Қолөнер және дизайн



Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Дизайнның қалыптасуы
2. Қолөнер және дизайн
3. Дизайн өнері
4. Дизайн өнерінің маңызы мен ролі
5. Кезеңдері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Бұл ұғым төңірегінде әртүрлі пікірлер бар. Бір ғалымдар жоба, біреулері сурет, тағы бірі нобай дейді. Біздің ойымызша ол - әсемдік заңына, эргономика және бионика заңдарына негізделіп, формаларды адамның антропометриясына арнап қалып - тастыру философиясы. Дизайнның тарихы XІX ғасырдың ортасында Лондондағы Дж. Пэкстонның арнайы салған шыны ғимаратында өткен І халықаралық өнеркәсіп заттарының формаларын сұрыптауға арналған көрмеден басталды. Осы тұста атақты Джон Рескин мен Уильям Морристің дизайнға арналған ғылыми теориялық және тәжірибелік еңбектері де жарық көрді. Сонымен қатар 1907 жылы дүниежүзінің жартысынан көбін электр кұралдарымен қамтамасыз ететін Германия Электр ассоциациясы шығаратын заттардың әрленуіне бас-көз болу үшін әйгілі қолөнер ше - бері, сәулетші Питер Бернс директор болып тағайындалып, бірінші дизайн маманы және мамандығы пайда болды десек, біздің тұжырымның негізі дұрыс болады. Содан кейін 1918 жылы Германияның әсем өнер қаласы Веймарда атақты "Баухауз" атты дизайнерлер жоғары мектебі ашылғаннан кейін дизайнерлік білім кең өріс алды.
Бірақ, осы өнердің тарихын дүние жүзін елеңдеткен белгілі бір кезеңдермен ғана сабақтастырсақ, тағы қателесуіміз мүмкін. Себебі, әлемдегі өнер майталмандарының туындылары, өнер ағымдарының даму тарихы және синтезделген өнер саласындағы шығармалар әлі де бір ізге түскен жоқ.

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Дизайнның қалыптасуы
Дизайн - көркемсурет және сәулет өнерінің өнеркәсіп бұйымдарының ең үздік үлгілерін жасау және заттық ортаны үйлестіру шараларын қамтитын бағытының атауы. Дизайн қызметінің ерекшелігі - әсем әрі көркем жасалған тұтыну заттары мен бұйымдардың қоршаған ортаға лайық үйлесімін жүзеге асырып, ұдайы олардың жаңа үлгілерін ойлап табу. 1928 ж. АҚШ-та пайда болды.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Қолөнер және дизайн
"Дизайнер" термині 1600 жылдарға жатады. Бұған дейін орындық жасайтын қолөнерші дизайнер де, дайындаушы да өзі болатын. 1800 жылдарға қарай фабрика жұмысшылары арнайы дизайнер әзірлеген дизайн бойынша көптеген орындықтар шығарды. Ақын және дизайнер Вильям Морис 1880 жылдары фабрика бұйымдарына қарсылығын білдірді. Ол қол өндірісіне қайта көшу үшін "Өнер және қолөнер" қозғалысын бастады. Шансорғыш сияқты алғашқы электр құралдары көрер көзге кескінсіз болды. Қәзіргі уақытта біз үй құралдарының тек жақсы жұмыс істейтініне ғана емес, үй ішіне үйлесімділігіне де мән беріп жатамыз, соңдықтан дизайн - қазіргі тауарларды шығарудың маңызды қасиеті.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Дизайн өнері
Терминдік атауы жаңа болғанымен, оның негізі ерте замандарда-ақ қалыптасқан. Мысалы, қазақ халқының қолөнербұйымдарының (қобыз, домбыра, сандық, ожау, торсық, қару-жарақтар, сәндік әшекейлі бұйымдар, т.б.) қайталанбас түрлері этнодизайндық үлгіде жасалған. Безендіру өнерінде де дизайнның әдіс-тәсілдері мен тәжірибесі кең қолданылады. Дизайн өнері заман талабына орай үнемі өзгеріп, дамып отырады. ТМД елдерінде, соның ішінде Қазақстанда дизайн өнері 1960 жылдан бастап жүйелі түрде қалыптасып, дами бастады. 1987 ж. Қазақстан Дизайнерлер одағы құрылды. Дизайн өнері қазіргі өскелең тұрмыстық жағдайлар мен талап-сұраныстарға байланысты жаңа сипаттарға ие болуда. Жарнама, плакаттар, кітап безендіру, өндіріс бұйымдарын жасау, жиhаз бұйымдарының жаңа үлгілерін өмірге әкелу, т.б. қазіргі заманғы кәсіптердің дамып-жетілуі дизайн өнерімен тығыз байланысты. Ұлттық этнодизайн да өзіндік қолтаңбасы бар өнер ретінде заман талабына сай даму үстінде.
Дизайн өнерінің маңызы мен ролі
Дизайн іс-әрекет ретінде көркемдік шығармашылықты көрсетеді, өйткені көркем шығармашылықты сипаттаудың жоғарғы формасы өнерде жаңа жолдар салатын туынды жасау болып табылады.
Кез-келген ғалымның, өнертапқыштың немесе дизайнерлердің шығармашылығы ең алдымен адамның ойын көрсететін қиын психологиялық әрекетті көрсетеді. Аталмыш әрекет барысында жаңа идеялар, тақырыптар, заттар, яғни бөтен адамдардың қабылдауына, түсінуіне және бағалауына негізделген, қоғамға танымал бола алатын тиесілі өнімдер туындайды.
Шығармашылық жұмыста жаңа ойлардың пайда болуының негізін адам мен қоршаған ортаның өзара қарым қатынасы құрайды. Өйткені адам ойының өзі оны қоршаған орта құбылыстары белгілерінің әртүрлі байланыстарын қарастыратын психологиялық үрдіс болып табылады. Анализ және синтез нәтижесінде, яғни белгілі бір құбылыстарды белгілеріне қарай бөліп, ұқсас белгілерді біріктіру нәтижесінде қарапайым ассоциациялар бұдан ары қарай күрделі ассоциациялық тізбектерді түзеді және дамыған күрделі ойларды құрайды.
Көркемдік ойды ғылыми ойдан ерекшелендіретін өзіндік белгісі логикалық қорытындылардан емес, нақты образдар арқылы көрінеді. Мәселен, философиялық ой қорытындыларымен, ғалым түсініктерімен, ал суретші-дизайнерлер бейнелер, суреттер арқылы бір нәрсені айта алады, яғни әркім өз көзқарасын әртүрлі тәсілмен жеткізеді. Дизайнер болу үшін көркемдік рәсімдеу заңдылықтарын және қажетті техникалық ептіліктерді үйрену, меңгеру жеткіліксіз. Белгілі бір ынтамен кез-келген адам жазуды, сурет салуды үйрене алады. Алайда техникалық қабілеттен бөлек көркемдік бейнені ойлай алатын қабілет те болу керек. Образды ойлау - бұл заттар, түсініктер мен ойлар қабылданған мазмұнын жанды, айқын, яғни ассоциация барысында туындаған образға тән етіп шығаруы қажет. Бұл жерде дизайнердің өмірлік тәжірибесі мен шығармашылық дарыны үлкен роль атқарады. Дарынды толығымен ашып көрсету үшін белгілі бір икемдерді тәрбиелеудің маңызы зор. Дизайнер санасында бұрын көрген заттары, құбылыстары жөнінде тікелей қабылдаудан бірқатар ерекшеленетін бейнелер туындайды. Елестету барысында заттар мен құбылыстар қабылдауға тән нақтылықпен қатар шын өмірдің бейнелерімен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дизайн тарихы және теориясы
Ағаштың қасиеттері
Үлгілер жиынтығы бойынша Лентамен кестелеу технологиясы
Кілем кестелерімен безендірілген камзол үлгілерінің жинағы
Экодизайн технологиялары арқылы болашақ бейнелеу өнері мамандарының кәсіби шеберлігін қалыптастырудың ерекшеліктері
Дизайн технологиялары арқылы болашақ мамандарының кәсіби шеберлігін қалыптастырудың мәні
ЭКОДИЗАЙН ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ АРҚЫЛЫ БОЛАШАҚ ДИЗАЙН МАМАНДАРЫНЫҢ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Жоғары оқу орындарында кәсіптік білім беру мамандықтары студенттерінің шығармашылық қабілетін дамыту үздіксіз үрдістің жалғасы
Мектепте Дизайн өнерін оқыту
Суретшілер қолөнершілер шығармашылығын зерттеу
Пәндер