Дидактика туралы түсініктер


ЖОСПАР:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
- Дидактика туралы түсінік
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
І. Кіріспе
Дидактика - педагогиканың маңызды саласы. Дидак-тика (didaktikas - оқытушы, didasko - оқушы) ұғымы грек тiлiнен алынған, оқыту немесе үйрету деген сөз. Бұл ұғымды ғылыми айналымға алғаш енгiзген немiс педагогы Вольфганг Ратке (1571- 1635) . Сол мағынада бұл ұғымды чех педагогы Я. А. Коменский пайдаланып, 1657 жылы өзiнiң ''Ұлы дидактика'' еңбегiн жарыққа шығарды. Оның ойы бойынша, дидактика ''ненi оқыту'' жəне ''қалай оқыту керек'' деген сұрақтарға жауап бередi. Заманауи ғалымдардың зерттейтiн сұрақтары: кiмдi, қашан, қайда, неге оқыту. Қазiргi түсiнiк бойынша, дидактика - бiлiм беру мен оқыту мəселелерiн зерттейтiн ғылым саласы. Ол оқыту теориясы деп те аталады. Дидактиканың зерттеу пəнi - оқыту мен оқудың себептерi, барысы, нəтижелерi. Зерттеу пəнi аясына байланысты жалпы жəне жеке дидактикалар айқындалады. Жалпы дидактика оқытудың жалпы заңдылықтарын, принциптерiн қарастырады. Жеке дидактика жеке оқу пəнiнiң мазмұнын, барысын, түрi мен əдiстерiн зерттеуiне қарап оқыту əдiстемесi деп аталады. Мысалы, математиканы оқыту əдiстемесi, тарихты оқыту əдiстемесi. Дидактика əрi теориялық, əрi қолданбалы ғылым болғандықтан ғылыми-теориялық жəне қолданбалы қызметтер орындайды. Дидактиканың ғылыми-теориялық қызметi: бiлiм беру мен оқыту процестерiнiң мəнi мен заңдылықтарын, мазмұнын, принциптерiн, ұйымдастыру формалары мен əдiстерiн зерттеу. Дидактиканың қолдан-балы қызметi: бiлiм мазмұнын оқыту мақсатына сəйкес-тендiру, оқыту принциптерiн белгiлеу, оқытудың тиiмдi əдiстерi мен ұйымдастыру формаларын анықтау, жаңа технологияларды жасап енгiзу.
ІІ. Негізгі бөлім
Дидактика (гр. διαλεκτική - тәлімді) - білім беру, оқыту, тәрбиелеу теориясы; педагогиканың үйренушілерге білімді, машық пен дағдыны меңгерту және тәрбиелеу заңдылықтарын зерттейтін, әр кезеңде берілетін білім мазмұнының көлемі мен құрылымын айқындайтын, білім берудің әдістері мен ұйымдық формаларын жетілдіру жолдарын ғылыми негіздеумен айналысатын саласы.
Дидактика ежелгі Грекияда жас ұрпақты « оқыту-үйрету » тәжірибесінің негізінде пайда болды. Қайта өрлеу дәуірінде жалпы мәдениеттің, ғылымның дамуына, оқыту жүйесі мен тәлім-тәрбие ісін жаңаша құру міндетіне байланысты, педагогика ғылымының негізгі саласы болып қалыптасты. « Дидактика » терминін XVII ғасырда чехғалымы Я. А. Коменский өзінің « Ұлы дидактика » (1657) деген зерттеуінде алғаш рет пайдаланды. Ол білім берудің мазмұнын, дидактикалық принциптер мен көрнекілікті, дәйектілікті және табиғатпен сәйкес келуді негіздеп, сабақ өткізу жүйесін ұйымдастыруды ғылыми тұрғыдан тұжырымдап берді. Коменскийдің дидактикалық идеялары XVIII-XIX ғасырлардағы швейцариялық педагог И. Г. Песталоцийдің, неміс ғалымы Ф. А. Дистервегтің, Ресейде К. Д. Ушинскийдің еңбектерінде одан әрі дамытылды.
Қазақстанда дидактикалық ой философиялық, әлеуметтік, этникалық, әдеби шығармалар арқылы дамыды. Көне түркі жазба ескерткіштерінде, « Қорқыт атакітабында », ежелгі жыр-аңыздарда, мақал-мәтелдерде, ертегілерде ұрпақ тәрбиесіне қатысты ойлар мен толғаныстар мол. Әбу Наср әл-Фараби өзінің адамгершілігі мен білімі кемел адамды әділетті қоғам құрудағы шешуші тұлға ретінде қарастырды. Қожа Ахмет Иасауи адамның өзін-өзі жетілдіріп, рухани кемелдену арқылы хаққа (ақиқатқа) жетуге болатынын өсиет етеді. Қыпшақ тіліндегі «Кодекс Куманикус» сөздігі мен Махмұт Қашқаридің «Диуани лұғат ит-түрк» сөздігінде де тәлім-тәрбиеге қатысты мақал-мәтелдер, өлең-жыр үлгілері көп. Ал, Жүсіп Баласағұни, Иүгінеки Ахмед, Сүлеймен Бақырғани, т. б. дидактикалық дастандарында бала тәрбиесіне, оқу-білімнің маңызына, адамгершілік негіздеріне жан-жақты тоқталған.
Қазақ әдебиеті тарихында « жыраулық поэзия » деп аталатын Асан Қайғыдан Бұқар жырау шығармаларына дейінгі ауызша жыр-толғаулар ұлттық педидактика ойдың да терең қазынасы болып табылады. Отандық қоғамдық ойдың тарихында ұлттық үрдістерді әлемдік өркениет үлгілерімен ұштастырған ұлы ғұлама Абай Құнанбайұлыболатын. Абайдың философиялық ойларында ұрпақ тәрбиесіне, жалпы тәрбие проблемаларына да қатысты тұжырымдар мол. Отандық педагогика ғылымы тарихында таза ағартушылық қызметпен айналысып, тәрбие мен оқу-ағарту ісін дамытуға кәсіби теориялық тұжырымдамаларымен ат салысқан ғалым - Ы. Алтынсарин. Оның мақалалары мен хаттарында, « Қырғыз (қазақ) хрестоматиясы », « Қырғыздарды (қазақтарды) орыс тіліне оқыту ісіне алғашқы басшылық », т. б. кітаптарында сол замандағы дидактика мәселелері әр қырынан сөз болады. XX ғасырдың басында балаларды оқыту, тәрбиелеу мәселелері А. Байтұрсынұлы, Ж. Аймауытов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, т. б. кітаптарында жан-жақты талқыланды. Әсіресе, Байтұрсынұлының сол замандағы әлемдік дидактика ғылымындағы оқыту әдістерін талдаған мақалалары, әдістемелік « Баяншы » кітабы отандық кәсіби дидактика ғылымының дамуына негіз қалады. Кейін оқыту теориясымен айналысқан педагог ғалымдар (Қ. Жұбанов, Т. Тәжібаев, Р. Г. Лемберг, Н. Көшекбаев, т. б. ) әлемдік дидактиканың заңдылықтары мен принциптерін отандық оқу-ағарту ісіне қатысты тұжырымдап, тәжірибеге енгізді.
Қазіргі заманғы дидактика ғылымы білім беру теориясы болып табылады. Оның зерттеу пәні - оқытудың мақсаты, мазмұны, заңдылықтары мен принциптері. Дидактика өзінің алдына қойған мақсаттарға жету үшін белгілі бір дидактикалық принциптерге негізделеді. Дидактикалық принциптер оқу-тәрбие жұмыстарының заңды жүйесін көрсетеді, оқыту ісінде табысқа жетудің қажетті шарты болып табылады. Олар бір-бірімен тығыз байланысты құрылған.
Оқушылардың тәртібін, олардың қылықтарын, ұстаздардың жұмысын, олардың тәрбиеленушілермен өзара қатынастарының ерекшеліктерін бақылау, зерттеуші құндылығы көзбен көрген адамның әңгімесімен, құжатты жай хабар алумен салыстыруға келмейтін материалдар жинастырады. Әсіресе, күрделілігі мен өр түрлілігі басқа тәсілдермен тепе-теңдігін қиындататын тәрбие құбылыстарын зерттеу кезінде бақылау әдісінің қасиеті ерекше дәлелді көрінеді. Дидактика мәселелерін зерттеуші оқу үрдісі мен ондағы болып жатқан құбылыстарымен ісі болады. Алайда, педагогикалық үрдістің тұтастығын құрайтын оқыту мен тәрбиенің, синтезін есте ұстау қажет.
Оқыту үрдісін зерттеу дидактикалық құжаттардың қатар көзін оқу әдісі, сұрау әдісі сияқты басқа да әдістермен бақылау әдісінің өзара байланысын қолданады. Мысалы, бақылау педагогикалық тәжірибеге жол ашады, егер бақылау деректері оның ойынша қайшылықтарды көрсетеді, ол тез арада тоқтатылуы тиіс.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz