Қазақ этнопедагогикасы пәнінің электронды оқулығын дайындау жайында


Ф-ОБ-001/033

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Алтынбек Рүстембек

«Қазақ этнопедагогикасы» пәнінің электронды оқулығын дайындау

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В011100 -- «Информатика» мамандығы

Түркістан 2015

Ф-ОБ-001/033

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Қ. А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті

«Қорғауға жіберілді»

Компьютерлік ғылымдар

кафедрасының меңгерушісі,

техн. ғ. д., доцент

Марасулов А. М.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Қазақ этнопедагогикасы» пәнінің электронды оқулығын дайындау

5В011100 - «Информатика» мамандығы

Орындаған:
Алтынбек Р.
Орындаған::
:
Алтынбек Р.:
Орындаған::

Ғылымижетекшісі,

п. ғ. к., доцент

:
Алтынбек Р.: Ниязова Г. Ж.

Түркістан 2014

Ф-ОБ-001/002А

ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

Факультеті Инженерия

Мамандығы 5В011100-«Информатика»

Кафедрасы Компьютерлік ғылымдаркафедрасы

Диплом жұмысын орындауға

ТАПСЫРМА

Студентке Алтынбек Рүстембек

(аты-жөні)

Жұмыстың тақырыбы «Қазақ этнопедагогикасы»

жоғары оқу орыны бойынша 27. 01. 2014 №CБ-65 бұйрықпен бекітілген

Аяқталған жұмысты тапсыру мерзімі 26. 04. 2015ж

Жұмыстың негізгі деректері Білім беруде интернет желісінің маңыздылығы

Диплом жұмысында көрсетілген мәселелердің тізімі немесе диплом жұмысының қысқаша мазмұны:

Ақпараттық технологияларды қолдану, ақпараттандыру

Электронды оқулық білім беру құралы ретінде

Электрондық оқулықты пайдалану саласы

Ұсынылатын негізгі әдебиеті

1. «Білімтуралы» Заңы. - Алматы: Литера, 2000. - 96 б.

2. К. З. Халықова. . -Алматы. “Бiлiм”, 2000

3. М. Донской. Интернет и пользовательский интерфейс. Мир Internet. 1999.

4. Қойбағарова Т. Қ., Ельтинова Р. А. Информатиканы оқыту әдістемесі: Оқу құралы. І-ІІ-бөлім. ІІ-бөлім. - Павлодар: ПМПИ, 2013. - 214 бет.

Жұмыс тараулары көрсетілген жұмыс бойынша кеңестер

Тарау
Кеңесші
Мерзімі
Қолы
Тарау: Информатиканы оқыту әдістемесі пәні
Кеңесші: Ниязова Г.
Мерзімі: 15. 01. 14
Қолы:
Тарау: Информатиканы оқытудың теориялық негіздері
Кеңесші: Ниязова Г.
Мерзімі: 24. 01. 14
Қолы:
Тарау: Орта мектепте информатика пәнін оқытудың психологиялық-педагогикалық мәселелері
Кеңесші: Ниязова Г.
Мерзімі: 05. 02. 14
Қолы:
Тарау: Орта мектепте информатика пәнін оқыту мазмұнына талдау
Кеңесші: Ниязова Г.
Мерзімі: 14. 02. 14
Қолы:
Тарау: Информатикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу
Кеңесші: Ниязова Г.
Мерзімі: 05. 03. 14
Қолы:
Тарау: Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру әдістемесі
Кеңесші: Ниязова Г.
Мерзімі: 14. 03. 14
Қолы:

Диплом

Тараулардыңаттары,

Ғылымижетекшіге

ұсынумерзімі

Ескерту
Тараулардыңаттары,: Информатиканы оқыту әдістемесі
Ғылымижетекшігеұсынумерзімі: 23. 01. 14
Ескерту:
Тараулардыңаттары,: Орта мектепте информатика
Ғылымижетекшігеұсынумерзімі: 04. 02. 14
Ескерту:
Тараулардыңаттары,: Жалпы білім беретін орта мектептерде информатиканы оқытудың мазмұнын талдау
Ғылымижетекшігеұсынумерзімі: 13. 02. 14
Ескерту:
Тараулардыңаттары,:
Ғылымижетекшігеұсынумерзімі: 04. 03. 14
Ескерту:
Тараулардыңаттары,: Білімберудесыныптан тыс жұмыстардың әдістемесін
Ғылымижетекшігеұсынумерзімі: 10. 04. 14
Ескерту:

. 11. 2013ж.

Кафедра меңгерушісітехн. ғ. д., доцент А. Марасулов

(қолы)

Жоба (жұмысы) жетекшісіп. ғ. к., доцент Ниязова Г. Ж.

(қолы)

Студент Заурбек А.

Мазмұны

Кіріспе . . . 2

I - ТАРАУ.

1. Электрондық оқулық туралы түсінік және оның тиімділігі оқулықтың негізгі сипаттамамасы . . . 4

2. Электрондық оқулықты пайдалану саласы оның құрылымы оқулыққа

қойылатын

талаптар . . . 13

3. Электрондық оқулық кімге және не үшін қажет? Оқулықтың жасаудың

негізгі кезеңдері және методикалық нұсқаулар . . . 22

4. Ақпараттық технологияларды қолдану және

ақпараттандыру . . . 25

ІІ - ТАРАУ.

2. 1. Электронды оқулықты құру кезінде қолданылған бағдарламалар және оқулықтың құрылу кезеңдері

2. 2. Macromedia Flash 8 бағдарламасына сипаттама

2. 3. Электронды оқулықты құру әдiснамасы

АННОТАЦИЯ

В этой дипломной работе рассматривается внеклассных работ по информатике. Цель дипломной работы использовать методику Интернет-ресурсов в образование на теоретической основе, испытать ее на практике и методики.

ÖZET

. Diplomamınamacı internet ŭžerindepratikyapma, .

ANNOTATION

The given research work is dedicated to special using of information resources of internet web in edication. The aim of the diploma work is to establish theoretically internet resources of using methodology, test in practice and prove the efficiency of the given methodology.


НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

1. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы. Астана. 58 б.

2. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. - Алматы: Литера, 2007. - 96 б.

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы
23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. 113 б.

4. 2013-2014 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы. Әдістемелік нұсқау хат. - Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2013. - 117 б.

5. Жоғары оқу орындарында диплом жұмысын (жоба) орындау ережесі (негізгі ережелер) (ҚР МЖМБС 5. 03. 016 2009)

6. Университет ережесі. Дипломдық жұмысты (жобаны) әзірлеу мен рәсімдеуге қойылатын жалпы талаптар. УЕ-ХҚТУ-015-2014

7. Диплом жұмыстарын рәсімдеу және қорғауға табыс ету бойынша әдістемелік нұсқаулық. 5В011100 - Информатика және 5В060200 - Информатика мамандықтары. Әдістемелік нұсқаулық жаратылыстану факультетінің Оқу-әдістемелік кеңесімен бекітілген. 2013 жылы 27 тамыз №1 хаттама.

АНЫҚТАМАЛАР

Әдіс (грек. - « methodos» - « зерттеу ») - бұл тәсіл, әдіс немесе әрекет бейнесі; мақсатқа жету әдісі, қандайда бір айқындалған түрде реттелген әрекет; нақты тапсырманы шешуге бағынышты, шындықты игерудің практикалық немесе теориялық тәсілдері мен амалдардың жиынтығы.

Сыныптан тыс жұмыс - сабақтан тыс уақыттағы мектепте өткізілетін және оқу жоспарына кіретін әртүрлі оқу-тәрбиелік іс-шаралар.

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

ДК- дербес компьютер

ТК -телекоммуникациялық технологиялар

ИЕТН -информатика және есептеуіш техника негіздері

ҚР - Қазақстан Республикасы

Кіріспе

Қазіргі кезде қоғам әрекеттерінің барлық саласында компьютер көмегімен ақпараттық ресурстар орын алады. Яғни, ХХІ асыр бүкіл дүние жүзі ақпараттық қоғамға көшіріле басталды деуге болады. Оған қоғамдағы барлық білім, ғылым, экономика және басқару салалары арқылы ақпараттандыру белгісіне қол жеткізуге болатындығы.

Қазіргі таңда негізінен білім жүйесінің барлық сатыларын үшін электрондық оқулықтар жасаумен шұғылданып келеді. Электрондық оқулық студент үшін ақпарат көзі болып, сонымен қоса электрондық оқулықтармен жұмыс істеу әрбір студенттің өз мүмкіндігін есепке ала отырып, оқып үйрену ісін жеке дара жүргізу болып саналады.

Ақпараттық көптеген мәселе, әсіресе оның ішінде ең негізгісі білім беру (оқыту) мәселесі болып табылады . Біздің негізге алған мәселеміз оқытуды автоматтандырумен байланысты. Демек білім беру мен пайдаланушы білімінің бақылау сұрағына қажетті нәтижелерді өңдеуі үшін қолданады. Білім беру компьютерлік техналогиямен жүзеге асыру ақпарат алушының сұранысын қанағаттандыра тын оқу құралының басылымымен қатар тұрады. Мұндағы негізгі таралымдар оқулық шығару, оқу процестерінің бірігуін қамтамасыз ету және жоғарғы сапалы, иннавациялық ғылыми зерттеулердің, яғни жаңа ақпараттық технологиялардың қолданылу мақсатында оқу процестеріне және сонымен қатар, әртүрлі «электрондық оқулықтардың» түбі бір дәл осылай аталатындығы.

Компьютерлік техникалар құралдарын қолданудың жақсы тиімділігіне маман иесі пәндік облыста ақпаратты ұсынулардың құралдарын шектемей, коммуникациялардың және жұмыстың базалары мен білімдердің нәтижесінде қол жеткізуі мүмкін.

Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы: «Шығыс ғұламаларының педагогикасы » пәнінен электронды оқулық құру.

Менің дипломдық жұмысымның мақсаты - ЖОО мекемелерінің студенттеріне Шығыс ғұламаларының педагогикасы пәнінен ең жақсы электрондық оқулық жасау, аспаптық құралмен тәжірибені игеру, мультимедиалық технологиясымен таныстыру, сонымен қоса өзге программаларды қосу арқылы электрондық оқулық құру.

Дипломдық жұмыста HTML гипермәтіндік тілінің технологиялар мүмкіндіктерін және принциптерін электрондық оқулық жасауда қарастырдым, сонымен қоса электрондық оқулықты, өзге бағдарламалармен (Flash MX) байланыстырып жаңа бір үлгідегі электрондық әдістемелік құрал жасадым.

Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Мұндай құрылған бағдарлама әсіресе Интернетте электрондық оқулық құру технологиясын жетiлдiруге және көптеген пайдаланушыға білімін көтеруге көмектеседі.

Дипломдық жұмыстыңқұрылымы мен мазмұны. , екi тараудан, қорытындыдан, .

Дипломдық жұмыс бес бөлімнен тұрады:

Бірінші бөлімде, электрондық оқулық туралы түсінік, электрондық оқулықты пайдалану саласы, электрондық оқулықтың құрылымдық жолдары, электрондық оқулық жасау құралдардың топтастырылуы, электрондық оқулыққа қойылатын талаптар қарастырылған.

Екінші бөлімге Maсromedia Flash анимациялық ортасымен танысу, оның принциптері мен мүмкіншіліктері туралы, сонымен қоса Flash анимациялық ортасында жоба құру сипаттамасы қаралған.

Үшінші бөлімде, HTML гипермәтіндік ортаымен танысу, HTML тілінде құжат жасау негіздері, кесте және тізімдер жасау, формалар және графикалық кескіндермен жұмыс жасау жолдары қарастырылады.

Төртінші бөлімде, жеке тапсырма бойынша Microsoft Visual FoxPro ортасында лабораториялық жұмыс қарастырдым.

Бесінші бөлімде, бизнес - жоспарлау, маркетинг жоспар, өндірістік жоспар, ұйымдастырушылық жоспар, қаржылық жоспар қарастырылған.

1. Ақпараттық технологияларды қолдану, ақпараттандыру

«Технология» ұғымы латын сөздерінен - «техне» - өнер, шеберлік, кәсіп және «логос» - ғылым - дегенді білдіреді. Технология - ғылыми жетістіктерді енгізудің тәсілі мен нәтижесі ретінде, ғылымда қол жеткізілген деңгейдің жинақталған көрінісі ретінде анықталады. Білім сапасына қойылып отырған жаңа ұстанымдарға байланысты оқу әрекетінің мақсаттылығына, мазмұнына үлкен мән берілуде. Оқушының ғылыми ұғымдар мен заңдарды түсініп, практикалық мәселелерді шешуге бағытталған ойлаудың жалпы амал-тәсілдерін, дағдыларын ғана меңгеріп қоймай, шығармашылық бағытта еңбектенуі - оқу әрекетінің негізгі мақсаты және нәтижесі болып табылады. Бізді қоршаған ортамыздың маңызды мәндерінің бірі ақпарат болып табылады.

Ақпарат - біздің айналамыздағы объектілер мен құбылыстардың белгілер мен символдар арқылы берілген бейнесі. Адам жасаған әрбір құрылғы мен жүйеде, ақпарат жинау және өңдеу процестері өтеді. Дербес компьютерлердің пайда болуына байланысты ақпаратты жинау, беру және өңдеу саласында төңкеріс басталды. Бұл төңкеріс материалдық өндіріс саласын ғана емес интелектуалды салаларды да қамтиды.

Ақпараттандыру қоғамның барлық саларының өміріне түбегейлі өзгеріс жасауда. Олардың өмір сүру жағдайын, адамдардың іс-әрекеттерін, мәдениеті мен мінездік стереотиптерін, ойлау образын түбегейлі өзгертті.

Ақпараттандыру - адамзат өміріне барлық жағынан әсер ететін парасаттылық іс-әрекетінің ролі мен денгейін көтерумен байланысты жан-жақты даму үдерісі болып табылады. Ақпараттандыру кең қолданылатын сөз, ол барлық адамзат іс-әрекетіндегі қоғамдық мәні бар толық анықталған, жеткілікті және сол уақыттағы білім негізіндегі қоғам өмірін қайта құру үдерісін көрсетеді.

Білім беру ортасы ақпараттанумен тікелей байланыстағы негізгі қоғамдық жүйелердің бірі болып табылады. Білімді ақпараттандыруды ақпараттық қоғам жағдайында жоғарғы деңгейдегі өмірге маман дайындау үдерісі ретінде сипаттауға болады.

Қазіргі қоғам мен оның білім беру саласын ақпараттандыру туралы айтпастан бұрын, ақпараттандырудың тарихи алғышарттарын түсінген жөн. Қоғамды ақпараттандырудың тарихи үдерісі өз заманында пайда болған жаңа технологиялардың пайда болуына байланысты ақпараттық төңкерістер тізбегі арқылы сипатталады.

Ақпараттық төңкеріс қоныстанушы халықтың белсенді бөлігі үшін ашық ақпараттар ауқымының артуына әкеп тірейтін ақпаратты жинау, өңдеу, сақтау және таратудың тәсілдері мен аспап-құралдарының өзгеруінен тұрады.

Ақпараттық технологиялар саласындағы даму ғылыми және ғылыми көпшілік басылымдарда “ақпараттық қоғам” атауының пайда болуына әкелді. Кейбір ғалымдар ақпараттық қоғам деп ондағы өндірістің басты өнімі мағлұматтар (білім) болып табылатын қоғамды түсінеді. Ақпараттық қоғам статусын қоғамға беру өлшемі ретінде адамзат жинақтаған мағлұматтар саны сияқты көрсеткішті пайдаланудың жөні бар, себебі кейбір бағалаулар бойынша біздің эрамыздың басынан бері адамзат жинақтаған мағлұматтардың бірінші екі еселенуі 1750 жылға, екіншісі ХХ ғасырдың басына, үшіншісі 1950 жылға таман болған. 1950 жылдан бастап әр жылда екі еселенеді. Бұл бүгінгі күнде әлемдегі білім көлемінің 250 мың реттен аса артқанын білдіреді. Қоғамды және оның барлық салаларын, соның біріне жататын білімді ақпараттандыру мәселелеріне мемлекет аса көңіл бөлуде. Қоғамды ақпараттандыруды дамыту үдерісіне жүйелі мемлекеттік тұрғыдан келудің қажеттігі өткен ғасырдың 90 жылдарының басында-ақ көрініс ала бастаған болатын. Ал “ақпараттандыру” ұғымы “компьютерлендіру” ұғымын біртіндеп ығыстыра отырып ғылыми, сол сияқты қоғамдық-саяси терминологияда кеңінен пайдаланыла бастады [7] .

“Ақпараттандыру” ұғымының біршама кеңірек анықтамасын академик А. П. Ершов өз жарияланымдарында берді. Ол: “ақпараттандыру - адамзат қызметінің барлық қоғамдық елеулі түрлеріндегі шынайы, жеткілікті және уақтылы білімді толық пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені” деп жазды. Оның үстіне А. П. Ершов ақпарат “қоғамның табысты даму қабілеттілігіне көп жағынан алғышарт жасайтын, тұтас алғанда, оның стратегиялық ресурсы” болып табылатындығын атап өтті. Сол сияқты, ЮНЕСКО-ның ұйғарымы бойынша да, ақпараттандыру - бұл мағлұматтардың (білімнің) барын жүйеге келтіріп, жаңасын қалыптастыруда, сонымен қоса, оларды қоғамды ағымдық басқару және ары қарай жетілдіру мен дамыту үшін пайдалануды қамтамасыз ететін ақпаратты жинау, сақтау мен тарату әдістері мен жолдарын кең көлемде қолдану [8] . Әрине, бір жағынан, осы айтылған екі анықтама бір-біріне қарама-қайшы емес, екіншіден, адамзат қызметінің бір саласы болып табылатын білім саласын ақпараттандыруды да анықтайды. Сонымен, “білімді ақпараттандыру” ұғымын осы екі анықтаманы ыңғайластыру арқылы енгізуге болады.

Білімді ақпараттандыру оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық-педагогикалық мақсаттарына жету үшін білім саласында мағлұматтардың (білімнің) барын жүйеге келтіріп, жаңасын қалыптастыруды қамтамасыз ететін ақпаратты жинақтау, сақтау және тарату технологиялары мен құралдарын қолдануға бағытталған адамзат қызметінің ғылыми-практикалық саласын білдіреді [9] .

Сонымен, білімді ақпараттандыру - білім беру жүйесінің қызмет етуіне, бүкіл қоғам өміріне бүтіндей әсер ететін қоғам мүшелері қызметінің кең, әрі көп қырлы ғылым саласы.

Көптеген мамандар білімді ақпараттандыруды үдеріс ретінде қарастырып, оқу пәндері немесе оқу пәндерінің жиынтығы аталуы мүмкін емес деген пікірлер айтады. Шындығында, үдерісті оқыту мүмкін емес. Бірақ, білімді ақпараттандыруды білімді нақты, сенімді, өзекті ақпараттармен және оларды өңдеу құралдарымен қамтамасыз етуге бағытталған іс-әрекет ретінде де қарастыруға болады. Білімді ақпараттандыру дәстүрлі информатика курсын, басқа пәндерді оқытуда қолданылатын ақпараттандыру әдістерін, технологиялары мен құралдарын қайта қарастыруды талап етеді. Информатиканың әдістері мен құралдары көмегімен болашақ маман қандай ақпараттық қорлар, олар қай жерде, оларға кіру мүмкіндігі қалай және оларды өзінің кәсіби қызметінің тиімділігін арттыру мақсаттарына қалай пайдалануына болады деген сұрақтарға жауап алуды үйренуі тиіс.

Программалау

Электронды оқулық құрудың келесi кезеңi программалау болып табылады. Бұл жұмысқа курсты құрушы, программист, дизайнер-программист, психолог қатысады. Бұл жұмыс болашақ электронды оқулық кадрының негiзгi шаблоның құрудан басталады, олар кадр қызметiне байланысты: танымдық материал орналастыру, оны анимация, график, сурет арқылы бекiту болып ажыратылады. Тапсырмалар мен тестке арналған кадр шаблоны басқаша болады. Негiзгi шаблонды құрғаннан кейiн программалау процесi жеңiлдеп, мақсатқа бағытталған бола түседi.

Апробация

Құрылған электронды оқулықты оқытушылар, пән мұғалiмдерi оқу процесiнде қолдана ала ма, алмай ма? Осы сұраққа жауап iздеу осы кезеңнiң мәнiн аша түседi. Бұл кезең алдымен тәжiрибелiк семинарда, маманды жоғарлату курсында өтедi. Осы жердегi адамдардың электронды оқулық туралы пiкiрi өте маңызды: оларды ескере отырып түзетулер енгiзiледi. Сонымен қатар электронды оқулықты оқу процесiнде қолдану арқылы апробациялау керек. апробация уақытында өңдеушi байқамаған қателер, корректi еместiгi бой көрсетедi.

Апробация нәтижесi бойынша электронды оқулықтың мазмұнына түзету енгiзу

Апробация нәтижесi бойынша электронды оқулық программасына түзету енгiзiледi. Бұл жұмыс оқулықтың сценарийiне, оның құрылымына; тапсырмалармен жұмыс iстеу барысында нақтылықтың жоқ болуына, жауаптағы қателiктерге қатысты болуы мүмкiн.

Пайдаланушыға арналған әдiстемелiк құрал өңдеу

Оқытушыға арналған әдiстемелiк құрал өңдеу - электронды оқулық жасау бойынша жұмысты аяқтайды. Ол келесi материалдардан тұруы мүмкiн: жеке программа модульiнiң мазмұны; әрбiр тақырыпты оқығаннан кейiн берiлетiн тапсырмалар, тесттер; электронды оқулықты қолдану орны туралы нұсқау, электронды оқулықпен жұмыс iстеу инструкциясы, электронды оқулықты iске қосуға арналған компьютердiң бөлiктерi берiлген тақырыптық жоспар. Әдiстемелiк құрал электронды немесе қағаз тасымалдағышта берiлуi мүмкiн.

Электронды оқулық, ерекшелiктерi және оның оқыту үрдiсiне тигiзетiн пайдасы

Программалау біліктілігінің жүйелі қалыптасуы соңғы уақытта пайда бола бастаған электронды оқулықтармен тиімділене түседі. Ал электронды оқулықтарды білім беру процесін ақпараттандыру құралының бірі деуге болады. Электронды оқулық - компьютер көмегi арқылы өз бетiнше немесе оқытушының қатысуымен оқу курсын немесе оның бөлiгiн меңгеру мүмкiндiгiн қамтамасыз ететiн программалық-әдiстемелiк кешен.

Электронды оқулық - бұл оқу пәнiнiң негiзгi ғылыми мазмұны көрсетiлетiн магниттi тасымалдаушыда (қатты немесе иiлгiш дискте) орналасқан оқытушы, бақылаушы, моделдеушi және басқа программалардың жиынтығы. Электронды оқулық әдетте 3 компоненттен тұрады: курстың негiзгi ақпараттық бөлiгi берiлген - презентациялық, алынған бiлiмдi бекiтетiн - жаттығу, бiлiмгердiң бiлiмiн бағалауға мүмкiндiк беретiн - тестiлеуден тұрады. Электронды оқулықтың тиiмдiлiгi келесi ерекшелiктерiнен көрiнедi:

  • қарама - қарсы байланысты қамтамасыз етедi;
  • гиппермәтiндiк түсiнiктемеге бiрнеше рет сiлтеме жасау уақытты үнемдейдi;
  • мәтiндi экранға шығарып қана қоймай, оны әңгiмелейдi, көрсетедi, моделдейдi және т. с. с., тап осы жерде мультимедиялық технологиялардың мүмкiндiктерi мен ерекшелiктерi (көрнекiлiк және түсiнiктiлiк принципi) көрiнедi;
  • жылдам, бiрақ нақты бiр адамға сәйкес темппен белгiлi бiр бөлiм бойынша бiлiмдi тексеруге мүмкiндiк бередi.

Электронды оқулықтың кемшiлiгiне ақпаратны қабылдау құралы ретiнде дисплейдiң нашар физиологиясын (тексттiк ақпараты, кiтаптан оқу экраннан қабылдауға қарағанда ыңғайлы және тиiмдiрек) жатқызуға болады.

Оқу материалдарын ұтымды игерудегі электронды оқу құралдарының атқаратын ролі зор. Онда пәндегі теориялық тақырыптар кеңінен беріліп түсіндіріледі. Теориялық материалдарды графикалық иллюстрация түріндегі әртүрлі суреттер, сұлба - тәсілдер арқылы толықтырып отырса, онда теориялық білімді оқып, көзбен көріп, түйсініп, оны мида бекіту үрдістері бір уақытта өтіп отырады да материалды қорыту үрдісі ұтымды болады.

Электронды оқулықтар - барлық оқулықтардың материалдарын модульдік түрде құрастыру оның мазмұнын бірыңғай тұрғыдан қарастыруға негізделген. Оқушылардың танымдық негіздері мен ерекшеліктері, жас ерекшеліктер өзгешеліктеріне байланысты ғылыми теориялық ұғымдар жүйесі арқылы жалпыдан жалқыға, абстрактылықтан нақтылыққа көтерілу электронды оқулықтардың кәдімгі оқу құралдарынан, оның ішінде соңғы буын оқулықтарынан басты айырмашылығы екеніне күмән жоқ.

Электронды оқулықтар ғылыми негізінде дайындалған педагогикалық-ақпараттық өнім. Электронды оқулық дайындаудың концептуальды негізі модульдік оқытудың педагогикалық теориясы болып табылады. Сонымен қатар электронды оқулық дайындау жүйесі оқытудың дидактикалық жүйесіне сәйкес келеді. Яғни электронды оқулықтар оқыту процесінің автоматтандырылған формасы іспетті. Осындай ойды қорытындылай келе:

Электронды оқулық - дисплей экранында көрінетін жай ғана мәтін емес, ол оқушыға өз жолымен керекті материалдарды жекеше меңгеруге арналған күрделі, көпсатылы жүйе.

Осы жүйеге орай электронды оқулықтар оқулықтың қажетті бөлімдерін қайталап, игеру тәсілдері мен логикасын өзіне тән етіп таңдап алып, осы сәтте ең керек деген материалдарды қарап шығуға мүмкіндік береді.

Классикалық түсiнiкте оқулық - белгiлi бiр ғылым аймағы бойынша материал ғылым мен мәдениеттiң қазiргi жетiстiгi деңгейiнде жүйелi түрде берiлетiн оқушыларға немесе бiлiмгерлерге арналған кiтап [18] . Сондықтан да электронды мен баспа оқулығы ортақ белгiге ие, атап айтқанда:

  • оқу материалы белгiлi бiр бiлiм аймағы бойынша берiледi;
  • бұл матеиал ғылым мен мәдениеттiң қазiргi кездегi жетiстiгi деңгейiнде жабдықталған;
  • оқулықтағы материал жүйелi түрде берiледi, яғни оқулықтың бүтiндiгiн қамтитын, бiр - бiрiмен мағыналық қатынасы және байланысы бар көптеген элементтен тұратын толық анықталған шығарма болып табылады [19] .

Көптеген оқытушыларға «электронды» оқулық терминi ұнамайды деген пiкiрлер бар [20] . Өмiр де, технология да өзгерiс үстiнде болғандықтан жаңа терминдерден қорқудың қажетi жоқ. Өзгерiстердiң барлығына түсiнiстiкпен қарау керек.

Электронды оқулықтың баспа оқулығынан ерекшелiгiн анықтап алу қажет:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Қазақ этнопедагогикасы» пәнінің электронды оқулығын дайындау
Қазіргі отандық педагогиканың ұлттық ерекшеліктері
Ұлттық педагогикалық ойлардың дамуы
Білім беру мазмұны және оқу жоспары, бағдарламалар, оқулықтар
Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда этнопедагогика материалдарын пайдалану жолдары
Қазақ этнопадагогикасының ғылыми негIзIн қалаушы педагог-ғалымдар
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМЫН ҚАЗҚРГҚ
Этнопедагогикалық білімдер
Қазақтың салт – дәстүрлері негізінде бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беру
Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда этнопедагогикалық материалдарды пайдалану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz