Дифференциалды диагнотикасының Ба-ган Инь-ЯН, сыртқы және ішкі, суық және ыстық, толық және бос кеңістіктің негізгі қағидалары



Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Дифференциалды диагнотикасының Ба-ган: Инь-ЯН, сыртқы және ішкі, суық және ыстық, толық және бос кеңістіктің негізгі қағидалары

Мақсаты: студенттерде инерефлексотерапия даму тарихы жайлы қысқаша түсінік қалыптастыру. Чжень-цзю терапияның және ( Инь-Ян, У-синь, Цзан-Фу мүшелер, Чи, қан және дене сұйықтықтары , каналдар және коллатералдар жайлы оқытудың) теоретикалық негіздері. Инерефлексотерапияның емдік механизмдерінің қазіргі уақыттық теориялары: капиллярлық, иондық, нейрогуморальді, кіші атомдық жарылыс теориясы, биоэлектрикалық, ұлпалық. Студенттерді аурудың негізгі 8 белгілерімен таныстыру, цзин-ло жүйесімен және канальды диагностика жүйелерімен таныстыру. Шығыс медицина тұрғысынан пропедевтикалық диагностика негіздерін үйрену.

Дәріс жоспары:

1.Дифференциалды диагнотикасының Ба-ган: Инь-ЯН негізгі қағидалары.

2.Дифференциалды диагнотикасының Ба-ган: сыртқы және ішкі негізгі қағидалары.

3.Дифференциалды диагнотикасының Ба-ган: суық және ыстық негізгі қағидалары.

4.Дифференциалды диагнотикасының Ба-ган: толық және бос кеңістікт негізгі қағидалары.

1.ЭТИОЛОГИЯ

Ауруды әр турлі факторлар шақырады, дәстүрлі қытай медицинасы оны үлкен екі топқа бөледі: экзогенді(сыртқы)-алты сыртқы патогенді факторлар, токсикалық,эпидемиялық фактор,және эндогенді(ішкі)-жеті көңіл,физикалық күштеме,дұрыс тамақтанбау. Әрбір аурулардың симптомдар мен белгілері ағзаға патогенді факторлардың патологиялық реакциялары.Сондықтан себебті факторлар аурулардың пайда болуына және патогенді фактордың ағзаға ену жолдары болып табылады.

1.
Алты сыртқы патогенді факторлар

Жел,суық,ыстық,жазғы самал,ылғал,құрғақтық алты климаттық факторлар болып келеді және қалыпты жағдайда ағзада патологиялық өзгерістер тудырмайды.Бұл факторлар ағзаның әлсізденуі кездерінде ауру тудыруы мүмкін.Алты климаттық фактормен шақырылған ауру мезгіл жылдарымен байланысты: көктемде ауру көбінесежелмен шақырылады,жазда- ыстықпен , жаздың соңында-, күзде- құрғақтықпен,ал қыста-суықпен.Сондықтан бұл аурулар мезгілдік деп аталады.

Сыртқы ортаның ену факторы болып тері,ауыз,мұрын, сондықтан бұл аурулар сыртқы орта аурулары деп аталады.Әрбір алты патогенді факторлар өзінше ағзаны зақымдай алады.Сонымен қатар патогенді факторлар бір-бірлеріне тасмалдана алады

1.
ЖЕЛ

Жел патогенді факторлардың кең таралған турі және барлық мезгілдерде өз күшін көрсете алады, әсіресе көктемде және ол ағзаға оңай ене алады

. Есте сақтай отырып, патогенді желден басқа тазартатын желде бар,оның ағзаға деген әсері жағымды және ағзадағы патогенді факторларды шығаруға көмектеседі.Бұндай желдер сегіз(БА ФЭН): көктемнің алғашқы кундері солтустік-шығыстан жел қолайлы,орта кездерінде-шығыс,жаздың бірінші күнінен оңтүстік-шығыстан,жаздың ортасында-оңтүстіктен, күздің алғашқы күндерінде-оңтістік-батыс,орта кездерінде-батыстан,қыстың бірінші күндеріеде-солтүстік- батыстан,орта кездерінде-солтүстіктен.

Желдің ағзаға беткей енуі суық тиген аурулардың белгілері болып келеді.Олардың кезеңдері үш ян мен үш инь зақымдалуымен жіктеліп, патогенді фактордың неу тереңдігін анықтайды.

2.
СУЫҚ

Суық қыстың патогенді факторы болып келеді, бірақ басқа мезгілдер де интенсивті суықтар кездеседі.Патогенді суықтын ағзаға енуі дұрыс киінбеуде, қатты суықтарда және т.б. кездерде енуі мүмкін.

Суық ИНЬ типінің патогенді факторы болып келеді және ЯН чи энергиясын төмендетеді, осының нәтижесінде ағзаның жылу беру процессі бұзылады да, аяқ-қолдардың суықтпуы,іште ауырсыну,іш өту, ашық түсті зәр болады.Суық ұю және қысу қасиетіне ие, буындардың,бұлшықеттердің спазмына және қан айналымның бұзылуына әкелді.БХолод является патогенным фактором типа ИНЬ и исто - щает энергию ЯН ЧИ организма, в результате чего страда - ют процессы согревания организма и появляется похолодл терінің құрғауымен,ауырсынумен байқалады

3.
ЫЛҒАЛДЫЛЫҚ

Ылғал күздің ең негізгі патогенді факторы болып табылады.Ылғал дене сұйықтығын құрғатып, терінің,жұтқыншақтың,тілдің құрғауына,шаштың тусуіне, іш қатуға әкеледі.Ылғал өкпені жиі зақымдайды да, ылғал қақырықпен жқтелмен көрінеді.

4.
ЫСТЫҚ

Ыстық янның мөлшерден тыс болуын шақырады.Патогенді ыстық үш негізгі дәрежесі болады: от, ыстық ,жылы.Ыстық ян типінің патогенді факторы болып келеді және жылыту қасиетіне ие.Клиникалық көрінісінде ыстық қызбамен,мазасыздану,бас аурумен және көздің қызаруымен, терлеумен көрінеді.Патогенді ыстықтыңбұзылуында психикалық мазасыздықпен,эмоциональді қозғыштықпен,ауыр жағдайларда-комаға түсуі мүмкін. Патогенді ыстық иньнің сйықтығын құрғатып, қатты ыстықпен,ауыздың құрғауымен,іш қатумен көрінеді.Патогенді ысқық қанды зақымдағанда,қан айналымның тездетілуі,ауыр жағдайда қан тамыр сыртына шығып, мұрыннан қан кетулермен,қан түкіру, гематурия мен көрінеді

1.1.5.ЖАЗҒЫ САМАЛ

Жазғы самал тек жазда ғана кездеседі.Бұл патогенді фактордың енуі кунде ұзақ уақыт болған кездерде болуы мүмкін.Жазғы самал өте қатты ыстықпен және ян типінің патогенді факторы болып келеді.Бұл үлкен қызбамен, терлеумен,пульстің жиеленуімен көрінеді.Ол басты, қөру жүйесін,бас айналуын тудырады.Ағзаның құрғауынан терінің , ауыздың,жұтғыншақтың құрғауына әкеледі.

Алты патогенді факторлардан басқа тағы-инфекционны-эпидемиялық фактор бар.Оның көріністері патогенді ыстыққа ұқсас, бірақ оның жоғары улығына және эпидемиялық ошақтар туғызу қасиеті дәстурлі кытай медицинасында бөлек жазылады.

Алты сыртқы патогенді факторлар туғызатын аурулардан басқа, ЦЗАН-ФУ функциональді бұзылыстарынан дамитын көптеген аурулар дамиды.

2.
ЖЕТІ ЭМОЦИОНАЛЬДІ ФАКТОРЛАР

Дәстүрлі кытай медицинасында келесі жеті көңілді бөледі: қуаныш,қорқыныш,сағыныш,қайғы,сағын ыш, ыза.Бұл эмоциялар қалыптыда адамда да кездеседі.Бірақ ұзартылған және кенеттен болған эмоциялы реакциялар ағзаның регуляторлы жарылуына әкеледі, егер субъект осыған сезімтал болса.Бұл кезде ЦЗАН-ФУ мүшесі қобалжып,ауру пайда болады

ЦЗАН-ФУ мүшесі арнайы бір эмоциямен байланысты, олардың көп мөлшерде болуы ыза-бауырды,қуаныш-жүректі,сағыныш- өкпені,ал қорқыныш-буйректі бұзады.Эмоциональді факторлармен жүрек,бауыр,көкбауыр тығыз байланыста.

Жеті эмоцианальді факторлар ЦЗАН-ФУ мүшелерінің біреуін немесе бірнешеуін зақымдауы мүмкін

Дурыс тамақтанбау, физикалық куш тусу, гиподинамия және стресс

Дұрыс тамақтанбау ағзада көптеген ауруларды туғызуы мүмкін және ағзаны келесі жолдармен зақымдауы мүмкін:

а) Көп ішу немесе аз ішу.Қабылданатын тағамның саны ағза суранысына сәйкес келуі тиіс.Егер тағамды қалыптыдан көбірек қабылдаған болса, асқазан немесе көкбауыр зақымдалады.Клиникада кекірумен,құсумен,эпигастрий аймағында ауырсыну, тәбетінің төмендеуімен көрінеді.Аз қабылдау да әр турлі ауруларға әкеледі, арықтаумен және ағзаның әлсіреуімен көрінеді.

б) Басқа тағамдарды шектен тыс қабылдау. Тамақтану тепетең қалыпта журуі тиіс және тек осы жағдайда ғана адам керекті қоректене алады. Суық, шикі тағамға уйір болу көкбауырды зақымдайды, аокоголь,майлы тағам,тәтті және өте тәтті тағам қабылдау жүректі,флегмонаның тузілуінғқанның қоюлануына әкеледі.

в)Сапасы жоқ тағамды қолдану. Егер тағам жаңа емес,уланған болса, көкбауыр мен асқазанды зақымдайды да, іштің ауырсынумен,жүрек айну, құсу, іш өтумен көрінеді.Уланған тағам паразитарлы аурулар туғызуы мүмкін.

Физикалық куш тусу және стресс. Адекватты физикалық жаттығулар және дем алу аурулар тудырмайды, олардың профилактикасында маңызды роль атқарады.Бірақ куш тусу және стресс өмірлік энергияны төмендетіп, әсіресе ВЭЙ ЧИ ді. Физикалық белсенділік жоқ кездері қан айналымы бұзылады, ЦЗАН-ФУ қызметі төменлейді.

2. ПАТОГЕНЕЗ

Аурудың себебі болып жергілікті немесе жалпы,жүйелі болуы мүмкін.Жалпы себебі инь мен ян арасындағы дисгармон болып келеді. Қорғаныш чи ағзаның сыртқы ортаға қарсы тұру қасиетімен көрінеді.Патогенді чи(СИЕ ЧИ)-бұл барлық патогенді факторлар. Аурудың дамуына шектен тыс патогенді фактор қажет, немесе екі бірдей СИЕ чи мен ВЭЙ чидің әлсізденуі әкеледі.Екі соңғы жағдай аурудың пайда болуында басты роль атқарады.

2.1. ИНЬ - ЯН АРАСЫНДАҒЫ ДИСГАРМОНИЯ

ИНЬ - ЯН арасындағы дисгармон патологиялық ығысу.Бұл дисгармон ыстық немесе суық синдромдарымен көрінеді. Ыстық синдромы янның шектен тыс мөлшерде байқалады,ал суық синдромы иньнің көп мөлшерде болғанда .Ыстық синдромы ИНЬ жетіспеушілігінен туындайды,ал суық синдромы ЯН жетіспеуінен туындайды.

Барлық өзгерістермен көріністер ИНЬ ЯН бойынша жіктеледі.Барлық ЦЗАН-ФУ мүшелері,қоректік және қорғаныс ЧИ, ішкі және сыртқы, төмендетілген және жоғарлатылған- барлығы ИНЬ мен ЯН ды көрсетеді.Сондықтан функциональді бұзылыстардың барлығы ИНЬ чи мен ЯН чи арасындағы дисгармонға жатады.Все проявления и изменения заболеваний могут быть классифицированы по ИНЬ и ЯН.

ИНЬ - ЯН

Әлемді танудағы ең бірінші сатылардың бірі екі бастаудың Инь-Ян теориясы болып табылады, бұл даосизмнің философиялық категориялары, ол әлемдегі барлық құбылыстарды, олардың екіжақтылығын, бір біріне енуі мен қарсыласуының барлығы Тайцзиту монадасында жазылған. Монадада ақ түс Янды білдіреді (сур.1), ал қара түс- Инь. Ян ортасындағы қара нүкте Инь, яғни ол Янға ауысады, өзінің шарықтау шегіне жетеді және де керісінше. Қытайдың классикалық философиясында Янға күн, ер адам,жаз, жарық, жылы , жеңіл сияқты т.б. жатады, ал Инь категориясына әрине -ай, әйел адам, түн, қыс, суық, қараңғы, ауыр, суық жатады.

Адам табиғат бөлігі ретінде Инь-Янға бағынады. Инь-Ян элементтеріне бөліну тұтас адамнан басталады: Ер адам - Ян, Әйел адам - Инь.Кейін адам денесі бөлінеді,ол тұтас ағза болып табылады: Янға дененің жоғарғы бөлігі, сол жақ, дене мен аяқ қолдардың артқы беткейі, дем шығару, Фу-мүшелер және т.б., ал Иньге дененің төменгі бөлігі, оң жақ ,дене мен аяқ қолдардың алдыңғы беткейі, дем алу, Цзан - мүшелер. Бұл қарастыру ер адамға тән. Әйел адамға Инь-Ян жақтары мен дене беткейлері қарама қарсы болады.

Инь мен Ян абсолютты емес және бір бірінсіз өмір сүре алмайды. Олардың тұрақты қарсыласуы бірбіріне деген бақылауды орнатады сондықтан адам жағдайында бұл гомеостатикалық тепе теңдікті іске асырады. Инь мен Ян арасындағы баланстың бұзылуынан ағзада ауру пайда болады. Аурулар Инь мен Янға бөлінеді және дәрігер үшін аурудың және жағдайдың қай түрге жататынын анықтау қажет, ағымның, патологиялық үрдістің қандай болатынын болжай білу қажет. ( Яннан Иньға және Иньнен Янға).

Клиникада кездесетін барлық ауруларды Инь мен Ян тұрғысында қарастыруға болады. Қарастырылған сыртқы және ішкі симптомдар , суық және ыстық, жетіспеушілік пен шамадан тыс болуын Инь Ян теориясымен түсіндіруге болады. Инемен емдеу мен күйдірудің негізі балансты қалыптастыру болып табылады. Емнің бағытын анықтау үшін клиникада аурудың Инь немесе янға жататынын анықтау өте маңызды. Жиі Ян симптомдары ыстық пен шамадан тыс болуымен сипатталады, бұл жағдайда инемен емдеуде седативті ем қолданады, оның негізіне Ян каналдараының нүктелері кіреді; Инь симптомдарына жетіспеушілік пен суық симптомдары жатады, бұл кезде күйдіру мен стимуляция қолданылады, емнің негізін Инь канлдарының нүктелері құрайды. Ян симптомдарын емдеу кезінде "инемен көп, ал күйдірумен аз емдеу ", инемен емдеуді беткей жүргізеді, инені қалдырмайды; Инь симптомдары кезінде"көп күйдіру, аз инемен емдеу ", инені терең енгізеді де инені қалдырады.

Чженьцзю мағынасы адам ағзасындағы аурумен шақырылған Инь мен Ян арасындағы дисбалансты қалпына келтіру. Қытайдың классикалық философиясы УСИН барлық әлемнің бес алғашқы элементтен пайда болды деп айтылады, оларға Жер, Металл, Су, Ағаш және От жатады( сур.2). Осы элементтердің өзара арақатынасы Усин концепциясында өз орнын тапқан, онда У бес, ал Син- ауысу деген мағынада. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ИНЕШАНШУ ЖӘНЕ КҮЙДlРУ
Балаларға арналған көктемгі киім колекциясы
Қытай жазуы ерекшеліктері
Қытай. Үнді
Жаңа Қытайдың әдебиет қоғамы
Қытай бейнелеу өнерінің ұстанымдары
Қытай философиясының тарихы
Көне қытай философиясы жайлы
Түркі тілдері туралы
Ежелгі Қытай философиясының ескерткіштері
Пәндер