Ежелгі Грекия өнері жайлы



Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Ежелгі Грекия өнері
Уикипедия -- ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мында өту: шарлау, іздеу

Афина-Ника храмындағы бейнесі
XVII ғасырдың аяғында Грекияны басып алған түріктер Афина-Ника храмын бұзып, оның мәрмәр тақталарын бекініс салуға пайдаланды, тек ел XIX ғасырда азат болған соң храм бұрынғы орнында қайтадан бой түзеді.
Афины акрополі композициясында Бибі-Афинаның сәулетті храмы -- Парфенон маңызды орын алады. Перикл храмның бас сәулетшілігіне Грекияның аса ірі сәулетшісі Иктинді, оның көмекшілігіне Калликратты тағайындады. Ғимарат құрылысы б. э. бұрынғы 447 жылдан бастап 438 жылға дейін, тоғыз жылға созылған. Парфенон -- жоспары жағынан аумағы 70\31 м қырық алты колоннамен қоршалған дорлық периптер. Алайда, Иктин храм сәулетін иониялық ордердің көптеген элементтерімен байытты: әдеттегі алты колонналық портиктің орнына ғимарат қасбеттерінде сегіз колонналық сәулетті портиктер қойылған; биіктігі 10,5 м колонналардың өздері мұның алдындағы дорлық храмдармен салыстырғанда анағұрлым сымбаттырақ көрінді;ақырында, Парфенонды әсемдеуге колонналардьщ ар жағынан ғимарат қабырғасын бойлай жалпақ басқұр болып өтетін иониялық фриз пайдаланылды. Акропольдегі храмдарды салуда сәулетшілер екі ордердің де жарасымды сабақтастығын көздеді, айбынды да айбарлы дорика нәзік те әсем ионикамен үйлестірілді.

Парфенон қаласы
Парфенонды тұтас шолып қарай алатын бірден-бір нүкте, оны жасаушылардың есептегеніндей, солтүстік-батыс бұрышыңда. Тап сол жерден монументтік храм оңтүстіктің ашық көгілдір аспанында толық көрініп, аса айбынды әсер қалдырады. Оның күн нұрына малынған мәрмәр колонналарының реңі алтын күреңденіп жылы ұшырайды, ал күн батар алдында, күн көзін көгілдір мұнар басқан сәтте мәрмәрға сұрғылт көкшіл көлеңке түседі. Храмның кемел пропорциясы, барша бөліктерінің керемет келісімі мен ғимарат аумағының Акрополь шоқысы тұрғысынан дәл есептелуі оны грек сәулет өнерінің үздік үлгісіне айналдырады. Храмды шола қараған көрерменнің көңілінде таңғажайып әсер қалады. Парфенонның мінсіз сұлулық әсері храмның бүкіл болмысынан алау атып тұрған белгілі бір шама мен жарасымдылықты айқын сезінуден туады. Барлық желілер де көзге қалтқысыз дұрыс тартылғандай көрінеді. Шынында да, Парфенонды салуда адам жанарының көру ерекшеліктері ескерілген. Ғимаратты көтеріп тұрған түп- түзу стилобат арқалық арысы сияқты, шындығында, белгілі бір шамада ғана сәл-пәл дөңестеу, өйткені өте мінсіз тартылған түзу сызықтың өзі бізге қашықтан қарағанда аздыкем қисықтау көрінер еді. Осыдан құтылу үшін құрылысшылар стилобат пен оған алып баратын ортадағы басқыштарды шет жақтарынан гөрі 10 см биікке орнатқан. Харфенонның бұрыштағы колоңналары мейлінше қомақты әрі көрші колонналарға жанай салынған, әйтпесе жарық түскенде олар өте жіңішке көріңуі мүмкін.
Өлшеп қарағанда, колонналар ғимараттың ортасына қарай сәл еңкіштеу болып шықты, бірақ сырттай қарағанда, мүлдем тіп-тік сияқты. Олардың арасының алшақтығы бірдей көрінгенімен, шындығында, әр түрлі. Мұның бәрі Парфенонның сәулеттік келбетіне таңғажайып өмір тынысы мен қайталанбас сұлулық береді. Ғимарат іші қабырға арқылы аумағы әр түрлі екі бөлікке бөлінген. Бас бөлмеде -- Эеллада -- Афина-Парфеностың (Бибі-Афинаның) б. э. бұрынғы 447 -- 438 жылдары Фидий алтын мен піл сүйегінен жасаған әйгілі мүсіні тұрған. Тәңіріның он екі метрлік пішіні бедерлі өрнекпен айшықталған аласа тұғырға орнатылған. Оны үш жағынан қос қабат мәрмәр колоннада қоршап тұрған. Сфинкс пен қанатты аттар бейнесі салынған әсем дулыға, мерекелік сәнді киім, көкірегіндегі Медуза Горгонаның бет пердесімен әшекейленген ешкі терісі -- эгида (қамқорлық белгісі), Афинаның оң қолындағы колонна тіреп тұрған екі

Медуза, Караваджо, 1598-99, Уффици. Горгона Медузаның басын шауғанан кейінгі бейнесі.
метрлік қанатты жеңіс тәңірісы Ника бейнесі, тәңіріның сол иығындағы найза мен тұғыр таста тұрған қасындағы дөңгелек қалқан мүсінге ерекше салтанат дарытады. Мүсінші Афинаның аяқ жағына орасан зор киелі жылан Эрихтонийды орнатқан.

Ника бейнесі
Фидий тәңіріның сұлу жүзің, жалаңаш білегі мен кеудесіндегі бет пердені піл сүйегінен, киімі мен қару-жарағын ағаш қаңқаға қондырылған қақ алтыннан жасаған. Ертедегі жазушылардың айтуына қарағанда, бұл мүсінге бір мың екі жүз килограмдай алтын жұмсалған. Афинаның көзін шебер асыл тастан қиюлап құрастырған. Фидий мүсіннің барлық бөлшектерін де айшықтағаң: шабаталарда ол гректердің кентаврлармең арпалысын, диаметрі бес метрлік қалқанның сыртқы бетіне амазонкалармен шайқас көріністерін, ішкі бетіне құдайлардың алыптармен соғысын бейнелегең. Афинылықтардың парсыларды жеңгенін еске салатын осы мифологйялық оқиғалар сол заманға үндес келді. Мүсіндер мөлшері храмның ішкі кеңістігімен мұқият үйлестірілген. Парфенонға түсетін көмескі жарықтың өзінде алтынның сан құлпырған жарқылы мен піл сүйегінің жылы реңі храм құрастырылған пентелий мәрмәрінің алтын сары түсімен жақсы жарасатын. Б. э. V ғасырында Афина мүсінін византиялық императорлардың бірі Константинопольге алып кетіп, сонда жүз жылдаң кейін өрт кезінде опат болды.

Афинаның бейнесі
Храмның батыс жақ жартысын төрт иониялық колоннасы бар зал -- афинылық балғын қыздар қала тұрғындарының тәңірге сыйға тартатын қасиетті киімін тігетін бөлме алып жатқан- Афина теңіз одағының қазынасы мен мемлекеттік архив та сонда сақталған. Бұл бөлменің аты парфенос -- бибі деген грек сөзінен шыққандықтан Парфенон деп аталғаң. Б. э. бұрынғы IV ғасырдан бастап бүкіл храм Фидий өзінің талантты шәкірттері Алкамен, Агоракрит және Каллимахпен бірігіп жасаған Парфенонның мүсін әшекейлері қала пірі тәңірі, Афинаның өмірі мен ерлігі туралы аңыздармен сабақтастыра жұмысқа есімдері белгісіз қаланың талай шеберлер тобы қатысты.

Грек ұлттық ассамблі Афинада
Coнay храм құрылысы жүріп жатқан тұста, б. э. бұрынғы 447 -- 443 жылдары 92 метопа салынып, б. э. бұрынғы 442 -- 438 жылдары колонналар сыртынан бүкіл ғимаратты айналып өтетін иониялық фриз басқұры жасалған. Б. э. бұрынғы 432 жылы шеберлер фронтондар композицйяларының жұмысын аяқтаған. Парфенонның мүсіндік ансамблі -- дүниежүзілік өнердің аса ұлы туындыларының бірі. Ол сирек кездесетін көркемдік сом тұлғасымен, кемел логикалық шешімімен көзге түсті. Бұл -- Афинаны жырлаған, тұнып тұрған, мәрмәрге қашалған ұлы дастан. Шебер шығыс фронтонда найзағай тәңірі Зевстің басынан тәңіріның дүниеге келу көрінісін бейнелеген. Мифте айтылатынындай, Олимп тауының басында өткең бұл оқиғаны құдайлардың бәрі де көріптіміс. Батыс фронтонның тақырыбы -- Афина мен Посейдонның Аттиканы билеу жөніндегі егесі. Аңыз бойынша, әр құдай осы жердің халқына сыйлық әкелуге міндетті болған. Посейдон жартастан тузды бұлақ қашап шығарыпты. Афина найзасын сұғып жіберген жерден гректер тәңіріның киелі сыйлығы деп атаған зәйтүн ағашы шыға келіпті. Афина Аттйканың пірі есептеліп, қалаға өзінің есімін берген. Мүсінші шығыс метопаларында -- құдайлар мен алыптар айқасын, солтүстік метопаларыңда -- Трояның қирауын, батыста -- афинылық қаһармаңдардың амазонкалармен шайқасын, оңтүстікте -- гректер мен кентаврлар арпалысын бейнелеген. Бұл сюжеттердің бәрі де қаһармандарды жеңіске шабыттандырған Афина жайындағы мифтермен сабақтас. Бірақ Фидий ескі аңыздарды қайта қорытып, олар арқылы өз заманының сырын шертті. Аңызға айналған шайқастар шығыстан келген варварлар -- парсыларды жеңген гректердің салтанатын көрсететін өзгеше бір салыстырма сияқты қабылданады. Шебер бейнелі поэзия түрінде табиғаттың дүлей күштеріне қарсы адамның қаһармандық күресінің сұлулығы жайында да ой толғайды.

Олимп тауындағы құдайлар бейнесі
Ақыры, Фидий Парфенон фризінде бейнеленген афинылық азаматтардың шеруі осынау алып симфонияның финалы іспеттес көрінеді. Ұлы мүсінші барлық замандар сәулетшілері мен суретшілері алдында тұрған аса маңызды мәселелердің бірін -- ғимараттың сәулеттік келбетінің мүсіндік жиһазбен өзара байланысы, етене синтезі міндетін ойдағыдай шешті. Гетенің грек храмдарына берген: Таңғажайып храм бүкіл болмысымён ән шырқап тұрғандай дейтін бағасының Парфенонға да қатысы бар деуге толық хақылымыз. Әлбетте, Фидий Парфенонның барша мүсіндері мен бедерлі өрнектерін өз қолымен жасай алған жоқ. Сақталған фронтондар, фриздер мүсіндері мең метопалардағы бейнелерді мұқият талдау арқылы ғалымдар оларды өзіндік дара мәнері бар әр түрлі шеберлер орындаған деген пікірге келді. Олардың арасынан өнері әлі ебедейсіздік пен қасаңдықтан арыла алмаған аға буын мүсіншілерді де, қолтаңбасы Фидийге жақын шеберлерді де анықтауға болады. Ұлы мүсінші Парфенонның мүсіндік ансамблінің жалпы композициясын жасаған деген жорамал бар. Ол, сірә, суретін салып, шеберлер сол бойынша метопалардағы бейнелерді қашаған болуы да мүмкін. Бәлкім, бедерлі фриздер мен фронтондар мүсіндеріне үлгі болған саз балшық үлгілер соның қолынан шыққан шығар. Зерттеушілердің ойынша, бұлардың кейбіреулерін Фидийдің өзі мәрмәрден жасаған, басқалары оның бақылауымен орындалған. Фидий мәрмәрді соңғы рет өңдеуге қатысқан болуы да мүмкін. Қалай болғанда да, Парфенонның әшекей- айшықтары -- Фидийдің кемеңгер туындылары.
Олардың тағдыры Парфенонның қайғылы тарихымен сабақтас. Орта ғасырлық заманның алғашқыға- сырларында храм христиан шіркеуіне айналдырылып, шығыс фронтонының ортасынан терезе ою кезінде мүсіндердің едәуір бөлігі құрып кеткен. Сонда храмның шығыс, батыс және солтүстігіндегі метопаларының мүсіндері қирады. Тек оңтүстік жақтағы Акропольге баратын жолдан көзге түсе бермейтін метопалары ғана орнында қалды. Орта ғасырларда Грекияны түріктер жаулап алып, 1687 жылы венециялықтар Акропольді қоршаған кезде түріктер де оқ-дәрі қоймасы ретінде пайдаланған Парфенонға снаряд түсті. Жарылыс ғимараттың шатырын, оңың колоннадасының бір бөлігін, ішкі бөлмелерді, храмның оңтүстік жағындағы метопалардың ортаңғы бөлігін құртып жіберді. Фронтондардың көптеген мүсіндері зақымданды. Акропольді шапқан венециялықтар батыс фронтонының орталық мүсіндер тобын қопарғалы жатқанда қиратып алды, ал XIX ғасырдың басында шығыс және батыс фронтондарының қалған барлық мүсіндерін дерлік, метопалар мен фриз тақталарының көбісін ағылшыңдар тасып әкетті. Ертеде Парфенон фронтондарында елу шақты мүсін болатын, бізге солардың тек он бірінің ғана сынықтары жетті. Шығыс фронтонының пішіндері батыстағыларына қарағанда жақсы сақталған. Шығыс фронтонының композициясында найзағай тәңірі Зевстің басынан Афинаның дүниеге келуін бейнелейтін, кейін жоғалып кеткен көрініс жетекші орын алған. Оның екі қапталында сол ұлы оқиғаға қатысқан құдайлар мен тәңірлердың мүсіндері орналасқан.

Гелиос

Афродита бейнесі
Фронтонның сол жақ бұрышында күн құдайы Гелиостың бейнесі сақталған. Ол күймесімен көкке өрлеп барады, теңіз толқындарының үстінде танауынан жел ата алқынған аттарының басы көрінеді. Гелиостың қарсы алдынан сұлу жалаңаш жігіт -- Дионис құдай қарай қалған. Ол тулақ төселген жартасқа еркін жайғасып, жантайып жатыр. Денесінде шағылысқан жарықтың сәулесі мен көлеңке алып тұлғасының мықты бітімін айқындай түседі. Бұлтылдап ойнаған бұлшық еті буырқана бастаған қайратты сездіретіндей. Дионистің қасында отырған екі тәңірі Деметра мен қызы Кораға шабарман Ирида дүниеге Афинаның жаралғаны жайында тығыз хабар алып келеді. Фроиашның оң жақ бөлігінде отырған тәңірілардың мүсіндері аса еркін де паң сымбатымен назар аударады. Олардың бірі -- Аполлон мен 'Артемиданың шешесі Лето, екіншісі -- махаббат пен сұлулық тәңірісы Афродита, үшіншісі -- оңың анасы Диона. Олар парасатты ұлылыққа толы жүзбен, шын өмірдегідей байсалды да табиғи қалпында отыр. Анасының тізесінде тыныстаған Афродита хитонының бір шеті иығынан салбырап тұр. Жүн матадан тігілген ұзын көйлегінің жұмсақ торғын күлтелерінің арасынан пәк тәнінің пластикалық сұлулығы сезіледі. Бұл мүсіндерде монументтік қарапайымдылық пен қаһармандық құдірет әйелге тән лирикалық нәзіктікпен, рухы асқақтықпен ұштасады. Адам бойына біткен сан алуан нышандардың тұтастық бірлігі, жарасымды теңдігі мұнда мейлінше айқын көрінеді. Фронтон композициясы күнге жол бергелі аспаннан кетіп бара жатқан ай тәңірісы Селенаның күймесімен түйінделеді. Парфенон фронтондарының мүсіндерінен Афина тарихындағы ұлы дәуірге лайық ойшыл-суреткер Фидийдің сан қырлы таланты тұлғалана көрінді. Фидий өз өнерінде өмірдің шын оқиғалары суретін тура сол қалпында бермейді, бірақ оның бейнелерінде өмір қайшылықтарынан арылып, кемелденген адамның қабілеті туралы сыр шертетін рухани айқындық пен парасатты күш бар. Үлы мүсінші қашауы сомдаған құдайлардың асқақ сұлулығы мен асқан адамгершілігі оның Фидий және оның мектебі. Парфенон метопасы. Лондон. Британия музейі замандастарына жақын да түсінікті. Фидий тарихшы Фукидид бізге жеткізген, Периклдың: Біз қарапайымдылықтан құралатын сұлулықты, жалаң нәзіктіктен ада даналықты сүйеміз, -- деген сөзімен мағынасы ашылған эстетикалық программасын мәрмәрде жүзеге асырды. Фидий туындылары азаматтардың қоғамдық санасын Тpaгедия театрымен деңгейлес дәрежеде тәрбиеледі.
Фриз классикалық бедер жасау заңдары туралы айқын түсінік береді. Шеру көрерменнің көз алдынан өтеді. Мүсінші оның тұтастығын баса көрсету үшін шартты исокефалия (тең бастылық) тәсілін пайдаланып, салт аттылар мен жаяу адамдардың бастарын бір деңгейде бейнелейді. Бедердің қимыл-қозғалысты берудегі сарқылмас фантазиясы таң қаларлық: фризде бейнеленген 365 адам мен 227 жануардың пішіні бірін-бірі әсте қайталамайды. Фидийдің храм қабырғаларына Афина өмірінің шын оқиғаларын шығаруы -- грек сәулет өнері тариғында бұрын болмаған құбылыс. Гіарфенон фризі -- Афина тұрғындарына данышпен суреткер арнаған өзгеше гимн. Фидийдің өмірі қайғылы аяқталды. Периклдың саяси дұшпандары шеберге Бибі- Афинаның мүсінін жасау кезінде алтын ұрлады, тәңір қалқанының бедеріндегі шайқасып жатқандардың ішінде өзін атағы аңызға айналған мүсінші Дедал кескінінде, ал досы Периклды Тесей батыр кейпінде бейнелеп, күпіршілік жасады деген айып тақты. Ұлы мүсінші түрмеге қамалып, б. э. бұрынғы 431 жылы ақталмастан сонда қайтыс болды. Фидий шығармашылығы -- грек классикасының шыңы, оны көбінесе Гомер поэзиясымен теңдестіреді. Ұлы мүсінші шығармаларының шынайы эпикалық қуаты мен өмір орнықтырушылық гуманизмі ерекше назар аударады. Бұл шығармаларда дене сұлулығы мен өнегелі ерлік етене тұтасқан азамат адамның ұлылығы туралы сол заманға тән ізгілік ойлар ғажайып көркемдікпен көрінген.
Афина Акрополі сәулет ансамблінің ақырғы ғимараттары Фидий дүние салған соң жасалды. Б. э. бұрынғы 421 -- 405 жылдары Парфенонға таяу шоқының солтүстік жағында Афинаға, Посейдон мен мифтік патша Эрехтейге арналған иониялық ордерлі шағын храм салынды. Содан ғимарат Эрехтейон аталды. Мұнда қаланың ең ежелгі қасиетті жиһаздары, соның ішінде аңызда айтылатын тәңіріның aспаннан түскен ағаш мүсіні сақталды. Осы мүсінге арналған лыпаны жұрт панафиндер шеруінде көтеріп жүретін. Эрехтейон ертеде, мифте айтылғанындай, Афина мен Посейдон егескен жерге салынған. Храм еденінде Посейдонның үш ашалы күрзісі жартасқа салған ізді көрсететін тесік болған, ал храм алдында киелі зәйтүн ағашы өсіп тұрған.
Шамасы, Эрехтейонның жобасы Перикл мен Фидийдің көзі тірісінде ойластырылған болса керек. Ғимаратты салған құрылысшылар Акропольдің қасиетті жерлерін есепке алуға тиіс болды. Храм ерекшелігі -- қайталанбас ғаламат жоспары мен бөлмелерінің асимметриялы орналасуында. Жердің ойықырын шебер пайдаланған құрылысшылар храм композициясың төңіректің, қоршаған ортаның бедеріне бағындырған: ғимараттың шығыс жақ жартысы батыс жартысынан 3 метр биік. Храмға әр түрлі үш портик жапсарлас салынған. Оның екеуін сымбатты иониялық колонналар көтерсе, үшінші шатырда кәдімгі кариатидалар деп аталатын қыздардың мүсіндік бейнелері демеп тұр. Ғимарат пропорциясына қараған көрерменнің көңіліне қыздардың жүгі соншалықты ауыр сезілмейді. Мүсіндер сурет шартымен етене үйлескен: олар колонналар орнын басып, шешуші роль атқарады әрі храмның мәрмәр қабырғалары фонында аса көрікті көрінеді. Қыздар емін-еркін ' Орналасқан, төгілген киімдерінің күлтелері де қою. Олар Парфенон жаққа қарай баяу басып шеру тартып бара жатқан сияқты. Парфенонның таң айбарымен салыстырғанда, Эрехтейон әдемілік, сәнділік нақышымен көздің жауын алады. Б. э. бұрынғы V ғасырдың екінші жартысындағы афиналық мүсіншілер мен суретшілер шығармашылығы Фидий пәрменді ықпал жасады.

Эксекий. Қара пішінді килик. Бір бөлшегі

Эксекий. Қара пішінді амфора. Б. э. бұрынғы 530 -- 525 жж. Рим. Ватикан
Афины керамикасы афинылық экспорттың дәстүрлі өнімдері -- зәйтүн майы мен жүзім шарабы сияқты кең сұранымға ие болып, бүкіл грек әлеміне тарады. Бір ғасыр бойы, б. э. бұрынғы VI ғасырдың орта шенінен V ғасырдың ортасына дейін, афинылық құмыралар басқа қалалардың көзе бұйымдарын базарлардан ығыстырып тастады. Афинының өзінде көзешілер жұмыс істейтін Керамик дейтін тұтас бір қолөнерлік кәсіп кварталы болды. Көзешілердің арасында полистің еркін азаматтары да, басқа эллин орталықтарынан шыққан метектер де, тіпті, құлдар да болса керек. Өздері жасаған бұйымдарды қалыпқа құйып, өрнек салатын шеберлермен қатар көзешілер жасаған ыдыстарды әшекейлейтін арнаулы суретшілер -- көзе өрнектейтін шеберлер жұмыс істеді. Қыш ыдыстың жоғары баға алғандығының даусыз куәсы құмыраға оны жасаушы -- көзешінің немесе кескіндемешінің атын жазу дәстүрі Афиныда кең тарады. Осы есімдер бізді ондаған талантты суретшілермен таныстырады.

Қара пішін стилінің аса ірі шебері -- творчествосы б. э. бұрынғы VI ғасырдың үшінші ширегіне жататын Эксекий болды. Өз құмыраларына ол әдетте: Эксекий жасады, -- деп қол қоятын. Оның таңдаулы шығармаларының бірі -- б. э. бұрынғы 540 жыл шамасында жасалған таңғажайып килик (шара). Килик пішіні келісті қарапайымдылығымен, дәл табылған пропорциясымен көзге түседі. Оның сыртқы жағында соғыс пен шарап ішетін адамды көз тиюден сақтауға тиісті көз көріністері, ал ішінде, ыдыстың түбінде, шарап тәңірісі Дионистің теңіздегі саяхаты бейнеленген. Эксекий Дионистің кім екендігін байқамай ұрлап әкетіп, оны құлдыққа сатқысы келген теңіз қарақшылары туралы аңызды пайдаланған. Кеме ашық теңізге шыққан кезде кенет палубадан шарап атқылап, жасыл барқыт шырмауық діңгекті орап алған да, әдетте Дионисті қоршап жүретін тағы аңдар самсап шыға келген. Қарақшылар құты қашып, кемеден секіре бастағанда суға түспей жатып, дельфиндерге айналып кеткен. Эксекий айқын да еркін ырғаққа толы шынайы, асқақ ақындық сурет жасаған. Шарап тәңірісі кемеде жайғасып жатыр, ақ желкен керіліп, желмен шіреніп, ал діңгекке өрілген нәзік те майысқақ жүзім сабағынан шоқ-шоқ мәуелер салбырап тұр. Кеменің айналасында дельфиндер шоршып ойнап жүр. Суретші теңізді көрсетпесе де, жеңіл кеме суда ақырын қалқып келе жатқандай. Батыл ойлы композиция шара түбіндегі шеңберде сәтті өрнектел-ген. Кеменің қайқы суреті, жүзімнің ширатылған сабағы мен дельфиндердің еркін қозғалысы ыдыс пішінімен үндес шыққан.

Эксекий. Қара пішінді амфора. Бір бөлшегі. Асық ойнап жатқан Ахилл мен Аякс

Эксекий ұнататын сюжеттер -- Геракл ерліктері, гректердің аңызға айналған жаугерші әйелдер -- амозонкалармен шайқасы және Гомер Илиадасының көріністері. Мәселен, амфоралардың бірінде суретші Ахилл мен оның досы Аякстың асық ойнап жатқанын бейнелеген. Құмыра пішінінің өзі-ақ мінсіз сұ- лулығымен баурап, өзара пропорциялар теңдігі көз қуантады. Амфора тұтқасы мәнерлеп салынған жапырақпен өрнектелген, суреттің үстінен пальметт (құрма жапырақ) пен лотостан құралған көрікті фриз өтеді. Құмыра пішіміне қабырға өрнегінің сымбатты да сындарлы композициясы тамаша жарасады. Жылы қызғылт фонда Ахилл мен Аякстың аса шеберлікпен тартылған сүлделері тұлғалана көрінеді. Олар биік орындықтарда отыр, әр- қайсысының қолында -- қос ұзын найза, ту сыртында-қалқандар тұр. Қаһармандар өз ісімен алаңсыз айналысып жатыр. Асықты тастап жіберіп, ойын нәтижесін көру үшін еңкейген. Төрт, -- дейді Ахилл. Үш, -- дейді ұтылып қалған Аякс. Батырлардың кескіні-келбеті мен қимылдары белгілі бір ырғақпен қайталанады. Қысқа хитондары мен қару-жарағы қара лакқа қырнай тартылған сызықпен және ақ сырмен аса сәнді әшекейленген. Көз, қас, ерін, сәндеп таралған шаш пен сақал да осылай берілген. Киімінің кейбір бөлшектері, басқа тартатын шаршы, Ахилл дулығасының айдары күлгін қызыл түске боялған. Өрнектің ғажайып сәнділігі -- архаикалық өнерге тән белгі.

Эксекий. Гераклдың немей арыс-арыстанымен айқасы. Қара пішінді амфора. Керамика. Б. э. бұрынғы 550 жыл шамасы. Берлин. Мемлекеттік музейлер
Қара пішін тәсілі құмыраларды әшекейлеу міндеттеріне тамаша сай келді, алайда шартты жазық сүгірет суретшілердің қимыл-қозғалысты бейнелеу мүмкіндігін шектей берді. Б. э. бұрынғы 530 жыл шамасында афинылық құмыра өрнекшілер қызыл пішін өрнегі тәсілін туғызды. Тұлғалар үлгісін пішіп алған соң, құмыраның сурет салынбайтын ашық жерлерінің бәрі қара лакпен толтырылатын. Одан соң суретші қауырсынмен немесе жіңішке қылқаламмен киімнің күлтелерін, дененің бұлшық еттері мен бет әлпетті көрсететін сызықтар тартатын. Өртеген кезде лак айнадай жарқырап тегістеліп, таңғажайып сұлу зәйтүннің көркіндей құлпыратын, ал ақ шаңқан пішіндер осы фонда ерекше айқын көрінетін. Қызыл пішінді құмыра өрнегі б. э. бұрынғы VI ғасырдың соңғы үшінші бөлігінен бастап, IV ғасыр бойында дамыды. Оның талантты шеберлері сурет өнерін тамаша жетілдірді.

Евфимид. Қызыл пішінді амфора. Арғы бүйірінің көрінісі

Қызыл пішінді құмыралардағы мифологиялық тұлғалар суретші өмірден дәл аңғарып бейнелеген жанрлық және тұрмыстық көріністерден көш төмен. Б. э. бұрынғы 510 жыл шамасындағы көрнекті көзе өрнекшісі Евфимид амфораның бір бүйіріне салған өрнегінде құдай Дионистің құрметіне арналған мерекелік шеруді бейнелеген. Шебер құмыраның дөңес бетіне осы шеруге қатынасушы үш адамның пішінін көркемдік нәзік талғаммен орналастырған. Олардың басын жүзім жапырақтарымен өрілген шір сәнге бөлеп тұр, біреуінің қолында -- шарап құятын шара, екіншісінің қолында -- бүршікті таяқ. Суретші бишілердің әсем қимылын сенімді, жігерлі суретпен жеткізген. Дененің бұлшық еттері азын-аулақ, келісті табылған сәтті штрихтармен көрсетілген. Шебер адам денесін бейңелеуде шартты тәсілдерді қолданған: адамның бет әлпеті мен аяғы бір қырынан, кеудесі қарсы алдынан беріледі. Сурет құмыраның дөңес бүйіріне орналастырылып, әсем, ою-өрнекпен қоршалған.

Амфораның екінші бүйірінде -- жауынгердің өз ата-анасымен қоштасқан сәті. Сұңғақ, сымбатты жігіт қысқа хитонның үстіне қола сауыт киіп жатыр, иығында кеудесіне әлі тартып байланбаған иініш шошайып тұр, аяғында сирағын қорғайтын саптама сауыты бекітулі, қасында Дионистің серігі -- сақалды сиденнің бет пердесімен әшекейленген дөңгелек қалқаны да бар. Таяққа сүйенген, бүкірейген, төбе шашы түсіп қалған тақыр бас шал саусағын шошайтып, баласына бірдеңе деп тұр. Найза ұстаған анасы жігітке айдарлы, биік дулыға ұсынады. Тұлғалар жанына жазылған адам есімдері біздің алдымызда Гомер эпосының кейіпкерлері -- Трояның қаһарман қорғаушысы Гектор, оның әкесі Приам патша мен шешесі Гекуба тұрғанын баяндайды. Бірақ суреттің барлық бөлшектері: қару-жарақ, киімдер мен сәнді шаш -- бәрі де суретші заманының белгілері. Евфимид мифтен алынған көріністі өзінің тап көз алдында өтіп жатқан оқиға сияқты қарапайым, қаз-қалпында жеткізеді. Ол жазық маңдайы мен мұрыны келіскен сымбатты өң-жүзді сүйсіне бейнелеп, табиғи қимыл-қозғалысты тамашалайды. Құмыраның екі бүйірінде қызыл барқын сырмен тартылған: Полий ұлы Евфимид өрнектеген, Евфроний сияқты ешқашан жасай алмас еді, -- деген қызық жазу бар. Бұл Ежелгі Эллада суретшілерінің бәсекелестігі немесе достық әзілінің қызық бір куәсы.

Шебер Бриг. Қызыл пішінді килик. Б. э. бұрынғы 490 ж. шамасы, Вюрцбург. Университет музейі
Б. э. бұрынғы 520 -- 500 жылдарда жұмыс істеген Евфимидтің замандасы Евфроний қызыл пішін стилінің аса ірі шеберлерінің қатарына жатады. Ол Афиныға алдымен құл боп келіп, кейін бостандық алған және көзе шеберханасының қожасы болған дейтін жорамал бар. Ол қолын қойған он бес құмыра сақталған. Евфроний архаикалық нәзік өнер жағдайында қара пішін стилі мәнерінде жұмыс істеген көзе өрнекшілерінің ықпалымен қалыптасты. Ол мифологиялық сюжеттермен қатар, айналаны қоршаған нақты өмір көріністерін де бейнелеген. Оның суреттері бізді афинылықтардың күнделікті қарапайым тіршілігімен таныстырады. Мәселен, суретші үлкен кратерде гимнастика мектебі бөлмелеріндегі көріністерді -- палестраларды айшықтаған. Сол жақта атлет өзінің аяғындағы шөңгені алып жатқан құл баланың басына сүйеніп тұр. Ортада жалаңаш балғын жігіт шағын құмыраны көтеріп, алақанына зәйтүн майын тамызып жатыр. Гректер жарыс алдында дене терісін осы маймен ысқылайтын. Оның қасында тұрған жолдасы сулығын жинауда.

Евфроний. Қызыл пішінді кратер. Керамика. Б. э. бұрынғы 510 -- 500 жж. Батыс Берлин. Мемлекеттік музейлер
Жігіттер тұлғасын айқындайтын келісті, жатық жолақтар мығым, қайратты денені көрсетеді. Атлеттер кескіні ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі Грекия өнері жайында
6-сынып. ежелгі дүние тарихынан дәрістер
Ежелгі Грекия мен Рим мәдениеті, өнері
Грек тарихнамасы
Антикалық Грекия өнері. Гомерлік және архаикалық кезең
Ежелгі Рим тарихы
Ежелгі грек мәдениетінің тарихы
Ежелгі Рим сәулет өнерінің тарихын жазу
Мәдениеттану. Ежелгі грекия мәдениеті
Бейнелеу өнерінен дәрістер жинағы
Пәндер