Діннің жастар психологиясына әсері жайында



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Ж О С П А Р

І КІРІСПЕ

ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1 Діннің жастар психологиясына әсері
2.2 Дінді психологиялық тұрғыда зерттеу

ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Кіріспе

Дін психологиясы -- діни сананың ерекшеліктеріне, құрылымы мен функцияларына негіз болатын психологиялық және әлеуметтік-психологиялық факторларды зерттейтін психология ғылымының саласы. Дін психологиясы XIX ғасырдың аяғында -- XX ғасырдың басында пайда болды және діни сананың құдай (рух), жұмақ, дозақ, күнә және т.б. ұғымдарды қамтитын мазмұны туралы, сондай-ақ намаз, дұға, жалбарыну және басқа да парыздарды атқару кезіндегі адамның эмоциялық күйі мен сезімдері туралы едәуір материал жинақталды. Дін психологиясында әртүрлі теориялық- әдістемелік тұрғыларға негізделген бірнеше ағым бар. Қазіргі дін психологиясы жалпы және әлеуметтік психологияның, әлеуметтанудың, этнография мен дін тарихының теориялық ережелері мен әдістемелерін пайдаланады. Дін психологиясының зандылықтарын, дамуы мен өз функцияларын атқаруын зерттеу мына бағыттарда жүргізіледі:
1) Дін психологиясының жалпы теориясы діни сананың мазмұны мен құрылымын, діни сезімдерге тән сипатты ерекшеліктерді, тұлға мен қоғамның рухани өміріндегі діннің психологиялық функцияларын зерттейді;
2) дифференциалдық психология нақты әлеуметтік орта мен тарихи дәуірді ескере отырып, дін ұстанатымдардың діни сана-сезімі мен сезімдерін қарастырады;
3) діни топтардың психологиясы діни қауымдастықтардың әлеуметтік-психологиялық құрылымын, олардың қарым-қатынас, еліктеу, иландыру, нұсқамалар механизмдерін, дінге сенушілердің санасына, сезіміне және мінез-құлқына әсер-ықпалын зерттейді;
4) діни табынушылық психологиясы діни ғұрыптардың адам психикасына әсер-ықпалын зерделейді;
5) атеистік тәрбиенің педагогикалық психологиясы атеистік дүниетанымды қалыптастырудьгң принциптерін талдап-белгілейді.

Діннің жастар психологиясына әсері
Қазақстанның тәуелсіздікке ие болуы және оның құқықтық, демократиялық мемлекет ретінде дамуы аясында діни сенім бостандығының саяси-құқықтық негіздері қалыптасты. Қазақстан Республикасында дәстүрлі діндер қатарына ислам және првославие діндері жатса, дәстүрлі емес діни ұйымдар да Қазақстан аумағында өздерінің діни ілімдерін кеңінен тарату және бекіту жолында белсенді қызмет жүргізе бастады. Дәстүрлі емес діни ұйымдардың қызметіне баға беру өте күрделі. Дегенмен, әлемдік тәжірибе бойынша көптеген елдерде дәстүрлі емес діни ұйымдардың тіркелуіне уақытша шектеулер енгізіліп отырғанын атап өтуге болады. Сонымен қатар дәстүрлі емес діни ұйымдардың бірқатары өздері орналасқан елдің Конституциясы мен заңдарына қайшы келетін қызметі үшін мемлекеттік органдардың да, қауымдастықтың да тарапынан қатты сынға алынып отырғандығы, тіпті тыйым салынатыны белгілі. Көбінесе бұл дәстүрлі емес діни ағымдар тұлғаның және жеке әлеуметтік топтардың, бірінші кезекте, жастар санасының ауытқуына, халқымыздың мәдени құндылықтарынан қол үзуіне әкеліп соғады.
Дәстүрлі емес діни ұйымдардың идеологиялық және басқа да жұмыстарының нысанына жастар алынатындығы жиі кездесетін жағдай. Жастар әлеуметтік-демографиялық топ ретінде өзіндік, соның ішінде рухани сипаттағы ерекшеліктерге ие. Көпшілік өмірдің рухани негіздерін іздеу, өмір сүрудің мән-мағынасы туралы сұрақтарға жауап іздеу жолында дінге келеді. Соңғы кездері біз қандай да бір діннің тереңіне бойламай, діндердің ізгілігіне, шынайылығы мен жалпыға ортақ басқа да қырларына тереңдеп енбей жатып діндарлықтың сәнге айналғанын көріп отырмыз. Адамдарды қандай да бір дінді қабылдауға мәжбүрлеуге болмайды. Сондықтан жастарға ерекше назар аудару қажет, - деп Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассаблеясында сөйлеген сөзінде айтып өтті.
Қазақстан аумағында дәстүрлі емес діни ұйымдардың таралуының келесі себептерін көрсетуге болады. Сенім мен сенімсіздік аралығында күмәнданушы дін төңірегіндегі тұрғындар санының едәуір көп болуы. Мұндай дінсымақ адамдар дәстүрлі емес діндердің миссионерлері үшін қолайлы жағдай тудырады.
Екіншісі, бұқаралық діни сауатсыздық, негізгі діни білімнің жоқтығы. Бұл қазіргі діни жағдайда адамдардың бағыт-бағдарын бұрмалауға және оларды діни насихат жүргізуде ыңғайлы нысанаға алуға мүмкіндіктер тудырып береді.
Үшіншісі, бұл дәстүрлі емес діни ұйымдардың догмалық, культтық, ұйымдастырушылық ерекшеліктері. Догмалық тұрғыда жаңа діни ағымдар жеңіл жол мен жауап іздеген бұқаралық тұтынушы қоғам адамының санасына негізделген тиімді догматтармен ерекшеленеді. Культтік тұрғыда, діни қызметтің қазіргі адам талғамдарына жауап беретін, бір көзбен қарағанда, өзіндік демократтық пішіні айқындалады. Зерттеуші Г.Т.Телебаев көрсеткендей, ислам мен православиеге қарағанда дәстүрлі емес діндер жас ұрпақтың өзгермелі талғамын ескеретін жаңашылдыққа неғұрлым ашық. Социолог М.Вебердің пікірі бойынша, Қазақстандағы жаңа ағымдардың басым көпшілігі этикасы, кәсіпкерлікке, қаржылық табысқа негізделген ұйымдар болып отыр.
Төртіншісі, жаңа діндерді ұстанушылар өз миссионерлік қызметін белсенді атқарады. Олар түрлі жағдайларға икемделіп, елдегі әртүрлі топтардың психологиялық ерекшеліктерін ескере әрекет ете алады. Олар жастарға, олардың ауыспалы талаптары мен талғамдарына баса назар аударыды. Алматы қ. Қазақстан жастарына діни ұйымдардың ықпалы атты тақырып бойынша ГЗО жүргізген зерттеулер дәстүрлі емес діндердің, соның ішінде жаңа протестанттық діни ұйымдар мүшелерінің басым көпшілігі жастардан құрылғанын анықтады. Бұл феномен былай түсіндіріледі: Бұл жерде жастардың бойына тән жалпы қарсыластық қасиет, басқалардан ерекше болуға талпыныс ықпал етеді (респонденттердің жауаптары бойынша). Сонымен бірге, жас адамдар дәстүрлі емес діндер тарапынан жастарды өздеріне тарту үшін қазіргі психологиялық технологиялар қолданылатынын, діни ағымдардың уағыздаушыларының психологиялық дайындығы жоғары екендігін атап көрсетті.
Дәстүрден тыс діни ұйым шырмауына ұшыраған адам өзін қалай сезінеді? Психологтардың айтуынша, "ұстазына" құлдық ұрған "шәкірттің" көкірек көзі ашылып, ақиқатқа көз жеткізеді, құдайдың нұрын сезінеді. Оның бойында жаңа психологиялық қасиеттер дамиды. Қарапайым тілмен баяндар болсақ, дәстүрден тыс діни ұйымдардың алдап-арбауының салдарынан сәби қалпына қайта оралғандай күй кешеді. Ол өзінің бұрынғы қадір-қасиеттерін тәрк етіп, сол ұйымдарға ұнамды бейнені қабылдайды. "Ұстаз" бен "таң - даулылардың" айтқаны ол үшін бұлжымас қағидамен тең.
Діни ағымдардың қоғамға қауіп төндіретіні рас. Сондықтан мем - ле - кетіміз осы мәселеге қатысты заңды тез арада қатайтып, діни басқарманың мәртебесінің көтерілуіне күш салуда. Қит етсе, дін мемлекеттен бө - лек деген сөзді алға тартамыз. Батыстың кейбір елдерінде дін мемлекеттен бөлек дегенмен, дінге кәдімгідей мән беріледі. Олай етпеген жағдайда, ертең елімізде бөліп ал да, билей бер қа - ғидасы орнауы әбден мүмкін. Яғни осылайша қоғамда іріткі пайда бо - ла - ды. Дін үлкен идеология ғана емес, ол - мемлекет біртұтастығының кепілі. Сондықтан мемлекет тарапынан оған мән берілгені жөн.

Діннің адамзат тарихында алар орны бар, діни санасы болмаған халық жоқ. Сонымен бірге дінге деген көзқарастар да әр дәуірде, әр қоғамда әрқилы болып келген. Ол дами келе адамның танымын, сенімін қалыптастыратын күшке айналды.Діни ұстанымдар негізінде қалыптасқан сенім адамның қоршаған ортамен, басқа адамдармен, қоғаммен қарым-қатынасына әсер етті. Сол сеніммен адам әлемді таныды, өмір жолын таңдады, мінезін,ойын, дағдысын қалыптастырды. Жалпы адамзат тарихына көз салсақ, діннің шешуші рөлі бар екенін ешкім жоққа шығара алмайды.
Сондықтан дін дегеннің не екенін, оның қысқаша тарихын танып білу әрбір студент жасқа қажет. Егемен ел атанған мемлекеттің азаматтары үшін бұл қажеттіліктің өзіндік ерекшеліктері бар. Сол себепті, қазіргі таңда студент жастардың дінге қатынасы көкейкесті мәселеге айналуда.
Қоғамның дінге деген түсінігінің әрқилы болғандығы тарихтан белгілі. Кейбір мемлекеттер бір дінді алға шығарып, соған сенуді әрбір адамзаттың міндеті рентінде санаса, кейбірінде халықтың құдай мен дінге деген сеніміне тұсау салынған. Ал, қазіргі таңда өркенитеттік жолға түскен Қазақстан Республикасында діни сенім бостандығы адам құқығы ретінде мойындалып отыр.Қазіргі таңда қоғамның тұрмыс-салты мен дүниетанымының жүйесі ретіндегі діннің рөлі айтарлықтай өсті. Діннің қоғамдық қатынастарға, қоғам санасының діни компонентін қалыптастыруға ықпал етуі күшейіп, кеңейе түсуде. Халықтың әртүрлі топтар өкілдерінің рухани, соның ішінде діни өмір салтына деген қызығушылығы артуда.
Дін арабша - адам пайымының бүкіл әлем мен болмысқа, қоршаған дүниеге, табиғатқа, өзі өмір сүретін ортаға және өзінің ақыл ойы мен сана сезімінен тысқары тылсым дүниеге қатынасы; адамзат танымының дүниемен жаратылысқа деген көзқарасты айқындайтын мифология, философия және ғылымнан ерекше өзіндік бір тұрпаты; адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік-мәдени институт; ерекше қоғамдық сана және әлеуметтік құбылыс. Діннің басты белгісі - адамның ақыл-ойы, сезім мүшелері қабылдай алмайтын болмыс түріне сену және оны мойындау. Адамзат тарихының өн бойында дін адам сенімінің сипатына халықты қамтуына байланысты сан түрлі күйде болады.
Қазіргі таңда əлемде идеялар күресі жүріп жатыр. Халықаралық саясаттағы жəне мəдени ортадағы жаһандық өзгерістерді аңғарған жалған діни ұйымдар халықпен жұмыс жүргізу тəсілдерін өзгерте бастады. Олардың кез-келген ортаға бейімділігі радикалды тəсілдердің орнына заманауи уағыз насихат жəне білім беру технологияларын қолдануға мүмкіндік жасап отыр. Осының нəтижесінде жас ұрпақтың белгілі бір бөлігі түрлі теріс пиғылды ағымдардың, жалған діндердің шырмауына түсіп қалуы әбден мүмкін.
Жастарға батылдық, алған бетінен қайтпау тәрізді қасиеттер тəн, бұл әрине жақсы. Бірақ, өкінішке орай, олардың көпшілігі əлемдік діндердің тарихын терең біле бермейді Бұның себептерінің бірі қазіргі жастардың діни санасының дұрыс қалыптаспағанынан болып отыр. Бұл өз кезегінде теріс түсінік қалыптастыруы мүмкін.

Дінді психологиялық тұрғыда зерттеу

Қазіргі кезде дінді ғылыми тұрғыдан түсіндіріп, оны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Діннің жастар психологиясына әсері
Дін психологиясы ғылымы: қалыптасуы және дамуы
Діннің тарихы
Қазақстан Республикасының діни проблемалары мен ұлт дүниетанымына әсері және исламның таралуы
Ислам дін негіздері, иманның шарттарына жалпы түсінік және ислам психологиясы
Психология және дін психологиясы
Ислами тәрбие
ИСЛАМДА ДІНИ ТӘЖІРИБЕ ПСИХОЛОГИЯСЫ
Саясаттағы, жастар ортасындағы экстремизм. Экстермизм түсінігі
Жастар саясатының этникалық және діни тұстары
Пәндер