Академик Ә. Нысанбаевтың отандык философияның дамуына қосқан үлесі


Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 Қазіргі таңдағы қазақ философиясының мәдениеттегі орны . . .

  1. Академик Ә. Нысанбаевтың отандык философияның дамуына

қосқан үлесі . . . 6

1. 2 Ә. Нысанбаевтың қазақ - түркі философиясы туралы кейбір ой -

пікірлері . . . 16

2 Ә. Нысанбаев қазіргі таңдағы отандық философиядағы алатын орны мен

өзекті мәселелерге деген көзқарастары . . .

2. 1 Ә. Нысанбаевтың ғылыми енбектеріндеғі тәуелсіздік және ұлттық идея

мәселелерінің талдануы . . . 29

2. 2 Ә. Нысанбаев философиясында адам болмысы мәселесі . . . 45

ҚОРТЫНДЫ . . . 57

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 59

Кіріспе

Диплом жұмысының өзектілігі . Қазақстан тәуелсіздігін алған күннен бастап жүріп өткен тарихи жолының тереңіне бойлап, рухани бастауларының көзін ашып, бар жоғын түгендеп, өркениетті әлемнің озық ойларынан нәр жинап, бүгінгі күннің озық талабына сай рухани жаңғыруды мақсат қылып отыр. Күні бүгінге дейін жинақталған халқымыздың бай рухани және мәдени қазынасын біз ұлттық тәуелсіздік тұрғысынан таразылай бастасақ, оның болашақта бүкіл әлемді елең еткізуі мүмкін ерекше қуаты, ең алдымен, философиялық-дүниетанымдық және рухани-адамгершілік астары өте терең сөз өнеріміз бен саз өнерімізде жатқанына көз жеткізер едік. Философиялық-көзқарастық және рухани-адамгершілік астары тереңде жатқан бай рухани және мәдени мұрамыздың туындыларының мазмұны мен бояуын төмендетпей өзге тілдерге аударып, әлем жұртшылығына таныта алсақ, қазіргі қазақ мәдениетінің әлемдік мәдени арнаға қосар кәусар бұлағының басы сол болар еді.

Қазіргі қазақ халқының арасында аты көптеген елдерге белгілі философ тәуелсіз Қазақстанның өркендеуіне өз үлесін қосып жүрген Әбдімәлік Нысанбаев сияқты өнер иесі тұр. Өйткені, Нысанбаев әр нәрсенің бәйыбына, түбіне бойлап алатын ойшыл және саясаткер. Халқымыздың даналық рухы мен биік болмысын тану жолында қазақ ойының дамуына ерекше үлес қосқан ойшыл - тұлға. Әбдімәлік Нысанбаевтың дүниетанымын философиялық тұрғыдан сараптау бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр. Еліміздің мемлекеттік тәуелсіздігінің орныққан алғашқы жиырма жылында Қазақстандық бірегейліктің негізі ретіндегі жалпыұлттық идея, ұлттық тұрақтылық пен саяси және рухани қауіпсіздіктің кепілі сияқты барлық қазақстандықтарды толғандырып келген тақырыптарды қозғауына байланысты Ә. Нысанбаевтың есімі көпшілікке ерекше танымал бола түсті.

Әбдімәлік Нысанбаев - тәуелсіз Қазақстандағы ең көрнекті ғалым, қоғам қайраткері, философиялық және қоғамдық ойдың бағыты мен даму үдерісінің негізгі орталық ұстыны, дара тұлға. Бұлай деуіміздің өзіндік себептері бар. Мемлекет болып бодандықтан арылып, саяси, құқықтық негіздерімізді қалаған күннен бастап Әбдімәлік Нысанбаев тәуелсіз мемлекеттің бағыт-бағдар, мақсаты мен стратегиясына қатысты философиялық негіздемелердің басында болды. Себебі жаңа мемлекет қоғамдық, гуманитарлық ғылымдарсыз мемлекеттілігін баянды ете алмайды.

Зерттеу жұмысының өзектілігін айқындау барысында мынадай тұжырымдарға мән беру қажет деп есептейміз. Біріншіден, халқымызға өзіндік ізденістерімен, іс - әрекеттерімен із қалдырған ойшылдарымыздың дүниетанымын философиялық талдаудан өткізу халқымыздың рухани болмысын тануға ерекше үлес қосады; екіншіден, әрбір ойшылды осындай сараптамадан өткізу ұлттық философияның аясын кеңейтіп, ұғымдарын толықтырады ; үшіншіден, мұндай сараптау тарихи және рухани сабақтастықты нығайтып отырады. Ал ол өз тұрғысынан ұлттық ойлаудың үздіксіз дамып, ұдайы жаңарып, жаңарып отыруын қамтамасыз етеді. Төртіншіден, өйткенді тану, оның қисынын бойлау қоғамымыздың болашағын қалыптастыруға негіз болады.

Еліміздің мемлекеттік тәуелсіздігінің орныққан алғашқы жиырма жылында Қазақстандық бірегейліктің негізі ретіндегі жалпыұлттық идея, ұлттық тұрақтылық пен саяси және рухани қауіпсіздіктің кепілі сияқты барлық қазақстандықтарды толғандырып келген тақырыптарды қозғауына байланысты Ә. Нысанбаевтың есімі көпшілікке ерекше танымал бола түсті. Академик Нысанбаевтың баспасөз бен теледидарда, радио мен газет беттерінде сөйлеген сөздері, оның ғылыми жетекшілігімен «Қазақстанның жалпыұлттық идеясы» кітабының және тәуелсіздік идеясына қатысты көптеген монографиялардың жариялануы - міне, осының барлығы республика өміріндегі маңызды оқиғаларға жатады. Жалпы Әбдімәлік Нысанбаев гуманитарлық салалар бойынша жас кадрларды, білікті мамандарды даярлау ісіне де барынша қомақты үлес қосқан ұстаз.

Диплом жұмысының зерттелу деңгейі . Ә. Нысанбаевтың философиялық жобасын үш ұстанымдық салаға бөліп қарастыруға болады.

- Бірінші, тарихилық ойлау жүйесінде - тарихтың өткені, болашағы мен бүгіні арасындағы тарихи сананың тұтастығын, сабақтастығын қамтамасыз ету. Себебі тарихи санада ойлау жүйесі, әдістері, қалыптар бар. Өткеннің рухани бай тәжірибесі мен түркілік өркениет дәрістері - бұл дәстүрлі қазақ дүниетанымының негіздері болатын. Бұл негіз сонау Анахарсистан бастап, Қорқыт, Халлаж, Фараби, Йүгнеки, Қашқари, Баласағұни, Иасауи, Асан Қайғы, Абай, Ыбырай, Шәкәрім, Мәшһүр, Міржақып, Ахмет, Мұхтар, Шоқайлармен бірге желісі үзілмей келе жатқан арна болатын. Міне, өткенге көз жүгірту адамға руханилықтың терең мәніне жетуіне көмектеседі. Ал руханилық рух, жаратушы және оған деген иманмен тікелей байланысты. Бұл іс-шара философиялық, дүниетанымдық негізде қарастырылды.

- Екінші, өзгерістік-акциологиялық ұстаным. Бұл мемлекеттік, азаматтық қоғам құру үшін шарт. Бұрынғы жасанды құндылықтар мен мұраттардың орнына жаңа құндылыққа негізделетін, соған бой түзейтін ұлттық сана, ұлттық дәстүр, тарихи тұлғалардың рухани-мәдени мұраларын қайта қабылдау, бағалау. Сыныптық өлшем орнына тұтас ұлттық, қоғамдық, адамзаттық ортақ құндылықтар мен мұраттарға ойысу, бағыттау қажет болды. Бұл демократия мен адамгершілік ұстыны ретінде танылды. Тәуелсіздік пен мемлекеттілікті, демократияны тұтастықта қарастырды. Отарсыздандыру, транзиттік қоғам өлшеулері мен негіздерін қалау, адамға қарай бет бұру - жалаң рационалдықтан руханилыққа, оны тануға қызмет ететін жол- ды негіздеді.

- Үшіншісі ұлттық философиялық болмысты негіздеу болды. Ол үшін гуманитарлық ғылымдардың еркіндігі мен методологиясын анықтау қажет. Еуропоцентризмге қарсы шығыстық ілімнің орнын толтыру, өйткені, қазақ мәдениеті мен дүниетанымын Батыстық өлшемдермен анықтау қиянат.

Диплом жұмысының мақсаты мен міндеті. Қазақ философиясында аса дарынды сөз шебері философ Әбдімәлік Нысанбаевтың орнын анықтап, дүниетанымының біртұтастық тиянақтылығын, сондай ақ шығармаларындағы философиялық ауқымды ойларына көз жүгірте Әбдімәлік Нысанбаевті тағы бір қырынан тану және оны айқындау.

- Әбдімәлік Нысанбаевтың көзқарасын философиялық, этикалық, педогогикалық тұрғыдан талдау.

- Әбдімәлік Нысанбаев философиясындағы рухани бастамалардың орнын зерттеп, қоғамдағы мағынасын анықтау.

- Нысанбаев дүниетанымындағы адам болмысының ерекшелігін, махаббат идеясы деңгейін қоғамның дамуының белгілі бір кезеңдеріндегі өркендеуін көрсету.

- Қолданылған әдебиеттердің көпшілігі Нысанбаевтың өз қаламынан туған негізгі еңбектер болу.

- Қысқаша айтар болсақ Нысанбаев сан- саланы меңгерген жан-жақты философ. Сондықтан оны қай жағынан қарасақ та таусылмайтын теңіз сияқты.

Дипломдық жұмысты зерттеудың ғылыми жаңалығы.

- Әбдімәлік Нысанбаевтың тарихтағы адам туралы өзіндік ерекшелігі бар концепция жасағандығы және оның біртұтастығын жан-жақты негіздегендігі көрсет іледі .

- Адамның әлемге қарым-қатынасын аясында мәңгілік мәселе болып табылатын өмір мен өлім коллизияларын анықтаудағы Нысанбаевтың қайталанбас ойлары сарапталады.

- Әбдімәлік Нысанбаевтың әлем философиясына және отандық философиясына қосқан жаңалықтарын ғылыми тұрғыдан көрсету.

- Ә. Нысанбаевтың епекше сипаттағы ойшылдық болмысына әсер еткен қазақ халқының ұлттық мәселесінің негізгі сипиттары анықталып, оған замандық тұрғыда баға берілді.

Диплом жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспе, екі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрып, 62 бетті құрайды.

1 Қазіргі таңдағы қазақ философиясының мәдениеттегі орны

1. 1 Академик Ә. Нысанбаевтың отандык философияның дамуына қосқан үлесі.

Тәуелсіздік тұсындағы қазақ халқының қоғамдық санасындағы түбегейлі өзгерістер тарихи тағдырдың тәлкегімен ұмыт болған ұлттық дәстүр мен мәдениетті қайта жүйелі жаңғыртуымен сипатталады. Бірнеше ғасыр бойы отаршылдық пен тоталитаризмнің ықпалымен мәдени деградация мен трансформацияға ұшыраған ұлттық мәдениетті қайта өркендету мемлекеттік деңгейде төмендегі міндеттерді жүктейді : ең алдымен ұлттық мәдениеттің негізін құрайтын түбегейлі құндылықтарды қайтару, яғни адамдарды рухани тұрғыда оятатын ұлттық тіл мен дәстүрді қайта жаңғырту; осы уақытқа дейін тыйым салынып келген халықтың тарихи өткенін толығымен жан-жақты зерттеулер арқылы қалпына келтіру, тарихи сананы қалыптастыру арқылы мәңгүрттік жағдайдан арылу; ғасырлар бойы қалыптасқан қазақ халқының асыл қазынасы - мәдени-рухани мол мұрасын белсенді түрде меңгеру.

Бостандық, азаттық, тәуелсіздік идеясы жаратылысынан еркіндік сүйгіш қазақ халқының өмірінің мәнін, негізін құрайтыны анық. Соңғы екі-үш ғасырда отаршыл саясатқа қарсы жүргізілген үш жүзден астам көтерілістің өзі нені көрсетеді? Құдайға шүкір, халқымыздың аңсаған ұлттық тәуелсіздігіне де қол жеткізіп, бүкіл әлем мойындаған дербес елге айналдық. Алайда, қазіргі жаhандану заманында бәсекелестікке төтеп беру де оңай шаруа емес. Ұлттық намыс пен жігерді жани, ұлттық рухты асқақтата түсу керек деп ойлаймын. Бұл үшін өз қазанының ішінде қайнап қана қоймай, одан асып-төгіліп, өзіміздің тамаша ұлттық құндылықтарымызды сыртқы әлемге де таныта білуіміз керек. Қазіргі қазақ философиясының мәні барлық жағынан алғандағы еркіндік және еркін ойлайтын тұлғаны қалыптастыру мәселесімен астасып жатады.

Қазақ мәдениетінің өткені, оның терең рухани қыртыстары мен болмысы, бүгінгі мәдени ахуалдың қайшылықтары мен келешегі мәселелерін зерттеу өзінің көкейкестілігімен көзге түсіп, отандық философия ғылымына маңызды міндеттер жүктейді. Егер Батыста кәсіби формадағы университеттік философия үстемдік етсе, қазақтардың ұлттық дүниетанымы көркемдік және діни мәтіндердің дәстүрлі түрлерінде, ақын-жыраулардың, би-шешендердің, ағартушылардың шығармашылығында басым болып келеді. Бұл қазіргі кезде еуроорталықтық ойлау тәсілінен арылған қазақ философиясының болашағы туралы мәселені күн тәртібіне қояды. Қазақтың бай бәсекеге қабілетті төлтума мәдениетін қалпына келтіру, халықтың шынайы тарихын жан-жақты түсіну үшін де оның дүниетанымдық негізі мен әдіснамалық құралын тереңірек қалыптастыру қажет.

Осы орайда, әдебиеттерде жиі айтылатын қазақ философиясының ерекшеліктерін сараптай келе, оның мынадай жіктемелік белгілерін атап көрсетуге болады: қазақ философиясы философиялық емес сарындағы даналық тәжірибесіне жатады; қазақ даналығы табиғатпен үйлесімде өмір сүруімен, оны кие тұтуымен сипатталады, оның терең экологиялық мазмұны бар; қазақ философиясы көшпелілік ділімен тығыз байланысты; қазақ философиясы онтологиялық және гносеологиялық мәселелерден гөрі, этика мен антропологияға көбірек көңіл бөледі, аксиологиялық мәселелерге, әсіресе, рухани құндылықтарға ерекше назар аударады; қазақ философиясы өзінің ғарышпен, әлеммен үндестігі арқылы сипатталады; философиялық мәселелер, қазіргі тілмен айтқанда, негізінен, экзистенциалдық, дидактикалық және прагматикалық сипатта қарастырылады, қазақ философиясында нәпсіден, байлықтан, табыстан гөрі, ар-намыс, қанағат, тәубе, әділеттілік және тағы басқалары жоғары қойылады; ұжымдық мүдде жеке мүддеден жоғары қойылады.

Өткен ғасырларда өмір сүрген даналарымыз халықты үнемі рухани-адамгершілік бағдарларға шақырып отырған. Әл-Фараби замандастарына «қайырымды, ізгілікті қаланың» қажеттілігін айтса, Жүсіп Баласағұн қоғамда әрбір адамның әділетті болуын көксеген, Абай пендеге арнап «Адам бол!» [1, 112 б. ] -деп нақты кеңесін берген, Шәкәрім болса, ар-ұяттан, ұжданнан әлеуметтік болмыстың, адам өмірінің түп қазығын іздеген. Әрбір ұлттық мәдениет өзінің дамуында руханият дүниесіне сүйенеді. Әлемдегі басқа ұлттар мен ұлыстар сияқты қазақ халқының көп ғасырлық тарихында даналықтың озық үлгісі боларлық әлемді танып-білудің, зерделеудің өзіндік сипаттамалары, түркілік ерекшеліктерді танытатын философиялық-этикалық ойлар мен тұжырымдар жеткілікті болғаны белгілі. Мәселе сол рухани інжу-маржандардың қадірін біліп, қаймағын бұзбай қазіргі күрделі жаһандану заманында жүйелі түрде жинақтап алуда және оны әрбір жаңадан келетін жас ұрпаққа рухани сабақтастықпен жүйелі түрде бере білуде болып отыр. Осы жауапты істі абыроймен жүзеге асырған жағдайда ғана еліміздің Еуразия кеңістігіндегі өзіндік ерекшелігі бар халық ретіндегі мәртебесі өседі, басқа халықтар алдындағы құрметімізді асқақтата түседі. Өйткені, өзінің тарихта қордаланған маңызды рухани құндылықтарын, дәстүрлі этикасы мен эстетикасын құрметтеген, аялаған, өрбіткен ел ғана және оған жаңа жаһандану заманында өзіндік жаңғырту бедерлерін, келбетін бере білген халық қана адамзаттың өркениеттік аренасында шынайы және лайықты бағалануға ие болатыны сөзсіз.

Әлемдік философияның рухани-мәдени бастауларын іздегенде көбінесе Ежелгі Қытай, Ежелгі Үнді мен Ежелгі Грекия атап өтіледі. Алғашқы тұтастанған мағынадағы философиялық мектептер, ағымдар мен бағыттар, міне, осы үш орталықта пайда болған, ал қалған елдер осы үшеуінен тараған философиялық түсініктерді қолдана отырып өздерінің философиялық ұғымдарын қалыптастыра алған деген пікір қазіргі кезеңде көптеген оқулықтарда орын алған. Әрине, жоғарыда аталған өркениет кеңістіктерінде шынымен де философияның озық үлгілері тарихи үдерістің ерекше белгісіндей көрініс тапқанын мойындауға тиістіміз. Дегенмен, философиялық қайнар көздерді іздегенде әлемді рухани жағынан игерудің рационалдық түрлерімен шектелмеуіміз керек, адамзат тарихының сан қырлы мүмкіндіктерін айшықтай түсіп қана оның бойындағы тылсым қуаты мен күшін, орасан зор шығармашылығын аша түсеміз. Міне, осы тұрғыдан алғанда, ежелгі түркілік философиялық ой өзіндік тарихи ерекшеліктері бар дүние және ол көркем бейнелерді жандандыра түсетін, белгілі бір тұтастанған жүйеге бағынатын өзіндік келбеті бар рухани құрылым болып табылады.

Адамзат тарихы руханиятының ең маңызды түп негізі оның ақыл-ойынан, парасатты дербес ойлау тәжірибесінен байқалады. Ойлаудың ұғымдық, түсініктік жүйеленуі әлемдік философиялық дәстүрдің жарқын көрінісі ретінде танылады. Жалпы, адами эволюцияның өлшемі ретінде даналық, кісілік үлгілерін алуға толық болатыны анық. Осы тұрғыдан алғанда, адамзат тарихындағы кез келген халықтан философиялық пайымдаудың үлкен жүйелі құрылымдарынан бастап өлшеулі деңгейдегі тұжырымдар мен түсініктерден тұратын ерекше сілемдер аралығындағы мәдени көптүрлілікті аңғаруға болады.

Осы жерде философиялық компаративистика мен философиялық герменевтиканың алатын орны айтарлықтай. Олардың барлығына әрқилы бағалау беріп, әр түрлі өлшемдер арқылы сараптаудан өткізу міндеті - гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар алдында тұрған қасиетті борыш. Дегенмен, негізінен, ойлау жүйесінің адами ұстындарының өзара ұқсастығына тәнті боламыз және әрбір мәдениеттің өзіндік көріністерінің, ерекше сипаттарының бар екенін де мойындауға тиістіміз [2, 42 б. ] . Міне, осыған орай халқымыздың өзіндік ұлттық ойлау жүйесі, философиялық мәдениеті бар екеніне еліміздегі көрнекті ғалымдар өткен ғасырдың екінші жартысында түбегейлі көңіл бөле, философиялық мәселелер кәсіби тұрғыда игеріле бастады.

Әрине, қазақ халқының философиялық ойы жайлы еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бері ғана толыққанды сипатта зерттеліп, қазақ және орыс тілдерінде бірталай еңбектердің жарық көргені белгілі. Қазақ философиясы - қазақ халқының өмір сүру, даму, бірігу және көркею философиясы. Философиялық ойлау тарихына деген көзқарас біржақты болмауы тиіс, ол әртүрлі бағдарлар мен түсініктердің сұхбатынан, өзара байланысынан қалыптасқаны тиімді. Сонда ғана жас ұрпақтың шығармашылыққа деген талпынысы күшейе түседі, тарихи тұлғалардың дүниетанымдық жүйелері және құндылықтық әлемі бойынша соны ойлар туындайды.

Қазақ философиясы еліміздің рухани-мәдени тәуелсіздігінің көрінісі және қазақтардың ішкі бірлігінің рухани тірегі болып табылады. Ол адамзат тарихында ғасырлар бойы қалыптасқан әлемдік философияның ажырамас құрамдас бөлігі екені де белгілі. Күні кешеге дейін бұл тақырыппен байланысты мәселелердің барлығы мұқият бақылауда болып, көбісі тыйым салынған жабық тақырыптар қатарында болып келгені баршаға аян. Өйткені, социализмнің ұстындары тек бір коммунистік идеяның төңірегіне шоғырланғандықтан оған сәйкес келмейтін басқаша мағынадағы түсініктердің барлығын жоққа шығарып отырды, барлық адамдар да бірдей ойлайтын болды. Тіпті, бұл тақырыппен айналысамын деген зерттеушілердің әрекеттеріне өткен қоғам «ұлтшылдықтың жалауын көтеру» деген үстірт бағалаулар беруге асыққаны да рас. Тоталитарлық қоғам қазақ философиясымен айналысамын деген азаматтардың осы мақсатта ұлттық ойлау жүйесін жандандыруға ұмтылғандарын да осындай бағалаумен шектеп отырды. Міне, осындай идеологиялық тұмшалаудың арқасында тарих сахнасында әртүрлі рухани тереңдіктердегі өздерінің даналыққа толы тұжырымдарын бұқара халыққа жеткізген ойшылдардың шығармаларының мәтін түрінде қоғамда кең тарамай және ғылыми зерттеулер түрінде өз бағалауларын ала алмай ондаған жылдар бойы уақыт өткізгені белгілі. Қайта оралу философиясы - бұл философияның өзіне өзінің қайта оралуы, өзінің рухани қайнар-бастауларына, ежелгі түркілік құндылықтарына, қайтадан тереңірек философиялық пайымдау мен зерделеу үшін өзіне өзінің қайта оралуы. Қазақстандық посткеңестік философиялық рухани байлықты пайымдау - қазақ мәдениетінің терең қатпарларындағы өзіндік тұлғалық кісілік философиялық пайымдау сипатында көрініс бере бастаған философиялық үдеріс ретінде танылады. Біз қазіргі кезеңде қайшылық пен даужанжалға толы өте күрделі жаһандану ауқымындағы әлемде өмір сүрудеміз. Және бұл кезеңге тән маңызды мәселе қажетті рухани-адамгершілік бағдарлар мен мұраттарды іздеу болып отыр. Қазіргі рухани өмірдің тәжірибесі өткеннің, бүгінгі күннің және болашақтың ұлы жетістіктерінің негізінде қалыптасады. Бүгінгі заман, Ахмет Байтұрсынов айтқандай, өткен заманның баласы, болашақ заманның атасы ғой. Осыған орай қазақтың ежелгі түркілік рухани және діни-мифологиялық бастауларына қайта оралу арқылы өзімізді өзіміз терең түсіне бастаймыз, қазақ руханияты мен қазақ дүниетанымының, қазақ және түркі философиясының терең сырлары мен інжу-маржандарын ашамыз.

Сонымен, біз өзіміздің тарихи-мәдени алғашқы бастауларымызға, дәстүрлерімізге, құндылықтарымызға, қазақтың әуелгі философиясына қайта ораламыз. Бірақ бұл қайта рухани түлеуді адамзаттың қазіргі рухани жаңаруымен, оның жетістіктерімен байланыстыру ауадай қажет. Бұл өзіміздің рухани бастауларымызға қайта оралу Інжілдегі адасқан ұлдың қайта оралуы емес, ол біздің шешілмеген мәселелерімізді түсіну мен шешу үшін қажет гуманистік қайнар көздерге, рухани құндылықтарға қайта оралу болып табылады. Сонымен қатар, біз өзіміздің дәстүрлі дүниеге қатынасымыздан қазіргі әлемді тереңірек гуманистік тұрғыдан түсінуге сәйкес келетіндерін ғана таңдап алуға тиістіміз. Көне рухани-мәдени мұрамызға жүйелі герменевтикалық және компаративистік салыстырмалы философиялық талдау жасау қажет. Өткенді асыра марапаттаудан аулақ болуымыз қажет.

Әбдімәлік Нысанбаев - тәуелсіз Қазақстандағы ең көрнекті ғалым, қоғам қайраткері, философиялық және қоғамдық ойдың бағыты мендаму үдерісінің негізгі орталық ұстыны, дара тұлға. Адамзаттың саналы тарихында өзінің ұлттық рухани әлемін електен өткізуге, оны тереңдете ғылыми зерделеуге талаптанған қоғамның озық ойлы өкілдері мен тарихи тұлғалары бұрындары да болған. Қазақ зиялылары өткен ғасырдың басында ұлттың болмысын жан-жақты қарастыруға тырысқанын көбіміз білеміз, ал қазіргі заманда ұлт руханиятын сараптаудан өткізушілердің саны көбейе түсуде. Шынымен де, гуманитарлық кеңістікте осындай үрдістердің бірте-бірте жарқын көрініс бере бастауының өзі жалпы халықтардың есейе бастағанының, рухани кемелдене түскенінің өлшемі іспетті. Өз халқыңның рухани құндылықтарын жүйеге келтіріп, оның бойындағы бұлыңғыр тұстары болса елеп-екшеп, жетістіктері болса барынша жарқыратудың өзі рухани әлемді байыптаудағы, жалпы ғылыми ізденіс жолындағы ғалымдық, азаматтық борыш екені анық. Өзінің саналы ғұмырын түгелдейге жуық гуманитарлық ғылымдар саласындағы шығармашылық ізденістерге арнаған академик Әбдімәлік Нысанбаев ұлт руханиятының қалыптасуы мен дамуының түрлі қатпарларын философиялық тұрғыдан зерделеуден өткізгенін атап өту керек. Ол кісі сонау алпысыншы жылдардың басында Қызылорда мемлекеттік педагогикалық университетін қызыл дипломмен тамамдағаннан кейін (қазіргі Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университет) Қазақстанның Ғылым академиясына келіп жұмысқа тұрады. Жас жігіттің барлық арманы бойындағы өзінің тұлғалық әлеуетін, шығармашылық шабытын ғылымға, білімге арнау, халқына, оның ұлттық руханиятына шынайы қызмет ету екеніне күмән келтіруге болмайды. Академик Қаныш Сәтбаевтың басшы кадрлардың шоғырланған ордасы болатын. Сонымен қатар, академик, белгілі заңгер Салық Зиманов жетекшілік еткен «Философия және құқық институтынан» бастау алған Әбдімәлік Нысанбаевтің ғылыми шығармашылығы қазіргі кезеңге дейін жалғасуда.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әл- Фарабидің философиялық көзқарастары
Қазақтың маркстік философиясы
Әл-Фараби мұрасының Қазақстанда зерттелуі
Дүниеге көзқарас түрлері
Әл - Фарабидің философиялық ойларының мәні
М. Қ. Қозыбаевтың өмір жолы мен ғылыми шығармашылық мұрасы (1985-2002жж.)
Құндылық түсінігінің тарихи дамуы
Қазақ педагогика ғылымының қалыптасуы мен дамуы
Қазақ философиясы әлем халықтар философиясының табиғи бір арнасы
: Ғылымдағы әдіс мәселесі. Ғылым және техника
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz