Болашақ бейнелеу өнері муғалімдерін мектепте графиканы оқытуға даярлау жайлы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
ӘОЖ Қолжазба құқығында
СУЛТАНОВ ТАШМУХАММАД АБДУХАИМОВИЧ
Болашақ бейнелеу өнері муғалімдерін мектепте графиканы оқытуға даярлау
6М010700 - БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ ЖӘНЕ СЫЗУ мамандығы бойынша магистр
академиялық дәреже алу үшін дайындалған диссертация
ТҮРКІСТАН - 2014ж
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
Қорғауға жіберілді:
Бейнелеу өнері кафедрасының меңгерушісі, п. ғ. к.
п. ғ. к. м. а доцент Е. Ауелбеков
«___»20__ ж.
СУЛТАНОВ ТАШМУХАММАД АБДУХАИМОВИЧ
Болашақ бейнелеу өнері муғалімдерін мектепте графиканы оқтуға даярлау
6М010700 - «Бейнелеу өнері және сызу»
педагогика ғылымының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін орындалған диссертация
Магистрант Т. Султанов
Ғылыми жетекшісі
п. ғ. к. м. а доцент Е. Ауелбеков
ТҮРКІСТАН - 2014
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР. 11
1. Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін мектепте графиканы оқытуға даярлаудың теориялық негізі
1. 1 Графиканың тарихи даму жолының ерекшеліктері мен тәрбиелік мүмкіндіктері . . . 13
1. 2 Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін мектепте графика өнерінің алғышарттарын оқытудың маңызы мен теориялық моделі . . . 24
2. Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін мектепте графиканы оқытуға даярлаудың тәжірибелі - эксперимент жұмысы
2. 1 Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін графиканы оқытуға дайындаудың формалары және әдістері . . . 52
2. 2 Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін графиканы оқытуға даярлаудың әдістері мен ғылыми-тәжірибелік эксперимент нәтижелері . . . 69
Қорытынды . . .
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . .
Қосымшалар . . .
КІРСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев биылғы 2014 жылдың 12 қараша күнгі жариялаған «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты халыққа Жолдауында елімізді одан әрі дамытудың перспективалық негізгі 14 тапсырмасын белгілеп, бұл тапсырмалардың орындалуына қажетті қаржыларды нақтылап берді. Елімізде әлемдік бәсекеге қабілетті мамандар даярлау ісін дамытуды 12-тапсырмасында көрсете отырып, оны еліміздегі алдыңғы қатарлы 10 жоғары оқу орындарының материалдық-техникалық базасын жаңарту арқылы жүзеге асыру жолдарын айқындап берді[1] .
Елімізде қазіргі таңда болашақ мамандарды сапалы даярлау жұмыстарының тиімді шешімдерін шығарудың маңыздылығы да артып отыр. Бұл бағытта әсіресе жас ұрпақ тәрбиесі мен білімін қалыптастырып, дамытып, ұштайтын орта мектептің, ондағы ұстаздардың сапалы білім-біліктілігінің өзіндік ауқымды орны белгілі. Соған сәйкес, келешекте сол мұғалімдердің орнын басатын болашақ педагог-кадрларды даярлау, олардың дайындық көрсеткіштеріне ерекше мән берілуі де заңдылық деп білеміз.
Мектепте бейнелеу өнері пәнін оқытуда оқушылардың оқуға ынтасын тәрбиелеу арқылы олардың қабілеттерінің дамуына жол ашылады. Бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі оқушының ынта-ықыласы мен бейімділігін, қабілетінің қандай екендігін есепке алып, оқу үдерісін осы негізге орайластыра жүргізіп отырады. Бейнелеу өнері пәнін оқыту барысында оқушының көркемдік-танымдық қызығушылығы артып, ақыл-ой қабілеті, білімді өз бетімен меңгеру белсенділігі дамиды, заттың түсін, түрін, тегін, көлемін, пішінін, табиғатын ұғу арқылы оның мәнін ғылими негізде терең түсінуге ұмтылысы үдей түседі.
