Әдебиеттанудың философиялық-әдістемелік мәселелері


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

«Әдебиеттанудың философиялық-әдістемелік мәселелері» - 3 кредит

1. Дүниетаным және шығармашылық. Философияның дамуы мен әдебиеттегі көркемдік ойлау дамуының байланысын дәлелдеңіз.

Абай поэзиясында кең өріс алған көркемдік әдіс - реализм. Бұл әдіс өмір шындығын неғұрлым терең, жан-жақты көрсетуге мүмкіндік береді. Айналадағы өмірдің өзін тереңдеп ұғып-түсінуге, күнделікті жайларды, қарапайым адамдардың бейнесін суреттеуге бет бұру - бұл реализм әдісінің бағалы жағы еді. Ф. Энгельс реализм әдісі жеке дерек-жәйттердің шындығын былай қойғанда, типтік характерлерді типтік жағдайда алып суреттейтінін атап көрсетті. Реализм әдебиетте, көркем өнерде бұқара халықтың өмірін неғұрлым мол, шыншылдықпен бейнелеуге жол ашты. Халықтық әдеби дәстүрлермен байланыс бұрынғыдан әлдеқайда күшейе түсті. Осының нәтижесінде әдебиет пен көркем өнердің халықтық сипаты арта тұсті. Орыс әдебиетінде реалистік әдіс А. С. Пушкин шығармалары арқылы қалыптасып, М. Ю. Лермонтов, Н. В. Гоголь, И. А. Гончаров, И. С. Тургенев, Л. Н. Толстой, Ф. М. Достоевский, А. П. Чехов сияқты жазушылардың шығармаларында жан-жақты дамыды. Кейде реалистік әдіспен жазылған шығармаларда шыншылдық пен сыншылдық араласып келгенде сыншыл реализм деген ұғым да қолданылады. Абай шығармаларына тән көркемдік әдістен реализмнің де, сыншыл реализмнің де сипат-белгілері молынан көрінеді. Абайдың өмірді, адамды суреттеуі барынша шыншыл да терең. Қандай құбылысты, адамды болса да ол қоғамдық, әлеуметтік тамырын, маңызын аша суреттей отырып, оның адам үшін, қоғам үшін пайдалы, зиянды жақтарын айқын көрсетеді. Міне, бұл ерекшелік Абайдың өмірді суреттеу тәсілін жаңаша қалыптастырды, әдебиетте сыншылдық бағытты орнықтырды, мұның бәрі, сайып келгенде, әдебиетімізде сыншыл реализм әдісінің туып, қалыптасуы еді. Бұл бүкіл көркемдік танымымызға Абай әкелген жаңа сапалық өзгерістердің бірі және негізгісі. Абай әдебиетті идеялық, көркемдік жаңа биікке көтере отырып, оқушысына идеялық, эстетикалық тәрбие беруді, басқаша айтсақ, әдебиеттің «өмір оқулығы» ретінде атқаратын қызметін арттыруды бірінші мәселе етіп қойды. Жастарды озық мәдениетке, өнер-білімге, адал еңбекке шақырып, оның бойында шынайы адамдық қасиеттерді тәрбиелеуге, жамандықтан қашып, жақсылыққа ұмтылуды қалыптастыруға тек өресі биік әдебиет қана ат салысатынын ақын терең түсініп, өзі өмір бойы сол жолда ізденді. Абай әдебиетке мүлдем жаңа міндет жүктеді. «Түзетпек ем заманды» деп, әдебиеттің өмірді дамытуға, түзетуге, өзгертуге шешуші үлес қосуын, белсенді қызмет етуін, идеялық-көркемдік құрал дәрежесінде биіктеуін уақыттың үлкен талабы ретінде ұсынды. Абайдың реалистік әдісі әсіресе адамның типтік бейнесін суреттеуден айқын аңғарылады. Ең алдымен Абайдың адам мен қоғам жайындағы тұжырымы - қазақ топырағындағы жаңа көзқарас. Абай адамды белгілі қоғамдық өмірдің жемісі, нәтижесі ретінде қарады, оның қимыл-әрекетін, психологиясын, моральдық келбетін өмірге, өлеуметтік тұрмысқа байланыстыра қарап, бағалап бейнелейді. Мысалы, Абай өлеңдерінен неше түрлі байдың әлеуметтік тип дәрежесіне көтерілген жинақталған бейнесін бүкіл іші-сыртымен көз алдымызға келтіреміз. Солардың бірі «Өз малын өзінікі дей алмай, күндіз күлкі, түнде ұйқысы» бұзылған бай. Бұл кәдімгі бір жағынан патша үкіметінің билеуші әкімсымақтар, екінші жағынан, ел ішіндегі би, болыс, төрелер тарапынан екі жақты қыспаққа ұшырап, есі шығып, өз малын өзі билей алмай әлекке түсіп, жапа шегіп жүрген сасық бай. Немесе Абайдың болысын алайық. Бұл да Абаймен замандас, 19 ғасырдың 80-90 жылдарының болысы. Ол ата-бабасынан ел билеген феодал, шынжыр балақ шұбар төс емес, билікке малымен, байлығымен қолы жеткен, қулығы байлығынан да басым сұм-сұрқия, пысық жан. Оның ел билеу тәсілі, адамдармен қатынасы алдау- арбауға, әлдіге келгенде шыбындап, әлсізге келгенде қырындауға негізделген. Абай мұндай билеушілер басқарған ел ісінің оңға баспайтынын үлкен көркемдік шындық, идеялық түйін ретінде ұсынады. Абай адам бейнесін қоғамдық орнына, мүддесіне, сол мүддеге жету жолындағы ішкі сезімі мен айла-тәсіліне байланысты жасады. Ол өз заманындағы сан түрлі әлеуметтік топтардың барлығын да осы тұрғыдан терең зерттеп көре де, бейнелей де білді. Қожа, молда, ауылнай, жүзбасы, еңбексіз мал таппақшы пысық, амалын тауып кун кермек епті, «бұзылса елдің арасы, мал таппаймын демейтін» қулар, қулықты ат-шапаннан кем кермейтін даңғой, дарақы, той-думаншы бозбала, еңбексіз еріншектер т. б. ақын шығармаларынан кең орын алып, өздеріне ғана тән типтік жағдай, типтік сипаттарымен көрінеді. Ақын осыншама сұм-сұрқия адамдар мен олардың өзара қатынастарынан қүрылған қоғамдық тұрмыстың тозығы жетіп, ескіргенін өз шығармашылығының бүкіл рухымен дәлелдейді. Абай шығармаларында халықтың өмір-тұрмысы, мінез-құлқы, іс-әрекеттері, ғұрып-салты, өнегесі, өнері, қоғамдық өмірдің сан-алуан қайшылықтары жан-жақты, толық, асқан көркемдік шеберлікпен бейнеленген. Абай шығармашылығы өз дәуірінің көркем шежіресі болумен қатар халықтың алдағы күннен күткен арман- тілегінің де көрінісі. Өйткені ақын шығармаларына, өз көзінің ең озық талап-мүдделері мен идеяларын арқау етті, олардан оптимистік ерекше сенім мен қуат, нәр алды, бүкіл болмысымен жарқын келешекке қарай ұмтылды. Дүниетаным - жеке адамның, әлеуметтік топтың, таптың немесе тұтас қоғам қызметінің бағытын және шындыққа деген қатынасын айқындайтын принциптердің, көзқарастардың мақсат-мұраттар мен сенімдердің жүйесі. Дүниетаным қалыптасуына саяси, адамгершілік және эстетикалық көзқарастар көп эсер етеді. [1] Ғылыми білімдер Дүниетаным жүйесіне ене отырып, адамның немесе бүкіл топтың қоршаған әлеуметтік және табиғат заңдылықтарын бағдарлау мақсаттарына қызмет етеді. Сонымен қатар, ғылым адамдарды әртүрлі нанымдар мен адасулардан құтқарып, оның шындық болмысты ақыл-ойы арқылы тануына жағдай жасайды. [2] Дүниетаным - адамдар мен табиғатқа, жалпы құндылықтарға, моральдық ережелерге жеке тұлғаның жалпы қатынасын білдіретін негізгі сенім, қалып, таным немесе қоғам мүшелерімен ортақ көзқарас қалыптастырып, қоршаған ортамен қатынас қалыптастырудағы негізгі өлшем. Ол - адамның дүниені ақиқатпен теориялық және тәжірибелік жағынан бірлікте тану мақсатындағы рухани-тәжірибелік әдіс. Дүниетанымда тұтас адамзат әлемінің үлгісі сияқты мәдениет категорияларының жүйесі көрініс тапқан. [3] Дүниетаным - әлемді түсіну, қабылдау, қоршаған ортадағы шынайылыққа жалпылама көзқарастар жүйесі. Дүниетаным - адамның өзіне, әлемге, өзінің әлемдегі орнына деген көзқарастар жүйесі.
2. Ежелгі дәуір әдебиетіндегі суреттеулердің сол уақыттағы табиғатты тану ілімімен байланысын нақты мысалдармен түсіндіріңіз.

3. Философиядағы түрлі көзқарастың әдебиеттану ғылымындағы ағымдар мен мектептердің дүниеге келуіне әсер етуін түсіндіріңіз. Символизм ағымының негізін қалаушылардың бірі - В. Брюсовтың айтуында, «символизм - тұспал, ишара поэзиясы. Ал символдық поэзия, ең алдымен, идеялық поэзия» тұспалмен, символмен жеткізуге тырысатын. Мәселен, аталмыш поэмада заманның сұрапыл кезіне, уақыттың тезіне тап болған, қайғыға ұшыраған ғашықтар тағдыры суреттеледі. Экзистенциализм - XX ғасырдың орта шенінде Батыста ең кең тараған субъективтік-идеалистік философияның бірінен саналады. Экзистенциализм капитализмнің жалпы дағдарысының идеологиялық бейнеленуінің бір формасы болып табылады. Оның ірі өкілдері М. Хайдеггер (1889-1976), К. Ясперс (1883-1969), Г. Марсель (1889-1973), ЖЛ. Сартр (1905-1980), А. Камю (1913-1960) жоне басқалар. Экзистенциализм, немесе „өмір сүру философиясы", буржуазиялық философияның иррационалистік (адамның ақыл-ойының күшін жоққа шығаратын) бағыттарының бірінен саналады. „Экзистенция" үғымы (латынша ехкіаіепііа - өмір сүру дегенді білдірсді) экзистенциализмде ерекше рәл атқарады, оның барлық философиялық қағидаларының бастапқы негізін қүрады. Бірақ экзистенциализмнің бастапы негізі материяның, затгар дүниесінің өмір сүруі емес, жеке адамның өмір сүруі, оның көңіл күйі, сезімі, ішкі талпынысы, яғни езінің психикалық сезім қүбылыстарының жиынтығы арқылы көрінетін субъекттің өмір сүруі. Міне осыдан философияның міндеті келіп шығады - болмыстың ең жалпы формаларын зерттеу емес, сыртқы дүниенің жөне танымның мөнін ашу емес, адамның өмір сүруінің мәнін, экзистенцияның шын мөнін ашу. Футуризм (лат. futurum - болашақ) - 20 ғасырдың басындағы Еуропа елдеріндегі негізгі авангардтық ағымдардың бірі. Әсіресе, Италия мен Ресейде кеңінен тарады. Ең әуелі кеңістік өнерінде өріс алған Футуризм идеясы кейіннен әдебиет, театр, музыка, кинематография және өнертану мен әдебиеттану ғылымдарында жалғасын тапты. Ф. Маринеттидің “Футуризм манифесінен” (1909) кейін италиялық футуризм дәстүрлі мәдениеттен толық қол үзуді көздеді, оның есесіне бірыңғай урбанистік өркениет эстетикасын орнықтыруға, оқиға мен адамдардың көңіл күйі сәт сайын алмасып тұратын техницизмге шалдыққан “интенсивті өмірді” өз санасында жаңғыртқан “өзгеше жанр” сезім күйлерін беруге тырысты. Футуризмнің эстетикалық негізін қалаушылар суретшілер У. Боччони мен Дж. Северини, композиторы Б. Прателла, т. б. болды. Абстракционализм (ағылш. abstractio - дерексіздік, бөлініс, оқшаулық) - қазіргі заман өнеріндегі қоршаған ортаны бейнелеуде нақты қаттарды ескермейтін ағым. Абстрактілі өнер шындықты тiкелей керсетпейтiндiктен, оны кейде «затсыздандырылған», деп айтады.

Ол үшiн бейнеленетiн нерселердiң көркемдiк бiтiмдерi (кеңiстiктегi формалары, аумағы, бояуы, т. б. ) маңызды емес, бiрiншi орынға суреткер-тұлғаның субъектiлiк көңiл-күйi шығады. Абстракционизм 1910 ж. Мюнхенде, Амстердамда, Мәскеуде шамамен бiр уақытта қалыптасты да, 1930 ж. Париж бен Нью-Йоркте кеңiнен өрicтедi. Абстрокционизмнің эстетикалық бағдарламасын 1910 ж. В. Кандинский «Өнердегi руханилық туралы» еңбегiнде айқындап бердi. Абстракционизм eкi бағытта дамыды: оқыс бояулар мен кескiндердiң қиюласуын үйлесiмдi етуге ұмтылу жене геометриялық абстракцияларды құрастыру.

4. Әдебиеттану тарихындағы филологиялық, эстетикалық догматизм мектептерінің ұстанымдарын түсіндіріңіз. Ежелгі, көне ағымдардың бірі - филологиялық мектеп дәстүрін ұстанған оқымыстылар негізінен көркем шығарманың текстін (мәтінін) зерттеп, бағалауға бой ұрған. Әдебиеттің әлеуметтік табиғатын ашудың есесіне, қоғамда атқаратын қызметін көрсетудің орнына бұл бағыт тексті бастыру, мазмұн баяндауды күйттейді, жеке сөздер, тіркестер, қолжазбалар тарихын бажайлайды.

Филологиялық мектептің историография, библиография, текстология үшін маңызды кейбір табыстары болғанын айту ләзім. Әдебиеттану ғылымының тарихында көптеген мектептер мен ағымдар болған. Бағыттар қатар да, әр кезеңде де өмір сүріп кейде бірін-бірі ауыстырып та отырады. Филологиялық мектеп(филология-сөзге құмарлық) жазба ескерткіштерді тілдік және стилистикалық жағынан талдау арқылы адамзаттың рухани мәдениетін зерттейтін тіл білімі әдебиеттану, историография, текстология т. б гуманитарлық пәндердің жиынтығы. Көне мектептердің бірі-филологиялық мектептің дәстүрін ұстанған ғалымдар негізінен көркем шығарманың мәтінін зерттеп бағалауға бой ұрған. Әдебиеттің әлеуметтік табиғатын ашудың есесіне қоғамда атқаратын қызметін көрсетудің орнына бұл бағыт мәтінді бастыру, мазмұн баяндауды күйттейді. Жеке сөздер, тіркестер қолжазбалар тарихын бажалайды. Эстетикалық догматизм мектебінің белгілі өкілі деп француз ғалымы- Никола Буалоны айтамыз. «Поэтикалық өнер» деген трактатында көркем шығармаға күні бұрын жасалған қалыппен келу принциптері бар. Үш бірлік: орын бірлігі, уақыт бірлігі, әрекет бірлігі сақталсын дейді. Корольдар, рицарьлар ғана қаһарман бола алмақ. Көркем әдебиеттің даму процесі бқл мектептің жалғандығын айтылмаш шарттардың бекер нәрсе екендігін дәлелдеді. Биграфизм мектебі-19 ғасырдағы француз сыншысы Сент-Беф зерттеудің басты мақсаты, негізгі тенденция суреткердің рухын тану. Оның айтуынша, көркем шығарманы тудыратын фактор әлеуметтік орта, қоғамдық тартыс, таптық наным, дүниеге көзқарас, суреткердің өзі көрген, өзі сенген нәрсесі. Мәдени-тарихи мектеп - әдебиеттану ғылымындағы ең танымал бағыт. Бұл ағымдағы оқымыстылар Дарвин теориясын әдебиет ғылымына әкеп қолданады және дәлелсіз қолданады. «Ағылшын әдебиетінің» тарихы деген еңбектің авторы Ипполит Тен көркем шығарманы қаламгерлікті тану үшін үш буынға( нәсіл, орта, сәт) НАЗАР АУДАРУ КЕРЕК дейді. Белгілі бір халықтың әдебиетінің тууы қалыптасу, даму кезеңдерін география мен климатпен топырқпен байланыстырады. Бұл мектепте бірқатар фактілер жинақталғанымен, метофизикалық, идеолистік әдіс әдеби дамуды әдебиет пен қоғам арасындағы байланыстан шет қалды. Тарихи-салыстыру мектебі немесе компративизм ағымының россияда туын көтерген Веселовский, Миллерлер. Мұндағы негізгі принцип- салыстыру. Компративистер әр түрлі халықтар әдебиетіндегі жанрларды салыстыра қарап форма мәселесіне сюжеттің шығуына байланысты көптеген пікірлер айтқан. Психологиялық мектеп - принципі б/ша әдебиетші көрекм шығарманы тудырған суреткердің психологиясын зерттеу керек немесе суреткер жасаған бейнелердің психологиясына назар аудару керек. Украин ғалымы Потебня және оның шәкірттері кейбір еңбектерінде жалпы бейне табиғатына әдеби процестерге объективті баға беруден тыс. Психо-аналитикалық мектеп немесе Фрейдизм 20 ғ. Бас/да австрияда көрініс берген. Негізін салушы - З. Фрейд. Ол әдебиеттің әлеуметтік маңызын мойындамайды. Екі халықтың әдебиетін салыстыру қажет емес дейді. Оның назар аударатыны- суреткер санасының астарлы сырлары, түйсіктің жұмбақ құпиялары. Фрейд адам бойындағы ең басты қасиет- адам тіршілігін бағыттайтын қуат көзі нәпсі және қанға ұмтылу. Адамның қателіктері нәпсінің кесірі дейді. Формализм мектебі- өнердегі басты нәрсе түр деп қарайды. Сондықтан форманы зерттеу басты нәрсе дейді. Формалистердің ден қойған мәселесі- өлең құрылысы, әуезділік, ұйқас, ырғақ. Өкілдері: Жирмунский, Якобсон, Лотман. Социологиялық мектеп - әдебиеттану ғылымында 20 ғ. басында бет алған бұл бағытты дөрекі социолизм деп атайды. Бұның өкілдері - қоғам заңдарын әдебиетке механикалық түрде қолданып метофизикалық жолға түсті. Бұлар ең алдымен жазушының шығармасын оның таптық тегімен байланыстыра қараған. 20- жылдары Мирский -Пушкинді, Кравченко - Гогольді, Нусинов-Успенскийді орыс әдебиетінің тарихынан сызып тастады. Қазақта Абай және Мағжан қараланды. Осы ағымның жаңа қалыптасып келе жатқан қазақ әдебиеттануына салқыны тиді. Проза жауһарлары саналатын « Қаралы сұлу», «Қараш-қараш» оқиғалары, « Қилы заман» сынды туындылардың кезінде әділ бағаланбауы эстетикалық талғамның саясыздығынан деп білеміз. Структурализм. 20 ғасырдың алпысыншы жылдары Р. Барт, Ц. Тодоров, А. Греймастың еңбектерінің шығуымен Францияда структуализм сынға ұшырады. Себебі, структуализм бағыты негізінен әдебиетте қалыптасқан биографиялық және тарихи әдістерге қарсы бағыттарды ұсынды. Әдебиетте структуализмнің негізгі төрт аспкектісін атап көрсетеді. Якобсон мен Греймастардың әдебиеттің құрылымын лингвистикалық сипаттақұрастыруға талпынайық; Нарратологияның немесе баяндау туралы ілімнің дамуы, яғни мәтіннің баяндалуындағы құрамдас бөліктерін анықтау, бастапқы негізгі мәтіндердің құрылымы мен оларды үйлестіру ережелерін сипаттау; Бұрын жазылған әдеби шығармалар мен әртүрлі мәдени жүйелер арасындағы әртүрлі кодтарды зерттеу, яғни осы кодтардың нәтижесінде ғана көркем шығарма маңызы артады; Көркем шығарманы тұтынудағы оқырманның орнын зерттеу, сонымен қатар, әдеби шығарманың оқырман көңілінен шығуы немесе олардың ойларындағыдай болмауы туралы қарастырылады. Әдеби ағымдар мен бағыттар әдеби дамудың бет-бағдарын, табиғатын анықтауда маңызды орынға ие. Әдебиеттану ғылымындағы мектептер тарихы әдебиеттің зерттелу тарихынан хабар береді.

5. Никола Буало «Поэтикалық өнер» трактатына талдау жасаңыз.

Ғылым мен техниканың, өнер мен әдебиетгің дүр сілкініп, дүрілдей дамыған түсы - Ояну (ренессанс) дәуірі. “Бұл адам баласы бүрын-соңғы басынан кешірмеген прогресшіл ұлы төңкеріс еді, алыптарға зәру болған дә-уір және өздерінің ой қуаты, құштарлығы мен мінезі, жан-жақтылығы мен оқымыстылығы жөнінен сол алыптарды туғызған дәуір еді” (Энгельс) . Бұл дәуірдің Леонардо да Винчи (1452-1519), Николай Коперник (1473-1543), Торквато Тассо (1544-М595), Джордано Бруно (1548-1600), Лопе де Вега (1562-1635), Галилео Галилей (1564-1642) секілді данышпан өнер мен білім иелері орта ғасырлық идеализмге, діншілдік пен схоластикаға қарсы шынында да алыптарша күресіп, өмірдің сұлулыгы, өнердің шыншылдығы, білімнің тереңдігі, адамдар бақыты жолында жан қиярлықпен еңбек етті. Ренессанс дәуірінің күллі ғылми тәжірибесінің теориялық түйіні атақты Декарт философиясы болатын. Рене Декарт (1596-1650) өзінің дүние танымы жағынан философиядағы рационализмнің негізін салушы екені мәлім: “Ойлаймын екен, демек, тірі екенмін” (Декарт) . Табиғат тану, қоғам тану, әдебиет тану, өнер тану дегендердің бәріне Декарт өзінің осы ережесін методологиялық барыт етіп ұсынды. Өнер мен әдебиет туындыларындағы сұлулықты Декарт ең алдымен ондағы бүтіндік пен бірлікте, симметрия мен гармонияда деп білді. Декарттың осынау эстетикалык, талабы француз классицизмінің ірі теоретигі Н. Буало (1636-1711) поэтикасының философиялық негізі болып қалды. Классицизмнің әдеби манифесі ретінде танылған “Поэтикалық өнер” атты эстетикалық трактатында Буало суреткф атаулйның бәріи “саналы ойға”, “парасатты ақылға”, “алдын ала пішілген үлгіге”, “қалыптасқан тәртіпке” шақырды. Оның сондағы мақсаты поэтикалық өнерді абсолютизм дәуірінің білікті дворяндарынан шыққан сарай ақсүйектерінің саяси-көркемдік талап-тілегін қанағаттандыру әрекетіне ғана жұмсау еді. Дегенмен, Буалоның “шывдықтан асқан сұлу жоқ” деп, суреткерге өз шығармасында шындықты, тек шындықты ғана суреттеуді ұсынуы, бұл ретте “сөз аяғын ұйқастырғандардың бәрі ақын. емес” екенін ашып, соны дәлелдеуі - әдемі әрекет.

6. Философиядағы түрлі көзқарастың әдебиеттану ғылымындағы ағымдар мен мектептердің дүниеге келуіне әсер етуі. Биографизм, мәдени-тарихи, тарихи салыстыру яки компаративизм мектептері, психологиялық, психоаналитикалық яки фрейдизм мектептері, формализм және социологиялық мектептерінің әдебиеттанудағы орнын түсіндіріңіз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Даярлау бағыттарының жалпы сипаттамасы
Дандай Ысқақұлының әдеби сын тарихы
ӘДЕБИЕТТАНУДЫҢ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫ
Әдебиеттік оқу әдістемесінің даму тарихын зерттеу
Тәуелсіздік тұсындағы қазақ әдебиеттану ғылымының даму бағдары
Әдебиет танытқыштың әлемдік әдебиеттану ғылым контексіндегі көрінісі
Ғалым еңбектеріндегі қазақ әдебиеттануының мәселелері
Әдебиеттанудың философиялық әдістемелік мәселелері жайлы
Семиотикалық сын туралы түсінік
Әдеби шығармашылық және әдебиет теориясының методологиясы. Қазіргі әдебиеттану теориясындағы ғылыми ағымдар. Қазақ әдебиеттану ғылымындағы эстетика мен теория мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz