Ежелгi грек өркениетiнiң даму кезеңдерi және оның философиялық-құқықтық iлiмi



Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Ежелгi грек өркениетiнiң даму кезеңдерi және оның философиялық-құқықтық iлiмi.
1. Ерте дәуiрдегi саяси-құқықтық ойлар (б.з.д. IX-VI ғғ.).
2. Ежелгi грек саяси-құқықтық ойының гүлденген дәуiрi (б.з.д. V-IV ғасырлардың бiрiншi жартысы).
3. Эллинизм дәуiрiндегi саяси-құқықтық ойлар (б.з.д. IV-II ғғ.).

1.Ежелгi грек өркениетiнiң даму кезеңдерi және оның философиялық-құқықтық iлiмi.

Б.з.д. мыңжылдықтың басында Ежелгi Грецияда жеке және тәуелсiз полистер формасы түрiнде бiрнеше қала-мемлекеттер пайда болды. Алғашқы қауымдық құрылыстан қоғамдық өмiрдiң ерте таптық және қоғамдық формасына көшу халықтың әлеуметтiк жiктелу процесiн одан әрi күшейтiп ру ақсүйектерi мен қайыршыланған қауым мүшелерiнiң, байлар мен кедейлердiң, ерiктiлер мен құлдардың арасындағы күрестi шиеленiстiре түстi. Осындай жағдайда ежелгi грек полистерiнде басқару формасының өздерi жақтаған түрiн орнату жолында әртүрлi әлеуметтiк топтар арасында аяусыз күрес жүрдi. Ол кездегi басқару формасының негiзгi түрлерi мынадай едi: аристократия (ескi немесе жаңа ақсүйектер тобы), олигархия (байлар мен дәулеттiлер тобы) және демократия (халық билiгi). Осындай күрес нәтижесiнде б.з.д. VI-V ғғ. әртүрлi полистерде басқарудың өзiндiк формалары пайда болып, одан әрi дамыды. Афиныда демократия, Фивыда олиграхия, Спарта мемлекетiнде аристократия пайда болды. Осы процесс Ежелгi Грецияның саяси және құқықтық iлiмiнде көрiнiс тапты.
Ежелгi грек полистерiнде саяси-құқықтық көзқарастың пайда болуы мен дамуында үш кезең айқын байқалады. Ерте кезең- (б.з.д. IX-VI ғғ.) ежелгi грек мемлекеттiлiгiнiң пайда болуына сәйкес келедi. Бұл кезеңде саяси-құқықтық көзқараста рационациялау (Гомер, Гесиод, атақты жетi данышпан ) байқалады және мемлекет пен құқық проблемаларына философиялық тұрғыдан қарау (Пифагор, Гераклит) қалыптасады. Екiншi кезең - (б.з.д. V және IV ғасырдың бiрiншi жартысы) ежелгi грек философиясы мен саяси-құқықтық ойларының гүлденген кезеңi (Демокрит, софистер, Сократ, Платон, Аристотель және т.б.) Үшiншi кезең - (б.з.д. IV ғасырдың екiншi жартысы мен II ғасырлары) эллинизм кезеңi, ежелгi грек мемлекеттiгiнiң құлдырауы, грек полистерiнiң алғашқыда Македония, кейiннен Рим билiгiне көшуi (Эпикур, стоиктер, Полибий және т.б.)
Адамдардың ерiктiлерге және құлдарға бөлiну жағдайында қалыптасқан антикалық саяси-құқықтық ой еркiндiк идеологиясы ретiнде бекiдi және дамыды. Бостандық - басты құндылық, ежелгi гректiк саяси - теориялық iлiмнiң негiзгi мәселесi және мақсаты болды. Бiрақ бұл жалпыға бiрдей бостандық емес, шектелген бостандық едi. Құлдар бостандық мәселесiнде есепке де алынбады, олар туралы сөз де болмады.
Грециядағы құлдық демократия азаматтардың қоғамдағы алатын орнын олардың шығу тегiне қарап емес, мүлiктiк жағдайларымен байланыстырды. Бұл жағдай ақыл-ой еңбегiмен айналысатын адамдардың бөлiнiп шығуына әкелдi. Құл еңбегi олардың ғылыммен, бiлiммен, ағартушылықпен және өнермен кәсiби тұрғыда шұғылдануына мүмкiндiк бердi. Осының нәтижесiнде таза зиялылар мен ойшылдар қауымы пайда болып, саяси-құқықтық және әлеуметтiк философиялық жаңа көзқарастардың қоғамдық пiкiрi мен санасы қалыптасты.
Саяси ой мен оған қатысты практикалық және рухани iс бостандық ретiнде қарастырылып, ол ерiктi адамдардың қызмет аясы, ал еңбек, оның iшiнде ауыр қол жұмыстары, құлдардың үлесi ретiнде қарастырылды. Барлық өндiрiстiк - еңбек және отбасы ортасы, сол кездегi ұғым бойынша, бостандықтан тыс аймақ принципi, яғни бостандық тұрғысынан алғанда саясаттан тыс болып есептеледi. Қожайын мен құлдың, отбасы иесi мен оның басқа мүшелерiнiң билiк және бағыныштылық жөнiндегi қатынасы саяси емес қарым-қатынас түрiнде түсiндiрiлдi. Дәстүрлi, эллиндiк саяси өмiр формасының варварлық деспоттық билiгiне қарсы қойылуы да осыған байланысты болып келдi.
Мемлекет пен құқықты зерттеудегi ежелгi грек саяси-құқықтық ойының ерте кезеңiнде оның мифологиялық түсiнiктерi (Гомер, Гесиод) қоғамдық ойдың даму барысында өзiнен кейiнгi қалыптасқан жаңа көзқарастарға, атап айтқанда философиялық тұрғыдан түсiндiруге ( Жетi данышпан , Пифагор, Гераклит, Демокрит) одан кейiнгi рационалистiк интерпретацияға (софистер), логикалық-танымдық талдауға (Сократ, Платон) және ақыр соңында эмпирикалық - ғылыми (Аристотель) және тарихи-саяси (Полибий) iлiмге орын бердi.
Ежелгi грек полистерiнiң тәуелсiздiгiн жоғалтқан эллиндiк дәуiрiнде бұрынғы құндылықтарды қайта бағалауда бұрынғы ұжымдық полистiк өмiр күмән тудырып, адамдарды ерiктiлер мен құлдарға бөлу принципi сынға ұшырайды. Бұл кезде бостандық әлеуметтiк-саяси құбылыс ретiнде емес, рухани құбылыс ретiнде түсiндiрiледi. Осы принцип негiзiнде адамдардың жалпыға бiрдей бостандығы мен еркiндiгi табиғат заңдылығы мен табиғи құқықтар қағидасы тұрғысында паш етiледi.

2. Б.з.д. IX-VIII ғасырларда ежелгi мифтiк көзқарастар архаистiк поэзияда, одан кейiн Гомер мен Гесиодтың поэмаларында өзiнiң алғашқы сипатын жоғалтып, этикалық және саяси-құқықтық өзгерiске ұшырайды. Олардың түсiндiруi бойынша, құдайлардың билiк үшiн күресi және бас құдайдың ауысуы (Уран-Крон-Зевс) билiк пен басқару принциптерiнiң алмасуымен қатар жүрдi.
Гректердiң түсiнiгi бойынша, құдайлардың үш ұрпағы болған. Аға ұрпақтарды кiшi ұрпақтар тақтан түсiрiп, жойып отырған. Бұл өзгерiстер құдайлардың өзара қарым-қатынастары ғана емес, жердегi қоғамдық өмiрдiң тәртiптерiне, адамдар арасындағы қатынастарға да ықпалын тигiздi. Осындай өзгерiстер жағдайында ежелгi гректердiң сана-сезiмiнде ертедегi жаугершiлiктер мен тайпааралық күрес фантастикалық түрде көрiнiп отырды. Көптеген грек ойшылдарында әдiлдiктiң бастауы мен заңдылық және ежелгi полистiк өмiр Зевстiң атымен байланыстырылады. Құдайлардың үшiншi ұрпағының басшысы Зевс - күн күркiреу мен найзағайдың, табиғаттың дүлей күшiнiң және адамдардың құдайы болып саналды. Мифтiк түсiнiк бойынша, олимптiк құдайлар құл иеленушiлердiң қамқоршысына айналды, ал Зевс басқа олимптiк құдайлармен ақылдаса отырып, басты базилев ретiнде бүкiл грек әлемiне билiк еттi және оның пiкiрi шешушi маңызға ие болды.
Гомердiң Илиада және Одиссея поэмаларындағы оқиғалар (б.з.д. VIII ғ.) гректердiң әскери және қоғамдық өмiрiнен көптеген құнды мәлiметтер бередi. Поэмаларда б.з.д. II-I мың жылдар шамасында тепе-тең жер пайдалану және әрдайым белгiлi бiр уақытта жердi бөлiп отыру негiзiнде құрылған жер қауымдарының болғандығы туралы деректер кездеседi. Қауым мүшелерi жердi жеребе тарту бойынша алған. Жерге қауымдық меншiк сақталғанымен, қауым мүшелерi арасында дүние-мүлiктiң жiктелуi басталғанын поэмалар оқиғасынан байқау қиын емес. Тайпа көсемдерi - базилевтер өздерiнiң туыстарына қауым жерлерiнен үлкен және ең шұрайлы жерлердi бөлiп берген. Поэмалардың мазмұнына қарағанда, сонымен бiрге басқа да әлеуметтiк топтардың өздерiнiң қауымдарымен байланыстарын үзiп алған жолкезбе қолөнершiлердiң де болғанын аңғаруға болады.
Одиссея поэмасында халық жиналысының ролi мен маңызы анық суреттелген. Бұл өкiлдiк органның қызметi туралы грек жауынгерлерiнiң Троя түбiндегi жиналысынан, Илиада поэмасындағы мысалдан, Одиссеяда Итака аралының тұрғындары жиналысының баяндалуынан бiлуге болады. Троя түбiндегi жиналыста қатардағы жауынгер Терситтiң жауынгерлердiң мүддесiн қорғап, базилевтерге қарсы айтқан айыптау сөздерiн лауазымды басшылардың терiске шығара алмауы халық жиналысының ролiн айқындай түседi. Ал халық жиналысы маңызының төмендеуi Одиссеяда айқын көрсетiлген. Итака аралында Одиссей болмаған жиырма жылда халық жиналысы бiрде-бiр рет шақырылмаған. Ал Одиссейдiң ұлы Телемак жиналыс шақырғанда, тұрғындардың көпшiлiгi бұл жиналысқа мән бермеген.
Поэмада Гомер қолданған дике (әдiлдiк) және темис (әдет, әдет-құрыптық құқық) ұғымдары Гомер дәуiрiндегi саяси-құқықтық жағдайды түсiнуге жәрдемiн тигiзедi. Гомердiң әдiлдiгi (дике) қалыптасқан дәстүр мен әдет-ғұрыптың құқықтық (темис) негiзi мен принципi түрiнде көрiнедi, ал әдет-ғұрыптық құқық (темис) өмiрлiк әдiлдiктiң, оның адамдар арасындағы қарым-қатынастарда сақталуының нақты көрiнiсiн бiлдiредi.
Б.з.д. VII ғасырдағы ежелгi Грецияның саяси және қоғамдық өмiрiндегi қатынастар Гесиодтың Еңбек және күндер мен Теогония поэмаларында баяндалады. Беотияда туып өскен Гесиодтың бұл поэмаларында құдайлар мен дүниенiң пайда болуындағы гректердiң көзқарастары және адамгершiлiк-құқықтық принциптер сипатталады.
Теогония поэмасы бойынша Зевстiң Фемидамен (мәңгi табиғи тәртiп пен әдiлдiктi жаратушы) неке одағынан екi қыз-құдай Дике (әдiлдiк) және Эвномия (iзгi заңдылық) өмiрге келедi. Дике табиғи әдiлдiктi күзетедi және әдiлетсiздiктi жазалайды. Эвномия болса, қоғамдық құрылымдағы заңдылық бастауының құдайлық сипатын және полистiк құрылымдағы заңдылықтың терең iшкi байланысын бiлдiредi.
Еңбек және күндер поэмасында Гесиод мемлекетке дейiнгi патриархалды құрылыс идеалдарын қорғай отырып, бес ғасырдың - ( алтын , күмiс , мыс , жартылай құдай - батырлар және темiр ғасырлары) алмасуы кезiндегi адамдар өмiрi мен тiршiлiгiн суреттейдi. Крон құдайдың алтын ғасырында адамдар ешқандай жоқшылық көрмей, бақытты өмiр сүрдi, күмiс ғасырында құдайға бағынбағандарды Зевс жойды, мыс ғасырында жауынгер адамдар өзара соғыста бiрiн-бiрiн құртып тынды, төртiншi ғасырдағы қантөгiс соғыстарда жартылай құдай-батырлардың әйгiлi әулетi жойылды. Темiр ғасырында Гесиод адамдардың ауыр тұрмысын, зорлық пен жауыздықтың үстемдiгiн, әдет-ғұрыптық нормалардың бұзылуын, әдiлдiктiң жоқтығын, табиғи құқықтың күш және зорлықпен алмасуын күйiне отырып баяндайды.
Поэмада Гесиод егiншiлiк еңбегiне, тiптi қандай да болсын еңбек қызметiне өте зор құрметпен қарайды. Аристократтар iстеп отырған әдiлетсiздiк пен заңсыздыққа қарсы өзiнiң дәрменсiз наразылығын көркем дәрежеде қаршыға мен тоты құс туралы мысалында суреттейдi.
Гомер мен Гесиод поэмаларына тән адамдар әрекетi мен олардың өзара қарым-қатынастарындағы адамгершiлiк-құқықтық тәртiптер туралы көзқарастар Ежелгi Грециядағы Жетi данышпан деп аталғандардың шығармашылығында одан әрi жалғасын табады. Оларға әдетте Фалес, Питтак, Периандр, Биант, Солон, Клеобул және Хилон енгiзiлдi. Олар полистiк өмiрде әдiлеттi заңдардың үстем болуын батыл жақтады. Олардың кейбiреулерi билiк және заң шығару қызметтерiнде өздерiнiң саяси-құқықтық идеяларын жүзеге асыруға әрекеттендi. Биант, Солон, Хилон сияқты грек ойшылдарының пiкiрiнше, iзгiлiктi полистiк қоғамдағы заңның сақталуы және салтанат құруы оның айрықша белгiсi болып табылады. Азаматтардың тираннан қорқатындай заңы қалыптасқан мемлекеттi Биант ең үлгiлi мемлекет деп есептедi. Өзiңдi-өзiң таны қағидасының авторы спартандық Хилонның Заңға табын деген шақыруы Дельфадағы Апаллон храмына ойылып жазылды. Ең игiлiктi полис деп Хилон азаматтары шешендерден гөрi заңдарды көбiрек тыңдайтын полистi санады.
Жетi ғұламаның қатарына қосылған Солон (б.з.д. 638-559 жж.) тарихта атақты реформатор, мемлекеттiк қайраткер және заң шығарушы ретiнде де белгiлi. Б.з.д. 621 жылы орхонт Драконт жазған заң нормалары демос пен евпатридтер арасындағы қайшылықтарды жоя алмады, өйткенi ол демостың экономикалық жағдайын қандай да болмасын дәрежеде өзгертпедi. Драконт заңдары сонымен бiрге шектен тыс қаталдығымен де әйгiлi болды. Сондықтан да Афины халқы полистi басқаруды және жаңа заңдар шығаруды елге ақындылығымен белгiлi болған Солонға тапсырды.
Архонт болып сайланған ол б.з.д. 594 жылы жаңа заңдар шығарды. Оныңреформаларынэкономикалықжәнесая сидепбөлугеболады. Заңшығарушыретiнде Солон селолықжәнеқалалықдемостыңжәнеоғанқ осылғаневпатридтердiңмүддесiнқорғад ы. Оныңеңбастыреформасы сисахфия -( ауыржүктiсiлкiптастау ), яғникедейлердiңкепiлдiккеалынғанжер учаскесiндегiқарызтастардыжоюедi. Бұлқарызтастарбойыншақарызынөтейалм ағанадамдарөзiнiңжекебостандығынкеп iлдiккесалған, яғниқарызынөтейалмағандарқұлғаайнал дырылған.
Солон сисахфияны (құлдықборыш) жойып, шаруалардыңкепiлдiккеалынғанжерiнқа йтарды. Солонныңсаясиреформаларындағыеңбаст ысы, солкезгедейiнөмiрсүрiпкелгенгенокра тияны ( генос - ру) жойып (рулықаристократтарбилiгi), оны тимократиямен ( тиме - баға , мүлiк ) дүние-мүлiкцензiсiненегiзделгенбилi кпеналмастыруыедi. Олбұлжарлықтарыменаристократтардыру лыққұрылыстыңерекшеартықшылықтарына найырды. Аттиканыңбарлықазаматтарыдүние-мүлi кцензiсiнеқарайтөрттопқабөлiндi. Олар: пентакосиомедимндер (бес жүздiктер), салтаттылар, зевчиттержәнефеттер. Жаңаданқұрылғантөртжүздiккеңесарист ократтардыңтiрегiболыпкелгенареопаг тыңролiнкемiттi. Солон соныменбiрге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі Грекиядағы саяси және құқықтық ілімдер
Ортағасырлық мұсылман философиясы
Саяси және құқықтық ілімдер тарихының пәнімен әдісі
Мұсылман философиясы
Ежелгі Шығыстағы саяси және құқықтық ойлар
Ортағасырлық мұсылмандық діни ағымдардың адамның рухани құндылықтары мен моральдық санасына ықпалы
Философия пәнінен лекциялық тезистер
Жүсіп Баласағұнның педагогикалық мұрасындағы ізгілікті басқарудың негіздері
Христиандық сана — ортағасырлық діндер (менталитеттің) негізі
Діннің тұжырымдамасы
Пәндер