Философия және дүниеге көзқарас



Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

1.Философия және дүниеге көзқарас
2.Дүниетанымның тарихи типтерi: мифология,дiн және философия
3.Философияның пәнi мен тәсiлi,олардың арақатынасы және басты функциялары

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Көзқарас - 1)метафизикалық ойлау мен зерттеулер нәтижелерінің жиынтығы, объективті дүниеге және ондағы адамның орнына, адамның өзін қоршаған ортасы мен өзіне деген қатынасын білдіретін пікірлерінің және олардан туындайтын өмірлік ұстанымдарының, сенімдерінің, идеалдарының, құндылықтық бағыттарының жүйесі;2)адамдардың өздері өмір сүріп жатқан қоғамдағы, кезеңдегі немесе бұрын болған оқиғалар мен құбылыстарға, жеке тұлғаларға, идеяларға, т.б. қарым-қатынасы және содан туындайтын иланымы, тіршілікте, түрлі қызметте басшылыққа алатын ұстанымы. Көзқарас білім алу, еңбек ету, қоғамдық жұмыстарға араласу, ғылыммен шұғылдану, т.с.с. адамның теориялық және тәжірибелік таным әрекеті барысында қалыптасады; қараңыз
Мифология (грек. мythos - аңыз және logos - ілім) - 1) адамдардың жаратылыс туралы түсінігіне негізделген мифтердің жиынтығы; 2) мифтердің шығуын, мазмұнын, таралуын зерттейтін ғылым; қараңыз: Миф.
Мифология - адамзаттың рухани мәдениетінің ең көне формасы. Миф (аңыз, ертегілер) сананың әлі толық жетілмеген біртұтас ең көне формасы. Мифология гректің mifos - аңыз, ертегі және logos - ілім, білім деген сөздерінен шыққан. Қоғам дамуының бастапқы сатыларында қоғамдық сананың формасы мифтер барлық халықтарда болды. Мифологияда сыртқы дүние мен адам, ой мен сезім, зат пен идея, объективтік және субъективтік дүниелер арасында айқын шекара болмады. Ол шекаралар кейіннен пайда болды. Мифологияда олардың барлығы тұтасып жатты. Ол дүние жанындағы біртұтас түсінік болып табылды. Белгісіз дүниені түсіндіруге тырысудан оданда белгісіздігі мол дүниені танып білуге ұмтылу, егерде ол дүние танып білуге мүмкіндік бермесе, тәңірге немесе құпия ғаламат күшке сілтеме жасау - Мифтің өзіне тән ерекшелігі.
Дін - адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік-мәдени сана. Діннің басты мақсаты - адамның рухани жетілуі және оның Жаратушы Құдайға сенімі.
Ислам философиясының түсіндіруінше, дін дегеніміз - әлемді байланыстыратын күш Алланың барлығына сенім. Ислам тұжырымдамасы бойынша, рухани жетілу сатысының бірінші деңгейінде тұрған адамның алғашқы махаббаты, таза құлшылығы, қорқынышы Аллаға арналады. Сөйтіп,шынайыдіндар болып, жас кезінен Алланың ғана бұйрығын орындаушы болып өседі. Барлық тіршілік құбылыстары Алла Тағаланың қолында екеніне және күнәлі істері үшін оның қарғысына ұшырайтынына мұсылман кәміл сенеді. Осы сенім - оны жаман істерден тежеуші және дұрыстықтан, имандылықтан шықпауына себепші. Иманын жоғалту адамның дінін жоғалтуына алып келеді. Діни тұрғыдан, дін - бүкіл болмыстың түпкі себебі барын, дүние-болмыстың жаратылу мақсатын, оның сыр-сипатын түсіндіріп, танып-білуге және адамның рухани жетілуіне мүмкіндік жасайтын әдіс-әрекеттер мен бүкіл дүниетанымды болмысты, толық қамтитын өте кең, ауқымды ұғым. Қазіргі ғылымның зерттеулері бойынша дін қырық - елу мың жыл бұрынғы палеолит кезеңінде шыққан. Аталмыш кезеңнің мәдениетескерткіштері жан-жануарлар культі мен аңшылыққа қолданған сиқыршылық белгілерін сақтаған. Сондай-ақ діни наным-сенімдердің болғандығын сол ежелгі дәуірлердегі өлген адамды еңбек құралдары және әшекей бұйымдармен бірге жерлеу дәстүрінің белгілері де дәлелдеді. Діннің неғұрлым ертедегі көріністері - сиқыршылық, тотемизм, ғұрыптық жерлеу культі және шамандық болып табылады. Құдайды тұлғалық Бастау ретінде мойындау қазіргі діндерден ислам, христиан, иудаизм діндеріне тән, ал будда, даосизм діндеріне тән емес. Халықты қамтуы жөнінен діннің тайпалық-халықтық (мысалы, иудаизм) және ұлтаралық немесе әлемдік (будда діні, христиандық, ислам) түрлері белгілі. Әлемдік діндердің әрқайсысы түрлі ағымдар мен конфессияларға бөлінеді.
Мысалы, ислам дінініңсүнниттік, шииттік ағымдары, христиан дінінің католиктік, православие және протестанттық конфессиялары бар. Дүние жүзі халқының дені, негізінен, әлемдік үш дінді (ислам, христиандық, будда) ұстанады. Сонымен қатар, маркстікатеизм және бүкіл дін атаулыны теріске шығаратын басқа да көзқарастар жүйесі ғылымда кейде шартты түрде теріс таңбалы діндер деп аталынады.

1. Адамның объективтiк дүниенi танудың алғашқы формалары-дүниенi сезiну және дүниенi қабылдау - эмоционалды-сезiмдiк сфералармен, түйсiктермен байланысты болады. Әрбiр адам жастайынан дүниенi танып бiле бастайды, заттар мен құбылыстар жайында бiлiмдер жинақтайды (мыс.оптимистiк және пессимистiк көзқарастар дүниенi сезiну мен байланысты,ал сол сезiмдер негiзiнде қалыптасқан образдар мен бейнелер мыс.белгiлi бiр өткен немесе келешекте болатын өмiр жағдайларын елестету, дүниенi қабылдау болып табылады). Дүниенi сезiну мен қабылдау адам өмiрiнде маңызды орын алады,бiрақ құбылыстар мен процестердiн терен мәнiң,олардын себептерi мен салдарын түсiнуге мүмкiндiк тудырмайды. Ондай мүмкiндiк тек дүниетаным негiзiнде қалыптасады. Адам заттар мен құбылыстар жайында бiлiмдер жинақтай отырып, дүние неге былай құрылған,адамның тууы мен өлiмiнiң, бақыты мен қайғы - қасiретiнiң себебi неде деген мың-сан сұрақтар қойып,оларға жауап iздейдi.Бұл сұрақтарға адам өзiнiң мәдени денгейiне байланысты, арнаулы немесе жалпы бiлiм дәрежесiне орай,әр түрлi өзара әнгiмелесудiң әсерiмен және бұқаралық ақпарат құралдары мен әдеби кiтаптардан алынған мағлұматтарына қарай жауап бере отырып,өзiнiң жеке өмiрлiк философиясын,өз дүниетанымын құрастырыды. Дүниениетаным дегенiмiз адамның дүниенi түсiнү,оны бағалаудың принциптерi мен әрекеттерi, бiлiмi мен сенiмi,ой-пiкiрлерi мен құндылықтарының синтезi, жинтығы. Кейiн,адамның бiлiмдерi мен сенiмдерi бiркелкi жинақтала келiп, дүниенiң өзгерiсi мен дамуы туралы кең көлемдi көзқарас, ой-пiкiрге айналады (дүниетаным дүниеге көзқарсқа айналады). Дүниедегi өзiнiң орны туралы,жеке және қоғамдық өмiрдiң мақсат-мүдделерi туралы,өзiнiң өмiрлiк ұстанымы мен iс-әрекетi туралы ойлана отырып адам белгiлi бiр көзқарастарға келедi.Дүниеге көзқарас дегенiмiз-айнала қоршаған орта, бүкiл әлем,тұтас дүние туралы,ондағы адамның орны,тiршiлiктiң мән-мағынасы туралы көзқарастардың пiкiрлер мен түсiнiктердiң жүйеленген жиынтығы.Дк-сезiмнен,нанымнан,таны мнан тұрады. Оның құрамына:
*бiлiм;
*сенiмдер мен нанымдар,
*құндылықтар мен ережелер;
*эмоционалды-ерiктiк компонентер кiредi.
Сонымен,дүниегекөзқарас-адамзат санасының,дүниетанымының қажеттi бөлiгi.Бiлiм мен сенiмнiң,ой мен сезiмнiң, көңiл-күйi мен мақсат-мүдденiң, үмiт пен ниетiң т.б. түрлi жақтарының бiрiгуi болып табылатын дүниеге көзқарас адамдардың дүние және өзi туралы бiртұтас ұғымдарының жиытығы деуге болады.Дүниеге көзқарастың өзегi бiлiм болғандықтан,бiлiмнiң мазмұнының ақиқатығымен тереңдiгiне,дәлелдiлiгi мен жүйелiлiгiне қарай ол күнделiктi - практикалық және теориалық болып бөлiнедi. Күнделiктi - практикалық дүниегекөзқарас бiркелкi емес, өйткенi оның иесi болып табылатын адамдардын бiлiмi, ақыл ойы мен рухани мәдениетi,ұлттық дәстүрлерi мен дiни сенiмдерi жағынан алуан түрлi. Күнделiктi - практикалық дүниеге көзқарас құрамына сананың аса қарапайым формаларынан бастап, ғылымдардың, өнер иелерi мен саяси қайраткерлердiң т.б. озат ой-пiкiрлерi болады. Мұндай көзқараста қателесу, адасушылық пiкiрлер де бар.Өйткенi, тұрмыстық көзқарастың формалары стихиялық сипатта қылыптасқан мазмұны терен ойластырылмаған ,жан-жақты талданбаған және дәлелделмеген. Ал дүниегеқөзқарастың теориялық денгей арнайы сынақтан өткен,ғылыми негiзделiп дәлелденген болып табылады. Философия және ғылым көзқарастың осындай (теориялық) денгейiн жатады,өйткенi философиялық көзқарас жалпы теориялық бiлiмдердi ғана бейнелендiредi. Теориялық көзқарастың ерекшiлiктерi: өзiне ғана тән өзгеше тiлi бар(категориялдық аппарат), жоғары және қатан денгейде абстракциялану. Бұл денгейде, адамды және әлемдi зерттеудiң арнайы әдiстерi пайда болады,объективтi және субъективтi нақтылықтың қалыпы,моделi құрылады да,адам өмiрiнде үлгi болатын көзқарастар қалыптасады. Мәселе шешу: тұлғаның көзқарысына қоғамда қалыптасқан ой-пiкiрлер,принциптер,әдептiлiк нормалары, құндылықтар табиғаты және т.б. әсерiн тигiзетiнi көпшiлiкке белгiлi. Ал,жеке тұлғаның көзқарастары қоғамдық көзқарастарды озып кету мүмкiнбе?
2.Көлемi кең шенбердiң iшiне (дк) кiшi шенберлi (философия) енiп тұрады-деп айтуға болады. Демек дк iшiнде философиядан басқа да дк әлеуметтiк тарихи типтерi бар, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Философияның ерекшелігі және негізгі анықтамалары. Философия – даналық
Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философияның пәні мен әдісі
Философияның пәні мен әдісі
Философия және дүниетаным жайлы
Дүниеге көзқарастың тағы бір формасы, жоғарыда атап өткеніміздей - философия
Философия - адамзаттың рухани табысы
Философияға кіріспе. философияның дамутарихы. философия пәні мен функциясы
Философияның даму тарихы
Философияның негізгі даму кезеңдері мен бағыттары
Дүниеге философиялық көзқарас. Дүниеге көзқарас
Пәндер