Ежелгi Грециядағы саяси және құқықтық iлiм


Ежелгi Грециядағы саяси және құқықтық iлiм.
1. Б. з. д. мыңжылдықтың басында Ежелгi Грецияда жеке және тәуелсiз полистер формасы түрiнде бiрнеше қала-мемлекеттер пайда болды. Алғашқы қауымдық құрылыстан қоғамдық өмiрдiң ерте таптық және қоғамдық формасына көшу халықтың әлеуметтiк жiктелу процесiн одан әрi күшейтiп ру ақсүйектерi мен қайыршыланған қауым мүшелерiнiң, байлар мен кедейлердiң, ерiктiлер мен құлдардың арасындағы күрестi шиеленiстiре түстi. Осындай жағдайда ежелгi грек полистерiнде басқару формасының өздерi жақтаған түрiн орнату жолында әртүрлi әлеуметтiк топтар арасында аяусыз күрес жүрдi. Ол кездегi басқару формасының негiзгi түрлерi мынадай едi: аристократия (ескi немесе жаңа ақсүйектер тобы), олигархия (байлар мен дәулеттiлер тобы) және демократия (халық билiгi) . Осындай күрес нәтижесiнде б. з. д. VI-V ғғ. әртүрлi полистерде басқарудың өзiндiк формалары пайда болып, одан әрi дамыды. Афиныда демократия, Фивыда олиграхия, Спарта мемлекетiнде аристократия пайда болды. Осы процесс Ежелгi Грецияның саяси және құқықтық iлiмiнде көрiнiс тапты.
Ежелгi грек полистерiнде саяси-құқықтық көзқарастың пайда болуы мен дамуында үш кезең айқын байқалады. Ерте кезең- (б. з. д. IX-VI ғғ. ) ежелгi грек мемлекеттiлiгiнiң пайда болуына сәйкес келедi. Бұл кезеңде саяси-құқықтық көзқараста рационациялау (Гомер, Гесиод, атақты « жетi данышпан» ) байқалады және мемлекет пен құқық проблемаларына философиялық тұрғыдан қарау (Пифагор, Гераклит) қалыптасады. Екiншi кезең - (б. з. д. V және IV ғасырдың бiрiншi жартысы) ежелгi грек философиясы мен саяси-құқықтық ойларының гүлденген кезеңi (Демокрит, софистер, Сократ, Платон, Аристотель және т. б. ) Үшiншi кезең - (б. з. д. IV ғасырдың екiншi жартысы мен II ғасырлары) эллинизм кезеңi, ежелгi грек мемлекеттiгiнiң құлдырауы, грек полистерiнiң алғашқыда Македония, кейiннен Рим билiгiне көшуi (Эпикур, стоиктер, Полибий және т. б. )
Грециядағы құлдық демократия азаматтардың қоғамдағы алатын орнын олардың шығу тегiне қарап емес, мүлiктiк жағдайларымен байланыстырды. Бұл жағдай ақыл-ой еңбегiмен айналысатын адамдардың бөлiнiп шығуына әкелдi. Құл еңбегi олардың ғылыммен, бiлiммен, ағартушылықпен және өнермен кәсiби тұрғыда шұғылдануына мүмкiндiк бердi. Осының нәтижесiнде таза зиялылар мен ойшылдар қауымы пайда болып, саяси-құқықтық және әлеуметтiк философиялық жаңа көзқарастардың қоғамдық пiкiрi мен санасы қалыптасты.
Саяси ой мен оған қатысты практикалық және рухани iс бостандық ретiнде қарастырылып, ол ерiктi адамдардың қызмет аясы, ал еңбек, оның iшiнде ауыр қол жұмыстары, құлдардың үлесi ретiнде қарастырылды. Барлық өндiрiстiк - еңбек және отбасы ортасы, сол кездегi ұғым бойынша, бостандықтан тыс аймақ принципi, яғни бостандық тұрғысынан алғанда саясаттан тыс болып есептеледi. Қожайын мен құлдың, отбасы иесi мен оның басқа мүшелерiнiң билiк және бағыныштылық жөнiндегi қатынасы саяси емес қарым-қатынас түрiнде түсiндiрiлдi. Мемлекет пен құқықты зерттеудегi ежелгi грек саяси-құқықтық ойының ерте кезеңiнде оның мифологиялық түсiнiктерi (Гомер, Гесиод) қоғамдық ойдың даму барысында өзiнен кейiнгi қалыптасқан жаңа көзқарастарға, атап айтқанда философиялық тұрғыдан түсiндiруге (« Жетi данышпан», Пифагор, Гераклит, Демокрит) одан кейiнгi рационалистiк интерпретацияға (софистер), логикалық-танымдық талдауға (Сократ, Платон) және ақыр соңында эмпирикалық - ғылыми (Аристотель) және тарихи-саяси (Полибий) iлiмге орын бердi.
Ежелгi грек полистерiнiң тәуелсiздiгiн жоғалтқан эллиндiк дәуiрiнде бұрынғы құндылықтарды қайта бағалауда бұрынғы ұжымдық полистiк өмiр күмән тудырып, адамдарды ерiктiлер мен құлдарға бөлу принципi сынға ұшырайды. Бұл кезде бостандық әлеуметтiк-саяси құбылыс ретiнде емес, рухани құбылыс ретiнде түсiндiрiледi. Осы принцип негiзiнде адамдардың жалпыға бiрдей бостандығы мен еркiндiгi табиғат заңдылығы мен табиғи құқықтар қағидасы тұрғысында паш етiледi.
2 . Б. з. д. IX-VIII ғасырларда ежелгi мифтiк көзқарастар архаистiк поэзияда, одан кейiн Гомер мен Гесиодтың поэмаларында өзiнiң алғашқы сипатын жоғалтып, этикалық және саяси-құқықтық өзгерiске ұшырайды. Олардың түсiндiруi бойынша, құдайлардың билiк үшiн күресi және бас құдайдың ауысуы (Уран-Крон-Зевс) билiк пен басқару принциптерiнiң алмасуымен қатар жүрдi.
Гректердiң түсiнiгi бойынша, құдайлардың үш ұрпағы болған. Аға ұрпақтарды кiшi ұрпақтар тақтан түсiрiп, жойып отырған. Бұл өзгерiстер құдайлардың өзара қарым-қатынастары ғана емес, жердегi қоғамдық өмiрдiң тәртiптерiне, адамдар арасындағы қатынастарға да ықпалын тигiздi. Осындай өзгерiстер жағдайында ежелгi гректердiң сана-сезiмiнде ертедегi жаугершiлiктер мен тайпааралық күрес фантастикалық түрде көрiнiп отырды. Көптеген грек ойшылдарында әдiлдiктiң бастауы мен заңдылық және ежелгi полистiк өмiр Зевстiң атымен байланыстырылады. Құдайлардың үшiншi ұрпағының басшысы Зевс - күн күркiреу мен найзағайдың, табиғаттың дүлей күшiнiң және адамдардың құдайы болып саналды. Мифтiк түсiнiк бойынша, олимптiк құдайлар құл иеленушiлердiң қамқоршысына айналды, ал Зевс басқа олимптiк құдайлармен ақылдаса отырып, басты базилев ретiнде бүкiл грек әлемiне билiк еттi және оның пiкiрi шешушi маңызға ие болды.
Гомердiң «Илиада» және «Одиссея» поэмаларындағы оқиғалар (б. з. д. VIII ғ. ) гректердiң әскери және қоғамдық өмiрiнен көптеген құнды мәлiметтер бередi. Поэмаларда б. з. д. II-I мың жылдар шамасында тепе-тең жер пайдалану және әрдайым белгiлi бiр уақытта жердi бөлiп отыру негiзiнде құрылған жер қауымдарының болғандығы туралы деректер кездеседi. Қауым мүшелерi жердi жеребе тарту бойынша алған. Жерге қауымдық меншiк сақталғанымен, қауым мүшелерi арасында дүние-мүлiктiң жiктелуi басталғанын поэмалар оқиғасынан байқау қиын емес. Тайпа көсемдерi - базилевтер өздерiнiң туыстарына қауым жерлерiнен үлкен және ең шұрайлы жерлердi бөлiп берген. Поэмалардың мазмұнына қарағанда, сонымен бiрге басқа да әлеуметтiк топтардың өздерiнiң қауымдарымен байланыстарын үзiп алған жолкезбе қолөнершiлердiң де болғанын аңғаруға болады.
«Одиссея» поэмасында халық жиналысының ролi мен маңызы анық суреттелген. Бұл өкiлдiк органның қызметi туралы грек жауынгерлерiнiң Троя түбiндегi жиналысынан, « Илиада» поэмасындағы мысалдан, « Одиссеяда» Итака аралының тұрғындары жиналысының баяндалуынан бiлуге болады. Троя түбiндегi жиналыста қатардағы жауынгер Терситтiң жауынгерлердiң мүддесiн қорғап, базилевтерге қарсы айтқан айыптау сөздерiн лауазымды басшылардың терiске шығара алмауы халық жиналысының ролiн айқындай түседi. Ал халық жиналысы маңызының төмендеуi « Одиссеяда» айқын көрсетiлген. Итака аралында Одиссей болмаған жиырма жылда халық жиналысы бiрде-бiр рет шақырылмаған. Ал Одиссейдiң ұлы Телемак жиналыс шақырғанда, тұрғындардың көпшiлiгi бұл жиналысқа мән бермеген.
«Жетi ғұламаның» қатарына қосылған Солон (б. з. д. 638-559 жж. ) тарихта атақты реформатор, мемлекеттiк қайраткер және заң шығарушы ретiнде де белгiлi. Б. з. д. 621 жылы орхонт Драконт жазған заң нормалары демос пен евпатридтер арасындағы қайшылықтарды жоя алмады, өйткенi ол демостың экономикалық жағдайын қандай да болмасын дәрежеде өзгертпедi. Драконт заңдары сонымен бiрге шектен тыс қаталдығымен де әйгiлi болды. Сондықтан да Афины халқы полистi басқаруды және жаңа заңдар шығаруды елге ақындылығымен белгiлi болған Солонға тапсырды.
Архонт болып сайланған ол б. з. д. 594 жылы жаңа заңдар шығарды. Оның реформаларын экономикалық және саяси деп бөлуге болады. Заң шығарушы ретiнде Солон селолық және қалалық демостың және оған қосылған евпатридтердiң мүддесiн қорғады. Оның ең басты реформасы « сисахфия» -(« ауыр жүктi сiлкiп тастау» ), яғни кедейлердiң кепiлдiкке алынған жер учаскесiндегi қарыз тастарды жою едi. Бұл қарыз тастар бойынша қарызын өтей алмаған адамдар өзiнiң жеке бостандығын кепiлдiкке салған, яғни қарызын өтей алмағандар құлға айналдырылған.
Солон « сисахфияны» (құлдық борыш) жойып, шаруалардың кепiлдiкке алынған жерiн қайтарды. Солонның саяси реформаларындағы ең бастысы, сол кезге дейiн өмiр сүрiп келген генократияны (« генос» - ру) жойып (рулық аристократтар билiгi), оны тимократиямен (« тиме» - « баға», « мүлiк» ) дүние-мүлiк цензiсiне негiзделген билiкпен алмастыруы едi
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz