Дизайнның даму кезеңін сипаттау



Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

ӨНЕР ФАКУЛЬТЕТІ

БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ КАФЕДРАСЫ

БАЯНДАМА

Тақырыбы: Дизайнның даму кезеңін сипаттау

Жетекшісі: аға оқытушы Нұрланова Ұ.
Орындаған: Жармұханбетова А.
Тобы: ӨДЗ-311

Түркістан, 2015 ж.
Жоспары:

Кіріспе
1. Дизайн туралы
1.1. Дизайн дегеніміз не?
1.2. XXI ғасырдағы дизайн саласының дамуы
2. Дизайнның түрлері
2.1. Дизайнның қазіргі уақыттағы жаңа түрлері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

1. Дизайн туралы
1.1. Дизайн дегеніміз не?

Қазақстан өнер туындыларына және әйгілі өнер қайраткерлеріне бай ел. Қазақ топырағы өнердің өркен жаюына құнарлы болғандықтан, еліміз өзінің мәдени туындыларымен әлемге танымал. Әсіресе біз әңгіме еткелі отырған дизайн өнерінің өрісі көңіл қуантады.
Дизайн дегеніміз не?
Бұл ұғым төңірегінде әртүрлі пікірлер бар. Бір ғалымдар жоба, біреулері сурет, тағы бірі нобай дейді. Біздің ойымызша ол - әсемдік заңына, эргономика және бионика заңдарына негізделіп, формаларды адамның антропометриясына арнап қалыптастыру философиясы. Дизайнның тарихы XІX ғасырдың ортасында Лондондағы Дж. Пэкстонның арнайы салған шыны ғимаратында өткен І халықаралық өнеркәсіп заттарының формаларын сұрыптауға арналған көрмеден басталды. Осы тұста атақты Джон Рескин мен Уильям Морристің дизайнға арналған ғылыми теориялық және тәжірибелік еңбектері де жарық көрді. Сонымен қатар 1907 жылы дүниежүзінің жартысынан көбін электр кұралдарымен қамтамасыз ететін Германия Электр ассоциациясы шығаратын заттардың әрленуіне бас-көз болу үшін әйгілі қолөнер шебері, сәулетші Питер Бернс директор болып тағайындалып, бірінші дизайн маманы және мамандығы пайда болды десек, біздің тұжырымның негізі дұрыс болады. Содан кейін 1918 жылы Германияның әсем өнер қаласы Веймарда атақты "Баухауз" атты дизайнерлер жоғары мектебі ашылғаннан кейін дизайнерлік білім кең өріс алды.
Бірақ, осы өнердің тарихын дүние жүзін елеңдеткен белгілі бір кезеңдермен ғана сабақтастырсақ, тағы қателесуіміз мүмкін. Себебі, әлемдегі өнер майталмандарының туындылары, өнер ағымдарының даму тарихы және синтезделген өнер саласындағы шығармалар әлі де бір ізге түскен жоқ. Ал енді бәрін айт та, бірін айт дегендей, әңгіме сарынын Қазақстан дизайнына бұрайық.
Біздің ел топырағына дизайнның келіп, әрі қарай дамуына себепші болған Тимур Бимашұлы Сүлейменов есімді азамат. 1981 жылы Қазақстан түгілі жалпы КСРО-да дизайн деген сөз ілуде бір естіліп жүргенде, Қазақ елінде Тимур Бимашұлы алғашқы болып дизайн шеберханасын ұйымдастырды. Кейінірек, бұл шеберханасын Қазақстан Суретшілер одағының жанынан ұйымдастырып, оны өзі басқарды. Тимур Сүлейменовтің бастамасымен 1987 жылы Дизайнерлер одағының құрылғаны белгілі. Елімізге елеулі азамат күні бүгінге дейін қатарында 400-ден астам дизайн майталмандары бар ұжымды басқарып келеді.
Мен Дизайнерлер одағының бар істерін тізбелемей-ақ, одақтың ең негізгі елеулі атқарған жұмыстарын әңгімеге арқау етсем деймін. Қазақстанның тәуелсіздігі жарияланған соң елді ел ететін рәміздер мен белгілердің керек екендігі айдан анық болды. Сондықтан Қазақстан Дизайнерлер одағы осы іске кірісіп кетті. Одақта арнаулы топ құрылып, егемен елдің алғашқы теңгесінің макетін өмірге әкелді. Бұл жерде теңге тек ақша ретінде ғана емес, Қазақстанның рухани және материалды байлығының келбеті екені еске алына отырып жасалды. Алғашқы теңгенің дизайнын жасауда тарихи деректермен толықтыру, ұлттық нақышта әрлендіру және тарихи түлғалардың бейнесін қолдану жөн деп табылды.
Тимур Сүлейменовтің жетекшілігімен Қазақстан Дизайнерлер одағының өкілдері Астана, Алматы, Талдықорған, Ақтау, Мәскеу және тағы басқа қалалардың сәулет дизайнының көркеюіне белсене қатысып, Қазақ елінің таңдаулы және маңызды тұлғаларының ескерткіштерінің сәулет дизайндарын жасады. Аңырақай шайқасында ерлік көрсеткен батырларға арналған ескерткішті, Астана қаласындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарының мемориалдық кешенін, Мәскеу қаласындағы Абайға арналған монументті, Желтоқсан оқиғасына арналған Алматы қаласындағы "Тәуелсіздік таңы" монументін, Талдықорған қаласының орталық алаңын жасап, Ақтау қаласының орталық алаңының сәулет дизайнын жобалауда Қазақстан Дизайнерлер одағы өкілдерінің еңбегі зор.
Қазіргі таңда біздің мамандарымыз Алматы, Астана және басқа да еліміздің қалалары мен елді мекендерінде көркейту және әрлендіру істеріне күш салып, белсене қатысуда.
Үстіміздегі жылдың қараша айында Қазақстан Дизайнерлер одағына 20 жыл толады. Бұл шығармашылық ұйым тек қана күнделікті әрлеу істерімен шұғылданып қоймай, шығармашылық жағынан да орасан зор биікке көтерілуде. Осы жылдың 9-16 тамыз аралығында Қазақстан қолданбалы өнерінің қара шаңырағы Ә. Қастеев атындағы ұлттық өнер мұражайында мерейтойға арналған фестиваль басталып, оның алғашқы кезеңі өтті. Онда Алматы қаласы Дизайнерлер одағы мен еліміздің барлық қалаларының дизайнерлері өз шығармашылық туындыларын халыққа паш етті. Сәулет дизайны, киім дизайны, өнеркәсіп дизайны және дизайнның басқа да түрлерінің туындылары көрсетілді. Бұл көрмеде халықаралық дизайн көрмелерінде көзге түскен авторлар өздерінің жобаларын ұсынды. Соңынан фестиваль тізгіні облыс дизайн бөлімшелеріне берілді. Үстіміздегі жылдың қараша айына дейін осы фестиваль кең байтақ еліміздің бар облыстарында және қалаларында өтеді. Оның соңы қараша айында ретроспективалы дизайн көрмесімен аяқталады. Бағдарламада дизайн өнерлерінің көрмесін, сән туындыларының шығармаларын, ғылыми теориялық және әдістемелік басқосу шараларын өткізу жоспарланған.
Қазақстанда дизайнерлерді дайындау мәселесі жақсы жолға қойылған. Қазіргі таңда бұл саладағы сапалы, жоғары білімді мамандарды негізінен Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, Көкшетау университеті, "Сымбат" сән академиясы, Алматы технология және Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеттері дайындайды. Заман талабына сай мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес, "Дизайн бакалавры", "Дизайн магистрі" мамандықтары бойынша халықаралық дәрежедегі мамандар дайындалады.
Республика Дизайнерлер одағының алдында тұрған ең бірінші міндет - "Қазақстан Республикасының мемлекеттік келбеті" атты мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру. Дүниежүзінің дамыған 50 елінің қатарына қосылу талабына сәйкес, біздің мамандар алдында үлкен істер жетерлік. Елімізді көркейтуге Қазақстан Дизайнерлер одағының өз үлесін қосуына барлық жағдай жасалған. Қалалардың, аймақтардың келбеті әлемнің дамыған елдерінің келбетінен кем болмай, өзінің ұлттық нақышымен ерекшеленіп тұруы үшін кемеліне жеткен Қазақстан дизайнерлері ортақ іске бар күшін салады.

1.2. XXI - ҒАСЫРЫНДАҒЫ ДИЗЙН САЛАСЫНЫҢ ДАМУЫ
Дизайн - (ағылшынша design - жоба, жобалау, сызу, жоспар сурет) көркем сурет және сәулет өнерінің өнеркәсіп бұйымдарының үздік үлгілерін жасау және заттық ортаны үйлестіруші шараларын қамтитын бағытының атауы. Дизайн қызметінің ерекшілігі-әсем әрі көркем жасалған тұтыну заттары мен бұйымдарыныі қоршаған ортаға лайық ұйлесімін жүзеге асырып, ұдайы олардың жаңа үлгілерін ойлап табу.
Дизайн мейлінше сан алуан машиналарды безендірумен, оның өзінде де жасанды жолмен ойластырылған безендірумен емес, олардың конструкциясымен және атқаратын қызметімен логикалық сабақтастықта безендірумен айналысады. Заттың техникалық жетістіктері мен атқаратын қызметін баса көрсететін сыртқы сұлулыққа инженер-конструктор мен суретшілер мен дизайнерлердің бірлескен төзімді еңбегімен қол жетеді. Мысалы, қазіргі заманғы самолеттің немесе автомобильдің тамаша формасын жасау үшін оның техникалық құрылысын ғана емес, сонымен бірге осы машина дамуының тарихи жолдарында да терең зерттеу қажет. Сырт келбетімен жайлылықты, қуаттылықты және жүріс жылдамдығын білдіретін қазіргі заманғы автомобильдердің формалары да осылай жасалған.
Дизайн тарихы XXI - ғасырдың басында басталды. Сондықтан оның тарихы өте қысқа. Дизайн өнері адамдарды әдемілікке, қолайлыққа ұмтылуларының шыққан. Ал, жақсы өмір сүруге адамзат пайда пайда болғаннан бері ұмтылып келеді. Сол себепті дизайн өнері XX - ғасырда басталғанмен, оның тарихын өте ертеден іздеу керек. XX - ғасыр техника мен ғылымның өркендеп даму ғасыр болады. Ғылым мен техниканың дамуы дизайн өнерін дамытты. Алғашқы дизайнер мамандарды даярлайтын жоғарғы мектеп 1919 ж Германияда ашылды. Ол баухаз деп аталады. Бұл мектепте сәулет өнері шеберлері сабақ береді. Ғылыми тұрғыдан дизайнның пайда болуы 1928 жылы, ал оның отаны АҚШ болып есептеледі. Осы уақытқа дейін бірнеше дизайн фирмалары қолып қайта құрылды. Ресейде жоғары көркем - техникалық шеберханалар 1920 жылдардан бастап құрылды. Алғашқысы Мәскеудегі мемлекеттік жоғары көркем техникалық шеберханалары болды. Кейіннен осы шеберхана инстиут болып қайта құрылды.

Дизайнның қалыптасуы

Дизайнер термині 1600 жылдарға жатады. Бұған дейін орындық жасайтын қолөнерші дизайнер де, дайындаушы да өзі болатын. 1800 жылдарға қарай фабрика жұмысшылары арнайы дизанерлер әзірленген дизайн бойынша кқптеген орындықтар шығарды. Ақын және дизайнер Вильям Моррис 1880 жылдары фабрика бұйымдары қарсылығын білдірді. Ол қол өндірісінде қайта көшу үшін Өнер және қолөнер қозғалысын бастады. Шансорғыш сияқты алғашқы электр құралдары көрер көзге көп ойлар бөлінді. Қазіргі уақытта біз үй құралдарының тек жақсы жұмыс істейтін ғана емес, үй ішіне үйлесімділігіне де мән беріп жатамыз.
Сондықтан да дизайн қазіргі тауарларды шығарудың маңызды қасиеті болып табылады. Дизайн терминдік атауы жаңа болғанымен оның негізгі ерте заиандарда-ақ пайда болды. Мысалы; қазақ халқының қолөнер бұйымдарының (қобыз, длмбыра, сандық, ожау, торсық, қару-жарақтар, сәндік әшекейлі бұйымдар) т.б. қайталанбас түрлері этно-дизайндық үлгіде жасалған. Безендіру өнерінде дизайнның әдіс-тәсілдерімен тәжірибесі кең қолданылды. Дизайн өнері заман талабына сай үнемі өзгеріп отырады.

Жиһаздалған дизайн

ТМД елдерінде соның ішінде Қазақстанда дизайн өнері 1960 жылдан бастап жүйелі түрде қалыптасып дами бастады. 1987 жылы Қазақстан дизайнерлер одағы құрылды. Дизайн өнері қазіргі өскелен тұрмыстық жағдайлар мен талап ұсыныстарға байланысты жаңа сипаттамаларға ие болуда. Жарнама плакаттар, кітап безендіру өндіріс бұйымдарын жасау, жиһаз бұйымдарның жаңа үлгілерін өмірге әкелу т.б. жатады. Қазіргі заманғы кәсіптердің дамып жетілуін дизайн өнерімен тығыз байланысты. Ұлттық этно дизайндары өзіндік қолтаңбасы бар, өнер ретінде заман талабына сай даму үстінде. Сәулет дизайны қалалық, ауылдық саябақтық ансамбльдер, кіші сәулет түрлері көріктендіру элементтері мен көгалдандыру визуалдық коммуникациялар, экспозициялық кеңістіктер қалалық ортадағы жабдық пен жиһаз ішкі кеңістіктері қоғамдық пайдалану үшін және саудасаттық экспозициялар мен сәндік қолөнерлік жабдықтар жатады.

2. Дизайнның түрлері
2.1. Дизайнның қазіргі уақыттағы жаңа түрлері
Дизайн бірнеше түрге бөлінеді: олар
-көлік құралдарын жобалау (көлік ұшақтары, су кемелері, автомобилдер т.б.)
- тұрмыс бұйымдарын электр аспаптары, ыдыс, жиһаз, киімді т.б. жобалау.
- интерьер және экстерьер дизайн;
- жарнама дизайн;
- фото дизайн,
- графикалық дизайн;
- киім дизайны;
- архитектура дизайн;
- Ретейл-дизайн;
- этнодизайн;
- Флористика (дизайн);
- веб дизайн

Веб дизайн
Веб дизайн тарихы 1991 жылы алғашқы web-сайттың пайда болуынан басталды. Оның құрастырушысы Тим Бернерс-Ли өз сайтында HTTP мәліметтерді тасымалдаушы, URL адресациялау жүйесі, HTML гипермәтіндік бейнелеу тілі негізіндегі World Wide Web жаңа технологиясы туралы жазды. Бұл ашылу ақпараттық технологиялардың дамуына үлкен септігін тигізді. Әлемдегі бірінші сайт алғашқы интернет-каталог та болды, кейін Тим Бернерс-Ли оған басқа сайттарға сілтемелер тізімін орналастырды. Сөйтіп виртуалды шындықтың үшөлшемді кеңістігінің танымалдығы арта берді. Өзіндік мақсат қуған жаңа сайттар пайда болды. Технологиялардың дамуы сайттарды жетілдіре түсті, web-беттің көркемделуіне үлкен көңіл бөліне бастады. Сурет графикасы әдемі, сапалы жасалуы бағалана бастады. Осылармен бірге web дизайн дами түсті. Web дизайн түсінігіне сайттың шаблонын жасау және оны графикалық көркемдеу жатады. Қазіргі таңда web дизайн өзіне бірнеше мақсат қояды: қолданушыда объект бейнесін оң қабылдату, сайт құрылымының қарапайымдылығы мен анықтылығы, қолданушы интерфейсінің оңай түсінігі, навигациялық жүйенің ыңғайлылығы және т.б. Осы мақсаттарға жету үшін сайтты құрастырушы компьютерлік графикамен жұмыс жасайтын программа-құралдарының кең таңдауын, html- және java кодтарын қолданады. Бұл оның әлі де даму үстінде екенін көрсетеді. Web дизайн білім мен өнердің қосылысы. Оның негізгі аспектілеріне бес облыс кіреді.Мазмұны. Мұнда сайт мазмұнының қалыбы мен ұйымдастыруы кіреді. Мүмкін болар диапазон-мәтіннің қалай жазылғанынан HTML гипермәтіндік технология көмегімен қалай ұйымдастырылғаны, берілгені және құрылғанына дейін. Көрінетін бейнелері. Бұл сайттағы экран кеңістігінің құрылуына қатысты.
Веб дизайнға қойылатын талаптар.
Веб дизайн - сайтты дайындаудың алғашқы этапы. Ол көбіне Adobe Photoshop немесе Macromedia FlashMX бағдарламасында орындалады, web дизайнның кейбір элементтері CorelDraw немесе Adobe Illustrator векторлы графика, 3Dmax, Maya, LightWare үшөлшемді моделдеу бағдарламаларынан импортталынады. Бірақ web дизайн тек сайттың көркемдік жағы емес, оның қолданушыға ыңғайлы болуы - тұрақты қолданылатын элементтердің айқын ерекшеленуі, мәзірдің түсінікті болуы жатады. Сондықтан сайттың дизайны бірнеше ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Басты бет дизайны
Талаптар мен құжаттаманы тестілеу
Материалдардың шығу тегі
Мектепте Дизайн өнерін оқыту
ГРАФИКА ӨНЕРІНІҢ ТАРИХЫ
Интерьер дизайны
Дизайн және этнодизайн
Интернет және WEB сайт туралы түсінік
Шектеулермен жұмыс істеу
Дизайн қызметінің жалпы типологиясы
Пәндер