Ежелгі Египеттің мемлекеті жəне құқығы


Кіріспе
Мемлекет жəне құқықтың жалпы тарихы қоғамдық өмірдің əртүрлі жақтарын зерттейтін қоғамдық ғылымдардың бір түрі болып табылады. Мемлекет жəне құқықтың тарихы мемлекет пен құқық сияқты қоғамдық құбылыстардың пайда болуы мен дамуын зерттейді. Бұл ғылым əрі тарихи, əрі заңдық болып табылады. Алайда, егер тарих ғылымы жалпы қоғамның даму жəне қызмет ету үрдісін зерттесе, мемлекет жəне құқықтың тарихы мемлекет пен құқықты олардың пайда болу сəтінен бастап қана зерттейді.
Мемлекет жəне құқықтың жалпы тарихының пəні болып белгілі бір хронологиялық кезектіліктегі нақты тарихи жағдайлардағы жекеленген елдердің мемлекеті мен құқығының пайда болуы, дамуы мен қызмет етуінің жалпы, əрі арнайы заңдылықтары табылады. Зерттеуде төмендегідей əдістер қолданылады:
- тарихи əдіс, мемлекет жəне құқықтың пайда болуы мен дамуының нақты тарихи зерттеуін білдіреді;
- салыстырмалы - тарихи əдіс, анықталған тарихи фактілерді басқа да ұқсас фактілермен салыстыруға мүмкіндік береді;
- жүйелік-құрылымдық əдіс, элементтердің құрылымдарын, оларға тəн ішкі байланыстарды зерттеуді жəне жүйенің біртұтастығын қамтамасыз ететін элементтерді анықтауды білдіреді;
- статистикалық əдіс, тарихи үдерістің сандық жақтарын зерттеуде, зерттеу обьектісіне сандық көрсеткіштер тəн болған кезде қолданылады.
Мемлекет жəне құқықтың жалпы тарихын зерттеудің жоғары кəсіби заңгерлерді дайындаудағы маңызы зор. Ең алдымен, мемлекет жəне құқық тарихын зерттеу студенттерде мемлекеттік-құқықтық құбылыстарға деген тарихи көзқарас сезімін қалыптастырады, оларға жалпы қоғамдық өмірді, оның ішінде мемлекет пен құқықты ғылыми əдістемелік түрде тануына мүмкіндік береді. Мемлекет пен қоғамның кезкелген құбылысын олардың қалыптасу, даму алғышарттарын анықтағанда ғана, бұл құбылыстың қалай пайда болғаны, қалыптасу барысында қандай кезеңдерден өткені жəне қандай бағытта дамып келе жатқаны зерттелген жағдайда ғана дұрыс түсінуге болады.
Бұл мемлекеттің мемлекеттік-құқықтық құбылыстары мен оқиғаларын толық қамтып өту мүмкін емес, сондықтан «қоғамдық құрылым», «мемлекеттік құрылым» түсініктері арқылы ашылатын мемлекет пен құқықтың негізгі аспектілері (басқару нысаны, мемлекеттік құрылым нысаны, билік пен басқарудың орталық жəне жергілікті органдарының құрылымы, өкілеттіктері, олардың өзара қарым-қатынастары) мен «құқық» түсінігінің негізгі аспектілері (құқықтың қайнар көздері, құқықтың негізгі институттары: меншік құқығы, міндеттемелік құқық,
отбасылық-некелік құқық жəне мұрагерлік құқық, қылмыс пен жаза, сот процесі) қарастырылып өтті.
Ежелгі Египеттің мемлекеті жəне құқығы
Египетте мемлекеттің пайда болуы шамамен б. э. д. V мыңжылдықта рулық құрылымның ыдырауы, ру ақсүйектерінің бөлініп шығуы (көсемдер, ақсақалдар) жəне құлдықтың пайда болуы нəтижесінде жүзеге аса бастады. Б. э. д. V мыңжылдықта Египетте бірнеше құрылымдар - номдар пайда болды, олар ІV мыңжылдықта екі патшалыққа - жоғарғы Египетке жəне
Төменгі Египетке бірікті, ал содан кейін, ІV мыңжылдықтың соңында бір орталықтанған мемлекет құрылды. Бұл таптық бөліністің дамуымен жəне орталықтанған басшылықтың қажеттігімен байланысты болды.
Ежелгі Египеттің мемлекет жəне құқығының тарихының кезеңдері:
1 кезең - Ерте патшалық (б. э. д. 3110 - 2880 ж. ж. ), Жоғарғы жəне Төменгі Египеттің бірігуінің нəтижесінде пайда болды. Оған тəн сипат болып елдің біртұтас мемлекетке айналуы табылды.
2 кезең - Ежелгі немесе Ескі патшалық (б. э. д. 2880 - 2550 ж. ж. ) . басты ерекшелігі: Египеттің алғашқы, айқын көрініс тапқан орталықтануы жүзеге асты.
Бұл пирамидаларды салу уақыты.
1 ауыспалы кезең. (б. э. д. 2160 - 2134 ж. ж. ) . Египет бірнеше өзара қас номдар мен ұсақ мемлекеттерге бөлінді. Бұл кезеңнің соңында, Фива қаласының билеушілерінің жеңісі нəтижесінде Египеттің бірігуі жүзеге асты.
3 кезең - Орта патшалық (б. э. д. 2050 - 1700 ж. ж. ) . Египеттің əрі қарай бірігуі жүзеге асады.
2 ауыспалы кезең - (б. э. д. 1700 - 1530 ж. ж. ) . Мемлекет қайтадан ұсақ мемлекеттерге бөлінді, ал оның басым көпшілік бөлігін гиксостар тайпасы жаулап алды.
4 кезең - Жаңа патшалық (б. э. д. 2575 - 1087 ж. ж. ) . Ерекше белгісі болып Египеттің ХҮІІІ династия перғауындарының 19 билігі астына бірігуі табылады. (барлығы отыз перғауын) . Египет ірі империяға айналады.
Бұл кезеңнің соңында Египет мемлекеті құлдырай бастайды.
Оны парсылар, одан кейін Александр Македонскийдің əскерлері жаулап алады, ал б. э. д. 30 жылы Египет Рим империясының провинциясына айналады.
Қоғамдық құрылым
1. Египеттік қоғамның жоғарғы тобын абыздар, шенеуніктер мен əскери ақсүйектер құраған. Абыздар Египеттегі əртүрлі діндердің санына қарай таптарға бөлінген. Əрбір топтың басында жоғарғы абыз тұрған.
2. Египеттік қоғамның артықшылықты тобына рулық - тайпалық ақсүйектердің ұрпақтарынан құралған египеттік аристократия мен мемлекеттің жоғары əскери жəне азаматтық шенеуніктері жатқан.
3. Ерекше орынды хатшылар иеленген, олардан жоғарғы шенеуніктер шыққан.
4. Еркін шаруалар - олардың кейбіреулері мемлекеттік жерде өмір сүрді, өз жерлері болды жəне сол үшін рента-салық төлеген; кейбіреулері шенеуніктің немесе əскери тұлғаның жерінде жұмыс істеп, күндізгі тамақтарын ішіп, өте ауыр жұмыстарды орындаған.
5. Қолөнершілер - мемлекеттік қазбаларда жұмыс істеген.
Ерекше басқарушылардың бақылауындағы 10 адамнан тұратын топтарға біріккен.
6. Қоғамдық баспалдақтың төменгі буынын құлдар құраған.
Құлдықтың негізгі қайнар көздерін əскерге тұтқындық пен борышкерлік қарыздың нəтижесіндегі құлдық табылған.
Мемлекеттік құрылым . Египеттегі мемлекет деспотия нысанында болған, мұнда биліктің барлығы тек бір адамға - патша-перғауынға тиесілі болатын. Перғауындардың барлығы бір рудан тарайтын жəне бір-бірін тақты мұрагерлікпен иемдену тəртібі нəтижесінде ауыстыратын. Египеттегі деспотияның ерекше белгісі болып мемлекет басшысы - патша-
перғауынның діни культы табылатын.
Лауазымды тұлғалар:
1) перғауынан кейін басты лауазымды тұлға болып уəзір, патшаның жақын көмекшісі табылды, оның өкілеттіктер ауқымы өте кең болған: мемлекетті басқарған, сотта басқарушы болған, жоғарғы сот органы болып табылатын ондық кеңесті басқарған, шаруашылықты басқаруға қатысқан, əскери күштердің басында тұрған, нотариустың міндеттерін орындаған;
2) келесі лауазымды тұлға - мөрді сақтаушы немесе бас қазынашы - табиғи сыйлықтар сақталатын мемлекеттік қоймаларды меңгерген;
3) барлық патшалық жұмыстардың басшысы - еркін халыққа жүктелген міндеттердің орындалуын бақылаушы жəне сəулетшінің лауазымын орындаған.
Жергілікті басқару.
Египеттің бүкіл аумағы номдарға бөлінген, олардың басында перғауынға тəуелді лауазымды тұлғалар - номархтар басқарған. Номарх жоғарғы сот жəне əкімшілік билікті иеленген. Əкімшілік өкілеттіктерді, сонымен
қатар, шіркеулер де иеленген. Жергілікті жерлерде басқарудың төменгі органдары болып ауылдық общиналар табылған.
Əскер.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz