Үкіметтік емес ұйымдардың халықты әлеуметтік қорғау саласына қосқан үлесін анықтау


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаты. Дипломдық жұмыста мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік қорғау мәселелері қарастырылады.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Нарықтық қатынастардың қалыптасуы жаңа әлеуметтік қорғау жүйесін құруды талап етті. Халықты әлеуметтік қорғау бұл- халықтың қажетті өмір сүру деңгейімен, конситутциялық құқықтарымен қамтамасыз ету бойынша, сондай-ақ халықтың әлжуаз топтарын қолдау мен қорғаудағы, ең алдымен мемлекеттің, сонымен қатар азаматтық қоғамның басқа да институттарының іс-шаралар жүйесі.
Халықтың әлжуаз қабаттарының ғана емес, жалпы қоғамның әлеуметтік проблемаларын шешуде үкіметтік емес ұйымдардың маңызы зор. Қоғамдық зор алуан-түрлі мақсаттарды жүзеге асырумен айналысатын ҮЕҰ дамып жатқан Қазақстандық нарық экономикасында, жалпы социумда елеулі рөл атқарады. Қазақстан қоғамының дамуындағы комерциялық емес аяның маңыздылығының күрт жоғарылауы халықты әлеуметтік қорғау жүйесіндегі орны мен рөліне деген дәстүрлі көзқарасты қайта қарастыруды талап етіп отыр.
Қазақстан Республикасының әрі қарай демократияланып, бәсекеге қабілетті 30 мемлекеттің қатарына кіру, азаматтық қоғамның дамуын талап етеді, ал үкіметтік емес ұйымдар азаматтық қоғамның маңызды мүшесі болып табылады. ҮЕҰ-ды зерттеу қазіргі таңда өте өзекті мәселе және жыл сайын зерттеуді талап етеді. Өйткені ҮЕҰ халықтың әлеуметтік жағдайының индикаторы болып саналады. ҮЕҰ-дың белсенділігінен қарапайым халықтың сұранысының қанағаттандырылуы байланысты, себебі үкіметтік емес ұйымдар мемлекет пен халық арасындағы көпір деп есептелінеді.
Үкіметтік емес сектордың азаматтық қоғамның өзегін құрауында рөлі ерекше, ал онсыз демократия принциптерін іс жүзіне асыру мүмкін емес. Үкіметтік емес ұйымдардың арқасында қоғам азаматтары өздерінің даралығын білдіруге және ерікті құлшыныстарын көрсетуге деген терең азаматтық ұмтылыстарын жүзеге асыруға мүмкіндік алады. Осыған байланысты үшінші сектор өкілдерінің іс-әрекеті экономикалық және әлеуметтік ісер де береді.
Зерттеліп отырған мәселе тек мемлекеттік қана емес, аймақтық мәнге де ие. Іс жүзінде үкіметтік емес ұйымдар, егер жоғарыдағы нұсқау бойынша құрылатын болса, өзінің түпкі мақсатын орындай алмайды. Олардың мәні еркін құрылуына негізделеді. Бірақ Қазақстанның көптеген аймақтарының әлеуметтік-экономикалық және мәдени жағынан артта қалуы қоғам үшін маңызды болып табылатын үшінші сектордың пайда болу процесін қиындатады. Осыған байланысты үшінші сектордың пайда болуының алғышарттары мен мүмкіндіктерін, оның қоғамның әлеуметтік проблемаларын шешудегі рөлін зерттеу қажеттілігі туындады. Қалыптасып отырған осындай жағдай «Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік қорғау мәселелері», - деген атпен дипломдық зерттеу жүргізуге негіз болды.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Әлеуметтік қорғау институттарының қызметін талдау мемлекетте әлеуметтік саясат, халықты әлеуметтік қорғау жүйелерін қалыптастыруда шешуші рөл атқарады. Үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің пайда болуына ықпал етеді. Демек оның қызметі сонымен қатар осы мәселенің әр түрлі аспектілерін зерттейтін көптеген мамандардың, әлеуметтанушылардың, экономистердің, саясаттангушылардың зерттеу пәні де болып табылады.
Батыстық әлеуметтанушылардан әлеуметтік қорғау мәселесін зерттеуге О. Конт, Г. Спенсер, Ф. Теннис, Э. Дюркгейм, К. Маркс, П. Сорокин, П. Лафарг, А. Маслоу, Дж. Риффкин, Н. Дарендорф сияқты ғалымдар үлес қосқан.
Әлеуметтік-экономикалық феномен ретіндегі экономиканың үшінші секторы ұйымдарын, оның құрылу және қызмет ету ерекшеліктерін зерттеуге Е. А. Абросимова, С. Арионеско, А. М. Бабич, Ф. М. Бородкин, А. Бодунген, А. Вербицкий, С. Галушкин, И. М. Шейман, Т. В. Юрьева, В. Лкимец, Л. И. Якобсон еңбектері арналған.
Бүгінгі күні халықты әлеуметтік қорғаудың мазмұны және оның дамуының жеке аспектілері қарастырылатын И. В. Бушмарин, Л. С. Бляхман, Н. И. Гвоздева, Т. И. Заславская, Р. К. Иванов, В. Г. Костаков, А. Э. Котляр және басқалардың еңбектері кеңінен танымал.
Отандық зерттеушілердің ішінде әлеуметтік қорғау түрлері мен үшінші секторды дамыту мәселелері М. С. Әженов, Л. Т. Қожамқұлова, М. С. Садырова, Ж. А. Нурбекова, З. Ж. Жаназарова, О. Нұсқабаевтардың еңбектерінде қарастырылған .
Зерттеу жұмысының нысаны: Қазақстандағы үкіметтік емес ұйымдардың мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік қорғау қызметі.
Зерттеу пәні: Үкіметтік емес ұйымдардың халықты әлеуметтік қорғау мәселелері.
Зерттеу мақсаты: Үкіметтік емес ұйымдардың халықты әлеуметтік қорғау саласына қосқан үлесін анықтау, халықтың әлеуметтік қорғалуын арттыруға бағытталған нақты ұсыныстар жасау. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың әлеуметтік қорғалуына әлеуметтік бақылау жасау.
Зерттеудің қойылған мақсаты мына міндеттерді шешуді талап етті:
- Нарықтық қатынастар жағдайындағы халықты әлеуметтік қорғаудың мәнін ашу, отандық және шетелдік тәжірибелер негізінде халықты әлеуметтік қорғаудың қазіргі таңдағы жай-күйіне талдау жасау.
- Үкіметтік емес ұйымдардың мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қорғаудағы қызметін, оған мемлекет тарапынан қолдау жасалып жатқан оңды іс-әрекеттерді екшелеу.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Зерттеу (дипломдық) жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қортындыдан және пайдаланылған әдебиеттен тұрады.
1. ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУДЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- «Халықты әлеуметтік қорғау» ұғымы
Адамдардың физикалық өмірін сақтауларына, олардың әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыруына әлеуметтік көмек көрсету адамзат дамуының бастапқы кезеңінде-ақ болған және олар салттар, дәстүрлер және рәсімдердің негізінде жүзеге асырылып отырған. Бұл адамдардың табиғаттың жағымсыз жағдайларына және әлеуметтік ортаға бейімделулеріне, отбасы, ру мен қауымдастық мәдениетінің біртұтастығы мен бүтіндігін сақтап қалуға көмекткскен. Өзара көмек және бір-біріне қол ұшын беру адамдардың бірлескен өмірінің атрибуты болған.
Өркениеттің, техникалық прогресс мәдениетінің дамуымен, отбасылық-туыстық және қоғамдық байланыстардың күйреуімен, мемлекет адамды әлеуметтік қорғаудың кепілі болу қызметіне біршама белсенді түрде ие болды. Нарықтық экономиканың қалыптасуы мен дамуы халықты әлеуметтік қорғаудың іс-әрекетінің жеке түріне айналуына алып келді, ол ең алдымен, нарықтық қатынастардың жағымсыз әсерлерінен қорғау ретіндегі жаңа мағынаға және мәнге ие болды.
Халықты әлеуметтік қорғау мен үкіметтік емес ұйымдардың пайда болуына алғы шарт болатын болашақ қоғамның көптеген тұжырымдамалары ішінен автор бірнешеуін бөліп, жіктеп оларды қоғамдық, экономикалық және әлеуметтік-саяси алғы шарттардың қатарында қарастырғысы келеді.
«Әлеуметтік қорғау» категориясын қалыптастыруға әлеуметтанудың негізін салушы Конттың үлкен үлес қосқандығы сөзсіз. Өзінің «Позитивті саясат жүйелері» атты еңбегңнде (1854ж. ) ол әлеуметтік саясат саласына көңіл бөледі және оның өзгерісін шынайы қоғам қалыптастыруға көмектесетін жағымды бағдарламаны жасауға тырысқан, бұл жерде нақты ел ғана емес, бүтіндей адамзат туралы әңгіме қозғалады. [1] Конттың әлеуметтік қорғау саласындағы жұмыстары өте маңызды, себебі Конт қайырымдылық қызметінің негізі болып табылатын альтуризм түсінігін енгізеді және оны белсенді пайдаланғандар арасындағы алғышарттардың бірі болды. Альтуриз-қоғам мен индивидтің арасындағы келісім болып табылады. [2] Альтуристік әлеуметтік сезімдер таптарды бөлетін эгоизмге қарама-қарсы қойылады. Осы сезімдер қоғамдық ұстамдылықтың бірігуіне және бекуіне әсер етеді. Позитивизмнің өнегелі ілімінің және оған сәйкес позитивті әлеуметтік саясаттың мәнін Конт альтуризмді эгоизмнен жоғары, қоғамдық мүдделерді жеке мүдделерден жоғары көтеру деп түсінеді.
Сонымен қатар оның пролетариат «рухани билікке сүйку болуға» қабілетті, себебі «қоғамның кез-келген басқа тобына қарағанда, ол оларды ағымдық жүйеге келтіре алмаса да, нақты да өнегелі бастауларды түсінуге және әсіресе сезінуге табиғи түрде біршама бейімделген», -деген көзқарасы бүгінде өзекті болып табылады. Оның «қайырымдылық әсері, әрбір адам біршама барлығының көз алдында өмір сүруі тиіс халық арасындағы теңсіздіктің ( тек әлеуметтік қана емес, сонымен қатар жеке де) маңызды сүйеу болатыны сөзсіз, бұл қоғамға әрбір адамның іс-әрекетін шын мәнінде бақылауға мүмкіндік береді. Негізінен Конттың ойынша, мемлекет барлығында жетекші рөл атқаруы тиіс.
Конттың маңызды идеяларының бірі оның әйгілі «үш кезеңнің» заңдары. Үш кезеңдеріне теологиялық, метафизикалық және позитивті кезеңдер жатады. Алғашқы екі кезеңді адамзат басынан өткізді деп көрсетті, үшінші кезеңді қоғамға деген ғылыми көзқарасқа негіздеді. Позитивті кезең қалыптасу үшін реформаның екі кезеңі керек деп есептеді: 1) теориялық реформалар- саяси, яғни рухани билікті басқару билігінен бөлу. Алғашқы реформаларды жүргізуді- ғалымдарға, ал екіншісін- «индустриалдарға» тиесілі деп қарастырды, теңдікті иерархия алмастырады деп, ал ұлттық дербестікті- құзыретті адамдардың жаппай орталықтандырылған басқаруы алмастырады деп көрсетті. Соңғы жағдай біздің қарастырып отырған мәселемізде маңызды болып отыр, яғни адамдардың жаппай бірлестікте қоғам мәселелерін шешуі немесе азаматтық қоғамды қалыптастыруы. Л азаматтық қоғамды қалыптастыру дегеніміз ҮЕҰ-ды дамыту деген сөз, өйткені адамдар бірлесе келіп, өздерінің проблемаларын дәл осы ҮЕҰ-дар арқылы шеше алады. Осылайша ҮЕҰ-дар халықты әлеуметтік қорғаудың субьектісіне айналады.
Сонымен қатар әлеуметтік қорғау саласындағы әйгілі еңбектердің бірі Г. Спенсерге тиесілі. Бұл саладағы Г. Спенсердің еңбектеріндегі негізгі теориялық ұстанымдар өзінің төмендегі идеясымен қызықтырады.
Біріншісі, оның қоғамды немесе қауымды тірі ағза ретінде қарастыру немесе оларды салыстыруы. Әйтсе де, тірі қоғам деген оның екі қырын дәлелдейді. Біріншісі тірі ағза ретіндегі қоғамдық өсу әдетте не осы қоғамды басқа бір қоғам жойып жібергенге дейін, не оның екіге немесе көптеген бөліктерге бөлінуіне дейін созылатындығынан тұрады. «Қоғамдардың да, тіршілік иелерінің де басқа ерекше қыры көлемдердегі ұлғаюлармен қатар олардың құрылыс күрделіліктерінің ұлғаюы да байқалатындығында»[3] .
Сондай-ақ оның әлеуметтік институттар туралы ілімі де маңызды, себебі ҮЕҰ әлеуметтік институт болып табылады. Ағылшындық әлеуметтанушы әлеуметтік институт деп адамдардың бірлескен өмірінің өзіндік ұйымдасу тәсілі мен формасын түсінген, бірақ оның қатаң ғылыми анықтамасын бермеген. Оның пікірі бойынша әлеуметтік институттардың жиынтығы қоғамның құрылымы мен ұйымдасуын құрайды. Ол қоғамда оның эволюция шамасы бойынша, іс-әрекет мақсаты бүкіл әлеуметтік ағзаның қалыпты қызмет етуін қамтамасыз етуден тұратын әлеуметтік институттардың көп болатындығын дәлелдейді. Спенсердің пікірі бойынша институттардың саны көбейгендіктен және әрқайсысының құрылымы күрделенгендіктен әлеуметтану олардың өзара қарым-қатынасының біртектілігін зерттеуі тиіс. Қоғамдық прогресс осы процестің тиімділігіне тәуелді және әлеуметтану ғылымы бұл жағдайға қарамай өте алмайды.
Әлеуметтанушының пікірі бойынша әлеуметтік институттар қоғамдық қызмет етудің тұрақтылығын қамтамасыз етуден басқа тағы да бір маңызды міндет атқарады, яғни адамның әлеуметтік тіршілік иесіне айналуын қамтамасыз етеді, оны ұжымдық сипатқа ие әлеуметтік әс-қимылға итермелейді, басқаша айтқанда тұлғаның әлеуметтенуі үшін жағдай жасайды. Әлеуметтік институттың бұл анықтамасы бүгінгі таңда да өзекті болып көрінетіндігін және оны қазіргі әлеуметтанудың кеңінен пайдаланатындығын айтпай кетуге болмайды. Спенсер бойынша әлеуметтік институттар шеңберінде қоғамның дамуына қолданбалы дифференциалды және интеграциялық әлеуметтік функцияларды атқаратын органдардың (мекемелердің) үш, яғни-өндірістік, тарату және реттеу жүйелері әрекет етеді. Әлеуметтік институттардың өзін әлеуметтанушы олардың алты негізгі түрлері бойынша қарастырады. Бұл-әрқайсысы өзгеріс және даму күйін кешетін үй, салттық, саяси, шіркеулік, кәсіпорындық, кәсіби институттар. Саяси институттарды қарастыра отырып, ағылшын әлеуметтанушысы олардың дамуының мүмкіндіктері мен жолдарына, олардың әрқайсысының мәніне әр түрлі көзқараста болады. Сонымен, ол қазіргі мемлекеттің рөлі аса үлкен бола алмайды деп есептейді, өйткені ол-өзінің табиғаты бойынша жеке еркіндікті шектеуші, ал құқықтарғ керісінше, өсуді талап етеді, себебі ол оның кепіліне айналуы тиіс.
Кәсіби институттар еңбекті қоғамдық бөлудің негізінде туындайды және өндіріс пен оның формаларының эволюциясымен бірге белсенді дамиды. Спенсер кәсіби институттарға гильдтерді, йехтарды, кәсіби одақтарды жатқызған. Олардың басты функциясы бір ғана кәсіби қызметпен айналысатын адамдарды жақындастыру, интеграциялау, қорғау болып табылады. Әлеуметтік институттар туралы ілімді ағылшын әлеуметтанушысы қоғамды жүйелі бейнелеу шеңберінде қалыптастырған. Барлық институттар біртұтас, өзара байланысты бүтіндікті құрайды. Олардың әрқайсысы қандай да бір қоғамдық қажеттілікті қанағаттандырады және басқа институттарды алмастырмайды. Қоғам секілді институттар адамның мүдделері үшін ғана қызмет етеді.
Қайырымдылыққа қатысты айтылған сындарды үш бағытқа бөліп қарастыруға болады: негативтік, улитаристік және этикалық. Негативтік бағыттың сипатты өкілдері марксистік ойшылдар мен қайраткерлер болды, мысал ретінде Поль Лафаргтың 1905 жылы жарық көрген «Қайырымдылық» трактатын келтіруге болады. [4] Марксистердің көзқарасы бойынша, филантропия өз мағынасында ақылға қонбайтын, санасыздықты білдіреді, себебі ол кедей және шарасыз адамдардың адамдардың жағдайын дұрыстаудан бұрын қиындата түседі. Сондай-ақ атап өту керек, негативистік сын қайырымдылықты дамыта отырып, кедейшілік баспанасыздық сияқты өзге де әлеуметтік ауруларды жоюға мүмкіндік тудырады деген иллюзиялық көріністерден сақтайды.
Унитарлық сын қайырымдылыққа қатысты басқа көзқарасты қалыптастырады. Бұл көзқарас өз кезегінде қажеттілік принципіне сүйене отырып, әділеттілік және қайырымдылық мәселелрін алға тартады. Аталмыш принцип мәні мынада: кез-келген мұқтаж адамға көмек алу құқығын қанағаттандырып қана қоймай, туындаған мәселелерді өз күшімен шеше алатындығына үміт ұяландыру қажет. Дәл осы көзқарасты улитаристік ыңғай жақтастыры да қолдады, атап айтсақ, әйгілі социолог және экономистДж. С. Милль (ХІХ ғ 70 ж. ) . Оның пікірінше, көмек мұқтаж адамды босаңсытып алмас үшін ынталандыру арқылы құрылуы керек, яғни сырттан келетін көмек өз-өзіне көмектің қажеттілігін алмастырмауы қажет. Кез-келген қайырымдылық бағдарламаның басты критерилері осыдан құралуы шарт. Осылайша, негативтік сынға қарағанда улитаристік қайырымдылықты мүлде сынамады, ал тек оның іс-әрекетін жүзеге асырудың прагматикалық әдістерін шығаруға тырысты.
Филантропияны этикалық сынау талқылауда прагматикалық сұрақтардан құндылықтыққа қарай өтуге қадам жасады, осы арқылы адамға бағытталған тақырыптарға бір табанжақындай түсті. Филантропияның принциптері мен әдістері құндылықтық критерилерге жауап беруі керектігін мойындау ХІХғ. соңғы тоқсанында социалистік идеялардың таралуына байланысты маңыздылыққа ие бола бастады. Социолистер, марксистер әділеттіктің мәнін теңдікті орнатудан іздеді. Оның мәні игілікті іс адамгершіліктік мақсат ретінде адамның беруге, бөлісуге дайындығынан ғана емес, өз эгоизмінің шегінен қашан да болсын босап шығуға дайындығынан да көрінеді. Этикалық сын көрсеткендей, қайырымдылық іс бүгінде тек әлеуметтік қана емес, психологиялық және құндылықтық деңгейде маңызды мәселелердің қайнар көзі болып қалып отыр. Сондықтан да, қайырымдылық және қайырымдылық қорлардың әрекеттері бүгінгі күні арнайы зерттеуді қажет етеді. [5] Қайырымдылық әлеуметтік құбылыс ретінде мынандай негізгі функцияларды атқарады: 1) коммуникативтік, 2) қоғамдық сананы қалыптастыру функциясы, 3) әлеуметтік мұра[6] .
Соңғы жылдары Қазақстанда халықты әлеуметтік қорғау-халықтың басқа топтары секілді, әлеуметтік қорғау кешеніне мұқтаж болып отырған, еңбекке қабілетті халықтың үлкен бөлігіне, еңбекке жарамсыздарға әлеуметтік көмек көрсету тұрғысынан қарастырылуда. Бүгінгі таңда ауыртпалық, тапшылық жағдайында әлеуметтік қорғаудың дамуы туралы пікір тараған, бұл жерде осы ауыр саланың мемлекеттік қаржыға келіп тірелетіндігі айтылады. Халықтың барлық топтарына арналған әлеуметтік қорғау механиздерін жетілдіру қажеттігі даусыз, алайда жасалып жатқан жұмыстың басым бөлігі осы үдеріс шеңберіндегі қатынастардың үйымдастырушылық және құқықтық құрылғысын өзгерту ұстанымы тұрғысынан жүргізілуде. Ал экономикалық құрамдас бөлік тек «біршама шыдайтындай болу үшін қанша ақша беру керек», -деген позициядан ғана қарастырылуда. Бұндай ыңғай қате болып табылады, себебі халықты әлеуметтік қорғау оның ұйымдастырушылық-экономикалық механизмінің мәнін анықтайтын ұйымдастырушылық-құқықтық және әлеуметтік-зкономикалық аспектілер кешенін қамтиды. Осы механизмді жетілдірудің потенциялды негізгі бағыттарын, құрылымы мен түрлерін анықтау қоғам дамуының қазіргі кезеңі үшін аса өзекті теориялық және практикалық мәнге ие. Әр түрлі ғылыми мектептер өкілдерінің әлеуметтік қорғау түсінігін анықтауға жасаған бір қатар ыңғайларын қарастырайық[7] .
М. Б. Кибакин бойынша әлеуметтік қорғау- негізгі әлеуметтік топты және еңбекке жарамдылығының шектелуінің белгілі бір ерекшеліктерінен жас, денсаулық жағдайы, еңбектің сипаты және басқалары сондықтан да әлеуметтік көмек шаралары жүйесінсіз өмір сүре алмайтын басқа да адамзаттар категорияларын қамтамасыз ету жөніндегі жалпы практика түсініледі. Оны әлеуметтік қамсыздандыру органдары қамтамасыз етеді. Арнайы әлеуметтік қорғау дегенде, халықтың белгілі бір категориясының ерекшеліктеріне байланысты әлеуметтік қорғау түсініледі. Мысалы, әскери қызметкерлер, солтүстікті мекендейтіндер, қашқындар.
Ал Е. В. Тишинның ойынша бұл-индивидке қоғам беретін әлеуметтік кепілдіктердің минимумы. Осы жағдайда (экономикалық жағдайлардың шынайы күйін ескере отырып) адамды әлекметтік қорғаудың белгілері мыналар болған болар еді: 1) адамда өмір сүру минимумын қамтамасыз ететін, заңды табыс көздерінің болуы. 2) адамда минималды тұтыну тұтыну себетінің көлемі мен тауарларды сатып алу менқызметтерді төлеуге ақшалай табысын өз бетінше пайдалана алу мүмкіншілігінің. 3) минималды әлеуметтік жарналарға жауап беретін тұрғын үймен қамтамасыз етілу. 4) ағзаның өмір сүруін қамтамасыз ететін, медициналық құралдармен жіне минималды медициналық қызметтермен қамтамасыз етілу.
Е. Г. Берницкая әлеуметтік қорғауды тұтынушылық саладағы белгілі-бір жаңа енгізулерді біршама ауыр бастан өткеретін, халықтың жеке топтарының жағдайын жасауға бағытталған, қысқа мерзімдік оперативті әрекеттердің кешені деп санаған.
Л. Р. Петрова әлеуметтік қорғау жүйесі-мемлекеттің халықтың барлық деңгейіне ел бойынша қабылданған минималды деңгейден төмен емес олардың өсуі мен жақсы жағдайын жасауының және теңсіздіктердің шеткі көрінулерін түзетуінің заңды түрде бекітілген міндеті ретінде қарастырылады деп атап кеткен.
Т. С. Пантелеева: «Әлеуметтік қорғаудың біршама тар түсінігі мынада, бұл мемлекеттің өмір сүру деңгейі аймағындағы құқықтар мен кепілдіктерді қамтамасыз ету, адамның қажеттіліктерін: өмір сүруді қамтамасыз ететін жеткілікті қаражаттарға құқылы болу, еңбек пен демалысқа, жұмыссыздықтан қорғауға, денсаулық пен тұрғын үйді қорғауға, қартайғанда, жүру және асыраушысынан айрылған жағдайларда, балаларын тәрбиелеуге деген және т. б. қажеттіліктерін қанағаттандыру бойынша сәйкес саясаты»[8] .
Ұсынылып отырған анықтамалардан көріп отырғанымыздай, барлық анықтамаларда жергілікті халықтың жекетоптары (әлеуметтік зақымдануы мүмкін) туралы және оларды минималды әлеуметтік кепілдіктермен қамтамасыз ету керектігі айтылады. Алайда, жоғарыда айтылғадай, бұл-қате анықтама, себебі әлеуметтік қорғау-адамның конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету және тұрғылықты халықтың әлсіз бөліктеріне көмек көрсету бойынша мемлекет пен азаматтық қоғам институттар қызметі.
- Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік қорғауды зерттеудің әдіснамалық негіздері
Қазақстан құрамына мүше ретінде енген еңбек халықаралық әлеуметтңк қорғау жүйесін мынадай шаралардың кешені ретінде анықтайды:
а) Тұрақты, ақы төленетін еңбек қызметін ынталандыру;
б) Негізгі әлеуметтік қауіптер туындаған жағдайда әлеуметтік сақтандыру механизмдерінің көмегімен оны тоқтату және кіріс бөліктерінің орнын толтыру;
в) Әлеуметтік сақтандыру жүйесінің мүшелері болып табылмайтын, тұрғылықты халықтың әлсіз топтарына арналған әлеуметтік көмек механизмдерін ұсыну;
г) Азаматтардың білім алу және медициналық көмек секілді, негізгі құқықтар мен қызметке қол жеткізе алуы.
Әлеуметтік қорғаудың субьектілері-тұрғылықты халықты әлеуметтік қорғаудың билік органдары (мемлекет), кәсіби одақтар, саяси және қоғамдық бірлестіктер, соның ішінде қайырымдылық ұйымдары:
Сурет 1- Халықты әлеуметтік қорғауды басқаруды басқарудың субьектілері
Әлеуметтік қорғаудың обьектілері-адам, жергілікті халық, топтар, әлеуметтік институттар және әлеуметтік сала мекемелері.
Бірінші кезекте әлеуметтік қорғауды қажет ететіндер мыналар:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz