «Ата-аналар үшін кітап», «Балаларды тәрбиелеу жайлы лекциялар», «Тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістемесі», «Советтік мектеп тәрбиесінің проблемалары», «Ұстаздық дастан», «Мұнара үстіндегі таулар» т. б. көптеген педагогикалық және әдеби тақырыптағы жазылған повесть, мақалалар, әңгімелер мен очерктер. Бұл еңбектерде Макаренко тәрбиенің мақсаттары мен міндеттерін, әдістемесі мен негізгі принциптерін, балалар ұжымын, оқушыларға қойылатын біріңғай педагогикалық талаптарды зерттеп, жинақтады. Қазіргі кезеңде тұрған басты міндеттердің бірі - Макаренконың идеялары мен тәжірибесін кеңінен оқып, терең зерттеп, оқу-тәрбие мекемелерінде шығармашылықпен қолдану. А. С. Макаренконың идеялары, мысалы, Польша мектептерінде 1946 жылдан қолданыла бастады, ал Германия педагогтары А. С. Макаренконың шығармаларын 1962 жылы неміс тілінде 8 томдық етіп баспадан шығарды.

В. А. Сухомлинский

В. А. Сухомлинский жастарды адамгершілікке тәрбиелеудің проблемаларын зерттеді. В. А. Сухомлинский еңбектері басты да күрделі міндеттерді шешу - барлық жастарға орта білім беруге арналған. Педагогиканың мұндай күрделіде маңызды міндеттері - комплексті түрде мектеп практикасы арқылы мектептің қазіргі жағдайына байланысты шешіліп, нәтижесі тез арада тарап кетті.

Ол халықтық педагогиканың үлгісіне сүйенеді. Ол халықты нағыз тірі құрал ретінде педагогикалық даналықтың көзіне айналдыра отырып зерттеді. Білім беру мен оқыту органикалық талдаудың көзі, дамыған сезім мен ақылдың бірлігі, халық пен адамның үзіліссіз білім алуының қалыптасқан сұранысы. В. А. Сухомлинский: «Адам білім арқылы жұмыс істеуге үйренеді - адамгершіліктің ең жоғарғы мұраты»- деп тұжырымдады.

http://upload.wikimedia.org/wikipedia/kk/5/5a/Altynsarin.jpeg

Ыбырай Алтынсарин

(1841-1889)

Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы

Туып өскен жері Қостанай облысының Қостанай ауданы, Арқарағай. Осы өңірді, Тобыл өзенінің жағасынан топырақ бұйырған. Орынбор шекара коммиссиясының қазақ балалары үшін ашқан мектебіне оқуға түседі. Мектепті бітірген соң, Орынбор шекара комиссиясында әскери старшина болып қызмет атқаратын үлкен әкесі Балқожа Жаңбыршы ұлының хатшысы болады. Орынбор облыстық басқармасында тілмаштық қызмет атқарады. 1860 жылы Орынбор бекінісінде қазақ балалары үшін мектеп ашу тапсырылады, әрі сол мектепке орыс тілінің мұғалімі болып белгіленеді. Тікелей өзінің араласуымен халықтан жинаған қаржыға мектеп үйін және интернат салып, 1864 жылы 8 қаңтарда мектептің жаңа ғимаратын салтанатты түрде ашады. Ыбырай оқу-ағарту жұмыстарына өз заманының ең озық әдістемелерін қолдана отырып, білімнің балаларға ана тілінде бірілуіне айрықша мән береді. «Қазақ хрестоматиясы» атты оқулық, «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» атты дидактикалық оқу құралын жазды.

http://chkalovo.narod.ru/04.jpg

Ахмет Байтұсынов

(1873-1938)

Ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері

Туған жері бұрынғы Торғай уезінің Тосын болысы. Торғайдағы екі класстық, орыс-қазақ училищесін, 1895 ж Орынбордағы мұғалімдер мектебін бітірген. 1895-1909 ж Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уезіндегі мектептер мен орыс-қазақ училищелерінде мұғалімдік қызмет атқарады. 1909ж патша үкіметінің саясатына наразылық білдіргені үшін Семей түрмесіне жабылып, 1940 ж жер аударылады.

1913ж Орынборда «Қазақ» газетін ұйымдастырып, 1917 жылдың аяғына дейін оның редакторы болды.

Патша үкіметі құлатылғаннан кейін ұлт-азаттық қозғалыс күшейеді. 1918-1919 ж Алашорда қатарында болады. 1919 ж маусымның 24 Қазақ өлкесін басқаратын Әскери-революциялық комитетінің мүшелігіне тағайындалады.

Ақынның алғашқы өлеңдері «Қырық мысал» атты аударма жинағы 1909 ж Санкт-Петербургте жарық көрді.

Бұл кітабы арқылы қалың ұйқыда жатқан қараңғы елге жар салып, олардың ой-санасын оятуға бар жігер-қайратын, білімін жұмсайды.

Ақын әрбір аудармасының соңына өзінің негізгі ойын, айтайын деген түйінді мәселесін халқымыздың сол кездегі тұрмыс-тіршілігіне, мінезіне, психологиясына сәйкес қосып отырған.

http://upload.wikimedia.org/wikipedia/kk/thumb/e/e7/Aymawtov.jpg/180px-Aymawtov.jpg

Жүсіпбек Аймауытов

(1889-1931)

Аймауытов Жүсіпбек қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі.

Туып өскен жері Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты бұрынғы «Қызыл ту», қазіргі Жүсіпбек Аймауытов ауылы. Әкесі Аймауыт кедей болғанымен, арғы аталары Дәндебай мен Қуан атақ-абыройлы, бай, ел арасында білікті кісілер екен.

Жүсіпбек жастайынан арабша хат тану, оқу үйренген. 1907 ж бастап Баянауылдағы орысша-қазақша екі класстық мектебінде, Керекудегі қазыналық ауыл шаруашылық мектебінде, Керекудегі екі класты орыс қазақ мектебінде тиіп-қашып оқиды. Бір жағынан бала оқытып, қаражат табады.

1911-1914 ж ауылда мұғалім болып істейді. 1914 жылы Семейдегі оқытушылар семинариясына қабылданады.

Оны 1918 жылы аяқтап шығады.

Мұнан соң алашордашылардың істеріне араласып, Семейде «Абай» журналын шығарысып, Қ. Сәтбаевпен, М. Әуезовпен танысады.

Қарқаралыда мектеп мұғалімі, Ташкентте шығатын «Ақ жол» газетінің бөлім меңгерушісі, Шымкент педагогикалық техникумының директоры қызметтерін атқарады. Жүсіпбек аз ғана ғұмырында әдебиеттің әр түрлі жанрларында өнімді еңбек етіп, құнарлы шығармалар қалдырған.

Бес томдық шығармалар жинағында оның өлеңдері мен «Нұр күйі» поэмасы, «Рабиға», «Масап қорлар», «Сылаң қыз», «Ел қорғаны», «Қанапия Шәрбану», «Шернияз», атты пъессалары, көптеген әңгімелері мен «Қартқожа», «Ақбілек», романдары, «Күнекейдің жазығы» повесі, балаларға арналған еңбектері, сын мақалалары мен аудармалары енген.

http://zhaskalamger.ucoz.kz/_ph/9/2/862226973.jpg

Мағжан Жұмабаев

(1893-1938)

Қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, ақын, жазушы, ұлы педагог ғалым.

Жұмабаев Мағжан Бекенұлы (1893-1938) - қазақ әдебиетінің көгіндегі ХХ ғасырдың басында жарқырай жанған жарық жұлдыздың бірі, текті ақыны. Тасқыны қатты, тегеуріні берік ұлттық сезім селі ширатыла ширығып барып, екпінін басқан күйі түрікшілдік арнасына құйылады. Халық өлеңдерінің мазмұнымен бірге оның ырғақ үйлесімін, ішкі рухын, әуезділік әсемдігін жанымен қабылдаған ақын, кейде ән күй ғана түсіндіре алатын сезімдерді сөзбен жеткізеді.

Ол өмірді біртұтас құбылыс, көрініс ретінде, ал адамды сол ұлы табиғаттың, жаратылыстың бір туындысы, бөлшегі ретінде қабылдайды.

Құбылыстың мәнін кең көлемде, жалпыға бірдей қалыпта тани білу үшін ол, алдымен, не нәрсенің болса да мән мазмұнын бағдарлап, әрдайым жалпы адамзатқа тән әуенге бой ұрады, табиғаттың өз заңына ғана бағынатын құбылыстың ішкі астарына үңіледі.

Дүниені философиялық тұрғыдан таниды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқыту принциптерінің сипаттамасы
Психологиялық бейімделу компоненттері
Заманауи оқыту технологияларының түрлері
Педагогикалық колледж студенттерінің кәсіптік бейімін анықтау
Жаңа тұрпатты ұстаз жаңарған қоғамға қажет
Саралап оқыту технологиясының мәні
Жоғары оқу орындарының экология бөлім студенттеріне қазақ тілін дамыта оқыту әдістемесі
Білім беру мазмұны және оқу жоспары, бағдарламалар, оқулықтар
Математика курсын кәсіптік - бағдарлы оқыту мәселелері
Дене шынықтыру және спорт педагогикасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz