Дін психологиясы жайында



Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Дін психологиясы
Дін психологиясының тақырыбы мен зерттеу алаңы. Дін психологиясы - діни құбылыстарды зерттейтін гуманитарлық ғылым. Аталған ғылым дінді психологиялық тұрғыда зерттеуді басшылыққа алады. Демек, адамның ішкі жан дүниесі мен әрекеттері аясында діни қасиетке ие әрбір әрекетті өзінің негізгі зерттеу нысанасына алады. Діни өмір сүру мен әрекеттің құрылымы мен мазмұнын және осыған қатысты рухани функциялар мен процестерді біртұтас қарастыратын дін психологиясы психологияның барлық салаларына ортақ қолданылатын ғылыми әдістерді қолданады. Діни өмір мен әрекетте жалпы психологияның ортақ ұстындары да негізге алынады. Демек, адамның діни өлшемін зерделеу деген сөз - оның жан дүниесіне тән барлық қырларын қарастыру болып шығады. Дін адамның жан дүниесіне көп ықпал ететін ерекшелікке ие. Діни өмір сүруді сезімдер, ойлар мен түсініктер, қалаулар мен идеалдар, әрекеттер, мерекетер, әлеуметтік қатынастар, моральдық және эстетикалық әрекеттер сияқты адамды зерделейтін барлық рухани кезеңдер ішінен қарастыруға болады. Адамның дінге бет бұруы оны жан дүниесіне бағыттап, біртіндеп адамдық келбетіне икемдеуі және бүкіл әрекеттерінде діннің ықпалын бейнелеуі тұрғысынан дін психологиясы адамдық болмыстың барлық жағын қамтиды. Осыған қарағанда діни бейімділік пен қабілет, діни қатынастар пен қалаулар, діни сезім мен тәжірибелер, дін сенім мен жүріс-тұрыстар, дұға жасау мен ғибадат, тәубеге келу және құдай жолына түсу, діннен бет бұру және имансыздық, мистицизм мен сопылық өмір кешу дін психологиясының басты тақырыптарын құрайды. Аталған осындай тақырыптарды қамтуда психологиялық салалардың да қосар үлестері бар. Мысалы нәрестеліктен бастап, қарттық кезеңге дейінгі шақтар ішіндегі даму кезеңдерінің әрбірінде жас психологиясының діни өмір сүру мен әрекеттердің ерекшеліктері зерттелген кезде, жас шамасының даму психологиясы мәліметтері негізге алынады. Индивидтің психология аясында алуан түрлі діндар индивид типтері жайында көзқарастар дамытылады. Ақыл-есі түзу емес діндар адамдардың жағдайы патологиялық психология мәдіметтері аясында зерледенеді. Дін психологиясының мақсаты. Дін психологиясы діни өмір сүру мен әрекеттерді, осыларға жол бастайын себептер мен факторларды индивидтегі жан дүниелік құлылымдарды, оған әсер ететін ықпалдарды да бірге қамти отырып, зерттейтін ғылым саласы. Аталған ғылымның мақсаты - адамның діни өлшемін зерделей отырып, объективті нәтижелерге қол жеткізу. Дін психологиясы діннің адам өміріндегі әсері мен өлшемдерін сипаттауға талпыныс жасайды. Дін психологиясы және басқа да ғылым салалары. Дін психологиясы діни ілімдер мен гуманитарлық ғылымдармен қиылысатын ортақ қиылыста орын алатындығы белгілі. Осыған орай, аталған ғылымның беретін мәліметтері төмендегі ғылым бастаулары арқылы қол жеткізілетін мәліметтерден нәр алады: жалпы психология, дінтану ғылымдары және діни ілімдер. Дін психологиясы жалпы психологияның бір тармағы болғандықтан негізінде оның принциптері мен әдістерін пайдалана отырып, зерттеулер жүргізеді.Дін психологиясымен қатарлас адамның діни өлшемлерін әр түрлі қырларынан зерттейтін бірнеше ғылым салалары қалыптасқан. Дінтану ғылымдары арасында орын алатын ғылым салаларының басында діни өмірді қоғамдық тұрғыдан қарастыратын дін психологиясы келеді. Тарих бойындағы діндерді зерделейтін діндер тарихы, діни құбылыстарды объективтік ақиқат аясында қарастыратын дін феноменологиясы, дінді алуан түрлі қоғамдар және оларды мәдени және қоғамдық құрылымдары тұрғысынан зерттейтін діни антропология, халықтардың діни мәдениеттерін салыстырмалы түрде және бір-бірімен байланыстары аясында зерттейтін діни этнология дін психологиясымен тығыз байланысты ғылым салалары болып табылады. Сондай-ақ дін психологиясы дін философиясының дамытқан концепциялардан, діни өнер мен әдебиеттен адамның діни қатынастарды және діндар адамның жан дүниесін түсіну және анықтау үшін қажетінше қолдана алады. Діни белгілердің психологиялық түсініктемесі мен сипаттамасы көбінесе аталған белгілердің қалыптасуына әсер еткен діни сенім мен доктриналарды жақыннан зерделеуді қажет етеді. Сондықтан, негізгі діни дереккөздермен олардың түсініктемелері бойынша қалыптасқан діни ілімдер (тафсир, хадис, фиқһ, калам) кейде негізге алу қол жеткізетін нәтижелердің дәйекті болуы үшін қажет есептеледі. Сондай-ақ исламның пайда болуы мен таралуы, ғасырлар ішіндегі дамуы белгілі кезеңде үлкен қуатқа ие болып, халықтардың жан дүниесіне әсер етуі немесе индивидтер мен қоғамдар ішінде әлсіреуі діни динамиканың мәнін ашуда маңызды мағлұматтар беретіні мәлім. Осыған орай, ислам тарихы, мазхабтар тарихы, ислам мәдениеті тарихы сияқты ғылым салаларының берген мәліметтерге ден қою қажет. Дін психологиясының әдістері. Дін психологиясының қолданылатын әдістері психологияның басқа салаларында қолданылатын әдістер болып табылады. Әдетте дін психологтары қарастырған тақырыптарды ерекшелігіне қарай төмендегі әдістердің бірін немесе бірнешесін қолдана отырып зерттеулер жасаған. Әдетте зерттеу әдістерін мәліметтерді жинақтау және мәліметтерді реттеп, оларға түсініктеме жасау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Діннің жастар психологиясына әсері жайында
Дін психологиясы ғылымы: қалыптасуы және дамуы
Дін этнологиясы
Психология ғылымы және оның зерттейтін пәні мен міндеттері
Адамның жеке басының мінез-құлқындағы көрінісінің психологиялық тарихы
Діннің пайда болуы туралы теориялар
Тіл мәдениетінің сипаты
ИСЛАМДА ДІНИ ТӘЖІРИБЕ ПСИХОЛОГИЯСЫ
Психология және дін психологиясы
Математиканы оқытудың дәстүрлі әдістемесінің кейбір түрлерін көрсету
Пәндер