Жалпы орта білім беретін мектепте көркемдік білім мен сұлулық тәрбиесін жүзеге асырушы болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерінің жалпы кәсіби дайындығын қамтамасыз ету барысында олардың графикалық іскерлік дайындықтарының күшті болу қажеттілігі арта түсуде. Себебі сурет салу, графикалық дағдыларды қалыптастыру арқылы графикалық жұмыстардың мазмұнымен, олардың түрлерімен, формаларымен және әдіс-тәсілдерімен танысып, бейнелеу өнеріне үйретудің негізі болатын графикалық жұмыстарының басты практикалық дағдыларын меңгеред
Өнер - тас бетіндегі графика өнерінің алғашқы нышандары, қазақ оюларының таңдаулы өрнектері, халқымыздың мәдениетінен сыр шертетін графика өнері туындылары ұрпаққа мұра ретінде қалдырылған игілік. Осы игіліктерді жоғары оқу орындары студент жастарға оқытудың, баулудың бір формасы - қазақстан өнер тарихы және графика пәні. Қазақстан өнер тарихы және графика пәнінің қазақстан графикасының дамуының теориялық негіздерінде, графика өнері туындыларындағы мәдени құндылықтарды студенттерге оқытудың маңызы зор.
Графикалық жұмыстың ең бастысы - сурет салу, ол заттың, құбылыстың қасиеттерін анықтап, танып білуге бағытталып, білім алушылардың қоршаған ортаны бейнелеуге қажетті ептіліктер мен дағды қалыптастыруларына көмектеседі. Суретті бейнелеуде негізгі талап - саналылық әрі шынайылық болғандықтан, білім алушы алғашқы сәттен бастап бейнелеудің көлемдік, кеңістіктік, сол сияқты, пішіндік, реңдік таным іс-әрекеттерін жүргізуі тиіс. Мәселен, мектепте оқушыға сурет дәптер парағын кеңістіктегі терезе ретінде қабылдату өте көп көмегін тигізеді және бейнелеудің күрделі сатысына жол ашып береді. [2]
Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдері келешекте оқушылардың графикалық іскерліктерін қалыптастыруы үшін графиканың көркемдік құралдарын білуі қажет. Бұл жерде графиканың басты көркемдік құралдарына жататындар: бейнелеу тілінің негізгі элементтері (сызықтар, шрифтер, дақтар, нүктелер) ; оларды белгілі-бір жазықтық бетіне орналастыру құралдары; кескін бейнеленген жазықтықтың қасиеттері. Осы негізгі үш құралды пайдалану арқылы ғана болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерінің сан қырлы шығармашылық және әдістемелік жұмыстарды жүргізуіне мүмкіндіктер көбейеді. Осыған сәйкес, Н. П. Бесчастнов графиканы мынадай түрлерге бөліп қарастырады:
- сызықтық графика;
- штрихтық графика;
- дақтық графика;
- нүктелік кескіндеу.
Сонымен қатар, бұл графика түрлерінің элементтерін біріктіре отырып, яғни сызықтар, дақтар, нүктелер мен штрихтар арқылы орындалатын композициялардың ішінде сызық пен штрих; сызық пен дақ; сызық, штрих және нүкте; сызық, штрих және дақ; сызық, штрих, дақ және нүкте сияқты композициялар жиі кездесетіндігін көрсетеді. Бұл жерде сызық пен штрих бір-біріне өте байланысты, сөйтіп сызық штрих арқылы беки түседі, ал штрихтар сызықтың қозғалысы арқылы біріге түседі[3] .
Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдеріне графикалық сабақтардың мазмұнын, практикалық іскерліктерін игертуді мектеп оқушыларымен практикалық іс-тәжірибе барысында етене байланыста жүзеге асыру көп пайдасын беретіндігі белгілі. Сондықтан бейнелеу өнері сабақтарын жүргізуде болашақ мұғалімдер оқушылардың өзіндік ерекшеліктерін алдын ала білгендері абзал. Мысалы, оқушы бейнелеу үшін заттарды және өмірдің түрлі жағдайларын қызыға талғаммен таңдайды. Ол сурет салу барысында кездейсоқ, елеусіз нәрселердің бәрін алып тастап, тек өзіне таныс, өзіндік ерекше жайларды ғана салады, әрі құбылыстарды жинақтап қорытып, өз бойына сіңіргенін көркем образ ретінде салған суретінде ұсынады. Осыған сәйкес, белгілі кеңестік педагог В. А. Сухомлинскийдің өз құндылығын азайтпайтын еңбектерінде балалардың салған суреттерін баланың рухани өмірінің бір бөлігі деп санап, чуолар қағаз бетіне өзін қоршаған дүниенің бір бөлігін ғана салып қоймай, өздері сол дүниеде өмір сүріп, сол әсемдікті өздері бірге тамашалайтындығы жазылған[4] .
Бейнелеу өнері және сызу мамандығының мұғалімдерін әдістемелік даярлау мәселелері Т. Я. Шпикалова[5], Қ. Әмірғазин [6] және т. б. еңбектерінде теориялық және әдістемелік тұрғыдан негізделген.
Мектеп жасындағы балаларға көркемдік - эстетикалық тәрбие беруді жетілдіру, олардың өнер түрлеріне қызығушылығын қалыптастыру, ұлттық өнер құралдары арқылы оқушыларға эстетикалық тәрбие беру мәселелері Қ. Е. Ералин [7], Б. А. Әлмұхамбетов [8], Б. К. Байжігітов[9], А. Қамақов[10], Л. Г. Медведев [11], Е. С. Асылханов [12], К. О. Жеделов [13], Б. Е. Оспанов [14] және т. б. еңбектері арналған. Сондықтан бейнелеу өнері пәні оқушылардың қоршаған ортаның сұлулығын тануға деген құмарлығын арттыруға бағытталған пән екендігін, көркемдік танымдық мүмкіндіктерге бай әрі оқушының тұлғасын дамытуда ерекше орын алатын пән екендігін әрдайым ұмытпаған жөн. Ал бұл пәннің осындай күрделі міндеттерін жүзеге асыратын және пәннің мерейін үстем ететін - бейнелеу өнері мұғалімдері және болашақ бейнелеу өнері мамандары, яғни қазіргі студенттер.
Заттардың формасын штрих арқылы салу үшін сурет сызықтардан, штрихтардан және дақтардан құралатындығын айтып өттік. Бұл жерде штрих - қаламұштың немесе қарындаштың өзінше дербес маңызы жоқ қысқа ғана ізі. Ол басқа штрихтармен қосылып біріккенде ғана өң-түс жасай отырып, маңыз бен мәнге ие болады. Қою жазылған штрихтар дақ береді. Сызық - нүктелердің жиынтығы немесе аспаптың созылмалы қимылының ізі. Оның суреттегі ролі күрделі де жауапты, ол бейнеліп отырған нәрсенің мәнімен тікелей байланысты және форманы көркемдік ой елегінің өткізудің нәтижесі болып табылады. Сызық - суреттің ең негізгі, мейлінше әсерлі элементтерінің бірі.
Қазақстан Республикасы мәдениетінің өркендеуіне, ұлттық бейнелеу өнерін зерттеуге үлес қосқан өнер зерттеушіғалымдар Г. Сарықұлова [15], И. Рыбакова [16], М. Ғабитова [17], Р. Көпбосынова [18], Н. Нұрмұхаммедов [19], К. Ли [20], Ш. Тоқтабаева [21], С. Мұқтарұлы [22], Б. Мекішев [23], Е. Е. Ералин [24], Б. К. Байжігітов [25], Қ. К. Болатбаев [26] көркемдік білім берудің мазмұнын анықтап, қазақ бейнелеу өнеріне қатысты теориялық және иллюстрациялық материалдарды толықтыра түсті.
Зерттеу мақсаты: Жоғарғы оқу орындарда «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы муғалімдерін қазақстан өнер тарихы пәнінде графика өнері шығармашылығын оқытудың маңыздылығын ғылыми-теориялық негіздеу, тиімділігін әдістемелік сынақтан өткізу.
Зерттеу міндеттері:
1. Болашақ бейнелеу муғалімдерін оқытудағы шығармашылығын маңызын ғылыми-теориялық негіздеу;
2. Болашақ бейнелеу муғалімдерін кәсіби графика өнерінің алғышарттарын муғалімдерін оқытудың теориялық -құрылымдық моделін ұсыну;
3. Графика өнері туындыларын муғалімдерін оқытудың инновациялық әдістемесін жасау;
4. Графика өнері туындыларындағы мәдени шығармашылығын муғалімдерін оқыту әдістері мен ғылыми - тәжірибелік эксперимент нәтижелерін практикада жүзеге асырып, тексерістен өткізу.
Зерттеу пәні: «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы муғалімдерін қазақстан өнер тарихы пәнінде графика өнері шығармашылығын мәдени құндылықтарды оқыту әдістемесі.
Зерттеу нысаны: жоғарғы оқу орындарда «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы муғалімдерін қазақстан бейнелеу өнері тарихын оқыту үрдісі.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер жоғарғы оқу орындарында қазақстан өнер тарихы және графиканың теориялық негіздерін оқыту үрдісінде, өнердің ертедегі нышаны графика өнері шығармашылығын негізгі құрал ретінде қарастырылып, оның тарихи - мәдени құндылығын оқытудың теориялық-әдіснамалық негіздері дайындалып, олардың мүмкіндіктерін практикада қолданса, онда ұлт тарихы мен мәдениетінен ой өрісін, графика өнері бойынша білімдерін, муғалімдерін іскерліктерін мен шығармашылық деңгейлерін жоғарлатады, графикаға деген қызығушылықтары артады, графика пәнін оқытудың үрдісінің жетілуіне және қазақ графикасының келбетінің өркендеуіне ықпал етеді.
Жетекші идея: Графика өнері туындыларындағы мәдени құндылықтарды оқу-тәрбие үрдісінде тиімді меңгерту муғалімдерін ұлт тарихы мен мәдениетіне қызығушылығы мен білімін, кәсіби дағдыларын, рухани- көркемдік мәдениетін қалыптастырып, шығармашылық қабілетін дамытады.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері: зерттеу нысанасының теориялық әдіснамалық негізі ретінде тарихилық принциптері, зеріттеп отырған құбылысты тарихи дамуын әлеуметтік және мәдени үрдістермен байланыстыра отырып қарау. Графика өнері туындыларындағы мәдени құндылықтар студенттердің бойында тәрбиелік және кәсіби дағдыларды қалыптастыруда философиялық, педагогикалық, психологиялық қағидаларды пайдалану негізінде жүзеге асырылды.
Зерттеу әдістері : зерттеу мәселесіне байланысты философтар, психологтар, педагогтар, тарихшылар, этнографтар, өнертанушылар, мәдениеттенушылардың еңбектеріне теориялық талдау жасау; Қ. Р-ның нормативті ресми құжаттарына және жоғары оқу орнының оқу жоспарлары мен бағдарламалары, мамандықтың элективті курстар каталогы, іс -тәжірибе бағдарламалары, зерттеу пәнінің оқу әдістемелік кешеніне, суретшілер шығармаларына, студенттер шығармашылық жұмыстарына талдау жасау, педогогикалық бақылау, әңгіме, және эксперимен нәтижелерін өңдеу жүргізу.
Зерттеу жұмысының теориялық мәнді мен ғылыми жаңалығы:
1 Графика өнерін болашақ бейнелеу муғалімдерін оқытудағы мәдени құндылықтар маңызын ғылыми-теориялық н егізделді;
2. Кәсіби графикалық туындылар мен кәсіби графика өнерінің алғышарттарын студенттерге оқытудың теориялық -құрылымдық моделі ұсынылды;
3. Графика өнері туындыларын студенттерге оқытудың инновациялық әдістемесі жасалынды;
4. Графика өнері туындыларындағы мәдени құндылықтарды студенттерге оқыту әдістері мен ғылыми - тәжірибелік эксперимент нәтижелерін практикада жүзеге асырып, тексерістен өткізілді.
Зерттеудің практикалық мәні:
Зерттеу нәтижелерін жоғары және арнайы орта педагогикалық, көркем-өнер-техникалық оқу-орындарында, мамандар біліктілігін қайта жетілдіретін мекемелерде пайдалануға болады.
Қорғауға ұсынылатын қағидалар:
1. Графика өнері туындылары арқылы Болашақ бейнелеу муғалімдерін тарихи мәдени құндылықтарды оқытудың ғылыми негіздерін қарастыруда, ғылыми жұмысымызда графиканың дамуының тарихи - мәдени кезеңдері мен графика өнерінің қалыптасып даму кезеңінің хронологиясы жасалынды. Бұл кезеңдердегі графика өнері туралы білім студенттерге әр тарихи кезеңдердегі графика өнерінің туындыларындағы мәдени құндылықтарды қарастырып және оларға графиканың дамып қалыптасуына ықпал еткен эндогендік және экзогендік факторлардың графика өнері туындыларына ықпал ету мезанизімі жасалды.
2. Зерттеу жұмысында қолданыс тапқан графика, петроглиф, эндоген, экзоген терминдері нақтыланып, зерттелген ғылыми зерттеу жұмыстарына салыстырмалы талдау жасалып, өңделіп, қайта қарастырылып түсініктер берілді. Кәсіби графикалық туындылар мен кәсіби графика өнерінің алғышарттарын студенттерге оқытудың теориялық - құрылымдық моделі ұсынылды
3. Ерте дүниеде тас бетінде суреттерін, таңбаларды, қазақ ою - өрнектерін графика өнерінің алғашқы нышандары, мәдени құндылықтардың дерек көзі ретінде маңыздылығы қарастырылып, графика өнерінің алғашқы нышандарындағы жасырын обрыздарды ақпараттық технология мен зерттеуші суретшінің биологиялық қасиетімен үйлесу нәтижесінде жүзеге асатын әдісі жасалынды.
4. Графиканы студенттерге оқыту әдістерінің тарихы қарастырылып әдістермен модельдердің бүгінгі күнде маңыздылығын жоғалтпағаны суретші педагогтардың оқу үрдісіндегі қолданған әдістеріне жасаған бақылу нәтижесі тексерістен өткізілгені көрсеткіштер мен деңгейлермен көрсетілді.
Зерттеу тәжірибелік базасы : ғылыми зерттеу жұмысы Түркістан қаласы, Қ. А. Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің «Өнер, » факультеті «бейнелеу өнер» кафедрасында өтті. Тәжірибелік - эксперименттік жұмыстарға жоғары оқу орнындарының 45- студент, 3-оқытушылары қатысты.
сәйкес ұсынылып отырған модель бойынша оқыту әдістемесінің тиімділігін тәжірибелік-эксперимент арқылы тексеріп, практикаға ендірумен қамтамасыз етілді.
Зерттеу нәтижесін сынақтан өткізу және енгізу:
1. Бейнелеу өнері пәнін оқытуда пәндер интеграциясын пайдалану ерекшеліктері.
ХАБАРШЫСЫ № 3 (85) қыркүйек-қазан 2013
2. Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдеріне этнодизайн композицисын үйретудің маныздылығы.
ХАБАРШЫСЫ № 1 (87) қантар-ақпан 2014
3. Бейнелеу өнерінің терминдер мәселелелері.
«ӨЗБЕКӘЛИ ЖӘНІБЕК ОҚУЛАРЫ 2014» атты 5 республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары
Түркістан, 5 наурыз 201
4. Международный Научный Институт "Educatio"
Ежемесячный научный журнал
№ 5 / 2014
ЧАСТЬ 4
Главный редактор: Вершинин Б. М., профессор, руководитель Института Психологии Новосибирского университета Ответственный секретарь: д. ф-м. н., Егоров Федор Тихонович (РФ, Санкт-Петербург)
Зерттеу құрылымы: Диссертация кіріспеден, екі тараудан және тараулық тұжырымдардан, қорытындыдан, пайданалылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.
Кіріспе бөлімде зерттеудің көкейкестілігі негізделді, мақсаты, мен міндеттері, зерттеу әдістері сараланды, диссертацияның мәнділігі, ғылыми жаңалығы, қорғауға ұсынылған негізгі тұжырымдамалар баяндалды.
«Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін мектепте графика өнерінің алғышарттарын оқытудың маңызы мен теориялық моделі . » - деп аталатын бірінші таруда философ, психолог, педагог, тарихшы, этнограф, өнертанушы, мәдениеттенушы ғалымдардың еңбектеріне және халқымыздың ғұмыр жолынан ақпарат беретін графика өнерінің құнды туындыларына сүйене отырып, зерттеу проблемасының теориялық-әдіснамалық негіздері анықталды. Қазақстан графика өнері туындыларының келбетін қалыптасуына ықпал еткен алғышарттардың тарихи кезеңдерінің моделі жасалып оған сипаттама берілді.
«Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін графиканы оқытуға дайындаудың формалары және әдістері» - деп аталатын екінші тарауда жоғары оқу орнының 6М010700-«Бейнелеу өнері және сызу» мамандығының оқу әдістемелік кешендеріне, кредиттік оқу технологиясы бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру ережесіне талдау жасалып, графика өнері туындыларын оқытудың құралдары мен әдістемесі берілді және зерттеу тақырыбына байланысты жүргізілген тәжірибелік-эксперимент нәтижелері баяндалды.
Қортындыда теориялық және тәжірибелік-эксперимент нәтижелеріне негізделіп тұжырымдамалар мен ұсыныстар берілді.
Қосымшада эксперименттік, анықтамалық және үлгі сабақтарының нақты талдамасы ұсынылды.
Қазіргі кезде мектеп бағдарламасында қоғамға қажетті сұранысқа негізделген іскерліктерге баулу мәселесін қамтитын тақырыптар енгізілген. Соған сәйкес, бейнелеу өнерін оқытудағы графикалық білімдерді игеруде портрет, натюрморт, ою-өрнек т. б. тақырыптармен қатар дизайн, сәндік натюрморт сияқты тақырыптар қосылған. Яғни, қоғамдағы дизайнерлік талғамға деген қөзқарас күшейгендіктен әрі дизайн өнері халықтық мәдениеттің үлкен әрі ауқымды саласына айналғандықтан бейнелеу өнері пәнінің бағдарламасына осындай тақырыптар кіргізіліп отыр. Қазіргі кезеңдегі бәсекеге қабілетті өндіріс бұйымдарының сапалылығы мен сұранысы тікелей сол бұйымдардың дизайнына немесе дизайндық көркем пішініне, тұтынуға ыңғайлылығына тәуелді екендігін еш уақытта ұмытпау керек. Бұл жерде бейнелеу өнері пәні мұғалімдерінің атқаратын педагогикалық қызметінің маңыздылығы мен көпқырлылығы тағы да айқындала түседі[4] .
НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР
Бұл диссертацияда келесі стандарттардың сілтемелері қолданылған.
1 Магистрлік диссертацияны рәсімдеу және қорғауға қойылатын талаптар. 27. 04. 2014ж.
2 ҚР МЖБС 5. 04. 033 - 2012 Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру -магистратура. Негізгі ережелері 27. 04. 2014ж.
3 ГОСТ 7. 1 - 84 Ақпарат, кітапхана және баспа ісі бойынша стандарттар жүйесі. Құжаттың библиографиялық сипаттамасы. Құрастырудың жалпы талаптары ережелері 23. 08. 2012 ж. №1080.
4 «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы (Астана қ., 2014 жылғы 17 қаңтар) . Жариялануы: «Егемен Қазақстан» 2014
5 Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III Қазақстан Республикасының заңы (2014. 14. 01 берілген өзгерістер мен толықтырулары. Жариялануы: «Егемен Қазақстан» 2007 ж. 15 тамыз № 254-256 (24829) ; «Ресми газет» 2007 ж. қыркүйек № 37; ҚР Парламентінің Жаршысы 2007 ж., шілде-тамыз, № 20 (2501), 151-құжат;
6 Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім берудің дамыту тұжырымдамасы // Егемен Қазақстан. - 2003. - 26 желтоқсан.
7 Қазақстан Республикасында Білім және Ғылым министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары». Қазақстан Республикасы үкіметінің 2011 жылғы 19 ақпандағы № 160 Қаулысы (2013. 31. 12 берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) . Жариялануы: «Егемен Қазақстан» 2011 жылғы 2 желтоқсан № 583-587 (26979) ;
8 ҚР МЖМБС 6. 08. 063-2010 Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты жоғары білім бакалавриат мамандық 5В010700 - бейнелеу өнері және сызу Астана; ҚР Білім және ғылым министірлігінің 03. 11. 2010ж. №514
9 ҚР МЖМБС 6. 08. 063-2010 5В010700 - Бейнелеу өнері және сызу мамандығы бойынша білім беру бағдарламаларының мазмұны;
10 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 20. 04. 2011жылғы №152 бұйрығымен бекітілген кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру ережесі.
АНЫҚТАМАЛАР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
Бұл магистірлік диссертацияда келесі сәйкес терминдер мен анықтамалар мен қысқартулар бірге қолданылады.
Графика (грекше graphike (сөздің түбірі) grapho - жазамын, суретке саламын) - бейнелеу өнерінің бір түрі. Оған сурет пен гравюра кіреді. Графиканың бейнелеу құралдары: штрих, сызық, таңба.
Петроглиф - (petros - тас, glifos - жазу) жалпы түсінік бойынша тасқа ойылған, сызылған, қашалған дегенді білдіреді.
Гравюра (франц. gravure, om graver - бедерлеу) - бедер сурет, графиканың бір түрі. Гравюра бетіне бедер түсірілген пластина, гравюра бедерленген пластинадан алынған басылым.
Тастағы гравюра - литография техникасының бір түрі, литографиялы тас бетіне әр түрлі металл инелермен жұмыс жасалынады.
Галерея (франц. galle) - 1. жаңа заман өнерінің көрмесін өткізуге арналған ғимара 2. жекелеген немесе топтасқан ауысып отыратын көрмелер өткізетін орын. беру аясындағы пәндік салада ақпараттарды жасау, жинау, беру, сақтау мен өңдеу үшін қолданылатын әдістер мен тәсілдер жүйесі.
Шығыңқы баспа гравюрасы - бұған ксилография мен линогравюра жатады.
Автолитография - Суретшінің көркем литографияны орындау тәсілінің түрі; мұнда суретші өз шығармасын литографияға арналған арнайы тасқа тікелей түсіреді. - оқытудың арнайы ұйымдастырылған түріндегі жеке тұлғаның жалпы дамуы мен тәрбиесінің, білім беру мақсатын айқындайтын біртұтас педагогикалық үдерістің нақты көрінісі.
Графит (нем. -гр. жазамын) - қарындаш жасалатын түрлі-түсті минерал. Графит қара түстің табиғи жолмен пайда болуының нәтижесі - кристалдық көміртегінің басқа заттармен қосындысынан құралады.
Экзогенді фактор - сыртқы: орыс реалистік мектебінің тікелей әсері, әлемдік бейнелеу өнерінің жанама ықпалы т. б.
Эндогенді фактор - ішкі: тарихи қалыптасқан дағдылар, байырғы нышандар, ұлттық бейімделушілік пен талант т. б.
1. Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін мектепте графиканы оқытуға даярлаудың теориялық негізі
1. 1 Графиканың тарихи даму жолының ерекшеліктері мен тәрбиелік мүмкіндіктері.
Графика өнерінің қалыптасуы мен дамуы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz