Дизайн және этнодизайн



Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары
Кіріспе
1. Дизайн және этнодизайн
1.1. Қазақ халқының дәстүрлі ою - өрнектері
2. Этнодизайнның түрлері.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Зеоттеудің көкейкестілігі: Әлемдік өркениет дамуындағы қазақ мәдениетінің оның ішінде қазақ халқының көркем өнері, этнодизайнының қалыптасуы, дамуы бүгінгі таңда аса маңызды мәселе. Мемлекетіміз тәуелсіздігін жариялап, етек-жеңін жиып, елдік мұраттарымызды айқындау қолға алынғанда еліміздің суретшілері, көркем өнер шеберлерінің ұлттық нақышқа бай этнодизайнға қайта оралу үдерісі басталды.
Зерттеудің мақсаты: этнодизайн жайында жан жақты мәліметтермен таныстыру және де этнодизайнерлердің шығармашылығын негізге ала отырып жастардың арасында дизайнның осы бір саласына деген қызығущылығын арттыру.
Зерттеудің жаңашылдығы: киіз үйді қазіргі архитектурамен байланыстыра отырып замануи интерьер дизайнын жасап шығару.
Киіз үйдің өзі дизайнның классикалық формасы. Қазақтың киіз үйінің ішкі көрінісі бүгінгі кез келген стильден артық. Олай дейтінім, біздің қазақы интерьер қонақжайлылықты, кеңдікті, дархандықты көрсетіп тұрады. Ал қазіргі көптеген жаңа типтегі үйлердің төрі қайсы екенін білмейсің кейде. Киіз үй ауа райының қандай жағдайында да пайдалануға өте ыңғайлы ғой. Ішіне жарық жақсы түседі, шеңбердегі ауа айналымы да талапқа сай. Оның мәнін, пайдасын дұрыс ұғынбайтындар мұрын шүйіре қарайды. Шаңырағы - күн, уықтары одан тараған нұр іспеттес, отбасымыз күндей жарқырап, ұрпағымызға нұр құйылсын деген мағынаны білдірсе керек. Киіз үйдің өзін, ішкі келбетін қазіргі архитектурадан көргім келеді.

1. ДИЗАЙН ЖӘНЕ ЭТНОДИЗАЙН
1.1 Қазақ халқының дәстүрлі ою - өрнектері

Дизайн (ағылшын сөзі) - жобалау, сызу, ойлану деген мағынаны береді. Ол өндірістік әдіспен тұрмыстық бұйымдарды жасап шығару және заттық ортаны лайықты қолдануды қалыптастырумен айналысады. Дизайн - жобалаудың барысында функционалдық немесе эстетикалық құндылықтың қайсысы біріншілікті алуы мәселесі қаншама рет қойылғанымен оны нақтылы жауабы әлі күнге дейін жоқтың қасы. Бірақ функционалдық немесе эстетикалық қатынастың біріне басымдық беру туралы қалыптасып, көп таралған қарым-қатынас бұйымының қолданыс мүмкіндігімен анықталу болып табылады.
Этнодизайн туралы ой пікірлерді мынандай жүйеге келтіруге болады: этнодизайн ұлттық дизайн деген мағынаны береді; этнодизайн ұғымы өнер мен өндірісті байланыстыратын ұғым; этнодизайн бұйымдары жаңа инновациялық технологияларды пайдаланып орындалған көркем заттар; этнодизайн ағаш, метал, қыш, жүн, сүйек т.б. материалдарды пайдалану арқылы жасалған ұлттық бұйымдар жобасы; этнодизайн бұйымдары бірнеше дана етіп жасалған көркем бұйымдар; этнодизайн бұйымдары сыйкәде ретінде ұсынылатын заттар; этнодизайн бұйымдарын жасаушылар этнодизайнерлер; этнодизайн бұйымдары туристерге сыйлық ретінде ұсынылатын заттар т.б.; этнодизайн туралы танымдық материалдар өте аз; этнодизайн терминінің қазіргі шеңбері газет журналдардағы жарияланған шағын ақпараттық мәліметтермен ғана шектеледі.[1]
Этнодизайнның түрлерін талдауға ерекше орын беріледі. Ұлттық бұйым, жиһаз, тұрмыстық заттарды жобалау барысында этнодизайнерлік жоба жасаудың ерекшеліктері анықталады. Кілем мен гобелендегі этнодизайнының мазмұнын жазықтық бетіне орналастыру, сурет пен мәтіннің үйлесімділігі және оның композициясы бойынша талдау жасалады. Олардың формаларының түстерінің, эргономикалық қолдану мақсатымен сәйкес келуіне көңіл аударылады. Бұйым этнодизайны туралы лекция мазмұнында ұлттық бұйымның жаздық, күздік, қыстық бұйымдар, ерлер мен әйелдер бұйымдары, ұлттық бұйымдардың модельдерін жасау ерекшеліктері анықталады. Олардың материалына, формасына, безендіруіне, эргономикасына, тұтыну мақсатына мән беріледі. Жиһаз этнодизайны туралы лекциялық сабақ мазмұны бойынша ас үй, ұйқы бөлмесі, зал, кіре берістің, жиһаздарының этнодизайнерлік шешімдерінің ерекшеліктері қарастырылады. Өндіріс орындарының, офистік жиһаздардың этнодизайнерлік шешімдерінің, олардың түстерінің шешімдері қалай табылатындығына мән беріледі, өндіріс мазмұнымен байланыстылығы айтылады.
Ғылыми-педагогикалық, өнертанымдық әдебиеттерді сараптау негізінде түстану ілімінің негізін құрайтын ұғымдарды мынандай бағыттарға жіктеуге және оны түстанудан білім мазмұны ретінде алуға болатындығы анықталады: хроматикалық түстер; ахроматикалық түстер; түстердің қанықтығы; түстердің ашықтығы; жылы түстер; суық түстер; түстік шеңбер; негізгі түстер; контраст түстердің бірлігі; түстердің қасиеті; символдық түстер; түстердің қазақша атаулары; колорит; картинадағы түстер; түстердің композициясы; жылы түсті колорит; суық түсті колорит; аралас түсті колорит; түстерді қабылдау ерекшелігі; түстердің бейнелеуінің ерекшелігі т.б.
Этнодизайнерлік жобалау барысындағы басты қағида бейнелеудің жарықтануға, түстануға, перспектива, тұтастық, қайталанбастық заңдылықтарын ескере отырып жобалау нәтижелі болатынын қазіргі этнодизайнерлік қызмет тәжірибесі анық көрсетуде. Этнодизайнның формақұрау заңдылықтарын тану мен меңгеру нәтижесінде, дизайнер стилін сипаттайтын ұлттық бұйымды жаңа технология мүмкіндіктері арқылы жобалау мен жасауға бағытталған қызмет деп анықтауға болады.
Дизайнерлердің шеберлікті меңгеруі кәсіби қызметтің барлық уақытында жалғасатын өте күрделі және ұзақ үрдіс. Ол бір жағынан өнер заңдылықтары мен материалды меңгеруге бағытталса, екіншіден адамзат баласының тарихи дамуымен, тұтас мәдениетпен байланысты. Көркемдік мәдениет ол статистикалық мәдениет емес, ол көркемдік мәдениеттің жаңа ашылымынан кейін жетіліп дамып отырады. Этнодизайн туралы әртүрлі пікірлерді көзқарастарды тәжірибені жинақтай келе этнодизайн, формақұрау заңдылықтарын тану мен меңгеру негізінде, дизайнер стилін сипаттайтын ұлттық дәстүрлі бұйымды технология мүмкіндіктері арқылы жобалаумен жасауға бағытталған қызмет нәтижесі деп қорытынды жасауға болады. Дизайнерлік шеберлік деп дизайнерлік білімді, дағдыны, техниканы жетік меңгеруді елестетеміз.
Дизайнерлік білім негіздерін айқындау мақсатындағы суретшілер, өнертанушылармен суретші - педагогтар А.Дюрер, Л.Б.Альберти, Э. Деланура, К.Ф. Юон, Б.П. Нешумов, Е.В. Шорахов, В.С. Шербаков, М.В. Беда, А.В.Алпатовтардың теориялық еңбектері сарапталды. Сараптау нәтижесі этнодизайн білімдерін сегіз бағытта жіктеуге мүмкіндік берді. Олар: 1.Жаңа бұйымды диогностикалау білімі; 2.Жобалау білімдері; 3.Форма құрау білімдері; 4.Форма композициясы білімдері; 5. Тұстану білімдері; 6.Безендіру білімдері; 7.Демонстрациялау, экспозициялау білімдері; 8.Өндірістік технология білімдері; 10.Этнодизайнерлік жобалау ұстанымдары; 11.Этнодизайнерлік жобалау үдерісі - деп анықталады. Этнодизайн өнерінің негізгі ұғымдарын, категорияларын, шынайы заңдылықтарын, техникалық тәсілдерін жүйелеу бізге этнодизайнды оқытудың ұтымды әдістерін анықтауға мүмкіндік береді.[2]
Этнодизайнның қолөнермен байланысын анықтау барысында, этнодизайнерлік өнімнің жеке дара данамен шығарылуына, оны жасауға қажетті материалдардық база мен еңбек құралдары туралы мәселелер қозғалады. Бұл бағытта суретшілердің қиялы, этнодизайнердің формақұрау қызметі, инженердің жаңа бұйымның құрылымы мен құрастырудың технологиялық жақтары қарастырылады. Лекция барысында этнодизайнердің қызметінің басқа да өндіріс мамандарының қызметімен байланысы мен айырмасы көрсетіледі. Олардың жұмысындағы байланыстардың тұтынушы сұранысымен, оларға берілген бағасымен анықталатындығы ескертіледі. Бұйымның сұранысқа сәйкес шығарылу даналарының санын анықтау жолдары көрсетіледі. Тұтынушылардың жаңа буын жобалық өніміне деген ой-пікірлерін, ұсыныстарын зерттеу тәсілдері анықталады.
Ұлттық бұйым, жиһаз, тұрмыстық заттарды жобалау барысында этнодизайнерлік жоба жасаудың ерекшеліктері анықталады. Кілем мен гобелендегі этнодизайнының мазмұнын жазықтық бетіне орналастыру, сурет пен мәтіннің үйлесімділігі және оның композициясы бойынша талдау жасалады. Олардың формаларының түстерінің, эргономикалық қолдану мақсатымен сәйкес келуіне көңіл аударылады. Бұйым этнодизайны туралы лекция мазмұнында ұлттық бұйымның жаздық, күздік, қыстық бұйымдар, ерлер мен әйелдер бұйымдары, ұлттық бұйымдардың модельдерін жасау ерекшеліктері анықталады. Олардың материалына, формасына, безендіруіне, эргономикасына, тұтыну мақсатына мән беріледі. Жиһаз этнодизайны туралы лекциялық сабақ мазмұны бойынша ас үй, ұйқы бөлмесі, зал, кіре берістің, жиһаздарының этнодизайнерлік шешімдерінің ерекшеліктері қарастырылады. Өндіріс орындарының, офистік жиһаздардың этнодизайнерлік шешімдерінің, олардың түстерінің шешімдері қалай табылатындығына мән беріледі, өндіріс мазмұнымен байланыстылығы айтылады.
Этнодизайнның теориялық негізін құрайтын ұғымдар этнодизайн тарихы, этнодизайн түрлері, форма, форма құрау, форма мен мазмұн, форма композициясы, форманың түсі, форманы безендіру, форманы экспозициялау, көркем конструкциялау, жоба эскизі, жоба макеті, развертка болып табылады. Этнодизайн практикасы көне формаларға талдау жасау, жаңа жоба формасын іздеу, эскиз жасау, макет дайындау, форма құрау, модельдеу, демонстрациялау, материал таңдау, құрастыру, безендіру, іс-әрекеттерін құрайды.
Қазіргі қазақ елінің жас дизайнерлерінің басым бөлігін құрайтындар костюм дизайнерлері. Бұлардың жасаған сән үлгілері Халықаралық көрмелерге қатысудан үлкен жетістіктерге жетуде. Олардың қатарында Балнұр Асанованы, Қуралай Нурхаділованы, Берік Исмайловты, Ая Бапаниді, Айда Кауменованы атауға болады. Олар Мысыр, Франция, Туркия, Ресей қалаларында өткен көрмелері лауреаттары, Алматы, Париж, Мәскеу, Дубай, Анкара, Вашингтон қалаларындағы "Жоғары ұлттық сән байқауларының" жүлдегерлері. Бұлардың барлығы жоғары кәсіби шеберлікке көтерілген, шетелдік әріптестермен бәсекеге қабілетті кәсіби шеберлер. Мысалы дизайнер Аида Кауменова өзінің Аида Кауменова атты сән үйін ашқан. Мұнда сатуға арналған коллекциялар дайындаумен, шоу өнеріне сахына жұлдыздарына арнап жеке дара эксклюзивтік заттар жасайды, сонымен қатар қыз ұзату рәсіміне арналған қалыңдық көйлектерін, діни қызметкерлер костюмдерін тігеді. Қазақстанда кино өнерінің дамуына байланысты, кино өндірісі киімдері даярланады. Сахына жұлдыздары Нұржамал Үсембаева, Мақпал Жүнісова, Баян Есентаева сынды жұлдыздар Аида Кауменова (қосымша Ғ) атты сән үйінің тұрақты тұтынушылары екендігі оқу үдерісінде қолданылатын оқу материалы ретінде танылады.
Этнодизайндағы көркем безендіру. Бұл тақырып бойынша жобалау, көркемдік, безендіру ұғымдарына түсініктер беріледі. Олардың мәні анықталады. Этнодизайнерлік жобаға әсемдік, әлеуметтік, эргономикалық, технологиялық тұрғыда талдау жасалады. Жобаны жасау кезеңдерін, этнодизайнерлік зерттеу, форма құрау, көркем конструкциялау, эскиз салу, макеттеу, безендіру, демонстрациялау, экспозициялау, презентациялау кезеңдерінен бөлінетіндігі көрсетіледі. Этнодизайнердің жобалаушылық қызметінің этнодизайнерлік білімге, шығармашылық ойға, этнодизайнерлік іс-әрекеттерге негізделетіндігі айтылады.Көркем безендіру жұмыстары бойынша әңгіме барысында жобаның сыртқы көрінісін безендірудегі суреттер, жазулардың сызықтар, дақтар, логотиптер және шартты белгілердің орналасу композициясына мән беріледі. Этнодизайнердің безендіру мен композиция білімдері мен безендіру іс-әрекеттерінің жобаның көркемдік сапасын арттырудағы мәні ашып көрсетіледі. Этнодизайнер еңбегінің жобалаудағы және безендірудегі жеке даралық сипатына назар аударылады.
Өнер шығармасындағы көркемдік ерекшеліктердің бірі - идеялық. Өнердегі идеяның тақырыпта емес, ол бірінші кезекте суретшінің өмірге деген қатынасында, бұл суретші қолға алған, оның өнерінің мазмұнын құрамдайтын барлық тақырыпта көрініс табады, -деген. Суретшінің шығармашылық ойының алғашқы сатысы интуиция және талдау деп бағалаған. Ол, көркемдік шығармашылықтың бірінші кезеңі - интуитивтік, келесі кезең орындалғанды талдау. Тек қана интуиция мен талдау гармониялық біріккенде ғана үйлестірілген, аяқталған шығарманы жасауға болады. Шығармашылық үдерістің схемасы мынандай: интуиция-талдау-интуиция деп композиция табиғатын тануға бағдар берген. Суретші Е.А.Кибрик Тұтастық композицияның барлық элементі, өзара бағынышты және байланысты бола отырып, суретші ойының жүзеге асуына жұмыс істейді. Сонымен, тұтастық композицияның бөлінбеуі, қосалқылардың орталыққа бағынуын, композицияның басты заңдылығы деп ойлаймын,- деген. Суретшінің ерекше назар аударғаны контраст. Контрастар - қарама-қарсыларды шығаруды - мен композицияның заңдылығы деп айтар едім. Қозғалыс ол композицияда өмірдегідей қозғалыс болуы тиіс. Көркемдік образ - өмір көрінісіндегі бірғана тамшы. Композициялық дәлдік образдық біріктіру күшін береді, оның көркемдік әсерін ұлғайтады. Композициядағы сан сияқты кеңістікті образдық трактовка жасаудың ерекше маңызы бар, екендігін айтқан. Е.А.Кибрик өмірдегідей картина жазықтығында көп адамдарды көбейткенмен, мұның нәтижесінде картина, ойсыз сипаттау болып шығатындығына көз жеткізген.Суретші Е.А.Кибрик жаңашылдық туралы: өмірдің өзі шексіз қозғалыстан тұратыны сияқты, жаңаларды тудырып отырады. Реалистік өнер - өмірдің эстетикалық ашылымы. Өнердің стимулі-қоршаған бірігулер таңқаларлық жаңа нәрселердің ойда жоқтан пайда болуы. Өнердегі шын мәніндегі таңқаларлық - бірінші жасалынғанның күтпеген жерден пайда болуымен ерекшеленеді.Ол жаңашылдық - композицияның өте қымбат сапасы. Бірақ өнердегі жаңашылдықтың әдейі жасалуынан жаман нәрсе жоқ. Композиция тек қана мазмұнды және ұтымды болуымен қатар жаңа болуы тиіс. Композицияда ештеңе де, қайталанбауы тиіс. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дизайнның даму кезеңін сипаттау
Болашақ мұғалімдерді этнодизайн өнері арқылы көркемдік білім беруге даярлаудың педагогикалық шарттары
Көркемдік өлшемінің бір бағыты - композициялық өлшем бірліктері
Дизайн тарихы және теориясы
Көшпенділер сән үлгілеріндегі ерекшеліктері
Қазақ ұлттық киімінің негізгі қалпын жоғалтпай, киімініңконструкциясы негізінде ұлттық киімдердің дизайынын жасау
Мектепте Дизайн өнерін оқыту
Мекеме дизайны
Интерьер дизайны
Қолөнер және дизайн
Пәндер