Діннің мәні, анықтамасы, әлеуметтік маңызы, шығу тегі, құрылымы және оның жіктелуі



Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
Негізгі бөлім

Діннің мәні, анықтамасы, әлеуметтік маңызы, шығу тегі, құрылымы және оның жіктелуі мен түрлері

1. Діннің анықтамасы
2. Діннің әлеуметтік маңызы
3. Діннің шығу тегі
4. Діннің құрылымы
5. Діннің жіктелуі мен түрлері

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Таным кез келген заттың, құбылыстың мәнін, сипатын, ерекшелігін білу және сезіну арқылы қалыптасады. Олай болса, дін дегеніміз не? Адамның бойындағы ең басты қасиет - - ол сенім. Сенімдердің ең үлкені - жаратушыға деген сенім. Сенім арқылы адам қалыптасады. Тәй-тәй басқан жас сәби де өзіне деген сенімі арқылы қадамын нық басады. Қоршаған ортасымен де сенім арқылы қатынас жасайды. Таниды, дамиды, таңдайды, еркіндікті сезінеді, тұлғаға айналады. Осы жолда өзінің белгілі бір жүйенің ішінде екендігіне көз жеткізеді. Ретсіз, бейберекет әлемде адам таным иесі бола алмайды. Бұл дүниедегі өмірдің мәніне де жете алмайды. Сонымен, адамның құдай, табиғат, қоршаған ортамен байланысын жүйелейтін, оның өміріне бағыт сілтейтін, оларға қатысты іс-әрекеттеріне негіз болатын ережелер мен қағидалар жиынтығын дін дейміз.
Дін - адамзат жаралғалы онымен бірге келе жатқан, түрлі тарихи кезеңдер мен қоғамда өзін әр түрлі пішінде көрсететін рухани құбылыс. Яғни әр түрлі діндер бар.
Біздің сөздік қорымызға дін сөзі араб тілінен енген. Сөздік мағынасы жағынан әдет, ғұрып, жаза, сый, мойынсұну, есеп беру, билік, жеңіс, үкім, бұйрық, ғибадат, жол, ұлт және т.б. мағыналарға келеді. Ал орыс тіліндегі религия сөзінің төркіні латын тілінен енген. Сөздік тұрғыдан бір нәрсені өзіне міндеттеу, қайталап оқу, байланыс, адамды Тәңірмен байланыстырушы күш деген мағыналарға келеді. Осы сөздің екі мағынасы төңірегінде ой қорытатын болсақ, религия сөзі адамды Тәңірмен байланыстырушы күш, яғни, байланысты әрі белгілі бір іс-әрекеттерді өзіне міндеттейтін іс-әрекетті білдіріп тұр. Бұл жердегі адам мен Тәңір арасындағы байланысты - сенім, мұсылманша - иман дейміз. Ал адам мен Тәңір арасындағы іс-әрекет, бұл - иман негізінде жасалатын - ғибадат. Сонда дін ұғымында екі негізгі ерекшелікті көріп отырсыздар. Оның біріншісі - сенім, иман, ал екіншісі - ғибадат, құлшылық ету.
Будда мәтіндерінде дін ұғымы дхамма сөзімен берілсе, санскрит тілінде дхарма - шындық, туралық, заң, дәстүр, жүйе деген мағыналарға сәйкес келеді. Сонымен әрбір діни мәдениеттердегі дін ұғымының сөздік мағыналарындағы жол, сенім, әдет, құлшылық сияқты ортақ түсініктерден діннің мәнін ұғынуға болады. Құранда дін сөзі тоқсан екі жерде кездеседі. Мұнда дін сөзі Тәңірге және адамға қатысты екі түрлі мақсатта айқындалады: біріншісі, Тәңір бағындырады, билейді, есеп алады, сый береді, адам оған мойынсұнады, бағынады, құлшылық етеді. Нәтижеде, дін екі тарап арасындағы байланысты реттейтін жүйе, ереже, заң және жолдың жалпы атауы деуге болады.
Дін мәселесі - адамдарды ежелден қызықтырып, танымын қалыптастырып келе жатқан орталық құбылыс. Әрбір адам дінді түсінуге және сол арқылы өмірін қалыптастыруға тырысқан. Дініне байланысты өмір сүріп, балаларын сол рухта тәрбиелеген. Ой-санасы мен білімін қолданып, өзі таңдаған дінді қорғап, оны жалғастыруға тырысқан.
Жалпы адамзат тарихына көз жүгіртер болсақ, діннің, рухани фактордың шешуші рөлі бар екенін ешкім жоққа шығара алмайды. Мысалы, соңғы христиан діні мен ислам дінінің дүниеге келуі адамзат тарихына зор өзгерістер әкелді. Аталған діндердің адамзат қоғамына әкелген өзгерістеріне талдау жасар болсақ, діннің аса қуатты күш екенін анық байқаймыз. Дүниедегі халықтар, мемлекеттер өз тарихын зерттегенде діни, рухани үдерістерді негізге алады. Адамзат баласын өзге жаратылыстан ажыратып, өзінің осы жаратылған барша мақлұқаттың қожасы екенін, бірақ сол үшін осы әлемнің иесі алдында жауапты екендігін сезіндіретін нәрсе - дін. Бұл адамзат қоғамының діннен тыс өмір сүре алмайтындығын көрсетеді. Өйткені дін адамзат қоғамының басты реттеуші құралы болуымен қатар, оның мәдениеті мен өмір салтының негізгі қайнар көзі болып табылады. Сондықтан кез келген халықтың рухани, мәдени болмысы діннен тыс болуы мүмкін емес. Бұл кез келген халықтың тарихи тағдырында діннің шешуші рөл атқаратындығын, оның рухани, мәдени өркендеуінің көкжиектерін айқындайтын басты фактор екендігін көрсетеді. Өзінің дәстүрлі дінінен бас тартып, өзге дінді қабылдау қай халық үшін де қауіпті. Өйткені дінін өзгертіп, жаңа дін қабылдаған халық өзінің дәстүрлі мәдениетін, әдет-ғұрып, салт-дәстүрін құрбандыққа шалып, жаңа діннің талабына сай келетін мәдениет пен әдет-ғұрып, салт-дәстүрді қайта қалыптастыруға мәжбүр болады. Нәтижесінде өз ата-бабаларынан иман-сенімі, әдет-ғұрып, салт-дәстүрі, жалпы мәдениеті мүлде бөлек халық тарих сахнасына шығады. Ондай әрекет кез-келген халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан табиғи болмысын жоғалтуға әкеледі.

Діннің анықтамасы.
Шындығында анықтама беруде қиын ұғымдардың ішіндегі ең күрделісі де дін ұғымы. Өйткені діндер өте көп, пішіні мен ерекшеліктеріне қарай сан алуан. Осылардың барлығына ортақ, жалпы анықтама беру оңай шаруа емес. Дегенмен, ғылымда дін туралы анықтамалар бар. Бұл анықтамалар адамның практикалық, психологиялық, қоғамдық, рационалдық қатынастары негізінде жасалған. Мысалы, адамның өзінен құдіреті күшті жаратушының, киенің барлығын ойша қабылдауы - бұл Тәңір ұғымы. Жалпы алғанда киелілік ұғымы барлық діндердің мазмұнында бар. Адам санасымен бар екендігі қабылданған киеліге, құдіретке жүрекпен, сеніммен қатынас жасау, санамен қабылдап, жүрекпен байланған Ұлы Құдіретке құлшылық ету, бірдей сана, таным, құлшылық негізінде адамдардың қалыптастырған әлеуметтік жамағаты және т.с.с. кете береді. Бұлар діннің құрылымдық элементтерін де көрсетеді. Сонымен қатар дін ғылымдары тұрғысынан дінді қалыптастырушы элементтерге мыналар жатады: метафизика, ғайып әлемі, тәңір, періштеге және т.б. сену; киелі мен киелі еместі ажырату; құлшылық, табыну, рәсімдер, қасиетті мәтіндер; адам бойындағы киеліге қатысты сезімдер (үрей, үміт, сыр, күнәһарлық, табыну); тәңірмен байланыс (аян, пайғамбар, дұға, мінәжат, шабыт); әлем мен адам, оның өмір мен өлім және ақырет туралы түсініктері, тіршілік формасы, қоғамдық жамағатқа тән болу сезімі.
Бірақ бұлардың барлығы көп діндерде кездескенімен, кейбірінде толық бола бермейді. Бұл діндердің ерекшелігін көрсететін негізгі сипаттар. Ислам ғалымдары діннің анықтамасын Құран мәтініне сүйене отырып жасаған: Дін дегеніміз - ақылды адамдарды (жынды емес) өз қалаулары бойынша тек ізгілікке бастайтын құдайлық заңнама. Бұл анықтамалардағы ортақ желі - діннің құдайлық негізден келген жүйе екендігі. Яғни шынайы дін адамдар тарапынан құрылмайды. Құрылса шын дін емес. Тағы бір анықтама бойынша, дін - ақыл-ой, ерік, яғни таңдау арқылы мәнге ие болатын заң. Дін - адамдарды тек игілікке, жақсылыққа бағыттайтын заңнама ретіндегі іс-әрекеттер жиынтығы. Әрі Тәңірдің аяны арқылы қол жеткізетін ақиқат.
Мұсылман оқымыстылары дінге Құран Кәрім мен ислам сенім негіздеріне сүйене отырып көптеген анықтамалар берген. Солардан мысал ретінде Саид Шәриф Жүржанидің: "Дін - ақыл иелерінің, пайғамбарлардың баяндаған ақиқаттарын қабылдауға шақыратын құдайлық заң" - деген анықтамасы мен Имам Ғазалидің: "Дін - Алла мен адам арасындағы байланыс" - деген танымын айтуға болады.
Дін туралы әрбір анықтама діннің әр түрлі ерекшеліктерін көрсеткен. Бірақ барлық анықтама діннің адам үшін пайдалы екендігіне тоқтаған. Мысалы, дін - адамды туралық пен әдемілікке жетелейтін жол, адамды өз жаратылысына сай жетілдіретін ілім, дін - адам өмірін тәртіпке келтіретін жүйе, адамды шындыққа жеткізетін жарық, дүние мен ақыретте бақытты болу жолдарын көрсететін ереже мен қағидалар жинағы, дін - құдайлық ережелер мен соларға сүйенген әдеттердің жиынтығы т.с.с. жалғасып кете береді. Алайда құдайлық діндерге тән көптеген анықтама бар. Бұлардың пікірінше, дін - пайғамбарлардың Алладан аян арқылы әкелген жолы, Алланың пайғамбар арқылы білдіретін ақиқаттары. Құрушысы Алла, негізі болған қағидалар жинағы болып табылады. Онда дін адам үшін жіберілген. Адам жаратылысындағы сенім сезімін күшейтеді. Яғни дін - иман арқылы адам мен Алла арасын байланыстырушы күш. Дін сезімі жаратылыстан келеді. Адам нәсілі сенім сезімімен бірге туады. Міндетті түрде бір нәрсеге сеніп, діни сезімді сөндірмеуге тырысады. Өйткені дін - адам рухының азығы. Діннің қажеттіліктерін қамтамасыз ететін адам рухының қанағаттануына үлкен мән береді. Рухани ләззат, тыныштық, бақыт түсініктері осы дінге, діни санаға негізделеді. Рух пен денесін тең дәрежеде қанағаттандыратын адам негізінде жаратылу мақсатын жүзеге асырады. Дененің қажеттіліктерін қамтамасыз етіп, рухын қанағаттандырмаған адам жарымжан болады. Ал мықты адам жаны мен тәнін бірдей қанағаттандырады.

Діннің әлеуметтік маңызы.
Дін - адам жанының азығы. Сондықтан бір адамның толық адам болуы үшін дін керек. Дін дегеніміз - сенім. Осы сенім бойынша өмір сүретін адам ауыр қылмыстар мен күнәлі істерге бармайды. Өйткені дүние жүзіндегі діндердің қайсы бірін алып қарасақ, оның бәрі жеке адамға, қоғамға зиян беретін жолдарға баруға тыйым салады. Дін адамның көңіліндегі, жүрегіндегі жаман әрекеттерді тазалаудың негізгі құралы.
Дін адам психологиясындағы үрей, қорқыныш, қайғы, үмітсіздік сияқты кейде адамның басына келетін қиыншылық жағдайда көмек береді. Яғни адам осындай қиын жағдайларда өз сеніміндегі құдіретті құбылысқа жалбарынып, көңілін орнына түсіреді, рухани дүниесі тыныштық табады.
Сонымен бірге дін қоғамның тәртіпті, бақытты болуын қамтамасыз етеді. Өйткені дінге шын сенген адам жаманшылыққа бармайтыны сияқты, дін мықты қалыптасқан қоғамда да қылмыстар мен күнәлі істер кездесе бермейді және ол қоғамның болашағынан үлкен үміт күтуге болады. Ал дін мен рухани байлығы әлсіреген қоғамдардың ұзақ өмір сүруі өте сирек. Өйткені ол қоғамда діннің әлсіреуі адамдардың азғындауына, бір-біріне деген мейірімділігінің азаюына, олардың түрлі қылмыстар мен күнәлі істерге баруына жол ашады. Мұндай қоғамды дінсіз, қоғамдық тәртіп құралдарымен жөнге келтіру өте қиын. Ал дін адамның жүрегінде орын тепкендіктен, дін арқылы қоғамдағы адамдарды тәртіпке келтіру соншалықты қиыншылық туғызбайды. Дүниедегі діндердің ешбірі адамдардың жаман жолға түсуіне жол бермейді. Қоғамдық тәртіп құралдары адамның сыртқы көрінісіне назар аударса, дін адамның сыртқы көрінісіне әрі ішкі дүниесіне де көңіл бөледі.
Тарихта мәдениет қалыптастырып, мемлекет құра алмаған халықтар болған. Бірақ дінсіз және ғибадатханасыз халық болмаған. Дін барлық салада адамға қатысты, оның түпкілікті пайдасын көздейді. Адамның жан тыныштығын және бақытты болуын қалайды. Сондықтан дін адамды негізге алған. Діни қағидалар арқылы адам өзінің ой-пікірін, жаратылысын және моральдық еркіндігін қорғауға бағытталған негіздерін табады және жеке адам мен қоғамға бақыт әкеледі. Құлықты (мінез-құлықты) жақсартып, қабілеттерін жетілдіреді. Сондықтан дінсіз адамзат тарихын елестету мүмкін емес. Бірі болмаса, екіншісі болмайды.
Дін - адамдарға байланысты бір ұйым. Адамның жаны мен тәнінің қажеттіліктерін толық қамтамасыз етіп, жетілуін жүзеге асыратын негізгі мақсат. Дін - жанның азығы және тәннің шипасы. Рухты азықтандыратын және құлықты жақсартатын күш. Дін - рух, сезімдер мен көркем мінездер, пайдалы амалдар сол арқылы жүзеге асады. Дін мен адам біртұтас. Дін жанұяны, мемлекет ұйымын және қоғам құрылымын берік негіздермен қамтамасыз етеді. Дін адамға адамдықты, ұлтқа құндылықтар жүйесін көрсетеді. Үлгілі таза адамдарды жетілдіреді. Тұрмыста адал күнелтуді, әлемді түсінуді және ондағы нығметтерді пайдалануды қамтамасыз етеді. Олай болса, дін - жеке адам мен қоғамның игілігі үшін өте қажетті құбылыс.

Діннің шығу тегі.
Дін өз бастауын қасиетті кітаптардан алады. Ғалымдар мен ойшылдар да діннің негіздерін өздерінше бағалаған. Ислам бойынша, адамзаттың алғашқы діні - таухид діні. Ал діннің құрушысы - Алла. Алла адам мен әлемді жаратып, осы екеуінің арасында тура байланыс болу үшін бұйрықтар шығарған. Адамның жаратылысына сай өмір сүруін және құлшылық қызметін дұрыс атқаруын қамтамасыз ету мақсатымен пайғамбар мен кітап жіберген. Алғашқы пайғамбар - Адам, соңғы пайғамбар - Мұхаммед. Діннің негізі - адам. Дін адамзат үшін жаратылған. Сол себептен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Діни наным-сенімдердің бастауы
Дін мен ғылым жаратылыс мәселесінде кереғар пікірде
Әлеуметтану бойынша дәрістер
ДІНТАНУ ПӘНІН ОҚЫТУ МЕН ЗЕРТТЕУДІҢ ӘДІСТЕРІ
Әлемді діни тұрғыда зерттеуге ғылымның әcepi
Дін феноменологиясы
Дін социологиясы пәнінен дәрістер жинағы
Дін анықтамалары мен құрылымы. Шығу тегі туралы тұжырымдамалар
“ДІН СОЦИОЛОГИЯСЫ” пәні бойынша ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Дін социологиясы пәнінен лекциялар жинағы
Пәндер