Европалық білім кеңістігіндегі білім сапасын арттыру жұмыстарына салыстырмалы-педагогикалық талдау


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

Тарих педагогика факультеті

Бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі кафедрасы

ӘОЖ:371. 035.

Ошантаева Нұржамал Маликовна

Европалық білім кеңістігіндегі білім сапасын арттыру жұмыстарына салыстырмалы-педагогикалық талдау

6М010200- Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Магистрлік диссертацияның авторефераты Түркістан-2014 Диссертацияның Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Бастауыш оқыту педагогикасымен әдістемесі» кафедрасында орындалған.

Ғылыми жетекшісі: педагогика ғылымдарының кандидаты,

доцент. м. а. Г. Т. Токкулова

Ресми оппоненті: Сарыбекова Қарлығаш Нұрғалиқызы

Педагогика ғылымдарының кандидаты,

доцент

Диссертация 2014 жылдың «3» маусым де сағат 14:00

Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде (мекен-жайы:Түркістан қаласы, Тәуке хан даңғылы Заң ғимараты №7 корпуста қорғалады.

Диссертациямен Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің кітапханасында танысуға болады.

Кіріспе.

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан мемлекетінің, оның экономикалық қуаттылығы мен қауіпсіздігі көп жағдайда халықтың білім деңгейімен айқындалады, әсіресе жоғары білімді болашақ мамандардың кәсіби дайындығының сапасына тікелей тәуелді болады.

Дүние жүзінің көптеген елдеріндегі сияқгы, Қазақстан Республикасында да қазіргі кезде білім беру жүйесін реформалау жүзеге асырылуда, ЮНЕСКО-ның жүйелеуі бойынша бұл реформа екінші типті реформалар қатарына жатады.

Қазақстан президенті Н. Назарбаевтың 2013 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында « . . . біз қалыптасқан мемлекет деңгейіне көтерілдік, сондықтан әлемнің білімі мен ғылымы дамыған мемлекеттеріне сәйкес білім беру жүйесін орнатуымыз керек» деген сөздері біздің зерттеу жұмысымыздың өзектілігін көрсетсе керек. Отандық білім беру жүйесінің әлемдік деңгейіне көтерілу біз сияқты өз кемшіліктерін жеңе білген мемлекеттердің тәжірибелерінің құндылығын есепке алмай жүзеге аспайды.

Өйткені, екінші типті реформалар тікелей білім беру жүйесіне катысты болады және олар осы жүйеден тыс болып жатқан әлеуметтік-саяси өзгерістерге байланысты білім берудің мақсаты мен міндеттерінің де өзгерісін туғызады. Алдымен, бұл реформалар білім жүйесінің, ақпарат және компьютер жүйесі мен технологиясының тез қарқынмен дамуы, білім берудің барлық саласында мәліметтердің дүниежүзілік және аймақтық ақпарат банктерінің пайда болуы мен оқытудың дәстүрлі әдістері арасыңдағы қайшылықтарды жоюға бағытталған.

Ағылшын педагогы Дж. Бередей салыстырмалы педагогикалық зерттеулердің индуктивтік әдіс құрылымын ұсынса, Ресей ғалымдары Б. Наврочинский, Т. Вилех, М. Пенхерский салыстырмалы педагогикалық зерттеулерді жүргізудің кезеңдік құрылымын ұсынады. Ал А. Векслиар, М. Дебесс "Салыстырмалы педагогикалық зерттеулерді басқа схемамен жүргізген тиімді деп есептейді, яғни: білім берудің маңызды мәселелерін жалпы түрде анықтау және белгілеу; әр мәселенің зерттелу дәрежесін анықтау; жалпы проблеманы жеке мәселелерге бөлшектеу арқылы.

Ал Қазақстандық ғалымдар: А. Құсайынов, Г. Нұрғалиева, Қ. Мусин, т. б. салыстырмалы педагогиканың толып жатқан ғылыми мәселелерін шешуге, құбылыстарды зерттеуге бағытталған тәсіл мен амалдардың жиынтығы салыстырмалы-педагогикалық зерттеулердің әдістері болып табылады. Олардың ұсыныстары бойынша салыстырмалы-педагогикалық зерттеулердің негізгі әдістерінің жіктелісі төмендегідей мазмұнмен беріледі: салыстыр-малы-педагогикалық зерттеу "практикалық әрекет жөніңде шешім қабылдау, пікір түю немесе баға беру үшін белгілі білім, ереже не анықтама негізінде ойлау процесі ретінде" дәлелдеуден басталады".

Осындай маңызды міндеттердің туындауына байланысты педагогикалық ЖОО кәсіби білімді мамандарды даярлаудың жаңа, жүйелі-педагогикалық жолдарын айқындауда әдемдік тәжірибені пайдаланудың салыстырмалылығын қамтамасыз ету өзекті болып отыр.

Жоғарыда айтылғандар мен негіздеулер дамыған елдердің жоғары кәсіби педагогикалық білім беру жүйелеріндегі инновациялық үдерістерге салыстырмалы-педагогикалық талдау жасаудың өзектілігін дәйектеп беріп отыр және зерттеу тақырыбын « Европалық білім кеңістігіндегі білім сапасын арттыру жұмыстарына салыстырмалы-педагогикалық талдау» деп таңдауға мүмкіндік берді.

Зерттеу мақсаты: Европалық білім беру кеңістігінде педагогикалық білім беру жүйелеріндегі озат инновациялық тәжірибелерін Қазақстандық болашақ педагогтарды даярлау жүйесінде қолдану мүмкіндігін анықтау.

Зерттеу нысаны : әлемдік педагогикалық жоғары білім беру процесі.

Зерттеу міндеттері:

  • жоғары білім беру жүйесіне салыстырмалы-педагогикалық талдаудың теориялық-әдіснамалық негізін айқындаушы талаптарды әзірлеу және оны негіздеу;
  • салыстырмалы-педагогикалық талдау негізінде Европалық білім беру кеңістігінде жоғары білім беру жүйесінің қызметін, мақсаты мен ерекшеліктерін, маман даярлаудың инновациялық бағыттарының тиімділігін талқылап, қорытындылау және жүйелеу;
  • зерттеуге алынған елдердегі жоғары педагогикалық білім берудің инновациялық үдерісінің жетекші тенденцияларын айқындау;
  • дамыған елдердегі жоғары педагогикалық білім берудің озат инновациялық тәжірибелерін Қазақстанда жоғары білімді педагог кадрларды даярлайтын оқу орындарында қолдану мүмкіндіктерін анықтау.

Зерттеудің теориялық мәнділігі ғылыми жаңалылығы: зерттеу бойынша әзірленген теориялық ұстанымдар мен қорытындылар Европалық білім беру кеңістігінде жоғары педагогикалық білім беру жүйесінің салыстырмалы-педагогикалық сипаттамасының маңызды ғылыми мәселе ретіндегі орнын анықтап берді. Зерттеу жұмысында дамыған елдердегі ЖОО болашақ мамандарды кәсіби даярлау жүйесін салыстырмалы-педагогикалық талдаудың теориялық-әдіснамалық негізі әзірленді; олардың қазіргі жайы туралы түсініктер берілді; жоғары педагогикалық мамандар даярлайтын мемлекеттік және қоғамдық оқу орындарына қойылатын талаптарға талдау жасалынды; дамыған елдерде педагогикалық жоғары оқу орындарындағы оқу мақсаттары мен олардың мазмұны, даярлау жүйесіндегі тнновациялық үдерістің ерекшелігі мен сапасына талдау жасалынып, сараптаудан өткізілді; дамыған елдердегі жоғары педагогикалық білім берудің жүзеге асырылуы мен, оларды реформалаудың жетекші тенденциялары көрсетілді, елімізде дамыған шетел тәжірибелерін қолдану мүмкіндіктері айқындалды.

Зерттеудің практикалық мәнділігі: диссертацияда Европалық білім беру кеңістігінде жоғары педагогикалық білім беру жүйесінің салыстырмалы-педагогикалық талдауы бойынша әзірленген теориялық-әдіснамалық қатынастың тиімділіг туралы ұстанымдар мен қорытындылар және ұсыныстар Қазақстанда жоғары педагогикалық білім беруді жетілдіруде инновациялық мазмұнды қамтамасыз етуге алғы шарт бола алады. Салыстырмалы-педагогикалық талдау нәтижелерін еліміздегі педагогикалық ЖОО басқару жұмыстарында және болашақ мамандарды даярлау қызметін жетілдіруде қолдануға болады.

Зерттеу әдістері: зерттеуге қойылған міндеттерді орындау барысында салыстырмалы-сұрыптау, контент-талдау, құрылымдық-функциональды талдау, статистикалық әдістер кешенді түрде қолданылды.

Магистрлік диссертация 2 бөлімнен 6 тараудан тұрады

Негізгі бөлім

Қазіргі таңда дүниежүзілік әлемдік салыстырмалы педагогиканың дамуында үш негізгі бағытты бөліп көрсетуге болады: салыстырмалы педагогикалық зерттеулер методологиясы; дүние жүзінің түрлі елдерінде білім беру саласы бойынша мәліметтердің дүниежүзілік және аймақтық ақпараттық компьютерлік банктерін құру; дамушы елдердің ұлттық білім беру жүйесін реформалаудың бағдарламаларын жасау және нақты көмек беру.

Білім беру жүйесінің өзін елеулі өзгертуге бағытталды, білім берудің мақсаты мен оған деген көзқарас өзгерді, себебі білім беру ақпарат дамып отырған қоғамда маңызды әлеуметтік-экономикалық және мәдени прогресс құралына айналды. Сол себепті біздің зерттеу жұмысымызда білім беру жүйесін реформалаудың негізгі себебі, мақсаты мен міндеттері, бағыты және тенденциялары қарастырылады.

Білім беру жүйесін әлемдік деңгейге жеткізудегі реформалаудың себептері:

• елдің дамуының әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктері;

• ғылыми-техникалық прогресті дамытудың қажеттілігі, үнемі жаңа, аса күрделі технологияның пайда болуы;

• халықаралық бәсекелестік;

• XXI ғасырдың басындағы дүниежүзілік жөне отаңдық ғылым мен практикадағы өзгерістер туралы болжамдар;

• басқа елдердің білім берудегі тәжірибелері, салыстьгрмалы-педагогикалық зерттеулердің нәтижелері;

• дүниежүзілік қауымдастықтың нығаю тенденциясы, халықаралық байланыстардың дамуы және нығаюы;

• білім беру жүйесіндегі кемшіліктер, көпшіліктің наразылығы.

Білім беру жүйесін реформалаудың мақсаты мен міндеттері бойынша :

эволюциялық реформалау (ЮНЕСКО-ның жүйелеуі бойынша реформаның бірінші түрі, онда білім беру жүйесінің жекелеген жақтары жетілдіріледі және жаңартылады) ;

революциялық реформалау -реформалаудың екінші түрі, оңда білім беру жүйесінің өзіне елеулі (түпкілікті) өзгерістер енгізіледі;

стратегиялык, міндеттер - негізгі, ерекше елеулі және келешекке арналған міндеттер, ол білім беру жүйесін реформалаудың ұзақ уақытқа бағытталған міндеттері;

тактикалық міндеттер - білім беру жүйесін реформалаудың таяу уақытқа арналған міндеттері, оны шешпей стратегиялық міңдеттерді жүзеге асыру мүмкін емес;

иитернационалдандыру - баска үлтқа, халыққа, олардың әдет-ғұрпына, дәстүрлері мен мәдениетіне құрметпен қарауға тәрбиелеу, шетел тілдерін оқуға ерекше көңіл болу;

демократияландыру - жастарды толық орта, жоғары білім алуға қамтуды кеңейту, білім беру сатыларының қатаң сабақтастығъш сақтау, оқудың тығырыққа тірелген бағыттарын жою, барлық оқу орындарында оқыту сапасын жақсарту, білім берудің мазмұнын өмірмен тығыз байланыстыру, оқушыларды жоғары азаматгық, моральдық және эстетикалық мұратта тәрбиелеу.

Дамыған елдердегі білім беру саясатының жетекші заңдылықтары мен қайшылықтарына олардың білім беру саясаты елеулі ұлттық және жергілікті ерекшеліктерге қарамастан, барлық елге бірдей заң ғылымының заңдары, экономикалық теория және басқару теориясына сай дамиды. Білім беру саясаты белгілі заңдылықтарға бағынады және оның негізіңде жалпы қайшылықтар анықталынады.

Білім беру саясатының зандылықтары:

  • білім беру саясаты алдымен билеуші таптар мен партиялардың мүддесін біддіреді;
  • оқытудың орташа қаржысының өсуі және оқу мерзімінің ұзартылуы, әсіресе жоғары мектепте білім беруге арналған қаржының үнемі көбейтілуін кажет етеді;
  • қоғамның әрбір мүшесінің өз өміріндегі кірісі оның білім алу деңгейіне байланысты;
  • реформа саясаты мен өзгеріс (білім берудегі) білім беруді жоспарлау тәжірибесінен және концепциясынан алшақгай береді (жоспарлау қазіргі жағдайды сақтауға тырысатын саясаттың бір бөлігі, ал реформа өзгеріс жасауға бағытталған.

Сонымен бірге, білім беру парадигмаларының ХХІ ғасырдың сұраныстары негізінде өзгеруіне байланысты жоғары білімді кәсіби маманның құзырлылық сипатына ерекше назар аударылып отырғаны белгілі. Осы тұрғыдан әлемдік педагогика ғылымында құзырлы маман(компетентность) ұғымы енгізіліп, ол Батыс Европа елдерінің білім беру жүйесінің инновациялық процесін ұйымдастырудың жетекші ұғымына айналып отыр. Болон декларациясының талаптарына сәйкес Европа кеңістігінің жоғары білімді мамандары өз мамандану салалары бойынша құзырлы болу міндеті қойылды және ол 8 деңгей бойынша жүзеге асырылуда.

Дүние жүзіндегі GS рейтингісіне ену педагогикалық зерттеулер жүргізуде толып жатқан методологиялық тәсілдердің қолданылуына негіз болып отыр. Оның үстіне әр зерттеуші зерттелетін мәселеге өз еліндегі білім беру ісінің және салыстырмалы педагогиканың даму дәрежесіне сай өз көзқарасын енгізуге тырысады.

Білім беруді басқаруда жергілікті органдарға ерік беру үлгісі Англияда, Америкада, Германияда, Ресейде орын алып отыр. Англияда графтықгар, Америкада штаттар, Германияда "жерлер" "білім беруде белгілі дәрежеде автономия болып есептеледі. Педагогикалық құжаттарды өздері дайындайды, оқу материалының көлемін белгілейді жөне т. б. Жергілікті оргаңдарға билік беру белгілі дәрежеде, олардың бастамашылығын арттыруға, педагогтік эксперимент жүргізуін ынталандыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар мұндай жағдай елдің әр аймағында мектептегі оку мазмұнының тым алшақтауына әкеліп соқтырады, білім беру саласында жалпы ұлттық қалыпта ұстауға қиындық келтіреді.

Міне, Европалық білім беру кеңістігінде кәсіби педагогикалық білім беру жүйесіне салыстырмалы талдау жасаудың әдіснамалық қатыстары, принциптері мен әдістерін зерттеуде оны Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесін реформалау сипатына қатысты қарастыратын кезге келдік.

ХХІ ғасыр табалдырығында тұрған адамзат дамуының жаңа кезеңі - білім беру прогрестің ең маңызды факторының бірі болып саналатын кезеңге келіп жетті.

Жұмысымыздың жүру барысында тарихи негізге сала отырып, біз ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді зерттедік. «Инновация» ұғымы педагогиканың сөздік қорына ежелден енген екен. Ол кейбір ғалымдардың еңбектеріне «жаңа» «жаңалық еегізу» деп көрсетіледі екен. Кейбіреулер оны «өзгеріс» деген терминмен анықтайды. Біздің ойымызша бұл түсініктер кең мағынадағы терминдермен білім беру жүйесіндегі кез-келген өзгерісті сипаттайды.

Инновация термині қазір де білім берудің теориясы мен практикасында кеңінен қолданылуда. Бірақ, ғылымда бұл терминнің нақтылы анықтамасы белгілі бір категория ретінде берілмеген. Берілетін анықтамалардың көпшілігі бұл ұғымды кеңінен терең таныта алмайды. Инновацияның «білім беру жүйесіндегі жаңалық енгізу» деп айтсақ, «Введение принципиального в образовательную систему» ұғымының мағынасын тарылтқан болар едік.

Инновация ұғымы ең бірінші ХІХ ғасырда мәдениет танушылардың зерттеуінен пайда болды, яғни бір мәдениет түрлерін, екінші ел мәдениетіне енгізу дегенді білдіреді және бұл ұғым этнографияда әлі күнге дейін сақталған.

«Инновация» ұғымын әр елде әр түрлі түсінген, кейбір мемлекеттерде (АҚШ, Нидерланды) бұл термин кең тараған, ал Арабия, Жапония тәріздес «инновация» ұғымын сөздіктерде кезіктіру мүкін емес. Сондықтан әр елде бұл құбылысқа қандай көзқарас қалыптасқанын анықтау мақсатымен ғылыми-педагогикалық техникалық саяси әдебиеттерді, баспа беттерін зертей келе Ресейде, шет елдерде, социалистік елдерде, Қазақстан мемлекетінде «инновация» ұғымына берілген анықтамаларды жинадық.

Майлс пікірі бойынша инновация арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешілуін күзетеміз деген. [63]

Инновация- нақты ситуацияларды талдау САSЕ - әдісі (кейс-стадий), яғни, нақты жағдайды зерттеу.

Блум таксономиясымен инновациялық технологиялардың дамуы жоғары оқу орнында барлық пәндер бойынша сабақтарда Гарвард әдісін қолданудың артуынан байқалады. Әдістің негізгі құрылымы студенттердің практикада және құрбы-құрдастарымен қарым-қатынаста алатын тәжірибесіне арқа сүйейді. Олар қандай да бір нақты жағдайда талқылайды, оны шешудің баламаларын іздестіреді, шешімнің өзіндік нұсқасын ұсынады, ол шешімді негіздейді, бұдан соң оны практикада қабылданған шешіммен салыстырады.

Дәстүрлі педагогика
Дамытушы педагогика
: Мәні
Дәстүрлі педагогика: Білім, ептілік, дағдыны меңгерту
Дамытушы педагогика: Баланың өзін-өзі субьект ретінде өзгертуі
: Мақсаты
Дәстүрлі педагогика: Білім, ептілік, дағдыны игерту
Дамытушы педагогика: Әрбір оқушыға оқып-тану үдісінің өзіндік өзгеретін субьектісі ретінде дамуға жағдай жасау, қасиет-қабілеттерін дамыту
: Дамытудың негізгі факторы
Дәстүрлі педагогика: Білім, ептілік, дағдының дәрежелері
Дамытушы педагогика: Соған қоса маңызды психикалық қызметтерді, ақыл-ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу үрдісі
: Мұғалімнің ролі
Дәстүрлі педагогика: Дайын білімді түсіндіруші, бақылаушы, бағалаушы, тәртіпті қадағалаушы, білім насихатшысы
Дамытушы педагогика: Танымдық іс-әрекетті ұйымдастырушы, ұжымдық істердің ұйытқысы, кеңесші
: Педагогтың негізгі талабы
Дәстүрлі педагогика: Мен сияқты істе
Дамытушы педагогика: Ойлап істе
: Педагог қызметі
Дәстүрлі педагогика: Білім беру
Дамытушы педагогика: Адамды “өсіруші”
: Әрекеттестік стилі
Дәстүрлі педагогика: Авторитарлы
Дамытушы педагогика: Демократиялы
: Мұғалім мен оқушының өзара қарым-қатынастық стилі
Дәстүрлі педагогика: Монологты (мұғалім жағынан)
Дамытушы педагогика: Диалогты
: Оқытудың басым әдісі
Дәстүрлі педагогика: Мәліметтілік
Дамытушы педагогика: Ізденісті-зерттеушілік
: Сабақты ұйымдастыру түрі (формасы)
Дәстүрлі педагогика: Фронтальді, топтық
Дамытушы педагогика: Жекебастық, топтық
: Мазмұнның негізі
Дәстүрлі педагогика: Адамның кейбір саладағы іс-әрекеттерін құрастырудың жалпылама ұстанымдарына сүйеніп, анықталған мәселелерді шешудің дайын әдістері
Дамытушы педагогика: Дамыту үрдісіндегі оқушылардың игеретін іс-әрекеттері қалыптастыру ұстанымдарын анықтайтын ғылыми түсініктер
: Әдіс-тәсілдер
Дәстүрлі педагогика: Көрсету-түсіндіру-жаттықтыру-бақылау-бағалау
Дамытушы педагогика: Оқу мақсаттарының қойылуы, ізденушілік-зерттеушілік әрекеті, табылған шешімді дәлелдеу, шешімді тексеру
: Әрекеттестік түрі
Дәстүрлі педагогика: Басқарушы мен бағынушы
Дамытушы педагогика: Іскерлік-сәріктестік, ынтымақтастық
: Әрекеттестіктегі қызметтер
Дәстүрлі педагогика: Мұғалім-жетектеуші, оқушы -орындаушы
Дамытушы педагогика: Қызметтер бөлінбейді, бірлескен ізденіс
: Педагогтың материалды түсіндіруге кеткен уақыты мен салыстырғандағы оқушының өзіндік жұмысының уақыты
Дәстүрлі педагогика: Өте аз
Дамытушы педагогика: Салыстырмалы
: Оқушы позициясы
Дәстүрлі педагогика: Қызығу аз, пассивті
Дамытушы педагогика: Қызығу бар, а ктивті, ынталы, шабытты
: Оқуға деген мотив
Дәстүрлі педагогика: Эпизодты түрде туындайды
Дамытушы педагогика: Әрқашан және мақсатты туындайды
: Сабақтағы жанға жайлы сәттер
Дәстүрлі педагогика: Кей кезде пайда болады
Дамытушы педагогика: Әрдайым және мақсатты бағытталған

1- сурет. Дәстүрлі және дамытушы оқытуды салыстыру кестесі

Зерттеу жұмысымыздың 1-ші бөлімде жасалынған ғылыми-теориялық талдаулар дамыған елдердің жоғары білім беру жүйесі мазмұнының қалыптасуына ықпал ететін факторлар мен көздердің арасында жүйелі байланыстардың бар екендігін көрсетті және оны мынадай сурет түрінде.

2 сурет. Жоғары білім беру жүйесі мазмұнының қалыптасуына ықпал ететін факторлар мен көздердің арасында жүйелі байланыстар.

Бұл суреттен дамыған елдерде жоғары білім беру ең алдымен елдің рухани-экономикалық қауіпсіздігіне ерекше назара аударатындығын және ол үшін болашақ маманның кәсіби сапасы мен бірге оның азаматтық позициясына назар аударатынын байқауға болады. Және де аталған мәселелер тек лозунг түрінде ғана емес, сол елдің өмір сүру дәрежесін көтеруге басты көңіл бөлетінін байқатты. Атап айтқанда, жоғары білім беру жүйесінің негізгі талаптары Батыс Европа және Жапония, Финляндия, Корея секілді мемлекеттерді берілген білімнің экологиялық зардаптарды болдырмауға күш салу қажеттігін көрсетеді. Ұлттық даму мен әлемдік дамудың бірдей критерийлерінің болуы оларда рухани байлыққа жеткілікті назар аударатынын көрсетті. Яғни, ғылымның дамуы сол мемлекеттің ғана емес бүкіл адамзаттың ортақ қазынасы деген құндылықты жоғары оқу процесінде басшалаққа алатыныын байқатты. Сол себепті дамыған елдердежоғары білім беру мазмұны көптеген глобальды факторлардың интегралды ықпалын есепке алу мақсатында қалыптасады, атап айтқанда кадрлардың қажеттілік масштабы мен олардың әлемдік сұранысқа сәйкес даярлану мөлшері мен сапасына, олардың халықаралық деңгейде тұрақты сұранысқа ие болуының негізгі талаптарын айқындау ЖОО білім сапасын айқындаудың басты критерийлері.

Өйткені, АҚШ, Жапония, Германия, Франциия мемлекеттерінде жоғары кәсіби білім беру мазмұны ғылымда болып жатқан өзгерістер мен жаңалықтарға тікелей қатысты әзірленеді, мысалы, АҚШ-да соңғы бес жылда оқу курсының мазмұны 25-30%-ке, ал Германияда 30 -35%. -ке ауыстырылған. Батыс Европа елдеріне қарағанда АҚШ-да техникалық курстардан көрі гуманитарлық курстарға, оның ішінде факультативті курстарға көп көңіл бөледі. Сондықтан американдық оқу орындарында оқу уақытының басым көпшілігі курстық жұмыстарға бөлінеді.

2009-2010 жылдарға арналған оқу жоспарларында жоғары білімді кәсіби педагогикалық білім беру мамандарды даярлаудың жалпы бағыттары бойынша емес, кәсіптік қызметке нақты даярлау бойынша жүргізіледі. АҚШ, Ұлыбритания, Германия университеттерінде жоғары педагогикалық білім беру болашақ мамандардың алған білімдерін дұрыс жеткізе білу қызметіне дайындық деңгейімен айқындалады. Кез келген жоғары білімді маман педагогикалық қызмет атқаруға мүмкіндігі бар болғанымен олардың көпшілігі кәсіби педагогикалық қызметті таңдамайды, сондықтан таңдау пәндері мен факультативтерде олар нақты әрекеттермен шектелетін техникалық пәндерді таңдауға тырысады. Алайда, жоғарыда айтылған дамыған мемлекеттердегі ЖОО әлеуметтік өмірге араласу мен оған қызмет етудің маңыздылығын шешу алдыңғы орынға қойылған. Сол себепті, АҚШ-да әлеуметтік-экономикалық циклға -9%; Ұлыбританияда-8%; Германияда-1, 9%, Жапония мен Кореяда-11% уақыт бөлінген. Ал жаратылыстану циклына АҚШ-да -19%, Германияда-9, 1; Ұлыбританияда-9, 6%, Ресейде- 17, 3% уақыт бөлінсе, ал бойынша АҚШ -52%; Ұлыбританияда - 72, 7 %; Германияда - 70, 0 %; Ресейде - 46, 2 % уақыт бөлінген.

3. Жоғары кәсіби білім беру жүйесіндегі педагогикалық технологияларға салыстырмалы талдау жасалынып, оның инновациялық потенциалы айқындалды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектептегі мұғалім жұмысының ерекшеліктері
Мұғалім атқаратын қызметі
Оқытуды технологизациялау идеясының пайда болуы
Инновациялық технологиялармен оқыту
Зерттеу жұмысының әдістері мен әдістемелері
Ақпаратты тасымалдау құралы
Педагогикалық білім берудің үздіксіз жүйесін сипаттау
Қазақстан Республикасындағы білім саласын мемлекет тарапынан реттеу
Оқытудың кредиттік жүйесінде студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыру
Баланы ойлауға үйрету
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz