Математика сабағында оқушылардың шығармашылық жұмысын ұйымдастыру


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   

Ф-ОБ-001/033

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігі

Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

«Қорғауға жіберілді»

«Бастауыш оқыту теориясы мен

әдістемесі» кафедрасының

меңгерушісі, п. ғ. к., доц. м. а.

Г. Тоққұлова

«» 2014 ж.

Тақырыбы: «Математика сабағында оқушылардың шығармашылық

жұмысын ұйымдастыру»

5В010200 - «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»

Орындаған А. Ануарова

Ғылыми жетекшісі,

аға оқытушы Б. Даулетбекова

Түркістан - 2014

Мазмұны

Нормативтік сілтемелер 4

Анықтамалар

Белгілеулер мен қысқартулар 5

Аннотация

Кіріспе 6

І Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастырудың теориялық негіздері

1. 1 Оқушы шығармашылығын дамытудың алғы шарттары 8

1. 2 Оқушының шығармашылық қабілетін қалыптастырудағы

оқу үдерісінің маңызы 20

ІІ МАТЕМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ

2. 1 Математика сабағында оқушылардың шығармашылық

жұмысын ұйымдастыру мәселелері 30

2. 2 Шығармашылық жұмыстарды ұйымдастыруда А. З. Зак

Әдістемесін қолдану 47

Қорытынды 60

Пайдаланылған әдебиеттер 61

Қосымша 63

Нормативтік сілтемелер

Осы дипломдық жұмыста келесі нормативтік құжаттарға сілтеме жасалған:

-Қазақстан Республикасы 2007-жылғы 27-шілдедегі «Білім туралы» заңы;

-Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012-жылғы 23-тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің ( бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты.

-Университеттің ішкі нормативтік ережесі:

УЕ-ХҚТУ-015-2014 Дипломдық жұмысты (жобаны) әзірлеу мен рәсімдеуге қойылатын жалпы талаптар;

Анықтамалар

1) Дипломдық жұмыс (жоба) - бұл студенттің кешенді дербес жұмысы,

мамандығы бойынша өзекті мәселелерді теория тұрғысынан сипаттама жасау, зерттеу және жан-жақты талдау болып табылатын оқудың соңғы аяқталу кезеңінде орындалатын жазбаша бітіру жұмысы.

2) Білімнің базалық мазмұны -жалпы бастауыш білім беретін ұйымдардың меншік нысанына, типі мен түріне қарамастан, меңгеруге міндетті бастауыш білім берудің келесі деңгейлерінде оқуды жалғастыруға жеткілікті болатын білім мазмұнының құрамы мен көлемі;

4) Оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі - үлгілік оқу жоспарының инварианттық және вариативтік (мектеп және оқушы) компоненттеріндегі оқу пәндерінің мазмұнын меңгеру үшін қажетті және білім беру деңгейлері мен оқу жылы бойынша белгіленген оқу уақытының көлемі;

5) Білім беру- бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз үдерісі;

6) Оқу жұмыс жоспары-білім алушының білім алу мүдделерін ескере отырып, үлгілік оқу жоспары негізінде жалпы орта (бастауыш) білім беретін ұйымдар әзірлейтін құжат;

7) Білім алушының дайындық деңгейі -тұлғалық, жүйелік-әрекеттік және пәндік нәтижелерінен көрінетін білім алушылардың бастауыш білім мазмұнын меңгеру деңгейі;

8) Білім мазмұнын меңгерудің базалық деңгейі - білім алушылардың білім, шеберлік және дағдының міндетті көлемін меңгеру деңгейі;

9) Білім мазмұнын жетік меңгерудің жетік деңгейі- білім алушылардың білім, шеберлік және дағдының кеңейтілген және тереңдетілген көлемін меңгеру деңгейі.

10) Шығармашылық жаңалық ашатын әрекет.

Белгілеулер мен қысқартулар

Университет-Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті;

Аннотация

В дипломной работе рассматриваются методики организация творческой работы учащихся на уроке математики

In a research paper discusses the methodology of the creative work of students on the lesson of mathematics

Bir araştırma kağıt üzerinde matematik dersi öğrenci çalışma yaratıcı yöntemler açıklanır.

Кіріспе

Мектеп құрылымында болып жатқан өзгерістер, білім беру мақсаттарының алмасуы, оның көпнұсқалық оқытуға көшу сияқты мәселелер мұғалімдерден шығармашылық бастамалылық, жөні бөлек көзқарастарды, жұмыстың жоғары сапасын және кәсібилікті талап етеді.

Ұстаз еңбегінің күрделігі - әрбір оқушының жүрегіне жол табуда, әрбір баланың бойындағы қабілетті дамыту үшін жағдай жасауда. Ең бастысы, мұғалім оқушының өзін тұлға ретінде сезінуіне көмектесуі, оның бойында өзін өмірде әлемді тануға деген қажеттілікті оята білуі, әрбір іс-әрекеті үшін өзі, жолдастары, мектеп және қоғам алдындағы жауапкершілікті, адамгершілік қадір-қасиетті сезінуді тәрбилеуі керек.

Тұлғаның шығармашылығын дамыту адамның кішкентай кезінен бастап есейген кезіне дейін жүреді.

Адам тұлға болып туылмайды, қалыптасады. Адамның дамуы- ішкі және сыртқы жағдайлардың әсерлерімен қалыптасатын күрделі, ұзақ мерзімді қарама-қайшылықты үрдіс.

Шығармашылық -бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Бала бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектеседі.

Баланың қабілеттерін дамыту мәселесі өзінің тамырын адамзат тарихының тереңінен алады.

Адамның ақыл-ойын, қабілеттерін дамыту арқылы оны бақыт жолына жеткізу мәселесіне бірнеше күрделі еңбектерін тікелей арнаған шығыстың әйгілі ойшылы Әл-Фараби болады.

Бүкіл бір халықтың ұстазы, ұлы Абай өзінің қырық үшінші қара сөзінде бала өмірге келгендегі қабілеті әрі қалай дамытуды, шыңдауды қажет ететінін, сонда ғана олар пайдаға асатынын жазған. Ал назардан тыс қалған қабілеттер бара-бара жойылып, жоқ болатынын айтқан [1] .

Сондықтан оны шешу үшін ең алдымен оқыту мазмұны жаңартылып, әдіс-тәсілддің озығы өмірге келуі, олар әрбір баланың жеке басының қасмиеттерін, қабілеттерін дамытып, шығармашылығын, талантын ұштайтындай болып ұйымдастырылуы қажет. Сонда ғана бастауыш мектептерден өз өміріне өзгеріс енгізе алатын, өзбетінше өмір сүру жолдарын таңдай алатын азаматтар тәрбиеленіп шығады.

Бүгінгі таңда еліміздегі білім беру ісі балалардың жас ерекшелігіне сай бағытталуы, ортаның әлеуметтік-мәдени өзгеруіне икемделіп отыруы, ең алдымен оқушылардың жеке тұлғалық дамуы мен жалпы дамуға дайындығы мәселелерінің бірлігін шешуі керек. Мемлекеттік күш-қуаты ең алдымен өз ісіне шығармашылықпен қарайтын, ғылымның, техниканың, өнердің, өндірістің ойдағыдай дамуына өзінің жекелей еңбегімен ықпал етуге қабілетті адамдардың санымен анықталады. Сондықтан да баланың әр уақытта қоғамдық санасының, жеке тұлғасының жан-жақты дамыған еңбек білігі меншығармашылық қабілеті қалыптасқан тұлға болып өсуі өзекті де көкейтесті мәселе болып отыр.

Сонымен, баланы бастауыш сыныптардан бастап шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға әкелудің жолдарын зерттей келе, дипломдық жұмыстың тақырыбын «Математика сабағында оқушылардың шығармашылық жұмысын ұйымдастыру» деп таңдауыма негіз болды.

Зерттеу нысаны: Бастауыш мектепте математика сабағында оқушылардың шығармашылық жұмысын ұйымдастыру

Зерттеу пәні : математика сабағы арқылы бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту.

Зерттеу мақсаты: Математика сабағында оқушылардың шығармашылық жұмысын ұйымдастыруды теориялық жағынан негіздей отырып, әдістемелік жүйесін ұсыну және оны тәжірибе арқылы дәлелдеу.

Қойылған зерттеу мақсатына жету мен тексеру үшін зерттеу жұмысының төмендегідей міндеттерін шешу қажет болды:

-Оқушы шығармашылығын дамытудың алғы шарттарын анықтау; -Оқушының шығармашылық қабілетін қалыптастырудағы оқу үдерісінің маңызын ашу;

-Математика сабағында оқушылардың шығармашылық жұмысын ұйымдастыру мәселелерін қарастыру;

- Шығармашылық жұмыстарды ұйымдастыруда А. З. Зак әдістемесін

қолдануды негіздеу.

Зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негіздері:

Таным, білім, жеке тұлға және оның іс-әрекеті, ақыл-ой, ойлау құндылықтары туралы философиялық, мұғалімиялық, педагогикалық теориялар мен тұжырымдамалар, білім сапасы және оны арттырудағы құрама есептерді шешудің алатын рөлі мен атқаратын қызметі.

Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы, Қазақстан Республикасының Конституциясы, қаулы-қарарлары, философ, мұғалім, педагогтардың материалдары, Қазақстан Республикасының білім стандарты, кәсіби оқыту орындарының оқу жоспары, бағдарламалары мен оқу-тәрбие үдерісі.

Зерттеу әдістері: Зерттеу тақырыбының мазмұнына қатысты философия, педагогика, мұғалімиялық және әдістемелік еңбектермен танысу және талдау жасау; бастауышмектеп бағдарламаларына, математика оқулықтарына, есептер жинағына дидактикалық материалдар және оқу құралдарына зерттеу мәселесі тұрғысынан талдау жасау; бастауыш сыныптарда математиканы оқыту үдерісінде оқушының шығармашылық жұмысын ұйымдастыру, одан қорытынды жасау.

Диплом жұмысының құрылымы : кіріспе, екі бөлім, әр бөлім екі тақырыпшадан және қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер мен қосымшадан тұрады.

І. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастырып дамытудың теориялық негіздері

1. 1 Оқушы шығармашылығын дамытудың алғы шарттары

Әлемдік білім кеңістігіне шығу жолында бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру - білім саласындағы басты мақсаттардың бірі.

Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңының негізгі міндеттерінің бірі баланың интелектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуды міндеттеп, оларға қолдау көрсетіп дамыту концепциясы шығармашылық қабілетті дамытуға бағытталған білім беру кеңістігін туғызуды талап етеді. Соған сәйкес Қазақстан Республикасының білім саласындағы нормативтік-құқықтық қүжаттары адамның шығармашылығын дамытуда басым бағыттарды жеке тұлғаның шығармашылық мүмкіндігін, шығармашылық қабілетін, шығармашылық ойлауын әрбір адамның жаңа білімді игеруіне, интеллектісі мен ойлау қызметінің артуына қажетті ықпал ретінде дамыту өзекті мәселелердің біріне айналып отыр[2] .

Қазіргі күні Қазақстан Республикасында бастауыш білім берудің жаңа мемлекеттік стандартына сәйкес мектептегі оқыту мен тәрбиелеу маңызы түбегейлі өзгеріп, бірінші кезекке бұрынғыдай оқушыны пәндік білім, білік және дағдылардың белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, оқушының оқу танымдық, шығармашылық іс-әрекетін дұрыс және тиімді ұйымдастыру негізінде жеке бас тұлғасын қалыптастыру мақсаты қойылып отыр.

Қазіргі ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір адамға сапалы және терең білімнің, іскерліктің болуын қамту. Оқушыларды белсенді шығармашылықпен жұмыс істеуін және кеңінен ойлаға қабілетті болуын талап етеді. Сондықтан да мектептегі оқу үдерісінің негізгі мақсаты арнайы педагогикалық әдістер мен мақсатты және жүйелі түрде оқушылардың интеллектісін, шығармашылық ойлауын даыту, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыру, әр адамның бойындағы туғаннан пайда болған интуициясын әрі қарай дамытуға ықпал еті, оқушының табиғи қасиеттерін математикалық білім деңгейін тереңдету үшін оқытуды жоспарлы түрде ұйымдастыру, өз бетінше білім алу дағдалырының дамуына негізін салу болып табылады.

Баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту өте ертеден зерттеліп келеді. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Шығармашылық - адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі болып табылады. Өмірде дұрыс жол табуы үшін адам ой түйіп, өздігінен саналы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек.

«Шығармашылық» сөзі «шығару», «ойлап табу» деген ұғымды білдіреді. Философиялық сөздікте «шығармашылық қайталанбайтын тарихи-қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс-әрекет», - деп көрсетілген. Мұғалім Л. С. Выготскийдің пікірінше: «Шығармашылық жаңалық ашатын әрекет», - деп атаған [3] .

Оқу-тәрбие үдерісінде оқушылардың қабілетін, шығармашылығын дамыту мәселесін Г. Қ. Нұрғалиева еңбектерінде қарастырған [4] .

Баланы жастайынан шығармашылыққа қалай баулу қажет? Педагогтардың зерттеуі бойынша өскелең ұрпақты шығармашылыққа баулуға өзекті болардай өзіндік ерекше қабілет, бейімділік қажет. Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесін талдау ең алдымен «қабілет» ұғымының мәнін терең түсініп алуды қажет етеді. Философияда «қабілеттерді» тұлғаның белгілі бір әрекеті орындауға жағдай жасайтын жеке ерекшеліктері дей келе, олар қоғамдық-тарихи іс-әрекеттердің нәтижесінде қалыптасып, әрі қарай дамып отыратындығын атап көрсеткен.

Демек, бастауыш сынып оқушыларының тұлғалылығын тәрбиелеу үшін, ең алдымен олардың қабілеттерін дамытудың мәні зор.

Біріншіден, адамдардың қабілеттер деңгейі жағынан тең дәрежеде болмауы. Сыныптағы оқушылардың қабілеттері бірдей емес әрқайсысы әр пәнге және әр деңгейде қабілетті болатындығымен дәлелдеуге болады. Бірі есепке жүйрік болса, екіншісі тілге бай, ал енді біреулері сурет салады. Олардың қабілеттерінің құрылымы, оны құрайтын компоненттер әр түрлі болады. Мысалы: математикалық қабілеті басым балаларда ойлау операциялары тез, бейнелеу өнеріне қабілетті балаларда нақты заттардың бөліктерінің арақатынасын жылдам анықтай білу, музыкаға қабілетті бала есту, ритмді түсіну, сезімталдық сияқты сапаларымен ерекшеленеді.

Екіншіден, адамдар бойында қабілеттің бір түрі ғана бола ма, әлде әр түрлі қабілеттің белгілері бола ма деген сауал төңірегіндегі пікірлер. Ғалымдар керісінше көзқарастардың бар екендігіне қарамастан, адам бойында әрекеттің бірнеше түрін орындай алу мүмкіндіктерін бар екендігін дәлелдейді.

Оқушыны оның берген жауаптарына емес, саған қойған сұрақтарына қарап бағалап, әділетті де дұрыс ойлау үшін, біз оны өз өрісінен біздің өрісімізге алып келуге тиіс емеспіз. Қайта оның рухани әлеміне көшуге тиіспіз.

«Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасындағы» бастауыш, орта білім берудің мақсаты - жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде өзін өзі дамытуға, адамгершілік тұрғысынан өз бетінше шешім қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру міндетін атқару мұгалімнің педагогикалық шеберлігімен білімділігін, әдіскер шығармашылығын талап етеді[5] .

«Білім туралы» Заңында мектеп оқушылары бойында адамгершілік және тұрмыс негіздерін қалыптастыру, азаматтыққа тәрбиелеу, олардың ақыл - ой, танымдық шығармашылық қабілеттерін айқындау міндеттері айтылған.

Ұлы орыс педагогі К. Д. Ушинский педагог мамандығын жоғары бағалай келіп: «Мұғалім мамандығы сырттай қарапайым болғанымен, тарихтағы ең ұлы істердің бірі»- деген [6] .

Мұғалім халқымыздың болашағы болып саналатын өскелең ұрпақтың интеллектуалды негізін салушы, рухани дүниесін қалыптастырушы, және ол ұрпақтар тәрбиесіне жауапты қоғамның сенімді өкілі. Сондықтан әр мұғалімнің кәсіби жетілуінің негізі факторы - өздігінен білім алу болып табылады,
Бұл бағытта әрбір мұғалім озық педагогикалық тәжірибелерді зерттеп, мектептегі немесе тұрғылықты жердегі кітапханалардан әдебиеттермен танысып, өз жоспарлары бойынша жұмыс істеуі міндетті.

Бүгінгі күні ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы және терең білімнің және іскерліктің керектігін талап етеді. Сол себепті де - оқушылардың шығармашылық ойлауын дамыту, оқушының табиғи дарындылығын пайдалана отырып, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін дамыту керек.

Шығармашыл адам - ол жасампаз тұлға. Ол өзін, айналасын, қоғамды жаңартып отырады.

Шығармашылық іс - әрекет шәкірттің білімге, нәтижеге жетуге деген өте белсенді, дербес танымдық іс - әрекеті.

Шығармашылық дегеніміз - алынған ақпаратты түрлендіріп, тапқырлық танытып бірыңғай ойларды қорыта білуі, оралымды ойлау қабілеттері, зерттеушілік белсенділігі.

Оқушының шығармашылық іс әрекеті қалыптасуының негізгі кезеңдері:
1. Айқын дұрыс қойылған мақсат;

2. Қосымша мәліметтер іздеу;

3. Нәтижені жан жақты тексеру. ;

Шығармашылықтың пайда болуының негізгі шарттары:

1. Пәнге үйретудің еркіндігі;

2. Білім кеңістігінің әр бағытты болуы;

3. Мұғалім мен оқушының бірлескен шығармашылық жұмыстары;

Шығармашылықты дамытудың алғы шарттары:

1. Оқушының шығармашылық деңгейін анықтау;

2. Оқушының қызығушылығын, белсенділігін арттыру;

3. Оқушының мүмкіншілігіне қарай тапсырмаларды жүйелі түрде орындату;

4. Шығармашылық қабілетті тәрбиелеу барысында кездесетін қиындықтар мен

қарама - қайшылықтарды есепке алып, зерттеу.

5. Оқушының шығармашылық қабілетін тәрбиелеуді кезең бойынша сатылап

дамыту.
6. Мұғалімнің өз ісіне ізденімпаздықпен қарап, сабақты шығармашылықпен өткізуі.

Оқушы шығармашылығын дамыту мынадай үш кезеңмен анықталады:

1. Анықтау кезеңі: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің бастапқы деңгейін анықтау, оқушыларды қабілет деңгейіне қарай топтау.

2. Қалыптастыру кезеңі: Шығармашылық тапсырмалар жинақталған әдістемелік нұсқау жасап, оның тиімділігін оқу үрдісінде тексеріп, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, білім деңгейлерінің артуын қамтамасыз ету керек.

3. Бағалау, қорыту кезеңі: Алдыңғы жасалған жұмыстар нәтижесінде оқушының шығармашылық әрекетке деген тұрақты қызығуы қалыптасып, белсенділігі артып, шешімдер құра білуі тиіс.

Шығармашылық тұлғадағы ең басты фактор: білуге құмарлық, терең түрлі сипатта қабылдағыштық, меңгеруге икемділік, ақыл - ой белсенділігі, зейін, ой ұшқырлығы [7] .

Оқушының шығармашылық қызығушылығына әсер ететін факторлар:

1. Оқу мазмұны;

2. Оқушының бағыты мен жоспарына меңгерілетін білімнің сәйкестігі;

3. Оқу материалының мазмұны, қызықты болуы;

4. Мұғалімнің шеберлігі;

5. Жеке тұлғаның ерекшелігі;

6. Оқу үрдісіндегі жағымды қарым - қатынас.

Оқушының шығармашылық қызығуының дамуы, жеке тұлғаның қалыптасуы барысында дамитындықтан оқушының жас ерекшелігіне аса мән берілуі керек.

Сондықтан оқушыларды шығармашылыққа баулып, олардың белсенділігін, қызығушылығын арттыра түсу үшін сыныптан тыс жұмыстардың рөлі зор. Қоғамның ой-санасының өсуі, жаңа сапалық деңгейге шарықтау кезеңі, еліміздің егемендік алып, әлемнің өркениетті елдерінің қатарына қосылуы жаңа заман жастарынан жаңашылдықты, ізденімпаздықты талап етеді

Оқушылардың жеке ойлау қабілетін дамыту үшін олардың өзіндік күшқуаты мен сенімін арттырып, қолынан келетін көп істердің мүмкіндіктеріне бағыт берген абзал. Логикалық жаттығуларды орындау баланың ақыл-ойын, қиялын, ой ұшқырлығын дамытады. Өз тәжірибемде оқушыларды түрлі мазмұнды есептерді шығаруға, оның шартын құра білу дағдысын қалыптастыруға, бір тапсырманың бірнеше шешімін табуға жетелеймін. Әрбір сабақ қызықты есептермен аяқталуына, логикалық жаттығулардың олардың жас ерекшелігіне қарай күрделене түсуіне мән беремін. Шығармашылық жұмыстар математикалық біліммен қатар күнделікті өмірде кездесетін әртүрлі жағдайға байланысты болғаны дұрыс. Сондықтан есептерді оқушылардың байқағыштығын, ойлауын, қиялын дамытуға негіздеймін. Баланың ойлау қабілетін оқу мен жазу арқылы дамыту барысында олардың логикалық есептер, кестелер, суреттер, ребустар, сөзжұмбақтар, анаграммалар, оқулық-дәптермен жұмыс істеу іскерліктері де артады. Нәтижесінде оқушылардың өзін-өзі бақылау, бағалау, сөйлеу, тыңдау қабілеттері жетіледі.

Біз ақпараттық қоғамда өмір сүретін жеке тұлғаларды тəрбиелеп жүргенімізді міндетті түрде ескеруіміз қажет.

Ұзақ жылдар бойы бастауыш білім беретін мектептің негізгі мақсаты - оқушыға білім, іскерлік, дағдыны қалыптастыру деп қарастырылып келді. Ал қазіргі мектеп алдында жеке тұлғаның ерекшеліктерін ескере отырып, шығармашыл ойлай алатын жеке тұлғаны қалыптастыру мақсаты тұр. Білім беру ісін реформалаудағы стратегиялық міндеттердің бірі шығармашылық тұрғыдан ойлай білетін жеке тұлғаны қалыптастыру мен тәрбиелеу.

Қоғамның дарынды адамдарға деген қажетін қанағаттандыру талабы оқыту, білім беру жүйесінің алдына баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашылық тұлға қалыптастыру міндетін қойып отыр. Шығармашылық тұлға негізі бастауыш сыныпта қалыптасатыны анық. Осы жастағы балалар бойында шығармашылық қабілеттің бастаулары жатыр. Тек өмір тәжірибесінің, дара-дүниетаным, дара-эстетикалық көзқарастың жетімсіздігінен олардың бойлырандағы шығармашылық қабілетті ашып көрсете алмайды. "Бұлақ көрсең, көзін аш" деген халқымыз. Жалпы шығармашылық туынды өмірге келгенге дейін ұстаз шәкірттің өнеге тұтар ақылшысы, пікірлес досы, бапкері болуға тиіс. Оқушы шығармашылығы үнемі ұстаз, сынып ұжымы, ата-аналар тарпынан қолдау тауып отыруы керек.

Шығармашылық жұмыс істеуге үйренген оқушы жоғары сыныптарда шығармашылық жұмыстың қай түріне болсын бейім болады. Олар жаңа идеяға проблемаларды шешуге тырысады.

Баланың жастайынан шығармашылық қабілетін қалай қалыптастыру керек? Оның жолдары, әдіс-тәсілдері, мазмұны қандай?

Қазіргі таңдағы өзекті мәселенің бірі - осы. Педагогтардың зерттеуі бойынша, әрбір жаста шығармашылыққа баулуға өзек болардай өзіндік ерекше қабілет, бейімділік бар екен[8] .

Төменгі сынып оқушыларының дамуын бағыттап, бағдарламаса, онда жоғары сыныпқа келгенде, көбінің шығармышық мүмкіндігі шектеліп, тоқырап қалады.

Сонымен төмені сыныпта оқушыларды шағармашылыққа баулып, үйрету үшін қажетті жағдайлардың мазмұнына тоқталсақ:

Мұғалім ең алдымен, сыныпта шығармашылық көңіл-күй тудыру үшін баланың назарын бір нәрсеге бағыттауы керек. Яғни оқушылардың назарын шығармашылық арнаға бұру үшін үнемі шағармашалық тапсырма - міндеттер, жаттығу, ойын түрлерін ұсынңан жөн;

Әрбір шығармашылық тапсырманы оқушыға ұсынудың жолын, әдіс-тәсілін білу керек;

Шығармашылық жаттығу ойын тапсырмалардың мазмұны жеткіншектердің жас ерекшелігіне, қызығушылығына үйлесуі керек;

Тапсырма - міндетпен танысқаннан кейін бала жұмысқа кіріседі [9] .

Мұғалімнің ең үлкен міндеті: бала белгілі бір көркемдік шешім тауып, өз туындысын ұтымды аяқтап шыққанға дейін оны назарынан тыс қалдырмау, шығармашылық бағыт-бағдар беріп отыруы:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып математикасын оқытуда оқушымен жеке дара жұмыс
Бастауыш сынып оқушыларына математика пәнiнде өзiндiк жұмыстарды ұйымдастыру
Математика пәні мұғалімі
Ақпараттық технология құрал ретінде бастауыш сыныптарда математиканы оқыту
Бастауыш мектептегі математика сабағында жаңа технологияларды қолдану
Бастауыш сыныптардағы математика сабақтары
Математиканы оқытудағы жаңа технология
Математиканы көрнекі түрде оқыту
Бастауыш сынып оқушыларының есептерді шешу біліктіліктерін қалыптастыру ерекшеліктері
Кезеңдеп оқыту технологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz