Дін анықтамалары мен құрылымы. Шығу тегі туралы тұжырымдамалар



Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Дін анықтамалары мен құрылымы. Шығу тегі туралы тұжырымдамалар.
2. Дін негіздері
3. Діндер классификациясы.

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Дін, адамзатпен бірге пайда болды, адаммен бірге тіршілік етуде және куә болғанымыздай адамзатпен бірге болмысын сақтайтын тәңірлік жүйе. Адамзат тарихына қаншалықты тереңірек үңілсеңіз де наным-сенімсіз ешқандай қауымды кездестірмейсіз. Тарихи кезеңдерде болғаны секілді б.з.д. кезеңдерде де адамзаттың кейбір діни сеніммен өмір сүргендігі ғылыми зерттеулерде кездесіп жатады. Біз бұдан қоғамның бірлігін сақтайтын негіз дін екендігін көре аламыз. Мұнымен қатар философия, құқық, этика секілді адам жайындағы білімнің қайнары дін екендігі қабыл етілуде. Тіпті Виктор Кузин Әрбір нәрсе дін төңірегінде, дін үшін, дінмен қалыптасты - дей келе діннің тақырыбы мен саласын одан әрі кеңейте түсті.
Адамзат тарихында өте маңызды орынға ие болған діннің сөздік және терминдік мағыналарына тоқталу дін ұғымының түсінікті болуына жәрдемші болады.
Діннің сөздік және терминдік мағынасын жалпы дін логикасымен және соңғы иләһи дін Ислами көзқарас бойынша қарастырамыз.
Барлық қоғамда дін ұғымын білдіретін бір сөз қолданылады. Дін сөзі тарихи беттерінде Авестада daena, пеһлеви тілінде (ежелгі парсы тілінде) den кейінгі парсы тілінде din секілді сөздермен түсіндірілуде: жол, мәзһаб, құлшылық рәсімдері, амал, тәсіл деген мағыналарға келеді. Қазіргі таңда дін ұғымы, тек қана дін сөзінің орнына қолданылуда.
Иврит тілінде де алғашында ғибадат, құрбан және дұға істерін бағалау мақсатында қолданылған abodath elohim тұрақты сөз тіркесі сонымен қатар дін ұғымын да білдірген. Дін ұғымын білдіру үшін кей уақыттарда психологиялық термин болып есептелетін. yir'ah (қорқыныш, үрей) ömanath (иман) сияқты сөздер қолданылған. Алайда Киелі Кітаптан кейінгі әдебиеттерде dath сөзі дін үшін қоғамдық термин болды. Бұл сөздің парсы тіліндегі dad тан алынғандығы, Езра және Естер кітаптарында үкім, әмір, бұйрық мағынасында қолданылғандығын алға тартады.
Көне Грек тілінде дін сөзі қорқыныш пен аралас құрмет мағынасына келетін thri oheya сөзімен қалыптасқан еді. (бұл сөз әдет - ғұрып мағынасына келеді)
Сөздіктерде түрік тілінде қолданылатын дін сөзінің араб тілінен келгендігі белгілі. Исламнан бұрын түркілердің дін ұғымын түсіндіру үшін қилы кезеңдерде drm, dapm, nom, den секілді сөздерді қолданғандығы деректерде кездеседі. Бұлардан drm, darm дін, сенім мағынасында, санскритше dharma дан (пали тілінде dhamma) nom, дін, сенім, заң мағынасы соғды тілінен өкендігі белгілі. Бірақ тарихи кезеңдерде түркі халықтары мен мемлекттерінде дін ұғымын түсіндіу үшін қай сөзді қолданғандығын нақты айту қиын. Мұнымен қатар ұйғырлар арасында дін мен мәзһәб сөзінің орнына дін сөзін қолданғандығын көреміз. Арабшадағы дін сөзі орта Ираннан шыққан деп айтылуда. Қысқасы арабша, ежелгі Иран және ескі түрікшедегі дін сөзінің қайдан шыққандығы жайлы нақты бір байламға келген жоқ.

1.Дін анықтамалары.
Дін-әлемдік өркениетттегі барлық қоғамдарға тән тарихи,саяси-әлеуметтік, дүниетанымдық және психологиялық құбылыс.Адам рухымен тікелей байланысты дін адамзатпен ықылым замандардан бері бірге жасасып келеді.Дін сан қырлы,күрделі және нәзік нәрсе.Дінді Жаратушы мен адамның арақатынасы,адамның танымынан тыс күштердің барлығына сенуі және илану деп анықтауға болады.Діннің мәнін анықтаудағы барлық тұжырымдамаларды дүниетанымдық жағынан дінтанулық және теологиялық ( діни ) деп екіге бөліп қарастыруға болады. Дінтануда дінді ғылыми тұрғыдан танудың тәсілдері философиялық-әлеуметтік, биологиялық, психологиялық және этнологиялық болып бөлінеді.
Дінтанулық тұрғыдан дін-қоғамдық сананың бір түрі,дүниетанымның нысаны,діни мәдениет түрінде көрінуі,әлеуметтік қызмет атқаратын құбылыс,адамның сезім дүниесі, адамның туа біткен қасиеті,этностың қалыптасуы мен ұлттық мәдениеттің факторы. Дінтанулық тәсілдердің барлығы жеке-жеке алғанда діннің мәні,дін қалай пайда болды,ақиқат дін қайсы деген сұрақтарға толық жауап бере алмайды.Қазіргі кезде дінтануда діннің жүзден астам анықтамасы бар.Жалпы алғанда дінтануда дін әлемдегі құбылыстарды қабылдау мен түсіндірудің,әлемді тану мен меңгерудің өзіндік жолы,жеке адамдардың және қоғамның өмір сүру тәсілінің маңызды құрамдас бөлігі немесе мәдени феномен тұрғысында қарастырылады.
Теологиялық тұрғыдан дін- Құдай мен адам арасындағы байланыс.Дін адамның жаратылысынан келетін сезімі,адам бір нәрсеге сеніп өмір сүруге, өміріне мән -мағына беруге мұқтаж.Исламдық тұрғыдан адамзаттың алғашқы діні кемел дін яғни ислам діні.Адамдар кейіннен басқа қате сенімдерге бойұсынып,Алладан басқаға табынған.Ұлы Алла адамдарды алғашқы дініне қайтару үшін пайғамбарлар жіберген,кітаптарды аян етіп түсірген.Сонда да адамдардың ішінде илахи ( құдайлық) дінге сенбеген өздері шығарған діндерге сыйынғандары болған.Сондықтанда адамзат әлемінде илахи діндермен қатар адамзаттық діндерде жасап келеді.Діни сенім тұрғысынан дін-Алланың пайғамбарлары арқылы адамдарға түсірген екі дүниеде бақытты болу жолын көрсететін қағида ережелерінің жиынтығы.
Дін сөзі араб тілінде заң,қағида,жол,бағыт,сот,жаза және т.б мағыналар береді.Дін адам үшін,ол адамның пайдасын көздейді,адам жаратылысындағы сенім сезімін күшейтеді.Дін сезімі жаратылыстан келеді.Дін-адам рухының азығы.Рух пен тәнді тең дәрежеде қанағаттандыратын адам өз жаратылысының мақсатын жүзеге асырады.Дін адам мен қоғам өмірінің барлық саласын қамтиды,тек ғана адамның пайдасын мақсат етеді.Дін адамның мінез-құлықтарын жақсартып қабілеттерін жетілдіреді.

Дін анықтамалары:
Дін-кез келген мәдениет пен өркениеттің негізі, қозғаушы күші.
Дін- адам өміріне мән-мағына беретін сенім,ілім.
Дін-адамшылық өмірдің негізі.
Дінге қарсы атейзм жайлы айта кету қажет. Атейзм(а-жоқ,тейзм-құдай)-дінге қарсы дүниетанымның бір түрі. Атейзмнің радикалды және жұмсақ екі түрі бар.Радикалды атейзмді кешегі кеңес өкіметі жүргізді.Ал жұмсақ атейзм -дінге қатысты қазіргі дінтанудағы ұстаным,оның мәні мынада діннен адам мен қоғамға дәл қазір пайда бар ма ,онда дін бола берсін,келешекте ғылым білім дамыған кезде дін өмірден қалады деген көзқарас.Діннің дінтанулық тұжырымдамаларының барлығын осыған жатқызуға болады.Өйткені бұл көзқарастың басты ерекшелігі жоғарғы тылсым күшке сенбеуі.Ал өз кезегінде теологиялық бағыт барлық нәрсені бір жаратушыға сенім тұрғысынан қарастырады.
2.Діннің құрылымы.
Дін құлшылық жолындағылар мен Құдіреттің арасындағы бір байланыстың барлығына деген сенімге негізделеді және ол сенім бір діни ілім түрінде тұжырымдалып,тұрмыста діни салттар мен ғұрыптар түрінде көрініс береді.Ол құрылымдық жағынан діни сенім,дінілімі,діни ғұрып және діни ұйымнан тұрады.Енді осыларды жеке-жеке қарастырамыз.
а)Діни сенім.Діннің негізін сенім (иман) құрайды.Сенім-адамның ешқандай күдіксіз (күмәнсіз) бір нәрсені қабылдауы немесе сол нәрсеге илануы, басқаша айтқанда адамның психологиялық ахуалы.Сенім адамның табиғи жаратылысынан келетін сезімі.Сенімнің басты ерекшелігі шеткі даралық және сенім обьектісіне тікелей қатынас.
Сенім мен білім арақатынасын айта кеткен жөн.Білім сенімге қарағанда теориялық және практикалық тұрғыдан негізделген, қисынды және дәлелді.Ал сенім құбылысын ғылым табиғи психологиялық бастаулардан шығарады.Мұндай негіздерге жататындар:
-эмоция және сезім-жақсы және жаман сезімдер
-ерік
ә)Дінілімі. Діни ілім-сенім мазмұнының жүйелі баяндалуы,яғни ешқашан өзгермейтін ақиқаттар.Маңызды жүйелі діндерде дінілімі қасиетті кітаптарда негізделеді. Қасиетті кітап мәні жағынан " аян" ( орыс тілінде откровение ) деп аталады.
б) Діни ғұрып.Діни ғұрып- жеке және ұжымдыұ рәсімдердің белгілі бір нақты жүйесі,олар арқылы адам Құдаймен мистикалық тұрғыда байланысқа түседі.Діни ғұрып рәміздік іс әрекеттердің жиынтығы.Оған жататындар рәсім,дұға,ғибадат және т.б.Ғұрыпсыз дін болуы мүмкін емес,өйткені діни сана практикада ғұрып арқылы көрініс береді.
в)Діни ұйым. Әрбір діннің өз ұйымы бар.Діни ұйым - дінге сенушілердің әрекетін реттейтін және олардың қажеттіліктерін қаматамасыз ететін бірлестіктер жүйесі мен іс-әрекет түрі.Діни ұйымның негізгі түрлеріне жататындар: діни топ,діни қауым,деноминация,шіркеу және секта.
а)Діни топ-діни рәсімдерді бірге атқаратын кішкентай ұжым.
ә)Діни қауым-орталықтанған басшылығы жоқ діни қызметті бірге атқаратын ұжым,оған тән белгілер ерікті мүшелік және ғұрыптың жоғарылығы.Діни қауым өткен және қазіргі уақыттада діни ұйымның кең таралған түрі болып табылады.
б)Деноминация (латын.denomіnatіo-арнайы ат беру )-ұйымдасу деңгейіндегі діни бірлестікБұл терминнің синонимі конфессия.
в)Шіркеу-сенім мәселері мен діни ғұрыпты реттеп отыратын діни қызметкер ( клира ) және қарапайым дін өкілдерінің ( мирян) орталықтанған сатылы ( иерархиялық) бірлестігі.Шіркеудің классикалық үлгісі христиандықта.
г)Секта-өзіндік діни ілім мен ғұрыпқа ие діни ұйым.ол өзі ұстанған жолдың дұрыстығына күмәнсіздігімен ерекшеленеді.Сектаға тән нәрсе-өздерінің Құдайдың қалаулы адамдары екендігіне берік сенім, оқшауланушылық, ғұрыптарына ерекше беріктік, секта мүшелерінің теңдігін жариялау, дәстүрлі қоғамдық құндылықтар мен ұллтық ерекшеліктеге мән бермеу,келісімге келмеу және миссионерлікпен белсенді айналысу.
Діннің шығу тегі қатысты тұжырымдамалар
1.Діннің шығу тегіне қатысты дінтанулық концепциялар
Дінтанулық теориялардың көпшілігі діннің шығу тегін рационалды-психикалық аспектіден қарастырады.яғни адам өз табиғатын(болмысын), өзін қоршаған ортаға ауыстыру негізінде тылсым күштер мен құдайға сенім пайда болды деп түсіндіреді.Олардың бірнешеуін қарастырып көрелік.
а)Натуралистік теориялар.Оның көрнекті өкілдері Л.Фейербах(1804-1872), К.Маркс(1818-1883), Ф.Энгелс(1820-1895) және т.б.Алғашқы қауымдық кезеңде адамдар білмегендігінен же қараңғылығынан табиғат күштері мен өмірдегі оқиғалардың мәнін түсіне алмады,дәрменсіздігі мен шектеулілігі,үрей мен қорқыныш туғызды,нәтижесінде адамдарға күнделікті өмірде үстем етуші сыртқы күштердің,олардың басында фантастикалық сәулеленуі діннің шығуына алып келді,адам құдай мен рухтарды өз ойынан шығарды деген тұжырым жасайды.Сонымен діннің пайда болуының себептері адамдағы білімсіздік, шектеулік, дәрменсіздік же үрей мен қорқыныш деп түсіндіріледі.
Бұл теорияның кемшілігі: біріншіден адамдардың үрей мен қорқыныш себебінен құдай жасап алуы.Адам көп нәрседен үрейленеді(аң,ауру же т.б), бірақта олардың барлығын құдай жасаған емес же жасапта жатқан жоқ.Екіншісі білімсіздік, қоғам дамыған сайын білім- ғылым артып,дін бірте-бірте жойылады деген тұжырым.Бірақта қазіргі ғылым мен техника дәуірінде де адам дінге сенуде,адамзат жаппай діннен кетіп жатқан жоқ,қайта керісінше дінге бет бұруда,атақты ғалымдардың көбісі діни сеніммен өмір сүргені белгілі.
ә).Әлеуметтік концепциялар.Көрнекті өкілдері: О.Конт (1798-1857), М.Вебер (1866-1958), Э.Дюркгейм (1858-1917),Т.Парсонс (1902-1986) және т.б.Бұл тәсіл дінді әлеуметтік қызмет атқаратын құбылыс деп қарастырады.Біріншіден, дін адам өмірінің қоғамдық ортасының белгілі бір үлгісін жасайды,онда тіл және т.б барлығына түсінікті.Осындай қызмет арқылы дін барлық адам іс-әрекетіне мәнді мағыналық сипат береді,яғни "Жоғарғы тылсым күш немесе Құдай сенімі өте идеалды болсада,олар нақты шындық ретінде әрекет етеді". Екіншіден, дін әлеуметтік институт ретінде қоғамдық ортада ереже,іс-әрекет қағидаларын белгілейді,оларды адамға абсолютті маңызды етеді.
Әлеуметтік тұжырымдамалар діннің пайда болуының алғы шарттарын қоғамнан,әлеуметтік ортадан шығарады.
б).Биологиялық-психологиялық концепциялар.Өкілдері У.Джеймс (1842-1910), В.Дильтей (1833-1911),Л.Леви-Брюль (1857-1939),З.Фрейд (1856-1939),Э.Фром (1900-1980) және т.б.Бұл концепциялар адамдағы күшті діни сезімдер немесе эмоциялы -психикалық ахуал діннің пайда болуының басты себебі деп түсіндіреді.
в).Этнологиялық коцепциялар.Көрнекті өкілдері Б.Малиновский (1884-1942),Э.Тайлор (1832-1917) және т.б.Дін- өнер,мораль секілді мәдениеттің табиғи түрде қалыптасқан алғашқы элементтері және сол мәдениеттің даму тәсілі деп саналады.
Қорыта айтқанда дінтанулық тұжырымдамалар діннің шығу тегін материалистік-атейстік дүниетаным тұрғысынан түсіндіреді.

2. Діннің теологиялық концепциялары.
Теология адам санасындағы Құдай идеясы және діннің пайда болуының негізі Құдайда,Құдай бар,ол дүниені жаратты,адамды ерекше жаратып оған ақыл,күш,ерік берді. Адам өз ақыл,күш жігерін жұмсай отырып ұлы жаратушысын тани алады деп тұжырымдайды.Құдайдың барлығына дәлелдер келтіреді:
1.Онтологиялық (болмыс) дәлел: біз кемел нәрсе Құдай бар деп қабылдай аламыз,егер ол жоқ болса біз оны елестете де алмас едік.Кант бұл тұжырымға қарсы болды,ол " Егер сіз Құдай бар деп сенсеңіз,онда оның бар болуға мұқтаж екенін қабылдауға тура келеді.Бірақ сіз Құдайды бар деп мойындауға міндетті емессіз,яғни оны дәлелдеуге ұмтылудың керегі жоқ" - деген еді.
2.Космологиялық дәлел: күрделі әлем пайда болуы үшін оны қозғалысқа түсіретін алғашқы себеп,түрткі керек,ал енді сол себептің өзі себепсіз, бастаусыз, мәңгілік кемшінсіз болуы тиіс. Ғылымда бұл дәлел креационизм концепциясында айқын көрсетілген
3.Телеологиялық дәлел: дүние және ондағы барлық нәрсе алдын ала белгілі пішімде мақсатты түрде жаратылған.Дүниеде тәртіп,реттілік пен үйлесім бар,хаос жоқ.
4.Моралдық дәлел: мәңгілік абсолютті моралдық заң бар,оны жаратушы жаратқан. И.Кант осы ойды айтты, категориялық императив (ар-ұят) неге адамды басқарады. Өйткені Ұлы Жаратушы кемел,ол ізгілік пен зұлымдықты өзі жаратқан.Адамның ар мен ұятты жоғары қоюы жаратылыстың заңдылығы.
5.Тарихи дәлел: сенімнің жалпылығы мәселесі.Тарихта дінсіз жеке адам мен мемлекеттер болсада,қоғам мен халықтың жаппай дінсіз болмаған.
6.Психологиялық дәлел: адамда діни сезімдердің болуы сыртқы себепке байланысты,ол себеп Құдай. Құдай дінді адам рухына сиғызып,кейін оны қасиетті мәтін ақиқатында ашты деп түсіндіріледі.

3. Діннің шығу тегіне қатысты қазіргі ғылыми көзқарас.
Ғылым діннің шығуын әртүрлі түсіндіреді.Ғылым дінді табиғи инстинкт,өмір үшін күрестің құралы деп санайды және діндарлық генінің болуы ықтимал деген болжам жасайды.Дін туралы ғылыми білім діни және атейстік мазмұнда емес, ғылым дінді қорғамайды да және оны сынға алып қарсыда шықпайды.Тарихта діннің догмаға ұрынып бір жақты кеткені және ғылымның да идеологиялық шырмауға түсіп дінді жоққа шығарғаны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дін анықтамалары
Діннің тұжырымдамасы
Діндер тарихы лекциялар жинағы
Дін. Діннің құрылымы мен элементтері
Ұйымдық мәдениет
Кеден қызметі ақпараттық жүйесін құру. Кедендік пост ішкі жүйесі
Аударма теориясындағы эквиваленттілік ұғымы
Түр концепциялары
ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ТҮСІНІКТЕР
Әлеуметтану қоғамдық – гуманитарлық ғылымдар жүйесінде
Пәндер