ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ ОТАНСҮЙГІШТІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ӘДІСТЕМЕСІ


Пән: Спорт
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 73 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ . . . 3

1. ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДА ОТАНСҮЙГІШТІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ТЕОРИЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

  1. 1. 1. Отансүйгіштік ұғымының мәні және адамзат қоғамында алатын орны . . . 71. 2. Жасөспірімдерді отансүйгіштікке тәрбие беру мәселесінің педагогикалық әдебиеттерде зерттелу деңгейі . . . 121. 3. Спорттық жарыстарда жасөспірімдерді тәрбиелеудің психологиялық-педагогикалық мүмкіндіктері . . . 32

2. ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ ОТАНСҮЙГІШТІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ӘДІСТЕМЕСІ

  1. 2. 1. Жасөспірімдер спортын ұйымдастыруда отансүйгіштік тәрбие беру жолдары . . . 502. 2. Қазақтың ұлттық спорт ойындары арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеудің негіздері . . . 562. 3Отансүйгіштік қасиеттің спортта жүзеге асыру әдіс-тәсілдері . . . 62

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 71

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 74

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі: ХХІ-ғасыр жаһандану ғасыры деген пікір бүгінде адам баласының санасына сіңіп, ендігі жерде осы көштен қалмауға ұмтылуда.

Осы мақсатты іске асыруда Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2006-жылғы 1-наурызда «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруі тиіс» атты Қазақстан халқына жолдауының маңызы өте зор. Ондағы, басым бағыттардың бірі, осы заманғы білім беруді дамыту отырып, кадрлардың біліктілігі мен оларды қайта даярлауды ұдайы арттыру және Қазақстан халқы мәдениетінің одан әрі өркендеуін нақты дамытудың қажеттігін көрсеткен[1] .

Жеткіншектердің азаматтық, патриоттық қасиеттерін қалыптастыру проблемасына Қазақстан Үкіметі құжаттарында және Елбасы Жолдауларында аса үлкен мән берілген. Елбасы өзінің жолдауларының бірінде «Өз тарихымызбен ерекше жағдайларымыз негізінде дұрыс жолды таңдап алу мүмкіндігіміз де бар» (1997) десе, екіншісінде «Біз бірлесе отырып, ерікті ұлт жасақтау жолында алға жылжуымызға қажетті берік негіз қаладық» (2005), ал үшіншісінде «Қазақстандық патриотизм мен саяси ерік-жігер - жаңа Қазақстан құрудың аса маңызды факторлары» (2007) деп, өзіміздің тарихымызды, дінімізді, ұлттық қасиеттерімізді алғы шепке шығарады.

Президенттің патриоттық сезімге толы осы ой-пікіріне сәйкес, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында жеткіншектер тәрбиесіндегі ең маңызды міндеттер (өз Отанын сүю, азаматтық пен патриотизмді қалыптастыру, мемлекет рәміздері мен халықтарының салт-дәстүрлерін құрметтеу, Ата заң мен қоғамға қайшы келетін көріністерге төзбеу, әлемдік және отандық жетістіктерді игеру, қазақ және республикада мекендейтін басқа да халықтардың әдет-ғүрып, салт- дәстүрлерін, тарихын жете білуге тәрбиелеу) сараланып көрсетіледі[2] .

Демек, салт-дәстүрлердің, соның ішінде халық педагогикасында

көрініс алған патриоттық сана-сезімнің қалыптасуына тікелей ықпал ететін озық дәстүрлердің тағылымдық мүмкіндіктерін пайдалану қажетгілігіне аса мән беріледі.

Ұлттық дәстүрлерге, ұлтттық идеяға назар аудару және білім мен тәрбиені соған бағдарлау - көптеген мемлекеттер мен халықтардың нақты бір тарихи кезеңдерінде жиі кездесетін құбылыс.

Жеткіншектерді Отанға деген сүйіспеншілік, оның байлығы мен даңқын көтермелеу, рухында тәрбиелеу мәселелері Ресей ғалымдарының (В. Г. Белинский, Н. Г. Чернышевский, НЛ. Добролюбов, Л. Н. Толстой және т. б. ) еңбектерінде орын алған. Олардың жұмыстары орыс халқының рухани және психологиялық ерекшелігіне, оның адамгершілік болмысының негізіне арналады. Олар тәрбие мен білім беруде ұлттық және этикалық құндылықтарды бірінші орында қарастырады.

Жеткіншектерге патриоттық тәрбие беру проблемасы кеңестік педагогика теоретиктерінің еңбектерінде де (Н. К. Крупская, А. В. Луначарский, А. С. Макаренко, ВА. Сухомлинский, С. Т. Шацкий жэне т. б. ) ерекше көрініс алады. Оларда оқушыларды кеңестік патриотизмге тәрбиелеудің мазмұны, принциптері мен әдістері қарастырылады.

Патриоттық тәрбие проблемасына қазақ халқы қоғамның барлық даму кезеңдерінде аса мән берген. Оны қазақ даласының ойшылдары (Қорқыт ата, әл-Фараби, Ж. Баласағүн, Қашқари, А. Иассауи) мен жыршы-жырауларының (Асан қайғы, Шалкиіз жырау, Ақтамберді жырау, Бүқар жырау, Дулат Бабатайры жэне т. б. ), ғүлама ағартушыларының (Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев және т. б. ) шығармашылық еңбектері дәлелдейді. Ағартушылардың ішінде Ы. Алтынсарин патриоттық тәрбиенің практика жүзіндегі мәнін ашып көрсетті, ғұлама ойшылдар мен жыршы-жыраулардың шығармаларын ұлттық сана-сезімді қалыптастырудың құралы ретінде пайдаланды.

Патриоттық тәрбиені ұлттық дәстүрдің негізінде қалыптастыру проблемасын кезінде қоғам қайраткерлері А. Байтүрсынов, М. Дулатов, Ж. Аймауытов және т. б. жан-жақты қолдаған[3] .

Өскелең ұрпақты тек рухани-мәдени таным арқылы, тарихи сана негізінде, елжандылық сезімде, отаншылдық рухында тәрбиелеу бүгінгі мемлекетіміздің темір қазығы болып отыр. Мәдениеті жоғары, тарихи танымды, орныққан ойы сергек елдің рухы да биік. Ал, рухы биік халықтың іргесі берік, әлеуеті қуатты, ынтымағы жарасымды болады. Жастарды елжандылыққа тәрбиелеуде, ұлттық мәдениеттің сан ғасырлық озық тәрбиесін, үздік жетістіктерін, білім беру мен тәрбие жүйесінде пайдалану аса қажетті. Ұлттық мәдениеті қалыптасқан, рухы биік, елжанды жас спортшылардың атқарған іс-тәжірбиелері, басқа халықтардың бізді танып білуіне өз септігін тигізеді.

Зерттеу объектісі : Жасөспірімдерді спортпен айналысуында бойына отансүйгіштік қасиетті сіңіру

Зерттеу пәні: Дене шынықтыру мен спорттың ілімі және әдістемесі

Зерттеу мақсаты : Жасөспірімдер спортын ұйымдастыруда отансүйгіштікке тәрбиелеудің жаңа бағыттарын ашу, оларды жетілдіру және қолдану

Зерттеу міндеттері:

1 . Ұлттық спорт ойын түрлері арқылы, спорт жетістіктері арқылы жасөспірімдерді отансүйгіштікке тәрбиелеудің теориялық негіздерін зерделеу;

2. «Отансүйгіштік», «патриотизм», «ұлтжандылық», «ұлттық патриотизм», «отаншылдық» ұғымдарына анықтамалардың тәрбиелік мәнін қалыптастыру.

Зерттеу әдістері : зерттеу мәселесі бойынша философиялық, психологиялық, педогогикалық, тарихи мәдениет, ұлттық спорт, әлемдік спорт, оқу-жаттығу бағдарламаларын зерттеп, үлкен спорттық жарыс жеңімпаздары мен бапкерлерден сұрақ-жауап алу мақсатында сауалнама жүргізіп, алған мәліметтерді зерделеп, мерзімді басылымдардағы ғылыми-әдістемелік мақалаларға шолу жасау, нәтижелерін қортындылау

Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы :

1 . Зерттеу нәтижелерін спорт мектебінің ұстаздары, бапкерлер оқу-тәрбие жұмысына ұйымдастыруда және оқушыларға бойына мақтаныш отаншылдық қасиетті жетілдіруде спорттық жарыстарда жаттығуларда пайдалануына болады;

  1. Зерттеудің нәтижелерін дене-тәрбиесімен байланысты жоғары оқу орындарында, арнайы спорт мамандарын дайындауда, семинар, тәжірибелік сабақтарын өткізген уақытта пайдалануға болады.

Диплом жұмысы. Кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады

  1. ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДА ОТАНСҮЙГІШТІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ұғымының мәні және адамзат қоғамында алатын орны

Қоғам дамуында кез-келген мемлекеттің тұтастығы, тәуелсіздігі, мемлекет дербестігі халықтардың отанға деген сезімімен, патриотизмінің денгейімен тікелей байланысты. Қазақстанда патриотизм идеясы ұлттық стратегиясының құрамдас бөлігі ретінде саналады. Ел басының Жолдауында былай деп көрсетілген: «…біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз». Қоғамыздағы өзгерістер ықпалымен адамдардың қарым-қатынастарымен бірге мемлекеттік-ұжымдық дүниетанымның жекешіл дербес дүниетаныммен алмасуы жүріп жатыр. Міне сондықтан да «отаншылдық», «ұлттық біртұтастық», «ұлттық егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғау», «ұлттық мүдделер», «қоғамымыздың топтасуы», «біртұтас отбасымыз» деп сезіну сияқты қасиеттер еліміздің жаңа қадамының тірегі болмақ.

Патриотизм-тарихи және әлеументтік мазмұндағы табиғатты бар ұғым. Ол әрбір азаматтың бойындағы туа біткен сезім емес. Патриотизм-ол Отанына деген сүйіспеншілік, өз халқына берілгендік оның мүддесі үшін кез-келген құрбандық пен ерлік жасауға дайын тұрушылық. Соған орай патриоттық сезімнің басты қамқорлығы Отанына арналады. Сондықтан туған жер, ел байлығы мен табиғаты, тіл, дәстүр, тарихи ескерткіштер және т. б. ұлттық құндылықтар патриоттық сезімнен тыс қалмайды. Олар әрбір азаматтың ішкі дүниесінде жанашырлық, жақындық туыстық пен сүйіспеншілік, мақтаныш қалыптастырады.

Ежелгі грек жерінде пайда болған патриот сөзі (раtrіоtes - жерлес, отандас) дүниежүзілік қауымдастықтың даму тарихына және мемлекеттердегі саяси жағдайларға байланысты саналуан сипат пен мағынаға ие болып отырған. Мысалы, ежелгі Афина азаматтарына эллан тілінде сөйлей алмайтындармен некеге тұруға заң жүзінде тыйым салынған. Бұл заң талабын орындау грек патриотизмі ретінде қабылданған және мемлекеттік дәрежеде насихатталып, бұлжытпай орындалған. Ұлы Мхатма Ганди «ағылшын отаршылдарымен күресудің жолы - ағылшынның тауарларын ешқашан сатып алмау» деп жариялады. Тауарлары өтпеген ағылшын кәсіпкерлері жаппай банкроттыққа ұшырап, ақыры үнді жерінен кетуге мәжбүр болған.

Мұхаммед (с. ғ. с) пайғамбарымыздың хадистерінде патриотизм идеясы өте жоғары қастерленеді, Отанды сүю асқан парасаттылық сезімімен бағаланады. Бір хадисте: «Отанды сүймеген адамның иманы болмайды», - деп көрсетілген. Тағы бір сөзінде пайғамбар: «Нағыз мұсылман - халқынан зәбір көрсе де, оны сүюді, оған қызмет қылуды тоқтатпаған жан» - деп, үлкен ұлағаттылық қасиет танытқан. Көшпелі қазақ өркениетінде патриотизм, ұлтжандылық, Отанды сүю, оны қасық қаны қалғанша қорғау - ең қасиетті міндеттердің бірі. Ежелгі Түрік қағанаты кезінде тасқа жазылған Күлтегін ескерткішінде ел билеушілердің ұлтжандылығы былайша суреттеледі:

- Түркі халқы үшін,

Түн ұйықтамадым,

Күндіз отырмадым.

Өліп-тірліп жерді ұлғайттым.

Халықты, көтермек боп…

Өлімші халықты тірілттім.

Жалаңаш халықты тонды,

Кедей халықты, бай қылдым.

Аз халықты көп қылдым,

Тату елге жақсылық қылдым.

Патриотизмнің үлгісін Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Ақтамберді, Бұқар жырау және ХХ ғасырдың басында қалыптасқан Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Жүсіпбек Аймауытов, Барлыбек Сыртанов, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Мағжан Жұмабаев, Ғұмар Қарашев, Ғабдулғазиз Мұсағалиев сынды қайраткерлер жасады. Олар тек сөздерімен ғана емес, өз істерімен де өнеге көрсете білді.

Әйтеке би «Өмірім халықтікі, өлімім ғана өзімдікі» деп, халыққа қызмет етудің, патриотизмнің айнасы бола білді. Тәуке хан заманынан бері қазақ қоғамында патриотизм байлықтан да жоғары бағаланды.

Көптеген елдерде патриотизм халықтың өз ұлтының тілін, ділін, дінін берік сақтауымен және тарихын мақтан тұтуымен тікелей байланыстырылды. Ғасырлар бойы басқа халықтарды басып-жаншып, отарлық үстемдік жүргізген алпауыт мемлекеттерде ұлы державалық патриотизм санасы мемлекеттік ұран ретінде насихатталған. Орыс империясында бұрыннан «самодержавие, православие, халық» ұғымының шовинистік пікірі ұлт санасын қалыптастыруда өлшеусіз рөл атқарды және қазір де Солженицын, Жириновский, Лимонов т. б. және схинхедтердің әрекеттерінен жиі-жиі байқалады. Саяси партиялардың кейбір өкілдері орыс ұлтының үстемділігін державалық патриотизм сезіміне ұластыруда.

Жаһандасу кезеңінде патриотизм ұғымы діни сипатқа ие болып, экстремизмге бой алдыруда. Террорист бір дін өкілдерінің арасында құдай жолы үшін жанын қиған нағыз патриот ретінде асқан құрметке ие болуда және оның отбасына шексіз көмек көрсетілуде[4] .

Патриотизм - қасиетті ұғым. Отаншылдық идеясы өмірге ұзақ тарихи-әлеуметтік дамудың нәтижесінде келген. Адам қауымдасып өмір сүргеннен бастап, өз қағамын, өлкесін, табиғатын сүйген. Соларға деген ерекше сезім, ұнатымы қалыптасқан. Қоғам дамуының кезеңдері мен түрлі әлеуметтік арнасы отаншылдық сезімді саяси мазмұнға айналдырған.

Қазақстандық патриотизм болса, ол тек қазақтардың ғана өз отанына сүйіспеншілігі емес, онда мекендеген бүкіл ұлт пен ұлыстардың бәріне қатысты нәрсе. Дегенмен ешкімді елін, Отанын зорлап, күштеп немесе алдап-арбап шын сүйгізу мүмкін емес. Елін сүю әрбір адамның рухани қасиетінің ішкі көрінісі мен мазмұны. Оны өзі анықтайды.

Жалпы адамның дамуы процесі бұл қасиетті туғаннан бастап бойына сіңіреді. Отбасындағы тәрбие, оқу мен еңбек ұжымы, өмірдің өнегелілік тәрбиесі, партиялық және түрлі қоғамдық ұйымдар, діни орталықтар отан сүйгіштік сезімге ықпал етеді. Биологиялық емес бірте-бірте сіңісетін қасиет, яғни, рухани - психологиялық және саяси-әлеуметтік құбылыс.

Патриотизмнің діттегені - Отан үшін біріктіру, оны қастерлеу мен ардақтауға тәрбиелеу. Өз халқының мүдде мақсатын қорғау болып табылады. Ал бұл ойымызды көп ұлтты Қазақстанға арнап айтсақ, онда ортақ Отанымыздың тағдырына арналған сүйіспеншілік сезімін ерекше бағалаймыз. Әрине патриотизмді әрбір азамат өзінше бағалайды. Біреулер өз ұлтының жауларын іздеп әуре болады, ал бәз біреулер халқын кім жақсы көреді немесе ұнатпайды деген пікірлермен әуестенеді. Өмірде мұның бәрі бекершілік. Сондықтан осы проблеманың белгілі маманы профессор Ә. Қалмырзаевтың патриоттық тынысы халықтарды жақындастыруға ұмтылудан басталуы керек деуі өте орынды пікір[5] .

Азаматтық патриотизм адамның, қоғамның және мемлекеттің өзара әрекетінің ерекше механизмі, ол патриотизмнің басқа да түрлерін жинақтайды және мемлекетаралық қатынастар мен халықаралық үдерісіндегі өзінің ұлттық мәдени сәйкестігін қорғаумен байланысты.

Жастардың саяси және азаматтық патриоттық тәрбиесіндегі саясат - азаматтық патриотизмді қалыптастыру үдерісін іске асыру, реттеу, ұйымдастыру және аймақтағы мәдени, экономикалық, этникалық жағдайлардың ерекшеліктері мен нақты шарттарына байланысты Отанға лайықты қызмет етуге дайын болу. Ең тиімді әлеуметтік-басымдылық және әкімшілік қызметінің экономикалық оңтайлы бағыттары есебімен тәрбие жұмыстары жүйесін басқару механизмін анықтайды. Патриоттық тәрбиенің маңыздылығы олардың құқықтық және әлеуметтік тұрғыдан қорғалған толық кепілдігімен азаматтардың құқықтары мен міндеттерін қамтамасыз ететін конституциялық еркіндік, экономикалық дамыған, әлеуметтік тұрақты өркениетті, демократиялық мемлекет құру бойынша болып жатқан үдерістер бірнеше маңызды сапалы жаңа міндеттерді жоғарылатқан жағдайда өседі. Патриоттық тәрбие - бұл азаматтарда жоғарғы патриоттық сананы қалыптастыру, Отанға деген берілгендік сезімі мен азаматтық парызын орындауға дайындығы және Отан мүдделерін қорғаудағы конституциялық міндеттері арқылы атқарушы билік жүйесінің. саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің. оқу орындарымен ғылыми ұжымдар, көпжоспарлы, жүйелі орындауға болатын мақсатты және үйлестірілген қызметі[6] . Сондықтан болашақ мамандардың патриоттық-азаматтық тәрбиесіне ерекше мән беру, олардың бойында патриотизмі қалыптастыру қоғам болашағының өркендеуін, елімізде тыныштық пе бейбітшіліктің мәңгілік қанат жаюын қамтамасыз ететіні анық. Өйткені, патриотизм әлемдегі бейбітшілік үшін күреспен, адамзат өміріне қауіп төндіретін термоядролық, экологиялық және террорлық апаттың алдын алумен, халықаралық қатынастарды құрумен және әлемдегі жаңа тәртіптерді бекітумен, өзара түсіністікті негізге алумен, тәуелсіз елдермен және басқа да мемлекеттермен көршілік татуластықпен, іскерлік ынтымақтастықпен тығыз байланыста болумен өлшенеді.

1. 2 Жасөспірімдерді отансүйгіштікке тәрбие беру мәселесінің педагогикалық әдебиеттерде зерттелу деңгейі

Адам баласының әрқайсының өз өмір жолы болатыны тәрізді, кез-келген халықтың, қоғам мен мемлекеттің өз тарихи ғұмыры бар. Ол көне тіршілік көшінде сан алуан кейіпте көрініп келе жатқан күрделі процесс. әр ұрпақ өзінің бұрынғы ұрпақтың жалғасы болғанынан, өз дәуірінің шыңырауына үн қосып, өз соқпағын іздейді .

Әлем тарихында патриоттық тәрбие және әскери патриоттық туралы білім ғасырларға тамырымен терең кеткен. Әлемдегі өркениеттің дамуындағы ерекшеліктер дінмен, салт-дәстүрлермен, әртүрлі этникалық факторлармен өлшенген.

Тәуелсіз Қазақстан жағдайында біз патриоттық тәрбие беруді қазақ этнопедагогикасының негізінде қарастыруды тиімді деп есептейміз. Өйткені жалпы тәрбиелеу процесі тек қана батыс еуропалық және американдық үлгіні қабылдап бара жатқанға ұқсайды. Сондықтан халықтық педагогика негізінде студенттердің бойына патриоттық сезімді қалыптастыратын болсақ, Қазақстаннның даму жолында өзінің сара жолы болады деп есептейміз. Қазақстан әрі батыс, әрі шығыс елі ерекше ортада тұрған көп ұлтты мемлекет.

Әрбір қоғамның даму, өрлеу сәттері болады. Бұл ретте ХХ ғасырдың соңғы жетпіс бес жылы түрік ғасыры болды. Түрік тарихының терең болғанымен, оның гүлденген өркениетке жеткен тұсы осы ғасыр. Оның ең бастауы, түп қазығы түрік идеясы мен түрік патриотизмінде дер едік. Егер ғасыр басында түріктер бар болғаны он екі миллионға жетер жетпес болса, бұл күнде олар алпыс төрт милионнан асып жығылады. Мұстафа Кемал Ататүрік Түрік Республикасын жария ете салып, ұлт алдында тұрған негізгі міндеттерді ұсынды. Оның ең бастысы - дүниеге адам баласы тең болып келеді, ендеше түрік ұланы жерге қарама, еңсеңді көтер нәсілің түрік екеніне мақтан деген ұстамды әр жүрекке шырақ етіп жаға білді. Түрік мемлекеті еуропаға есігін ашып қана қоймай, өзі де батыс пен шығысқа жол салды. Әскери доктринасы күшейді, НАТО-ға кірді. Енді ол басқа бір елдің қабағына қарап қана қоймай, өзге бір елдерді өз қас-қабағына қарата бастады. Ал бұл тікелей тәуелсіздік идеясын тұтатты. Сөйтіп Ататүрік: «Түрік ұланы! Бірінші міндетің: Түрік тәуелсіздігің, Түрік тәуелсіздігін мәңгі сақтау және қорғау болып табылады» - деп айтып қана қоймай, оны көз көретін жерлердің бәріне тасқа ойып жаздырды. Ұлттың рухы асқақтаған халықтың тілегі тоғысқан сәті осы еді. Мұндай елді жеңу мүмкін бе? [7] .

Біздерге де ойлануға тура келетін кездер келді деп ойлаймыз. Кең байтақ жеріміз бар қазақстандықтардың асқақтап шарықтауға мүмкіншілігі мол .

Шығыс елдерінде патриоттық тәрбиеге әсіресе әскери-патриоттық тәрбиеге аса көңіл бөлген. Бұл тұрғыда жапондықтар үлгі көрсетеді. Орыс тарихшысы А. А. Строев «жапондыққа балалық шағынан мемлекеттің идеологиясы үшін әр уақытта өзін құрбандыққа шалуға дайын болуын құлағына құяды» - деп жазған. Ал қытайда әскери патриоттық білім беру мемлекеттік идеологиямен бір қатарда. .

Қазіргі кезеңде Америка Құрама Штаттары өз азаматтарының патриоттық сезімдерін балалық шағынан тәрбиелейді. Құрама штаттарда мектеп қабырғасынан бастап тәуелсіздік декларация дегеніміз не? деген мен қатар Американың негізін қалаушы президенттерінің аталы сөздерін оқып үйренеді .

Азаматтарды әскери қызметке дайындап патриоттық сезімін қалыптастыру қазіргі кезде батыс европаның барлық елдерінде қолға алынған. Мысалға, Германия, Ұлыбритания, Франция мектептерінде және жоғары оқу орындарында офицерлерді дайындауда арнайы пән ретінде әскери кәсіптік бағытын қалыптастыруда оқытылады [8] .

Біз өз жұмысымызда қазіргі кезеңдегі жастардың отанының әскер қатарында көрінуіне деген талпынысын арттыруын ұлттық тәрбиенің маңызынан көрсетеміз.

Патриоттық тәрбие берудің үлгісін біз өзіміздің ғылыми жұмысымызда патриот студент үлгісін жасауда көреміз.

Этнопедагогиканы зерттемей және пайдаланбай жеке адамды толыққанды тәрбиелеу мүмкін емес. Қазіргі кезде қоғам алға қойып отырған тәрбие міндеттерін шешуде этнопедагогика дәстүрлері мен тәжірибесін педагогика ғылымының әдістемелік-теориялық қағидаларымен біріктіруді көкейкесті мәселе ретінде қарастырған.

Халық педагогикасындағы жауынгерлік дәстүрлерді кешенді түрде зерттей келе біз өз еңбегімізде студенттерге патриоттық тәрбие беруде қолданамыз. Студенттерге патриоттық тәрбие берудің тарихи-педагогикалық көздері қазақ халқы батырларының ерлік істерінің тарихи деректеріне талдау жасай келе, қазақ халқының басынан өткен тарихи жағдайларға байланысты патриотизмнің дамып қалыптасуының тарихи алғы шарттарын қарастырамыз.

Біз өз жұмысымызда студенттерге халықтық педагогика негізінде патриоттық тәрбие беруді қарастырамыз.

Халық мұрасындағы ірі тұлғалардың тәрбиелік мәнді істерін оқу-тәрбие процесінде және сабақтан тыс іс-шараларда қолдануды қолдаймыз.

Біз ұлттық спорт ойындарында патриоттық тәрбие берудің студенттердің бойында патриоттық тәрбие қалыптастыратынын өзіміздің ғылыми еңбегімізде талқылап қарастырып тәжірибелік жұмыстарда қолданамыз.

Халықтық педагогикадағы атамекенге сүйіспеншілікті дамыта отырып біз студенттердің бойында патриоттық сезімді тәрбиелеуді ұсынамыз.

Ғылыми зерттеулерді оқып-үйреніп талдауда, педагогикалық тәлім-тәрбиеде, студенттерге патриоттық тәрбие беру ғылымының теориясын өз алдына дербес проблема ретінде анықталғанын және ол үнемі зерттеп отыруды қажет ететіндігін көруге мүмкіндік берді.

Біздің ойымызша патриотизмге негізделген тәрбие жұмысын жүргізуде жоғары оқу орындары студенттері проблемасы ерекше мәнге ие болады. Себебі студенттер болашақ маман ретінде қалыптасып, өмірлік ұстанымын айқындап, өркениетті елдер қатарына қосылуда өздерінің үлкен септігін тигізеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақтардың дәстүрлі мәдениетіндегі спорт өнерінің қалыптасуы
Жасөспірімдер спортын ұйымдастыруда отансүйгіштікке тәрбиелеудің рөлі
Cпорттық жаттығулардың оқыту әдістемесі
Арнайы мамандандырылған спорт мектептерінде қазақ күресі арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу мазмұнын жасап, ұйымдастыру әдістерін ұсыну
Конькишіге қажетті дене шынықтыру сапасын дамытудың әдістемелік негізі
Дене шынықтыру және спорт туралы
Дене шынықтыру және спорт саласындағы проблеманың қазiргі жәй-күйiн талдау
Балабақшадағы балалардың музыкасы
Биологияны оқытудағы тәрбие элементтері
Жоғары оқу орындарында оқыту процесінде студенттердің отансүйгіштік сезімдерін қалыптастырудың педагогикалық шарттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz