ДУЛАТ ИСАБЕКОВ ПРОЗАСЫНДА ПСИХОЛОГИЗМНІҢ КӨРІНУ ЖОЛДАРЫ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
ӘӨЖ - 818. 992. 71
Қолжазба құқығында
Сұлтанбекова Жәудір Келдібекқызы
ДУЛАТ ИСАБЕКОВ ПРОЗАСЫНДА ПСИХОЛОГИЗМНІҢ КӨРІНУ ЖОЛДАРЫ
6М020500 - ФИЛОЛОГИЯ мамандығы бойынша филология ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін магистрлік диссертация
ТҮРКІСТАН - 2015
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
Қорғауға жіберілді:
Қазақ филологиясы кафедрасының
меңгерушісі, ф. ғ. к., доцент
Ж. И. Исаева
(қолы)
«___»2015 ж.
Магистрлік диссертация
ДУЛАТ ИСАБЕКОВ ПРОЗАСЫНДА ПСИХОЛОГИЗМНІҢ КӨРІНУ ЖОЛДАРЫ
мамандығы: 6М020500 - ФИЛОЛОГИЯ
Магистрант Ж. К. Сұлтанбекова
(қолы) (аты-жөні, тегі)
Ғылыми жетекшісі,
ф. ғ. к., доцент Т. И. Көшенова
(қолы) (аты-жөні, тегі)
ТҮРКІСТАН - 2015
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 ДУЛАТ ИСАБЕКОВ ПРОЗАСЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЗМ СИПАТЫ
1. 1 Қазақ прозасындағы психологимнің даму тарихы . . . 7
1. 2 Жазушы шығармаларындағы ұлттық таным . . . 18
2 Д. ИСАБЕКОВ ПРОЗАСЫНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ Реңктер
2. 1 Қаламгердің кейіпкер психологиясын беру шеберлігі . . . 45
2. 1. 1 Диалог мен монолог - кейіпкердің ішкі әлемін ашудың бір тәсілі . . . 47
2. 1. 2 Кейіпкер болмысының табиғатпен байланыстағы жаңаша өрнегі . . . 56
2. 1. 3 Қаламгер шығармашылығындағы әдеби портрет беру тәсілі . . . 61
2. 1. 4 Жазушының бейвербальды ишараттарды түрлендіре беру тәсілі . . . 70
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 84
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 85
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. ХХ ғасырдың 60 - жылдарында қазақ прозасының дамуына өз үлесін қосқан жазушылар қатарында ерекше орны бар қаламгердің бірі - Дулат Исабеков. Жалпы бұл диссертациялық зерттеу жұмысымызда көрнекті қаламгердің жазушылық шеберлігі мен көркем туындыларында замана мәселелерін көркемдеудегі суреткерлік болмысы, шығармаларындағы кейіпкердің ішкі жан иірімдерін бейнелеу жолдары кеңінен ашылып, туындыгердің өзіне ғана тән қолтаңбасы сараланады, сонымен бірге жазушының суреткерлік болмысына тән стильдік ерекшелік кеңінен қарастырылады.
Зерттеудің өзектілігі. ХХ ғасырдың 60-80-жылдарындағы әдеби процесті зерделеу - күрделі де көп қырлы құбылыс. Осы кезеңдерде әдебиет аулынa келіп, өндірте жазып, туындыларымен қоғамға серпіліс әкелген жазушылардың шығармашылығын зерттеуде Д. Исабековтың алар орны ерекше. Жазушының шығармаларының тақырыбы, стилі, образдар құрылымы, композициясы туралы бағалы пікірлер айтылғанымен, шағын және орта көлемді прозалық жанрларының көркемдік ерекшелігі, жүйелі түрде зерттеле қоймаған. Жазушының туындыларын психологиялық тұрғыдан бағалау, шығармаларындағы кейіпкердің ішкі жан иірімдерін бейнелеу тәсілдерін, оның ішінде қазақ халқының ұлттық менталитетіне тән өзгешелікті ашып көрсету біздің бұл зерттеу жұмысымыздың міндеті болып белгіленді .
Сонымен қатар қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, белгілі қаламгер, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты - Дулат Исабеков шығармаларының өзіндік қолтаңбасын айқындап, шығармаларындағы көркем бейненің жасалу жолдарын, ұлттық характердің сомдалуын, кейіпкердің ішкі жан-сезімінің берілуін, жазушының әдебиеттегі өзіндік соқпағын, ізденісін кешенді түрде арнайы зерттеу - аса өзекті мәселе екендігі зерттеу жұмысының өзектілігін нақтылай түсті. Осы арқылы 60-80-жылдар әдебиетінің жалпы қазақ әдебиетінің даму барысына тигізген ықпалы анықталып, көркемдік сапасы сараланды.
Зерттеу жұмысының мақсаты. Зерттеу жұмысымыздың басты мақсаты - Дулат Исабеков прозасының ерекшелігін айқындау, қаламгердің шеберлік қырларын, шығармаларындағы кейіпкердің ішкі психологиялық иірімдерінің қөріну формаларын зерделеу, қаламгердің шығармашылық даралығын, оның көркемдік тәсілдерді қолдануындағы ерекшеліктер мен заңдылықтарды саралап, көркем прозадағы кейіпкердің ішкі жан сезімін беру тәсілдерін дамытуға қосқан үлесін, оның шығармаларындағы ұлттық психологиялық ерекшеліктердің көріну түрлерін, жалпы қазақ прозасына қаламгер әкелген әдеби жаңалықтарды айқындау болып табылады.
Зерттеу жұмысының міндеттері. Зерттеу жұмысының мақсатына сәйкес жазушы шығармашылығына ғылыми талдау жұмысы барысында төмендегі міндеттерді орындау көзделді:
- Жазушы шығармаларына тән көркем-эстетикалық қырларды ашу арқылы оның өзіндік шығармашылық болмысын анықтау;
- Д. Исабеков прозасындағы кейіпкерлердің ішкі жан иірімдерінің бейнелену тәсілдерін анықтау;
- Суреткер қаламына тән психологиялық тәсілдерді анықтау, оның қазақ әдебиетінің дамуына тигізген әсерін бағамдау;
- Жазушы шығармаларындағы ұлттық психологияның берілу түрлерін саралап көрсету.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Д. Исабеков прозасы қазақ әдебиетіне соны кейіпкерлер, қайталанбас типтер мен характерлер, әсіресе қарапайым ауыл адамдары образдарының тұтастай галереясын әкелді. Жазушы шығармашылығы жөнінде құнды пікірлер айтылып, сыни мақалалар көптеп жазылды. Жазушы шығармаларының жанрлық ерекшелігі, сюжеттік-композициялық құрылымы, стилі, ондағы кейіпкерлердің адамгершілік сана табиғаты, көркем уақыт пен кеңістік проблемалары, авторлық позиция және тағы басқа да мәселелер А. Құлымбетова [1], Қ. Хамзина [2], Е. Аманшаев [3], -Қ. Ергөбеков [4], С. Таханов [5], Т. Есембеков [6], М. Арғынбаева [7], М. Қанафина [8], Г. Балтабаева [9], А. Таңжарықова [10], С. Таханов [11] және т. б. еңбектерінде жан-жақты талданды.
Д. Исабеков шығармашылығына байланысты зерттелген біршама диссертациялық жұмыстарды атап өтуімізге болады. Мәселен, Д. Неталиева «Д. Исабеков повестеріндегі ұлттық мінез сипаты» атты зерттеу еңбегінде Д. Исабеков повестеріндегі ұлттық мінезді әдеби дәстүр мен жалғастық аясында анықтап, қарастырған. Қ. Хамзинаның «Қазақ повестеріндегі көркем уақыт және кеңістік» атты диссертациялық еңбегінде уақыт пен кеңістікті кескіндеу барысында 60-80 - жылдардағы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерімен бірге Д. Исабековтің де біршама шығармаларындағы адам концепциясына көңіл бөлінген. М. Қанафина «Проблемы творческой индивидуальности Д. Исабекова» деген еңбегінде жеке тұлға мен жағдай арасындағы тартыс, жеке тұлға мен қоғам арасындағы тартыс жайында сөз етіп жазушының «Қарғын» романына осы тұрғыдан және ұлттық характердің берілуі тұрғысынан келіп, жан-жақты саралаған. Ал А. Таңжарықова өз жұмысында қаламгер туындыларындағы әлеуметтік-философиялық мәселелердің көркем тартыс және образ болмысы арқылы көрініс табу ерекшеліктерін ашқан. Осы аталған зерттеу еңбектерімен танысып, осы жұмыстарда қаралмаған, назардан тыс қалған мәселелерді нысана етуге тырыстық .
Зерттеу жұмысының негізгі дерек көздері. Зерттеу нысаны ретінде Д. Исабековтің әңгімелері мен повестері алынды.
Зерттеу жұмысының теориялық және методологиялық негіздері.
Диссертация жазу бaрысында осы тaқырыпқa тікелей, сондай-ақ жaнaмaлaй қатысы бар еңбектер мүмкіндігінше қарастырылды. Атап айтсақ, шығыс ғұламасы Әбу-Насыр Әл-Фараби, орыс ғалымдары А. Есин, И. Страхов, Л. Гинзбург, В. Хализев, Ю. Суровцев, В. Гудонене, Ю. Борев және сонымен қатар А. Құнанбаев, М. Жұмабаев, З. Ахметов, З. Қабдолов, Ш. Елеукенов, Қ. Жұмалиев, Ә. Нарымбетов, Р. Нұрғалиев, Ж. Дәдебаев, Б. Ыбырайымов, Б. Майтанов, Қ. Ергөбек, Г. Пірәлиева, Р. Мұқышева, А. Таңжарықова және тағы басқа ғалымдардың ой-тұжырымдары басшылыққа алынып, зерттеудің бағыт-бағдарын айқындауға көмегін тигізді.
Зерттеудің әдіс-тәсілдері. Диссертация жазу барысында негізінен салыстырмалы талдау, жүйелеу, жинақтау, тұжырым жасау әдістері қолданылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Зерттеу жұмысымыз Д. Исабеков шығармашылығын арнайы қарастырған ғылыми жұмыс болғандықтан, жазушы шеберлігіне, оның өмір шындығын толыққанды көркем бейнелермен жеткізу бағытындағы ерекшеліктеріне басты назар аударылды. Өйткені талантты суреткердің шығармалары қазіргі кезеңнің әдеби-қоғамдық беталысын бейнелеуге ұмтылған шығармалар болып табылады. Әсіресе сөз зергерінің ұлттық психология, кейіпкердің ішкі жан әлемін бейнелеудегі көркемдік әдістерін арнайы сөз ету жұмысымыздың негізгі жаңалығы болып табылады.
Жазушы шығармашылығын психологизм тұрғысынан зерделеп, жан-жақты салыстыру мен талдаулар нәтижесінде қаламгер прозасының идеялық-көркемдік ізденістеріне бүгінгі күн тұрғысынан баға беріліп, жазушының туындыларындағы көркем бейнелердің ашылуы қарастырылды.
Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңызы. Зерттеу барысындағы қoл жеткізілген нәтижелерді ХХ ғасырдың 60-80-жылдарындағы қазақ прозасы бойынша дәрістер дайындауда, әдебиет теориясы, Д. Исабеков шығармашылығы, оның көркемдік-эстетикалық ерекшелігін зерттеу бойынша арнайы курстар мен семинaрлар жүргізуде, ұлттық психология, оның көркем шығармадағы көріну әдіс-тәсілдері жөнінде дәрістер oқудa, сoндай-aқ оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар жазуда пайдалануға болады. Сонымен бірге дидaктикaлық, тәрбиелік бағыттағы да мақсаттарға да қолдануға болады.
Қорғауға ұсынылған негізгі тұжырымдар. Зерттеу нәтижесінде мынадай тұжырымдарды қорғауға ұсынуға болады:
1. ХХ ғасырдың 60-80 - жылдарындағы қазақ прозасының дамуындағы стиль түзуші факторларды бейнелеп, осыған сәйкес Д. Исабеков шығармашылығына тән ерекшеліктер бар екені айқындалды.
2. Д. Исабеков шығармаларындағы ұлттық психологияның көріну тәсілдері алғаш рет зерделеніп, ұлттық болмысты, мінезді бейнелеудегі өзіндік қолтаңбасы айшықталды.
3. Жазушы туындыларында кейіпкердің ішкі жан иірімдерін ашуда қолданған көркемдік әдістерді, кейіпкер характерін ашудағы пейзаж, монолог, диалог, т. б. көркемдік құралдарды талдау арқылы жазушыға тән даралық сипаттар сараланды.
4. Д. Исабековтің дәстүрлі көркемдік-амал-тәсілдерді шебер меңгерген, қазақ прозасын жаңа белеске көтерген дарабоз қаламгер екендігі дәлелденді.
Зерттеу жұмысының мақұлдануы мен жариялануы .
Диссертациялық жұмыс Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің қазақ филологиясы кафедрасында талқыланып, қорғауға ұсынылды. Жұмыстың негізгі ғылыми қорытындылары мен тұжырымдары, нәтижелері халықаралық, республикалық ғылыми-практикалық конференцияларда баяндалды. Диссертациялық жұмыс бойынша барлығы 3 мақала жарияланды.
Диссертацияның құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz